ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! Төл газеттерiңiз – «ХАНТәңIРIНЕ» 2014 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Аудандық газетке
тiкелей редакция мен қоғамдық таратушылар арқылы жазыла аласыздар. Жазылу бағасы жеке адамдар үшiн 6 айға — 1680 теңге. Индексi
66543. Шаруашылық, мекеме, кәсiпорындар үшiн– 1930 теңге. Индексi 16543. «Хантәңiрiне» 6 айға жазылуды жалғастырыңыздар.
Ол МЫНА ЕсЕпШОТҚА АудАРЫлуЫ кЕРЕк:
«Медиахолдинг «Жетысу Ақпарат» АҚ ИИк KZ 624322203398M00160. АҚ дО АҚ «Банк ВТБ». БИк VTBAKZKZ. РНН 092200236377.
БИН 120340010527. код 17.
Баспасөз –
2014
Баспасөз –
2014
Баспасөз –
2014
ТІл МЕРЕкЕсІ
Тың игеруде еліміздің солтүстік облыстарына
қоныс аударып келген жұмыс күштерінің ішінде
ақын Жұбан Молдағалиев айтқандай, жаны да,
пиғылы да дұрыс емес, аннан –мұннан қашқандар,
тіпті сотталғандар да аз емес еді. Шовинистік жүйе
алдымен соларды жарылқап, ақ шанқан үйлермен
қамтамасыз еткенін, қазақтар ата-бабаларынан
қалған там үйді қанағат тұтқанын 1986 жылы
желтоқсан оқиғасынан кейін Жазушылар Одағында
өткен жиында Жұбан ағамыз қолын жастардың
қанымен жуған Колбиннің бетіне тайсалмай айтты.
Ең қиыны сол кезде солтүстік облыстарда жүздеген
қазақ мектептері жабылып, ана тіліміздің жойылып
кетуіне үлкен қауіп төнді. Астанамыз Алматыда бір
ғана қазақ мектебі болды. «Сөзі жоғалған жұрттың
өзі де жоғалады»-деп ұлтымыздың рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынов айтқандай, сол солақай саясат
тұсында ана тілімізге үлкен қауіп төнген болатын.
Шүкір
делік.
Еліміздің
Тәуелсіздігінің
арқасында тіліміздің қолданылу аясы кеңіді.
Бұрынғы «көнерген сөздер» деген сылтаумен
қолданыстан шыққан тұрмысты, сал-дәстүрді
басқа да мағыналарды білдіретін сөз тіркестеріміз
қайта жанданды. Ана тілімізге мемлекеттік
мәртебе берілді. Қазақстан Республикасының
«Тілдер туралы» Заңын басшылыққа алған
ана тіліміз ұлтымыздың рухани игілігіне,
Қазақстанды мекендеген әртүрлі ұлттар мен
ұлыстардың тұрмыстық, мәдени, әлеуметтік
–экономикалық т.б. маңызды салалар бойынша
кеңінен қолданылатын ортақ тіліне айналды.
Дүбірлі халықаралық, републикалық жарыстарда
жеңімпаз атанған Қазақстанды мекендеген өзге
ұлт өкілдері Мемлекеттік Гимнімізді қазақ тілінде
шырқағанының да куәсі болдық. Демек, ана
тіліміздің келешегі жарқын.
Әсіресе, ана тіліміздің облыс аумағындағы
мәртебесін көтеруге соңғы жылдары аудандарда
тұрақты өткізіліп жүрген тіл фестивалдері нақты ықпал
жасап келеді. Жоғарыда тоқталып өткен мемлекеттік
тілді жандандыруда атқарылған жұмыстар жақында
аудан орталығы Кеген селосында болған облыстық тіл
мерекесінің салтанатты жиынында баяндама жасаған
аудандық мәслихаттың хатшысы Е.Құдабаев, аудан
әкімінің орынбасары Т.Байедиловтер жан-жақты
тоқталды.
-Ұлыларды берген қасиетті өлкеге ана тілін үйрету
мүмкін емес. Бұл өлкеде қай үйге барсаң да Мұқағалидың,
Еркіннің жырлары, Бердібек ағамыздың кішкене
Қожасының бейнесі алдымыздан шығады-деп бастады
өз сөзін облыстық тіл басқармасының бастығының
орынбасары Хасенова Гүлбақыт . Гүлбақыт Тоқтарқызы
облыстың қай ауданына барса да біздің ауданды үлгі етіп
айтатынын жүрекжарды кіршіксіз пікірінде атап өтіп,
облыс әкімдігінің атынан жиынға қатысушыларды тіл
мерекесімен құттықтады.
-Басымыздан не қиындық өтпеді? Оның бәрін тіліміз
де көрді ғой-деді, аудандық ардагерлер және ақсақалдар
Кеңесінің төрағасы Совет Оразаев. Тыл және еңбек
ардагері Елбасының Мемлекеттік тілдің мәртебесін
көтеруде атқарған жұмыстарын атап өтіп, 100 пайызға
жуық қандастарымыз тұратын қасиетті өлкеміздің әрбір
тұрғыны тіл жанашыры екенін айтты.
№ 3 Кеген орта мектебінің жас ұстазы
Нұрдаулетқызы Назерке мектептерде мемлекеттік
тілге байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға
тоқталды. Облыстық тіл мерекесінің соңында
мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге белсене қатысып
жүрген бірқатар мекеме басшылары мен мамандар
Облыстық тіл басқармасының Құрмет грамотасымен
марапатталды. Жиын көркемөнерпаздардың концерттік
бағдарламасына жалғасты.
Біржан НұрақыНұлы.
Ауылыңда не жаңалық?
Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте
оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен
дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ.
(ЖолдаудаН).
Кеген ауылындағы Амангелді көшесінің
бойындағы 1 үйде Жарқынбеков Серік пен
Мұхаманов Дархан сынды жас кәсіпкерлер бас
қосып ел игілігіне жарар көлік жөндеу орнын
ашты. Онда барлық талапқа сай жағдайлар
жасалған. Мәселен, көлік жуу, полировка жасау,
май фильтрін сату және тегін айырбастау, көлік
көтеретін кранымен қоса моторист, токарь
сынды қызметтер ұсынады. Жаңа ашылып
жатқан бұл орын барлық көлік тізгіндейтін
жүргізушілер үшін өте тиімді.
Жас кәсіпкерлердің қолға алған істері
тікелей Елбасының Жолдауында көрсетілген
мүмкіндіктер аясында жүзеге асып отыр.
Аталған көлік жөндеу орны алдағы уақытта
аудан тұрғындарының қызметіне жарап,
еңбектері жана беретініне сенімдіміз.
Ғ. БЕЙқұТБаЙ, Кеген селосы.
ҚЫЗМЕТІ ХАлҚЫНА
Фоторепотаж
Құттықтаймыз!
Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және
қызметкерлердің
денсаулық
үшін
ортақ
жауапкершілігі- медициналық қызметтің барлық
жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану,
дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық
тексерілуі- аурудың алдын алудың басты негізі деп
Елбасымыз Жолдауында айтқандай, денсаулықты
қалыпқа келтіру әр адамның өз қолында. Ауыра
Облыстық семинар
Маңызды
міндет
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
дала мен қаласын тең асырап
отырған ауылшаруашылығын
дамытудың барлық іс-
шараларын жүзеге асырып
келеді. Халқымызға арнаған
кезекті Жолдауында азық-
түлікке деген қажеттіліктің
арта беретінін, жаһандық
ауылшаруашылығы өндірісінде
бәсеке өсе түсетінін және
болашақта Қазақстан ет және
сүт өнімдерін экспорттайтын
өңірлік ірі елге айналуға тиіс деп
атап көрсетті. Елбасымыздың
тапсырмасымен өз тұсында
аса
маңызды
саланың
бірі болған мал дәрігерлік
жұмыстар қайтадан жандана
бастады. Ветеринарлық түрлі
салалардың қайта ашылып,
өрісін кеңітіп, өркенін жая
түсуге бет бұруы – соның бір
дәлелі.
Соңғы жылдары облыстың
барлық аудандарында, қалала-
рында ветеринарлық пунктері
бар малдәрігерлік станциялар
құрылып,
іске
кірісті.
Пункттердің бәріне бір- бір
жаңа жүрдек «Нива» көліктері
беріліп, қажетті жағдай жасала
бастады. Жер- жерлердегі
пункттердің арнайы кеңселері,
мал дәрігерлік аптекалары,
тағы басқа дүниелері жасалып,
бірте-бірте бәрі қалыпқа келмек.
Облыста ауылшаруашылығы
басқармасының бір саласы
болған бұл жүйе өз алдына
бөлек басқарма болып іске
кірісті. Мұның бәрі мал
шараушылығын талапқа сай
өсіріп-өркендетудің бірден-бір
дара да сара жолы екені даусыз.
Соған орай Жетісу өлкесіндегі
ең малды өңір Саты ауылдық
округіне қарасты көрікті
Көлсайдың маңында жылқы
малын бірдейлендіруге арналған
облыстық семинар болып өтті.
Облыстық ветеринарлық
басқарманың
тікелей
қолдауымен және Райымбек
аудандық
ветеринарлық
пункттері
барлық
ветеринариялық станциясының
ұйымдастыруымен
өткен
бұл семинарға облыстағы
16 аудан, 3 қаладан аталған
ветеринарлық станциялардың
басшылары,
әр
ауданның
бас мал дәрігерлері, өзге де
мамандары қатысты. Облыстық
ветеринарлық басқарманың
басшысы Марат Едігенов пен
облыстық
ветеринариялық
қадағалау және бақылау
инспекциясының басшысы
Өмірсерік
Қыдырбаев,
Райымбек ауданы әкімінің
орынбасары
Қуанышбек
Төлепбердиев бұл игі шараның
басы-қасында болды.
Аудан аумағындағы 23
ауылдық округте ветеринарлық
пункттер жұмыс істеуде. Әзірше
олар ауылдық әкімдіктер берген
бір-бір
бөлмелерді
жұмыс
орындарына
айналдырған.
Биылғы
жылы
Саты,
Сүмбе, Кеген ауылдарында
ветеринарлық пункттердің
кеңселері, оның жанындағы
малдәрігерлік дәріханалары
салынады деп күтілуде. Алдағы
жылдары аудандағы барлық
ветеринарлық пункттердің өз
кеңселері, қажетті жағдайы
болады
деп
жоспарланып
отыр.
Аудандағы
барлық
пункттерге
телефон,
факс
қойылды. Бәріне қажетті кеңсе
жиһаздары, 23 компьютер
берілді. Бүгінгі таңға дейін 8
пунктке интернет орнатылды.
Бұл мүмкіндігіне қарай барлық
жерге орнатылады. Ауданда
қазір бір-бір ветеринарлық
пункт
меңгерушісі
мен
жоғары білімді мал дәрігерін,
одан
бөлек
ветеринарлық
санитарларын
,өзге
де
қызметкерлерін қосқанда 186
адам еңбек етуде. Әрине, бұл
үлкен күш, үлкен саланың бірі
деуге әбден келетін қуанарлық
жағдай. Семинарда таңбалап,
бірдейлендіруді өткізудің жөні-
жолын
көрсетілді.
Қорыта
айтқанда,
бұл
семинардың
берері аз болған жоқ.
Лайым
малдәрігерлік
мамандықтың бағы жанып,
өрісі кеңейе берсін дедік.
Жаңадан өз алдына басқарма
болып
құрылып
жатқан
Марат
Едігенов
бастаған
азаматтардың осындай игі
шара өткізуге мүдделі болғаны,
оның басы-қасында жүргені
қуантты. Газетіміздің тұрақты
оқырманы болуға да құлшыныс
білдіріп отырған облыстық
ветеринарлық
басқарманың
жұмысына,
жер-жердегі
ветеринарлық станциялар мен
пункттердің жұмысына табыс
тіледік. Жалпы, бірлік бар жерде
тірлік бола береді. Ынтымағы
жарасқан жерді ырыс қориды.
Талпыныс болса, табыс та
болмай тұрмайды. Ақылдасып,
кеңесіп пішкен тон да келте
болмақ емес. Ендеше, іске сәт
дейміз.
қ. БІрЖаНСал.
Қоғам қайраткері Қазтай ҰлтараҚовтың туғанына – 90 жыл
ӨМІРдЕРЕк
командирі. Жаумен шайқаста үш
рет жараланған.
1944
жылдың
ортасында
ауыр жараланып, еліне оралды.
1944-48 жылдары Саты, Алғабас
колхоздарында есепші, 1948-56
жылдары Саты, Көлбастау кол-
хоздарын басқарған. Тың және
тыңайған жерлерді игеруде Кеген
ауылында құрылған «Қызыл ту»
совхозының директоры болып
1956-1958 жылдары басқарды.
1958-59 жылдары Кеген аудандық
партия комитетінің екінші хатшы-
сы қызметтерін атқарды.
1959
жылы
Москвадағы
жоғары партия мектебіне оқуға жі-
берілді. Оны 1961 жылы үздік бітір-
ді. 1961 жылы Балқаш ауданында
1964 жылға дейін аудандық пар-
тия комитетінің бірінші хатшысы
қызметін атқарды. 1964-66 жыл-
дары ЦК.КПСС-тың жанындағы
қоғамдық Академияны бітіріп,
экономика ғылымының кандида-
ты болды.
1966- 69 жылдары Алма-
ты облыстық партия комитеті
ауылшарушылығы
бөлімінің
меңгерушісі, 1969-73 жылдары
Іле аудандық партия комитетінің
бірінші хатшысы. 1973-1984 жыл-
Қазтай
Нұрманбетұлы
Ұлтарақов Алматы облысы, Ке-
ген ауданы, Таушелек ауылын-
да туған. Ауылдағы бастауыш,
Жалаңаш орта мектебін бітірген.
Жоғарғы білімді агроном.
1939-48
жылдар
арасын-
да ВЛКСМ мүшесі, 1948-91
жылдары Коммунистік партия
қатарында болған. 1942 жылы өзі
сұранып, майданға алынып, Чка-
лов атындағы полктегі мектепте
қысқа дайындықтан өтіп, 1942-43
жылдары Смоленск маңында Ба-
тыс, Москва маңында – Калинин
майдандарына қатысқан. Взвод
қалған жағдайда бірінші көмекті ақ халатты абзал жандар
көрсетері сөзсіз.
Маусым айындағы 3- ші жексенбі адам өмірінің
арашасы болып жүрген ақ халаттылардың төл мерекесі.
Ауданымыздағы барша медицина қызметкерлерін
осынау айтулы мерекесімен құттықтаймыз! Дендеріне
саулық, отбасыларына амандық, бірлік тілейміз.
Еңбектеріңіз жанып, мерейлеріңіз арта берсін демекпіз.
Ізгі ниетпен: “Хантәңірі”
газетінің редакциясы.
№ 22 (7824). 2014 — Жылқы жылы, сенбі, 14 маусым
g.hantaniri@mail.ru.
райымбек аудандық қоғамдық - саяси газет
Газет 1931 жылдан
шығады
дары Алматы облыстық Советі
атқару комитеті төрағасының
бірінші
орынбасары.
1984-88
жылдары Қазақстан Мемлекет-
тік жеміс-жидек ғылыми зерттеу
институты «Алмалы» ғылымдық
өндірістік бірлестігінің бас ди-
ректоры қызметін атқарған. 1988
жылы зейнеткерлікке шықты.
Ұзақ жылғы еңбегі орынды
бағаланып, Ленин ордені, 2 рет
Еңбек Қызыл Ту, Құрмет бел-
гісі ордендері, Ұлы Отан соғысы
ордендерінің І-ІІ дәрежелі , Қызыл
Жұлдыз ордені және 21 медаль-
дармен марапатталған, Қазақ ССР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының
3 рет Құрмет Грамотасын алған.
Алматы облысының Құрметті аза-
маты.
Жұбайы Күләш Өскенбай-
қызымен 60 жыл отасып, алты
бала өсіріп, тәрбиеледі. Олар-
дан 9 немере көрді. Өмір жолы
өнеге, қоғам қайраткері Қазтай
Нұрманбетұлы
Ұлтарақовты
халықтың
есінде
қалдыру
мақсатында
Еңбекшіқазақ
ауданының
Масақ
ауылына
Қ.Ұлтарақовтың есімі берілді.
Бұл жөнінде газеттің 6- бетінен
оқисыздар.
Хантәңірі
2
g. hantaniri@mail.ru.
2014 —Жылқы жылы, сенбі, 14 маусым
Жұмыспен қамту —2014
Елбасының 2012 жылғы 14
желтоқсандағы Қазақстан халқына
арнаған Жолдауында халықты
жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
саясатын жаңғырту жөнінде нақты
міндеттер қойылған болатын.
Жолдау алға қойған міндеттерге
сәйкес жұмыспен қамтудың бел-
сенді саясатын жүргізу Қазақстан
Республикасының
Үкіметі
қызметінің негізгі әлеуметтік
басымдықтарының біріне айнал-
ды. Себебі, «Жұмыспен қамту 2020
жол картасы» бағдарламасына
сәйкес:
жұмыспен
қамту-
халықты әлеуметтік қорғаудың
кепілі,
жұмыс
жасындағы
адам ресурстарының әлеуетін
дамытудың
және
жүзеге
асырудың алғы шарты, қоғам
игілігін өсірудің, өмір сүру са-
пасын
арттырудың
негізі.
Аталған бағдарламада табысы
аз, жұмыссыз немесе өзін-өзі
жұмыспен қамтыған халықты
жұмыспен қамтудың белсенді
шараларына тарту мүмкіндіктері
қарастырылған.
Бір
сөзбен
айтқанда,
«Жұмыспен қамту 2020 жол кар-
тасы» бағдарламасы ауылдық
жерлердегі халықтың жұмыспен
қамтылуына бағытталған ауқымды
шара. Оны нақты іс жүзіне асыру
үшін қазір бірқатар азаматтардың
санасына дендеп ене бастаған
самарқаулықтан арылу қажет-ақ.
Нарықтың қойып отырған қатаң
талаптарына бейімделетін кез
жетті. Бұл орайда ауылдардағы
негізгі жұмыс берушілер шағын
және орта кәсіпкерлікпен айна-
лысушылар, шаруа қожалықтары.
Демек,
өзін-өзі
жұмыспен
қамтушылардың бағыты дұрыс.
Олай дейтініміз, шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту— кез-келген
мемлекеттің экономикасының не-
гізін құрайды.
Мысалы, қаржы дағдарысы-
нан өнеркәсібінің 80 пайыздан
астамы шағын және орта кес-
іпкерлікке бағытталған Герма-
ния экономикасы айтарлықтай
зардап шеккен жоқ. Соңғы
жылдары ауданда бұл маңызды
саланы дамытуға ден қойған
Дұрыс ақпараттар күтеміз
азаматтардың қатары көбеюде.
Сонымен қатар өзі туып-өскен
ауылына бет бұрып, мәдени-
әлеуметтік салаларына демеушілік
жасап, жаңа жұмыс орындарын
ашуға көмек қолын созып жүрген
әр ауылдан шыққан қалталы
азаматтар да ауылдың тыныс-
тіршілігіне қан жүгірте баста-
ды. Әңгімемізге арқау болып
отырған сондай азаматтардың
әңгімеден байқағанымыз кей-
бір «болып-толғандар» сияқты
бұйрық райға негізделген мінез
көрсету Бәкеңе жат екен. Бір-
бірімізді білмесек те, күнделікті
араласып
жүрген
жандардай
әңгімеміз
жарасымын
тап-
ты. Айтар ойы айқын, пікірі
тұжырымды, мінезі қарапайым
азаматтың елі, туған жері үшін
жарғақ құлағы жастыққа тимей
мазалайтыны, оу баста жергілікті
атқару орындарының уәдесімен
қолға алынған жұмыстың тоқтап
қалғанына ренжимін. Бұл ретте
уәдені үйіп-төккен ауыл азамат-
тарын жамандаудан да аулақпын.
Дегенмен олар бұл жұмысты
дұрыс ұйымдастырғанда жаңағы
шағын
өндірісіміз
бірқатар
жұмыссыздарды
жұмыспен
қамтып, ауыл бюджетіне де пай-
дасын тигізер еді ғой,- деді, үлкен
жүректі ағамыз телефондағы ойын
түйіндеп.
Жақында Алғабас ауылында-
ғы жұмыс орнына демеушілік жа-
сап отырған Алматы қаласындағы
«Ерлан-Ұлан»
жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің бастығы
Нұрлан Әбдірахманов, аудандық
жұмыспен қамту орталығының
бөлім бастығы Шалдибеков Аза-
матпен барып қайттық. Аталған
жұмыс орнына басшылық жасап
жүрген Талдыбаев Ерғали бізді
шағын өндірістің тыныс-тіршілігі-
мен таныстырды. Қасымжанов
Баққожа
ағамыз
айтқандай,
мұнда жоғарыдағы аталған құрал
жабдықтар қойылып, жұмыс істе-
уге мүмкіндіктер жасалыпты.Ауыл
жастарының бір жұмыс орны
ашылды деген үміттері желге ұшты.
Бүгін де Алғабас ауылындағы ағаш
тілетін және оның өнімдерін
жасайтын,
құйма
кірпіштер,
бручаткалар шығаратын қатты
станоктар, наубайхана иесіз-
діктен тоналуда. Тіпті «МТЗ»
тракторының дөңгелегіне дейін
шығарып алған. Неге? Сол баяғы
жарқ еткен бастаманы қолдаудың
орнына орта жолдан қиып тастап,
Қазақстан
Респуб-
ликасы
Статистика
Агентігінің 2014 жылы
бекітілген статистикалық
жұмыстары
жоспары-
на сәйкес «Гендерлік
ерекшелігі
есебімен
мүгедектігі бар 18 және
одан жоғары жастағы
тұлғалардың өмір са-
пасы» және «Гендерлік
ерекшелігі
есебімен
мүгедектігі бар 18 жасқа
дейінгі балалардың өмір
сапасы» атты жалпы мем-
лекеттік статистикалық
зерттеу
жұмыстары
республика
көлемінде
өткізілуде. Жүргізілу
мерзімі
–
ағымдағы
жылдың мамыр – маусым
айлары. Аудан бойынша
141 (112 ересектер және
29 балалар) мүмкіндігі
шектеулі азаматтарға сау-
алнама жүргізілуде. Яғни
аудандағы мүгедектердің
жалпы санының 5 пайы-
зы. Бұл тізім Статисти-
ка агентігінде кездейсоқ
қолға түскенді іліп кетуге әуес
біржақты самарқаулығымыз ғой.
«Қуғынмен келген, сүргінмен ке-
теді»-дегендей, көзге түскенді іліп
кеткеннен құтаймайтынымызды
түсінетін кез жеткен сияқты.
Осы шағын өндіріс толық
қуатында істесе мұнда 2 нан
пісіруші технолог, 2 ағаш тілуші,2
тақтай жонатын станокпен жұмыс
істейтін, 1 электрик, 3 құйма кір-
піш шығарушы және әртүрлі бру-
чатка шығарушы, сонымен қатар
әртүрлі жұмыстарға – 9 адамға,
барлығы 19 адамға жұмыс табы-
лады екен. Сырттан келіп жұмыс
істейтіндерге мұнда тұрғын үй де
бар. Кірпіш, бручаткаға қажетті
шикізаттар забодтан жеткілік-
ті көлемде тасылып әкелген.
Мәселенің кілті оны ұйымдастыра
білетін азаматтарға тіреліп тұр.
Егер шыққан өнімді қажетімізге
таси берсек, жұмыс өнбейді.
Тәулігіне 5-6 мың құйма кірпіш
шығаратын станок толық қуатында
жұмыс істесе, өзіңе қажеттісін он-
сыз да жеңілдікпен алуға болады
ғой. Ханталапайдан келер пайда
шамалы.Мұның сыртында тоғыз
жолдың торабындағы Ақсай ауы-
лынан бұл өндірістің өнімдерін
өткізетін орын ұйымдастырса,
құйма кірпішке, бручаткаға, ағаш
өнімдеріне деген сұраныс арта-
ры сөзсіз.Олай болса ауылына
бет бұрған бизнесмен жерлесі
Баққожа Қасымжановтың баста-
масын Алғабас ауылының азамат-
тары қолдайды деп сенеміз.