Серия философия серия культурология



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата04.02.2017
өлшемі2,63 Mb.
#3364
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                  
57 
 
Е. Жунисбеков 
 
ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ  
АЙМАҚТЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ РӨЛІ  
(ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ МЫСАЛЫНДА) 
 
«Қырғи  қабақ  соғыстың»  аяқталуы  белгілі 
бір  деңгейде  əлемде  этникалық  сепаратизмнің 
өсуін,  бір  қатар  конфликтілердің  таралуын 
қоздырды  жəне  перманентті  тұрақсыздықты 
тудырды.  Халықаралық  қатынастарда  бұл  жаңа 
кезең  кейбір  саясаткерлермен  «суық  əлем»  деп 
өте  əділетті  аталған,  бұл  екі  жақты  деңгейде, 
аймақтық  пен  əлемдік,  оқиғалардың  дамуымен 
толық  дəлелденеді.  Өкінішке  орай,  əлем  бейбіт 
жəне  қауіпсіз  болмады.  Керісінше:  ол  қатты, 
тіпті  қатыгез  жəне  əсіресе  қауіпті  болжамсыз 
болды. 2001 жылы 11 қыркүйекте  АҚШ-та 
болған 
оқиға, 
Ауғанстандағы, 
Ирактағы 
оқиғалардың дамуы – бұған нақты дəлел.  
Болып  жатқан  оқиғалардың  контексінде  əр 
түрлі  аймақтардың  елдері  қазіргі  талаптарға 
жауап  беретін  берік  жəне  аймақтық  қауіпсіз-
діктің  ынғайлы  жүйесін  құруға  ұмтылысы 
ерекше  мəнге  иемденуде.  Мұндай  жүйенің 
қалыптасуына  он  жылдан  да  көп  уақыт  кетпек, 
мүмкін,  саясаткерлердің  бірнеше  буынының 
өмірі.  Дегенмен  оны  құру – өзекті  проблема 
жəне  біздің  пікірімізше  қазіргі  əлемде  өрке-
ниетті өмір сүрудің дұрыс жолы.  
Орталық  Азия  елдері  тəуелсіздік  алған 
сəттен  бастап  қауіпсіздіктің  ішкі  жəне  сыртқы 
қауіптеріне  төтеп  бере  алатын  жүйені  құруға 
кірісті.  Тəуелсіз  даму  жылдары  аймақтық 
қауіпсіздік  жүйесін  қалыптастыруда  үлкен 
проблемалар  мен  қарама-қайшылықтар  бар 
екендігін  көрсетті.  Он  жарым  жыл  өткеннен 
кейін,  біз  аймақтық  қауіпсіздік  жүйесі  толық 
қалыптасты  деп  айта  алмаймыз.  Тек  алғашқы 
қадамдар  ғана  жасалды. 2001 жылы  маусымда 
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының  (ШЫҰ) 
құрылуы – осы қадамдардың бірі. 
«Шанхай  бестігі»  ШЫҰ-на  айналмастан 
бұрын  өзінің  алдына  қойылған  Қытай  жəне 
онымен  шектесетін  КСРО  бұрынғы  респуб-
ликалары 
арасында 
шекаралық 
түзету 
міндеттерін  негізінде  толық  шешті.  Қатысушы- 
елдермен  көп  жақты  қатынастардың  маңызды 
позитивті  тəжірибе  жиналды  жəне  эффективті 
жұмыс істейтін механизмнен бас тарту ақылсыз 
болар  еді.  Сонымен  қоса  Орталық  азиялық 
аймақта  жағдай  өзгерді  жəне  жаңа  геосаяси 
міндеттерді  шешуді  талап  етті.  Анда-санда 
туындайтын  дəстүрлік  емес  қатардағы  қазіргі 
қауіптерге  қарсы  тұру  үшін  елдердің  бірігу 
қажеттілігі  туды.  Демек,  ШЫҰ  көп  жылдың 
ішінде  бірінші  рет  аймақтық  құрылым  болып 
табылды.  Ол  прагматикалық  мақсаттармен 
байланысты  бірікті.  ШЫҰ-на  кіретін  əрбір  ел, 
ұйым оларға өздерінің индивидуалды міндеттері 
мен  проблемаларын  шешу  үшін  ұжымдық 
рычагтарды  қолданудың  үлкен  мүмкіндіктерін 
береді деп санады.  
Осымен  қоса,  Орталық  Азия – бұл  əлемнің 
көп  мемлекеттер  мүдделерінің  қиылысқан  жері 
жəне аймаққа ықпал ету үшін күрес қатты жəне 
ұзақ  болмақ.  ШЫҰ  кіретін  екі  мықты  қазіргі 
державалар  бұл  күресте  негізсіз  емес  белсенді 
ойыншылар  болады.  Ұйымның  құрылуы,  оның 
құрамына  Орталық  Азия  елдерінің  өздері  де 
кіреді,  оларға  өзінің  геосаяси  жəне  бастысы – 
геоэкономикалық  міндеттердің  ішінен  жəне 
əлде-қайда эффективті шешуге көмектеседі.  
Бұл  тезиске  жанама  дəлел – Үндістан  мен 
Пəкістанның  ШЫҰ-на  қатысушысы  болуға 
ұмтылысының  жеткілікті  жоғарғы  деңгейде 
айтылуы. 
Сонымен  қоса,  ШЫҰ  Солтүстікатланттық 
альянсқа  қарсы  болуы  мүмкіндігі  туралы  пікір 
бар.  Біздің  пікірімізше,  мұндай  қарсыласу 
жақын  болашақта  мүмкін  емес.  Бұл  Орталық 
Азия  елдері  ниетінің  жоқ  болуымен  ғана  емес, 
олар  өзінің  ішкі  проблемаларына  көңіл  аудару 
керек  жəне  əлемдік  проблемаларды  шешуге 
деңгейі  жеткен  жоқ,  сонымен  қоса  Ресей  мен 
Қытай одағында көп қарама-қайшылықтарының 
болуында  жəне  олардың  «Батысқа  қарсы  дос 
болуы» мүмкін емес [1, 73-74 б.]. 
Бүгін  Орталық  Азия  əлемнің  ең  керемет 
аймақтарының  бірі  болып  саналады,  өйкені 
мұнда  бірқатар  институционалдық  бірлестіктер 
қызмет  атқарады,  онда  бұл  аймақтың  негізінде 
барлық 
мемлекеттері 
қатынасады. 
Біздің 
пікірімізше,  бұл  осы  мемлекеттердің,  яғни 
толығымен  аймақтың ғана емес, сонымен қатар 
оның  айналасындағы  процестердің  динами-
касымен байланысты. 
Орталық  Азиядағы  ірі  аймақтық  құрылым-
дарының  бірі  болып  Шанхай  ынтымақтастық 
ұйымы  саналады  (ШЫҰ).  Оған  мүше  мемле-
кеттердің  аумағы  Евразия  континентінің  басты 
бөлігін  алады – 30 млн  кв.  км-ден  көп  жəне 
оларға  батыста  Европаға  жəне  шығыста 
Азиялық-Тынық  мұхит  аймағына  геострате-
гиялық  шығуды  қамтамасыз  етеді.  Сонымен 
қоса  ШЫҰ  елдерінде  халықтың
 
жалпы  саны 
1,455  млрд  адамға  (планетаның  шамамен 25% 
халқы)  жақын.  Ал  Ресей  мен  Қытайда  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымы  Қауіпсіздік  Кеңесінің  тұрақты 
мүше  мəртебесінің  болуы  бұл  ұйымның 

58
                            
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
 
халықаралық  жəне  аймақтық  қауіпсіздіктің 
маңызды  мəселелерін  шешуде  саяси  потен-
циалын қарқынды үлкейтеді [2, 146-147 б.]. 
Ұйым,  КСРО  ыдыраған  кездегі  ҚХР – мен 
шекара  бойынша  аумақтық  мəселелерді  шешу 
үшін  механизм  ретінде  пайда  болды.  Осымен 
байланысты  Қазақстанда,  Ресей,  Қазақстан, 
Қырғызстан  жəне  Тəжікстан  құрамындағы 
посткеңестік 
республикалардың 
бірлескен 
делегациясының  шеңберінде  ортақ  шекаралар 
ауданында  сенім  шараларын  қамтамасыз  ету 
бойынша  Қытаймен  келіссөздерді  жалғастыру 
шешімі  қабылданды. 1992 жылы 8 қыркүйекте 
Минскіде  мұндай  бірлескен  комиссияны  құру 
туралы Протоколға қол қойылды. Осы протокол 
дипломатиялық  ортада  ШЫҰ  құруға  əкелген 
келіссөздердің басы деп саналады  
ШЫҰ – алғашында  «Шанхай  бестігі» 1996 
жылы  ортақ  шекарасы  бар  бес  мемлекетпен, – 
Қазақстан,  Қытай,  Қырғыстан,  Ресей,  Тəжік-
станмен  əскери  салада  сенім  шараларын 
нығайту  үшін  құрылған.  Сол  жылы, 26 сəуірде 
Шанхайда  Қазақстан  Республикасы,  Қытай 
Халық Республикасы, Ресей Федерациясы жəне 
Тəжікстан  Республикасы  арасында  «Шекара 
ауданындағы  əскери  салада  сенімді  нығайту 
туралы»  келісімге  қол  қойылды.  Рəсімде  
Н.  Назарбаев  бес  мемлекет  басшылары  жаңа 
ғана  қол  қойған  шекара  ауданында  əскери 
саладағы  сенімді  нығайту  жөніндігі  келісімге 
қол қойылуы Азия – Тынық мұхит аймағындағы 
осындай 
əскери-саяси 
деңгейдегі 
жəне 
географиялық ауқымдағы алғашқы құжат болып 
табылатынын  мəлімдеді.  Осындай  бірігей 
келісімнің  əрекет  ету  аясына  орасан  зор  əскери 
əлеуетті  өзара  бақылау,  ал  кейіннен  оны 
қысқарту  көздаліп  отыр.  Осындай  келісім  Азия 
– Тынық мұхит аймағында жəне жалпы алғанда 
жер  шарында  бейбітшілік  пен  тұрақтылықты 
қолдап, одан əрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. 
Бұл  келісім 5 мемлекеттің  шекаралық  зона-
сында  қауіпсіздікті  сақтауға,  сонымен  қатар 
Солтүстік  Шығыс  пен  Орталық  Азияның,  Азия 
–  Тынық  мұхит  аймағының  кең  аймақтарында 
бейбітшілік  пен  тұрақтылық  үшін  маңызды 
қадам  болды.  Сол  кезеңде  əскери  қауіпсіздік 
пен  шекараларды  қорғау  мəселесі  қазіргі 
заманға  лайық  əскер  құрмаған  Орталық 
Азияның жас мемлекеттері үшін өте көкейкесті 
болды.  Ресейде  ТМД  елдерімен  жаңа  шекара-
ларды  қорғауға  мүмкіншілігі  болмады.  Ал 
Қытайда  бұрынғы  КСРО-ға  аумақтық  претен-
зиялары болды, олар бұрын əскери конфликтіге 
əкелген болатын. 
Азияда 
бұрыннан 
бері 
мемлекеттер 
арасында  аумақтық  келіспеушіліктер  пробле-
масы  бар,  оның  ішінде  Қытайдың  барлық 
көршілеріне  аумақтық  претензиялары  бар. 
Шекаралық  даулар  мен  конфликтілер  конти-
нентте  қауіпсіздік  пен  тұрақтылық  үшін  қауіп 
төңдіреді,  мемлекетаралық  қатынастарда  түсін-
беушілік орнатады. 
Осы  келісім  елдеріміздің  арасындағы 
байланыстарды  екі  жақты  да,  көп  жақты  да 
дəйекті  əрі  жемісті  дамыту  үшін  берік  негіз 
қалап отыр.  
Осы  актінің  бірегейлігін  мынадан  көруге 
болады:  бес  мемлекет  ұзақ  уақытқа  созылған 
келіссөз  барысында  аса  маңызды  проблема-
ларды шешуге деген біртұтас тұжырымдамалық 
көзқарасқа  келді.  Бұл  орайда,  əскери  саладағы 
сенім шаралары бойынша мəмілеге келу ерекше 
маңызды.  Бес  делегацияның  барлық  мүшелері 
мəселенің  көптеген  жақтарын  келісуі  кезінде 
кешенді көзқарас пен жоғары кəсіби қасиеттерін 
көрсетті.  Ал  бұл  мəселелердің  бəрі  қорытынды 
құжатта толық көрініс тапты.  
Президент  Назарбаев  келісімнің  тағы  бір 
маңызды басымдығын атап өтті.  
Онда  келісімдерді  орындау  процедурасына 
жəне 
өзара 
бақылауды 
жүзеге 
асыруға 
байланысты  барлық  мəселелер  мен  мерзімдер 
əбден  айқын  ескерілген.  Мұның  өзі  осы  құжат-
ты барынша өкілетті етпек. 
Сонымен, «Шанхай»  бестігіне  кіретін 
мемлекеттер  басшыларының  кездесуі  аймақтық 
жəне  жаһандық  саясаттың  айқын  факторына 
айналды.  Екі  мүшесі  (Ресей,  Қытай)  Біріккен 
Ұлттар  Ұйымының  Қауіпсіздік  Кеңесінің 
тұрақты  мүшесі  болып  табылатын  «Шанхай 
бестігінің»  экономикалық  жəне  адами  əлеуеті, 
қатысушылардың 
ұйым 
қызметіне 
жаңа 
өлшемдер  тұрғысынан  қарауы  оның  өміршен-
дігіне  кепіл  болып,  келешекте  аймақтық  ірі 
ұйымға айналатынын көрсетті .  
Бір жылдан кейін, 1997 жылғы 24 сəуірде, бес 
елдің  өкілдері  Мəскеуде  кездесіп,  бесжақты 
«Шекара  ауданында  қарулы  күштерді  өзара 
қысқарту  туралы  келісімге»  қол  қойды.  Тараптар 
шекараның  екі  жағы  бойынша  жүз  километірлік 
аймақта  өз  əскерлерін  едəуір  қысқартуға 
міндеттенді.  Осы  аймақта  тек  шекара  əскерлері 
қалдырылатын  болды.  Қандай  да  əскери 
жаттығулар  жөнінде  бес  мемлекет  бірін – бірі 
алдын ала хабардар етіп отыруға міндеттенді.  
Қазақстан  мен  Қытайдың  өзара  қатынасына 
қаяу  түсірген  ядролық  қауіпсіздік  проблема-
сындағы  ең  өзекті  мəселе – Алматыдан 700 
километр  қашықтықта  орналасқан  Лобнор 
полигонындағы  ядролық  сынақтар  туралы 
мəселе  еді.  Лобнор  полигоны 1964 жылы 
құрылды.  Сол  жылы
 
16  қазанда  атом  бомбасы 
атмосферада жарылды. 1967 жылы 17 маусымда 
қуаты 3 мегатонналық  тұнғыш  термоядролық 
жарылыс  атмосферада  жасалды.  Салыстыру 
ретінде  айтсақ,  Семей  полигонында  қуаты  бір 
мегатонналық  жарылыс  тек  бір  рет  қана 
жасалған болатын. 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                  
59 
 
Қытайда 1980-1996 жылдары  арасында 
атмосферада қуаты бір мегатонналық екі бомба, 
үш  мегатонналық  бес  бомба,  қуаты  төрт 
иегатонналық бір бомба жарылды. 
1994  жылы 10 маусымда  Қытайда  ядролық 
қарудың  жер  астында  сынақтан  өткізілуіне 
байланысты 
Қазақстан 
Республикасының 
Сыртқы  істер  министрлігі  Қытайдағы  сынақ 
басқа  ядролық  державалар  ядролық  жарылыс-
тарға  мораторийді  сақтап  отырған  жағдайда 
жасалғанын 
атап 
көрсетті. 
Мəлімдемеде 
ядролық  қарудың  бұл  сынағы  Қазақстанмен 
шекаралас  ауданда  жасалғандықтан  жəне 
экология  мен  техногенді  ортаға  елеулі  зардап 
тигізетіндіктен  наразылық  білдірмеуге  болмай-
тыны  айтылған.  Республика  Сыртқы  істер 
министрлігі  Семей  жəне  Лобнор  полигондары 
проблемалары  жөнінде  біріккен  сарапшылар 
тобын  құру  туралы  Қазақстан  жағының 
ұсынысын  нақты  талқылауға  оралу  қажет  деп 
санады.  
Қытай  Халық  Республикасының  Төрағасы 
Цзян Цзэминнің Қазақстанға 1996 жылғы шілде 
айындағы  тұңғыш  ресми  сапары  өзара  қаты-
настар  тарихының  жаңа  бетін  ашты.  Екі  ел 
басшылары  арасындағы  келіссөз  өзара  жылы-
лық, сенімділік жəне ашық жағдайда өтті.  
Цзян  Цзэминь: «Қытай  мен  Қазақстан 
басшылары  екі  елдің  дəстүрлі  достық  қарым-
қатынастарын  дамытуға  зор  маңыз  береді. 
Сонғы  жылдары  менің  жəне  Президент 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  арасында  осы  күнге 
дейін  көп  кездесулер  болып  өтті.  Біздің 
арамызда  қазірдің  өзінде  бірлескен
 
саяси 
құжаттарда  өз  бейнесін  тапқан  жəне  екі  жақты 
қарым-қатнастарымыздың  тұрақты  дамуы  үшін 
берік  саяси  жəне  заңды  ірге  тасы  болып  отыр-
ған,  екі  жақты  қарым-қатынастардың  жəне  ірі 
халықаралық  проблемалардың  үлкен  тобы 
бойынша  ортақ  түсіністіктің  бірқатарына  қол 
жеткіздік», - деп атап көрсетті. 
Қазақстан  Республикасы  мен  Қытай  Халық 
Республикасы  Алматыдағы  жоғары  деңгейдегі 
келіссөз  қорытындысы  бойынша  бірлескен 
Декларацияға  қол  қойды.  Онда  екі  ел: 
«Қазақстан,  Қытай,  Қырғыстан,  Ресей  жəне 
Тəжікстан  арасындағы 1996 жылғы 26 сəуірде 
қол  қойылған  шекара  ауданындағы  əскери 
саладағы  сенімді  нығайту  туралы  келісімді 
жоғары  бағалайды,  осы  келісімді  жүзеге  асыру 
жөнінлегі пəрменді іс-шаралар қабылдауға жəне 
шекара  ауданындағы  əскери  күштерді  өзара 
қысқарту  туралы  келісімді  жедел  түрде  əзірлеу 
үшін  одан  əрі  қарай  күш-жігер  жұмсауға  бел 
буғаны туралы мəлімдейді», – деп көрсетілген. 
Сонымен 
қатар 
онда 
екі 
жақты 
ынтымақтастықты  кеңейтумен  қатар  Азияда 
ХХІ  ғасырда  бірлесіп  даму  мəселелерін 
талқылау 
қажеттігі 
айтылды. 
ҚХР-дың 
Төрағасы  тұңғыш  рет  Лобнордағы  ядролық 
сынақтарға  тиым  салу  шешімі  туралы  тарихи 
мəлімдеме жасады. 
Сапар  барысында  Цзян  Цзэминь  Қазақстан 
Парламентінің  екі  палатасының  бірлескен 
мəжілісіне  қатысып,  өз  сөзінде  Қазақстанның 
дос  көршісі  ретінде  Президент  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  басшылығымен  бұл  елде  саяси 
тұрақтылық, ұлтаралық қатынастардағы келісім, 
экономикалық 
дамудың 
тез 
қарқыны, 
халықаралық  аренадағы  орнының  өсуі  бізді 
қуантады деп атап көрсетті. 
Президент  Назарбаев  Қазақстан  халқына 
1996  жылғы  қазан  айындағы  жолдауында  бұл 
сапарға  жоғары  баға  беріп,  былай  деді: «ҚХР 
Төрағасы
 
Цзян  Цзэминнің  таяуда  Алматыға 
жасалған  бірінші  ресми  сапары  өзара  тығыз  іс-
қимыл  мен  əріптестік  деңгейіне  жеткізілген 
бұдан  былайғы  ынтымақтастық  сипатына  ұзақ 
мерзімді  ықпалын  тигізеді.  ҚХР-мен  арадағы 
достық  қарым-қатынастарды  тереңдету  біздің 
республикамыздың  ұзақ  мерзімді  мүдделеріне 
сай келеді. 1997 жылғы Мəскеудегі келісім 1996 
жылы сəуірде қол қойылған шанхайлық құжатқа 
маңызды толықтыру болды. 
ҚХР  Төрағасы  Цзян  Қазақстанның  лидері-
мен  кездесуі  кезінде  Қазақстанмен  достық 
ынтымақтастықтың  тұрақты  жəне  ұзақмерзімді 
қатынастарының дамуы қытайлық татукөршілік 
сыртқы  саясатының  маңызды  құрамдас  бөлігі 
болып  табылатынын  байқады,  ол,  ХХІ  ғасырға 
бағытталған  жан-жақты  ынтымақтастықтың 
достық  қатынастары  ортақ  күштермен  құры-
лсын деп тіледі [3, 17-18 б.]. 
 
 
 
 
 
____________ 
 
1.  Хамраев 
Ф. 
Шанхайская 
организация 
сотрудничества 
в 
формировании 
системы 
региональной  и  глобальной  безопасности//Казахстан  в 
глобальных процессах. – 2005. - №1. – 73-88 б. 
2.  Акмалов 
Ш. 
Шанхайская 
организация 
сотрудничества 
и 
проблемы 
региональной 
безопасности//Центральная  Азия  и  Кавказ. – 2005. - 
№2(38). – 146-153 б. 
3.  Кушкумбаев  С.К.  Шанхайская  организация 
сотрудничества: 
новая 
геополитическая 
конфигурация//Вестник  КазНУ.  Серия  политология. – 
2005. - №1(23). – 17-20 б. 
 
* * * 
В  статье  анализируется  сотрудничество  государств 
в Центральной Азии и роли региональных институтов.  
 
* * * 
The article analyzes the cooperation of States in 
Central Asia and the role of regional institutions. 
 
 

60
                            
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
 
А.С. Балапанова, Е. Назаров 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ 
АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Қытай  халқының  көрші  мемлекеттермен 
қарым-қатынасын  арғы  тарихтан  қарайтын 
болсақ,  өзге  ұлттармен  көп  соғысып  көрмеген, 
жаугершілік  заманды  бастарынан  көп  өткер-
меген  халық.  Бірақ,  сөйте  отыра  көптеген 
елдерді  өздеріне  сіңіріп  алған.  Өйткені,  оларда 
ертеден осындай заң, ереже бар. Бұл заң, ереже 
қағаз  жүзінде  емес,  саналы  түрде  қалып-
тастырылған.  Мемлекетті  басқару,  мемлекетті 
кемелдендіру саясатын ұстанып жəне Конфуций 
бастаған  даналар  пəлсапасына  сүйене  отырып 
көрші  елдермен  ымыралы  түрде  келісім 
жасаған. Нақтырақ айтқанда, бұл қытайлар үшін 
бірінші  орындағы  мəселе.  Сол  арқылы  қарым-
қатынастарын  күшейте  беруге  барынша  күш 
салып  отырған.  Бұл  бағытта  кейбір  елдер  əлсіз 
келеді. Мəселен, заңы осал, саясаты солқылдақ, 
мəдениеті  төмен,  қарама-қайшылығы  көп  елдер 
болатын  болса,  олар  сол  жағдайларды  пайдала-
нып  өзінің  мəдениетін,  идеологиясын  біртіндеп 
сіңіре  бастайды.  Осыдан  кейін  өзге  əлсіз, 
тамырсыз, рухы тоналған ұлттар өздері-ақ келіп 
қытайдың  жылы  жібек  көрпесінің  астына  бірақ 
сүңгиді.  Мысалы,  ертеде  түркілердің  Ли  сыма 
деген  қағаны  қытайларға  өз  еркімен  барып 
қосылған.  Себебі,  сол  замандағы  түркілер  бір-
бірімен  соғысып,  бірінің  басын  бірі  алып 
жатқанда, тып-тыныш өмір сүріп жатқан қытай 
ұлты  өзгелерді  өз  өркениетімен,  мəдениетімен, 
тыныштығымен  қызықтырды.  Ертедегі  қытай 
мемлекеті  арлы-берлі  босудан  басқа  тындырар 
ісі жоқ, мəдениет, өнер мен техникадан жұрдай, 
тым  болмаса  тұрақты  мекені  де  жоқ  ұсақ  ру 
тайпаларды 
басынан 
сипап, 
қамқорлық 
көрсетіп,  ұзын  қорғанның  ішіне  кіргізіп  алған 
соң  тез  арада  қытайластырып  жіберіп  отырған. 
Этникалық  қытайлардың  қанында  ежелгі 
ғұндардың,  түркілердің,  кидандардың,  моңғол-
дардың, жүржіндердің, манжүрлердің қаны жоқ 
деп кім айта алады. 
Қытайлардың ұстанатын тағы бір ұстанымы 
бар,  ол – өздерін  мықты  басқару,  өздерін 
өзгелерге тамаша етіп көрсету. Сол арқылы өзге 
ұлттарды  өзіне  қарай  баурау.
 
Ал  олар 
халықаралық  дипломатияда: «біз  əрбір  елмен 
тереземіз  тең,  дəрежеміз  де  тең.  Өзімізге  өзіміз 
қожа  бола  отырып,  өзге  елдермен  тең  тұрып 
қарым-қатынас  жасаймыз.  Ешкім  бізге,  біз 
ешкімге  қожа  болмаймыз,  теңбіз»  деп,  күн 
құрғатпай бүкіл ақпарат құралдары арқылы жар 
салып отырады[1].  
Қазіргі таңда Қытайдың заңына бүкіл дүние 
халқы тəнті. Қытайлар заңдары алдында өздерін 
аямайды.  Заңдары  қатал,  халқы  еңбекқор, 
ізденгіш. тыңнан тапқан жаңалықтары бүкіл дү-
ниені  таңдандырады.  Неге?  Өйткені, «Ең 
алдымен  өзіңді  мықты  ұста.  Сен  мықты  болсаң 
ел  сенің  маңайыңа  өзі-ақ  жиналады»,  деп 
Конфуций айтқан. Қытайдың бүгінгі өмірінде де 
ұстанып  отырған  идеологиясы  міне  осы. 
Қытайдың  төңірегіндегі  ұсақ  елдердің  бəрі 
бүгінгі  күнде  оның  аузына  қарап  отыр.  Себебі, 
өркениеті  дамыған,  мəдениеті  бар,  əрі  ешкімге 
қабақ  шытып  қарамайды.  Сапасыз  болса  да  өз 
отандық  өнімдерімен  көршілерінің  жоқ-жітігін 
жамап,
 
базарын  толықтап  жатады.  Қандай  іс 
болсын бейбіт түрде жүзеге асыруға тырысады. 
Олар  əрбір  іске  аса  үлкен  жауапкершілікпен 
жəне  үлкен  мақсатпен  кіріседі.  Бір  жұмыс 
жасаса оны текке жасап отырған жоқ. Біз осыны 
ескеруіміз  керек.  Оның  арғы  жағында  талай-
талай мақсаттар тұр. 
Жыл  санаудан  бұрынғы V ғасырда  жасаған 
қытайдың  əскери  істер  жағындағы  аса  көреген 
ғұлама  ғалымы  Сүнзі  өзінің  əйгілі  «Сүнзінің 
əскери  амалдары»  атты  еңбегінде: «Шайқас 
жасау  алдындағы  есеп-жоспар,  қарсы  жақтың 
есебінен  əлдеқайда  жан-жақты,  жеттік  болып 
мығым  түссе – жеңіс,  керісінше  болса – 
жеңіліс»,  деген  екен.  Қашанда  өзгелерден  ерте 
қозғалып ширақ қимылдайтын шығыс жағымыз-
дағы осы бір көршіміз тəуелсіз қазақстанды бір 
сəт  назарынан  тыс  қалдырып  көрген  емес. 
Қазақстан  республикасы  мен  Қытай  халық 
республикасы 
арасындағы 
дипломатиялық 
қарым-қатынастар  турасындағы  келісім  шарт-
тардың  негізінде  Қазақстанға  байланысты 
бірқатар жұмыстардың бетін ашты. 
Біздің  мемлекетте  оларға  ашық  тұрған 
талабы  бос  есік  бар.  Сол  есік  арқылы  олар 
ойына  келген  жұмыстарын  жалғастыра  береді, 
сөйтіп  бірте-бірте  экономиканы  жаулайды.  Ал, 
экономиканы  қолға  алған  соң  қалғанының  бəрі 
оңай деген сөз. Атап өтерлігі «Шинжияң эконо-
мика  газеті  күн  сайынғы  номерлерінде  Қазақ-
станның  күнделікті  экономикалық  жағдайынан 
былайша
 
айтқанда базардағы көкөніс бағасынан 
тартып  халықарадағы  мұнайының  əр  барелінің 
бағасына  дейін  жариялап  отырады.  Сондай-ақ, 
Қазақстан  экономикасының  болашағына  бол-
жамдар  да  жасап,  тіпті  күзгі  жиын  терінде
 
қанша  тонна  астық  алатынына  дейін  есептеп 
жариялап
 
отырады. 2008 жылы 28 қазанда 
Қытай  халық  республикасының  Қазақстандағы 
бас  елшісі  Чың  гуопиң  Шинхуа  агенттігінің 
тілшілеріне  берген  жауабында: «Қазіргі  кездегі 

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011                                                  
61 
 
Қазақстан
 
Қытай  қарым-қатынастары  тарихтың 
ең  жақсы  уақыт  кезеңінде  тұр.  Екі  ел 
басшыларының  тіке  көңіл  бөлу  аясында
 
екі 
жақты  саяси  сенімділік  барған  сайын  тереңдеп 
келеді,  əр  саладағы  ынтымақтастықтар  жаппай 
дамыды,  екі  ел  Халықтарының  өзара  барыс-
келістері тіптен қоюлады», деді. Ендеше бүгінгі 
жаһандану  дəуірінде  біздің  дұрыс  бағытымыз, 
дұрыс  идеологиямыз  болмаса  біз  жеңіліс 
табамыз.  Қытай  халқы  бұл  жаһанданудың  да 
алдын  алып  отыр.  Олардың  «Ұлы  Қытайды 
гүлдендіру» нысанасы бар, соның ішінде жазуы 
мен  тілін  ешкім  нұқсан  келтіре  алмайтындай 
етіп заңдастырған. Қай елде, қай жерде жүрсе де 
қытайлар  өздерінің  қытай  екендігін  дəлелдеп 
жүреді.  Қытай  екендігіне,  қытай  болғандығына 
мақтанады.  Өзге  тілдерді  біліп  тұрса  да  сөй-
лемейді.  Біз  Қытайдың  осы  қасиетін  дұрыс 
түсініп,  үйренсек  жақсы  болар  еді.  Өз  елінің 
проблемаларын  шеше  алмаған  елдерге  Қытай 
болсын,  Америка  болсын,  Ресей  болсын  өз 
идеологияларын  оп-оңай  енгізе  алады.  Түптеп 
келгенде, біз осылардың алдын алуымыз қажет. 
Өз  идеологиямызды  қалыптастырып  соны 
нығайтуға  борыштармыз.  Мəселенің  түйіні 
керемет мықты заң шығаруда емес, қайта Қытай 
сияқты  өз  тілін,  ұлтын,  халқын  шын  мəнінде 
сүйетіндей  ұлт  санасын  оятуда.  Біздің  халықта 
ұлттық сана бар болатын. Бірақ, кешегі Кеңестік 
қызыл  империя  оны  тұншықтырып  тастаған. 
Өкінішке қарай сол ұлттық сана əлі толыққанды 
сергек  күйге  келе  қойған  жоқ.  Ұлттық  сана 
толық  оянған  жағдайда  ғана  біз  Қытайдан 
қорықпай  қарым-қатынастарымызды  жалғас-
тыра  аламыз.  Ал  ұлттық  сана  оянбай,  ұлттық 
намыс  асқақ  өреге  көтерілмей  тұрып  Қытайға 
жалпақтау – сол  бұрынғы замандардағы қытай-
дың  санын  арттырып  бергеннен  басқа  ештеме 
тындыра  алмаған  ру  тайпалар  сияқты  оның 
территориясын  кеңейтіп  беруден  басқа  ештеме 
де болмайды. 
ҚХР-мен қарым-қатынастар – Орталық Азия 
мемлекеттерінің  сыртқы  саясатындағы  басты 
бағыттарының  бірі.  Территориялардың  шекара-
лас  болуы,  сондай-ақ,  күшті  шығыс  көршінің 
үлкен  экономикалық  потенциалы  мен  оның 
халықаралық  аренадағы,  соның  ішінде  Азия 
кеңістігіндегі,  салмағы  бұл  аймақтағы  егеменді 
республикалардың  Қытаймен  тұрақты  достық 
қатынастарда  болу  мүдделілігін  анықтайды. 
Жəне  де  бұл  қарым-қатынастар  теңдік,  өзара 
мүдделілік  пен  мемлекеттердің  ішкі  істері  мен 
жағдайларына қол сұқпаушылық принциптеріне 
негізделіп орнатылуы керек.  
Орталық  Азияның  жас  мемлекеттері  ҚХР-
мен  көп  векторлы  байланыстардың  бар  болуын 
ең  алдымен  территориялық  тұтастық  пен 
қауіпсіздік,  экономикалық  даму  мен  ішкі  саяси 
тұрақтылығы  үшін  қолайлы  сыртқы  жағдай-
ларды 
құру 
сияқты 
мəселелерді 
шешу 
тұрғысынан қарастырады. 
Өз  кезегінде,  Орталық  Азия  Қытайдың 
экономикалық  жəне  қауіпсіздік  мүдделер 
шеңберіне  кіреді.Бұл  аймақтағы  республика-
лармен  байланыстарды  нығайту – ҚХР  сыртқы 
саясатының  басты  міндеттерінің  бірі.Қазіргі 
кезеңде, ҚХР шекараларына жақын жерде АҚШ 
əскери базаларының бар болуы жағдайларында, 
Пекин  сыртқы  саяси  мүдделері  мен  басымдақ-
тары  арасында  Орта  Азиялық  аймақғының 
маңыздылығы күрт өсуде[2]. 
Пекиннің 
бұл 
бағыттағы 
саясатын 
анықтайтын  маңызды  факторларының  бірі, – 
бұл  аймақтың  Қытайдың  ең  тұрақсыз  ауданы – 
Синьцзян  Ұй:ғыр  Автономдық  Ауданымен 
шекаралас  болуы.  ҚХР  мен  Орталық  Азияның 
үш  мемлекеті – Қазақстан,  Қырғызстан  мен 
Тəжікстан  арасындағы 3000 км  созылған 
шекараның  екі  жағында  да  ұқсас  мұсылман 
ұлттардың  өкілдері  тұрады:  қазақ,  қырғыз, 
өзбек,  ұйғыр,  тəжік  пен  дұңғандар.Пекин 
Орталық Азия республикаларының тəуелсіздігін 
алу  кезіндегі  «демонстрациялық»  эффектінің 
Синьцзянның  жергілікті  халықтарына  ықпал 
етуінен  қорықты.Бұндай  қорқыныш  Шығыс 
Түркістан  (ұйғырлардың  СУАР-ды  атауы) 
тəуелсіздігі  үшін  қозғалыс  басшыларының 
аймақтың  жаңа  мемлекеттері  тарапынан  көмек 
күткендігінен  туындаған  болатын.  Алайда, 
мұндай жоспарлар шындаққа асқан жоқ. 
Оның  үстіне,  Қытайдың  Орталық  Азия  мен 
Қазақстанда  елеулі  экономикалық  мүдделері  де 
бар.Тіпті  екі  жақ  арасындағы  байланыстарды 
орнатудың  бастапқы  кезеңдерінде-ақ,  бұл 
елдердің  рыноктарында  Қытайдың  орнын  табу 
қытай  дипломатиясының  түсінігінше  басты 
міндеттердің  бірі  болды.  Ал  бұл  елдердің  аста-
наларында  қытай  сауда  өкілділіктері  тіпті,  қы-
тай елшіліктерінен бұрын да ашылған болатын.  
Орталық  Азия  елдерінде  өндіріс  көлемдері-
нің  азаюы,  Ресейден  келетін  тауарлардың 
азаюы, сатып алу мүмкіншіліктерінің төмендеуі 
жергілікті  рыноктардың  қытайлық  көпшілік 
қолды  тауарларымен  толтырылуына  жақсы 
мүмкіндіктер  жасаған  болатын.  Қазіргі  кезде, 
қарқынды 
экономикалық 
дамуды 
бастан 
кешіріп отырған Қытай өз назарларын аймақтың 
шикізат,  оның  ішінде,  əсіресе,  энергетикалық 
ресурстарына бағыттауда. 
Кеңес  Одағы  ыдырағаннан  кейін  ҚХР 
Орталық  Азия  республикалары  мен  Қазақстан-
ның  егемендігін  таныған  алғашқы  мемлекет-
тердің  бірі  болды. 1992 жылдың 3 қаңтарында-
ақ  Қытай  өкіметі  Қазақстанмен,содан  соң , 
келесі  күннен  бастап 7 ақпанға  дейінгі  уақыт 
аралығы  ішінде  Өзбекстан,  Тəжікстан,  Қыргыз-
стан  жəне  Түркіменстанмен  дипломатиялық 
қатынастар орнатылғаны туралы мəлімдеді.  

62
                            
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
 
 
Бұл  байланыстарды  нығайту  процесінде 
шекаралық  мəселені  шешудің  маңыздылығы 
ерекше  үлкен  болды.  Өз  уақытында,  Қытайдың 
ҚСРО-ға,  оның  үш  Орталық  Азиялық  респуб-
ликиларына  тікелей  қатысы  бар,  шекаралық 
талаптарын  қойғаны мəлім. Бұл сұрақ негізінен 
Ресей  мен  егемендік  алған  шекаралас  үш 
мемлекеттердің (Қазақстан, Қырғызстан, Тəжік-
станның)  бірлескен  делегациясы  жəне  Қытай 
арасында  болған  пікірсөздер  барысында  өз 
шешімін  тапқан (1990-шы  жылдардың  бірінші 
жартысы – ортасы). 
Қытай  Халық  Республикасымен  көпжақты 
қарым-қатынастарды  дамыту  жағынан  Орталық 
Азия республикилары арасында Қазақстан үздік 
орын  алады.  Екі  елдің  жоғарғы  деңгейлі 
мемлекет  қайраткерлері  мен  басшыларының 
арасында  кездесулер  жиілігі  өте  жоғары.  Н. 
Назарбаевтың  Қытай  Халық  респуликасына 
ресми  сапарының  нəтижесінде  қабылданған 
(1993  октябрь)  Қазақстан  Республикасы  мен 
ҚХР  арасындағы  достық  қарым-қатынастар 
негіздері  туралы  Декларация  Алматы  мен 
Пекиннің 
бейбітшілік 
мен 
қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етуге  бағытталған  ынтымақтас-
тықты нығайту ниеттерін көрсетеді.  
Екі  жақтың  да  мемлекетаралық  байланыс-
тардың  тиісті  принциптермен  сəйкес  қызмет 
етуі,  оның  ішінде  ішкі  істеріне  қол  сұқпау-
шылық,  бұл  елдер  басшыларымен  жиі-жиі 
дəлелденуде;  бұл  принциптер 2002 жылы 
декабрьде  қол  қойылған  Қазақстан  Респуб-
ликасы  мен  ҚХР  арасындағы  достық  жəне 
ынтымақтастық туралы Келісімнің негізі болды. 
Қазақстанның  жоғарғы  деңгейлі  мемлекет 
қайраткерлері  Тайваньды  Қытайдың  бөлінбес 
бөлігі  ретінде  қарастыратындығын  жиі-жиі 
айтуда,  ал  Қытай  қазақстандық  дипломатия-
сының  бастауларына  қолдау  көрсетеді.  Соның 
ішінде  Н.  Назарбаев  ұсынған  Азиядағы 
ынтымақтастық  пен  сенімділік  шараларына 
байланысты  кеңес  (СВМДА)  шақыру  бастама-
сын атап айтсақ болады. ҚХР тарапынан қолдау 
көрсету  мысалы  ретінде  ҚХР  басшысы  Цзян 
Цзэминьнің  СВМДА  мүше  елдерінің  басшыла-
рының  жиналысына  (Алматы 2002 июнь) 
қатысуын  айтуға  болады.  Жалпы,  Қытай-
Қазақстан  арасындағы  өзара  байланыстардың 
заңдылық негізін 105 əр түрлі документ пен екі 
жақты келісім-шарттар құрайды. 
Қытай-Қазақстан  екі  ел  халқының  ұзақ 
тарихи  достық  қатынасы  бар.  Əлемге  əйгілі 
«жібек  жолы»  екі  ел  халқының  қоян-қолты 
қатынасын  жалғап  келді.  Реформа  жүргізіп 
экономиканы  дамыту  –Қытайдың  қазіргі  алға 
қойып  отырған  басты  міндеті.  Бұл  міндетті 
орындау үшін бейбіт тұрақты халықаралық орта 
қажет. Сол  үшін  Қазақстан  мен  бейбіт тепе-тең 
тұру,  бес  принциптің  негізінде  қарым-қатынас 
дамыту  Қытай  сырқы  саясатының  басты  бір 
құрамы.  Қытай  Қазақстанмен  қатынасын 
дамытуға  ерекше  назар  аударып,  оны  сыртқы 
қатынастарындағы  ең  басты  орынның  біріне 
қойып  отыр.  Қазақстан  мен  досты  қатынасты 
жақсарту  Қытайдың  батыс  солтүсік  аймақ-
тарындағы  тыныштық  пен  осы  аймақтың 
экономикасын  дамытуға  септігін  тигізетіні 
белгілі. 
Қытаймен  ынымақтасықты  жақсарту  Қазақ-
стан  үшін  де  маңызы  зор.  Қазақстан  ашық 
теңізге  өтелей  шыға  алмайын  құрлықтық  ел 
болғандықтан,  Қытай  Қазақстанның  əлемге 
шығудағы  үлкен  бір  есігі  болып  табылады. 
Сонымен  бірге  қытай-Қазақстан  мемлекет-
терінің  зара  экономикалық,  мəдени,  информа-
циялық  ынтымақтастығының  орнатудың  екі 
жақа да қомақты пайдасы бар. 
Ежелгі «жібек жолын» қайталай жаңғыртып 
оны  осы  заман  жобасына  сай  етіп  қолдану 
Қытай-Қазақстан
 
халықтарының  болашағы  мен 
осы  аймақтағы  бейбітшілік  пен  тұрақтылық 
үшін  қосатын  үлесі  зор  болып  қала  бермек. 
Қытай  елбасшылары  Қазақстанмен  қарым-
қатынасына баса мəн беріп келеді. 
Тəуелсіздікке 
қол 
жеткізген 
бетте-ақ, 
əлемдегі  алып  елдердің  бірі  көрші  жатқан 
Қытай Халы Республикасымен мемлекетаралық 
досық  қатынастарды  орнату  егеменді  Қазақ-
станның  сыртқы  саясатындағы  кезек  күттірмес 
міндеттердің  бірі  болды.  ҚХР-мен  арадағы 
шекара мыңдаған шақырымға созылып
 
жатыр. 
Бұл  елдің  миллиардтан  астам  халқы,  үлкен 
экономикалық  мүмкіндігі,  оның  экономика-
сының  ұрақты  дамуы,  екі  елдің  шекаралас 
аудандарындағы 
тұрғындардың 
этникалық 
жақындығы  осының  бəрі  жəне  басқа  кптеген 
факторлар  Қазақсанның  сыртқы  саясатындағы 
негізгі  басым  бағыттардың  бірі
 
ретінде 
қазақстан-Қытай  қатынастарын  бөліп  крсетуге 
объективті алғы шарттар жасайды[3]. 
ҚХР  үкіметінің  Қазақсанға  берген  кепіл-
діктері  көп  жағынан  республиканың  қауіпсіз-
дігін  қамтамасыз  етті.  Қазақстан  ҚСРО  құра-
мында  болған  тоталитарлық  кезеңде,  əсіресе, 
60-70  жылдары  Қытаймен  арадағы  қатынастар 
те  шиеленісіп  кеткен  болатын.  ҚХР-мен  саяси 
жəне  экономикалық  салаларда  тең  дəрежедегі 
достық  қатынастарды  орнату  тарихы  респуб-
лика басшылығының мүдделеріне жауап береді, 
əрі олардың үлкен болашағы бар, сондықтан бұл 
маңызды  мəселені  саяси-тарихи  тұрғыдан 
талдау, алғашқы тəжірибелерді қорыту жəне сол 
негізінде болашақты бағамдау өте өзекті болып 
табылады. 
 
____________ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет