Серия философия серия культурология


Əлеуметтік даму саласында



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата04.02.2017
өлшемі2,63 Mb.
#3364
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31

Əлеуметтік даму саласында: 
-  Іс  жүзінде  баршаның  (бала  жастағы, 
жасөспірім,  еңбекке  қабілетті  жəне  қабілетсіз 
жастағы)  бақуаттылығын  қамтамасыз  ететін 
қоғам құру; 
-  Əр  бір  талабы  барға  кəсіпкерлікпен 
айналысуды қамтамасыз ету; 
-  Қазақстанның  ұлттық-мəдени  көптүрлі-
лігін  сақтау  жəне  этникалық  өзіндік  болмысты 
дамыту,  сол  арқылы  əлемдегі  қауымдастық 
саяси  жағынан  тұрақты  аймақ  ретінде  ел 
беделін нығайту;  
Экономиканың тұрақтануы мен өсуіне, оның 
əлемдік 
шаруашылық 
байланыстарымен 
ықпалдасуына  сəйкес  жалақы,  зейнетақы  мен 
қосымша  төлемақыларды  өсіру,  бірақ  заңсыз 
баюға  жол  бермеу;  Осылайша  Қазақстан  ашық 
қоғамды,  демократиялық  бейбітшіл  мемлекет 
ретінде дамуға ұмтылады» [6]
Елбасы  ұсынған  аталған  мемлекет  алдын-
дағы  мақсат-міндеттер  Қазақстанның  ұзақ 
мерзімді қарқынды түрде дамуы мен əлемдегі ең 
дамыған  мемлекеттер  санатына  кіруі  арқылы 
елімізде тұрақтылықты яғни саяси динамикалық 
тұрақтылықты орнату межесі алға қойылған.
 
 
Қазақ  халқының  елімізде  қоғамның  саяси 
тұрақтылығын  сақтауға,  ауызбірщілік  пен 
бейбітшілік,  татулық  принциптерін  ұстанатын-
дығына  Елбасымыз  Н.Ə.Назарбаев  өзінің  əр 
жылғы  жолдауларында  да  ерекше  тоқталып 
өтеді.  Атап  айтсақ,  былтырғы  жолдауда: 
«Бүгінгідей  қиын-қыстау  кезеңде  мен  туған 
халқымның  ынтымақ  пен  ауызбіршілік  таны-
тарына сенемін. Сіздер өздеріңіз бас болып өзге 
отандас  ағайындарға  ұйытқы  болыңыздар. 
Əрдайым  кеңдік  пен  кемеңгерлік,  сабырлылық 
пен іскерлік көрсетіңіздер»
 
деген болатын [7]. 
Сонымен  қатар  биылғы  жолдауда  да 
ауызбіршілік,  ынтымақтастық,  қазақ  халқының 
жауапкершілік  міндетін  тағы  да  қадап  айтты: 
«Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің 
тəуелсіздігін  баянды  ету,  қазақтың  ұлт  болып 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                  
47 
 
өркендеуіне  жол  ашу,  оның  тілі  мен  мəдение-
тінің  кең  құлаш  жаюына  мүмкіндік  туғызу. 
Келер  ұрпақтың  жүзін  жарқын  ететін  бұл 
мақсатқа  біз  асқан  табандылықпен  ел  бірлігін 
сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз»
 
[8]
Тəуелсіздікті  нығайта  түсудің,  ел  тұрақты-
лығын  қамтамасыз  етудің  басты  шарттарының 
бірі – Қазақстанда  өмір  кешіп  отырған  барлық 
ұлттар  мен  этностардың  бойында  еліміздің 
тəуелсіздігін  айрықша  қастерлейтін  қасиет – 
ұлттық 
рухты 
күшейту, 
патриотизмді 
қалыптастыру  болып  табылады.  Бұл  сан  ғасыр-
лар  бойы  тарихта  қалыптасқан
 
өзгермейтін 
формула
 
______________ 
 
1.  Р.Б.Əбсаттаров. «Саяси  тұрақтылық  жəне 
ұлттық  қауіпсіздік:  жүйелік  талдау // ҚазҰПУ 
хабаршысы.  Əлеметтік  ғылымдар  жəне  саясаттану 
сериясы  
2.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы. – 
Алматы , 1995. – 4 б. 
3.  Н.Ə.Назарбаев.  Қазақстан - 2030. Барлық 
Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне 
əл-ауқатының артуы. – Алматы: Білім, 1998-256 б.  
4. Сонда, 29 б. 
5. Сонда, 42 б. 
6.  Назарбаев  Н.А.  Стратегия  трансформации 
общества  и  возрождение  евразийской  цивилизации. – 
М.: Экономика 2000. - 543 с. 
7.  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Жолдауы 
«Дағдарыстан  жаңару  мен  дамуға», 2009 жылғы 6 
наурыз // www.akorda.kz 
8.  ҚР  Президенті  Н.Ə.Назарбаевтың  Жолдауы 
Жаңа  онжылдық – жаңа  экономикалық  өрлеу – 
Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері», 2010 жылғы 29 
қаңтар // www.akorda.kz 
 
* * * 
В  данной  статье  рассматриваются  основные 
аспекты  обеспечения  политической  стабильности  РК. 
Анализируются  межнациональные  и  межконфес-
сиональные отношения в обществе.  
 
* * * 
At this article studied main aspects of maintenance of 
political stability RK. Also analyzed international and 
interconfessional relations in a society. 
 
 
 
 
 
И. Əбілдаев 
 
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Белгілі  бір  мемлекет  туралы  ой  қалыптас-
тыру,  дəл  сол  мемлекеттің  халықаралық 
деңгейдегі іс-əрекетіне, сол елдің ықпалды жəне 
беделді  тұлғалардың  əрекетіне,  саяси  жəне 
қоғамдық  қызметкерлердің  ойы  арқылы  жүзеге 
асуы  мүмкін.  Əр  мемлекет  өзіндік  болмысы, 
ұлттық мүдделері, географиялық ерекшеліктері, 
экономикалық жəне саяси жүйесі, өз мəдениеті, 
дəстүрі  бар  құндылықтар  жиынтығы  болып 
табылады. 
Аталып  өткен  мемлекет  компоненттерінің 
барлығы 
ұлттық 
брендтің, 
мемлекеттің 
халқаралық  имиджінің  қалыптасуына  айтар-
лықтай  үлес  қосады.  Осы  зерттеудің  басты 
мақсаты,  мемлекеттік  бренд  жүйесінің  жалпы 
қоғамның,  мемлекеттің  дамуына,  саяси  жəне 
əлеуметтік-экономикалық  көркейуіне  қосатын 
үлесі қандай болмақ ? 
Соңғы  жылдары  «ұлттық  (мемлекеттік) 
бренд», «ұлттық  айдентика», «географиялық 
мекендердің  брендингі», «қоғамдық  диплома-
тия»  ұғымдары  кең  қолданысқа  ие  болып,  ал 
осы  саладағы  зерттеулерге  қажеттілік  деңгейі 
ұлғайып келеді. 
Қазіргі  жаһандану  заманында,  мемлекет-
тердің  бір-бірімен  саяси  жəне  саяси-əскери 
қарым  қатынасы,  бір-біріне  экономикалық 
тəуелділігі,  дəл  осы  мемлекеттерге  жетістіктер-
мен  қатар,  бір-бірімен  қатаң  бəсекелестікке 
алып  келуі  ақиқат.  Осы  ретте  кел  келген  мем-
лекет  жаһанданудың  кері  ықпалында  кетпеуі 
үшін,  өзінің  ұлттық  болмысын,  мəдениетін, 
саяси  жəне  экономикалық  дербестігін,  ерекше-
лігін  осы  мемлекеттің  ұлттық  бренді  арқылы 
сақтап қалуы əбден мүмкін. Бұндай қызығушы-
лық əлемдегі жаһандану тенденцияларының кең 
етек  алып,  қарқындап  дамып  келетіндіктен, 
ұлттық  мемлекеттер  өзара  тəуілділіктің  қауіпті 
салдарына жоғары деңгейде жауап бері үшін, əр 
ұлттың  төл  мəдениетіне,  болмысына,  ерекше-
лігіне  төніп  тұрған  қауіп-қатерлерге  дайын 
болуы  шарт.  Бұған  əлемде  жоғалып  кеткен 
тілдер, жұтылып кеткен елдер айқын дəлел бола 
алады. 
Барлық  бұрыңғы  ТМД  мемлекеттері  тəуел-
сіздік  алғаннан  бері  өзінің  ұлттық  брендін 
қалыптастыруға  барынша  көңіл  бөліп  келеді. 
1990  жылдан  бастан  жаңадан  дербес  болған 
Орталық  Азия  мемлекеттерінің  саяси  элитасы 
ұлттық идеологияны құруға жəне өз мемлекетін 
ұтымды  ерекшелейтін  ұлттық  нақыштағы 
брендтті  қалыптастыра  бастады.  Бұл  ретте  енді 
ғана  тəуелсіз  болып,  экономикалық  жəне  саяси 
транзиттің, 
модернизацияның 
күрделі 

48
                            
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
 
кезеңдерінен  өтіп  келе  жатқан  Орталық  Азия, 
Ресей,  Кавказ,  Орталық  жəне  Шығыс  Еуропа 
мемлекеттерінің  осы  саладағы  тəжірибесі 
ерекше орын алады. 
Қазіргі  таңда  мемлекеттің  тұрақты  əріптес 
ретіндегі халықаралық беделі сыртқы жəне ішкі 
саясаттың  бірден-бір  құрамдас  бөлшегіне 
айналды. 
Жалпы  алғанда  Еуразия  кеңістігі  үшін 
ұлттық  бренд  мəселесі  бұрыңғы  Кеңес  Одағы 
ыдырап,  құрамындағы  мемлекеттер  тəуілсіздік 
ала  бастаған  сəтте  өзекті  болды.  Сол  кезеңде 
жаңа  тəуелсіз  мемлекеттердің  саяси  элитасы 
нарықтық экономикалық байланыстарды қалып-
тастырумен  қатар,  Кеңес  Үкіметінен  қалған 
саяси  мұрасынан  дербестігін  көрсететін  жəне 
ұлттық  тəуелсіздікке  қол  жеткізген  елдердің 
өзіндік  болмысын  ерекше  сипаттайтын  ұлттық 
идеологияны  қалыптастыруға  белсенді  кірісті. 
Бұл  процесс  мемлекеттердің  арасында  белгілі 
бəсекеге  бастау  болды,  мысалы,  этникалық 
мəдениет  пен  тарихтың,  мемлекетшілдіктің 
терең  дəстүрі,  мемлекеттің  географиялық 
орналасқан  жерінің  ерекшелігі  секілді  əртүрлі 
пікір-таластарға əкелді. 
Жекелей 
айтқанда, 
Өзбекістан 
Ақсақ 
Темірдің  өзбек  халқы  үшін  маңыздылығын 
ерекше  атап,  Қырғыздар  Манас  эпосының  мың 
жылдығын  тойлай  бастады,  Армения  Арарат 
тауларының  ерекшелігін  алға  тартып,  ең  алғаш 
христиан  ұлтты  болғандығын  атап  өтті. 
Тəжіктер  болса,  Саманид  династиясы  Тəжік 
мемлекеттілігінің 
терең 
дəстүрін 
қалап, 
мемлекеттері  сегізінші  ғасырдан  бастау  алып 
келе жатқанын дəлелдей бастады. 
Мемлекеттік 
имиджі 
қалыптастырудың 
осындай  тəсілдері  белгілі  бір  қысқа  мерзімді 
нəтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  берді, 
алайда  халықаралық  дəрежеде  сəтсіздікке 
ұшырады,  оның  себебі  осы  мемлекеттер  үшін 
қарама-қайшылыққа  толы  халықаралық  имидж-
ді қалыптастыру мен дамыту саясаты салыстыр-
малы  түрде  жаңа  тренд  болды.  Əрине,  халық-
аралық  өмірге  əртүрлі  саяси  слогандарды 
кеңінен  еңгізу  мақсатында  мемлекеттік  құры-
лымдар белсенділік танытты, мысалы: «Қырғыз-
стан – демократия  аралы», «Қырғызстан 
Орталық  Азиядағы  Швейцария», «Қазақстан 
Орталық  Азия  аймағы  дамуының  локомотивы» 
немесе  «Қазақстан – Еуразияның  жүрегі», 
«Венгрия  Еуропаның  жүрегі» («Heart of 
Europe»),  кейінрек  «Көңіл  көтеретін  сауық-
сайран  мекені  (сауықтыру  жағынан  дарынды 
мемлекет)» («Talent for Entertaining») өзгерді, 
Хорватияның 
«Ұлы 
демалысқа 
арналған 
кішкентай мемлекет» («Small Country for a Great 
Vacation»)
 
девизі  кейінрек  жаңа  сипатқа  ие 
болып,  өзгерді  «Кезінде  болғандай  Ортате-
ңіздегі  мемлекет» («The Mediterranean As It 
Once Was»), Латвияның лозунгы елдің дарынын 
сипаттайды «Өлең айтатын Ел/Жер» («The Land 
that Signs»), ал  Эстонияның  «Эстонияға  қош 
келдіңіз» («Welcome to Estonia») девизі Прибал-
тика халқынның қонақжайлығын белгілейді. 
Мəселен, 
еуропалық 
мемлекеттердің 
слогандары  елдер  мен  қалалардың  бірден-бір 
бірегей 
бейнесін 
сипаттап, 
маркетингтік 
жағынан 
географиялық 
мекенді 
ілгері 
жылжытатыны  белгілі: «Испания-Барлығы  күн 
астында», «Амстердам-шабытты 
оятатын 
астана», «Санкт-Петербург-Ашық 
күндер 
қаласы», «Копенгаген-Керемет
 
Копенгаген», 
«Будапешт-Мың  түрлі  азаматтар  қаласы», 
«Ганновер-Халықаралық  жəрменкелер  қаласы», 
«Швейцария-Ақылға  қонымсыз  Швейцария», 
«Ақылға қонымсыз халықаралық», солай-ақ бұл 
ретте  қалалардың  да  маңыздылығы  ерекше: 
«Берлин-Жаңа 
Европаның 
астанасы», 
«Фландрия-Еуропадағы бизнес үшін ең керемет 
қала», «Санкт-Петербург-Еуропаға  шығаратын 
терезе», «Мюнхен-Еуропалық 
сақтандыру 
жағынан  ең  бірінші  қала», «Глазго-Еуропаның 
көркем  қаласы», «Словения-Еуропаның  ең 
жасырын құпиясы» [1]. 
Жаңа  тəуелсіз  мемлекеттерінде  ұлттық 
брендинг  саласының  қалыптасуы  жүйесіз 
болды,  алайда  сатылап,  кешенді  дамуды  қажет 
ететін  бұл  саясатты  бір  ортақ  мемлекеттік 
құрылым 
басқармай, 
бірнеше 
тараптар 
басқарған  болатын  (мəдениет  министрлігі, 
сыртқы  істер  министрлігі,  туризм  агенттігі, 
елшіліктер),  саясатты  қалыптастыруда  нəтиже-
сінде  мемлекеттік  құрылымдар  ортақ  келісімге 
қол  жеткізе  алмады,  Мемлекеттік  брендинг 
құрамдас  бөлшектері  бір-бірінен  тəуелсіз, 
үйлесімсіз  дамыды,  салдарында  жауапты  құры-
лымдардың  келісімделмеген  іс-əрекеттеріне 
алып келді. 
Мемлекеттік 
брендинг 
саясаты 
мен 
бағдарламасын  қалыптастыруға  жауапты  ортақ 
мемлекеттік  органның  болмауынан,  жағымсыз 
келеңсіздіктерге  алып  келді,  мысал  ретінде 
Қазақстанның  беделіне  кері  əсер  еткен  «Борат 
феноменінің»  жағымсыз  əсері  əлем  мемле-
кеттерінің  арасында  кең  тарады,  сол  кезеңде 
Қазақстан  үкіметі  мемлекеттің  беделіне  төнген 
шақыру  мен  қауіп-қатерге  дер  кезінде  жəне 
жоғары  деңгейде  жауап  беруге  дайын еместігін 
аңғартты. 
Бұндай 
мемлекеттің 
беделін 
əлсіретуге  бағытталған  қадамның  сəтті,  жемісті 
болуының 
басты 
себебі 
Қазақстанның 
халықаралық  беделін  қорғауды  қамтамасыз 
ететін  ұзақ  мерзімді  жоспардың  болмауынан 
мүмкін  болды.  Мəселен,  Қазақстан  емес  басқа 
Германия,  Франция,  Ұлыбритания,  Испания 
сияқты дамыған мемлекеттер туралы дəл сондай 
фильм  түсіру  мүмкін  болмас  еді,  оның  себебі 
əлемдік  қауымдастық  деңгейінде  осы  елдердің 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                  
49 
 
беделі,  дамыған  ел  ретіндегі  ұлттық  бейнесі 
дүниежүзінде  кеңінен  тараған,  ондай  қадам 
сəтсіздікке ұшырайтын еді. 
Жаһандану  процесінің  қазіргі  күйі,  онымен 
қатар  əлемдік  деңгейде  орын  алатын  нарықтар 
мен  саяси  ықпал  үшін  экономикалық  бəсеке-
лестік  ұлттық  брендтің  əртүрлі  өлшемдерін 
қамтитін  бірегей  жүйеде  болуын  қажет  етеді 
(қоғамдық  дипломатия,  халықаралық  туризм, 
экспорт, тікелей шетелдік инвестициялар). Бұл 
ретте ұлттық брендтің ажырамас бөлшегі ретін-
де  қарастырылатын,  мемлекеттің  бейнесін 
тұрақты толықтырып отыратын мəдениетті алға 
тартып,  дамыту  жоғары  маңызға  ие.  Дамыған 
мемлекеттер  өзінің  сыртқы  саясатында  елдің 
мəдени,  экономикалық,  саяси,  ғылыми  жетіс-
тіктерін  көрсететін  қоғамдық,  білім  беретін 
қоғамдық  дипломатия  институтаттарының 
жұмысына 
сүйенеді, 
олардың 
қатарына 
Британияның  Кеңесі  (Ұлыбритания),  Фридрих 
Эберт  атындағы  қор  (Германия),  Халықаралық 
Гете  институты  (Германия),  Альянс  Франсез 
(Франция),  Конфуций  институты  (Қытай), 
жаңадан құрылған Сервантес институты (Латын 
Америка  елдері).  Бұндай  институттар  елдің 
дұрыс  бейнесін  көрсетуде  ерекше  маңызға  ие, 
сондай ақ ұлттық бренд стратегиялық жоспарын 
ұзақ  мерзімге  тұрақты  сақталатын  мəдени, 
тарихи  элементпен  толықтырады.  Осындай 
институттар  əлем  деңгейінде  мемлекет  туралы, 
оның  мəдени,  тарихи  ерекшеліктері  туралы  ой 
қалыптастырып,  басқа  елдермен  жақсы  достас-
тық  қарым  қатынас  орнатуға  айтарлықтай  əсер 
етеді.  Мысал  ретінде,  Қазақстанда  белсенді 
жұмыс істеп келе жақтан Британияның Кеңесін 
келтіруге  болады,  бұл  қоғам  жастарға  Ұлы-
британияның  тарихы,  белді  азаматтары,  тарихи 
тұлғалары,  экономикасы,  мəдениеті,  музыкасы 
туралы  ақпаратты  кітапхана  қызметі  арқылы 
береді,  барлық  ақпарат  ағылшын  тілінде, 
кейінрек  Ұлыбританияның  өзінде  орта,  жоғары 
білім  алуға  талпынып  жүрген  жас  азаматтарға 
зор мүмкіндік болып табылады. 
Қоғамдық  дипломатия,  дəстүрлі  дипло-
матияның 
бірден-бір 
тұрпаты 
ретінде 
мемлекеттік  мүдделерді  қорғауға  айтарлықтай 
үлес  қосып,  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
етуге  əсер  етеді.  Қоғамдық  дипломатия 
ықпалының күшеюі, сонымен қатар маңызының 
артуы  əртүрлі  мемлекеттерді,  қоғамдарды, 
мəдениеттерді  күрделі  өзара  қарым-қаты-
настармен  біріктіреді.  Алайда,  дəстүрлі  дипло-
матияға қарағанда қоғамдық  дипломатия  ашық, 
айқын  коммуникациялық  процесстер  негізінде 
жүзеге  асады.  Бұл  ретте  қоғамдық  дипло-
матияның тəсілдері ретінде ақпараттық, мəдени, 
біліми,  ғылыми  бағдарламаларды  келтіруге 
болады. 
Халықаралық  туризм  мəселесі.  Туризм 
саласындағы  мемлекеттік  брендинг  жаңа 
құбылыс емес, алайда соңғы жылдары туристтік 
индустрияның  екпінді  дамуының  нəтижесінде 
маңыздылығы шапшаң дамып, жоғары деңгейге 
көтерілді. Мемлекеттік брендінгтің бұл саласын 
географиялық 
жерлер 
мен 
мекендердің 
брендінгі (Destination and Place Branding) 
қамтиді.  Мемлекеттік  брендинг  саласының 
туризм  бағыты  мемлекетке  келіп  шығатын 
туристтерге  елдің  соңғы  саяси,  əлеуметтік 
экономикалық, мəдени салалардағы жетістіктері 
мен  мемлекеттің  этникалық  ерекшеліктері, 
құндылықтарымен  қатар,  отандық  тауарлары 
мен  қызмет  түрлерін  дамытуға  маңызды  үлес 
қосады.  Туризм  индустриясын  дамыту  жағын 
мемлекеттік  брендинг  аясында  ұлттық  туризм 
одақтары мен агенттіктері үйлестіру қажет. Бұл 
ретте  атақты  маркетинг  саласының  беделді 
маманы  Филипп  Котлердің  ой  пікірімен 
келісуге  болады.  Оның  ойынша: «туризм 
саласындағы  нəтижелікке,  тиімділікке  қол 
жеткізу үшін туризм нарықтың сегмантациясын 
қамтамасыз  ету  қажет,  басқаша  айтқанда 
мемлекет  өзінің  ерекше, өзгеше  бағытын табуы 
шарт,  территориялық  құрылымның  (елдің) 
ерекшелігін  көрсету  керек.  Сонымен  қатар, 
міндетті  түрде  қандай  аудиторияға  бағыт 
алатынын  анықтап  алған  өте  маңызды» [2]. 
Толығымен əділетті қорытынды, өйткені барлық 
елдердің  назарын  аудары  мүмкін  емес  дүние. 
Нəтижесінде  туризм  саласының  маркетингтік 
дамуы туристтердің тарапынан елдің тауарлары 
мен  қызметін  тұтынатын  адал  азаматтардың 
қалыптасуына алып келеді. 
Экспортты  дамыту.  Бұл  өлшемнің  басты 
ерекшелігі  елдің  беделі  мен  бейнесі  (имиджі) 
«белгілі бір мемлекетте пайда болған, жасалған 
əсері» («country of origin effect») мемлекетте 
жасалып,  өңділілген  тауарлар  мен  қызмет 
түрлеріне,  оның  құрамына,  оған  қосымша  құн 
қосылуына  айтарлықтай  əсер  етеді,  сонымен 
қатар  елдің  тауарларын  сатып  алуға,  қызметін 
пайдалануға тұтынушы азаматтардың оң шешім 
қабылдауына  əсер  етеді.  Қорыта  келгенде, 
мемлекеттің  беделі  мен  бейнесі  мықты  болған 
сайын,  елдің  тауарөндірушілеріне  халықаралық 
нарықтарда  өз  тауары  мен  қызметін  кең 
таратуға  көбірек  ұтымды  мүмкіндіктер  ашы-
лады. Сондықтан мемлекеттің ұлттық брендінің 
қалыптасуында  тек  қана  мемлекеттің  өзі  ғана 
емес,  бизнестің  те  мүдделі  болуы  ғажап  емес, 
өйткені ел беделінің жоғары кең танымал болуы 
мемлекетте  өндірілген  тауарларға  қосымша 
құндылық  қосады.  Мəселен,  Америка  Құрама 
Штаттары  (АҚШ),  мемлекеттің  өзі  тауар  болса 
əлемдегі  ең  тараған,  ең  сапалы  тауарлардың 
санатына жататын еді, бұл ұйғарым АҚШ елінің 
маңыздылығын, 
мемлекеттік 
брендінің 
құндылығын  көрсетеді.  Мысалы,  Саймон 

50
                            
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
 
Анхольт  пен  Джереми  Хильдреттің  «Бренд 
Америка»  еңбегінде  АҚШ  мемлекеті  күмəнсіз 
көшбасшы  болып  табылатын  əртүрлі  салалар 
көрсетілген: жастардың өмір сүруіне əсер ететін 
брендтер (Coke, Pepsi, MTV, Wrigley’s, Levi’s), 
спорт  саласының (Nike, O’Neill, Reebok, NBA), 
жоғары  технологиялар (IBM, Compaq, Oracle, 
Dell, Cisco, Palm, Hewlett-Packard, AT&T, Apple, 
Motorola, Intel) энергетика (Chevron-Texaco, 
Mobil, Exxon, General Electric), ойын  сауық 
орталықтары (Disney, Kodak, Nickelodeon, 
Sesame Street, Warner Bros, Pixar), бөлшектік 
сауда  саттық (Wal-Mart, Woolworth, Amazon), 
қонақ үйлер (Hilton, Hertz, Marriott, Holiday Inn, 
Sheraton),  ақпараттық  индустрия (CNN, Time, 
Newsweek, Discovery, National Geographic, 
NBS), денсаулық сақтау (Merck, Pfizer, Eli Lilly), 
қаржы  индустриясы (American Express, Chase 
Manhattan, Merrill Lynch, J.P.Morgan, Goldman 
Sachs),  сəн  индустриясы (Calvin Klein, Donna 
Karan, Tommy Hilfiger) /3/. 
Əлемде  тұтынушылардың  арасында  Герма-
нияда, Жапонияда, Ұлыбританияда, Францияда, 
Италияда  жасалған  тауарларды  сатып  алу 
кезінде  ешқандай  күмəннің  тумайтыны  белгілі, 
оның  себебі  елдің  ерекшелігі  тауар  сапасымен 
тікелей  теңдестіріледі.  Мысалы,  немістердің 
ұқыптылығы  мен  тиянақтылығы,  жапондық-
тардың  өнерпаздығы,  жасампаздығы  мен 
инновациялық  технологияларды  ойлап  табуға 
ұмтылысы,  француздар  мен  итальяндықтардың 
стилі  мен  сəн  үлгілерінің  қалыптастырушылар 
отаны  сияқты  елдің  белгілі  бір  саладағы 
қабілеттілігі  қосымша  құндылық  қалыптас-
тырады,  осының  барлығы  мемлекеттерінде 
жасалған 
тауарларының 
сапасы 
мен 
мазмұнында көрініс табады. 
Тілекей  шет  елдік  инвестицияларды 
тарту.  Мемлекеттік  брендинг  саласының  бұл 
өлшемі  ел  экономикасына  тікелей  шет  елдік 
инвестицияларын тартуға əсер етеді. Жаһандану 
процесі  мемлекет  аралық  бəсекелестік  күресті 
жаңа  деңгейге  шығарып,  бұл  тұрғыда  ұлттық 
брендингтің 
мемлекеттің 
инвестициялық 
тартымдылығын  зерттеудегі  өзектілігі  жоғары. 
Үкіметтің  тікелей  қолдауы  мен  салық  жеңіл-
діктері мен қатар, мемлекеттің жағымды бренді, 
бейнесі  өте  мағызды  дəрежеге  ие.  Бұған  қоса, 
мемлекеттің  əлемдегі  жағымды  беделі  бəсеке 
жағдайында 
артықшылықтардың 
санатына 
жатады,  бұл  дұрым  құрастырылған  ұлттық 
брендинг саясаты арқылы жүзеге асады. 
Бұнымен  қатар,  мемлекеттік  брендинг 
бірінші кезекте елдің өзін өзі табуға бағыталған, 
ескі  экономикалық  жүйеден  жəне  саяси  құры-
лымнан жаңа жүйеге ауысуы кезеңінде төменде 
көрсетілген белгілі міндеттерді атқарады.  
Біріншіден,  ауыспалы  кезеңдегі  мемле-
кеттерді ескі экономикалық жəне саяси жүйеден 
алыстату.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  Орталық, 
Шығыс  Еуропа  елдері  жəне  Орталық  Азия 
мемлекеттері  өзінің  бейнесін  кеңестік  мұрадан 
аластатып, «Шығыс  Еуропа», «Шикізат  елдері» 
сияқты 
жағымсыз 
ұғымдардан 
арылуға 
ұмтылды,  өйткені  бұндай  түсініктер  кейін 
қалған  экономикамен,  теңсіздік  жəне  мемлекет 
пен халықтың кедейлігімен байланысты болды. 
Екіншіден,  жағымсыз  жəне  бұрыс  стерео-
типтарды  өзгерту,  сондай  ақ  кейбір  жағымды 
бейнелерді 
күшейтуге 
мүмкіндік 
береді. 
Брендинг  саласының  бұл  міндеті  территориясы 
мен  мемлекет  атауы  көп  уақыт  бойы  (əсіресе 
кеңес  жүйесінің  ыдырағанынан  кейін)  өзгер-
меген  мемлекеттер  үшін  ерекше  маңызды, 
мысалы, Венгрия, Польша, Румыния елдері. 
Үшіншіден,  мемлекетті  əлемдік  жүйенің 
жəне  халықаралық  қауымдастықтың  жаңа  сай, 
сенімді мүшесі ретінде көрсету. Бұндай өзін өзі 
көрсету  Орталық,  Шығыс  Еуропа  мен  Орталық 
Азия мемлекеттері үшін демократиялық өзгеріс-
терге  бейім,  саяси  тұрақты  жəне  нарықтың 
экономикасы дамыған елдердің қатарына кіруге 
дайын дегенді білдіретін. Өз кезегінде Орталық 
жəне  Шығыс  Еуропа  мемлекеттерінің  сыртқы 
саяси  экономикалық  бағыты  Еуропалық  Одақ 
пен  НАТО  сияқты  супер  брендтердің  қатарына 
қосылу болатын.  
Төртіншіден,  транзиттік  мемлекеттер  көбі-
рек  дамыған  мемлекеттер  мен  аймақтардың 
(орталық 
ұлттар, 
мысалы 
Батыс-Еуропа 
мемлекеттері)  моралдық,  қаржылық  жəне  саяси 
қолдауына сүйенеді. 
Бесіншіден,  мемлекетті  аймақтық  дамудың 
орталығы  мен  транзиттік  процесстің  көшбас-
шысы  ретінде  көрсету.  Шалғайда  жатқан 
мемлекеттер аймақтық көшбасшы атағына жету 
үшін  бір  бірімен  белсенді  бəсекелестік  жағ-
дайында  болады.  Бұндай  қаржылық,  кəсіптік, 
логистикалық,  туристтік  жəне  мəдени  ықпалды 
кеңейту  үшін  бəсекелестік  Венгрия,  Чехия  Рес-
публикасы мен Польша арасында айқын көрініс 
тапқан. 
Алтыншыдан
мемлекеттік 
брендинг 
ұлттық  айдентиканың  айшықталуына  жəне 
қайта  қалыптастыруға  əсер  етеді,  өйткені 
ұлттың  айқындалу  процессі  дəл  транзиттік 
кезеңде  өзгеру  жағдайында  болып  табылады. 
Мемлекеттер  мен  олардың  азаматтары  үнемі 
өзіндік  болмысты  айқындайтын  сұрақтарға 
жауап  іздеу  үстінде  болады: «біз  кімбіз?»  жəне 
«біздің  мемлекетті  басқа  тараптар  қалай 
қабылдайды?». 
Көптеген 
Шығыс 
Еуропа 
мемлекеттерінің  Еуропалық  Одаққа  қабылда-
нуына  қосымша  əсер  еткен  «еуропалық  сəй-
кестік»  ерекше  маңызға  ие  болатын,  ал  «еуро-
палық  болу»  идеологиясы  Одаққа  кіруге  үміт-
керлердің орталық тақырыбына айналды [4]. 
Жетіншіден,  мемлекеттік  брендинг  қоғам-

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                  
51 
 
ның,  транзиттік  кезеңнен  кейінгі  азаматтардың 
өз  күшене  сенімділікті,  сондай  ақ  қоғамдық 
саяси,  мəдени,  əлеуметтік  экономикалық  сала-
лардағы қол жеткізген жетістіктері үшін мақта-
нышқа
 
алып келеді [5]. 
Қазақстан  жас  мемлекет  болғандығына 
қарамастан,  қазіргі  таңда  сенімді  əріптес  беде-
ліне ие. Біздің мемлекетте мемлекеттік брендтің 
бірегей  жүйесінің  құрамдас  бөлшектері  бола 
алатындай  айтарлықтай  жетістіктер  көп.  Олар-
дың қатарына ешқандай күмəнсіз Қазақстанның 
Еуропадағы 
Қауіпсіздік 
жəне 
Ықпалдасу 
Ұйымына (ЕҚЫҰ) нəтижелі төрағалығы Еуропа 
кеңістігінде  еліміздің  халықаралық  беделінің 
күшейуіне  мүмкіндік  берді.  Бұған  қоса,  Қазақ-
стан  əртүрлі  халықаралық  шаралардың,  баста-
малардың  басында  тұрған  мемлекет,  олардың 
арасында,  дəстүрлі  түрде  Астана  қаласында 
əлемдік  жəне  дəстүрлі  діндердің  халықаралық 
съезін, жыл сайын əлемнің белді саясаткерлерін, 
эксперттері  мен  журналисттерді  біріктіретін 
медиа  форум  өткізеді.  Мемлекет  аймақтағы 
əскері-саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық 
интеграцияның белсенді бастамашысы, Тəуелсіз 
Мемлекеттер  Достастығы  кеңістігіндегі  эконо-
микалық  реформалар  мен  аймақтағы  дамуы 
жағынан  көшбасшы  болып  табылады,  бастысы 
мемлекетіміз  бағындырған  асуларға  жетіп, 
тоқтамай жаңа биіктерге жету үстінде.  
 
______________ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет