№
Классы
Тақырып атаулары
1
5-6
Логикалық есептерді шешу
2
7-9
Стандартты емес есептер шығару
Күрделілігі жоғары есептер шығару
3
10-11
Теңдеулер және теңсіздіктер
Есептерді шығарудың тиімді тәсілдері
Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда математиканың рөлі зор.
Математика пәнінде абстракция деңгейі басым, сондықтан логикалық ойлаудың
алғашқы тәсілдерін меңгеру (талдау, салыстыру, синтез жасау, абстракциялау
33
және басқалар) бастауыш буыннан бастап қалана бастайды.
Таңдауы курстарының тақырыптарын таңдау білім беру деңгейлерінің
үзіліксіздігін және сабақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Демек, көптеген
мектептердің 5-6-сыныптарға арналған курстың «Логикалық есептерді шығару»
тақырыбын таңдауы заңды болып табылады. Осындай тақырып бойынша
курстар республиканың жалпы білім беретін мектептерінің барлығында дерлік
жүргізіледі.
Сонымен қатар, 5-6 сыныптарда «Қызықты математика», «Сандар әлемі»,
«Логика», «Логиканың көмегімен есептерді шешу практикумы» және т.б.
курстар өткізіледі. Мұндай курстарда оқушылар пайымдау және қарапайым
дәлелдеулер жүргізеді, орындалған амалдарға негіздеме береді, негізгі
логикалық амалдардың орындалуының дұрыстығын түсінеді. Осы курстарда
оқушылардың
интеллектуалды
іс-әрекеттері
күшейеді,
оқушылардың
танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдайлар жасалады.
Сонымен қатар, математикадан таңдау курстары тақырыптарының
жалғасы ретінде республика мектептерінің 7-9-сыныптарында «Стандартты
емес есептер шығару», «Күрделілігі жоғары есептер шығару» атты қолданбалы
курстары жүргізіледі.
Таңдау курстарының бұл тақырыптары өзін-өзі ақтаған, себебі стандартты
емес есептерді шығару оқушылардан есептің шартын талдауға баса назар
аударуды және өзара байланысты логикалық ойлау тізбегін құруды талап етеді.
Мұндай курстарда пән бойынша оқушылардың құзыреттілігі, математикалық
ойлауы дамиды; оқушылар күрделілігі міндетті деңгейімен салыстырғанда
күрделілігі жоғарырақ есептерді шығару біліктігіне жетеді, өз ойларын сауатты
жеткізе білуге, есептеудің тиімді тәсілдерін қолдануды, түрлі шығару тәсілдері
мен әдістерін пайдалануды үйренеді.
10-11 сыныптарда «Теңдеулер және теңсіздіктер», «Көрнекі геометрия»,
«Есептерді шығарудың тиімді тәсілдері», «Дифференциалды және интегралды
есептеулер», «Қолданбалы математика элементері» және т.б. курстар өтізіледі.
Мұндай курстарда оқушылар теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде
айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген және параметрі бар теңдеулер
мен теңсіздіктерді шешудің, функция графиктерін салудың түрлі әдістерін
қарастырады, есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу дағдыларын
дамытады. Бұл білім мен біліктер ҰБТ-ге дайындалуға және тапсыруға
көмектеседі.
Таңдау курстарының тақырыптары мектептегі математика курстарының
тақырыптарын ғана емес, сонымен қатар оқушылардың зерттеушілік іс-
әрекеттеріне байланысты сұрақтарды да қамтиды.
Мысалы, Петропавловск қаласының КММ «№26 мектеп-балабақшасында»
мұғалім К.Ж. Айтмұханова құрастырған «Зерттеушілік іс-әрекеттің негіздері»
курсы жүргізіледі. Курстың мақсаты – зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, түрлі
конференциялар мен сайыстарда сөз сөйлегенде (презентацияларда)
оқушыларға әдістемелік қолдау көрсету. Курс 34 сағатқа есептелген, оның
мазмұны ғылыми-зерттеу процесінің барлығын қамтиды және логикалық
34
аяқталған 5 бөліктен тұрады: 1) Кіріспе; 2) Ғылыми шығармашылықтың
әдіснамасы; 3) Ғылыми зерттеулер аясындағы жұмыс кезеңдері; 4) Зерттеу
жұмыстарын безендіру; 5) Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсыну
(2-кесте).
2-кесте – Курстың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
№ Курс тақырыптарының атаулары
Сағат
саны:
Лекция немесе
семинар:
1
Зерттеу жұмыстарының түрлері
4
Лекция
2
Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі түсініктері
2
Лекция
3
Ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы сызба-
нұсқасы
3
Лекция
4
Ғылыми танымның әдістері
3
Лекция
5
Логикалық заңдар және ережелер
2
Лекция
6
Ақпаратты іздеу әдістері
2
Лекция
7
Жұмыс жоспарын құру
2
Лекция
8
Ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу әдістері
2+2
Лекция,
практикалық жұмыс
9
Түсіндірме аппаратпен жұмыс
2
10
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2
Практикалық жұмыс
11
Жұмысты безендірудің талаптары
4
Лекция
12
Жұмысты безендірудің талаптары
4
Практикалық жұмыс
13
Жұмыс нәтижелерін ұсыну
4
Практикалық жұмыс
Бірақ геометрия мәселелеріне арналған таңдуы бойынша курстар өте аз.
Таңдауы бойынша курстар тақырыбын таңдауда геометрия ерекше орын алуы
тиіс. Өйткені геометрия оқушыларға ақыл-ойы қалыптасуының кез-келген
сатысында дамуларына мүмкіндік береді; фигуралар, логика және практикалық
қолданылуы геометрияның негізгі құраушысы ретінде, оқушылардың бейнелі
және логикалық ойлауын дамыту, танымдық, шығармашылық және тәжірибелік
іс-әрекеттері дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Мәтінді есептерді шешуге қатысты сұрақтар қарастырылатын курстар
жеткіліксіз. Ал мәтінді есептерді шығару математикаға оқытудың маңызды
құралы болып табылады. Мәтінді есептерді шығара отырып, оқушылар
жағдайларды талдау, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланысты
анықтау, амалдарды орындау нәтижесін түсіндіру біліктерін дамытады.
Таңдау курстарында жобалау іс-әрекетін ұйымдастырумен байланысты
сұрақтар көрініс таппаған. Комбинаторика мен статистика есептерін шығаруда
ақпараттық-комуникативтік технологияларды қолдануға бағытталған курстар
енгізілмеген. Мұндай курстардың материалдары мәліметтерді қабылдау және
талдау біліктігін қалыптастыруға және дамытуға, көптеген нақты
тәуелділіктердің ықтималдық сипатын түсінуге, қарапайым есептеулер
жүргізуге ықпал етеді.
Осылайша, республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі
математикадан таңдау курстарының тақырыптары толықтай осы пәннің оқыту
35
мазмұнына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Таңдау
курстары бағдарламаларының мақсаты мен міндеттері оқушылардың жеке
білім алу мүдделерін, қажеттіліктері мен қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіндік
береді. Білім деңгейлеріне байланысты таңдау курстарының тақырыбын
анықтауда сабақтастық принципі сақталған. Алайда, геометрия, жобалау іс-
әрекеті және зерттеу жұмыстарының сұрақтарына бағытталған таңдау курстары
жеткіліксіз.
«География» пәні бойынша таңдау курстарының атқаратын: негізгі
қызметі базалық оқу бағдарламасының мазмұнымен белгіленген тақырыптарды
тереңдету, яғни география пәнінің мазмұнын кеңейту, оқушыларға
тереңдетілген білім беру. Сонымен қатар оқушылардың білім алуының өзіндік
бағытын, кеңістігін таңдау мүмкіндіктері кеңейеді және білімдерін тереңдету
мен кеңейту үшін қосымша мүмкіндік пайда болады. Қолданбалы курстар
оқушылардың пән негіздерінен игерген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың
маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыруға, оқушының болашақ
мамандығын таңдауға, баланы жеке тұлға ретінде дамытуға, күнделікті өмірдегі
жағдаяттарға бейімделуіне және заманауи қоғамда әлеуметтенуіне мүмкіндік
туғызуға, болашақ мамандығын таңдауына байланысты жеке білім кеңістігін
таңдауға бағытталуы қажет.
Қолданбалы курстардың түрлері көп, бірақ олар ең алдымен өзінің
атауымен, мазмұнының түсінікті, меңгеруге жеңіл болуымен оқушының
қызығушылығын оятуы тиіс. Курстың мазмұнын іріктеу барысында келесі
сұрақтарға жауап берген жөн:
1) теориялық және практикалық сабақтардың, сонымен қатар
оқушылардың өздік жұмыстарының негізгі мәні неде: негізгі білімдер
(ұғымдар, фактілер, идеялар, ойлар, принциптер), білік және дағдылар, әдістер
мен іс-әрекет түрлері, оларды меңгеру тәжірибесі;
2) іріктелген мазмұн бейінді білік және дағдыларды қалыптастыруға
қалайша мүмкіндік туғызады;
3) қалыптастырылатын білік және дағдылар қандай бейіндер үшін тиімді;
4) қолданбалы курсты оқып бастар алдында, мектептің оқуға міндетті
бағдарламалық курсының қандай бөлімдірі (тараулары) және тақырыптары
меңгерілуі тиіс;
5) курстың мазмұны қандай материалдар арқылы жүзеге асырылады
(оқулық, мұғалімге арналған әдістемелік құрал, жұмыс дәптері, хрестоматия,
электронды және мультимедиялық құралдар, интернет ресурстары, қосымша
әдебиет, анықтамалықтар және т.б.).
Еліміздің мектептерінде «География» пәні бойынша оқушыларға
ұсынылатын таңдау курстары мектептің материалдық-техникалық базасының
қамтамасыз етілуіне, педагогикалық ұжымның мүмкіндіктеріне, оқушылардың
танымдық қызығушылығына байланысты. География пәні бойынша республика
мектептерінде өтетін курстардың тақырыптары алуан түрлі. Таңдау
курстарының басым көпшілігі өлкетану, елтану тақырыбына бағытталған және
олар: «Өлкетану», «Менің Қазақстаным», «Туған жер табиғаты» «Табиғатым
36
тағдырым», «Туған жер», «Қазақстан табиғаты», «Қазақстанның экологиялық
жағдайы», «Жергілікті жердің топографиясы» және т.б. Облыстардан
жинақталған деректерге сүйенетін болсақ, Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің міндетті оқуға ұсынған «Өлкетану» курсы еліміздің
жалпы білім беретін мектептерінің барлық деңгейлерінде оқытылады. Өлкені
тануға арналған курстардың тақырыптарын: туған жердің табиғаты; ерекше
қорғалатын аумақтар; өз облысының географиясы; облыстың экологиялық
жағдайы; туған жер суларының экологиясы деп топтастыруға болады.
Курстардың келесі тобы: «Ғаламдық география», «Геология негіздері»,
«Дүниежүзінің
саяси
картасы»,
«Әлем
экологиясының
ғаламдық
проблемалары», «Дүние жүзі елдері», «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» т.б.,
бұл тақырыптар негізінен жоғары сыныптарда оқытылады және география
пәнінің оқу бағдарламасының мазмұнын толықтырады. «Ұлы саяхатшылар»,
«Ұлы географиялық ашылулар», «Шоқанның саяхат жолдары», «Географиялық
қабықтар», «Ғажайыптар мен жұмбақтар планетасы», «Таңғажайып география»,
«География әлемінде» тақырыптары оқушылардың бойында білімқұмарлық
сезімін оятуға бағытталған және негізгі орта білім деңгейіндегі география,
биология, физика, химия, тарих, әдебиет пәндерінен алған білімдерін
тереңдетуге бағытталған.
Таңдау курстары мазмұнының ерекшеліктеріне және мақсатына қарай:
– мектептегі география курсының мазмұнын тереңдететін және кеңейтетін,
емтихандарға, тестілеулерге дайындайтын курстар;
– география курсын оқу барысында білімді тереңдетуге бағытталған, яғни
күрделілік деңгейі жоғары курстар;
– негізгі курстың міндетті бағдарламасының құрамына кіретін жекелеген
бөлімдерді тереңдетіп оқыту курстары;
– табиғат пен қоғамды танудың тәсілдерін үйренуге арналған курстар;
– географиялық есептерді шығаруға, болжауға, модельдеуге арналған
курстар;
– оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға, техника мен
өндіріске деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған курстар.
Қазақстан
Республикасы
облыстарының
жалпы
білім
беретін
мектептерінде оқытылатын география пәні бойынша және «Өлкетану» таңдау
курстарының талдауы, курстар саны жағынан айырмашылығының бар екен
көрсетті (3-кесте).
Сонымен Қазақстанның 7222 мектебінде 8384 географиялық таңдау
курстары жүргізілетінін байқауға болады. Олардың 4983-і негізгі және 3401-і
жалпы орта мектептерде.
Берілген мәліметтер бойынша таңдауы бойынша курстардың неғұрлым көп
саны Астана қаласына тиесілі: бір мектепте жүргізілетін курс саны 4 есеге
жуық. Сонымен қатар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда
облыстарында курстардың көптеген түрлері жүргізіледі.
Негізгі орта білім деңгейінде оқу процесіне енгізілген таңдау курстарының
саны жағынан Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе
37
облыстарын атап өтуге болады.
3-кесте – Облыстар бойынша «География» пәні және «Өлкетану» курстарының
саны
Облыс
Мектеп
саны
«Өлкетану»
курсы
Таңдау
курстары
Таңдау курстары
5-9
сынып
10-11
сынып
Ақмола
592
300
1082
833
249
Ақтөбе
428
283
1018
617
401
Алматы
734
218
799
445
354
Атырау
193
181
536
307
229
БҚО
397
226
352
205
147
Жамбыл
450
157
606
338
268
Қарағанда
531
481
199
86
113
Қостанай
548
436
217
154
63
Қызылорда
292
288
432
182
250
Маңғыстау
130
49
169
72
97
ОҚО
1021
909
1026
360
666
Павлодар
405
181
129
80
49
СҚО
547
330
196
99
97
ШҚО
676
625
1058
880
178
Алматы қаласы
201
84
163
73
90
Астана қаласы
77
75
402
252
150
ҚР бойынша
7222
4823
8384
4983
3401
(ҚР облыстары білім басқармалары ұсынған деректері бойынша)
Астана қаласы, Ақтөбе және Атырау облыстарының мектептерінің жоғары
сыныптарында өткізілетін таңдау курстарының саны басқа обыстармен
салыстырғанда жоғары. Курстардың саны Солтүстік Қазақстан, Павлодар,
Маңғыстау, Қостанай облыстарында аз.
Таңдауы бойынша курстардың тақырыптарына жасалған талдау оқытудың
бірізділігі, жүйелілігі принциптеріне сәйкестігін және оқушылардың
қызығушылықтарын тудыратынын көрсетеді. Мысалы, 5-6 сыныптарда
«География әлемінде», «Менің туған өлкем», «Ғажайыптар мен жұмбақтардың
әлемі» және т.б., 7-9 сыныптарда «Картография әлеміне саяхат»,
«Қазақстанның топонимикаксы», «Қызықты топонимика», «Географиялық
модельдеу» т.б.
Қазақстанның барлық аймақтарының мектептері үшін экология және
өлкетану тақырыптары белгілі және өзекті тақырыптар болып табылатындығы
байқалады. Өз өлкесін кешенді зерделеуге арналған тақырыптар аса қызықты
болып табылады, мысалы, «Ертіс бойының географиясы», «Ақтөбе облысының
географиясы», «Туған өлкем – Жетісуым» және т.б.
10-11 сынып оқушыларына арналған «Саяхат негіздері», «Халықаралық
туризм негіздері», «Медициналық география», Қазақстандағы туристік бизнес
негіздері және экономика», «Қазақстанның геоэкологиясы» т.б. курстар. Бұл
курстар оқушылардың ғылыми жаратылыстану көзқарасын және құзыреттілігін
38
дамытады, балалардың бойында күрделілігі жоғары тапсырмаларды орындау
дағдысы қалыптасады, олар жобалауды, модельдеуді, өз дәлелдерін және ойын
дұрыс, сауатты жеткізе білуді үйренеді. Бұл курстар оқушылардың
шығармашылық және практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
Сонымен оқыту әдістерін таңдауда оқу тапсырмаларының бағдарламада
қамтылған оқу материалдарының қолданбалы сипатын ашуы, мақсатқа сәйкес
барынша ыңғайлы, әсерлі яғни оқушы белсенділігін талап етуі тиіс. Бақылау
дәрежесі өткізілуге тиісті бақылау жұмыстары әр тарауды немесе бағдарламаны
толық меңгергендігін нақты анықтауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Курсты оқытуды нақты мүмкіндік тұрғысынан қарау, яғни оқу материалдарын
оқушылардың сапалы игеруіне жеткілікті және жоспарланған нәтижеге жетуге
мүмкіндік беретін уақыт бөлінуі тиіс.
«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша қолданбалы курстарды
жүргізудің танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары. Курстарды жүргізу барысында
оқушылардың жаратылыстану туралы білімдері кеңейеді, олардың қабілетін
дамыту арқылы мамандыққа икемделіп, кәсіптік бағдар беріледі.
Қорыта келгенде, қолданбалы курстардың көмегімен кез келген пәнді
терең меңгертуге және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға
мүмкіндік беретіні сөзсіз. Бұл курстар оқушының жалпы оқу біліктілігін және
дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы, сонымен қатар оқыту әдістемесі
оқушылардың ой еңбегі және өз бетімен білім алу дағдысын дамытуы тиіс. Оқу
материалдарын игеруі барысында оқушының әртүрлі оқулықтарды, оқу
құралдарын, энциклопедияларды және т. б пайдалануына мүмкіндік туғызуы
қажет.
«Биология» пәні бойынша таңдау курстары Жер және адам туралы білімді
тереңдетуді және кеңейтуді, табиғат пен оның дамуы туралы диалектикалық-
материалистік көзқарасты қалыптастыруды, қоршаған ортаны қорғаудың және
өз денсаулығына ұқыпты көзқарастың дағдыларын меңгеруді міндеттейді.
Республика аймақтарының негізгі және жалпы орта мектептерінде
биология пәні бойынша жүргізілетін таңдау курстарының жалпы саны туралы
жалпы мағлұматтар 4-кестеде берілген.
Қазақстан мектептерінің 7222-де биология пәні бойынша 11273 таңдау
курстары жүргізіледі. Олардың 8465-і – негізгі орта, ал 5178-і – жалпы орта
мектептерде жүргізіледі.
Жалпы білім беретін мектептердегі таңдау курстарының жалпы саны
бойынша Астана қаласы ерекшеленеді: бір мектепке шаққандағы курс саны
республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары. Одан кейін Шығыс
Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан
облыстарының мектептерінде биология пәні бойынша таңдау курстарының
саны республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.
Негізгі мектептердегі таңдау курстары Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе,
Солтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жүргізіледі.
Жалпы орта мектептері бойынша Астана қаласындағы курстар саны
39
басқалардан әлдеқайда көбірек болса, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе,
Қостанай облыстарының және Алматы қаласының мектептерінде таңдау
курстарының саны әлдеқайда азырақ.
4-кесте – Аймақтар бойынша биология пәнінен жүргізілетін таңдау
курстарының жалпы саны
Облыс /қала Барлық мектептер
саны
Таңдау курстарының
жалпы саны
Таңдау курстары
5-9 сынып
10-11 сынып
Ақмола
592
1039
579
598
Ақтөбе
428
193
183
54
Алматы
734
1755
1166
615
Атырау
193
265
201
92
БҚО
397
683
345
373
Жамбыл
450
459
328
225
Қарағанды
531
121
126
25
Қостанай
548
279
135
168
Кызылорда
292
618
996
414
Маңғыстау
130
209
151
106
ОҚО
1021
2241
1292
1275
Павлодар
405
549
637
353
СҚО
547
105
235
32
ШҚО
676
2061
1635
446
Алматы
201
154
86
87
Астана
77
542
370
315
ҚР бойынша
7222
11273
8465
5178
(ҚР облыстық білім беру басқармаларының мәліметтері бойынша)
ҚР жалпы білім беретін мектептеріндегі «Биология» пәні бойынша таңдау
курстарының
тақырыптары
сыныптан-сыныпқа
көшкендегі
курс
тақырыптарының сабақтастығын, оқу бағдарламалары мен оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкестігін (сурет) көрсетеді. Мысалы, 6-7 сыныптардағы
таңдау курстарының басым көпшілігі жануарлар мен өсімдіктер әлеміне
арналған. Мысалы, «Жануарлар мен өсімдіктер әлеміне саяхат», «Қызыл
кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер», «Қазақстанның флорасы мен
фаунасын сақтау» тақырыптары осы сыныптардағы биология курсының
мазмұнына сәйкес және 7-сыныпта жануарларға арналған курстардың үлесі
өсуде. Оқу бағдарламасына сәйкес «адамды» оқып-үйренуге бағытталған 8-9
сыныптың адам денсаулығы, физиологиясы, анатомиясы, гигиенасы,
патологиясы туралы сұрақтар бойынша «Адам және денсаулық», «Адамның
анатомиясы және физиологиясы», «Денсаулық пен медицина» таңдау
курстарының үлесі өсуде. Жалпы биологияға арналған курстарда биосфера,
биотехнология, ауылшаруашылық экономикасын оқып-үйренуге бағытталған
тақырыптар кеңінен таралған. «Экология» тақырыбы биологиялық білім
берудің ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанның барлық аймақтарында аса
танымал. Таңдау бойынша курстардың кейбір бөлігі еліміздің флорасы мен
40
фаунасының өлкелік және аймақтық ерекшеліктеріне арналған.
Жалпы
алғанда,
биология
пәні
бойынша
таңдау
курстары
тақырыптарының талдауы көрсеткендей, олардың көпшілігі биологияның
«Ботаника», «Зоология», «Адам физиологиясы», «Жалпы биология» сияқты
жекелеген бөлімдерін тереңдетіп оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, таңдауы
бойынша курстарда заманауи биология ғылымының негізін қалайтын
биохимия, биофизика, биоорганикалық химия, биотехнология, бионика сияқты
пәнаралық интеграцияны күшейтуге бағытталған сұрақтар аса жеткіліксіз және
эксперименттік биология сұрақтарына аз көңіл бөлінген. Бұл мектептің
материалды базасының жеткіліксіз болуына байланысты, дегенмен мұндай
тақырыптар
оқушылардың
қызығушылығы
мен
шығармашылығын
дамытатынын ескерген жөн.
«Генетиканың негіздері» - 10-сыныпқа арналған курс (Омельчук А.А.,
Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. № 5 орта мектебінің мұғалімі).
Курстың мақсаты мен міндеттері: адамның тұқымқуалаушылық
белгілерінің механизмі мен жүзеге асуы туралы білімді тереңдету; адам
генетикасының практикалық әдістері туралы оқушылардың ұғымын кеңейту;
заманауи жетістіктер мен олардың практикалық мәні туралы ұғымды
қалыптастыру; заманауи ақпараттық аймақта бейімделу, қажетті ақпаратты алу
және сұрыптау дағдысын дамыту.
Бағдарлама мазмұнына келесі бөлімдер кіреді: «Жасуша туралы ілім»,
«Ағзалардың көбеюі және дамуы», «Өзгергіштіктің заңдылықтары», «Генетика
және адам». Осылайша, аталған таңдау курсы 9-сыныпқа арналған «Жалпы
биология» бөлімінің тақырыптарын, ең алдымен тірі жүйелердің генетикасы
туралы білімді тереңдетіп оқытуға бағытталған. Курстың маңызды ерекшелігі
болып генетика бойынша қолданбалы білім беру болып табылады. Ал «Гендік
және жасушалық инженерия» сияқты бөлімдер, «ДНҚ-ның еселенуі», «ДНҚ-
ның репликациясы», «Транскрипция» тақырыптары бойынша есептер шығару
курстың жаңашылдығын көрсетеді. Курс аналитикалық ойлауды және білім
дереккөздерімен жұмысты дамытуға бағытталған.
«Адам өміріндегі жануарлардың маңызы» – 7-сыныпқа арналған курс
(Б. Бралина, Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. № 5 орта мектебінің мұғалімі).
Курстың мақсаты – адам өміріндегі жануарлардың маңызын оқып-үйрену,
Қазақстандағы жануарлардың таралу географиясы туралы білімді тереңдету,
ғылыми қызығушылық пен білімпаздықты дамыту.
Міндеттері – ғылыми ойлауға қабілеттілікті дамыту: жануарлар
тіршілігіндегі экологияның маңызын оқып-үйрену; үйдегі мал өсірудің
артықшылығын танып-білу; оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
Бағдарлама 7-сыныпқа арналған биология пәнінің оқу бағдарламасына
сәйкес келесі бөлімдерден тұрады: «Қарапайымдардың тіршілігі және
таралуы», «Қарапайымдардың экологиялық жіктелуі», «Былқылдақденелілер
типінің сипаттамасы», «Буынаяқтылардың тіршіліктегі таралуы, олардың адам
өміріндегі маңызы», «Омыртқасыздар типінің сипаттамасы». Курстың
жаңашылдығы болып қазақ халқының мал өсірумен тығыз байланысты
41
тұрмыстық ерекшеліктерін оқып-үйрену болып табылады.
«Қоршаған орта және адам денсаулығы» – 8-сыныпқа арналған курс
(Калиева А.М., Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. № 3 мектеп-гимназисының
мұғалімі). Курс оқушылардың табиғатқа ұқыпты көзқарасын, экологиялық
жауапкершілігінің құқықтық принциптерін қалыптастыру қажеттілігіне сай
әзірленген (аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат).
Курстың мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы оларды
шығармашылықпен ойлауға және өздігінен шешім қабылдауға үйрету.
Міндеттері: экология проблемаларын негіздеу; оқушыларды оқытуда және
тәрбиелеуде экологиялық принциптер мен амалдарды оқып-үйрену.
Ұсынылған курстар экологияның сан түрлі аспектілерін қамтиды:
гидросфера және су проблемасы, агроэкология, қоршаған орта және адам
денсаулығы, ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа әсері, Қазақстанның
полигондары және біздің республиканың экологиялық проблемалары,
өндірістік экология, экологиялық мақал-мәтелдер, қала мен ауыл экологиясы
және т.б.
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері оқу бағдарламасына сәйкес
келетін таңдау курстарының тақырыптарын ғана емес, сонымен қатар
жекелеген сұрақтарды тереңдете оқып-үйрететін және қосымша салаларды
қамтитын биология ғылымдарының да кең көлемін жүзеге асырады. Курстар
мазмұнының сыныптан-сыныпқа көшкен сайын сабақтастығы және
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі байқалады.
Жобалық іс-әрекетке, тәжірибелік биологияға, өндіріске және ауыл
шаруашылығына, күнделікті өмірге байланысты курс тақырыптарының аз
болуы олардың практикалық бағытталмағандығын және оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында жаңарту қажеттігін
түсіндіреді. Талдау барысында пәнаралық интеграцияны күшейтуге
бағытталған курстардың жетіспеушілігі анықталды. Таңдау курстарын мазмұны
бойынша да, қолданылатын оқыту технологиясы бойынша да түрлендіру қажет.
Аймақтарға бөлгендегі республиканың негізгі және жалпы орта
мектептерінде өткізілетін «Физика» пәні бойынша таңдау курстарының жалпы
саны туралы мәлімет 5-кестеде көрсетілген.
5-кесте – ҚР жалпы білім беретін мектептерінде жүргізілетін «Физика» пәні
бойынша таңдау курстарының аймақтарға бөлгендегі саны
Аймақтар
Мектептердің
жалпы саны
Курстардың
жалпы саны
Таңдауы бойынша курстар
7-9 сыныптар
10-11 сыныптар
1
2
3
4
5
Ақмола
592
164
164
Ақтөбе
428
190
107
107
Алматы
734
1841
1006
939
Атырау
193
179
101
81
БҚО
397
103
48
56
Жамбыл
450
400
297
198
Қарағанды
531
159
82
101
Қостанай
548
216
100
171
42
5-кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
Қызылорда
292
246
246
186
Мыңғыстау
130
109
90
36
ОҚО
1021
107
107
Павлодар
405
300
192
143
СҚО
547
336
138
82
ШҚО
676
1926
812
1114
Алматы қаласы
201
259
96
195
Астана қаласы
77
844
528
391
ҚР
7222
7739
3843
4071
(ҚР облыстық білім беру басқармаларының мәліметтері бойынша)
Қазақстанның 7222 мектептерінде физика пәнінен барлығы 7739 таңдау
курстары өткізілген. Олардың 3843-і негізгі мектепте, 4071-і жалпы орта
мектепте жүргізілген. Аймақтар бойынша республика мектептерінде
жүргізілген курстардың орташа саны 1, 2-суреттерде көрсетілген.
1-сурет – Аймақтарға бөлгендегі ҚР жалпы білім беретін мектептерінде
жүргізілетін «Физика» пәні бойынша таңдау курстарының аймақтарға
бөлгендегі орташа саны
1-суретте «Физика» пәні бойынша таңдау курстарына Астана қаласында
көбірек көңіл бөлінетіндігі көрініп тұр. Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола,
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында физикадан
таңдау курстарының саны республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары.
Негізгі мектеп бойынша (2-сурет) Астана қаласы алдыңғы қатарда. Одан
кейін Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қызылорда облыстары келеді.
Жалпы орта мектеп бойынша таңдау курстары Астана қаласы, Шығыс
Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласында бәрінен де көбірек
оқытылады.
Курстардың мазмұнын талдау келесі курстардың типтерін айқындауға
мүмкіндік берді (6-кесте). 10-11 сыныптарда мұғалімдер физикалық есептер
43
шығаруға көбірек көңіл бөледі, яғни оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуді
тапсыруға дайындық жұмысына басым көңіл аударылады. Табиғатты тану
әдістеріне бағытталған курстар өзінің маңыздылығын негізгі орта білім
деңгейінде де, жоғары сыныптарда жоймайтынын байқауға болады.
2-сурет – ҚР-ның негізгі және жалпы орта мектептерінде жүргізілетін «Физика»
пәні бойынша таңдау курстарының аймақтарға бөлгендегі орташа саны
6-кесте – Курстарды мазмұнына байланысты топтастыру
Достарыңызбен бөлісу: |