ISSN 1563-0307
Индекс 75875; 25875
ƏЛ-ФАРАБИ атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗҰУ
ХАБАРШЫСЫ
ФИЛОСОФИЯ СЕРИЯСЫ
МƏДЕНИЕТТАНУ СЕРИЯСЫ
САЯСАТТАНУ СЕРИЯСЫ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ
ВЕСТНИК
КазНУ
СЕРИЯ ФИЛОСОФИЯ
СЕРИЯ КУЛЬТУРОЛОГИЯ
СЕРИЯ ПОЛИТОЛОГИЯ
Алматы №1 (36) 2011
25.11.1999 ж. Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне Ақпарат
министрлігімен тіркелген.
Куəлік №956-Ж.
(Алғашқы нөмірінің есепке
қойылу уақыты 22.04.1992 ж. № 766)
Журнал саяси, философиялық ғылымдар
жəне мəдениеттану бойынша диссерта-
циялардың негізгі қорытындыларын жария-
лау үшін Қазақстан Жоғарғы Аттестация-
лық Комитетімен ұсынылған // Докторлық
диссертациялардың негізгі қорытындыларын
жариялау үшін Қазақстан Жоғарғы Аттеста-
циялық Комитетімен ұсынылған ғылыми
басылымдардың тізімі кіреді // ЖАК бюлле-
тені, №3, 1998; Нормативтік жəне методи-
калық материалдарын жариялайтын ғылыми
басылымдар тізімі Қазақстан ЖАК-нің
төрағасының бұйрығы 26.06.2003, №433-3ж
// Нормативтік жəне методикалық материал-
дар жинағы №6 ЖАК. – Алматы, 2003.
Редакциялық алқа:
Құлсариева А.Т. ( ғылыми редактор),
Борбасова Қ.М. ( жауапты хатшы),
Есім Ғарифолла, Нұржанов Б.Г.,
Бəйтенова Н.Ж., Алтаев Ж.А.,
Ғабитов Т.Х., Молдабеков Ж.Ж.,
Исмагамбетова З.Н., Құрманалиева А.Д.,
Иватова Л.М., Насимова Г.О.,
Балапанова А.С.
ҚазҰУ ХАБАРШЫСЫ
ФИЛОСОФИЯ СЕРИЯСЫ
МƏДЕНИЕТТАНУ СЕРИЯСЫ
САЯСАТТАНУ СЕРИЯСЫ
№ 1 (36)
ИБ № 5155
Басуға 15.03.2011 жылы қол қойылды.
Пішімі 70х110 1/16. Көлемі 16 б.т. Офсетті қағаз.
Сандық басылыс. Тапсырыс № 406.
Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
«Қазақ университеті» баспасы.
050040, Алматы қаласы, əл-Фараби даңғылы, 71.
«Қазақ университеті» баспаханасында басылды
М А З М Ұ Н Ы
1-бөлім. САЯСАТТАНУ
Ғарифолла Есім. ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢ ЕРЕКШЕ ЕҢБЕГІ ............................. 3
Капанов К.Х. ПРОБЛЕМА КОНТРОЛЯ НАД БЮРОКРАТИЕЙ –
СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА ..................................................................... 8
Иватова Л.М., Ордабек Е.А. СУЩНОСТЬ И ОТЛИЧИТЕЛЬНЫЕ
ОСОБЕННОСТИ МЕЖДУНАРОДНОГО ИМИДЖА РЕСПУБЛИКИ
КАЗАХСТАН .................................................................................................. 14
Балапанова А.С. ГИДРОРЕСУРСЫ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ В КОНТЕСТЕ
ОБЕСПЕЧЕНИЯ ВОДНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ КАЗАХСТАНА
(ПОЛИТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ) ...........................................................................17
Құрманалиева А.Д. БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН БОЛАШАҚҚА
ҚАДАМ – БІЛІММЕН .................................................................................... 21
Шайкенов Б. КОММУНИКАТИВНАЯ И ИНТЕГРАТИВНАЯ РОЛЬ
КЫРГЫЗСКОГО ПАРЛАМЕНТА ................................................................ 22
Саитова Н.А., Муканова Ф.Т. КУЛЬТУРА ТОЛЕРАНТНОСТИ
КАК ФАКТОР ПОЛИТИЧЕСКОЙ СТАБИЛЬНОСТИ
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН .................................................................... 26
Насимов М.Ө. САЯСИ КОНСАЛТИНГ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ
ТАРИХИ ТАМЫРЛАРЫ ............................................................................... 29
Исабаев Б. ОСНОВНЫЕ ПРИНЦИПЫ ГОСУДАРСТВЕННОЙ
ПОЛИТИКИ В ОБЛАСТИ ИНФОРМАЦИОННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ....................................................................... 32
Кульшанова А.А. ПОЛИТИКА КЛИЕНТЕЛИЗМА КАК ОДИН ИЗ АСПЕКТОВ
НАЦИОНАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ СОВЕТСКОГО ГОСУДАРСТВА ................36
Абылкалыкова Р.Н. РОЛЬ ПРАВОВОЙ КУЛЬТУРЫ В ПРОЦЕССЕ
ФОРМИРОВАНИЯ ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА ............................... 39
Жунисбеков Е., Молдахмет Б. ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ
ГЕОСАЯСАТ ПЕН СУБАЙМАҚТЫҚ МҮДДЕЛЕРДІҢ
ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҒЫ ............................................................................ 42
Төлен Ж. ҚР САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ................................................................................. 44
Əбілдаев И. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ БРЕНДІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ............................................................................................. 47
Алибекова Ғ.К. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МƏСЕЛЕСІ САЯСИ
ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ ............................................................... 51
Алдубашева Ж.М. ИНТЕРЕСЫ РОССИИ И США В
ЦЕНТРАЛЬНОАЗИАТСКОМ РЕГИОНЕ .................................................... 54
Жунисбеков Е. ОРТАЛЫҚ АЗИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ
ДАМЫТУДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ РӨЛІ
(ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ МЫСАЛЫНДА) ................. 57
Балапанова А.С.,
Назаров Е. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ САЯСИ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ............................... 60
Жандосова Ш.М. ГЕНДЕРНАЯ ПОЛИТИКА СОВРЕМЕННОГО
КАЗАХСТАНСКОГО ОБЩЕСТВА .............................................................. 63
Сиқымбаева Д.А. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ................ 65
2-бөлім. ФИЛОСОФИЯ
Байтенова Н.Ж., Борбасова Қ.М. ҚАЗІРГІ ДІНТАНУДАҒЫ ЖАҢА ДІНИ АҒЫМДАРДЫ АНЫҚТАУ
МƏСЕЛЕСІ ........................................................................................................................................................................... 69
Құрманалиева А.Д. ƏЛ-ФАРАБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА» МІНСІЗ ҚОҒАМ
РЕТІНДЕ ................................................................................................................................................................................ 72
Алтаев Ж., Амиркулова Ж.А. ƏЛ-ФАРАБИДІҢ ЕУРОПА ҒЫЛЫМЫНА ƏСЕРІ ........................................................ 76
Демеуова А.А. ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ ГОСУДАРСТВА И РЕЛИГИИ: ЗАРУБЕЖНЫЙ ОПЫТ .................................. 78
Аскар Л. ЛОГИЧЕСКОЕ УЧЕНИЕ АЛЬ-КИНДИ ............................................................................................................. 81
Бейсенов Б.Қ., Игисенова А.Р. ШОҚАН УƏЛИХАНОВТЫҢ ДІНИ ІЗДЕНІСТЕРІ ...................................................... 85
Сулейменов П.М. ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ............................................................................................................................................... 89
Құранбек Ə.А., Рыскиева А.Ə. РƏМІЗ ЖƏНЕ МƏДЕНИ ДƏСТҮР ............................................................................... 92
Веревкин А.В., Лифанова Т.Ю. СОЦИАЛЬНАЯ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СМИ: КОНСЕНСУС ПРЕССЫ,
ВЛАСТИ И ГРАЖДАНСКОГО ОБЩЕСТВА ................................................................................................................... 96
Өмірбекова Ə.Ө. А.Х. ҚАСЫМЖАНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ƏЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ҰЛТТЫҚ
ӨЗІНДІК САНАҒА БАСТАУ РЕТІНДЕ ............................................................................................................................ 99
Кокеева Д.М. САМХИТ ИНДУИЗМНІҢ СӨЗ МАРЖАНЫ РЕТІНДЕ .......................................................................... 102
Гаршин Р.С. ГОРИЗОНТЫ СОЗНАНИЯ ........................................................................................................................... 105
Сагидолдина М.А. ЭРИХ ФРОММНЫҢ ƏЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ: САУ ҚОҒАМ ҚҰРУ
ЖƏНЕ ЖАҢА АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ................................................................................................................... 109
Турганбеков С.К. Ч.С.ПИРС ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КҮМƏН МЕН СЕНІМ – ОЙЛАУ ФОРМАСЫ ......... 112
Швыдко К.А. МУЗЫКА И ХХ ВЕК: ПЕРЕЛОМНЫЙ МОМЕНТ ФИЛОСОФСКИЕ РАССУЖДЕНИЯ .................... 114
Тулегенов Б.С. ГРЯДУЩИЙ МИР ...................................................................................................................................... 119
Əлиев Ш.Ш. АҚПАРАТТАНҒАН ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ................................................................................................................................................. 122
Рахимбеков К.Е. СВОБОДНОЕ ЗНАНИЕ И ОБРАЗОВАНИЕ В РАБОТЕ ДЖ. Г. НЬЮМАНА
«ИДЕЯ УНИВЕРСИТЕТА» ................................................................................................................................................. 125
3-бөлім. МƏДЕНИЕТТАНУ
Құлсариева А., Айтенова А. ПОСТМОДЕРНИЗМ ЖƏНЕ ПОЭЗИЯ .............................................................................. 128
Құрманалиева А.Д. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ АРАБТІЛДЕС ФƏЛСАФАДАҒЫ АДАМ КЕМЕЛДІЛІГІ МƏСЕЛЕСІ ........ 131
Мухамедиулы А. ПЛАСТИЧЕСКИЕ ВИДЫ ИСКУССТВА КАЗАХСТАНА
В АСПЕКТЕ ПРЕТВОРЕНИЯ ДУХОВНО-НРАВСТВЕННЫХ ПРИОРИТЕТОВ СОВРЕМЕННОСТИ .................... 134
Абдигалиева Г.К., Шарипов А.С. СОСТАВЛЯЮЩИЕ ЭЛЕМЕНТЫ КУЛЬТУРНОЙ
САМОИДЕНТИФИКАЦИИ КАЗАХОВ ............................................................................................................................ 139
Карипбаев Б.И. МОРАЛЬНО-ПРАВОВЫЕ КООРДИНАТЫ СОЦИАЛЬНОГО БЫТИЯ ............................................. 143
Жолдубаева А. КОНКУРЕНТОСПОСОБНОСТЬ БУДУЩЕГО СПЕЦИАЛИСТА
КАК ПОКАЗАТЕЛЬ КАЧЕСТВА ВУЗОВСКОЙ ПОДГОТОВКИ ................................................................................. 148
Мухамедиулы А. УМ И ДУША ЭПОХИ – МУХТАР АУЭЗОВ ...................................................................................... 151
Сүлейменова Ж.Д. КӨНЕ ТҮРКІ МƏДЕНИ ЖƏДІГЕРЛЕРІНДЕГІ АДАМ КОНЦЕПТІСІНІҢ
МƏДЕНИ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ .............................................................................................................. 154
Рахимшикова М. К. ГАРМОНИЯ КАК ОСНОВА МУЗЫКАЛЬНОГО ИСКУССТВА ................................................. 156
Мионг Сун Ок ПОСТМОДЕРНИЗМ И ИДЕНТИЧНОСТЬ .............................................................................................. 159
Сүлейменова Ж. ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ ƏСКЕРИ МƏДЕНИЕТІ ........................................................... 162
Белгібаев Д.Т. АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖƏНЕ МƏДЕНИЕТ ......................................................................................... 165
Байжуманова А.С. ТҰЛҒАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МƏДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ МƏСЕЛЕСІ .......................... 167
Тулегенов Б.С. ДУХ ТЕРРОРИЗМА, ИЛИ ВОЙНА, КОТОРОЙ НЕ БЫЛО (Ж. БОДРИЙЯР) ..................................... 170
Гаршин Р.С. ОТЧУЖДЕНИЕ В МАССОВОМ ОБЩЕСТВЕ ........................................................................................... 173
Ботбаева Г.Б. ЭТИКО-ФИЛОСОФСКОЕ ИЗМЕРЕНИЕ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ .............................. 177
4-бөлім. ШЕТЕЛ БАСЫЛЫМДАРЫ
Гореликов Л.А. СОЦИОКУЛЬТУРНАЯ ЛОГИКА ЦЕЛОСТНОСТИ В ИСТОРИЧЕСКОМ СТАНОВЛЕНИИ
ОБЩЕНАУЧНОЙ КАРТИНЫ МИРА ................................................................................................................................ 181
Исабаев Б. МЕЖДУНАРОДНО-ПРАВОВОЙ УРОВЕНЬ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ИНФОРМАЦИОННОЙ
БЕЗОПАСНОСТИ ................................................................................................................................................................ 186
Атымтаева К. М. СОЦИАЛЬНАЯ АДАПТАЦИЯ ЛИЧНОСТИ.................................................................................... 190
5-бөлім. ЕСКЕ АЛУ
Келбұлғанов Ақылбек Жолмұхаметұлы ............................................................................................................................ 191
Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
3
1 - Б Ө Л І М
САЯСАТТАНУ
Ғарифолла Есім
ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢ ЕРЕКШЕ ЕҢБЕГІ
Ойға алған істің орындалғанына не жетсін.
Көптен айтылып, жазылып, ел талқысына түсіп,
қажетті саяси жəне де басқа шаралардың
жүргізілуінің нəтижесі ретіне, міне, бүгін
Астанада елу алты елдің басшылары жиналып
бас қосып, Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынты-
мақтастық ұйымының саммиті өтпек (Одан ары
Ұйым деп атаймыз). Ұйымның ең алғашқы
Хельсинкиде 1975 жылы өткен мəжілісі көз
алдымда. Бұл кездерде халықаралық саяси
мəселелермен шұғылданып жүрген біздерге
Хельсинки қаласында саяси бағыттары əр түрлі
ғана емес, бір-біріне қарама-қайшы 35 елдің
басшыларының бір үстелдің басында отырып,
ортақ əңгіме көтерулері мүмкін емес секілді
көрінетін. Себебі, бұл кезде əлемдік саясатта
ымырасыз “қырғи-қабақ соғыс” жүріп жатқан
еді.
Хельсинки мəжілісінің мүмкін болуына
шешуші фактор болған сол кездегі Кеңес
мемлекетінің саяси басшысы Леонид Брежнев-
тің ерен еңбегі деуге болады. Ол “қырғи-қабақ
соғыс” жағдайында өзінің ең басты саяси
оппоненттерімен адамзаттың тағдыры үшін
ортақ келісімге келуге ниет білдіргені, əрине,
саяси көрегендік. Мұндай мəмілелік саяси
шешімге Кеңес өкіметінің бұрынғы басшысы
Никита Хрущевтің баруы екіталай еді, себебі, ол
“қырғи-қабақ соғыстың” жанама авторларының
бірі болатын. Ол капитализм мен социализм
арасындағы қайшылықтың отын маздатқан
авантюрист екені əйгілі болған. Кеңес өкіме-
тінің жаңа басшысы Леонид Брежнев болса,
əлемдегі “қырғи-қабақ соғыстың” күнінің өтіп
бара жатқанын сезген саясаткер ретінде,
Еуропадағы қауіпсіздіктің іргетасын қалау-
шысының бірі болып тарихта қалды. Біз, сол
кезде, əлемде жаңа саясаттың өмірге келгенін
айқын сезіндік. Ендігі жерде осы макросаясатты
Кеңес империясының ішкі саясатында транс-
формациялануына назар аудара бастадық.
Анығында, осындай жолда ізденіске түстік. Біз
кеңес империясының ішкі саясатының идеоло-
гиясының өзгеретініне сене бастадық. Бұл
ізденістің мəнісі Қазақ КСР-інің өзіне тəн
мəдени кеңістігінің өріс алатындығында деп
түсіндік. Бұл кезде əрине саяси тəуелсіздік
туралы сана болған жоқ, мəселе мəдениеттің
тəуелсіз өрісінде ғана еді.
Басты тақырыбымызға қайта оралсақ,
бүгінгі өткелі отырған Ұйым саммитінің ірге-
тасы туралы айтқанда, көз алдымызға “мызғы-
мас берік” социалистік лагерьдің ыдырап,
əлемде жаңа саяси архитектура орнаған кезде
еліміздің Астанасында өткелі отырған Ұйым
Саммитіне қатысты екі символдық ұғымға
арнайы тоқталмақпын. Бірі, Қазақ елінде елу
алты елдің басшылары кездесіп өткелі отырған
саммитті ұйымдастырушы қазіргі заманның
көреген саясаткері, тəуелсіз еліміздің Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев туралы жəне қазіргі
заманда нақты айтсақ, тəуелсіздік жылдарында
4
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
орнығып, əлемнің саяси картасына енген жаңа
қала Астана туралы болмақ. Себебі, ендігі
жерде Хельсинки сияқты Ұйымның келесі
кезеңдерде өтетін саммиттеріне тарихи, саяси
шолу жасаушылар Астана Саммитіне, оның
əлемдік саясаттағы алатын орнына соқпай өте
алмайды.
Бұл жерде көпшілік назарына баса айтарым,
Ұйымның Хельсинкиде өткен кеңесінде басты
мəселе капиталистік жəне социалистік екі
лагерьдің жанталаса қарулануына тежеу, адам-
зат баласын ядролық қырғын, алапат соғыстан
сақтап қалу болатын. Осы мақсатта екі жүйенің
басшылары ортақ шешімдерге келген еді. Олар
Хельсинкидің Қорытынды актісінде қабыл-
данды (“Хельсинки декалогы” деп аталған).
Осы құжатта он қағида (принцип) қабылданған.
Олар: 1. Егемендік теңдік, егемендікке тəн
құқықты сыйлау. 2. Күш қолданбау немесе
қауіп төндірмеу. 3. Шекараның бұзылмауы. 4.
Мемлекеттің территориялық тұтастығы. 5.
Дауларды бейбіт жолмен шешу. 6. Мемлекеттің
ішкі ісіне араласпау. 7. Еркін ойлау, ар-ождан,
діни сенім құқықтарын қоса алғанда, негізгі
адам құқықтарын сақтау. 8. Теңқұқылық жəне
халықтардың өз тағдырына ие болуы. 9. Мем-
лекеттер арасындағы қатынас. 10. Халықаралық
құқық бойынша міндеттерді адал орындау.
Осы жиынның 35 жыл өткен соң, Тəуелсіз
Қазақстанның Астанасында өтіп отырғанының
символдық мағынасы бар. Оның мəнісі Кеңес
империясы ыдырағанда Қазақстанның үлесіне
дүниедегі төртінші дəрежелі қуатты ядролық
қарудың арсеналы тиді. Алайда, осы қаруға ие
болған Қазақ елінің Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев əлемді таңғалдырған тарихи шешімге
барды. Ол өз еркімен бұл ядролдық қарудан бас
тартты. Мұны көптеген бізбен көршілес елдер,
оның ішінде мұсылман елдері теріс шешім деп
мінез көрсетті. Президентке əр түрлі ықпалдар
жасауға əрекеттенді. Бірақ бұл істе тастүйін
болған еліміздің саяси басшысы өз шешімінен
қайтпады. Сөйтіп, əлемде бірінші болып
ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш Президент
болып тарихта қалды.
Ұйымның басты мақсаты əуел баста ядро-
лық қаруды шектеу болса, сол істің нақтылы
шешімін тапқан ел Қазақстанда Ұйымның
Саммитінің өтуі табиғи жағдай. Адамзат
тарихын мұқият зерделеп отырған адамдар
осындай таңғажайып оқиғалардың куəсі болмақ.
Біздің ұрпақ адамзат тарихын жазылған кітап-
тардан ғана емес, өз көзімен көріп, сол тарихи
оқиғалардың көзі тірі куəгерлері болып келеміз.
Бұл – біздің ұрпақтың тарихи миссиясы. Кейде
ойлаймын, Жаратушымыз біздің ұрпаққа нелік-
тен соншама үйіп-төгіп əлемдік теңдесі жоқ
оқиғаларды қысқа ғұмырымызға сыйғызған? Ға-
сырларға жететін тарих беттерін өзіміздің
санаулы ғұмырымызда басымыздан кешіп
келеміз. Əлде, бұл бізге Жаратушымыздың
берген тарихи сыны ма екен? Олай болса, осы
сыннан қалай өтіп келеміз? Ойланатын мəселе.
Күн астында көлеңкесіз іс болмайды. Күн
астындағының көлемі зор болған сайын оның
көлеңкесі де мол болады. Сонда біз көлеңкеде
ғана өмір сүрмекпіз бе? Жоқ, күн астына
қасқайып тұрмаймыз ба? Таңдау адамның өз
еркінде. Біреулер күн астында жүреді, біреулер
көлеңке іздейді. Бірақ, мəселе сонда ұрпақтар
алдындағы жауапкершілік ортақ. Осы мəселе
тұрғысынан қарасақ, Астанада өткелі отырған
саммит ел санасына серпіліс туғызып, жаңа
жауапкершілікке бастайтын оқиға болмақ. Жа-
уапкершілік бүкіл қазақстандықтарға ортақ
сезім. Саммит жұмысына бəріміз бір кісідей
жауапты болуымыз табиғи жағдай.
* * *
1990 жылы 21 қарашада Парижде Ұйымның
кезекті мəжілісі өтіп, онда Париж Хартиясы қа-
былданды. Бұл Хартияда “қырғи-қабақ соғыс”
аяқталды, енді мемлекеттер арасында бір-
бірімен қарым-қатынас жəне бір-бірін құрмет-
теу мүмкін болды делінген. Əрине, Париж Хар-
тиясы сол кездегі Еуропа елдері арасындағы
шын мəнінде қалыптасып келе жатқан Жаңа
Қоғамдық Келісімнің айғағы еді. Елбасы
Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Францияға
сапарында Парижде осы Хартияның жиырма
жылдық мəжілісіне қатысып, онда сөз сөйлеп,
мынандай мəселеге баса көңіл аударды: “Париж
Хартиясының қабылдануы жарты ғасырға жуық
уақыт бойы Батыс пен Шығыс блоктарының
текетірескен дəуірі – “қырғи-қабақ соғыс”
кезеңінің аяқталғанын паш етті. Хартия Еуро-
паның қауіпсіздік саясатындағы жаңа кезеңді
ашып берді. Ол халықаралық қатынастарда на-
ғыз əріптестік, ынтымақтастық жəне өзара кө-
мек рухын қалыптастыруды сапалық өзгеріс-
терге жеткізді. Бұл құжатта Еуропаның ХХІ
ғасырдағы
болашағының
тұжырымдамасы
айқындалды. Сенім, демократия, құқық жəне
адам бостандығы, тұрақтылық пен қауіпсіздік,
міне, Хартия қол қойған барлық мемлекеттер
мойындаған басты құндылықтар осылар. Сол
кезеңде қабылданған басқа да құжаттармен
қатар, Париж Хартиясы тап бүгінгі Еуропадағы
қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының
құрылуына ықпал жасады. Ол Ұйымның шешу-
ші құрылымдары мен институттарының құры-
луының жəне іс-əрекеттері құқықтық базасының
бір бөлігі болды”, дей келе Ұйымның үш өл-
шеміне тоқталды. Олар, əскери-саяси бағыттағы
“Корфу үдерісі”, экономикалық-экологиялық
мəселелер жəне гуманитарлық өлшем.
Əрине, Париж Хартиясы “қырғи-қабақ соғыс-
қа” нүкте қойылды деп шешім қабылдағанымен,
Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
5
социалистік лагерь өмір сүруін əлі де тоқтатпаған
болатын. Бірақ, 1990-жылдары социалистік
лагерьдің негізгі отаны – Кеңестер Одағында
түбегейлі экономикалық, əлеуметтік, идеоло-
гиялық жəне мəдени қозғалыстар жүріп жатты.
Ендігі жерде ескіше өмір сүруге болмайды деген
саяси ұрандар да жазушылардың, кинорежиссер-
лердің, журналистердің ауыздарынан шығып елге
таралды. Дəл осындай үрдістер Қазақстанда да
орын алғаны бəрімізге мəлім. Еліміздегі рухани
мəдениет өкілдері либералдық, демократиялық
үрдісте белсенділік танытты. Халқымыздың
зиялы қауымы кеңес замандарындағы жойылған
рухани құндылықтарды, аттары аталмаған тарихи
тұлғаларды жаңғыртып, жаңару ісін қолға алды.
Бір сөзбен айтқанда, жаңаша ойлау деген түсінік
өрісінде ескілікпен, яғни тоталитарлық қоғамның
идеологиялық құндылықтарынан арылу үрдісі
басталды. Мұндай істер Еуропадағы социалистік
елдер: Польшада, Венгрияда, ГДР-да, Чехосло-
вакияда, Югославияда тым қарқынды жүрді. Бұл
елдердегі мəдени үрдістер өрісі, қарқыны жаңа
саяси шешімдер жасауды, мемлекеттік рефор-
маны қажет етті. Осындай айтулы өзгерістер
Еуропаның капиталистік деп аталатын елдеріне өз
əсерлерін тигізбей қойған жоқ. 1990-жылдары Еу-
ропа елдерінде (саяси құрылымына қарамастан)
ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің, саясат-
керлердің, жазушылардың, журналистердің бір-
біріне барып келу қарым-қатынастары əбден
орнықты. Осындай қуатты мəдени үрдістердің
нəтижесінде “қырғи-қабақ соғыс” саясаты қа-
жетсіз іске айналды. Сондықтан, Париж Хар-
тиясының “қырғи-қабақ соғысқа” осы жолы нүкте
қойылды дегені тарихи шындық болатын.
Бұл мəселенің тағы бір ескеретін жағы бар.
Ол – адамзат тарихындағы ХХ ғасырдың бет-
пердесі. ХХ ғасыр жаһандық қырғын-соғыстар-
мен, революциялармен, төңкерістермен, бүлік-
шілдікпен басталды. Ғасыр басынан басталған
жаһандық соғыс дүние жүзінің барлық елдерін
қамтып, 1950-жылдары ғана аяқталды. Солай
бола тұра капитализм идеологтарының ойлап
тапқан (Уинстон Черчилльдің 1946 жылғы
Фултондағы сөзі) “қырғи-қабақ соғысы” баста-
лып кетті. “Қырғи-қабақ соғыс” мылтықсыз
майдан болғанымен, адамзат баласына қауіп
төндіріп, оны жар жағасына тақап қойды.
“Қырғи-қабақ соғыс” кезінде əсіресе АҚШ пен
КСРО əлемде теңдесі жоқ сутегілік қару-
жарақтарға қолдары жетіп, бүкіл адамзат тағды-
рын ядролық соғыспен біржола шешіп тастай-
тын жағдайға жетті. Осы аса қауіпті жағдайды
жанымен
сезген
Еуропаның
көрнекті
ғалымдары Альберт Эйнштейн, Бертран Рассел,
т.б. ғалымдар əлемге жаңаша ойлау принцип-
терін ұсына бастады. Бұл мəдени үрдіс Батыс
Еуропадағы қалыптасқан жаңа либералдарға
əсер етті. 1960 жылдары Еуропаның капиталис-
тік елдерінде жаппай студенттік қозғалыстар
орын алды. Оның рухани көсемдерінің бірі
Герберт Маркузе болды. Бұлардың наразылық-
тары тегін кетпей 70-80 жылдары билік басына
келгендердің көзқарастарына шешуші əсер етті.
Мысалы, Германияның социал-демократиялық
партиясының төрағасы Вилли Бранд болған
кезде, осы қозғалыс өкілдері партия қатарына
еніп, оны радикалдандыру жұмысымен айна-
лысқаны шындық. Осы бағыттағы саяси
істердің нəтижесінде Вилли Бранд 1971 жылы
Нобель сыйлығының лауреаты болды. Сөйтіп,
Еуропаның саяси элитасының ішінде “қырғи-
қабақ соғысты” жүргізудің қажеттілігі жоқтығы
аңғарыла бастады. Себебі, ХХ ғасыр адамзат
баласына адам айтқысыз мол қасірет əкелді. Ол
Еуропада кеңінен өріс алған экзистенциалистік
философиялық ілімнің əдебиет пен өнер сала-
сында кеңінен өріс алуына мүмкіндік жасады.
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі француз
Альбер Камю Нобель сыйлығының лауреаты
болды. Ізгілік философиясы, дүниетанымы жа-
ғындағы Еуропа ойшылдары, мысалы, Альберт
Швейцер (ол да Нобель сыйлығының лауреаты),
т.б. гуманистер ХХ ғасырдың адамзат тарихын-
дағы орны, сол ғасыр ішіндегі Еуропаның
тарихи орны деген мəселелерге баса көңіл
аударды. Ендігі жерде ғасыр басынан басталған
жаһандық катаклизмдерді қайталаудың еш
қажеті жоқтығы анықталды. Соның нəтижесінде
Париж Хартиясы еуропалық қоғамдық сана-
дағы, саясаттағы, мəдени үдерістегі позитивтік
жағдайларды анықтап берді.
Бұл мəселеге жəне де қосарым, Қытай жа-
бық қоғамнан ашық қоғамға өтті. Сөйтіп,
экономикалық жағынан əлсіз Қытай əлемдік
деңгейдегі қуатты елге айнала бастады. Дэн
Сяопин ұстанған саясатында нарықтық жағдай-
ларды жетілдіре отыра социалистік құндылық-
тардан бас тартқан жоқ. Қытай тəжірибесі
əлемнің саясатшыларының алдына дилемма
қойды. Капитализм мен социализмнің тə-
жірибеде бір елде қатар өмір сүруі туралы
теориялық даярлық жоқ болатын, бірақ Қытай
нарықтық қатынастарды жетілдіре отыра өзге
елдермен бейбіт қарым-қатынас жасауды
мейлінше өрістете түсті. Бұл да “қырғи-қабақ
соғысқа” қарсы жүргізілген саясат болатын.
Сөйтіп, адамзат баласы бейбіт өмір сүру тəрті-
біне көшуді шындап қолға ала бастады. Ендігі
жерде жаңа түсінік, жаңаша ой, жаңаша əлемдік
архитектура қажет болды. Осыны анық түсінген
Париж Хартиясын дүниеге əкелушілер болашақ-
қа үмітпен қарау саясатын жария етті.
* * *
Ұйымның үшінші отырысы Хельсинкиде
1992 жылы 9-10 шілдеде өтті. Менің ойымша,
нағыз Жаңа Заман мəселесі осы Хельсинки ІІ-де
6
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
бас көтерді. Бұл кезде əлемнің саяси картасы
мүлде өзгерген болатын, алып империя КСРО-
ның орнына 15 тəуелсіз мемлекет орнады. Олар
Ресей, Белоруссия, Украина, Қазақстан, Қыр-
ғызстан, Грузия, Əзірбайжан, Өзбекстан, Тəжік-
стан, Түркіменстан, Армения, Молдова, Литва,
Латвия, Эстония. Бұрынғы Югославияның
орнына Сербия, Черногория, Хорватия, Сло-
вения, Босния жəне Герцеговина, Косово өмірге
келді. Екі Германия бірігіп, Герман Фе-
деративтік Республикасы болды, Чехословакия
Чехия жəне Словакия болып бөлініп, дербес
мемлекет атанды. Ендігі жерде Ұйым немен
шұғылдануы керек деген əңгіме ашық айтыл-
маса да негізгі əңгіме арқауы болды. Ұйымның
əуел баста Хельсинки І-де болған мəжілісінде
АҚШ пен КСРО-ның жанталаса қарулануын
тоқтату мəселесі болатын. Бұл іс толық шешіл-
месе де біршама жетістіктерге жетті. Ендігі
жерде Варшава шарты əскери, саяси блок
ретінде таратылды, ал НАТО болса өмір сүруін
тоқтатпады. Осы кезден бастап Ұйым жаңа та-
қырыптар іздей бастады. Олар адам құқы,
этностық азшылық, дін, т.б. мəселелер. Əрине,
бұл мəселелер өте маңызды, бірақ олардың бəрі
дерлік ұлттық заңнамаларда əр елдің дəстүріне,
қоғамдағы пікірлерге қатысты қарастырылып,
жүргізілетін іс-шаралар.
Алайда, осындай жағдайда Ұйымның кейбір
өкілдері қосарланған стандарт мəселесімен
айналысып кеткенін айтпасқа болмайды. Ол
туралы осы жылғы 29-30 маусымда Астанада
өткен Ұйымның төзімділік пен кемсітпеушілік
жөніндегі конференциясында Елбасы Нұрсұл-
тан Назарбаев былай деді: “Біз гуманитарлық
мазмұндағы өткір мəселелермен бетпе-бет
келгенде, салиқалылықпен болашақ туралы
ойлануымыз керек. Ұйымның қызметінде гума-
нитарлық мəселелер өте маңызды жəне оларды
бір тақырыптың төңірегінде ғана шектеуге бол-
майды деп санаймыз. Түрлі аймақтардағы толе-
ранттылықтың оң тəжірибелерін зерттеп жəне
оны таратуда қосарланған стандарттарсыз жал-
пыға ортақ ыңғайлыларын жасауға жұмы-
луымыз керек деп санаймын. Бүгінгі күні
Ұйымның далалық миссияларының іс-əрекетіне
ыждаһатты тексерістер жасайтын уақыт келді
деп санаймыз”.
Ұйым жұмысындағы қосарланған стандарт
туралы 2006 жылдың 5 желтоқсанында Ресей
Федерациясының Сыртқы істер министрі
Сергей Лавров тұңғыш рет егер Ұйым өзінің
саясатын адам құқын сақтау мониторингінен
əскери-саяси жəне экономикалық мəселелерге
қарай бағыттамаса, Ресейдің бұл Ұйымнан
шығу мүмкіндігі барын жария етті. 2007 жылы
26 қарашада Ресей, Қазақстан, Белоруссия,
Армения, Қырғызстан, Өзбекстан Ұйымның
қарарының шешіміне демократиялық институт-
тар мен адам құқы туралы жұмыстарына белгілі
дəрежеде шектеу қою туралы ұсыныс жасады,
бірақ 30 қарашада Ұйым бұл ұсынысты қабыл-
дамады. 2007 жылдың 16 қарашасында Ұйым
Ресейде өткен Парламенттік сайлауға Демокра-
тиялық институттар жəне адам құқықтары
жөніндегі бюросының байқаушыларын жібер-
меді. Бұл бюро 2008 жылғы 7 қаңтарда
Ресейдегі президенттік сайлауға да байқау-
шыларын қатыстырмады. Бұл мəселелердің
астарында қосарланған стандарттың салқыны
жатты. Сондықтан Ұйымның өзінің мақсат-
міндеттерін анықтау үдерістерінде көпшіліктің
талқысына салатын мəселелері баршылық,
əрине. Ұйым өзінің негізгі мақсатын жоғарыда
Елбасы атап көрсеткен үш өрісте жүргізіп,
əсіресе экономика мен экологияға жəне “Корфу
үдерісіндегі” көтерілген мəселелерге басым-
дықтар берсе дұрыс болар еді. Олай дейтініміз,
демократиялық жағдайлар мен адам құқығы
туралы тəуелсіз елдерде əлемдік заңнамалық
контексте, халықаралық қабылданған деклара-
цияларға, келісімдерге негізделіп жасалған
ұлттық заңнамалар жеткілікті. Қазақстан туралы
айтатын болсақ, біздің Парламентте қабылда-
нып жатқан адам құқығына қатысты заңнама-
лық мəселелердің халықаралық заңнамалық
құқықтық нормаларына қайшы еместігін сарап-
шылар нақтылы дəлелдермен айтуда, демек,
Ұйым халықаралық демократиялық жəне адам
құқығына қатысты мəселелерді бақылау мақ-
сатында жүргізген саясатында əрбір елдің ішкі
мəселесіне қатысты жайларды ескерулері керек.
Жоғарыда келтірілген Хельсинки І-де қабыл-
данған он қағиданың бірі – елдің ішкі істеріне
араласпау болатын. Сірə, осындай мəселелер
Астана Саммитінде де əңгіме арқауы болары
қажеттілік демекпін.
* * *
Астана Саммитіне дайындық кездерінде
ТМД жəне еліміздегі сарапшылар Қазақстанның
Ұйымды нығайтудағы, оның беделін өсірудегі
мынандай істерін баса айтуда. Бірінші –
Қазақстан Ұйымға төрағалығы кезінде оның
жұмысына жаңа Еуразиялық өлшемді ұсынды.
Еуразиялық өлшем туралы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев “Euronews” телеарнасының тілшісі
Константино де Мигельге берген сұхбатында
“Мен “Еуразиялық” анықтамасын кездейсоқ
қолданып отырған жоқпын, өйткені, бүгінде
еуропалық немесе азиялық қауіпсіздік туралы
бөле-жара айтуға болмайды. Қазіргі заманғы
қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерді қаперге
алатын болсақ, Ұйымға қатысушы бірқатар
елдердің аумағы Азияда орналасқан, ал Қазақ-
стан төрағалығы еуроатлантикалық жəне
еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік туралы
əңгіме қозғап жүр”, деді. Бұл мəселе Астана
Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
7
Саммитінде жан-жақты талқыланады деген
ойдамын.
Екіншіден – Қазақстан Ұйымға төрағалығы
кезінде бір жылдың ішінде Ұйымның барлық
істеріне белсенді түрде атсалысып, ерекше
белсенділік көрсетті. Ұйымның Іс басындағы
төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер
министрі Қанат Саудабаев барлық қауіп-
қатерлі, гуманитарлық көмекті қажет етіп
отырған аймақтарға барып, кешенді келіссөздер
жүргізіп қайтқаны жұртшылыққа мəлім.
Үшінші – Қазақстан Ұйымға төрағалығы
кезінде бұрын айтылып, бірақ кейінгі жылдары
консервацияға
түсіп
қалған
аймақтармен
белсенді түрде жұмыс атқарды. Ол Таулы
Қарабақ мəселесі, бұл Армения мен Əзірбайжан
арасындағы келіспеушілік, ол Молдавиядағы,
Ауғанстандағы, Косоводағы мəселе. Атам
заманнан белгілі философия бар. Ол – қауіптің
алдын ала білу, сол үшін амалдар жасау. Менің
есіме 1988 жылғы 28 наурыздағы сол кездегі
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төраға-
сы Андрей Громыконың қол қойған қаулысы
түсіп отыр. Бұл қаулыда Таулы Қарабақ автоно-
миялық облысында орын алған этностық
қақтығыстар туралы сол кездегі он үш одақтас
республика алаңдаушылық білдірген еді. Бірақ
сол шешім өзінің нақтылы күшіне еніп, жағдай
дұрысталмады. Келер қауіптің алдын алу амал
шаралары толық жасалмады, əрине оның объек-
тивті жəне субъективті себептері болды. Əйтсе
де қауіп сақталып қалды. Кейін келе Таулы
Қарабақ аймағында қантөгіс орын алды. Көп
адам құрбан болды. Бүгінде бұл – Əзірбайжан
мен Армения арасындағы ең басты даулы
мəселе. Таулы Қарабақ оқиғасына қатысты ең
ауыры Армения жəне Əзірбайжан елдерінде
“этностық тазалау” шаралары жүргізілді.
Төртіншіден, Қазақстанның ерекше атқа-
райын деп отырған қызметі – ол Ыстамбұл
саммитінен
кейін
ұйымдастыруы
мүмкін
болмай кеткен саммитті Астанада шақыру. Бұл
– Қазақстанның Ұйым тарихындағы сапалық
жұмысы, əрі Ұйымның тарихында қалатын
қызметі.
Бесіншіден, Ұйымның Астана Саммиті
арқылы Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев
Қазақ елін əлем жұртшылығына айқара ашып
отыр. Бұл – кезіндегі Дэн Сяопиннің “Бір ел –
екі жүйе” деп Қытайды əлемге ашқаны сияқты
тарихи оқиға.
Алтыншыдан, Астана Саммиті Қазақ елінің
əлемдік өркениет үрдісіне еніп, нарықтық
қатынастардың кең өріс алуына жасалып
отырған аса маңызды саяси алғышарт, оны
отандық бизнес өкілдері тиімді жəне тиісті
дəрежеде пайдаланады деген ойдамын.
Жетіншіден, Астана Саммиті отандық,
қоғамдық, гуманитарлық білім салаларына өріс
ашып, тың ұғымдар қалыптастыруда. Қазіргі
заманның жаңаша ойлау қағидалары негізінде
жаңа философия қалыптаспақ. Бұл жаңа
философия Астана Саммитінен кейін толығып,
тың көзқарастар жүйесін түзбек. Оларды ой-са-
намызға салып, жаңа адамдық өлшемдер
негізінде дінге, өркениетке, мəдениетке, сая-
сатқа, т.б. мəселелерге қатысты тың зерттеулер
жасалмақ. Бұл жерде менің ерекше назар
аударып айтпағым, Президент Назарбаевтың
Астана қаласында өткен Ұйымның жоғары дең-
гейдегі төзімділік пен кемсітпеушілік жөніндегі
конференциясында сөйлеген сөзіндегі ұсынған
жаңа ұғымдары туралы. Бұл жерде мен көпшілік
назарына толеранттылық деген ұғымның
мағынасына қысқаша тоқталмақпын. Толерант-
тылық деген ұғымды тек қана төзімділік деп
түсіну біржақты пікір. Ертеректе толерант-
тылықты биологияда, медицинада жəне саясатта
тек төзімділік немесе амал іздеушілік деген
мағынада қолданып келген. Қазіргі заманның
жаңа саясатында Елбасы бұл ұғымның мəн-
мағынасын
мейлінше
толықтырды.
Осы
конференцияда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан
Əбішұлы былай деді: “Өздеріңіз білетіндей,
Қазақстанның Ұйымға төрағалығының басты
бағыты – толеранттылықпен қатар сенім, дəстүр
жəне транспаренттікке негізделген”. Бұл жерде
толеранттылықты сенім арқылы анықтап отыр.
Төзімділік болғанда елдердің арасындағы
қарым-қатынаста, саяси топтардың арасындағы
қарым-қатынаста, саяси тұлғалардың арасын-
дағы қарым-қатынаста төзімділік болу үшін
міндетті түрде сенім керек. Сенім болмаған
жерде толеранттылық қажетті нəтиже бермейді.
Сенім – аса қуатты капитал. Сенім болмаған
жерде қалайша толеранттылық болмақ. Міне,
осы мəселені Президент теориялық мəнісінде
жəне саяси үрдісте нақтылы қойып отыр.
Сонымен бірге, Елбасы Ұйым жұмысында
дəстүр дегенді енгізіп отыр. Бұл – бұрын Ұйым
жұмысында болмаған ұғым. Бірақ дəстүрді ол
транспаренттік, яғни ашықтық арқылы түсіну
қажеттігін ұсынған.
Президент толеранттылықтың қазақстандық
үлгісі туралы айта келе, оның мынадай
жақтарын ашып көрсетті. “Біріншіден, біздің
үлгінің өзегіне қазақ халқының сан ғасырлық
тарихында қалыптасқан төзімділік, шыдам-
дылық, қонақжайлылық, өзге халықтарға, мəде-
ниеттер мен діндерге құрмет сияқты қасиеттері
алынды. Екіншіден, тəуелсіздік жылдарындағы
Қазақстанда төзімділік саяси мəдениеттің
нормасы ғана емес, жалпы мемлекеттік
саясаттың өзекті қағидасы болды. Ұйым кеңіс-
тігінде Қазақстанда тұңғыш рет айрықша қоғам-
дық институт құрылды. Қазақстан халқы Ассам-
блеясы деп аталатын бұл институт қазір түрлі
этностық топтар мен діни конфессиялардың
8
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
мүдделерін тоғыстыратын табысты үнқатысу
алаңына айналды. Үшіншіден, төзімділіктің
қазақстандық саясаты алғашқы кезден-ақ ішкі
өлшемдермен қатар, сыртқы өлшемдерді де
ескеріп отырды. Осындай жағдайлардың арқа-
сында Қазақстанның төзімділік мəселесі жөнін-
дегі саясаты айнымайтын бірізді, болжамды
жəне де “қосарланған стандарттан” ада. Сон-
дықтан да Ұйымның көптеген елдері Қазақстан-
ның “қиын түйінді кикілжіңдерді” шешуде
араағайын болуын қалайды. Төртіншіден,
Қазақстан өркениеттер арқылы үнқатысулардың
белсенді жақтаушысына айналып отыр”. Біздің
еліміз толеранттылықтың ерекше үлгісін көрсе-
туде, оның дəлелі біз Батыспен де жəне Мұсыл-
ман əлемімен де саяси-мəдени байланыстамыз.
Биылғы жылғы Ұйымға төрағалық қызметінен
кейін, Қазақстан 2011 жылы Ислам Конфе-
ренциясы Ұйымына төрағалық етеді. Сонымен
бірге, біздің ел Өркениеттер альянсы достары
тобының мүшесі. Мұның бəрі Қазақ елінің шын
мəніндегі ашық қоғам ретіндегі саяси-мəдени,
өркениеттік бет-пердесінің айқын көрінісі.
* * *
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі
жылдың қазан айындағы Францияға сапарында
осы елдің Сыртқы жəне еуропалық істер
министрлігінің ғимаратында өткен Париж
Хартиясының 20 жылдығы мен Қазақстанның
Ұйымға төрағалығына байланысты конферен-
цияға қатысып сөз сөйледі. Бұл айтулы жиынды
– Париж Хартиясының 20 жылдығына арналған
салтанатты мəжілісті Францияның Сыртқы жəне
еуропалық істер министрі Бернар Кушнер
кіріспе сөзбен ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан
басшысының бұл жиынға қатысып отырғанын
мəртебелі іс деп атай келе, Париж Хартиясының
20
жылдық
тарихына,
соған
қатысты
Еуропадағы жəне əлемдегі айтулы оқиғаларға
шолу жасап өтті. Ол Берлин дуалының құлап,
біртұтас Германия мемлекетінің қалыптасуына
осы Париж Хартиясының игі əсері болғанын
атап көрсетті. Алайда кейінгі 20 жылда Ұйым-
ның атқаратын істері, шешетін өзекті мəселелері
жеткілікті. Ол Молдавиядағы жағдайлар, Арме-
ния мен Əзірбайжан арасындағы мəселелер,
бірақ олар Астана Саммитінде өз шешімін таба-
ды деп сенім білдірді. Бұл жиында Францияның
бұрынғы президенті Валери Жискар д’ Эстен,
Германияның бұрынғы Сыртқы істер министрі
Ханс-Дитрих Геншер, Францияның бұрынғы
Сыртқы істер министрі Ролан Дюма Астана
Саммитіне үмітпен қарайтындықтарын жасыр-
май айтты. Бұл саяси тұлғалар кезінде Париж
Хартиясының өмірге келуіне жəне оның маңыз-
ды мəселелерінің саяси тəжірибеге айналуына
белсенді қызмет еткен саясаткерлер болатын.
Осы жағдайларды еске ала отырып, келешек
туралы бір сəт ойлансақ, 2030 жылы Астана
Саммитінің 20 жылдығына арналған халықара-
лық дəрежеде конференция, не мəжіліс өтері
хақ. Бұл салтанатты мəжілісте айтылар сөздер
жеткілікті болмақ. Бүгінгі шешімі табылмаған
Ванкуверден Владивостокқа дейінгі алып кеңіс-
тіктегі ондаған елдердің саяси жағдайларының
қандай векторлармен өрбитінін, бір сөзбен
айтып сəуегейлік жасау қиын. Бірақ, бір мəселе
анық, ол осы Астана Саммитінде айтылатын,
талқыланатын жəне тиісті шешімдер қабылда-
натын өзекті мəселелердің позитивтік бағытта
өріс алары шындық. Астана Саммитінің 20
жылдық мəжілісінде, сол заманның əңгімеле-
рімен бірге, екі символдық тақырыптың болары
анық. Оның бірінші тақырыбы əлемді шарпыған
қаржы дағдарысы заманында Ұйымға мүше 56
мемлекеттің
басшыларын
жинап
саммит
өткізуді ұйымдастырған Қазақ елінің, Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи ерлігі, ең
ерекше еңбегі болса, екінші тақырып Астана
Саммиті, яғни осы жас қаланың тарихи
мəртебесі жəне əлемдік саясаттағы орны туралы
болмақ.
Иншалла, соған Қазақ елі басы бүтін, елі
көркем, құт-берекелі болып жетсін деген
тілегіміз бар.
К.Х. Капанов
ПРОБЛЕМА КОНТРОЛЯ НАД БЮРОКРАТИЕЙ – СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА
Наука – это не только стремление к истине,
к пониманию того, «как есть», к осознанию
фактов жизни, но в равной мере и стремление к
ответу на вопрос «почему именно так» все
происходит? [1]
Вместе с тем надо полагать, что
формулировка базовой стратегии исследования
власти стала более емкой: «Кто правит,
где (в
каких общностях), когда (при каких условиях) и
с какими результатами» [2]. Исследователи
обращают внимание, что демократизация
политической системы невозможна без подлин-
Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
9
ной демократизации государственной бюро-
кратии, то есть придания госслужбе более
открытого
и
подконтрольного
обществу
характера
. И это при том, что контроль над
бюрократией дается политической системе все
труднее и труднее [3].
Дело в том, что государство и другие
бюрократические структуры как бы поглощают
политическое сообщество, реально не имеющее
механизмов своей независимой от бюрократии
политической самоорганизации.
Кроме того,
существует проблема вторжения администра-
ции в сферу деятельности политики, а админи-
стративный аппарат становится
не прозрачным
даже для высшего политического руководства и
самого себя.
В общем, возросла политическая
роль бюрократии всех уровней, она взяла под
контроль одну из ключевых функций политики
–
целеполагание,
определение
стратегии
развития страны. Однако, от них требуется
беспристрастность, «нейтральность» и участие в
рамках своей «компетентности». Это означает,
что они должны предоставить свое знание
предмета и практического опыта для разреше-
ния актуальных в данный момент проблем.
Бюрократия частично приватизировала функции
государства, поставив их себе на службу.
Сегодня фактически оставлено одно правило:
власть превыше всего, а власть – это чиновник
[4]. Это власть бюрократической буржуазии, а
также
буржуазии
торгово-ростовщической.
Причем, бюрократия относится к власти как к
бизнесу. Должности стали объектом купли –
продажи, своего рода рыночным товаром,
имеющим определенную цену. Номенклатура в
основном живет на политическую ренту.
Современные политические институты есть
собственно механизм самоорганизации и реали-
зации интересов новой бюрократии и номен-
клатуры, поддержания ее экономического и
политического господства. Бюрократия со-
циально
подпитывает
институциональную
структуру и заинтересована в ее стабильности и
эффективности [5]. На месте относительно
целостной (тотальной) системы возникло мно-
жество частных, корпоративных и групповых
образований со своими частными, корпора-
тивными и групповыми целями и интересами
[6].
Исследователи полагают, что субъектом
власти должен быть народ, а субъектом
управления административная элита. Надо
отметить и то, что от государства уже не
следует ожидать выполнения большинства
функций, когда-то считавшихся смыслом
существования национально-государственных
бюрократий.
Власть в наши дни глобальна и
экстерриториальна; политика территориальна и
локальна, она становится все более
оторвана от
политики,
и
свободно перемещается со
скоростью электронных сигналов. Но главное,
политика
не имеет другого представителя,
кроме государства.
В свою очередь, большин-
ство действий правительства осуществляется
через бюрократию. Эти люди могут принести
как пользу, так и ущерб. Уместно вспомнить
Фридриха Великого: дурные законы в руках
хороших исполнителей – хороши; самые
лучшие законы в руках дурных исполнителей –
вредны. Для бюрократической элиты же
абсолютной ценностью является власть, преус-
певание и личный успех. По словам авторитет-
ного эксперта, глубокий индифферентизм власт-
ных групп современной элиты к идее развития
поистине катастрофичен, ибо именно они в лице
симбиоза высшей бюрократии и ведущих
политико-финансовых кланов... призваны быть
субъектом стратегического целеполагания [7].
Эксперты выделяют следующие аппаратные
болезни: современный руководитель – это
начальник – менеджер, которому вообще не
обязательно самому содержательно разбираться
в проблемах и которому все равно каким
направлением руководить – менеджерить
(«менеджеризация» аппарата в полном разгаре);
в аппаратном мире кресло красит человека, а не
наоборот;
неэффективное
использование
потенциала сотрудников; виртуализация успе-
хов (реальность подчиняется целесообраз-
ности); путают должностной авторитет с
личным авторитетом; грибоедовское «служить
бы делу, а не лицам»; ответственность распре-
деляется сверху,
превращаясь из гражданского и
служебного долга в наказание; власть мыс-
литься именно как господство (власть одного
человека
над
другим)
которое
следует
трактовать не как власть, а как злоупотребление
властью; тот,
кто пишет правила, сам им
может
не следовать; двойственность норм аппаратной
морали – для начальства и рядовых, для
приближенных и остальных; символом статуса
стала степень недоступности; в госуправлении
резко возросла роль посреднических звеньев,
«нужных людей»;
вместо поиска баланса
твердости и гибкости, дисциплины и инициа-
тивы иерархических и сетевых принципов в
государственных структурах резко возросли
иерархичность и жесткость; [8]
слишком
большое внимание уделяется защите чести
мундира; преобладает корпоративный дух;
управление непрозрачно, высшее руководство
убеждено, что только им присуща объектив-
ность и способность определять, в чем состоит
существо государственных интересов; государ-
ственная служба утрачивает ранее присущее ей
принципиальное служение государственному
интересу, общественному долгу; низкие стан-
дарты политической этики.
Более того,
значительная
Достарыңызбен бөлісу: |