29
7. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІК
7.1 Энергия
«НКОК» компаниясының өндірістік операциялары
электр энергиясымен, жылумен және бумен
жабдықтауға қатысты автономды орындалады.
Жанама шығарындылар Баутин базасы және Атырау
оқу орталығы сияқты қосалқы нысандар үшін электр
энергиясын сатып алу салдарынан болады. «НКОК»
компаниясының операциялары кезінде
2015
жылы
пайдаланылған энергияның жалпы көлемі
645 ГВт/сағ
немесе
2,32
млн. гигаджоуль (ГДж) құрады, олардың
ішінде
10,2 ГВт/сағ
немесе
0,37
млн. ГДж импортталды
(сатып алынды).
Келешекте «НКОК» компаниясы энергияның оңтайлы
пайдаланылуын қамтамасыз етуге арналған нұсқау
ретінде энергияны пайдалану қарқындылығы (өндірілген
өнім бірлігіне шаққандағы энергияның пайдаланылуы)
туралы есеп ұсынуды жоспарлап отыр.
«НКОК» компаниясы өнім өндірудің қалыпты деңгейіне
шыққаннан кейін өз нысандарына энергоаудит жүргізуді
жоспарлап отыр.
НКОК өндірістік нысандарының өз энергетикалық
қажеттіліктері өңделген газдың шағын мөлшері
есебінен толық қанағаттандырылатынына қарамастан,
біз баламалы немесе жаңғыртылатын энергия көздері
экономикалық және техникалық тұрғыдан алғанда
қолайлы болатын (мысалы, шалғай нысандарда, электр
энергиясы автономды өндірілетін нысандарда немесе
қосалқы нысандарда) энергия қолданудың тар шеңберлі
салаларын іздестіруді жалғастырудамыз.
7.2 Газды алауда жағу
«НКОК» компаниясы жұмыстың штаттық
режимінде алауда газ жақпау саясатын ұстанады.
Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі жобасы бастапқыда
жұмыстың штаттық режимінде газдың алауда жағылуын,
яғни мұнай-газ жобасы шеңберінде мұнай өндіру
барысында табиғи газдың артық мөлшерін «қалыпты»
кәдеге жаратудың басқа үнемді тәсілі көзделмеген кезде
оны жағуды есепке алмай әзірленген болатын. Қашаған
кен орнын игерудің І кезеңінде өндірілген газдың барлық
көлемі өнім өндірудің қалыпты деңгейіне шыққаннан
кейін қойнауқатқа кері айдалады, отын ретінде
пайдаланылады немесе сатуға жіберіледі. Дей тұрғанмен,
мұнай өндіру операцияларын орындау барысында
техникалық сипаттағы уақытша себептерге байланысты
(мысалы, қосу-реттеу жұмыстары, газдың аздаған
мөлшерінің ысырма арқылы алау коллекторларына
шығуы немесе пайдалану жұмысындағы істен шығулар
кезіндегі біржолғы алауға шығарылуы) өңдеуге мүмкін
болмайтын газды жоюдың анағұрлым қауіпсіз және
тиімді тәсілі ретінде оны алауда жағу қажет болады.
Осындай жағдайларда алауда жағылатын газ көлемі
есептеліп, есепке енгізілуде.
«НКОК» компаниясының операциялары барысында
алауда жағылған (күкіртті емес) көмірсутегі газының
жалпы көлемі
2015
жылы
6,3 млн. ст. м
3
(стандартты
текше метр)
құрады.
Жағдайды талдау:
Баламалы көздерден
өндірілетін энергия
«НКОК» компаниясының
парник газдар және
энергия тиімділігі
жөніндегі инженері
Мұхтар Қошқарбаев
2015 жылғы
қыркүйек айында
Лондон қаласында
өткен студенттердің
халықаралық «Sustain the Future» атты
олимпиадасында марапатқа ие болған
жұмысын ұсынды. Қошқарбаев мырзаға жеңіс
әкелген жобада күн мен жел энергиясын,
сонымен қатар қалдықтарды өртеу кезінде
бөлінетін энергияны өндіру нысандарын
Атырау қаласындағы қатты қалдықтар
өңдейтін кәсіпорында пайдалануға арналған
тұрақты гибридті жүйеге біріктіру көзделген,
бұл парник газдардың шығарындыларын
іс жүзінде азайтуға мүмкіндік береді.
Қошқарбаев мырзаның айтуынша, оның басты
мақсаты техникалық тұрғыдан алғанда жүзеге
асыруға болатын, пайдалану сенімділігі мен
тұрақтылығын қамтамасыз ететін, сонымен
қатар Атырау халқы мен инвесторлар үшін
өзара тиімді жоба ұсыну болды. Жарыс
демеушілері «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің
ұйымдастырушылары мен Қазақстан
Республикасының Ұлыбританиядағы елшілігі
болды.
D аралындағы алау мұржасы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
30
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШІН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАР
Қашаған кен орнын игерудің І кезеңіндегі пайдалану мерзімі ондаған жылдарды құрайды.
Осы жобаның акционерлері Қазақстан Республикасына салықтар мен өнім өндіру
көлеміндегі үлес түрінде миллиардтаған долларға тең тікелей табыс береді деп
күтілуде.
Солтүстік Каспий жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері Қазақстан жалпы алғанда
1 085 млн. АҚШ
долларын
СКӨБК бойынша бонустық төлемдер ретінде алды.
Шетелдік тікелей инвестициялар бойынша ең ірі жоба болып табылатын Солтүстік Каспий жобасының
экономика үшін күшті ынталандырғыш әсері бар, ол Қазақстан азаматтарына жұмысқа орналасу
мүмкіндіктерін беріп, жергілікті компаниялардың дамуына жол ашады. 2010 жылы жобаның І
кезеңіндегі құрылыс жұмыстарының шарықтау кезеңінде мердігер ұйымдардың персоналын
қосқанда 42 000-нан астам адам тартылды, бұл оны жұмыс орындары бойынша елдегі ең ірі жобаға
айналдырды. «НКОК» компаниясы бүгінгі таңда да Атырау және Маңғыстау облыстарындағы негізгі
жұмыс беруші болып қалуда.
2004 жылдан бастап 2015 жылға қараған шақта
жергілікті жабдықтаушыларға
тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген төлемдердің жалпы сомасы
12,6 млрд. АҚШ долларынан асты
.
Маңғыстау мен Атырау облыстары сонымен бірге НКОК қаржыландырған әлеуметтік және
инфрақұрылымдық жобалардан пайда алды. Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі жобасы жүзеге
асырыла бастағаннан бері аталған жобалардың жалпы құны жарты миллиард АҚШ долларынан асты.
Жоғарыда аталған және басқа да экономикалық және әлеуметтік пайдалар келесі тарауда анағұрлым
толығырақ сипатталады.
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
31
9. ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛА
Қазіргі уақытта Қашаған кен орнын игеру жобасы шеңберінде жергілікті халықтың
тұрмыстық деңгейін көтеруге тікелей жұмсалған қаражат көлемі жарты миллиард
АҚШ долларынан асады.
9.1 Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар
Солтүстік Каспий бойынша ӨБК шеңберінде «НКОК» компаниясы жыл сайын әлеуметтік және
инфрақұрылымдық жобалардың дамуына белгілі бір бюджет бөледі. Осы бюджеттің
2015
жылғы
мөлшері
50 млн. АҚШ долларын
құрады. Бұл қаражат мектептер, балабақшалар, ауруханалар, спорт
нысандарын салу, сонымен қатар жолдар, электр беру желілері мен су құбырлары сияқты инженерлік
қамсыздандыру жүйелері мен жергілікті халыққа пайда тигізетін басқа да инфрақұрылымдық
нысандарды салуға арналған, Солтүстік Каспий жобасы бойынша негізгі қызмет жүргізіліп жатқан
Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінеді.
1998 жыл мен
2015
жыл аралығында
160
-тан астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жоба
аяқталды.
1998 жылдан бастап
2015
ж. дейінгі аралықта әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды
қаржыландырудың жиынтық көлемі
500 млн. АҚШ долларын
құрады.
Әдетте әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды облыстық
әкімдіктер ұсынады. ӨБК мен Оператордың тұрақты даму
стратегиясының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін
ұсыныстарды «НКОК» компаниясы мен ӨБК бойынша Өкілетті
Орган талдайды; содан кейін сол ұсыныстар негізінде облыстық
әкімдіктермен тығыз қарым-қатынаста жобалар әзірленеді.
Әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар бекітілгеннен
кейін келесі кезеңдерден өтеді: жобалау және инженерлік
әзірлеу, келісімшарт беру үшін тендер өткізу, жүзеге асыру және
тапсыру-қабылдау.
Атырау қаласындағы Облыстық балалар ауруханасы
Атырау қаласындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы
Кіші Өнер академиясының жатақханасы
Маңғыстау облысының Таушық селосындағы спорт кешені
2012 жылы шығарылған «Тату
көршілік қатынасты қолдау»
кітапшасы (орыс тілінде)
«НКОК» компаниясының 2014
жылдағы жергілікті қамту жөніндегі
кітапшасы (орыс тілінде)
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
32
9.2 Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы
«НКОК» компаниясы өзінің демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы арқылы жергілікті
халықтың қажеттіліктері мен сұраныстарына тікелей көңіл бөледі. Жыл сайын Атырау мен Маңғыстау
облыстарының арасында жергілікті халықтың игілігі үшін демеушілік және қайырымдылық
шараларына 1,5 млн. АҚШ доллары тең бөлінеді. Демеушілік және қайырымдылық бағдарламасы
жергілікті халықты қолдаудың бес негізгі аспектісіне ден қояды: денсаулық сақтау, білім беру, спорт,
мәдениет және қайырымдылық.
«НКОК» компаниясының тұрақты даму бағытындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкестікті
қамтамасыз ету үшін жобалар жергілікті халықтың қатысуын көздеуі тиіс және жергілікті халық үшін
тұрақты артықшылықтарды көрсетулері қажет. Бұл жобалар саяси немесе діни ұйымдарды қолдауға
бағытталмауы тиіс, әділетсіз нарықтық бәсекеге жағдай туғызбауы керек, жергілікті қоғамдастық
пен (немесе) табиғи экожүйелердің экологиялық тұрақтылығын бұзбауы қажет. Әдетте жобаларды
жергілікті халық ұсынады, бірақ «НКОК» компаниясы да бастамашы бола алады.
2015
жылы
64
жоба (Атырау облысында – 34 және Маңғыстау облысында 30 жоба) орындалды.
Сонымен қатар 2006 жылдан бастап Атырау және Маңғыстау облыстарындағы аз қамтылған
отбасылардың балалары мен жетім балалар қатарынан 200 баланың жазғы лагерлерде демалуын
ұйымдастыруға жыл сайын 300 000 АҚШ долларына тең қаражат бөлінді. Жоба шеңберінде
балалардың лагерьде тұру шығыстары, балаларды ертіп апаратын тәлімгерлердің шығыстары және
авиабилеттердің құны төленді.
9.3 Жергілікті қамту бойынша міндеттеме
«НКОК» компаниясы жергілікті тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді барынша
молынан пайдалануға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі жобаны жүзеге асыру, бұл
ретте жергілікті кадрлардың дағдыларын дамытып, жергілікті компаниялардың
мүмкіндіктерін кеңейту бойынша міндеттеме қабылдады.
1993 жылы Қазақстанда
теңіз мұнай-газ
нысандарына қызмет
көрсету саласы іс
жүзінде жоқ болды.
Ол кезде жергілікті
деңгейде Қашаған кен
орнын игеру жобасы
сияқты ірі ауқымды теңіз
жобасын жүзеге асыруға
қажет инфрақұрылым
нысандары, жабдықтар,
кемелер мен бұрғылау
қондырғылары жоқтың
қасы еді.
Уақыт өте келе жергілікті жабдықтаушылардың, жұмыс күші мен инфрақұрылымның дамуына
қомақты инвестициялар жұмсау нәтижесінде Қазақстанда мүлде жаңа саласы құрылып, нығая
бастады. 2010 жылы жобаның І кезеңіндегі құрылыс жұмыстарының шарықтау кезеңінде мердігер
ұйымдардың персоналын қосқанда 42 000-нан астам адам тартылды, бұл оны жұмыс орындары
бойынша елдегі ең ірі жобаға айналдырды. 2014 жылдан бастап 2015 жылға қарай жергілікті
жабдықтаушыларға тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген жалпы қаражат 12,6
млрд. АҚШ долларынан асты.
[8]
2013 жылы тек Солтүстік Каспий жобасы шеңберінде жергілікті
тауарлар мен қызметтерге 1,1 млрд. АҚШ доллары жұмсалды, бұл жалпы шығындардың 30%-на
тең. D аралында орнатылған 37 000 тонналық құбыр эстакадаларының 28 000 тоннадан астамын
қазақстандық компаниялар жасап шығарған. Осы және басқа да деректер «НКОК» компаниясының
жергілікті қамтуды пайдалануға ынталылығын айғақтайды.
8 Жергілікті тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің анықтамасы ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы» заңында белгіленген Жергілікті қамтуды есептеудің бірыңғай әдістемесінде берілген. «НКОК»
компаниясы пайдаланатын
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
заңындағы жергілікті қамту
анықтамасына сілтемені қараңыз.
17
.6
%
29
.1
%
33
.9
%
32
.1
%
33
.7
%
35
.4
%
14
.7
%
27
.1
%
29
.8
%
33
.1
%
46
.2
%
27
.7
%
-
1,000,000,000.00
2,000,000,000.00
3,000,000,000.00
4,000,000,000.00
5,000,000,000.00
6,000,000,000.00
7,000,000,000.00
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
Общие выплаты и выплаты за местное содержание, 2004 - 2015 гг.
Total Payments
Payments for local GWS
Жалпы төлемдер
Жергілікті ТЖҚ үшін төлемдер
Барлық және жергілікті қамту үшін төлемдер
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
33
9.4 Жергілікті қамту: «НКОК» компаниясының
саясаты және бағдарламалары
«НКОК» компаниясы сапа мен қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сай
келетін және бағалар, сапа мен қолжетімділік жағынан
халықаралық жабдықтаушылардың материалдарымен
және қызметтерімен бәсекелесуге жарамды материалдар
мен қызметтер ұсынатын жергілікті жабдықтаушыларға
артықшылық береді.
Жергілікті қамтуға қатысты стратегиялардың жүзеге
асырылуы жергілікті компаниялардың мүмкіндіктерін
дамытуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінде ең
алғашқы кезеңдерде басталады. Жоба шеңберіндегі
инженерлік-техникалық жұмыстар мен жобалау
кезеңдерінде жергілікті жабдықтаушыларға арналған
мүмкіндіктер мүмкіндігінше жергілікті стандарттар мен
техникалық шарттарды (мысалы, МЕМСТ стандарттарын)
қолдану арқылы барынша кеңейтілді. Жоба бойынша
келешектегі қажеттіліктерді талдау да жергілікті қамту
мүмкіндіктерінің дамуын ескере орындалады және жоба
шеңберіндегі ұзақ мерзімді болжамға жинақталады.
Сонымен бірге «НКОК» компаниясы жергілікті
компаниялардың іскерлік мүмкіндіктерін анықтау кезінде
оларға көмек көрсету мақсатында, сонымен қатар
олардың «НКОК» компаниясының біліктілікті алдын ала
бағалау талаптарын орындау қабілеттерін дамыту үшін
жүйелі тәсілдеме – ұзақ мерзімге есептелген Жергілікті
қамтуды дамыту бағдарламасын әзірледі.
«НКОК» компаниясының жергілікті қамтуды
дамыту тәсілдемесі үш негізгі аспектіні көздейді:
жергілікті өнеркәсіп қуаттарын ұлғайту; кәсіби
дағдыларды дамыту және біліммен бөлісу; және
жергілікті инфрақұрылымды дамыту.
9.5 Жергілікті өнеркәсіп қуаттарын
ұлғайту
Жергілікті жабдықтаушыларды дамыту басымдықты
міндет болып табылады. Оның мақсаты – жергілікті
компаниялардың жоба бойынша әлеуетті
жабдықтаушылар ретінде біліктілік деңгейін
бағалаудан өтуі, ал анағұрлым ұзақ келешекте ішкі
және халықаралық нарықтардағы өзге тендерлерге
қатысуға қабілетті болуы үшін оларға техникалық және
басқарушылық мүмкіндіктерін жетілдіру жағынан қолдау
көрсету.
2015 жылға қараға жағдай бойынша
деректерді жаңарту: Ақтау
декларациясы
2012 жылғы 25 қыркүйекте «НКОК»
компаниясы мен басқа үш мұнай-газ
операторы («ҚазМұнайГаз», «Теңізшевройл»
және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг»
компаниялары) Қазақстандағы жергілікті
мұнай сервисін дамыту саласындағы біріккен
іс-қимылдар туралы Ақтау декларациясына
қолдарын қойды.
Ақтау декларациясының сипаттамасына
сілтеме, 2012 ж.
Декларацияға қол қойған компаниялар
келешектегі сатып алу көлемдерін талдау
және Қазақстанда жергілікті өндіріске қолдау
көрсету үшін нарықтық сұраныс жеткілікті
болатын өнімдерді немесе тауарлар мен
қызметтердің санаттарын анықтау үшін
бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.
2014 жылғы 7 қарашада ҚР Үкіметінің
қаулысымен «Ұлттық мұнай сервисі саласын
дамыту жөніндегі жол картасы» бекітілді.
Ол Энергетика министрлігіне Интернет
желісінде жабдықтаушылардың жаңа
дерекқорын («Алаш» деген атпен) енгізіп,
қазақстандық компаниялардың тегін тіркелуін
қамтамасыз ету туралы берілген нұсқауды
қамтиды. 2015 жылы НКОК және басқа да
компаниялар «Алаш» жүйесінің негізінде
жергілікті жабдықтаушыларға өз қызметтерін
жарнамалауға және осы саладағы барлық
ірі ойыншылар арасында өз қызметі туралы
хабардарлық деңгейін арттыруға мүмкіндік
беру үшін «жалғыз байланысатын буын» құру
мақсатында өздерінің жеке дерекқорларын
аталған жүйемен үйлестіру бағытында жұмыс
істеді.
Жергілікті өндірістік қуаттарды дамытуға
басымдықты ретінде анықталған тауарларға
жанар-жағар май, электр жабдықтары
(күштік кәбілдер және трансформаторлар),
бекіту-реттеу арматурасы, ернемектер мен
фитингілер, сонымен қатар құрастырмалы
металл құрылыстары (резервуарлар сияқты)
жатады. Қызметтерге техникалық қызмет
көрсету, ұңғымаларға қызмет көрсету және
қалдықтармен жұмыс істеу кіреді.
«Алаш» жүйесі салалық жаңалықтармен
алмасуға, жаңа стандарттар мен нормалар,
бірлескен кәсіпорындар құру және
қаржыландыру туралы, сонымен қатар басқа
да пайдалы қызметтер туралы ақпарат беруге
арналған бірегей алаңға айналады.
D аралындағы жұмысшы
«НКОК» компаниясының жергілікті
қамту саласындағы саясаты
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
34
«НКОК» компаниясының Жабдықтаушыларды біліктілік бойынша
бағалау дерекқорында шамамен үш мың қазақстандық компания
тіркелген.
«НКОК» компаниясы ұйымдастырған жоба бойынша жалпы
таныстыру семинарлары мен тиісті келісімшарттық талаптардан
бастап тендерлік ұсыныстарды әзірлеу және біліктілікті алдын
ала бағалау процестері бойынша өткізілетін әлдеқайда
мамандандырылған семинарларға дейінгі түрлі деңгейдегі
семинарларға және форумдарға мыңнан астам жергілікті компания
қатысты.
2006 жыл мен
2015
ж. аралығындағы кезеңде Оператор
180
-нен
астам жергілікті компанияға басқару, тауарлар мен қызметтерді
сертификаттау саласындағы халықаралық стандарттар бойынша
сертификаттар алуға көмектесті, осылайша «НКОК» компаниясының
келісімшарттары үшін олардың бәсекеге жарамдылығы елеулі
түрде артты. Оператор сонымен бірге жергілікті компанияларға
Америка инженер-механиктер қоғамының (АИМҚ) және Америка
мұнай институтының (АМИ) талаптарына сәйкес өз өнімдері мен
қызметтерін халықаралық сертификаттау кезінде оларға қажетті
қолдау мен қаржылық көмек көрсетті.
2006 ж. мен
2015
ж. аралығындағы кезеңде «НКОК» компаниясы жергілікті компаниялардың Солтүстік
Каспий жобасы шеңберінде тендер жарияланған тауарлар мен қызметтер бойынша техникалық
шарттардың және халықаралық нормалар мен стандарттардың қатаң талаптарын орындау
мүмкіндіктерін бағалау үшін олардың өндірістік алаңдарында
200
астам
техникалық біліктілік аудиті
мен тексеру өткізді.
2006 жыл мен
2015
жыл аралығындағы кезеңде Оператор жергілікті компаниялардың
2 000
астам
қызметкері үшін құбыр төсегіштер, өнеркәсіптік ағаш ұсталары, бригадирлер/шеберлер және т.б.
сияқты анағұрлым қажет мамандықтар бойынша мамандандырылған кәсіби оқыту өткізді. Осы оқыту
курстары жергілікті компанияларға өз қызметкерлерінің дағдыларын дамытуға және қабылданған
халықаралық стандарттардың, нормалардың талаптары мен ауыр өнеркәсіп саласындағы ережелерді
орындауға мүмкіндік береді.
Оператордың мақсатты әрекеттері нәтижесінде шамамен
70
бірлескен кәсіпорын құрылып,
олармен Қашаған кен орнын игерудің І кезеңі жобасын жүзеге асыру үшін тауарлармен жабдықтау
және қызметтер көрсету туралы келісімшарттар жасалды. Бірлескен кәсіпорындардың құрылуы
қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктері мен дағдыларын батыс елдердің тәжірибесімен және
қаржыларымен біріктіре отырып, жергілікті қамту үлесін тиімді түрде арттыруды қамтамасыз етеді.
9.6 Кәсіби дағдыларды дамыту және біліммен бөлісу
Оператор шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру жөніндегі орта мерзімді және
ұзақ мерзімді мақсаттарына жету құралы ретінде қазақстандық қызметкерлерді анықтау мен іріктеу
және кейіннен «НКОК» компаниясында қызмет сатысымен өсіру үшін арнайы мақсатты бағдарлама
әзірледі (қосымша жалғанған құжатты қараңыз). 2002 жылдан бері Оператор осы бағдарлама аясында
Қазақстанның мыңнан астам азаматын іріктеу немесе оқыту жұмысын жүзеге асырды.
Атырау оқу орталығы
Машықтанушылар нұсқаушымен бірге
НКОК мердігерлерінің табысқа жету
тарихы (жүктеп алу мүмкіндігі бар
бейнероликтер)
«НКОК» компаниясының 2014
жылдағы жергілікті қамту жөніндегі
кітапшасы (орыс тілінде)
«НКОК» компаниясының сатып алу
процесінің сипаттамасы
«НКОК» компаниясының
жабдықтаушылар біліктілігін бағалау
процесі сипаттамасы
«НКОК» компаниясының 2015 жыл бойынша тұрақты даму туралы есебі
Достарыңызбен бөлісу: |