ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет33/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153


байқап, қыз оны бағып күтеді.Қарлығаш сауығып,көктемде ұшып кетеді. 

 

Тышқан Түймеқызды көртышқанға күйеуге бермек болып, жаз бойы тойға дайындалады. Бірақ қыз соқыр 



көртышқанды қаламайды. 

 

Жаз  өтіп,той  болар  күн  де  жақындады.  Бірде  Түймеқыз  далаға  шығып,  өзі  қысқы  суықтан,  өлімнен 



құтқарған таныс қарлығашын көреді. 

 

-Қарлығаш,  сүйікті  досым!  Сені  көргеніме  қандай  қуаныштымын!  Жердің  астында  көк  аспанды,таза 



ауаны, шалғын шөп пен гүлдерді,құстардың әнін сағынамын! Енді бұл сұлулықты көруге тіпті зар болып 

қалатын секілдімін!-деп қыз қарлығашқа өзінің мұнын шағады. 

 

Қарлығаш қызды өзімен бірге алыс өлкелерге, жылы жаққа шақырады.Түймеқыз келіседі. 



 

Міне, олар дала мен орманнан, ауыл мен қаладан асып ұшып барады.Ақыры қарлығаш жайнаған көгалға 

қонады. Бұл эльф дейтін, көргеннен-ақ ұнатып, оған сыйлыққа кішкентай қанат береді,енді ұша алатын 

болып қуанады. Бір –бірін бір көргеннен-ақ ұнатқан шаңырақ құрады. Олар осылай бақытты өмір сүреді, 

мейірімді қарлығаш мәңгі дос болады. 

 

Түймеқыз қарлығашты өлімнен құтқарыпты, 



 

Қарлығаш Түймеқызды ұшпаққа шығарыпты. 

 

 

 



Көлбақа мен құрбақа 

 

 



Көлбақа мен Құрбақа жол үстінде кездесіп қапты. 

 

-Сен кімсің?-деп сұрапты көгерген мыстай көкпеңбек Көл бейтанысынан. 



 

-Бақамын!-дептітүйе жапырақтай боп-боз болған Құрбақа. 

 

-Бақасынба?Шын айтасыңба? 



 

-Шын!Ал сен өзің кімсің? 

 

-Е, өз бауырым екенсің ғой!Онда екеуміз бірге тұрайық,бір күн көрейік! 



 

-Сөйтсек сөйтейік! 

 

Құрбақа өзінің аталасын шөл далада қалың өскен сексеуілтоғайдың ішіне бастап әкепті.Шақырайған күн 



шекені  шығады.Көлеңке  саясы  жоқ  жапан  түз.Қарны  ашқан  Құрбақа  балғын  шөптен  жұлып 

әкеп,Көлбақаны дастарханға шақырыпты. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              216 bet 

-Шырынды тамақ.Соғып алайық!-депті серігіне.Көлбақа өз тұқымдасының көңілін қимай,көк шөпті тісіне 

басып көріпті.Талмап-талмап әрең жұтыпты.Күн болса да сыр бермей,сая іздеп,зыр қағады.солай бір күн 

өтеді,екі күн өтеді,үш күн өтеді... 

 

Құрбақа өзіне серік тапқанына мәз.Ал көлбақа көлін аңсап ,көңілі босайды. 



 

-Енді  біздің  жаққа  да  бір  соғып  көрейік  ,мүмкін  менің  жайым  саған  ұнар,-деп  Құрбақаны  ауылына 

шақырды.Ол қарсы бола қоймайды.Көлбақа келе-сала бала күнінен бойы үйренген батпақты шалшығына 

қойып кетеді. 

 

-Кел,салысқан суға түс!Рахмет.Сергіп шығасың!-дейдіқұрдасына.Құрбақа да көлшікке күмп береді.Үсті-



басы сатпақ-сатпақ болып судан шығады дірдектеп.Көлбақа дастарқан жаяды.Жаңа ғана ұсталған құрт-

құмырсқа,инелік,шыбын-шіркей,уылдырықты серігінің аузына тосады. 

 

«Құрбақа»жемесем,досым ренжір»деп бір инелікті аузына салады.Бітеудей жұтамын деп қақалып қала 



жаздайды.Сонда да серігіне сездірмеуге тырысады.Ғұмырында жамбасын тигізіп көрмеген сыз-батпақта 

аунап-қуанап Құрбақа тумасымен екі-үш күнін сонда өткізеді.Бір күні Құрбақа тұрып: 

 

-Әркімнің  өз  жері  өзіне  Мысыр  шаһары  деген  ғой,мен  шөліме  қайтайын,сен  көліңде  қал!Хош  бол!-



деп ,секендеп сексеуіл тоғайына қарай тартып отырырыпты. 

 

Көлбақа-көлде,шалшықты жердетіршілік ететін бақа. 



 

Құрбақа-көбінесе құрлықта тіршілік ететін бақа. 

 

 

Күн, ай және қораз 



 

 

Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл өткенін есептеп айтуға сан жетпейді. Аспанда айынды 



үшеу:Күн,Ай, және Қораз тұрыпты. 

 

Бірде  ең  үлкені  Күн  адамдарға  жарық  сәуле  шашауға  кеткенде,үйде  Ай  мен  Қораз  қалыпты.ай  барып 



тұрған  сотанақ  екен.Қоразға  тыным  бермей,ақыры  тәжінен  ұстап  алып,жерге  тастап  жібереді.Қайта 

оралған Күн болған оқиғаны біліпті. 

 

Ойланып отырып,былай депті: 



 

-Менің  байқауымша  сенің  ешкіммен  де  сыйысып,тыныш  отыра  алатын  түрің  жоқ  екен.Қайтып  бетіңді 

көрмейін.Бұдан былай мен аспанда күндіз ғана жүремін,ал,сен тек түнде шығасың,- депті. 

 

Содан  бері  Қораз  қызарып  шығып  келе  жатқан  Күн  ағасын  көргенде:  «Қо-  қо  -қо!»  деп  айқайлайтын 



болыпты.Онысы «Қайрлы таң,мейремді аға!»-дегені екен. 

 

Ал Күн батып,Ай көріне бастағанда,Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді. 



 

 

Айна 



 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              217 bet 

Бір  күні  кірпі  ,қоян.жираф  орманда  келе  жатып  ,ағаштың  артынан  бір  нәрсенің  жылтырағанын 

байқады.олар сол жаққа қарай жақындай келіп ,мұқият қарайды. 

 

-Өзінің үсті басы тікенек ,кішкентай ғана көздері бар,бұл кім?деп сұрайды кірпі. 



 

- Қане ,көрейінші-дейді қоян. 

 

-Жоқ, оның мүлде тікенегі жоқ,құлағы ұзын,көзі қызыл,мойыны қысқа. 



 

-Мен де көрейінші,-деп жираф келеді. 

 

-Жоқ ,оның мойыны қысқа емес ұзын,құлағы тікірейген ,бойы биік,-деп таңқалысты. 



 

АЙНА-бір беті шағылдырушы қабатпен қапталған шыны немесе талл дене. 

 

 

Ағайынды екі қыз 



 

 

Ертеде бір әйелдің екі қызы болыпты.Бірде ол екі қызымен бірге орманға бүлдірген теруге барады.Үшеуі 



орманда ұзақ жүріп,себет толтыра бүлдірген жинайды. 

 

Қыздың  бірі  көк  шөптің  үстіне  орамалын  жайып,себетіндегі  бүлдіргендердің  жапырақтарынан 



тазаламақшы болып төге қояды.Сол сәтте жел соғып,қыздың орамалын ұшырып әкетеді. 

 

- Ой,неткен қатыгез жел!- деп қыз долдана айғай салады. 



 

Мұны естіген анасы оған: 

 

-Қызым,жел туралы олай ғайбат сөйлеме!Оның ашуы қатты,кімді болса да ұшырып кетеді. 



 

-Тағы не айтасыз?желден де қорқу керек пе?- деп күледі қыз шешесін келемеждей. 

 

Осы кезде жел қатты соғып,қызды ұшырып әкетеді. 



 

Анасы  мен  қыздың  сіңілсі  қорқып,не  істерлерін  білмей  алаңқайда  тұрып  қалады.Әлгі  қыздың  сіңілсі 

әпкесін іздеп баруға ниет танытады. 

 

-Қызым,ол  енді  алыста.Бірақ  сеннің қайсарлығың  Желдің ашуын басып,әпкеңе үйге қайтуға мүмкіндік 



береді.Енді оны іздеп табу үшін жоқ дегенде үш жұп етік тоздыру керек-,деп мұңаяды анасы. 

 

Кішкентай  қыз  аяғына  етігін  киіп,қосымша  екі  жұп  етікті  түйіншегіне  салып  алады  да,әпкесін  іздеуге 



жолға шығады. 

 

Ол жел соққан бағытта жүре береді.Жүре- жүре етігін қараса, олшонқиып қалыпты.Қыз жыртылған етігін 



тастап,екіншісін киіп,әрі қарай жүре береді. 

 

Жүре жүре терең өзенге тап болады.Өзен үстіндегі көпірден өтейін десе,жел аяғын сабалап оған кедергі 



келтіреді.Не істерін білмей абдырап тұрғанда Жел қызға тіл қатады. 

 

-Жұмбағымның шешуін тапсаң өткіземін, дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              218 bet 

 

- Айт,жасырған жұмбағыңды қандай? Деп сұрады қыз. 



 

- Кіндігі бар,мұрыны бар,өзі кішкентай және толық. 

 

Кішкентай  қыз  қанша  ойланса  да,жұмбақтың  шешуін  таба  алмады.Ал  өзен  арнасындағы  су  қызға 



көмектескісі келіп,толқындармен жағаны шылып- шылып еткізіп соғып жатты.Тыңдаса шәй- нек,шәй-н 

ек......деп тұрғандай..... 

 

Кішкентай қызсудың айтқанын түсіне қойды. 



 

-Шәйнек! Деп қыз айғайлап жіберді. 

 

Жел оны көпірден өткізді де,қыз әрі қарай жүгіріп кетеді.Ол жүгіре -жүгіре үлкен тауға жетеді. 



 

Аяғын ауыртқан соң етігін қараса,тағы да шоңқиып жыртылып қалыпты.Ол үшінші жұп етігін киеді.Ал 

жел болса,одан бетер қатты соғып ,қыздың тауға қарай беттетпей қояды. 

 

 



-Тамырсыз не өседі,шешуін тап,сонда ғана жіберемін ,- дейді. 

 

 



Кішкентай  қыз  шешуін  таба  алмады.Сол  кезде  маңайдағы  тастар  оған  ақырын  ғана:  «тас.....тас...»деп 

сыбырлайды.Мұны құлағына шалған қыз қуанып кетіпті: 

 

-Таптым,таптым.Ол тас! Деп қуана айғай салады. 



 

Жел басылып,қыздың жолына кедергі жасағанын қояды.Қыз таудан аман- есен асып,оның арғы бетіндегі 

әпкесін тауып алады.Ал жел болса тағы да қыздың әпкесін жібермеуге тырысып бағады. 

 

- Мына жұмбақтың шешуін тапсаң жіберемін.Өзі шулайды,ысқырады және ұлиды. Ол не? 



 

-Ол сенсің,Жел!- дейді жұмбақты шешекеніне қуанған қыз секіріп. 

 

Ұрланған қыз сіңілсінің тапқырлығы мен әпкесіне деген сүйіспеншілігін жеңіліс тапқан Жел бірте- бірте 



баяулап, биік таудан,көк өзеннен асып кетіп қалыпты. 

 

Ал ағайды екі қыз қол ұстасып,үйлеріне қайтады. 



 

 

Үш қыз 



 

 

Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты.Қиыншылдыққа қарамай,күні- түні еңбектеніп,оларды елден 



кем қылмай өсіріпті.Үш қыз да бірі- бірінен асқан әдемі,сұлу болыпты. 

 

Уақыт  өтіп,қыздардың  өсіп,бойжетіп,кезегімен  күйеуге  шығып,жан  -жаққа  кетіп,аналары  жалғыз 



қалыпты. 

 

Көп жылдар өткен соң аналары қартайып,ауырып жатып қалады. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              219 bet 

Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын сары тиінді шақырып,өтініш жасайды: 

 

-Тиін,тиін,маған қыздарымды шақырып берші! 



 

Сары тиін қыздарды іздеп кетеді.Тиін үлкен қыздың үйіне келіп,терезесін қағады: 

 

-Аналарың қатты ауырып жатыр,тез жет!- дейді оған сары тиін. 



 

-Әттеген-  ай!Мен  барар  едім,бірақ  мына  екі  тегешті  тазалауым  керек,-деп  алдындағы  тегештерді 

көрсетеді. 

 

Анаңнан саған тегештер қымбат болғаны ма? -деп тиін ашуланады.Олай болса,әрқашанда тегештерден 



айырылмай жүр! 

 

Тиын  осы  сөзді  айтқаны  сол  екен,қос  тегеш  қыздың  үстіне  жабысып,үлкен  тасбақаға  айналдырып 



жібереді. 

 

Сиқыршы сары тиін әйелдің ортаншы қызына барды: 



 

- Аналарың қатты ауырып жатыр,тез жет!дейді. 

 

- Кап!Мен қазір ақ барар ем.Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгіруім қажет, деп ортаншы қызы 



жауап береді. 

 

Ашуланған тиін: 



 

-Саған анадан тоқыма қымбат болса,өмір бойы тоқыа тоқы ,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді. 

 

Сиқырылы сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай,ренжіп үшінші кенже қызына келеді: 



 

-Анаң қатты ауырып жатыр,тез жет!деп сары тиіннің айтқаны сол еді,кіші қызы илеп жатқан нанын қоя 

салып,былғанған қолымен ансына жүгіріп кетеді. 

 

-Сенің жүрегің қандай жұмсақ!Саған да адамдар әрқашан қайрымды болсын!Өмірің ұзақ болсын!бақытты 



бол!Жасаған  жақсылығың  ұмытылмасын!Адамдар  сені  әрқашанда  құрметтеп,жақсы  көрсін!  -деп  тиін 

қызға алғысын білдіреді. 

 

 

Жалаң аяқ бақташы 



 

 

Ерте ,ерте ,ертеде бір бақташы өмір сүріпті.Өзі арыстай,алғырлығы барыстай,оның үстіне жас.Ыстықтан 



да,суықтан  да  қаймықпайды.Қысы-жасы  жалаң  жейде  ғана  киіп  ,жалаңаяқ  жүре  беретін  болыпты.Ән 

салса,ел тыңдаудан жалықпайды екен. 

 

Ауылының  да  тұрған  жері  әдемі  болса  керек  .Адамдары  ауру  сырқаудың  не  екенін  білмепті.Аш-



жалаңаш,жұт-мұт дегеннен бей хабар .Жері шырайлы ,шөбі шұрайлы,малы,әрейне семіз болыпты. 

 

Міне,осылай,асып-тасып 



,күліп-ойнап 

жүре 


берер 

ме 


еді,қайтер 

еді,ойламаған 

жерден 

шауыпты.Басқыншылардың басшысы халықты жинап алып ,былай депті: 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              220 bet 

-Біздер жауыз жандар емеспіз.Бекер қан төгіп керегі не?!Өзі арыстай, алғырлығы барыстай азаматтарын 

бар деп естідік.Сол біздің бір жауынгермен жұлысып көрсін!Біздің мықты женсе ,ауыл – аймақтарынды 

аламыз,бәрін тастап сіздер көшесіздер.С іздің мықты женсе,бұл жерге біз қайтып оралмаймыз! 

 

Басқыншынікі,әрейне ,қулық  ,жапан далада мал жайып жрүрген жалаңаяқ бақташы жеті қаруын түгел 



асынған жауынгер жігітке төтеп бере алмас деп сенеді. 

 

Келесі күні жарқырап күн шыққаннан кейін екі мықты шайқасып бағады.Жат жұрттық жауынгер барын 



киініп  ,бақаның  қолына  алып  дегендей,үлде  мен  бүлдеге  бөленіп,алтын  дулығасын  шекесіне 

қондырып,арғымақ  атымен  ойнақтап  ортаға  шығады.Ал  екінші  мықты  найза  орнына  сойыл 

ұстап ,арғымақ орнына арық торысын мініп майдан алаңында тұрады. 

 

Шайқас басталады.Тұла бойы тұрған болат әккі жауынгерге қарсы тұру оңай дейсің бе?-бір соққаннан –



ақ жалаңаяқ бақташы аттан аунап түседі.Бірақ қас пен көздің арасында атып тұрып: «О,Жер  –Ана! сен 

мені өз баландай асырап,өз баландай бағып-қағып ен.Енді мына басқыншының кеудесін басып жаншуға 

көмектесу!»деп жалбарынды . 

 

Осы  сөзді  айтуы  мұң  екен,бақташының  бойын  күш  кернеп  ,қолдары  қатайып  ,екі  аяғы  сексеуілдің 



тамырындай сүреседі. 

 

Енді екеуі қару-жарақсыз жекпе-жекке шығады. 



 

Жат  жұрттық  жауынгердің  етігі  қалың  былғарыдан-бұланның  терісінен  тігілген  мықты  ,бірақ  табаны 

тайғанақ  екен,кілем  үстінде  керемет  көрінгенімен  ,шық  басқан  шөп  үстінде  сырғанап  тұрмайды,иек 

бірден жалп ете түседі. 

 

Жеңіс бақташыға бұйырады. 



 

Қимаса да ,келген жерлерін тастап ,басқыншылар тайып тұрады. 

 

Жалаңаяқ батырдың үрім-бұтағы әлі де сол аймақта өмір сүріп жатыр.Немерелері де,шөберелері де ,тіпті 



шөпшектері де аталары сияқты жалаңаяқ.Сол жалаңаяқтары олар Жер –Анадан жеңіл емес күш алатының 

ата-аналары жақсы біледі. 

 

 

Кітап сөзі 



 

 

Ертеде бір баланың атын әке –шешесі өскен соң үлкен ғалым болсыншы деп Ғалымжан қойыпты. 



 

Бәрақ  Ғалымжан  туғаннан  жалқау  болып  өсіпті.Ұйқы  оның  ең  бірінші  досы  еді.Ал  еркелігінде  шек 

жоқ.Дап-дардай болғанша өз қолымен тамақ ішпейді.мектепке 6 жасында емес,10жасында барады.Сонда 

да әке-шешесінің арқасынан түспейді.Қалқыған күйінде мектепке әкеліп тастайды.Ал сабақ біткен кезде 

партаға басын қойып,қорылдап ұйықтап жатқан оны көтеріп үйге жеткізеді. 

 

Өзі  балалардың  ішінде  түйедей  үлкен  болса  да  оқу  да  артта  қалған  еді.Алатыны  тек»екілік».Ал  әке-



шешесі  ата  –аналар  жиналысында  бетінің  нашарлайды.Олар  төсек  тартып  жатып  қалар 

болса,Ғалымжанды кім асырмақ?Осыны сезген жалқау: 

 

-Апа,мен қайтсем жақсы оқимын?-дейді. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              221 bet 

Сонда шешесі: 

 

-Ұлым  –ау,  сен  ылғи  қойыныңа  нан  тығып  жатасың.Кітабынды  оқымасаң  да  басыңа  жастап 



жатшы.Мүмкін ол саған бірнәрсе айтатын шығар. 

 

Бала шешесінің айтқанын орындайды. Бір күн өтеді. Ғалымжан кітапты ары-бері төңкеріп көреді.Бірақ ол 



сол меңіреу қалпы.Екінші еүні осының ішінде бір сиқыр жатқан жоқ па деп парақтап көреді,бірақ кітап 

міз бақпайды.Үшінші күні: «сен де бір,қара тас та бір», - деп лақтырып тастамақ болған кезде,кенеттен 

кітап сөйлеп қоя берді.Өздерінің әріптері тышқандай майда болғанымен ,сөздері мірдің оғындай. 

 

-Досым ,-дейді ол.-мен саған көп ертегі айтып берейін бе? 



 

-Ия,-дейді қуанып кеткен Ғалымжан.Кітаптан мұндай жақсылық күтпеп еді.Бұл тек адамды азапқа салуға 

жаратылған нәрсе ғой деп ойлайтын. 

 

-Ендеше  тыңда,-дейді  кітап  құлаққа  жағымды  үнімен  .Кітап  ертегілері  қызық  екен.бұл  бармаған 



жер ,араламаған ел қалмайды.Енді Ғалымжан ертегіден ертегі қоймай,жалықпай тындады. 

 

-Рахмет, -деді кітапты тындап болған соң.-сен менің көзімді аштың .Енді мен басқа кітаптардың да нендей 



сиқыр барын көрейін. 

 

Кітаптан  кітап  қоймай  оқып  ,дүние  таным  кеңи  түсті.Енді  бұнынын  бас  жағынан  кітап  түспейтін 



болды.Бәрі  де  ғажап  !Бәрә  де  құпя  сырларын  аша  түседі.Ең  ақыры  аяғы  шешілмеген  жұмбағы  көп 

болыпкөрінет матиматикамен де неше кеш сырласты. 

 

Сөйтіп ,аз күнде Ғалымжан сабақты жақсы оқитын болды.Оған таң қалмаған бала жоқ. 



 

Тек Ғалымжан ұқпаған бір –ақ нәрсе болды.Ол әр кітапты ашқан сайын «Оқу мен еңбек-егіз»деген сөзге 

кезігетін  .Мағынасын  түсінгендей  болғанымен  ,мән  бермейтін.Оқушының  міндеті-сабақ  оқу,жұмыста 

үлкендер  істеуі  керек  деп  есептейтін  .Жылы  үйде  бұл  сабақ  оқып  отырғанда  ,қарт  әке-шешесі  де 

бүкшендеп  қар  күреп  ,отын  жарып  жататын.Тіпті  өзіне  керекті  кітап-қағаздарды  алу  үшін  де  дүкенге 

солар баратын «Бала жұмсап бір рақатқа батпадық-ау»,-деп күрсінеді қарттар белден талған сәтте. 

 

Күндердің күнінде Ғалымжан мектеп бітіріп ,үлкен қалаға оқуға кетеді. «Бәлем көріңдер ендң менің кім 



екенімді!»-деп  ойлайды.Әйтсе  де  үлкен  шаһарда  оқу  оңайға  түспейді.Үйдегідей  тамағын  мезгілінде 

ысытып ,алдына қойып отырар әке –шешесі жоқ.Кітапты да табаны тозық өзі іздеуге тура келеді екен. 

Сабағы күрт нашарлап, өзі әбден өзі жүдеп жадайды. 

 

Күндердің  күнінде  Ғалымжан  үйленеді.Бірақ  оған  сай  ,жатып  ішер  біреу  кездеседі.  «Өзіңнен  зор 



шықса ,екі көзін сондай шығар»деген Ғалымжан тамақ пісіріп,кір жуып,от жағып,күл шығарымен күні 

өтеді.Сондай да елжіреген ақ көңіл әке-шешесі есіне түсіп,әрдайым бармаған тістеп өкінумен болады.Осы 

жақсылығының ең болмаса бірі оларға жасасам ,қалай қуанған болар еді деп,ойлап мұңайды. 

 

Сол кезде оның есіне кітаптың «Оқу мен еңбек –егіз »деген түседі.Санын соғып, «Ештен кеш жақсы»деп 



еңбек етуге кіріседі. 

 

Еңбегі  жанып,  мәртебесі  өседі.Ал  оның  атағын  естіп  әке-шешесі  «Біздің  баяғы  қара  теңтегіміз  ақыл 



кіріп,адам  болыпты»-дейді  көздеріне  жас  алып.Сөйтіп  ,Ғалымжан  кітап  сөзіне  ден  қойып,адам  болған 

екен. 


 

Ақылсыз өгіз 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              222 bet 

 

 



Баяғы  бір  өткен  заманда  кемпір  мен  шал  болыпты.Олардың  жалғыз  сиырлары  болыпты.Сиыр  жылда 

бұзаулағанмен,бұзауы сүтке жарымай өліп қалады екен. 

 

Бір күні сиырының бұзаулайтынын байқаған шал,кемпіріне, «кемпір,сен бұзаудың сүтін сауып алма,өзі 



емсін»- деп шалы кемпірін көндіреді. 

 

Сүтке  жарыған  бұзау  бұққа  болып  шығады.Өрісте  ұсақ  малдың  ішінде  өгіз  ірі  болып  көрінеді.Бұны 



байқаған  өгіз,ұсақ  малдарды  менсінбей,өзіне  тең  іздеп  кетеді.Ол  түйелерді  кездестіріп,солармен 

жайылады.Түйелер,суға,ыстыққа шыдамды, ұзақ жолға шығып кетеді.Олармен ілісе алмаған өгіз шаршап 

шалдығады.Шаршаған өгіз олардан кетіп,келе жатса,алдарынан жылқылар шығады. 

 

А....ааа...ааа менің теңім жылықы екен ғой! -деп қуанып жылқылармен өрісте жүреді. 



 

«Жылқылар шауып,жиі орындарын аумастырады екен ғой» - деп ойланып тұрған да,оларға қасқырлар тап 

береді.Жылқылар қашып үлгіреді.Қасқырдың қамауына қалған өгіз. 

 

Маған көмектесіңдерші!көмектесіңдерші! -деп айқайға салады.Өзінің ұсақ деп менсінбей кеткен өрісте 



жүреген достары таныс дауыс қой ,-деп ,көмекке келеді. 

 

Ұялған өгіз не айтарын білмей төмен қарайды. 



 

Оған достары,ұялма,сенің енді мұндай жаман істі қайталамайтыныңа сенміз депті. 

 

Жеті қазынаның бірі 



 

 

Арыстан  барлық  аңдарды  жинап,  кімнің  күшті,  ақылды,  епті  екенін  білгісі  келеді.  Барлық  аңдар  өз 



пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге 

үндемейсің  депті,  ит  оған  ең  ақылды,  қайратты  –  адам  депті.  Арыстан  оған  ашуланады.  Ит  осылай 

аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты. 

 

 



Мақта қыз бен мысық 

 

 



Ерте,  ерте,  ертеде,Ешкі  құйрығы  келтеде,Мақта  қыз  бен  мысық  өмір  сүріпті.  Мақта  қыз  үстел  үстін 

реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады. 

Мақта қыз (Мысығын шақырады) 

- Мияуым менің, қайдасың? 

- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін (мысық келмейді) 

- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе,- деп (мейізді қыз жеп қояды) 

Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады. 

Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық шығады. 

Мақта қыз: 

Мысығым-ау, мысығым, 

Тарғылы жақсы түсінің. 

Таңертең де, кеште де, 

Бетін жуған пысығым. 

Піш - піш десем, келе ғой, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              223 bet 

Айтқаныма көне ғой. 

Шақырғанда піш-піш деп, 

«Мяу! -деп дыбыс бере ғой. 

Әжей: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді. 

Мысық: 


Менің атым мысық, 

Екі көзім қысық. 

Тышқан аулап отырамын 

Сүт-көжемді ішіп –дейді 

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың? 

Мақта қыз: Айтпаймын! 

Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін. 

Мақта қыз: Ой,ой. Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады) 

Мысық: Берші, құйрығымды! 

Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер! 

 

Сөйтіп, мысық сиырға келеді. 



Сиыр: 

Менің атым сиыр, 

Өрісім алыс қиыр. 

Етім үшін, сүтім үшін, 

Адамдар маған үйір - дейді. 

Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші! 

Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет