ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Әдебиет танытқыш. - Алматы: Атамұра, 2003.
2.
Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976.
РЕЗЮМЕ
Автор анализирует художественные рассказы Д. Мамырбаева о мире людей, явлениях
жизни, правде времени. Автор связывает некоторые вопросы с правдивыми обстоятельствами,
широко раскрывает разные стороны людской жизни, тайны бытовой жизни.
RESUME
The author of the article analyses D. Mamirbayev’s stories about the people’s world, life
phenomena, the truth of the time. The author connects some problems with real circumstances, reveals
different sides of human life, the secrets of domestic life.
167
ӘОЖ 811.512.122
Абай
шығармаларындағы
метафизикалық
концептілер
Аннотация
Мақалада Абай Құнанбаев шығармаларының
концептілік өрісі қарастырылады. Авторлар қазақ
халқының концептуалды дүниетаным әлемін
қалыптастыратын «тағдыр» концептісінің ақын
шығармаларында көрінетін танымдық моделдерін
айқындайды.
Түйін сөздер: концептуалды дүниетаным,
қазақ менталитеті, рухани құндылық, философия-
лық категориялар, танымдық құбылыс, концептілік
құрылым.
Кез келген ұлттың өзіндік ойлау жүйесі,
дүниені бейнелеу тәсілдері ғасырлар бойы
қалыптасқан ұлттық мәдениеттің, философияның
негізін құрайды. Ұлттық ойлау жүйесінің рухани
көздері ретінде шешендік сөз-өнерін, фольклор,
мақал-мәтелдер, салт-дәстүр, ислам діні мен
ғылым,
халықтық
білім
мен
халықтық
философияны айтуға болады. Дүниенің тілдік
моделін бейнелейтін тілдік ақпарат жүйесінде дара
тұлғаның
ақиқат
дүниеге
қарым-қатынасы
концептілер жүйесін құрайды.
Көркем шығармаларда «тағдыр» концептісі
үлкен орын алады. Зерттеушілер ғаламның тілдік
моделін тануда, ең алдымен, әр тілдегі ұлттың өмір
және тағдыр туралы нанымына тоқталады. Тағдыр
танымы – әрбір ұлттық тілдің ішкі құндылықтарын
құрайтын негізгі концептілердің бірі. Жеке
адамның шығармашылық санасы арқылы танылған
эстетикалық форманың тілдік көрінісі күрделі
біртұтас ұғым болып табылады.
Қазақ халқының концептуалды дүниетаным
әлемін қалыптастыратын «тағдыр» концептісінің
төмендегідей танымдық моделдері айқындалады:
Тағдыр – тұлға, адамнан күшті, сондықтан
да қазақ халқында «Алла», «жаратушы», «жоғары
ие», «шарасыздық», «амалсыздық», «белгісіз әсер
ететін күш», «тағдырға қарсы тұрмау», «тағдыр
осылай шешті» деген ұғым бар. Тағдырдың
жаратылыстың күші екендігіне сену. Тағдырдың
Алладан берілетіндігіне сену. Тағдырға жақсы-
жаманның, әр нәрсенің Алладан болатындығына
сену,
тағдырмен
байланыстыру.
Қазақ
менталитетінде
«Алланың
әмірінсіз
ештеңе
болмайды, бәрі Алланың әмірімен болады» деген
түсінік, ұғым бар. Абайдың «Әбдірахман өлгенде»
өлеңінен үзінді келтіретін болсақ:
Ж.Т. Қадыров
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік
университеті, ф.ғ.к., доцент
Ж.С. Таласпаева
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік
Қазақстан мемлекеттік
университеті, ф.ғ.к., доцент
168
«Жарлығына Алланың,
Ерте ойлаған көнбек-ті.
Олар да тірі қалған жоқ,
Тірлік арты өлмек-ті»[1, 227 б.].
«Кешегі өткен ер Әбіш» өлеңінде:
«Ойламаған өлімнен,
Жасқанамын демек-ті.
Тағдырға тәбділ бола ма,
Сабырлық қылсақ керек-ті»[1, 229 б.].
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңінде:
«Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.
Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,
Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек»[1, 52 б.] - деген өлең
жолдарының барлығы ақынның тағдыр жөніндегі таным шеңбері діни және ұлттық ұғым-
түсініктерімен астасып жатқанын білдіреді. Мұнда да –мақ есімше тұлғасының стильдік
қызметі айрықша танылады. Бұл жерде –ті формасының да ерекше когнитивтік стильдік
қызметі көрінеді. «Көнбек-ті», «демек-ті», «өлмек-ті» сөздерінде шебер қолданылған
қосымшаның семантикалық мүмкіншілігі эстетикалық мақсатта барынша пайдаланылған,
әрі 7 буынды өлеңнің буын санын тепе-теңдікте, сол арқылы сөйлеуші адамның көңіл-
күйіндегі тепе-теңдікті, ырғақты да дәл бейнелеп тұр.
Тағдырға кез болу. «Тағдыры жетті». «Басқа бақыт құсы келіп қонады». «Тағдырын
шешті». «Істің тетігін тауып, шешімін анықтады».
Абай өз өмірінде сүйікті ұлының өліміне дейінгі өлеңдерінде тағдырға кез болу қай
күні екені белгісіз, бірақ бұл өмірдің өтпелік заңы бар екендігін мына жыр жолдарында
шебер өрнектейді:
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма,
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма.
Асау жүрек аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма [2, 72 б.]?
«Әбдірахманның әйелі Мағышқа Абай шығарып берген жоқтаудан» үзінді келтірер
болсақ:
Көре алмай қалдым қалқамның
Дәл екі жыл қызығын.
Жүректегі жазылмай,
Тағдырдың салған сызығын [1, 241 б.].
Өлең жолдарынан тағдырдың жазғаны осы болса, жүрекке тиген ең бір ауыр жара
өлім болғандығын аңғартады.
Тағдыр – жазмыш. Жазмыш – мұсылман әдебиетінде адамдардың іс-әрекеттерін,
әлемде болып жатқан құбылыстарды түсіндіретін сөз.
Адам туғанда өзінің тағдыры жазылады. Қазақтың «жазмыштан озмыш жоқ» деген
танымы бар. «Тағдырдың жазғаны». «Алланың арнауы, маңдайға жазғаны». Тағдырға
қарсы тұру – Аллаға қарсы келу. Қалыптасқан түсінікке байланысты «тағдырға
мойынсұну, көну» ұғымы да бірлікте жұмсалады. Ол Абайдың Әбдірахманның өліміне
шығарған өлеңдерінде былайша көрініс тапқан. Тағдыр көбінесе діни негізде
түсіндіріледі. Абай өлеңдерінде «тағдыр озбақ, о бастан арналмаған, бұйыртпаған» деген
тіркес кездеседі. Абай Әбдірахман өліміне арнаған өлеңдерінде тағдырға көну,
мойынсұнудан басқа қолдан келер дәрмен, іс-шараның жоқтығын айтады. Мысалы:
Жылама, Мағыш, жылама,
Алладан өлім тілеме!
Қолдан ұшқан ақ сұңқар
169
Қайтып келіп қонбайды.
Бір шешеден туғанда,
Бәрінен кетті тәуірім.
Көтермеске амал жоқ,
Көрдім дүние ауырын [1, 241б.].
Ақын тағдырдың жазғаны осы болса, адамға оны көтермеске болмайтынын
көрсетеді. Одан басқа амал жоқ. Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуында:
Сақта дейміз, қайтеміз,
Ілінген жалғыз тіректі.
Тағдырына тәбдил жоқ,
Тәубе қылсақ керек-ті [1, 235 б.], - деп, Алланың жазғанына
көнбестен басқа шара жоқтығын дәлелдейді.
Ақын, сондай-ақ, тағдыр адамға ие және оған қарама-қайшы: адамның тағдыры өз
қолында, өзіне байланысты деп те айтады. Адам тағдырына қарсы тұрам десе, өз еркінде.
Оын мына өлең жолдары арқылы дәлелдеуге болады:
Қорғалап құр өтпе өмір бос,
Тағдырыңа қарсы бар.
Бір өзіңнен басқа бір дос
Таппасаң өл, жүрме зар [1, 236 б.].
Адам дүние есігін ашысымен-ақ тағдыр жетегінде болады, өйткені адамның өмір
сүргені, өмірде істеген амалдары, қуанышы мен қайғысы, барлығы да – оның тағдыры.
Тағдыр өзгермейді, оны Абай өзінің жиырмасыншы қара сөзінде былай деген:
«Тағдырдың жарлығын білесіздер - өзгертілмейді. Пәндеде бір іс бар жалығу деген. Ол –
тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес. Оған егер бір
еліксе, адам баласының құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де ақырында
тағы келіп жеңеді» [3, 88 б.].
Демек, адам тағдыры дүниеге шыр етіп келгеннен бастап бірге жаратылады. Және,
керісінше, адамның күнделікті өмірі – оның тағдыры, ал тағдырды өзгерту, жақсы жаққа
бұру, яғни қоғамына сай өмір сүру, білім алу, ол – адамның күнделікті амал-әрекеті мен
ісіне байланысты. Ол – өз қолында, оны қабылдауға, өзгертуге адамның ақылы мен ой-
санасының, дүниетанымының жоғары болуына байланысты.
Тағдырды жасаушы – адамның ақыл-ойы, іс-әрекеті, яғни сөзі. Ол қанша ойланса да,
өз тағдырын басқаша өзгерте алмайды. Өткенге өкіне алмайды, тек амал-айла, жол ідейді.
Адам баласы өз өмірінің иесі, оның сәнді болуы өз қолында.
Сонымен, «тағдыр» концептісі арқылы қазақ мәдениетінде екі негізгі идея
байланыстырылады: болашақтың белгісіздігі және адамның өмірінде болып жатқан
құбылыстарды бақылаудың мүмкін еместігі.
Бұл идеялар бір-бірімен кезектесіп жатады: тағдыры шешіліп жатыр, бірақ әзірше
шешілген жоқ, адам өз тағдырын өзгерте алады, ал ол адамның өзі ойлағандай шешілмесе,
оған көну, оны мойындау, тағдыр осылай шешті деп мойындау.
Ақын шығармаларында «тағдыр» концептісінің дүниетанымдық көрінісі екі шешімге
ие: тағдыр Алла әмірі болса – еш шара жоқ, ол – сабырлық пен төзімділікке ұласады.
Қазақ менталитетінің негізгі рухани құндылықтарының бірі – төзімділік. Төзімділік –
қазақ үшін ғасырлар бойы жинақталған, тәжірибелік тұрғыдан сұрыпталған, ұлттық
болмысымызға тән сыртқы дүниемен қатынас орнатудың ерекше бір түрі.
Абай шығармаларындағы «тағдыр» концептісінің семантикалық өрісі «Алла»,
«тәңірі», «құдай» т.б. лексемалардан тұрады. Абайдың «тағдыр» туралы концептісіне тән
басты ерекшелік өкініш білдіру, ішкі наласы мен назын білдіру, түңілу, мұңаю, өмірдің
қызығынан бас тарту, үмітсіздікке берілу секілді жан дүние толғаныстары,
эмоцияларының танымдық моделіне айналуында.
170
Этностың таным дүниесінде «өмір» мен «өлім» – бір-біріне қарама-қайшы, кей
жағдайда бірінің орнын бірі толтырып отыратын егіз ұғым, бинарлық жұп болып
табылатын күрделі философиялық категориялар.
«Өмір-өлім» концептісі – адамзат баласын есте жоқ ескі заманалар бойы
ойландырып келе жатқан өз құпиясы мен жұмбағын жасырумен қатар өзіндік
күрделілігімен талай ойшылдардың ойына серік болған танымдық құбылыс. «Өмір мен
өлім» жалпы адам атаулыға ортақ болғанымен, адамзат баласы оларды өздерінің таным-
түйсігі мен қабілет-қарымына қарай түрліше түсінеді.
Оның мазмұндық құрылымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының
сабақтастығынан туындайды. Әрбір суретті сөз бейне болып табылады. Мысалы: Өлімнен
басқаның ертесі жақсы. Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле (мақал).
Өмір – әуелден бар, өз-өзінен түсінікті нәрсе сияқты қабылданған. Абай
шығармаларында орын алған «өмір» концептісі басты-басты мынадай логикалық және
тілдік модельдерден тұрады. Аталмыш модельдер ақынның қара сөздері мен өлеңдері
арқылы көрінетінін дәлелделік.
Өмір – қадірсіз.Төртінші сөзінде: «Адам баласы жылап. туады, кейіп өледі. Екі
ортада бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі
мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де,
таусылған күнінде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды».
Өмір – мәңгілік емес, алдамшы, уақытша, опасыз, жалған.Отыз төртінші сөзінен:
«Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па? Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ
екенсің, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып көз
алартыспақ лайық па?» Он бесінші сөзінде: «Есер кісі орнын таппай, не болса сол, бір
баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын
итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен».
Алдамшы өмір, қу өмір, асау өмір, тентек өмір тіркестеріндегі эпитет Абайдың өмір
туралы танымдық ой-толғамдарын жеткізуде негізгі тәсілге айналып, эстетикалық өрісі
кеңейген. Бұл туралы Рабиға Сыздық былай дейді: «Абай ең алдымен поэтикалық образ
жасайтын тірек сөздерді активтендіреді... жүрек, сөз, тіл, ой, көңіл, дүние, өмір сияқты
сөздер білдіретін ұғымдар адамның ішкі дүниесін, жалпы өмірді толғаған ойшыл ақынның
философиялық объектілері», - деген қорытынды жасайды.
Өмірдің жалғандығы ғұмырдың қысқалығына қатысты ғана емес, өмірдің мәніне
байланысты «өткінші, опасыз, баянсыз, тұрлауы жоқ, тиянақсыз ғұмыр» деген мағына
алған. Бұл ұғымның мәні «жалған дүние», «алдамшы, сұм, қу өмір», «баянсыз, тиянағы
жоқ, тұрлауы жоқ ғұмыр», «өмір-көрген түс» сияқты синтагмаларының танымдық
құрылымында ашылады. Мысалы, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл [1,72 б.], - деген жолдарынан аталған
ұғымды «жалған дүние» тіркесімен берілгендігін көре аламыз.
Абай шығармаларындағы алдамшы, опасыз өмір өмірдің мәні мен мақсаты туралы
ақын толғаныстарымен астарласып келіп жатады.
Өмір – қымбат, қызық. Он бесінші сөзінде: «Әуелі – пенде адам болып жаратылған
соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген
кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады»,- деп толғайды.
Бұл өмір – заттық өмір. Қоршаған өмірдің материалдығы, сананың материяға
қатысы, бағыныштылығы «осы өмірдің» жалғандығының көрінісі. Адамның рухани
мәңгілік өмірі оның «бұл дүниедегі» істеген ісіне қарай келесі өмірде жалғасады. Мысалы,
ақынның ақынның «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңіндегі мына жолдарға назар
аударсақ:
171
Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,
Жүрек тербеп, оятар баста миды.
Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,
Ойсыз құлақ ала алмас сондай сыйды [1,67 б.].
Абай шығармаларындағы «өмір» концептісі «белгісіздік», «жарық сәуле» т.б.
сөздерінің семантикалық өрісінде нақты көрініс алады. Бұл сөздер ақын шығармаларының
тілінде стилемаға айналған. Аталған стилемалар оның ішкі эмоционалды, психологиялық
жай-күйін білдіруде ерекше қызмет атқарған. Өмір – беймәлім тылсым күш, белгісіздік.
Абай бұл ұғымды мына өлең жолдарымен түсіндіреді:
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт.
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт, - деп, өмірден белгісіздікті күтеді,
ғұмырдың тиянағын іздейді.
Өмір – үміт, жарық сәуле. Абай шығармаларындағы өмір туралы білімі жарық
сөзінің аясында жинақталған. Өмірдің жарық сәуле, отпен ассоциациялауына байланысты
бұл сөздер ақын тілінде ерекше стилистикалық мәнге ие болып, эстетикалық қызметте
келген. Абай афоризмінен мысал келтірер болсақ:
Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен
Өмір – сәуле, көрінер судай тұнық
Жарамды әнді тыңдасаң жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер [4,26 б.].
Берілген «өмір» концептісінің тірек сөздері оның атрибутивтік, денотаттық,
субъективтік, объективтік сипатын анықтауға негіз болады. Ақын шығармаларында
көрініс тапқан «өмір» концептісінің когнитивтік модельдері мен құрылымдары өмір
ұғымының концептілік жүйесін құрайды. Байқағанымыздай, тілде метафоралық көрініс
белсенді қызмет атқарған.
Өлім көптеген еңбектерде «тағдыр, жазмыш» ұғымдарымен қатар қарастырылады.
Өлім тұйықталған жер бетіндік өмір мен гүлдену, дамуға бағытталған құдайлық әлемді
жалғастыратын көпір ретінде танылған. Өлім мен тағдыр – өзара байланысты
категориялар. Философиялық сөздікте өлімге берілетін анықтама: «Өлім – организм
тіршілігінің болмай қоймайтын тежелуі, жанды тіршілік иесінің өмір сүруінің қашып
құтылмайтын табиғи ақыры. Өлім – өмірдің қажетті және елеулі сәті. Адам үшін өлім
табиғи феномен ретінде ғана келмейді, енетін әлеуметтік және адамгершілік құбылыс
ретінде де келеді» [5,322 б.].
Этностың танымдық әлеміндегі «өлім» болмай қоймайтын табиғи заңдылықпен
қатар діни мазмұнға да толы. Адам баласы – өмір мен өлімнің арасында жүрген
биологиялық тіршілік иесі. Адам үшін өмірдің рөлі қаншалықты жоғары болса, өлім де
сол секілді үрдіс. Этностың танымдық әлеміндегі «өлім» концептісін Абай қара сөздерінің
негізінде төмендегідей тілдік және логикалық тұжырымдарға жіктеуге болады.
Өлім – болмай қоймайтын құбылыс, биологиялық дененің (адам) тіршілігін
тоқтатуы, табиғи құбылыс. Отызыншы сөзінде: «Мойнын бұрып қойып: «Өй, тәңірі-ай,
қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің
қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?» - деп бұлғақтап,
немесе: «аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек! Азар болса
атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма», деп
қалшылдайтұғын кісі көп қой».
Өлім – мәңгілік сапар, мәңгі ұйқыға кету, қайтып келмейтін әлем, жер беті
тіршілігінің жер асты мен көктегі жалғасы. Отыз төртінші сөзінен: «Жұрттың бәрі біледі
өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қайта
жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп
172
нанбайды». Ақын өлеңдерінде өлім концептісінің танымдық моделдерінен мысалдар
келтірелік:
1. Өлім – көз жұму. «Әбдірахман өліміне» өлеңінде:
Жиырма жеті жасында
Әбдірахман көз жұмды.
Сәулең болса басыңда,
Кімді көрдің бұл сынды [1,231 б.]?
«Немере інісі өлгенде айтқаны» өлеңінде:
Көз жұмғанша дүниеден
Иманын айтып кеткені-ай!
«Бейсенбі ме бүгін?» деп,
Жұмаға қарсы өткені-ай [1, 242 б.]!
2. Өлім – тасбауыр табыттың бір күні сені мәңгілікке тас қылып шегелеуі. Мысалы:
Көп жасамай, көк орған,
жарасы үлкен жас өлім.
Күн шалған жерді тез орған,
Күншіл дүние қас өлім.
Артына белгі қалдырмай,
Бауыры қатты тас өлім [1, 242 б.].
Тілдік қолданыста жоқ стереотиптік емес ситуациялар негіз болған концептілік
құрылымдары: өлім – гүлі қурау; өлім – қараңғы.
1.
Өлім – гүлі қурау. Мысалы:
Халық билеген патшалар,
Уақыты жетсе, құлайды.
Дәл уақыты жеткенде,
Талайдың гүлі қурайды. [1,237 б.]?
2.
Өлім – қараңғы. Мысалы:
Өзгеше болып жаралған
Айырылдым қалқам жарымнан.
Сол қалқамды қоймаған
Замана неткен тар еді?
Жасымнан өтті демегің,
Күн шыққандай қараңғы
Кешегі түннің жарығы [1,241 б.].
«Өлім» концептісінің бұл сияқты құрылымдары арқылы оның физиологиялық,
философиялық, мифологиялық мәнін ашып көрсетуге болады. Бұл құрылымдар автор
танымындағы өлім ұғымына деген ассоциативті, стереотипті түсінігінің эмоционалдық,
атрибутивтік көрінісін байқатады.
Қорыта айтқанда, «өлім» концептісі – философиялық мәні басым, күрделі ментальді
дүние. Сондықтан да ол сан салалы ақпараттармен түсіндіріледі.
Өмір мен өлім қашан да бірге жүрген. Қазақта «өмір бар жерде – өлім бар» дейді.
Абай Құнанбаев «өмір-өлім» концептісін «мен-менікі» деп бөліп алып қарайды. Мысалы:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес [2, 9 б.].
Абайдың афоризмінде:
Сағаттың шықылдығы емес ермек,
Һәммиша өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек [4, 25 б.] .
173
Ақын өміріміздің әр мезеті бағалы, әр минут сайын өмірден кейбірі кетіп жатса, енді
бір адамдар дүние есігін ашып жатады деген филолософиялық ой тастайды
Ғаламның тілдік бейнесін танытуда концептілік құрылымдардың маңызы зор. Абай
шығармаларындағы концептілік құрылымдар тек жеке сөздердің негізінде ғана емес,
тілдік құралдар арқылы да объективтенеді.
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Өлеңдер мен аудармалар / 1 том. –
Алматы: Жазушы, 1995. – 336 бет.
2.
Абай. Қайран тіл, қайран сөз. Шығармалары мен афоризмдері, құрастырған: Алтай А.,
Асылов Ұ. – Алматы: Арда, 2005. – 208 бет.
3.
Абай. Қара сөз. – Семей, 2001. – 264 бет.
4.
Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 128 бет.
5.
Нұрғалиев Р. Философиялық сөздік. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. – 525 бет.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются пути концептуального развития произведений Абая Кунанбаева.
Авторы выделяют познавательные модели концепта «судьба», формирующего миропознание
казахского народа.
RESUME
In the article the authors considers the ways of the conceptual development of Abay Kunanbayev’s
works. The authors highlight the cognitive models of the concept «fate», of the forming world cognition
of the Kazakh people.
174
УДК 81’42: 811.13
Достарыңызбен бөлісу: |