пайдалануға негіз болып отыр.
тұғырнамалары бар.
беріп отырған үлкен мүмкіндік.
дар дайындайды.
Сұрақ: Бекмұханбет Жүнісбайұлы, ҚазҰАУ-
не қабылдауда қандай өзгерістер бар?
Б.Жүнісбайұлы: – ҚР үкіметінің 11 ақпан
керек.
Сұрақ: Бекмұханбет Жүнісбайұлы, ҚазҰАУ-
де әскери дайындық бар ма?
Б.Жүнісбайұлы: – иә, төрт әскери мамандық
балаларға да оқуға мүмкіншілік жасалған.
Хантәңірі
4
g. hantaniri@mail.ru.
2014 —Жылқы жылы, сенбі, 14 маусым
Қоғам қайраткері Қазтай Ұлтарақовтың туғанына — 90 жыл
Тұрарбек АСАНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдардың кандидаты,
Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры,
Қазтай Ұлтарақовтың інісі.
Мінезі — қатал, жаны— адал,
өмiрi— өнеге, асыл әке
Қазтай әкеміз еңбегімен, адами қасиеттерімен Жетісу
өңіріне танымал азаматтардың бірі болды. Ол 1924 жылы 26
шілдеде Алматы облысы, Кеген ауданының Таушелек ауылында
дүниеге келген. Кеген ауданының Жалаңаш ауылындағы орта
мектепті бітірген.
Сұрапыл соғыс басталғанда, кәмелетке толмағанына
қарамастан, жасын ұлғайтып өз еркімен қолына қару
алып, елін қорғауға аттанады. 1942 жылы кіші командирлер
даярлайтын Чкалов полк мектебінде оқиды, оны бітірген
соң, 1943 жылдан бастап қан майданға жіберіледі. Смоленск,
Калинин бағытындағы шайқастарға қатысады. Ол жеке
шаңғышылар батальонының 259-шы бөлімшесінің командирі
болды. Аға сержант Қ.Ұлтарақов полктегі барлаушылар тобын
басқарды, бірнеше рет барлауға шығып, жаудың офицерлерін
қолға түсіріп, «тіл» әкеледі. Соғыста ауыр жарақат алып,
госпиталда емделіп, елге қайтарылады.
Ол Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін І және ІІ
дәрежелі Отан соғысы және «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен
марапатталған.
Елге оралған соң, соғыстың ауыртпашылығын тартқан
ауылдардың жай-күйін өз көзімен көріп, бірден өңірді
өркендету жұмысына кірісіп кетеді. 1943 жылы жазда Саты
ұжымшарында есепші болып еңбек жолын бастайды. Одан
кейін бас бухгалтер, 1949-57 жылдар аралығында Саты
ұжымшарының басқарма төрағасы болды.
Қ. Ұлтарақов партияға шын берілген, шүбәсіз сенген адам
болды. Өзі де тек адал еңбекпен өскен. Ұжымшар төрағасы
мен кеңшар директорлығынан Алматы облысында бірнеше
аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Алматы
облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары
қызметіне дейін көтерілді. Облыстың ауыл шаруашылығына
қатысты барлық мәселемен тікелей айналысты.
Қазтай әкеміз өзіне де қатал, елге де қатал болған.
Мемлекеттік қызметке өте жауапкершілікпен қарайтын еді.
Сеніп тапсырылған жұмысты адал, дер кезінде, бар күш-жігерін
салып атқаратын-ды. Тапсырманың тиянақты орындалуын
өзінен де, басқа қызметкерлерден де талап етеді. Міне, осындай
мінезіне орай оны бірге жұмыс істейтін қызметтес жолдастары
«Сталин» деп атаған. Оған оның бірбеткейлігі, өжеттілігі себеп
болған. Айтқанынан қайтпайтын, қол астындағы жауапты
адамдарға берген тапсырмасын істеткізетін, өзі де барлық
жұмысқа асқан ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарайтын
адам болған. Осы үлкен жолда бұның азаматтық тұлғасы,
адами қадірі, ұйымдастырушылық қабілеті айқын көрінеді.
Отанға сіңірген адал еңбегі үшін әкеміз халықтың құрметіне
бөленді. Бейбіт өмірдегі елімізге сіңірген еңбегі үшін Ленин
орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі»
орденімен марапатталған.
Өмірде көп сөйлемейтін, өз ойы мен пікірін қысқа-
нұсқа айтатын еді. Отбасында да қатал болды. Мен 1968
жылы мектеп бітірдім. Оқуға түсу үшін анам екеуміз ауылдан
Алматыға келіп, Қазтай папамыздың үйіне бардық. Сол
кезде ол кісі Алматы облыстық партия комитетінде бөлім
меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істейді. Кешке
таман жұмыстан келген соң, әкеміз бізбен әңгімелесіп, қандай
мақсатпен келгенімізді сұрады. «Папа, мектепті бітірдім. Енді
жоғары оқу орнына түсейін деп келіп отырмын»,- дедім. Ол
құжаттарымды қандай оқуға тапсырғалы тұрғанымды сұрады.
Менің құжаттарымды көріп шықты. Аттестатымда үш-ақ
төрт, қалғаны бес болатын. «Мектепте жақсы оқыған екенсің,
қандай оқуға түскің келеді?» деп сұрады. Мен журналист
болғым келетінін айттым. Ол «Журналист те жақсы мамандық.
Оған табиғи талантың болуы керек. Қабілет-қарымың қалай?
Бұрын жазған мақалаларың бар ма?»- деді. Өзім бірен-саран
жазған өлеңдерім бар екенін, газеттерге мақалалар жазып
тұратынымды айттым. «Ол мақалаларың бар ма?» деп сұраған
соң, жазғандарымды көрсеттім. Қарап шықты да: «Жақсы екен,
бірақ қазір журналистер көп. Әдебиетпен шұғылданатындар
көп. Дарыны бар адам қандай мамандық иесі болса да, жарып
шығады»,- дей келіп, танымал жазушы Ілияс Есенберлинді
мысалға келтірді. Ол 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын
бітіріп, Жезқазған рудниктерінде инженер болған екен.
Содан кейін Қазтай папам: «Мен сенің аттестатыңа қарап
отырмын, математикадан – бес, химиядан – бес, физикадан
– бес. Бүгінгі уақыт – ғылым мен техниканың заманы. Неге
өз бойыңдағы мүмкіндіктерді пайдаланғың келмейді? Неге
инженер болмайсың? Қазір Қазақстанда индустрия дамып
жатыр. Осы саланы дамытуға білікті ғалымдар керек. Өкінішке
ӨМіРге келгеН АдАМ жАҚСылыҚҚА, ізгілікке ҰМТылАды. АйТАлыҚ,
ҰлдАР Алдыңғы ТОлҚыН АғАлАРыНың жАҚСы іСТеРіН кӨРіП, «ӨСкеНде
МеН де СОНдАй АзАМАТ бОлАМыН» деП СОғАН ҰҚСАғыСы келеді.
жАҚСы ҚАСиеТТеРіМеН АТы шыҚҚАН, Ауыл-АйМАғы МАҚТАН ТҰТҚАН
АзАМАТТАРды үлгі ТҰТАды. СОНдАй АРМАН-МАҚСАТТА жүРіП, ӨзіНің
ӨМіР жОлыН ҚАлыПТАСТыРА бАСТАғАНыН Өзі де Сезбейді. ҚиыНдығы
МеН ҚуАНышы, АзАбы МеН АбыРОйы ҚАТАР жүРеТіН ӨМіР жОлыН Ұлы
ОТАН СОғыСыНдА ҚАН МАйдАНдА бАСТАП, САНАлы ӨМіРіН хАлыҚТың
бОлАшАғыНА АРНАғАН, еліНің ӨРкеНдеуіНе елеулі үлеС ҚОСҚАН ҚОғАМ
ҚАйРАТкеРі әкеМіз ҚАзТАй ҰлТАРАҚОВТы бАлАлАРы, біздеР, еРекше
МАҚТАН ТҰТАМыз. Ол кіСіНің еңбегі елге үлгі бОлыП, еСіМі ТАРихТА
ҚАлды.
орай инженерлік саладағы оқу орындарына түсу үшін мектептік
базасы жоқтар барады. Ал сен ол жағынан талантты болып
тұрсаң, менің саған берер ақыл-кеңесім – инженерлерді
дайындайтын оқуға түс. Сен екі-үш күн ойланып көр»- деді.
Мен ол кезде журналист болудан басқаны армандамайтын
едім. Бір апта өткен соң, ол кісіге айтпай-ақ, құжаттарымды
журналистика факультетіне тапсыра салдым. Бір күні
«Қайсыған баратын болдың?» деп сұрады. Мен журналистика
мамандығына тапсырғанымды айтып едім, әкеміз аздап ренжіп
қалды. «Мақұл, сенің шешімің солай болса, өзің ойлағаныңдай
болсын»,- деді. Туған- туыстарымен де «бар-жоқ» дегеннен
аспайтын, қатал сөйлесетін адам.
Сол жылы мен оқуға түсе алмадым. Ауылға барып,
механизатордың оқуын оқып, трактор айдадым. Бір жылдан
соң, Алматыға қайтып келіп, Қазтай әкеміздің өткен жылғы
берген кеңесі бойынша Политехникалық институттың
металлургия факультетіне құжаттарымды тапсырдым. Оқуға
түскен соң, Қазтай папама бардым. Мен оқуға түскенімді
айтқанымда, ол риза болып: «Дұрыс болған екен, бұл
мамандықтың өз өміріңе де, елдің экономикасына да тигізер
пайдасы зор болмақ. Жақсы оқы. Сонда елге пайдаң тиеді»,-
деді.
Кейін ол кісі Іле аудандық партия комитетінің бірінші
хатшысы болып қызмет ауыстырды, Алматыға жиі келе
бермейтін, кездесіп қалғанымызда «Қай курста оқып жатсың?
Қашан бітіруші едің?» деп сұрап тұратын. Алғашқыда ол кісінің
ақылын тыңдамағаныма біраз ренжіп жүрген болса, енді ашуы
тарқағанын, маған жылы қабақ танытатынын байқап жүрдім.
Менімен жөндеп әңгімелесетін болды. Осындай мінезі
болатын.
Өзім өмір жолымда Алматы қаласында Медеу аудандық
атқару комитетінде төрағаның орынбасары, бірнеше жыл бойы
Алматы қаласына қарасты аудандардың әкімі қызметтерін
атқардым. Депутаттық қызметімде де сол Қазтай әкемізден
алған өнегені үлгі тұтамын. Ол мені шындыққа, адалдыққа
тәрбиеледі. «Қолыңнан келгенінше елге, халыққа жақсылық
істеуге тырыс» деп үйретті. Жасаған жақсылығымды, атқарған
қызметімді бәлсініп айтпауым қажет екенін ескертіп отыратын.
Елді сүюді, Отанды құрметтеуді, әсіресе, туып-өскен жеріңді
естен шығармай, қадір тұтып, өзекті мәселелерін шешуге
атсалысуды, қызмет барысында өзіңе жүктелген тапсырманы
адал атқаруды айтқан сөзімен, істеген ісімен ұғындыра білді.
Егер менің бойымда жақсы қасиеттер болса, мен оны әке
қанымен, ана сүтімен, соған қоса Қазтай папамның өмірлік
тәлім-тәрбиесі мен ақыл кеңесінен алдым деп айта аламын.
Қазтай әкеміз 1984 жылы зейнеткерлікке шыққанға
дейін Алматы қаласындағы Қазақ жемiс-жейдек және жүзiм
шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры
болды. Алматының апортын қалпына келтіру жолында көп
еңбек сіңірді.
Ол кісі үлкен басқарушы ғана емес, ғалым болатын. Еңбек
ете жүріп, 1958 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын
бітіріп, ғалым агроном мамандығын алды. 1961 жылы
Мәскеудегі СОКП Орталық Комитеті жанындағы партияның
жоғарғы мектебін бітірген. 1964-66 жылдар аралығында
СОКП Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар
Академиясының аспиранты болып, экономика ғылымдары
кандидаттығының диссертациясын сәтті қорғады.
Атақты «Алматы апортының» өз танымалдығын, дәмі мен
сапасын жоя бастағандығы Қазтай Нұрманбетұлының жанына
қатты батып жүретін еді. Ол осы істі бірден қолға алып,
Алматы апортының өз атына сай болуы үшін аянбай еңбек
етті. Осы мақсатта 1985 жылы апорт стандарты қабылданды
және ғылыми институт пен тәжірибе шаруашылықтары
ғалымдарының барлық қызметі соны негізге алды. 1986 жылы
«Апорт тағдыры» атты телефильм шығарылды. 1987 жылы
агротехника бойынша апортты өсіру жөнінде ұсыныс әзірленді.
Апорт өсіретін алма бақтарының тәжірибелік учаскелері пайда
болды. Апорттың вирустық және басқа да ауруларға төтеп беруі
үшін зерттеулер жүргізілді.
Алайда, 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаға байланысты
объективті себептер бойынша және зиялы қауым өкілдерін
қуғынға салған сол бір кездің қысымына орай Қазтай әкеміз
1987 жылы амалсыздан зейнеткерлік демалысқа кетуге мәжбүр
болды. Өзі Ұлы Отан соғысына қатысқан, оң қолын майдан
даласында қалдырып келген адам. Оң қолы шынтағынан жоқ.
Жазудың бәрін сол қолымен жазады.
Бір қолымен-ақ құралайды көзге атқан мерген.
Жұмыстан қолы босағанда, заңды рұқсатын алып, аңшылыққа
шығады. Бір жолы мен де бірге барған едім. Ұшып бара жатқан
қырғауылдарды бір қолымен атып түсіреді. Бұғы, марал аулауға
да шығып тұратын. Бірнеше мылтықтары болды. Кейін бір
мылтығын маған сыйға тартып еді. Үлкен ұлым әскери қызмет
Кейін менің ұлым майор шенін алғанда, ол ауруханада
жатыр еді. Мен барып, көңілін сұрадым. Содан кейін: «Папа,
Нұрлан майор атағын алды» деп едім, қуанғаннан көзіне жас
алып, ерекше толқыды. Сонда қатты адамның жан дүниесі
де нәзік болатынын, оның да ішкі тебіренісі зор екендігін
байқаған едім. Толқып отырып Қазтай папам: «Ол – үлкен
лауазым. Аға офицер болып есептеледі. Нұрланның жолы
ашық болсын»,- деп тілегін айтты. Менің әкем Мәжіл сол
кісінің қамқорлығының арқасында «Бутаковка» орман
шаруашылығына орманшы болып жұмысқа кіріскен еді.
Жұмыс істеп жүрген кезімде, ол бізге: «Мәжіл де біразға
келіп қалды. Қолың босағанда барып, шөбін шауып, отынын
дайындап бер. Малын бағуға көмектес»,- деп ақыл айтып
отыратын.
Өмірде өте қатал десек те, жүрегінің нәзік екенін бір
жолы анық байқадым. Адамға бауырының қазасы қашанда
ауыр тиеді ғой. Менің әкем Мәжіл қайтыс болғанда, Қазтай
папамыздың үйге келіп, қатты қайғырып, бар даусымен
жарты сағаттай егіліп тұрып жылағанын көргенде, әкемізден
айырылып, жылап жүрген өзіміз де не істерге білмей қалдық.
Сол бір сәті есімнен кетпейді. Ер азаматтың өкіріп жылағанын
естудің өзі қиын ғой. Сонда қасындағы адамдар сабырға
шақырып, әрең тоқтатып еді... Бұл жерде оның өзіне де,
өзгеге де қатал болғанмен, тас жүрек емес екенін айтқым келіп
отыр. Жаны жомарт, көңілі кең, жүрегі үлкен болмаса, елі мен
халқын, туған жерін, өскен өңірін ол сүйер ме еді?! Соғыста
жан аямай қан майданның ортасында от пен оқ кешкен болса,
еңбекте де ел үшін қыруар қызмет жасады.
Қазтай әкеміз жұмыстан кейін тамағын ішкен соң,
бір-екі сағат таза ауада серуендеп келеді. Сосын кабинетіне
кіріп алып, түнгі он екіге дейін шығармашылық жұмыспен
айналысып отырады. Кітаптарды, газет-журналдарды көп
оқыды. Ғылыми жұмыстармен айналысты. Көптеген ғылыми
және әдеби кітаптардың авторы, монография мен мақалалар
жазған. Ғылыми еңбектері Қазақстанның шөл және шөлейт
жерлерін жандандыруға және де Алматы облысының ауыл
шаруашылығын дамытуға бағытталған. Әр жылдары «Генерал
мен сержант», «Сталиннің жеті сұрағы және оның жауаптары»,
«Майдандағы махаббат» кітаптары жарық көргені белгілі.
Ол, әсіресе, өзінің денсаулығын күтуге баса мән
берді. Дене шынықтыру жасап тұратын. Үйіне тренажер
залындағыдай велосипед орнатып қойды. Қартайған шағында
сол велосипедті тебеді. Өзі: «Менің құрдастарым аденом,
простатит және басқа әр түрлі аурулармен ауырдым деп
қиралаңдап жатады. Дене шынықтырумен айналыспайды.
Баяғыда біздің шалдар атқа мінетін еді. Сондықтан әлгіндей
аурулар болмайтын. Ал қазір қалаға жақын жерде мінетін
ат жоқ. Менің құрдастарым үйлерінде телевизор көріп,
шалқасынан түсіп жатады. Ең болмаса, жарты сағат мынадай
велосипед тепсе, аденом да, простатит те болмайды»,- дейтін.
Әкеміз тамақты да талғаммен ішетін. Үйдегі Күліш
шешеміз күнделікті тағамын баппен әзірлеп беретін. Одан
артық тамақ ішпейтін. Ажарлы, реңді кісі еді. Дене бітімі
тіп-тік, ұзын бойлы, көрікті адам болды. Өзін-өзі күте білген,
денесін де, киімін де таза ұстаған. Өмірде қиындыққа да,
ауыр еңбекке де шыныққан адам. Өмірінің соңына дейін дене
шынықтыруын тастаған жоқ. Кешкі тамақтан кейінгі таза
ауада серуендеу дағдысын да бұзған жоқ. Бес-он шақырымдай
жаяу жүріп келеді. Жасы жүзден де асатындай денсаулығы бар
еді, немересі Бағлан Астанада қызмет істеп жүрген кезінде
аяқ астынан ауырып, қайтыс болып, соның қайғысын көтере
алмай кетті.
Міне, ол өмір бойы осындай қатаң кестемен жүрген адам.
Дүниеден озғанша осы дәстүрінен айныған жоқ. Шешеміз
Күліш Өскенбайқызы екеуі өмірге алты бірдей перзент әкелді.
Балаларының бәрі ел сыйлайтын азамат болды. Немерелері
ер жетіп, шөберелерінің де бұғаналары бекіп, қанаттары
қатайды. Қазтай қария 2005 жылы дүниеден озды. Артына
өшпес із, өнегелі ұрпақ қалдырды. Елдің адамдары оны
шынайы құрметтейді. Еңбегін елге үлгі етеді. Құрдастары да,
әріптестері де Қазтай әкімізбен артық ауыз қалжыңдаспайтын.
Жолдастарының бірі, құрдасы, Ұлы Отан соғысының ардагері,
1980 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы
болған Сейдәлім Тәнекеев деген ағамыз бізге: «Мына Қазтай
аталарыңның соғысқа барып, оң қолын жоғалтып келгені
жақсы болды ғой»,- дейді. Біз «Неге, аға?» дейміз. «Ол сол
қолымен бірен-саран бірдеңелерді атып жүр ғой, ал оның оң
қолы сау болса, мына жерде аңнан аң қоймайтын еді»,- деп
қалжыңдап күлетін. Қазтай әкеміз ұшқан құсты, жүгірген аңды
жібермейтін мерген болған ғой. Әрине, құрдастарының ондай
әзілдерін көтереді.
Көп сөйлемейді, жолдастарымен бірге отырғанда,
айтқандарын естігенім бар. Соғыста болған оқиғаларды кейде
жолын таңдағанда, қатты қуанды. Өзі соғысқа қатысқан адам
болғандықтан, әскери адамдарды, әскери тәртіпті жақсы
көретін. Өзінің ұлы Бақытбек кадрлық офицер болып,
батальон командирі еді. Ошта қызмет жасап жүрген кезінде
қайтыс болды.
көңілденгенде ғана айтатын еді. Өзінің бастан кешкендерін
өз кітабында жазып кетті ғой. Рокоссовскиймен кездескенін
айтып беріп еді. Майдан даласында байланыс үзіліп қалғанда,
сол линияны жалғауға Рокоссовский арнайы тапсырма беріпті.
Сол тапсырманы орындап келеді. Аңшы болғанының, көп
жаяу жүргенінің соғыста пайдасы тигенін айтып берген-ді.
Мемлекет және қоғам қайраткері Қазтай Ұлтарақовтың
еңбектегі елеулі қызметін, адамдық қасиеттерін Жетісу
өңірінің азаматтары жақсы біледі. Елімізді басқарған
Дінмұхамет Қонаев және басқа да қоғам, мемлекет
қайраткерлерімен замандас, сыйлас болған адам. Ол Алматы
облысында егіншілікті дамыту, суармалы жердің көлемін
арттыру, қызылша, жүгері дақылдарынан тұрақты мол өнім алу
мақсатында көп еңбек сіңіріп, облыс шаруашылықтарының
жаңа белеске көтерілуіне ықпал еткен білгір маман болды.
Облыстың саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени
дамуына елеулі үлес қосты.
Қазтай әкеміздің айтқан сөздері халық арасында кең
таралып кеткен, елге көрсеткен өнегелі істері де өте көп.
1980 жылдары, яғни, облыстық атқару комитеті төрағасының
бірінші орынбасары қызметінде жүрген тұсында, бір кездері өзі
қызмет жасаған Саты ауылын кеңшарға айналдырды. Сатыда
жаңадан ешкі кеңшары ашылды. Өзі бұрын ешкі жақсы өсетін
жер екен ғой, тау-тасы көп. Кавказда өсірілетін асыл тұқымды
түбітті ешкілерді өсіру қолға алынды. Кеңшар қажетті-қажетті
жаңа техникалармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ Жалаңаш, Саты ауылдарына баратын
86 шақырымдық асфальтты автожолды да Қазтай әкеміз
салдырған. Оған дейін жол болмай, халықтың қарым-
қатынасы қиын болған еді. Сонымен бірге Саты ауылындағы
қазіргі орта мектептің ғимаратын салдырып берді. Ауылға одан
артық жақсылық жасаған адам жоқ. Үлкен Шелектің бойына
автокөлік өтетін үлкен көпірді де сол кісі салдырып берген еді.
Тек өзінің туған ауылы мен ауданына ғана емес, Жетісу
өңірінің қай ауданында да Қазтай Нұрманбетұлының жасаған
жақсы істері мол. Оны ел-жұрт айтып отырады. Айталық,
Балқаш ауданына барғанда, сол жерді зерттеп, ол жерде күрішті
өсіру қолайлы екенін ғылыми түрде анықтап берді, тәжірибе
шаруашылықтарын ашып берді, кейін соның нәтижесінде
күріш өсіретін бірнеше кеңшар ашылды. Күріш алқаптары мол
өнім берді. Ал Іле ауданында бірінші хатшы қызметін атқарған
кезінде Қапшағай су қоймасы мен су электр станциясы
салынды және Қапшағай қаласының іргетасы қаланған.
Өзім куә болған тағы бір оқиға. Бір жолы сенбі күні
Қазтай папамның үйіне келсем, ауыл жаққа барғалы жатыр
екен. «Мейрамдарда осында жүресің бе? Әлде ауылыңа, әке-
шешеңе барасың ба?»- деп сұрады. Мен барғым келетінін
айтып ем, кешке өзінің жүргелі отырғанын, мені де бірге
алып кететінін айтты. Папамыздың машинасымен ауылға
бет алдық. Жолда Шелектен өткеннен кейін, Сөгеті асуының
басында отырып, көлік жүргізушісі үшеуіміз үйден алып
шыққан тамақтарымызды жедік. Термосқа құйып алған
шай бар екен. Шай ішіп отырған кезімізде Қазтай папам тау
бөктерін көрсетіп: «Сен білесің бе, ата-бабаларымыздың
бәрі осы маңайда өмір сүрген. Жайлауымыз мына жақта, ал
қыстауымыз мына жаңа ауыл жақта. Мына жерден «Нұрлы»
деген жаңа кеңшар ашылды. Көрдің бе? Кеңшар орталығы
қала үлгісіндегі кент. Осы кеңшардың ашылуына өзім де біраз
еңбек сіңірдім»,- деп айтқаны бар еді. Ауылдағы, аудандағы
жерлестері ол кісіні ерекше құрмет тұтты.
Қазір өзімен бірге қызмет жасағандардың да қатары
сиреп бара жатыр. Алматы облыстық партия комитетінің
бірінші хатшысы болған Кеңес Аухадиев, облыстық партия
комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болған Ізбасар
Балтағұлов, 1980 жылдары Қазақстан тұтынушылар одағының
төрағасы болған Сейдәлім Тәнекеев сияқты ел ағалары
Қазтай Ұлтарақовтың еңбегін жоғары бағалап, үнемі айтып
отырады. Олар: «Қазтай ағаның Алматы облысына сіңірген
еңбегі бір кісідей-ақ болар. Өнегелі өмір сүріп, артына өшпес
із қалдырған адам. Сондықтан Қазтай Нұрманбетұлының 90
жылдығын облыс көлемінде дұрыстап өткізейік»,- деп бастама
көтеріп отыр.
Мемлекет басшысының саламатты өмір салтын
насихаттау бастамасын іске асыру және елімізде спортты
қолдау мақсатында 14 маусымда Қазтай Ұлтарақовтың
құрметіне әртүрлі спорт турнирлері өткізу жоспарлануда.
Осы шараға Олимпиада және Әлем чемпиондары мен
жүлдегерлері Жақсылық Үшкепіров, Серік Қонақбаев,
Ермахан Ыбырайымов және Болат Жұмадилов құрметті қонақ
ретінде шақырылып отыр. Сонымен бірге түрлі ұлттық спорт
ойындары да жиылған жұрттың қөнілінен шығары сөзсіз.
Қазтай Ұлтарақовтың еңбектегі елеулі қызметі, адамдық
қасиеттері баршаға мәлім. Елімізді басқарған Дінмұхамет
Қонаев және басқа да қоғам, мемлекет қайраткерлерімен
замандас, сыйлас болған адам. Ол – Алматы облысында
егіншілікті дамыту, суармалы жердің көлемін арттыру,
қызылша, жүгері дақылдарынан тұрақты мол өнім алу
мақсатында көп еңбек сіңіріп, облыс шаруашылықтарының
жаңа белеске көтерілуіне ықпал еткен білгір маман.
Еліне, жеріне деген жүрегі кең, адал азаматымыздың
есімі ел жадында мәңгілік қалғаны жөн деген ұйғарыммен
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Масақ
ауылына Қазтай қарияның есімін беру жөніндегі ұсыныс ауыл
тұрғындары тарапынан қолдауға ие болған еді.
Осыған орай, жақында Масақ аулына Қазтай Ұлтарақов
есімін беру жөнінде Алматы облыстық мәслихатының шешімі
шығарылды. Бұл орынды шешім болды деп есептейміз.
Мінезі – қатал, жаны – адал, өмірі – өнеге болған Қазтай
әкеміз туралы ойларымды мына бір жыр шумақтарымен
түйіндегім келеді:
Таудың суы ағып өтсе сарқырап,
Жақсы адам мәңгі қалар ал бірақ.
Елге еткен еңбегімен әкемнің
Өшпейтұғын ізі қалды жарқырап!
Таудай қатал, заңғар еді көңілі,
Қадір тұтқан туып-өскен өңірі.
Еңбек етіп, елім дейтін жастарға
Үлгі болған өнегелі өмірі!
АСТАНА.
Достарыңызбен бөлісу: