301
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
Талғар
Алматыдан шығысқа қарай 25 км жерде, Іле Алатауының
бөктерінде, Талғар өзенінің оң жақ жағалауында ежелгі Талғар қаласы
орналасқан. Х ғасырдан бастап ол «Талхиз» деген атпен белгілі.
Қаланың орталық бөлігі мұнаралы бекініс дуалымен қоршалған.
Бекініс дуалының қазірде сақталған биіктігі – 5 – 6 м, қалыңдығы
– 15 – 17 м. Қалаға солтүстік-шығыс жəне оңтүстік-батыс тараптан
кірер екі қақпа бар. Құрылыс орындарының қалдықтары бекініс
сыртында да көптеп сақталған. Қаланың жалпы аумағы – 28 гектар.
Қаланың іргетасы б.з. ІХ ғасырында қаланып, ХІ – ХІІ ғасырларда
гүлденген. ХІІІ – ХІV ғасырларда қала күйрей бастаған.
Қала орнынан зергерлердің, көзешілердің шеберханалары табылды.
Олардан қыш ыдыс күйдіретін пештер аршылып, зергерлер мен
ұсталардың, көзешілердің, ершілердің құрал-саймандары шықты.
Қалада теңге шығаратын орын болған.
Гүлденген кезеңінде Талғар Іле өңірінің əкімшілік-мəдени
орталығы болған. Талғар қазбалары бүкіл Іле өңірінің отырықшылық
өмірі жайында құнды мəліметтер береді.
▲ Ақшалар, Күміс, мыс.
XI – XII ғғ. Талхир
▲ Шырақ. XII – XIII ғғ.
Қола. Талхир
◄ Ирандық мыс табақ.
XII – XIII ғғ. Талхир
► Тұғырдағы шырақ.
XII – XIII ғғ. Қола. Талхир
▲ Иран айнасы.
XII – XIII ғғ. Талхир
► Ирандық мыс құмыра..
XII – XIII ғғ. Талхир
◄ Қола ожау-қасық.
XII – XIII ғғ. Талхир
302
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
Мерке
Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке ауылының батыс жағында ортағасырлық
Мерке қалашығының орны бар. Мерке қаласы VІІ ғасырдан бастап жазбаша деректерден
белгілі. Меркенің орталығының қираған орны шығыстан батысқа қарай созылған
төртбұрышты төбешік болып жатыр. Қаланың оңтүстік-батыс бөлігінде биіктігі 1,5
– 2 метрлік ішкі қамал дуалының (қабырғасының) қалдықтары бар. Ішкі қамалдың
іш жағы 110×75 м² төртбұрыш алаң тəрізді. Онда əр түрлі үлгідегі жəне көлемдегі
құрылыстардың қалдықтары сақталған.
Қазба жұмысы кезінде көптеген қыш ыдыстар, темір пышақ сынықтары,
қоладан, шыныдан, тастан жасалған əшекей бұйымдар жəне ауыл шаруашылығына
пайдаланылатын жабдықтар табылды.
Меркені адамдар VІІ – ХІІІ ғасырларда мекен еткен.
Құлан
Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Құлан ауылының маңында ортағасырлық Құлан
қаласының орны сақталған. Құлан қаласы туралы VІІ ғасырдағы қытай, араб жазба
деректерінде айтылады. Құлан қаласында көптеген тарихи оқиғалар өткен. Мысалы,
740 жылы түргеш бегі Құрсұл Батыс Түрік қағандығының ең соңғы басқағы Ашина
Суйцзыны осы қалада өлтірген. 840 жылы араб əскерлері Құланға дейін жеткен.
Тараздан жəне Меркеден Құланға дейінгі арақашықтық көрсетілген жол бағдарлары
жазылып сақталған.
303
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
Қаланың орнынан шахристан, ішкі қамал жəне
шығыс жағында бекініссіз рабат болғандығын байқауға
болады. Ішкі қамал – биіктігі 7 – 8 метрге жуық,
төртбұрышты, 40×40 м² алаңы бар төбе. Шахристаны
төртбұрышты төбе пішіндес. Ол ұзындығы 320 м,
биіктігі 4 – 5 метрге жуық қабырғамен, сыртынан
тереңдігі 1 м, ені 15 м ормен қоршалған. Қазба
жұмыстарының нəтижесінде ғимараттардың орнынан
көптеген ыдыстар – құман, қазан, құмыра, қақпақ,
саптыаяқ, шырағдан, т.б. алынған.
Құлан орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі
мəдени-сауда орталықтардың бірі болған.
Құмкент
Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым жерде ортағасырлық
Құмкент қаласының орны сақталған. Ол ХІІІ – ХІV ғасырларда Таластан Сайрамға
қарай созылған керуен жолы бойындағы ірі сауда орталығы болған. Құмкент айнала
қорғаныс дуалмен қоршалған. Базары дуалдың сырт жағында орналасқан. Құмкентке
1256 жылы Мөңке ханға барып қайтып келе жатқан армян патшасы Гетум І тоқтаған.
Қазіргі уақытта қаланың қираған орны (биіктігі – 20 м, ұзындығы – 450 м, ені – 300 м)
төбешікке айналған. Қалашықтың сыртқы жағында қаланы қоршаған биіктігі 1,5 – 2 м
дуалдың орны сақталған. Оның сыртынан қазылған ордың ені – 10 – 20 м. Жүргізілген
қазба жұмысы кезінде түрлі ғимараттар орны аршылып, ыдыстар, мөр-сақина, ұршық
бастары, т.б. заттар табылды. Табылған ескерткіштерге қарағанда, қаланы адамдар Х –
ХV ғасырларда мекендеген.
Жанкент
Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында ортағасырлық Жанкент қаласының орны
сақталған. Жанкент «Жаңа қала» деген мағынаны білдіреді. Қала парсыша Дех-и-Нау,
арабша əл-Қарият əл-Хадиса, түрікше Янгикент деп аталған. Жанкент Х – ХІ ғасырларда
оғыз билеушілерінің қысқы ордасы болған. Қаланың бүгінде шығыстан батысқа
созылған, көлемі 375х225 шаршы метрлік орны сақталған. Солтүстік-батыс бұрышында
▲ Құлан сарайының қабырғаларын
безендірген өрнекті ойма əшекейлер.
304
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
ішкі қамалы орналасқан. Сыртқы қорғаныс қабырғасының біраз бөлігі сақталған. Оның
бұрыштарында оқ ататын қуыстары бар күзет мұнаралары орналасқан.
Қала Х – ХІІ ғасырлар аралығында өркендеген. Қаланың ХV ғасырдан кейінгі
тағдыры жөнінде ешқандай мəлімет кездеспейді.
Суяб
Қазақстандағы орта ғасырлардан белгілі қалалардың бірі – Суяб қаласы. Суябтың
іргесі V – VІ ғасырларда қаланған. Ол жайындағы деректер ІХ – Х ғасырлардағы араб
географтары мен тарихшыларының еңбектерінде кездеседі. Суяб ірі саяси жəне сауда
орталығы болған. Қаланың аумағы 3 – 3,5 км. Қала 4 ғасыр бойы бірін-бірі алмастырған
ер те ортағасырлық үш мемлекеттің: Батыс Түрік қағандығы, Түркеш қағандығы жəне Қар-
лұқ қағандығының астанасы болған. Суяб Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Зерттеушілер Суябтың орны Ақ Бешім қорғанының маңында болуы керек деп
есептейді.
Баласағұн
Қазақстандағы орта ғасырлардағы белгілі қалалардың бірі – Баласағұн қаласы.
Жазба деректерде қала Х ғасырдан бастап белгілі. Баласағұн Қарахан мемлекетінің
астаналарының бірі болған. Əл-Мақдиси оны «бай, үлкен қала» деп сипаттаған. 1974
жылдан ҚазМУ археологтары зерттеп жатқан Шу өңіріндегі Ақтөбе деп аталатын көне
қала Баласағұнның орны деген пікір қалыптасты. Бұл қала VІ – ХІІІ ғасырларда өмір
сүрген. Қала патша сарайы орналасқан бекіністен, шахристаннан, рабаттан тұрады.
Қала сырты 2 – 3 қатар қорғаныс қамалмен, ормен қоршалған. Шахристан бөлігіне
жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қарахан дəуірінің (Х – ХІІ ғғ.) 3 мыңнан
астам мыс ақшалары, зергерлік бұйымдар, т.б. табылды. Ақсу өзенінен су тартылып,
қыш құбырлар арқылы қалаға жеткізіліп тұрғаны айқындалды. Орталық сарайдың
шығысында əскерлер тұратын «Төрткүл» бекінісі орналасқан.
305
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
Тараз
Орта Азия мен Қытай мемлекеттерін байланыстырған Ұлы
Жібек жолы қазақ жерін басып өткен. Керуен жолын бойлай
өлкемізде ірілі-ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған.
Солардың бірі əлемге əйгілі көне қала – Тараз.
Тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың шамамен I
ғасырында-ақ қаланған. Қазба жұмыстары барысында ерекше
сəулетті қала екендігі белгілі болды. Түрлі ғимараттар мен
сəулетті құрылыстар археологтарды таң қалдырды. Көне Тараз
астынан су құбырлары, сауда дүкендері, зергерлік шеберханалар
мен монша ғимараты табылған. Бұлардың барлығы түрлі ою-
өрнектермен əшекейленіп, зер тастармен қапталған.
Тараз X – XII ғасырларда Қарахан хандығы заманында
гүлденіп дамыған. Сол кезден қалған Айша бибі, Бабажы
қатын, Тектұрмас, Қарахан мазарлары, Шамансұр (Дəуітбек)
кесенесі тарихи ескерткіштер болып саналады.
Көне ескерткіш – Тараз моншасы ерекше үлгімен салынған.
Монша 5 бөлмеден тұрған. Ыстық, суық сулар қыш құбырлар-
мен келген.
◄ Биші мүсіні.
Б.з. бірінші ғасырлары.
Қола. Тараз
Тараз төңірегін қорғаған ежелгі күзет мұнарасының қалдығы. IX – XII ғғ.
306
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
▲Шыңылтырлы тостаған.
XII – XIII ғғ.
Тараз
▲Сұр түсті балшықтан
бедер түсіріліп жасалған
қақпақ. XII – XIII ғғ. Тараз
▲Мыс жəне күміс ақшалар.
VII – VIII ғғ. Тараз
▲Керамика жəне қола
шырақтар. X – XII ғғ.Тараз
▲Мойыны қасқырдың басы
пішіндес құмыра. VII – VIII
ғғ. Қола. Тараз
▼Ежелгі Тараз
307
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
▲Сұр түсті балшықтан
бедер түсіріліп жасалған
қақпақ. XII – XIII ғғ. Тараз
▲ Сарайшықтағы қазба жұмыс тарының
жалпы көрінісі
Сайрам
Қазақта «Сайрамда бар сансыз баб» деген сөз бар. Ежелгі
Сайрам қазақ жерінің рухани орталығы болған. Ойшылдар,
философтар, əулиелер, дін таратушылар осы жерден шық-
қан. Бірнеше рет көшіріліп, өзгеріске ұшыраған «Сайрам
туралы рисала» атты ортағасырлық кітап біздің заманымыз-
ға жеткен. Мұнда Сайрамнан шыққан атақты адамдардың,
қолбасшылардың, əулие адамдардың өмірбаяны, қаланың
тарихы баяндалады.
Сайрамда бүкіл түркі халықтарының рухани көсемі
Ахмет Иасауи 1103 жылы дүниеге келген. Əке-шешесі
қасиетті Ибрагим ата мен Қарашаш ананың мазарларын
халық əлі күнге дейін қадір тұтады. Сайрамның X – XIII
ғасырлардағы аты – Исфиджаб, соғды тілінде «Ақсу»
дегенді білдіреді.
Сайрам – орта ғасырларда қолөнермен атағы шыққан
қала. Мұнда ақ мата, былғары, қару-жарақ шығарылған.
Алтын-күмістен асыл бұйымдар дайындалған. Қаланың
құл базарларында соғыстан қолға түскен құлдар сатылған.
Қалада жер асты жолдары, хауыздар мен бақтар, үлкен
мешіт, Нуджикет, Фархан, Шақпан, Бұхара дарбазалары
болған.
Сарайшық
Сарайшық – XIII ғасырдың басында Жайық
өзенінің жағалауында негізі қаланған қала,
орта ғасырлардағы ірі саяси, мəдени жəне сауда
орталығы.
Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын
сауда жолының бойында орналасқан. XIV
ғасырда Сарайшық Ақ Орда мемлекетінің,
содан кейін Ноғай ұлысының орталығы
саналған. XV ғасырдан бастап ол Қазақ
хандығының əйгілі астаналарының бірі болған.
Сондай-ақ Сарайшық – Алтын Орда хандары
жерленген қасиетті жер (Мөңке Темір, Жəнібек,
Бердібек).
308
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
Сарайшықта өзінің əділдігімен, ақыл дылығымен, ұлылығымен аты шыққан Əз-
Жəнібек хан 1347 – 1350 жылдары билік құрған. Сол кезеңде халық шалқыған дəурен
кешіпті. Бұл туралы:
Сарайшықтың саздары,
Қаңқылдады қаздары,
Су сұрасаң, бал берген,
Ноғайлының қыздары, – деп халық əндеткен.
Сарайшықтың қирандысын қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерден Жайықтың
жағасынан көруге болады. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан ақша сарайы, мешіт,
монша, ауқатты адамдардың сарайлары, əдемі қыш құмыралар мен тас табақтар, əшекей
бұйымдар табылған.
Сауран
1723 жылы қазақ жасақтары күші басым жоңғарлардан
шегініп бара жатыпты. Сүйікті қалалары Сауранды
жауға бергісі келмей, қаланы үш рет айналыпты. Кейде
қазақтар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
дегенде, «Сауран айналғанды» қосып айтқан. Сауран
сол уақыттарда Түркістан, Ташкент, Сығанақ, Жанкент
жəне т.б. қалалармен қатар Қазақ хандығының сауда,
шаруашылық, саяси-экономикалық жəне əскери
орталығы болған. XVI ғасырда қазақ хандары қаланы
сумен жабдықтау үшін кəріздер жүйесін қолданған.
Кəріз дегеніміз – жер астындағы каналдар. Үндістаннан
500-дей құл əкеліп, бүкіл қаланың астынан кəріздер
қаздырып, сумен қамтамасыз еткен.
▲Шыңылтырлы табақ.
XVI ғ. Сауран қалашығы
Қазақ жылқысының асыл тұқымдарының бірі – сауран ат. Жылқының шығуы
жөнінде қызық аңыз бар. Кіші жүз қазақтары Сауран маңынан көшіп бара жатады.
Көшке құйрық-жалы төгілген, арқыраған есік пен төрдей бір айғыр келіп қосылады.
Сауран арғымақтары осы айғырдан тараған екен.
«Ақтабан шұбырындыдан» кейін Сауран кішігірім қыстақ болып қалады. XVIII
ғасырдың аяғында тұрғындар оны мүлдем тастап кетеді. Қазір Түркістан темір жолының
бойында аспанмен таласқан алып қамал қабырғаларының қирандыларын кездестіруге
болады. Ол – көне Сауран.
309
ҚАЛАЛЫҚ МƏДЕНИЕТ
Алматы
Алматының ресми жасы 1854 жылдан, Кiшi Алматы
өзенiнің бойында орыс əскерлерiнiң қамалы салынған
мезгілден бері қарай есептелініп келді. Ал «Верный»
атауын кейінірек 1867 жылы алғаны белгілі. Алайда қала
тарихының құпиясы ғасырлардың терең қойнауында
жатыр. XVI ғасырдың бірінші жартысында өмiр сүрген
мемлекеттiк қайраткер, қолбасшы, ақын əрі жазушы
Заһир ад-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-нама» атты
шығармасында мынадай мəлiметтер бар: «Ферғана –
бесiншi климаттық белдеудегі аймақ. Ол жер өңдеумен
айналысатын елдердiң шекарасында орналасқан.
Оның шығысында – Қашқар, батысында – Самарқанд,
оңтүстiгiнде – Бадахшан таулары, солтүстiк шекарасын-
да – Таразкент кiтабында аттары аталатын Алмалық, Ал-
мату, Янги қалалары сияқты ежелгі елді мекендер болған.
Алайда оларды моңғолдар қиратып кеткен, сондықтан
да ол жерлерде қазiр ешқандай елдi мекен қалған жоқ».
▲ Ақшаның оң жəне теріс
жағы. 1271 – 1272 жж. Алма-
тыда соғылған
Бұл жерде қазiргi Алматының орнында орналасқан Алмату деп аталатын ортағасырлық
қала туралы айтылып отыр.
Алматы елдi мекенi жайлы Бабырдың замандасы, «Тарих-и Рашиди» атты еңбектің
авторы Мұхаммед Хайдар Дулат та моңғол шапқыншылығы мен осы елдi мекеннің
маңында болған соғыстарға байланыс ты деректерінде атап өтеді.
1979 жылы Алматыда қазiргi ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті əскери институты
орналасқан жерден екi күмiс теңге табылды. Екi теңгенің де жазулары айқын емес.
Алайда ерекше қызы ғушылық туғызған нəрсе – осыған дейiн кездеспеген тамға –
билеушiлер мөрiнің бейнесі. Шығыс танушы, нумизмат В.Н. Настич бұл ақшалардың
жергiлiктi екендiгi, Жетiсуда соғылғандығы жəне қазiргi Алматы аумағында ХIII
ғасырда ақша соғатын өндiрiс болғаны жайлы болжам айтады. 1990 жылы тап сондай
таңбасы бар тағы да екi теңге табылады. Олардың ерекшелiгi – таңбалар жоғарыда
айтылған теңгелердегi сияқты қатар емес, теңгенiң екi жақ бетiнде де орналасқан. Бұл
теңгелердi Қазақстаннан келген адамнан сатып алған коллекционер кiсi В.Н. Настич-
ке көрсетедi. Екi теңгенiң бiрiндегі шеңбер бойымен айналдыра түсiрiлген жазудан
ақша шығарылған жердiң атын оқуға болады: «бұл дирхем Ал.м.ты аймағында (ба-
лад) ...бес… жылы соғылды». Бұл жазу қаланың атын Алматы деп сенiмдi түрде оқуға
негiз бередi. Осыған қарап, оның сол кездiң өзiнде қазіргі «алмалы жер» немесе «алма
көп өсетiн жер» деген мағынаны білдіретін «Алматы» атауымен аталып, ХIII ғасырда
Қазақстанның оңтүстiк астанасының орнында өмір сүрген қала екеніне көз жеткіземіз.
310
ТАРИХИ ҒАЖАЙЫПТАР
Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ескерткіштер өз ға-
жайыптарымен əлемді таңқалдырып келеді. Бұлардың барлығы – көне та-
рихымыздың куəлары.
«Алтын адам»
1970 жылдары К.А. Ақышев пен Б.Н. Нұрмұхаме-
дов тың басшылығымен қазақстандық археологтар Есік
қаласы маңындағы обалардың бірінен бүгінде əлем ге
əйгілі «Алтын адамды» тапқан. Олар диаметрі 60 м,
биіктігі 6 м болатын топырақ үйіндісінің орта жəне
бүйір тұсының астынан екі қабірді аршыды. Орталық
мола ертеректе тоналған екен. Ал бүйірдегі моладан
Тянь-Шань шыршасынан кесілген бөренелерден
жасалған там қазылып алынды. Тамның табанына,
ағаш еденге кілем төселген (алайда кілемдер шіріп,
алғашқы қалпын сақтамаған). Сол кілемнің үстінде
бастан-аяқ алтын бұйымдармен əшекейленген киім
киген адамның дене сі (қаңқа сүйегі) жатыр. Үстінде
– болат сауытқа ұқсас күдеріден тігілген қызыл күрте,
аяғында – былғары етік, басында – биік былғары
дулыға. Уақыт өте келе матасы тозған. Бірақ киімдер
мен бас киімдерге тігілген алтын бұйымдар, əшекей
жапсырмалар, қабылан бейнеленген белдікбас, екі
балдақ жəне масақты оқатар сол қалпында сақталған.
Дулығаның маңдайшасына алтын жалатқан қанатты екі
тұлпардың бейнелері жапсырылған. Оның салтанатты
биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігі 200-
ден астам аң, құс бейнелі алтын жапсырмалармен
безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын.
«Алтын адам» аталуы да сондықтан.
Сонымен қатар «Алтын адамның» қасына қыш құмыралар, ағаш ыдыс-аяқтар, т.б.
заттар көмілген. Соның бірі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны
ғылымда «Есік жазуы» деп атайды.
Бұл ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұ -
рын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мəдениетінің болғандығын дəлелдейді.
Есік обасы – Қазақстандағы б.з.б. V – IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының
тарихы мен мəдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Қазір «Алтын адам»
Қазақстан мұражайын көркейтуде.
311
ТАРИХИ ҒАЖАЙЫПТАР
Қарғалы кеніші
Археологтар 1939 жылы Алматы маңындағы Қарғалы шатқалынан көнеден қалған
қазына тапты. Бұл жерден 300-ге жуық алтынмен апталып, асыл тастар орнатылған,
ғажайып өрнекті бұйымдар шықты. Табылған заттардың ішінде қосөркешті түйе
мүсінделген сақина, адамды кеміріп жатқан тышқан бейнеленген сырғалар бар.
Бұйымдардың барлығы алтыннан соғылған.
Табылған олжаның ең бағалысы – аса шеберлікпен түрлі аңдар бейнесі салынған
алтын тəті (диадема). Оның биіктігі – 3,5 см, ернеуі – 4,7 см. Онда бұғының, ұшқан
құстың, үстіне адам жайғасқан, бұқпантайлап бара жатқан қанатты жолбарыстың
таң қаларлық бейнелері бар. Барлық мүсіндердің соншалықты шеберлікпен əсем
нақышталып жасалғаны таңдай қақтырады. Бірақ айтарымыз бұл ғана емес. Əшекейлі
тəтіде қанатты ат жəне үстіне адамды отырғызып алып жүгіріп бара жатқан айдаһар
бейнеленген. Олардың төбесінен құс (қаз бен үйректің біріне ұқсайды) ұшып барады.
Бұлардан басқа таутеке, аю, арқарға мініп, қолына гүл ұстаған адам бейнелері бар.
Осылай бірінен-біріне ұласып кете беретін аң-құс бейнелері аса нəзік те əсем жасалған.
Аңдардың көзіне, тұяғына қондырылған асыл тастарды жай көзбен байқаудың өзі
қиын. Ғаламат шеберлікпен салынған бұл өрнектерден сол заман өнерінің жетістігін
ғана емес, адамдардың пəлсапалық талғамын да тануға болады. Бұл ескерткіштер –
б.з.д. ІІ ғасыр мен б.з. ІІ ғасыры аралығында қазақ жерін мекендеген тайпалардың үздік
өнерінің куəсі.
Жалаулы қоймасы
Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы. Бұл қойманың ашылуы бір қызық
оқиға. Оны Алматы облысы Кеген ауданындағы Жалаулы елді мекенінің маңындағы
өзен аңғарынан мектеп оқушылары тауып алған.
Сірə, бұл əлдекімнің қолына түсіп, өзен аңғарына жасырылған қойма болуы
керек. Құрым киізден тігілген дорбаға салынған бұйымдардың табиғаты осындай
▲ Диадема. Алтын. Б.з. I – II ғғ.
Қарғалы көмбесі. Жетісу
▲ Алтын сырға. Б.з. I – II ғғ.
Қарғалы көмбесі. Жетісу
▲ Түйенің бейнесі бар
алтын жүзік. Б.з. I – II ғғ.
Қарғалы көмбесі. Жетісу
312
ТАРИХИ ҒАЖАЙЫПТАР
Атыраудың алтын адамы
Атырау облысы Жылыой ауданындағы Аралтөбе деп аталатын
қорымнан 2000 жылы белгілі археолог Зейнолла Самашев
тапқан ескерткіш осылай аталып жүр. Сол жерде қазылған үш
зираттың бірінен адамзат тарихы үшін «Екінші алтын адам»
табылды. Оның сырт киімі түгелдей алтын əшекейлермен
безендірілген. Шашбауы, қару-жарағы, қорамсақ жиектері,
асатаяғындағы самұрық бейнесі алтынмен апталған. Мəйіт
жанынан екі жылқы мен қыран құс сүйектері, жүзден астам
жебесі бар қорамсақ, қыш құмыра, қайқы қылыш табылған.
Табылған бұйымдар, киім үлгілері жəне салынған өрнектердің,
əшекейлердің табиғаты бұл ескерткіштің қазақ даласында б.з.д.
ІІІ ғасыр мен б.з. IV ғасыры аралығында өмір сүрген сармат
тайпаларына жататындығын дəлелдеп отыр. Белгілі шебер
Қырым Алтынбеков қалпына келтірген бұл ескерткіш қазір
Атыраудың облыстық мұражайында тұр.
ойға жетелейді. Киімдердің, белдіктер мен ат əбзелдерінің
(саймандарының) əшекейлері жəне басқа да зергерлік алтын
бұйымдардың жалпы саны алты жүзден асады.
Олардың ішіндегі аса бағалысы – жарты ай тəрізді иіліп келген
алтын тəж. Тəждің жоғарғы жағы асыл тастар қондырылған арқар
мүсіндерімен безендірілген. Арқардың мүйіздері тұтасып келіп
əсем өрнек түзеді. Аяқтарының ортасындағы құс қондырған қос
марал бейнесі бар əшекей тек əсемдігімен ғана емес, айтар ой,
мағынасымен де тосын дүние болып табылады.
Табиғаты жағынан б.з.д. V – ІІІ ғасырларда өмір сүрген сақ
мəдениетінің асыл үлгісі болып табылатын Жалаулы қоймасының
ғажайып сырлары əлі толық зерттеліп, ашыла қойған жоқ.
Берел қорымының кереметтері
Берел қорымы – Қазақстандағы сақ дəуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Қорым
б.з.б. V – IV ғасырларда салынған. Берел қорымы Шығыс Қазақстан облысындағы
Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым
жерде, таулы аңғарда орналасқан. Қорымның құрамында 30-дан астам оба бар.
Обалардың бірінен қалың тақтайдан текшелеп, үсті бөренелер мен бірнеше қабат
тоз жəне бұтамен кезектесіп жабылған там табылған. Оның ішінде апалы-інілі – 35-40
жастар шамасындағы ер адам мен 50 жастағы əйел мүрделері табылған. Олардың аса бай
▲ Сақтардың алтын
əшекейлері.
Бұғылар жапсырма. Б.з.д. V ғ.
313
Достарыңызбен бөлісу: |