ҚҰрметті оқырман! Төл газеттерiңiз – «хантәңiрiне» 2014 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу жүргізілуде. Аудандық газетке



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата05.02.2017
өлшемі4,47 Mb.
#3462
1   2   3   4   5   6

Тұрарбек  АСАНОВ

Хантәңірі

5

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы,   сенбі,   14 маусым

Мерей: Амангелді Ермегияев 70 жаста



Еліне, жеріне шарапаты 

мол әулет

1931-1933  жылдары  қазақ  даласына  зор  қасірет  әкелген 

ұжымдастыру кезеңі - байларды жер аударып, халықты аштыққа 

ұрындырды,    халық  жан-жаққа  босып  кетті.  Көшпелі  қазақтың 

негізгі  тіршілік  көзі-бағып  жүрген  малы  ғана  еді  ғой.  Сол  тір-

шілік  көзінен  зорлап  айырып, 

миллиондаған    қазақтың  өмі-

рін  қиды.  Аштыққа  ұшыраған 

отандастарымыз 

Қырғызға, 

Қытайға,  Өзбекстанға  және 

Қазақ ауылының мүмкіндігі бар 

аймағына қоныс аударды. Егін және бау-бақша шаруашылықтары 

бар  аймаққа  келіп  жан  сауғалады.  Голощекиннің  1930  жылы 

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» науқанының қызу 

жүріп жатқан кезеңінде, орта шаруасы бар Ермегия бай-құлақтар 

қатарына жатқызылып,  1932 жылы атылды. Баласы Дін атамыз 

бастаған 130 жанұя, 260 адамды зорлап Жалаңаш ауылына әкелді. 

1933  жылы  Жалаңаш  ауылында  кіші-гірім  екі  колхоз  құрылды. 

Оның бірі Қарағанды аймағынан ауып келгендер үшін Облыстық 

Атқару Комитетінің атындағы «Облатком» және сырттан келген 

орыс ұлтына «Средигор» атты колхоз құрылды.

«Облатком»  колхозын  құруға  Дін  Ермегияев  белсене  атса-

лысты. Өзінің жанұясын және бірге келген адамдарының басын 

кұрап, осы колхозға басшылық етті. Ел тағдырын, жер тағдырын, 

еліміздің  болашағын  ойлап,  тыным  таппай  еңбек  етті.  Өз  ісін 

жетік  меңгеріп,  адал  еңбегімен  елге  танылған  әулеттер  туралы 

айтылатын  уақыт  жетті.  Олар  біздің  бақытымызға  жол  ашқан 

ардақтыларымыз.  Оларды  еліне  таныта  беру  біздің  азаматтық 

борышымыз. Істеген іспен артында іргелі істерімен із қалдырған 

жеке  тұғалар  туралы  көп  жазылды.  Ал  жеке  әулеттер  туралы 

жазылғандар  аздау.  Ауылымыздың  жеткен  жетістіктері,  өскен, 

өркен  жайған  шақтарына  барынша  үлес  қосқан  әулеттерді 

бағалап, еңбектерін елеусіз қалдырмай қадірлегеніміз жөн.

Дін  атамыздың  көптің  көңіліне  ой  салатын  аталық  сөзі: 

“Қандай істе де жеңістің кілті - бірлікте, ізденуде, еріншектікке 

салынбауда. Тиянақты атқаруда”- деп білетін. Өзі солай істейтін 

де.  Ол  кісі  халықтың  басын  құрауда,  іске  жұмылдыруда  елге  де 

өзіне де талап қоя білетін. Ермегияев Дін 1913 жылы Қарағанды 

облысы, Шет ауылында туған. 1928 жылы Тұрсынбекова Балкен-

мен отау құрған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Соғыста «снай-

пер» болған. Құралайды көзге атқан мерген еді. «Қызыл жұлдыз» 

орденімен марапатталған. 1943 жылы соғыстан жараланып келіп,  

колхозда  7-8  жыл  төрағалық  қызмет  атқарды.  Зейнеткерлікке 

шыққанға дейін 40 жыл колхозда түрлі жұмыстар атқарады (фер-

ма меңгерушісі, зоотехник). Жұбайы Тұрсынбекова Балкен 1932 

жылдан 1950 жылға дейін 20 жыл колхозшы болған. Інісі Ермеги-

яев  Жамал 1918 жылы туған. 1933 жылы Жалаңаш тоғыз жылдық 

мектеп  -  интернатының  төртінші  сыныбына  қабылданып,  зе-

рек - алғырлығымен екі жылда жетінші сыныпты үздік бағамен 

бітіреді. 1934 жылы комсомол қатарына қабылданып, бастауыш 

комсомол ұйымына басшылық жасайды.

Мектепте жақсы оқумен қатар колхоз шаруасына да белсене 

араласады. Жетінші сыныпты оқу үздігі болып бітіріп, 1935 жылы 

Түрген педучилищесіне түсіп,  1938 жылы мақтау грамотасымен 

үздік бітіріп, математика пәнінің мүғалімі деген мамандық алады. 

Республикамыздың халық ағарту комиссариаты Жамалды Кеген 

ауданындағы  жаңадан  ашылған  Күрметі  мектебіне  жолдама  бе-

реді.  Шәкірт  тәрбиелеуде  білгірлікпен  көзге  түсіп,  бір  жылдан 

соң  аудандық  комсомол  комитетінің  хатшылығына  сайланады. 

1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, ротаның саяси жетек-

шісі, кіші лейтенант қызметін атқарады. 1942 жылы сәуір айында 

24 жасында жау оғынан қаза табады. Ауылда, ауданда істеген төрт 

жылға жуық уақытта үлкен беделге ие болып, үлгілі ісімен артына 

із қалдырды.

Ермегияева Күлшара 1932 жылы туған. 1944 жылы Жалаңаш 

қазақ  орта  мектебін  үздік  бағамен  бітіріп,  Алматыдағы  қыздар 

мұғалімдер  даярлайтын  институтқа  қабылданып,  1947  жылы 

математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіреді. Осы 

жылдан  бастап Жалаңаш қазақ орта  мектебіне 

шәкірттерге 

математика пәнінен дәріс береді. Мектепте 40 жыл ұстаздық етіп,  

шәкірт  тәрбиелейді.  Жолдасы  Мейрамов  Тойшыбек  1920  жылы 

туған. 1945 жылдан Жалаңаш қазақ орта мектебінде химия пәнінің 

мұғалімі болып,  өмірінің соңы 1964 жылға дейін 20 жылға жуық 

ұстаздық етеді. Ұлы Отан соғысының ардагері «Еңбек Қызыл ту» 

орденімен марапатталған.

Совет  Дінұлы  1938  жылы  туған.  Жалаңашта  Средигор  мек-

тебін  бітірген.  1956  жылдан  ауданның  әр  шаруашылығында 

40  жыл  еңбек  етті.  Жұбайы  Жүнісова  Әнел  1938  жылы  туған. 

Әйгілі Әубәкір Жүнісовтың інісі Мустафаның қызы. 1964 жылы 

Алматының мединститутын бітіріп, Нарынқол ауданы Сарыжаз 

ауруханасында 40 жылдай еңбек етті. Танымал дәрігер.

Ермегияев Әмет 1941 жылы туған, ата-анасымен бірге тұрып 

40  жылдан  аса  ауыл  шаруашылығында  еңбек  етті.  Қазіргі  кез-

де  жеке  шаруа  қожалығы  бар.  Жолдасы  Садықова  Зияш  1948 

жылы  туған.  1966  жылдан  С.Бейсембетұлы  атындағы  мектепте 

бастауыш сыныбында ұстаздық етіп, көптеген айтулы шәкірттер 

тәрбиеледі.

Ермегияев Амангелді Дінұлы 1944 жылы Жалаңаш ауылын-

да  туған.  1960  жылы  мектеп  бітіріп,  Жалаңаш  ауылында  мек-

теп- интернат құрылысын салуда қатардағы құрылысшы болды. 

Москваның Куйбышев атындағы құрылыс - инженерлік инсти-

тутын бітірген. Жолдасы Ермегияева Жаңыл 1944 жылы туған. 3 

жыл Жалаңаш «Средигор» мектебінде ұстаздық етті.

Амангелді  Дінұлы  «Алматықұрылыс»  Ұлттық  холдингтік 

компаниясының  президенті.  Құрылыстың  қыр-сырын  жақсы 

білетін  білікті  маман  және  қоғам  қайраткері.  Алматыдағы  ҚР 

Президентінің  Резиденциясы,  Мемлекеттік  Музейі,  Лермонтов 

атындағы драма театры, ҚазМҰУ қалашығы, Қалқамандағы №1 

қалалық ауруханасы, Республикалық мектеп сарайы, «Қазақстан», 

«Рахат Палас» қонақ үйлері, «Алатау» демалыс үйі, «Атакент» ком-

плексі,  «Алматы»  мейрамханасы,  «Самал»,  «Көктем»,  «Ақсай», 

«Жетісу»  ықшам  аудандарындағы  көп  қабатты  көрікті  тұрғын 

үйлердің құрылысына атсалысты.

Астана  қаласындағы  Ресми  қабылдау  үйі,  «Салтанат  са-

райы»,    «Қазақстан»  спорт  сарайы,  «Репрессия  қүрбандарына» 

қойылған  монумент,  К.Байсейітова  атындағы  опера  және  балет 

театры, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма теат-

ры, Қазақ Ұлттық музыка Академиясы, Гумилев атындағы Евра-

зия  университеті,  Қызылорда  облысы,    Жосалы  стансасындағы 

темір  жол  торабы,  Атыраудағы  мұнайшылар  мекен-жайы,  Ба-

тыс  аймағындағы  инфрақұрылым  және  көлік  жолдарының 

құрылысында  да  қолтаңбасы  қалды.  1993  жылы  Атырау  облы-

сында  аса  ірі  су  тасқыны  болып,  зардап  шеккен  тұрғындарға 

қайырымдылық акциясын өткізіп, 500-ғе жуық үй салынды, елді 

қиыншылықтан құтқарды.

Мәдениет  пен  өнерді  терең  түсінетін  дүниетанымы  кең, 

өрісі  биік  Амангелді  меценат.  Бүл  қоғамдағы  адамдардың  жаңа 

типі.  Кітаптары  көзден  таса  бола  бастаған,  классик  жазушылар 

мен  ақындар,    өнер  иелерінің,  Қасым  Аманжоловтың,  Жұбан 

Молдағалиевтің, Ерғали Рахмадиевтің, Байкен Әшімовтің, Софы 

Сматаевтың,  Әсет  Бейсеуовтің  және  де  өзге  де  мәдени-  әдеби 

қайраткерлерінің кітаптарының жарық көруіне тікелей қаржылық 

қолдау көрсетті.

Райымбек  ауданының орталығындағы Райымбек бабамыздың 

алып  ескерткішін  орнатуға  белсене  атсалысып,  бабаның  рухын 

көтерді. Ауданның мерейтойлары мен белгілі тұлғалардың юби-

лейлерін  атап  өтетін  мейрамдардың  басты  қолдаушысы.  2000 

жылы  Алматы  Құрманғазы  атындағы  консерваторияда  «Шерт-

пе күй» сыныбын  ашуға бастамашы болып,  10 студент пен екі 

мұғалімге арнайы стипендия тағайындады.

2002  жылы  9  облыста  «Қазақстан  құрлысшыларының  Ас-

социациясын»  құрып,  оған    77  ұйым  4  облыстық  бөлімше  кір-

ді.  «Бозторғай»,  «Жарылғап  батыр»,  «Ардагер»  қайырымдылық 

қорларын құрды.  Ұлы Отан соғысы, еңбек және құрылыс арда-

герлеріне,  әлеуметтік  жағдайы  төмен  оқушыларға,  өнер,  спорт 

қайраткерлеріне,  жазушыларға  қаржылай  демеушілік  көрсетеді. 

Кіндік  қаны  тамған  Жалаңаш  ауылына  істеген  жақсылығы  бір  

төбе.  Балалар  бақшасы  мен  монша  ғамираттарын  жасады.  1991 

жылғы қиын-қыстау кезеңде ауылға диірмен, пилорама орнатып, 

елге  киім-кешек,  аяқ  киім  тігетін  былғарыға  дейін,  аурухана-

ны  ыдыс-аяқ, жамылғыш, төсеніш заттарымен қамтып, жағдай 

туғызады.  Жамал  Ермегияев  пен  С.  Бейсембетұлы  атындағы 

мектептерді  шатырлап, әрбір сынып бөлмесін күрделі жөндеуді 

өз  қаржысына  жасатып  берді.  Ж.  Ермегияев  мектебінің  жаны-

нан  балалар  жүзетін  бассейін,  шығыс  жекпе-жекке  үйрететін 

ұстазға жалақы, спорт залына татами, тренажерлар, осы мектеп-

ке  аумақтық  музей  бөлмесін  жабдықтады.  Жалаңаш  мәдениет 

үйінің  құлаудың аз алдында тұрғанын көріп, күрделі жөндеуден 

өткізді,  ішіне  жаңа  орындықтар  мен  музыка  аспаптарды,  би-

льярд, 


дауыс 

күшейткіш 

құралдарымен 

толықтырып 

берді. 300 орындық  жаңа мешіт 

үйі,    Ұлы  Отан  соғысында 

қаза  болған  ардагерлер  ес-

керткішін  қайта  жаңғыртып, 

репрессияға  ұшыраған,  атылған  зиялы  адамдарға    ескерткіш 

тас  орнатты.  Имандылық  сабақ  жүргізуге  арналған  діни  сауат 

ашуға  алты  бөлмелі  ағаштан  жасалған  түрғын  үйді  сатып  беріп, 

дін  өкілдерінің  жүмыс  істеуіне  мүмкіндік  туғызды.  Жалаңаш 

ауылының  1/5  шақырымына  түнде  жарық  беретін  электр  ша-

мын  орнатты.  Ауыл  жастарының  бокспен  айналысуға  арнайы 

білікті  жаттықтырушыға  еңбекақы  беріп,  жастардың  спортпен 

айналысуына  қамқоршы  болып  келеді.  Мектептер  мен  ауыл 

тұрғындарының  үйінің  жанына  жеміс  ағаштарын  сатып  беріп,  

ортырғыздырды.  Жайдақбұлақ  тұрғындарының  10  оқушысына 

Германия  Мемлекетін  көрсетіп  келуді  өзі  ұйымдастырды. 

Елге— қамқор,  қысылғанда күш-жігер, қажығанда қайрат берген 

сүйенішіміз. Жыл сайын аудан ардагерлерінің 9 мамыр — Жеңіс 

күнінде барлығына бағалы сыйлықтар жіберіп,  марапаттап оты-

ру  оның  әдепті  ісіне  айналды.  Ермегияев  Қабылтай  1950  жылы 

туған. 1962 жылы Бейсембетов атындағы мектепті бітірді. 28 жыл 

құрылыстың әр саласында еңбек етті. 1995 жылы қайтыс болды. 

Жұбайы Қожабекова Нағима 22 жыл мектепте ұстаздық етті.

Ермегияева Гүлнар 1971 жылы туған. 1989 жылы Бейсембетов 

атындағы мектепті бітірген. Осы мектепте 9 жылдан бері ұстаздық 

етеді. Жолдасы Бопабаев Хамит 1971 жылы туған. Шаруашылықта 

түрлі жұмыс атқарған. Жалпы Ермегияевтар әулетінің Жалаңаш 

ауылында  атқарған  еңбек  стаждары  313  жыл.  Екі    ғасырдай  бір 

жерде  еңбек  еткен  әулет  ұрпақтары-  ел  дегенде  еміреніп,  жұрт 

дегенде  жүгіріп,  қызмет  етті.  Дін  атамыздың  казіргі  көзі  тірі 

шәкірттері  ол  кісінің  жақсы  істерін  үнемі  еске  алып  отырады. 

Елмен  тіл  табысуы,  достарымен  сырласуы,  өз  ортасында  сегіз 

қырлы  бір  сырлылығы,  шежіреші,  мергендігі  мен  саятшылығы, 

әншілігі жайлы тамсана айтушылар баршылық. Қоғамдық малға 

бақылау  қойған  сол  кездегі  билік  малы  жоқ  адамдарды  етпен 

қамтуды ойламайтын Дін атамыз өзінің мергендігімен аң аулап, 

жанұясымен еңбектес адамдарын аң етімен үнемі қамтамасыз етті. 

Құмай, тазы асыраған, түлкі аулап жақындары мен еңбектестерін 

түлкі  терісімен  тігілген  бас  киіммен  қамтыды.  Соғыс  зардабы-

нан,    жоқшылықтан  қысылған  ауыл  адамдарына  қолынан  кел-

ген көмегін аямай қол үшін беріп,  ел қатарына қосып отырды. 

Қарабұлақ  интернатынан    Қожабеков  Құрманақын  деген  жетім 

баланы  асырап,  жанұялы  жасап,  қолхоздың  алдыңғы  қатарлы 

малшысы болуына ықпал етті. Өзінің іні- қарындастарын, бала-

ларын тұтас оқытып, елге қызмет ететін азаматтар етіп тәрбиеледі. 

Өзінің білген іс әрекетін үйретіп кетті. Қарындасы Күлшара мен 

күйеу баласы Тойшыбек жайлы қазіргі көзі тірі шәкірттер Аман-

баев Әділ, Әділов К. Нұрбеков  «Жаңашыл,  білгір жүздеріне нұры, 

көңілдерінен мейірімінің балы танып тұратын, өз пәндерін бап-

пен сөйлеп,  санаңа қүйып беретін еді», -  деп еске алады. Аман-

гелді  Дінұлы  топ  бастайтын  қайраткер,  саясаткер,  құрылысшы, 

меценат,  Август  Третьяков,  Атымтай  Жомарт,  академик  Рух  із-

деуші, ұлт жақтаушысы, оған кездескен сайын сабырлы бейнесі-

нен бір танбай құшағын жая қарсы алады. Туған елінің тынысын 

сұрайды. Жетістігіне қуанады. Кемшілігін толықтыруға қол ұшын 

созады.  Азамат  ел  алдындағы  өз  бағасын  алуы  керек.  Жалаңаш 

тұрғындары  осы  ауылдың  атын  Ермегияев  әулетімен  атаса  жөн 

болар еді деген пікірдеміз. Биліктегілер қуаттар деп сенеміз.

Ер қадірін бағаламаудан,

Қай ел опа тауыпты.

Ия, ерлікті жасамаудан,

Бағаламау  әлде  қайда  қауыпты,  -деген  ақын  өлеңі  бізді 

меңзегендей.

         Нұрлыкүн  ОразбекОв

 ауданның Құрметті азаматы.

                                           а. ермегияев.

                  а. ермегияев ақындар айтысында.

                 Талғат  ермегияев жұмыс барысында.


Хантәңірі

6

g. hantaniri@mail.ru.



2014 —Жылқы  жылы, сенбі,  14 маусым

Есте болсын!

Білім ордаларында

Мұқағали— мәңгілік жыр

Спорт


Аудан атын 

асқақтатты

Хаттар

1  маусым  –  былдырлаған 

тәтті  тілімен,  сыңғырлаған  назды 

үнімен  үйімізді  базар  ететін 

балаларымыздың мерекесі!

Нұрмен келсін келер күн,

Бала – бағы бар елдің.

Балалардың күлкісі,

Көркі, 

сәні 


әлемнің! 

–  демекші,  Тәуелсіз  еліміздің 

болашағы – балалар. Осы уақытқа 

дейін 


атқарылған 

істердің 

жалғастырушысы  да,  қоғамның 

тегершігін  алға  айналдыратын  да 

жас ұрпақтарымыз. Елбасымыз өз 

сөзінде:  «Біздің  балаларымыздың 

тамаша келешегі бар,» - деп үлкен 

сенім білдіреді. 

1  маусым  балалар  күнінде 

аудан орталығы алаңы безендіріліп 

мерекелік  шара  өткізілді.  Ата 

–  аналар,  балдырғандар  «Туған 

елім – Қазақстан» атты аудандық 

көркемөнерпаздар  байқауының 

жүлдегерлері  және  балабақша 

бүлдіршіндерінің 

мерекеге 

орай 


дайындаған 

«Балғын 


балалар  –  біздің  болашағымыз» 

атты 


мерекелік 

концерттік 

бағдарламасын 

тамашалады. 

«Мен бақытты баламын, бақытты 

балалық 


шақ» 

тағы 


басқа 

тақырыптарында  аудандығы  6 



Мен бақытты баламын

балабақшаның  көрмесі  өткізілді. 

«Менің 

алғашқы 


сыныбым», 

«Бақытты  әлемде  –  балалар 

көзімен»  тағы  басқа  тақырыпта 

асфальт  бетіне  суреттер  салудан 

көрмелер  балабақша  балалары, 

мектептің 

шағын 

орталық, 



даярлық  оқушылары  арасында 

жарыстар ұйымдастырылды. 

Елдің 

болашағы 



ретінде 

балалардың 

мүддесін 

ойлау, 


құқығын  қорғау  –  иманды  істің 

бірі.  1  маусым  –  Халықаралық 

балаларды  қорғау  күні  мерекесі 

және «Біз мектепке барамыз» атты 

республикалық  акцияға  қолдау 

көрсетушілер де болды. Акцияның 

мақсаты– 

мектепке 

дейінгі 

ұйымдар  мен  мектеп  жасындағы 

жетім,  мүгедек  балалар  мен  ата- 

анасының 

қамқорлығынсыз 

қалған, көп балалы, аз қамтылған 

отбасы  балаларына,    олардың 

жазғы  сауықтыру  демалысына 

қолдау  көрсету.  Қайнар  ауылдық 

округ 


әкімі 

Г.Дәлденбаева 

«Шымбұлақ» 

санаториіне 

80 

балалық  1  ай  мерзімді  тегін 



жолдама алуға көмек көрсетті. 

“Жердегі бір баланы қуантса, 

көктегі  мың  періште  алғысын 

айтады”  демекші,    мекемелер 

тарапынан да көмектер көрсетілді. 

Спорт бөлімі, телекомуникация аз 

қамтылған  балаларға  демеушілік 

жасады. Аудандық білім бөлімінің 

басшысы  Р.Таударбекова  жетім 

1  балаға,  аудандық  білім  беру 

ұжымы  1  аз  қамтылған  отбасы 

баласына  сауықтыру  лагеріне 

жолдамаға  демеушілік  көрсетті. 

Мүмкіндігі  шектеулі,  мүгедек 

балаларға  арналған  аудандық 

жұмыспен 

қамту 

бөлімінің 



бастығы  Зықаев  Халық  сый  – 

сияпат  жасады.  Мереке  соңында 

балалар  аудандық  білім  бөлімінің 

тарапынан  ұйымдастырып  алған 

сыйлықтарға  мәре  –  сәре  болып 

қуанып қуанышқа бөленді.



Ғ.БОЗЫМБАЕВА, 

білім бөлімінің 

бас маманы.

М. 


Мақатаевтың 

әдеби- 


мемориалды 

музейі 


1991 

жылы  ақынның  60  жылдық 

мерейтойында  ашылды.  Осы 

жылдан  бастап  музей  ұжымы 

мақсат  бағдарлама-  жоспарлар 

арқылы, республика, облыс, аудан 

тұрғындарына,  әсіресе  мектеп 

оқушыларына,  жастарға  музейді 

барынша  жақындатып,  олардың 

таным  әлемін  кеңейтуде  үлкен 

жұмыс атқарып келеді.

Жарық 


дүниеде 

небәрі 


45  жыл  ғана  ғұмыр  кешкен 

ақын  М.  Мақатаевтың  әдеби 

–  мемориалды  музейінде  рухани 

материалдық,  мәдени  мұраның 

мол қоры жинақталған.

Музей 


қызметкерлерінің 

жүргізген  ғылыми  ізденістері 

көп  жылдық  еңбек  нәтижесінде 

жинақталған  қымбат  мұралар, 

ел  аузындағы  дүниелер  қазір  де 

қорда сақтаулы.

Қазақстанның 

тәуелсіздік 

алған кезеңдерінде ақын мұрасын 

жаңаша  тануға  деген  көзқарас 

қалыптаса бастады.

1989 


жылы 

«Жазушы» 

баспасы  тұңғыш  рет  «Тұлпар» 

сыйлығының  статусын  бекітті. 

Осы  сыйлықтың  алғашқы  иегері 

марқұм 


Мұқағали 

ақынның 


«Жырлайды  жүрек»  атты  өлеңдер 

мен дастандар кітабына береді.

1999  жылы  Мұқағалидың 

“Аманат” атты   кітабы мемлекеттік 

сыйлыққа  ие  болды.  (Абай 

атындағы  Мемлекеттік  сыйлық) 

Мұның  өзі  ақын  мұраларының 

өміршеңдігіне 

дәлел. 

Басқа  


ақындар  секілді  Мұқағали  да 

өз  заманының  перзенті.  Оның 

«Құрметтеңдер,    жиырмасыншы 

ғасырды», 

«Менің 

ғасырым» 



т.  б  өлеңдері  өзі  өмір  сүрген 

кезеңнің  мақтан  етуден  туған. 

Ол  сол  кезеңдегі  ел  өміріндегі 

негізгі  де  өзекті  мәселелерді  жыр 

жолдарына арқау еткен.

Ақынның ермек емес, жаралы 

жүректерді  емдеу  үшін  жазған 

жыр  жолдары  өз  мақсатына 

жетті.  Ол-  өмірдің  қуанышы 

мен  қасіретін  тартқан,  өмір  мен 

өлімнің не екенін ерте түсінген, өз 

замандастарының  жан  жарасына 

шипа іздеген ақын. «Тау алыстаған 

сайын  биіктей  береді»  дегенді 

дана  халқымыз  тегін  айтпаған. 

Мұқағали 

ақынның 

жылдан 


жылға нар тұлғасы биіктей түсуде.

Музейдің  жылдық іс- жоспа-

ры  жасалынып,  оның  ғылыми 

тұрғыда  орындалуына  ерекше  

мән    беріліп,  конференция,  

кездесулер,  мерекелік  кештер, 

көрмелер 

ұйымдастырылып 

өткізілуде. 

Музейдің  негізгі  қызметі– 

Мұқағали  өмір  сүрген  уақыт  пен 

заманды  зерттеу,    шығармаларын 

жинастыру, ел аузынан естеліктер, 

фотосуреттер 

жинау 

арқылы 


болашақ 

ұрпаққа 


уағыздай 

отырып, мұра етіп қалдыру.

Мұқағали  мұрасы-  ұлттық 

қоймаға 


қосылған 

асыл 


қазыналардың 

көмбесі. 

«Өлі 

риза  болмай,  тірі  байымайды» 



дегендей, 

осындай 


 

алып 


тұлғалардың  есімін,  үлгі  ісін 

насихаттау,  оларды  ұрпақтан-

ұрпаққа мирас етіп қалдыру біздің 

азаматтық борышымыз.

Ақынның  өшпес  өлеңдері 

өртене  жанып,  өмір  сүріп, 

жастардың  жүрегіне,  халықтың 

жүрегіне  жарқырап  жетіп,  жалын 

құйып,    өзінің  жарығы  мен 

жылуын  дарытуда.  М.  Мақатаев 

жүрегінің 

екінші 


ғұмыры— 

мәңгілік  ғұмыры  басталады.  Бұл-

поэзия салтанаты.

Мұқағали 

жырларын 

ең 


қымбат 

қазынадай 

оқысақ, 

жастарды,  көпшілік  оқырман 

қауымды  жақсылыққа,  арманға, 

аяулы  күндерге  жетелейтініне 

сеніміміз мол. Мақаламды жерлес 

ақынымыз Батық Мәжитұлының

Елім деп еміренген, 

Жерім деп тебіренген!

Отына күйіп өткен,

Өмірді сүйіп өткен!

Жасындай жарқылдаған,

Шабыт боп сарқылмаған!

Сағынды тауың, далаң,

Сағынды  бауыр,  балаң!..- 

деген өлең жолдарымен аяқтағым 

келеді.


 А. К.   МустАфинА,        

      

М. Мақатаевтың әдеби- 

мемориалды музейінің                    

 ғылыми  қызметкері.

Сальмонеллез  –жұқпалы  ішек    ауруларының  

ішінде    қауіпті  індеттің  бірі.  Аурудың  қоздырғышы  — 

сальмонелла туысына жататын таяқшалы  бактериялар. 

Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы 

бар.  Сальмонеллалар  сыртқы  ортада  қолайлы  жағдай 

туса, көбейе береді. 

Алиментарлық  жол  -  жұқтырудың  негізгі  жолы  болып 

табылады.  Ал тағам өнімдері (жануарлардың еті, құс, балық, 

устрицалар,  таңқышаяндар,  жұмыртқа  және  жұмыртқа 

өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидектер, 

крем өнімдері) жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. 

Ауруды  су  арқылы  жұқтыруға  болады.  Сальмонеллез  

басталғанда    әдетте  жай  ғана  іш  өтуге    ұқсайды.  Бірақ  

өздігінен жойылмайды.   Оның  негізгі  қауіптілігі  мынада: бұл  

микробтардың    бір  ерекшелігі  олар  әдетте  өздері  таралған  

өнімнің    сыртқы  түр-түсін  өзгертпейді.  Әсіресе  көшеде 

сатылған ет, сүт өнімдері, мерзімі асып кеткен өнімдер , беті 

көп  ашық  тұрған  өнімдер,  тығыз  жабылмайтын    ыдыста  

тұрған  тағамдар  қауіпті болып  саналады. Жазда  кремі  бар  

кондитерлік  өнімдер  жеу де қауіпті.  

Сальмонеллар  тартылған  ет  фаршында  және  дірілдекте,  

шұжықтарда  тез    өсіп-жетіле  алады.  Өйткені,    ол  өнімдерде 

мұндай микроорганизмдердің өсіп-жетілуіне  қолайлы  жағдай 

бар. Сол сияқты етте инфекция көзі болса , онда  сол еттен 

фарш және дірілдек дайындаған кезде микроорганизм барлық 

өнімге  тарайды.    Ауру  қоршаған  ортада  тіршілікке  қабілетті 

бактериялармен  қоздырылады.  Ашық  су  қоймаларында  

және  ауыз  суда  олар  11  күннен  120  күнге  дейін,  ет  және 

шұжық өнімдерінде 60-130 күнге дейін, мұздатылған етте 13 

айға  дейін,  тоңазытқышта  сақталатын  сәтте  20  күнге  дейін, 

сары майда 120 күнге дейін, жұмыртқа мен ірімшікте 13 айға 

дейін сақталады. Сүтте, тартылған етте, жұмыртқа ұнтағында 

сальмонеллез  қоздырғыштары  тек  қана  сақталынбайды, 

сонымен  қатар  көбейеді.  Олар  төмен  температураға  төзімді, 

бірақ  500  С  жоғары  температурада  жылдам,  ал  1000  С 

температурасында  лезде  жоғалады.  Көңде  және  нәжісте 

сальмонеллалар 4 жылға дейін сақталады.

Сальмонеллезбен    көбінесе    сиырлар,    қаздар-үйректер,  

үй  тауықтары  да  ауырады.  Сальмонелламен  құстардың 

жұмыртқалары  көп  зақымданады.    Қаз    бен    үйректің  

жұмыртқаларын    базарда  және  магазиндерде  сатуға  тиым 

салады.  Ондай    жұмыртқаларды    қолдан    сатып    алудың  

қажеті  жоқ,  ол сіздің денсаулығыңызға қауіп төндіреді.

Малды  үй  жағдайында  –қорада  сою,  оның  үстіне  ауру  

малды сою  өте  қауіпті. Өйткені үйде мал сойғанда көбінесі 

санитариялық талаптар сақтала бермейді.

Аурудың белгілері: 

Инкубациялық  кезең  -  сальмонеллез  қоздырғышының 

адам  ағзасына  түсу  сәтінен  клиникалық    көрсеткіштердің  

көрінуіне    дейінгі    уақыт  бірнеше  сағаттан  3  күнге  дейін 

созылады.    Көбінесе    ауру    жіті    басталады.  Бастапқы 

кезеңінде  интоксикация  көрсеткіштері  көріне  бастайды: 

әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының 390С көтерілуі, қалтырау. 

Аурудың қызу кезі бір тәуліктен кейін басталады. Сол кезең 

тәбеттің бұзылуымен, лоқсып құсумен сипатталады.  Жасыл 

түсті  сұйық  нәжіс,  үлкен  дәретке  баруы  тәулігіне  10  ретке 

дейін болады. 

Емі:  асқазанды  жедел  жуып  шаяды,  дененің  улануын 

әлсірететін,  жоғалтқан  тұз-су  балансын  қалпына  келтіретін 

әр  түрлі  сұйықтықтарды  тамырға  құю,  витаминдер, 

бактериофагтар,  антибиотиктер  (левомицетин,  цикло-

флоксацин,    т.б.)  қабылдау.    Сальмонеллезбен  күресу  және 

оның  алдын-алу үшін санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық 

және індетке қарсы шаралар кешені жүргізіледі.

Сальмонеллезді  алдын-алу  жөніндегі  маңызды  іс-

шаралар:

—Тұрмыста  әрқайсымыз  қарапайым  ережелерді  сақтап, 

сальмонеллез ауруынан сақтануымыз қажет; 

—Мал  өнімін  белгіленбеген  сауда  нүктелерінен  сатып 

алмаңыз;

—Тез  бұзылатын  тағам  өнімдерін  тоңазытқышта 

сақтаңыз;

—Шикі  және  піскен  ет,  балық  және  көкөністерді  өңдеу 

барысында  бөлек  асханалық  тақтада  және  бөлек  пышақ 

пайдаланыңыз;

—Дүкеннен жұмыртқа сатып алғаннан кейін үйде оларды 

жуыңыз  (сабын  -  содалы  ерітіндісімен)  және  ұзақ  уақыт 

термиялық өңдеуден өткізіңіз, қауызы бұзылған жұмыртқаны 

сатып алмау, сыртында қан тамшылары немесе көң іздері бар 

жұмыртқаны пайдаланбаңыз;

—Тағамдардың пайдалану мерзімін және температуралық 

тәртіпті  сақтаңыз.  Дайын  тағамдарды  мүмкіндігінше  бірден 

пайдаланған  дұрыс.  Қалған  тағамдарды  тоңазытқышта 

сақтау  және қолданар алдында   қайнату  қажет. 

Осындай  жеңіл  ережелерді  орындау  сальмонеллез 

ауруына шалдықпаудың кепілі бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет