ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет37/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              242 bet 

Қуғыншылардың  дабыл  қағып  ұшқан  екпінінен  қорқып,  қарақұс  қызды  алып,  тағы  да  аспанға  ұшады. 

Сонда қуғыншылар: «Қыздан айырылдық», - деп жылайды. Жігіттердің үлкені екіншісіне: «Өнеріңді істе», 

- дейді. Екіншісі асқан мерген екен, құстың екі қанатынан көздеп атқан оғы оның екі санын жұлып түседі. 

Аспанда шыр айналып келіп, қыз суға түскенде, үшіншісі сушыл екен, суға сүңгіп, қызды алып шығады. 

Қыз  жұтқан  суын  қайта  құсып,  аман  түрегеледі.  Бұлар  енді  судан  құрғаққа  шыққан  кезде,  бір  үлкен 

айдаһар  бәрін  лебімен  жұтып  барады  екен.  Енді  бұлардың  төртіншісі  асқан  ұста  екен,  қолындағы  екі 

тасын  бір-біріне  соғыстырып  қалғанда  бес  шақырым  жерден  қорған  соғылады  екен.  Ол  тасын  қолына 

алып соғыстырып еді, бес шақырым жерден қорған соғылып, әлгі айдаһар қорғанның сыртынан оралып 

жатып қалады. Бірнеше күн тас қорғанның ішінде бұлар да жатады. Айдаһар тас қорғанды сыртынан орап 

алып,  қысып  сыға  бастайды.  Бұлар  қысылып  өлер  болған  соң,  бесіншісі  де  өнерін  істейді.  Бұлардың 

бесіншісі жер астынан жол салғыш екен, қолындағы асыл тасын шаққанда, бес шақырымдай жер астынан 

жол салынып шығады екен. Айдаһар сол күйінде таста оралып жатып қалады. Бұлар жер бетіне шыққан 

соң,  еліне  апаратын  жолдың  қай  жақта  екенін  біле  алмай,  айласы  таусылып,  адасады.  Бұлардың 

алтыншысы жол болжағыш екен, оқу оқып көзін сипаса, бір күндік жерден жол көреді екен. Алтыншысы 

өнерін  істеп,  бір  күндік  жердегі  жолды  табады.  Бірақ  өздері  арып-ашып,  шаршаған,  жаяу  жүре-жүре 

табандары тесілген, тамақтары және жоқ, аш әлсіреп қалады. Жетіншісі тағам жасағыш екен. Қойнындағы 

бір асыл табағын алып, жолдастарын күніне үш мезгіл тамаққа тойдырып отырады. Бұлар бірнеше күн 

жол жүріп, ханның ауылына жетеді, бәрі де аман. Қаншайым қызды да аман алып келеді. Сонан соң хан 

ат шаптырып той істейді. Хан елжұрты болып, жеті өнерпазға қатты риза болады. Хан жеті өнерпазға риза 

болғандықтан:  -  Қызымды  біреуің  жолдас  қылып  алыңдар,  -  дейді.  Сонда  тұрып  жеті  өнерпаздың  ең 

үлкені: 


          - Бәріміз де істеген өнерімізді айтып өтелік, қайсымыздікі артық болса, сол алсын, - дейді. Хан мақұл 

көреді. Сонда ең үлкені тұрып: 

          -  Бұл  қызға  менің  істеген  өнерім  бәрінен  басым.  Мен  болмасам  бұл  қыз  жоқ  еді,  -  деп  жеті  күн 

қарақұстың ізімен аспанда ұшқанын айтады. 

          - Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді ол. Екіншісі: 

          -  Сенің  өнерің  таусылып,  қызды  қарақұс  аспанға  алып  бара  жатқанда  мен  атпасам,  қыз  жоқ  еді. 

Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. Үшіншісі тұрып: 

          -  Сен  аспаннан  қызды  атып  түсіргенде мен  судан  сүңгіп  алмағанда,  қыз  жоқ  еді. Сондықтан  қыз 

маған тиісті, - дейді. Сонда төртіншісі тұрып: 

          - Мен тастан қорған соқпағанда, бәріңді де айдаһар жұтып қоятын еді, қыз да, сендер де жоқ едіңдер. 

Сондықтан да қыз маған тиісті, - дейді. 

          - Мен болмасам, бәрің де тастың астында қырылып өлер едіңдер, сондықтан қыз маған тиісті, - дейді 

бесіншісі. Алтыншысы тұрып: 

         - Бәрің де жол таба алмай адасатын едіңдер. Бұларды адастырмай, жол тауып берген мен емес пе? 

Қыз маған тиісті, - дейді. Ақырында жетіншісі тұрып: -             Менің табағымнан ас жемесендер, бәрің де 

аштан өлер едіңдер. Сондықтан қыз маған тиісті, - дейді. Бәрі де өздерінің өнерін айтып, ханға жүгінеді. 

Хан білгіштерін жинайды. Сонда бір қария тұрып: 

        -  Бұл  жетеуінің  бәрінің  де  өнері  бірдей,  бірақ  қызды  сүңгуірге  қосыңыз,  өйткені  ол  қызды 

басқалардан бұрын барып құшты ғой. Ал, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты жерге уәзір 

сайлаңыз, - дейді. Хан қызын сүңгуірге қосып, қалған алтауына алты ханның қызын әперіп, алты елді 

билетіпті. Сөйтіп, жеті өнерпаз мұратына жетіпті. 

 

159 - Бөлім: Бере білген бөле білер 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1856 

 

 



Баяғыда бір жарлы болыпты, мінуге аты, ішуге асы болмапты, бала-шағасы көп болыпты. Мал дегенде 

маңдайына біткен жалғыз ғана қазы болыпты. «Аштық – атаң емес» деген, тесік тамақ шыдата ма, ақыр 

соңында сол қазды жемекші болып сойып, пісіреді. Бірақ оған салатын тұзы да, қосып жейтін наны да 

болмайды. Сонда жарлы тұрып әйеліне: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              243 bet 

— Қатын, осы қазды тұзсыз, нансыз жегеннен де ханға апарып тартсам қайтеді? Сөйтіп, одан бірнеше күн 

тамақ қыларлық астық сұрасам қайтеді, – дейді. Қатыны: 

— Мейлің, сүйтсең, сүйте ғой, – дейді. Жарлы ханға пісірген қазды алып келеді.  

— Тақсыр хан, – дейді ол, – мынау сізге әкелген сыйлығым еді, аз да болса көптей көріп алыңыз, барымыз 

әзір, жоғымыз жай, – дейді жарлы. 

    Хан: 

— Рақмет, сізге, рақмет! Ал енді, бұл қазыңды үй ішімізге бірдей етіп өзің бөліп бер! – дейді де жарлының 

қолына пышақ береді. Ханның ханымы, екі ұлы, екі қызы – не бәрі ханның өзімен алты жан екен. Сонда 

жарлы қаздың басын кесіп алып, ханның алдына қояды. 

— Сіз үйдің басысыз, сондықтан сізге бас лайық, ал бас мойынсыз, хан ханымсыз болмайды, сондықтан 

сіздің ханымыңызға мойын – деп мойынды кесіп, ханымның алдына қояды. Екі аяғын кесіп екі баласына 

береді. 

—  Сендер  атаның  жолын  қуып,  ізін  басасыңдар,  сондықтан  сендерге  аяқ  лайық,  –  дейді.  Сонсон  екі 

қанатын кесіп екі қызына береді. 

— Сендер жат жұрттыққа жаратылғансыңдар, ертең бойжеткен соң ата-ананың қасында қалмай, құсқа 

ұқсап ұшып кетесіңдер, сондықтан сендерге қаздың қанатын беруге тура келеді. Ал жарлы-қонақ, кеудесі 

жарлыға қалмақ, – деп қаздың бар етін өзінің жанына қояды. Хан жарлының әділ бөлісіне таң қалып, қарқ-

қарқ күліп, ырза болады. Өзін әбден сыйлап, тамаққа тойдырып, астық беріп үйіне қайтарады. Мұны бір 

мырза естіп, жарлы бір қаз апарып ханнан мұнша сыйлық алды, мен одан кеммін бе?  – деп жарлының 

алғанына қызғаныш етеді. Сүйтеді де, ханға ол бірден бес қаз пісіріп әкеледі. 

    Хан: «Әкелгеніңізге рақмет, бірақ мұны алтауымызға тең қылып бөліп бер», – дейді. Мырза олай салып, 

былай салып көреді. Бірақ қаздарды тең бөліп бере алмайды. Сонсоң хан, баяғы жарлыны шақыртып алып: 

«Мына  қаздарды  сен  бөл»,  –  дейді.  Жарлы,  бір  қазды  алып  хан  мен  ханымға  береді  де:  «Сіздер  үшеу 

болдыңыз», – дейді, енді бір қазды екі баласына беріп: 

— «Сіздер де үшеу болдыңыз», – дейді. Тағы бір қазды екі қызына береді де:«Бұлар да үшеу болады, мына 

қалған екі қазбен мен де үшеу болдым», – дейді. 

    Сонда хан: «Міне, әділ болсаң осындай бол! – Бізге де тегіс берді, өзін де ұмытқан жоқ», – депті. «Бере 

білген, бөле білер» деген мақал осыдан қалған екен. Хан жарлыға тағы да қазынасынан көп сыйлық беріп 

қайтарады, мырзаны қуып жібереді. 

 

160 - Бөлім: Қардан жасалған гүл 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1857 

 

 



Анашым, ертегі айтып беріңізші?! Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын. Не үшін кештің батқанын 

күтуіміз керек? Білмеймін...ертегіні  кешке тыңдаған жақсы  сияқты. Жақсы. Онда келістік.  Қызым күн 

батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді 

жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, отың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай 

кезде  бала  кездегі  ата-анамның  ортасында  еш  алаңсыз  отыратын  кездерім  есіме  түседі.  Анашым,  ал, 

ертегіңізді бастаңыз. Қызымның қызығушылыққа толы көзіне қарап, жымидым. Есіме әдемі ертегі түсті. 

Ертегіні  жалғыз  өзің  ғана  тыңдайсың  ба?  Барып,  бауырларыңды  шақырып  кел.  Қызым  шүйінші 

сұрағандай жүгіріп кетті. Балаларым «ертегі, ертегі!» деп қуана айқайлап жүгірісіп келді. Айнала отыра 

қалып,  менің  аузымды  бақты.  Ертеде  бір  қыз  болыпты.  Ол  өте  арманшыл  болған.  Өз  қиялында  жасап 

алған үйде мекен етіп, қиялындағы кейіпкерлермен тілдеседі екен. Жер бетіндегі барлық нәрсені аппақ 

түс сияқты қабылдайтын-ды. Аппақ ақша бұлттар, аппақ қар сияқты барлық адамзат, жер беті тап-таза 

деп ойлайды. Бір  күні  қыз әкесі  мен анасының бір-бірімен сөйлеспей жүргенін байқап қалыпты. Сірә, 

ренжісіп  қалған-ау.  Олар  неге  ренжіскен  екен?  Үлкендер  кейде  солай  бір-біріне  өкпелеп  қалады.  Бір-

бірінен кешірім сұрай салмай ма?! Біз сөйтеміз ғой...содан кейін ойнап кетеміз. ... Содан, олар татуласып 

па? Кішкентай арманшыл қыз ата-анасын қалай татуластырсам екен деп, түнімен терезеден жапалақтап 

жауған  қарға  қарап  ойланыпты.  Сөйтіп  жатып  ұйықтап  кетіпті.  Таңертең  тұра  салып,  киімдерін  киіп, 

далаға жүгіріп шығыпты. Дала аппақ қарға ораныпты. Тура өз қиялындағы ертегі патшалығы сияқты. Қыз 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              244 bet 

қарды  біраз тамашалап тұрыпты да, дереу жалаң қолдарымен қарды көсіп алып, жентектей жөнеліпті. 

Анасы қызының бұл қылығына таң қалып, «Қызым-ау, жаурадың ғой. Үйге кірсеңші. Күн жылынған соң 

бірақ шығып ойна» деп бәйек болады. Қызы анасын естімеген сияқты қарды жентектей береді. Бір кезде 

қолындағы қарды ала сала әкесіне жүгіріп барады. Әке, әке, қараңызшы, мен қардан гүл жасадым. Өтінем, 

осы гүлді анама сыйлаңызшы. Қазір қыс, еш жерде гүл өспейді. Қызым-ау, мынау қар ғой... Бұл қар емес, 

қардан жасалған гүл...жүріңізші, анама сыйлаңызшы. Бұл ғажайып гүл... Қызы табандап тұрып алған соң, 

әкесі көңілін қимай жентектеліп гүл бейнесіне келтірген қарды алып үйге кіреді. Ал, анама сыйлаңыз, - 

деп  сыбырлайды  қызы.  Мынау  саған...қардан  жасалаған  гүл...қызымыз  жасапты...  Әдемі  екен...  Анасы 

пештің жанында тұрған. Қолын созып аппақ қар гүлді алды. Жүзіне жылу жүгірді. Адамның қолының 

табымен үйдегі жылу қар гүлді еріте бастады. Су тамшылай бастайды. Әке, әке, гүлді ұстаңыз. Әйтпесе 

ол қазір еріп құлап қалады. Міне мен де ұстаймын. Үш алақанға қонған аппақ қар гүлі тез ери бастады. 

Еріп-еріп жерге тамшылап жатты. Суыққа қызарған алақандар қалды. Қардың суық суы қыздың әкесі мен 

анасының ренішін жуып кеткен сияқты. Қыз қатты қуанып кетті. Айттым ғой, ол ғажайып гүл деп...ертегі 

осымен бітті. Бітті ме? Ата-анасы татуласып па? Иә. Жақсы болды ғой. Мен тәтеммен ренжісіп қалсам, 

сондай гүл сыйласам бола ма? Мен жымиып қана қойдым. Ертегіні кішкентайлар жағы түсінбегені анық. 

Өйткені олар ойынға айналып отырды. Ал ес кіріп қалған қыздарым бір сәтке қиялдап кеткендері анық. 

 

161 - Бөлім: Патшаның қызы неге бақытсыз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1858 

 

 



Ертеде  патшаның  екі  қызы  болыпты.  Патша  екі  қызын  да  жақсы  көріп,  қолынан  келгенше  оларды 

ештеңеденқақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе 

келе мінездері өзгере бастапты. Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы 

түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-

дейді.  «Патшам, рұқсат  етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін 

табармын», — дейді жолаушы.Патша қуана рұқсат етіпті.  

    Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде 

жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын 

оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, 

кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.  

    Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. 

Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де 

бірдей  қарағандықтан  ол  дәптерде  жазылғандарды  жатырқамапты.  өзіне  жасалған  жақсылықтар  есіне 

түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы 

мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: 

«Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз 

өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді. Патша үлкен қызын 

шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті.  

      Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. 

 

162 - Бөлім: Екі дос пен аю 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1859 

 

 



Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша 

жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді. 

    Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім 

құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.  

Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен 

досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              245 bet 

   Сонда  досы:    «Досына  қауіп-қатер  төніп  тұрғанда  қашып  кеткен  адамдардан  сақтану  керектігімді, 

айтты» дейді. 

 

163 - Бөлім: Екі лақ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1860 

 

 



Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың 

шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.  

-  Сен Ақ  лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені  әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның 

барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын 

туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі 

барып  тұрған  сотқар,  желбас  еді.  Ақ  лақты  «бауырым  екен»  деп  аямайтын.  Қит  етсе  «Ақ  лақсың  - 

ақымақсың»  деп  мазақтайтын.  Ашуланса  болды,  мүйізімен  бүйірден  түйіп қалатын.  Өзі  және  жалақор 

болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі 

болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:  

- Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері 

ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады.  

-  Ұзап  кеткен  қойды  қалай  табамыз.  Кім  біледі,  ендігі  тау  асып,  жайлауға  жетіп  те  қалған  шығар.  Ал 

жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, 

ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» 

деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға 

уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан 

жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. 

Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді.  

- Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге 

соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі 

ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, 

қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады:  

- Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді 

қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз 

де бізбен бірге жүрерсіз.  

- Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір 

кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа 

тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады.  

- Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр.  

- Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан 

аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі 

лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып 

жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ.  

- Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш 

тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да:  

- Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді.  

- Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей 

бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. 

Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді.  

Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады.  

- Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, 

Ақ лағым, жарайсың! Сені  «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ!  - деп, Ақ лақты 

құшақтап бауырына қысады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              246 bet 

164 - Бөлім: Қасқыр мен кісі 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1861 

 

 



Бір  қасқыр  тамақ  іздеп  келе  жатып,  құрулы  тұрған  қақпанға  түсіп  қалады.  Олай  жұлқынып,  бұлай 

жұлқынып, зорға құтылады. Қашып бара жатқан касқырды аңшылар көріп, артынан қуа жөнеледі. Қасқыр 

сасқалақтап бір егіншіге келіп жайын айтады: «Қайтсең де мені жасыр, ұмытпаспын жақсылығынды, мені   

қабыңа    салып,    арқалап   жүре    бер»,— дейді.  

   Қасқыр жылап тұрған соң, егінші  адам қабына салып алып, арқалап жүре береді. Кешікпей аңшылар 

мылтық, қылышын жарқылдатып жетіп келеді. Кісіден сұрайды:  

—  Қашып     бара    жатқан     қасқыр     көрмедің    бе?—деп. 

     Кісі: 

— Жаңа бір қасқыр анау шоқайдан қашып өтті, тезірек ұмтылыңдар,— дейді.      Аңшылар асып кеткеннен 

кейін, егінші қаптың аузын шешіп, қасқырға: 

— «Жөніңе жүре бер, маған да бір жақсылық етерсің»,— дейді. Қасқыр қуанып секіріп шығып, егіншіге: 

— «Мен сені жеймін, қарным ашты»,— деп тап-тап береді. 

     Егінші байғұс сасқалақтап: 

— Ай, қасқыр, бұның қалай, мен сені өлімнен құтқарып алып қалып едім, жақсылыққа жамандық ете  ме  

екен, олай  болса төрелетейік, қайсымыздікі жөн екен,— дейді. 

     Екеуі керісіп тұрғанда қаңғырып бір жағынан түлкі келеді. Бұлар түлкіге оқиғаны бастан-аяқ айтып 

шығады. Түлкі: 

— Жоқ сөзді айтпаңыздар, менен басқа біреу естісе күліп жүрер, дорбаға үлкен қасқыр сыйды дегенге 

нанбаймын, барып тұрған өтірік,— дейді. 

     Қасқыр мен кісі «бұл рас» деп керісіп болмайды. Түлкі қасқырға: 

—  Қапқа   кірмей   сенбеймін,— дейді.   

Қасқыр   сендірмекші боп қапқа кіргенде, түлкі егіншіге: 

— «Байла қаптың аузын, енді қимылдайтын   кезің  келді,   қане   мен   көрейін,  күздігүні   егінді қалай 

соғып жүрсің?»-дейді. 

    Егінші құралын алып, қасқырды ұра бастайды. Түлкі: 

— Енді қаптың аузын аш,— дейді. 

    Қасекең алды-артына қарамастан шыға жөнеледі. Артынан түлкі: 

— «Көптен бері істемеген бір әділ төрем еді»,— деп сақ-сақ күліпті. 

     Сөйтіп, егінші байғұс түлкінің айласымен ажалдан құтылыпты. 

 

165 - Бөлім: Ел аузынан алынған әңгіме 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1862 

 

 



ШАПАЛАҚ 

          «Кімде-кім  жәннаттан  үмітті  болса,  пайдалы  сөз  айтсын  немесе  үндемесін».  Мұхаммед(с.ғ.с) 

пайғамбарымыздың осы бір қасиетті хадисін көкірегіне тоқып өскен бір мұсылман баласы қайда барса да 

тымпиып, тым-тырс отырады екен. 

Әкесі: 

-Балам жұмған аузын ашпайды, ауру емес пе? –деп емшіге көрсетіпті. 



Емші әрі-бері қарап: 

 

-Ұлыңыздың іші пысып , әбден зеріккен. Далаға қыдыртыңыз, бау-бақшаға серуеңдетңіңіз, сергітініз. 



Баласын жетектеп, орман-тоғайды аралап, сейілдеп қоймапты. Әкесі тотықұсты ұстап алып, торға салып 

жатса: 


-Әй, құсым-ай, байғұсым-ай! Үндемегенде торға түсіп сорламайтын ең!-дейді баласы. Сонда әкесі жалт 

қарап: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              247 bet 

-Әй,  сен  сөйлейді  екеңсің  ғой.  Мені  неге  мұнша  әбігерге  саласың?-  деп  шапалақпен  тартып  жіберсе, 

баласы басын шайқап: 

-Тілімді тістеп мен де үндемей-ақ қойғанда , шапалақ жемес едім!-деген – екен.angimelers 

 

ДҮРЕ 


 

      Баяғыда бір өнерпаз жігіт он қадам жерден жіп лақтырып, иененің көзінен өткізеді екен. Патша сол 

жігітті алдырып: 

-Осы өнерді үйренуге қанша жылың кетті?-деп сұрайды. Қошемет дәметіп тұрған жігіт: 

-Жиырма жылым кетті,-дейді масайрап. 

-Мынаған жиырма алтын беріңдер. Сонан соң жиырма дүре соғыңдар!-депті патша нөкерлеріне. 

-Жазығым не?-дейді өнерпаз жігіт үрейленіп. 

-Алла тағаланың өлшеп берген өмірінің бақандай жиырма жылын пайдасыз іске жұмсағаның үшін!-депті 

ашулы патша. 

 

Ел аузынан жазып алған. 



Көпен Әмірбек. 

 

166 - Бөлім: Алдар көсенің сиқырлы тоны 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1863 

 

 



Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. 

Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын. 

Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, 

бас сұғар жылы үйді армандайды. 

 

aldar-kosenin-sikirli-toni 



 

Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын 

арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді. 

Қанша  тебіреніп,  қамшысын  қанша  сілтегенмен  Алдардың  арық  аты  жүріп  жарытпайды.  Басын  бір 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет