Жанысбекова Г.А. (Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ)
Нарымбет Г.Б. (Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕГЕМЕНДІ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ
БОЛУ ЖЕРАУМАҒЫН НАҚТЫЛАУ – Н.НАЗАРБАЕВ
ШЕШІМДЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫ АСПЕКТІСІ
Мемлекеттік қарым-қатынас формасына ұйымдасқан кез-келген қоғам
тұтастығы мен мызғымастығын сол мемлекеттің өзі халықаралық
принциптерге сүйене отырып қамтамасыз ететін белгілі-бір жер аумағында
өмір сүреді. Дегенмен, қауіпсіздік, тұтастық пен мызғымастық мемлкеттің
заңдық құзіреттілігі нақты айқындалып, шекара өте-мөте дәл белгіленген,
оны шектес мемлекеттер халықаралық нормалар бойынша мойындаған
жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Жер бөлісі мен шекара анықтау
мемлекетаралық келісім-шарттар жасау арқылы жүзеге асырылмаса, ерте
ме, кеш пе елдер арасындағы жер туралы дау-дамайдың туындауына себеп
береді. Сондықтан, мемлекеттік шекараны түпкілікті анықтаудың тарихи
тағлымы да, егеменді ел тұтастығын бүгінгі өмір үдерісінде сақтауда да
айта қаларлықтай мол. Тақырыпты осындай кесімді тұжырымнан бастауға
мемлекеттік шекараның өзі қандай қызмет атқарады деген сауалдарға
берілген жауап негіз бола алады. Мемлекеттік шекараның атқаратын
қызметін талдай келе үш түрлі топтарға біріктірілді. Оның біріншісі –
бөгет болу қызметі, яғни бір елді екінші елден бөлектеу, оқшаулау. Әдетте
шекаралық бағандар мен қоршаулар арқылы жүзеге асырылатын бұл
қызметтің қазіргі заманда ең шырқау шегіне жеткізілген түрі Оңтүстік
және Солтүстік Кореялар арасында орнатылған қалыңдығы 5 метрлік
қабырға мен электр тогы жүргізілген кернеулі сымдар түрінде көрініс бере
алады. Сонымен қатар шекара «байланыстық» және «сүзгіштік» қызметтер
те атқарып, ел бүтіндігі үшін жауап береді.
Ал, тарихқа экскурс жасар болсақ, шекара мәселесі көшпенділер үшін
шартты ұғым болатын. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басына
дейін Қазақстанның саяси картасы көшпенді өмір салты және тайпалық-
жүздік биліктің үстемдігі нәтижесінен қозғалмалы-жылжымалы сипатта
болатын және отырықшы елдердің шекарасы сипатына әлі де болса
енбеген еді. Ықпал ету аймақтарына, яғни көшпелі шаруашылықтың
қажетті
бағыттарына
ғана
бөлінген
жерлерді
нақтылауға
(демаркациялауға) капиталистік дамуға қарқындап еніп келе жатқан екі ел
– Ресей мен Қытай қызу кірісті. Оның өзінде орыстар тарапынан
қытайлармен қазақ жерін бөлісуге ұмтылыс Жоңғария мен Қашқария
арқылы Қытаймен жасалатын сауда үшін жаңа жолдарды іздестіру
мақсатынан басталды. Жаңа жолдарды іздестіру үшін жіберілген
экспедициялар қазақ ру-тайпаларының Тарбағатай тауларының күнгей
158
бетінде де көшіп-қонып жүргендігін, ал ол жерлердегі шекараның тек
қытайлық пикеттермен ғана шектелгендігін көрсетіп берді [1].
Осы қалыптасқан тарихи жағдайды дереу өз пайдасы үшін пайдаланып
қалу мақсатында казактар 1847-49 жж. Жетісуда бірнеше станица салды,
сонымен қоса-қабат Жетісуды мекендеген қазақ руларын бақылап жүретін
қызмет шенін де тағайындады. Ал, 1851 ж. жасалған Құлжа шарты
орыстардың осы шекаралық үстемдік жағдайын қытай жағының қарсылығына
қарамастан нығайтып бергендігі тарихта дәлелденген ақиқат [2].
Сөйтіп, ХІХ ғ. 50-ші жылдарына қарай орыс шекарасы тікелей Тянь-
Шань тауларына, Қашқария шекарасына жақындап келді. Міне, осы сәттен
бастап, Орталық Азияның Орталық және Шығыс жақ бөлігін бөлісу үдерісі
басталып, 1860 ж. Пекинде жасалған келісім шарттың 2-ші бабында
шешуші көрінісін тапты [2, с. 35].
Осы
шағын
мысал-шегіністен
еліміздің
кең-байтақ
жерін
келімсектердің «тексеріп-түгендегенін» аңғаруымызға болады. Ал, егер
шекара анықтаудың үш тәсілінің ең сорақысы елдің агрессор-мемлекеттер
арасында пышақ үстіндегі бөліске түсірілетін «салынған (наложенная)»
шекара екендігін мойындар болсақ, қазақ-қытай шекарасының ХІХ
ғасырдағы «демаркациялануы» нақ осы генезис жолымен дамығандығын
түсіну қиындыққа соқпайды. Осындай тарихи кезеңдердің небір
қиыншылықтарын жүріп өткен жас мемлекет үшін өз шекарасын нақтылау
өмірлік қажеттілік және халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен
ұстанымдарына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының шекарасын
қалыптастыру, осы туралы Республикамыздың сәйкес заңдарын шығара
отырып, демаркациялау жұмыстарын жүргізу ел бүтіндігінің, егемендігінің
негізі. Шекара анықтау үшін Елбасы осы халықаралық құқықтың
«Мемлекеттің территориялық тұтастығы» және «Мемлекеттік шекараның
мызғымастығы» принциптерін басшылыққа ала отырып іс-қимыл бастады.
Бұл бағыттағы алғашқы заң 1993 жылы 13 қаңтарда қабылданып, ол жерде
«мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасы егеменді құқықтарының
бүкіл билігіне ие болатын аумақтық заң жүзінде баянды етілген кеңістігі
шегін анықтайтын сызық ретінде қарастырамыз», - деп нақтылап өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдар елдің
Атазаңына негізделіп жасалды. Бұл заң шекараны белгілеу, оның өтуін
өзгерту, оның көрсетілу тәртібін, шекараны белгілеу ретін, шекараның
тәртібін, және шекара өткізудегі пункттердегі тәртіптерді, шекараны
күзету саласындағы қатынастарды белгілейді және реттейді [3].
Шекараны белгілеумен қоса-қабат оның мызғымас тұтастығын сақтап
тұруды қамтамасыз ету қажеттілігі де бой көрсетеді. Осы үшін Қазақстан
Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан
Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданда
әскери саладағы сенімді нығайту туралы Келісім 1996 жылы 26 сәуірде
Шанхай қаласында жасалды. Келісім оны жасаушы елдер арасындағы
159
шекаралар қауіпсіздігін нығайту, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау, Азия-
Тынық мұхит аймағындағы бейбітшілікті қолдауға қосылған маңызды үлес
болып табылды [4]. Осыдан соң шекаралас елдермен бірнеше келісім-шарттар
жасалып мемлекетаралық шекара сызығы нақтыланып белгіленіп, елдер
арасындағы халықаралық дәрежедегі қатынастардың солқылдақ осал тұстар
нығайтылды, ел тыныштығының, болашақты жоспарлауы мен өмірлік
мәселелерінің негізгі кепілі болып саналатын жер бетінде орналасуы
заңдастырылды [5-9].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1
Поездка Н.И. Любимова в Чугучак и Кульджу в 1845 году под видом
купца Хорошева. Публикация Н. Веселовского. – СПб., 1909. – С. 42.
2
Русско-китайские отношения. 1689-1916. Официальные документы.
– М.: Издательство восточной литературы, 1958. – С. 26-27.
3
Мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан Республикасының 1993
жылғы 13 қаңтардағы № 1876 Заңы. / ҚР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы.
1993. №1 құжат.
4
Қазақстан
Республикасы,
Қырғыз
Республикасы,
Ресей
Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы
арасындағы шекара ауданда әскери саладағы сенімді нығайту туралы
Келісім
/
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
сайты.
URL:
http://www.goverment.kz
5
Қазақстан-Қытай
мемлекеттік
шекарасы
туралы
Қазақстан
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Келісім /
Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты. URL: http://www.goverment.kz
6
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы Шарт / Қазақстан
Республикасы Үкіметінің сайты. URL: http://www.goverment.kz
7
Қазақстан
Республикасы
мен
Түрікменстан
Республикасы
арасындағы
Қазақстан-Түрікменстан
мемлекеттік
шекарасын
делимитациялау және оны демаркациялау туралы Шарт / Қазақстан
Республикасы Үкіметінің сайты. URL: http://www.goverment.kz
8
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы
арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы бірлескен
бақылау туралы Келісім / Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты. URL:
http://www.goverment.kz
9
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
үкіметі арасындағы өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық
туралы Келісім / Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайты. URL:
http://www.goverment.kz
160
УДК 373.16.710.
Жарликова З.М. (Караганда КГУ СОШ№5)
Жарликов И.Ю. (Караганда КГУ СОШ №5)
Ткачев А.П. (Караганда КГУ СОШ №5)
ВКЛАД ЛИДЕРА НАЦИИ Н.А.НАЗАРБАЕВА
В СТРОИТЕЛЬСТВО СУВЕРЕННОГО КАЗАХСТАНА
Всего за четверть века Казахстан состоялся и как суверенная
национальная экономика, включенная в глобальные хозяйственные связи,
и как государство, ставшее полноценным участником мировой семьи
наций. Мы вместе выдержали немало испытаний, закалились и окрепли.
[1,с.1].
В преддверии 25- летия Независимости Республики Казахстан важно
осмыслить фундаментальный вклад Первого Президента Республики Казах
стан Нурсултана Абишевича Назарбаева в строительство суверенного Каза
хстана.
С распадом СССР перед молодым независимым государством Казах
стан стояла задача создания условий для сохранения суверенитета, стабиль
ности, осуществления социально – экономических реформ для улучшения
жизни населения Казахстана.
Всем казахстанцам, кто решил круто изменить свою жизнь, Н.А.
Назарбаев дал надежду, как заклинание повторяя, что у казахстанцев нет
другого выхода, кроме как засучить рукава и работать. [2, с. 533].
Решение этих задач стало возможным благодаря тому, что во главе ру
ководства Казахстаном стал и ныне находится Президент Республики Каза
хстан Лидер Нации Н.А. Назарбаев.
Глава государства Нурсултан Абишевич Назарбаев уже с первых дней
независимости объявил стержнем всей внутренней политики Республики
Казахстан гармонизацию межэтнических отношений. Лидер нации
Н.А.Назарбаев всегда выступал за то, чтобы каждая нация возрождала свои
традиции, культуру, язык, чтобы все казахстанцы имели равные права и
возможности независимо от нации и языка, ощущали себя гражданами
суверенного Казахстана и гордились этим.
Казахстанцам во главе с Лидером Нации Н.А.Назарбаевым предстояло
построить полиэтническое государство с равными правами и
возможностями для всех.
По инициативе Первого Президента Республики Казахстан
Н.А.Назарбаева была создана Ассамблея народов Казахстана.
Именно Н.А.Назарбаев в переломный момент истории Казахстана
реализовал вековую мечту народа о свободе и независимости, сумев
консолидировать нацию в процессе исторических перемен на благо
общенационального единства Казахстана.
161
Сегодня мы гордимся тем, что нам казахстанцам, удалось сохранить в
стране стабильность и межнациональный мир.
На всем пространстве СНГ Н.А.Назарбаев – президент, которому
удалось уберечь свой народ, свою страну от этнических конфликтов.
Казахстан 21 века – страна, созданная с «нуля» всего за два
десятилетия талантливым, трудолюбивым, толерантным народом. Это
наше общее детище, которым мы гордимся. Это наше великое творение,
которое мы беззаветно любим [3, с.1].
Уверенная в себе Республика Казахстан – это созданная страна всеми
казахстанцами, которых возглавляет Лидер Нации Первый Президент РК
Н.А.Назарбаев.
Председатель
Всемирной
ассоциации
казахов,
Председатель
Ассамблеи народов Казахстана, «Человек века», Президент РК Лидер
Нации Н.А.Назарбаев своим титаническим трудом добился того, что
Казахстан имеет статус крупной региональной державы на евразийском
пространстве и занял достойное место в ООН, ОБСЕ, ШОС, ЮНЕСКО.
Укрепляя авторитет Республики Казахстан на международной арене
Президентом Республики Казахстан Н.А.Назарбаевым были выдвинуты
ряд инициатив и проектов, а в частности: проекты Евразийского
экономического сообщества; идея Съезда лидеров мировых и
традиционных
религий;
предложение
создать
Реестр
мировых
экологических проблем; предложение о необходимости расширения
Совета безопасности ООН и создании Совета региональных организаций
при Генеральном секретаре ООН.
Благодаря Н.А.Назарбаеву институт сильной президентской власти
обеспечивает политическую стабильность и устойчивое экономическое
развитие. В Республике Казахстан создана эффективная вертикаль
государственной власти, профессиональный парламент, независимый суд,
исполнительные органы самоуправления в регионах, ответственное
правительство.
Сегодня Республика Казахстан благодаря деятельности Первого
Президента РК Н.А.Назарбаева во всем мире воспринимается как
государство, которое показывает пример в развитии экономики,
устойчивости социального положения, спокойствия и стабильности.
В столице Казахстана Астане будет проводиться Всемирная выставка
«ЭКСПО - 2017». Выбор Астаны для проведения Всемирной выставки –
это доказательство того, что Казахстан занимает достойную позицию в
мировом сообществе, а Президент РК Лидер Нации Н.А.Назарбаев
общепризнанный политик мирового масштаба.
Султаны Керей и Жанибек создали Казахское ханство, Н.А.Назарбаев
создал Независимый, Современный Казахстан.
В современной истории «эпоха Назарбаева» и «Казахстан Назарбаева»
- эти два понятия будут стоять в веках неразрывно.
162
Мы научились мечтать по- новому, ставить и решать конкретные
задачи развития страны и общества, невзирая на сложности глобального
мира, частью которого стал наш Независимый Казахстан [4, с.1].
Н.А.Назарбаев – самый успешный реформатор нашего времени.
Пусть же всегда живет и процветает наш Казахстан.
Список использованных источников
1.
Послание Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева народу
Казахстана «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы,
развитие». // Индустриальная Караганда. 2015, 1 декабря.
2.
Ермухамет Ертысбаев. Казахстан и Назарбаев: логика перемен.
«Елорда». Астана -2011.
3.
Послание Главы государства Нурсултана Назарбаева народу
Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы,
единое будущее» // Индустриальная Караганда. 2014, 18 января.
4.
Нурсултан Назарбаев: План нации-путь к казахстанской мечте. //
Индустриальная Караганда. 2016, 9 января.
163
ӘОЖ 323.3(574)=512.122
Имашева К.И. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Карсакова Н.Ж. (Қарағанды, ҚарМТУ)
Бақытжан О. (Қарағанды, ҚарМТУ)
МӘҢГІЛІК ЕЛ - ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АСЫЛ АРМАНЫ
«Мәңгілік ел» идеясының басты мақсаты - Қазақстанның ең дамыған
30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей
тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған
идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес,
Тәуелсіздік
жолындағы
жанқиярлық
еңбегі
мен
тынымсыз
шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел»
ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды
болып табылады. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік
мақсат-мұраттарымыз
бен
мәдени-рухани
құндылықтарымызға
негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық
идеяларын
бір
арнаға
тоғыстыратын
идеология
арқылы
қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы
екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас
құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет
атану еді. Ол арман тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы
ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда
«қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі
талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін
болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін
идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз
мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің
тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры
ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ -
мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік
ел», - деді Елбасы.
Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық
идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш
етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел»
идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі.
«Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні
бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен
мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың
елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен
шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар
1
.
164
Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен, білектің
күшімен сыртқы жаулардан қорғап келді. Ақтабан шұбырындыдан бастап,
ел басына қаншама қатер төнді,небәр сұрапыл оқиғалар да өтті. Ресейдің
өгей баласындай отары да болдық. Еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын
бастан кешірді. Отан деген сөз - баршамыз үшін қастерлі де, қасиетті сөз.
Оның түпкі мәнінде туған халқымыздың тарихи кезеңдері,ел,мемлекет
болу белестері. Осы жолда курескен ата-бабаларымыздың ерліктері мен
қаһармандық жолдары жатыр. Қазақ деген батыр халық. Ол еңкейгенге
еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды. Шіріне қалса, асқар-асқар тауларына
сүйенеді, еңкейе қалса, иен елін көреді, қаз-қатар тұра қалса, дауласа
қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек
данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа
қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Бауыржандай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі
бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар ел. Өркениетке
ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаган арманы - тәуелсіздікке қол жеткізді.
Халқымыздың даламыз қандай болса, жүрегі де сондай кең, жер қойнауы
қандай бай болса, жүрегі де сондай бай. Жүрегінің байлығы – сәбидің
тазалығы, оның ешкімге жамандығының жоқтығы, бейбіт момындығы.
«Отан – оттан да ыстық» деген рас екен-ау! Осы Отан үшін талай
боздақтар қалмақтармен шайқаста, одан кейін революция кезінде, 1941-
1945 жылғы неміс фашистерімен шайқаста құрбан болды. Сол батырдың
ұрпақтары қарусыз екеніне қарамастан, 1986 жылдың желтоқсанында тағы
да Отан үшін өздерін құрбан етті. Еркіндік үшін, артында қалған ұрпақтың
ертеңі үшін намысты ұлдар мен қыздар жалаңаш кеудесін отқа тосты.
Міне, сол рух бізді тәуелсіздікке алып келді. Адам - қашанда еркіндікті,
бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді,
күреседі
2
.
Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман. Оған жетудің жолы
әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал
тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын.
Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол
үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат – мұрат
керек.
Ұлттық идея әрбір адамның ертеңгі күніне үлкен сенім ұялатады.
Қазақстан 24 жылдың ішінде қоғам өмірінің барлық саласында жаңартуды
өте жоғары деңгейде жүргізді. Тәуелсіздігіміз өз қолымызда, іргелі
мемлекет болдық. Идеяның әрбір жолында Президенттің еліміздегі
миллиондаған халықтың әл-ауқаты, жағдайына байланысты қамқорлығы
сезілген. Себебі Мәңгілік ел елімізді дамыту, әр отбасының, азаматтың
жағдайын одан әрі жақсарту, халқымыздың бірлігін, тыныштығын қорғау
жолдары нақты көрсетілген. Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,
интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл
өткен сайын көбейіп келеді. Таяудағы 2 жыл ішінде, 2017 жылға дейін
165
орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі
ауысыммен оқытуға көшіру, таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық
және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру,
келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге
көшіруді қарастыру қажеттігі туралы Елбасы нақты тапсырыс берді.
Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің келешегі өз Отанымызды әлемдегі ең
табысты мемлекеттердің біріне айналдыруға бел буған жандардың
қолында екенін атап өтті, бұл ретте жастарға ерекше назар аударды. Менің
ойымша «Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы барша жастарымызды бір
мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын ұранға айналуы тиіс. Осыдан
әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай қазақ елінің, қазақ
тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп
берген «Қазақстан-2050» стратегиясы – ұлттың ұлы бағдары. Елулікті
еңсердік, енді дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуді мұрат етіп
отырмыз. Осы Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту –
біз үшін ортақ парыз, абыройлы міндет
3
.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы[Мәтін]: Т. 7/Бас ред.
Ә.Нысанбаев – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы,
2005. – 720 бет.
2. Тоғысбаев Б., Сужикова А. Тарихи тұлғалар[Мәтін]: Танымдық-
көпшілік басылым. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2005. – 386 бет
3. ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясы. Қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
166
УДК 622.7.012.7
Достарыңызбен бөлісу: |