Вниманию директоров школ!
На сайт отправлена информация о проведении ОблУМЦ
на базе СШ№10 16 августа 2016г. республиканской
филологической панорамы.
В связи с этим просим отправить от школы учителей
казахского, русского и английского языков (по трехязычию).
Заявки направлять на электронную почту ГНМЦ или
aigul.baimagambetova@mail.ru
(срок до 14.08.)
Заявку оформить по следующей форме:
Ауданы
Қатысушының аты-
жөні
(толығымен,міндетті
түрде толтыру
керек)
Жұмыс орны Қызмет
Байланыс
телефоны
Оплату можно произвести на месте.
Регистрация с 9.00.-9.45.
На семинар, проводимый ОблУМЦ для зам.директоров
классных руководителей, вожатых и психологов 19 августа
направляются от города нижеперечисленные учителя:
№ Қатысушысының аты-
жөні
Қала
Мектебі
Лауазымы
1 Таникулова Айым
Оңғаровна
Ақтөбе
№30 ОМ
класс
жетекші
2 Танжарикова Роза
Адильхановна
Ақтөбе
№23 ОМЛ
директордың
тəрбие-
ісіндегі
орынбасары
3 Туленова Кымбат
Убайдулловна
Ақтөбе
№23 ОМЛ
класс
жетекші
4 Нуртазина Багдагуль
Жаксылыковна
Ақтөбе
№34 ОМ
директордың
тəрбие-
ісіндегі
орынбасары
5 Елекеева Жанна
Амануллаевна
Ақтөбе
№34 ОМ
класс
жетекші
6 Сатенова Назгуль
Ақтөбе
№51 Г
класс
жетекші
7 Айтыманова Айгуль
Ақтөбе
№36 ОМ
класс
жетекші
8 Бокаева Нургуль
Сайлауовна
Ақтөбе
№36 ОМ
директордың
тəрбие-
ісіндегі
орынбасары
9 Карабаева Ақлен
Нұрлыбайқызы
Ақтөбе
№52 НМ
класс
жетекші
10 Бодықова Сұлужан
Сужамитқызы
Ақтөбе
№52 НМ
аға тəлімгер
11 Канафиева Агила
Сердалиевна
Ақтөбе
№52 НМ
класс
жетекші
12 Сарсенова Гульжанат
Абатова
Ақтөбе
Қарғалы
ҚОМ
психолог
13 Мухангалиева Гулшат
Кыдыршегенқызы
Ақтөбе
№58 ОМ
психолог
14 Сугирова Камшат
Куралбаевна
Ақтөбе
№ 12 ОМ
психолог
15 Тныбаева Кумыс
Арабековна
Ақтөбе
№44 ОМ
(кешкі)
психолог
16 Идиятуллаева Гулбарам
Куанышбайқызы
Ақтөбе
№8 ОМ
психолог
17 Ильчак Олеся
Николаевна
Ақтөбе
№29 ОМ
психолог
Баймагамбетова А.А., 22-18-58
«А Қ Т Ө БЕ О Б Л Ы С Т Ы Қ
Г Ы Л Ы М И - Т Ә Ж І Р И Б Е Л І К
ОРТА.ПЫГЫ»
M ЕМ Л E K E I I IK KO M M У H АЛДЫ К
К А З Ы Н А Л Ы К К Ә С ІП О Р Н Ы
Г О С У Д А Р С Т В Е Н Н О Е
К О М М У Н А Л Ь Н О Е КАЗЕН Н ОЕ
П Р ЕД П Р И Я ТИ Е
« А К Т ІО Б И Н СКИ Й О Б Л А С Т Н О Й
H АУЧ НО-П PA КТИ Ч ЕС К И Й ЦЕНТ Р»
030012. Актобе каласы. Ленин граи көшесі. 43а
030012. город Аки обе, улица Ленинградская, 43 а
тел.'факс: 8 /7132/ 90-58-11. 90-58-12
тсл./факс: 8 /7132/ 90-58-11.90-58-12
E-mail: oumcftfrinbox.ru
E-mail: oumeftrinbox.ru
«
»
D Z
№
/
Қалалық, аудандык білім бөлім басшыларына,
колл едж д и ректор л а р ы н а,
облыстык мскген-интерна ггарына
Yiu тілде білім беруді дамытудын 2015-2020 жылдарға арналган жол картасы
жүзеге асыру максатында 2016 жылгы 16 тамыз куні «Үштілдік жағдайындагы
концепция озгсрісі және қазіргі білім беру жагдайы: ізденістер меи даму болашагы»
тақырыбындағы республикалық филологиялық метапэндік панорама өткізіледі.
Республикалык филологиялык метапәндік панорамага қазақ, орыс, ағылшын тілі
мұғалімдері, окытушылары, МДҰ тэрбиешілері катыса алады.
«Білім беру ұйымдарынын акылы негізде тауарлар (жұмыстар, кызметтер көрсету)
ұсынуы» 63 бабы жэне МКҚК «Актобе облыстык гылыми-тәжірибелік орталыгы»
Жаргысыныц 33 тармагына сәйкес акылы.
Үйымдастыру жарнасы - 3000 тенге
Осыған байланысты панорамаға қатысуға тілек білдірген гіедагоггар туралы
сұранысты төмендегі улгіде oumcffi4nbox.ru электронды поштасына тамыздын 15-на дейін
жіберулеріңіз сұралады:
А у д а н ы
Қ а т ы с у ш ы и ы н а т ы - ж ө н і
( т о л ы ғ ы м е н , м ін д е т т і
г ү р д е г о .і т ы р у ісер ск !)
Ж ұ м ы с
о р н ы
К ы з м е т і
Б а й л а н ы с
т е л е ф о н д а р ы
Семинарға тіркеу: сағ. 09.00 - 09.45 дейін.
Өтетін орны: Актобе қаласы, JYa 10 орта мектебі
Барлық қатысуніыларга реенубликалық сертификат тапеырылады.
Реквизиттер: «Актобе облысыныц білім басқармасы» ММ, МКҚК «Ақтобе
облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы»
030000, г.Актобе, Акпобинская область
ИИК Xa KZ50722S000000991155 (KZT) (Спецсчст)
БИК CASPKZKA - AO «Kaspi Bank»
БИН бенефициара 120240021509
Код резндентства I
Сектор экономики 6
Тел:8(7132)90-58-11; 90-58-16;
Директор
Н. Абишева
П
Үйымдастыру
комитет!: МатсалаеваЖ. 87778004084. Орманбекова А. тел.87059187689. Нареиова А. 87023802902.
1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
2016-2017
ОҚУ ЖЫЛЫНДА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА
ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат
Астана
2016
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 маусымдағы № 5 хаттама).
2016-2017
оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы.
Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2016. – 257 б.
Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және
1-11-
сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар
енгiзiлген.
Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән
мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.
©
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2016
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
М
3
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы
кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге
қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу,
зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр.
Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) XXI ғасырдағы
табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл –
командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық,
IT-
біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан
ДЭФ-тің «XXI ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингісінде
мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен
елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық
дағдылардан едәуір төмен.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің
стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім
беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.
76-
қадам. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық
сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары
сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді
ынталандыру жүйесін құру.
79-
қадам. Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда
ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.
89-
қадам. «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.
Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел»
құндылықтарын енгізу.
2016-
2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші
сыныптар көшеді. Олар 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектепте
апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды.
Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу
бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен
жүзеге асырылды.
2016-
2017 оқу жылында республиканың 5 өңірінде 63 пилоттық мектепте
10-11-
сыныптарда жанбасына қаржыландыру апробациясы жалғастырылатын
болады.
Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу
жоспарында (бұдан әрі - ҮОЖ) ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны
көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тіліне
2бөлінеді.
2016-
2017 оқу жылында негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім
беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталады. Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы ағылшын тілін үйрену жоспарланған үш
4
тілде оқушыларға қосымша білім беру бағдарламасы және жоғары сынып
пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі. Барлық
жұмыстар Академияның сайтына орналастырды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар
енгізілді
(2015ж.24.11
берілген
өзгерістер
мен
толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы
1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді
және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді.
Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу,
дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер
мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз
аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.
БҒДМБ сәйкес оқыту сапасын арттыруда білім беру процесінің барлық
қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең
қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін
әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани
дамыған азаматын қалыптастыру қажет.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде.
Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру
қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды
консультациялық қолдау.
2016-
2017 оқу жылында жалпы білім беретін ұйымдарда оқу процесін
ұйымдастырудың ерекшеліктері келесі факторлармен негізделеді:
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныптарда жаңартылған білім
мазмұнын енгізу (барлық пәндер оқыту тілінде оқытылады);
бастауыш мектепте «Ағылшын тілі» пәнін оқыту 1-4-сыныптарда жүзеге
асырылады;
9-
сыныпта міндетті түрде «Дінтану негіздері» факультативтік курсының
орнына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы
оқытылады.
Жаңа оқу жылында:
1) мектепалды даярлық сыныптарында және 1-сыныптарда білім беру
процесі келесі құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292
қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға
міндетті мемлекеттік стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327
қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2015);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
15 шілдедегі №453 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу
жоспарлары;
5
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім
беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен
бекітілген оқу басылымдары;
2) 2-11-
сыныптарда білім беру процесі келесі құжаттар мен материалдар
негізінде жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-
2012);
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №296
бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарлары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №471
бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарлары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы №61
бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің
үлгілік оқу жоспарлары;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің,
таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен
бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың,
оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша
әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту
6
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін
атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу
туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген оқу
басылымдары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және
басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі №400 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі №251 бұйрығымен бекітілген оқу
басылымдары.
Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық
жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
негізінде өздігінен әзірлейді және оны білім беру ұйымының директоры
бекітеді.
Білім алушылардың оқу нәтижелерін бақылау үшін педагогтердің
таңдауымен іске асырылатын әртүрлі әдістер мен құралдар қолданылады.
Бақылау шараларының негізгі түрлері шығарма, ауызша, жазбаша,
практикалық формалармен жүзеге асырылады. Бақылау формаларын таңдау оқу
пәнінің ерекшеліктері мен мазмұнына, оны оқуға бөлінген сағат санының
көлеміне, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, оқыту кезеңдері
мен оқытудың жоспарланған нәтижелеріне байланысты жүзеге асырылады.
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымдары басшыларының бекіткен
кестесіне сәйкес жүргізілуі керек. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және
сабақ кестесінің соңғы сабақтарында өткізу ұсынылмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік
жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам»
бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында
әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары бойынша «Өлкетану» (7-сынып),
«Абайтану» (9-11-сыныптар) таңдау курстарын оқыту ұсынылады.
Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық
және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен
бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану
негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау
бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мектеп және оқушы компонентінің пәндері бойынша емтихан және ұлттық
бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
Назар аударыңыздар! 2016-2017 оқу жылында жалпы білім беретін
мектептердің түлектерін қорытынды аттестаттау мен ҚР жоғары оқу
орындарына іріктеу тесті өзгереді. «Білім туралы» ҚР Заңына орта білім беру
ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау рәсімін бөлу және жоғары оқу орнына
оқуға түсу туралы түзетулер енгізілді.
Түзетулер 2017 жылы күшіне енеді.
7
Мемлекеттік бітіру емтиханы – орта білім курсын бітіргені туралы
куаландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта
білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір
түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған
іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында
өткізіледі.
Емтихан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015
жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар
енгізілген ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 суәрдегі № 115
бұйрығымен бекітілген 10-11-сыныптарға арналған жалпы орта білім беру
деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық
бағыттарының оқу бағдарламаларына негізделеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік бітіру емтиханы мен Ұлттық бірыңғай тестілеу
рәсімінің форматын ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеуде. Ақпарат ҚР
Білім және ғылым министрлігінің
www.edu.gov.kz
, Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитетінің
www.control.edu.gov.kz
сайттарына
орналастырылатын болады.
Сонымен қатар, емтихан тапсырудың ұсынылып отырған формаларының
бірі эссе жазу екеніне назар аударуларыңызды сұраймыз. Эссе жазуға
қойылатын талаптар әдістемелік әдебиетте көрсетілген, оған қоса мұғалімге
көмек ретінде әдістемелік-нұсқау хаттың тиісті тарауында эссе жазуға
қойылатын талаптар бір үлгідегі талаптары барынша нақты көрсетілген.
Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері
АКТ-құзыреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның
ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу білігін
қалыптастыруы керек.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің, оқушылардың оқу жетістігін сырттай
бағалау, мемлекеттік аттестаттау мен талапкерлерді кешенді тестілеудің тест
тапсырмаларының базасын қалыптастыру ҚР Білім және ғылым министрінің
бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдары негізінде іске асады.
Сондықтан ұлттық емтихандарға және мониторингілеуге дайындық кезінде
оқушылар жоғарыда көрсетілген ҚР Білім және ғылым министрінің
бұйрығымен бекітілген оқулықтардың материалдарына сүйенуі тиіс.
Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім
беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың
қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.
Білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының
бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын
тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына
бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар;
тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.
8
БҒДМБ қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар
оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын,
сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау),
TIMSS (4-
ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми-
жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу
және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі
нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.
Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың
дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.
Оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында
оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық
сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы
ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған
білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен
бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін
тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау
аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу
сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық;
жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және
оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана
білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен
мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл
түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік
мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады.
Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін
айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей
білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы
білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді
түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен
негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу
қабілеттері.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге
арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-
әдістемелік құралдарында қамтылған.
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани,
физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне
қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан
маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді
дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және
9
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім
беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |