Қалаға жау тиген екен. Патша керуен басыға:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
282 bet
— Жауға қарсы соғысуға баратын әскер бер,-— деп бұйырады.-— Бермесең, керуенінді елімнің
үстімен өткізбеймін.
Керуен басы ойланады да, алтынның қадірін білмеген осы ақымақты бере салайын деп ойлап, баланы
патшаға әскерлікке береді, әрі жүріп кетеді.
Патша жинаған әскерлерін соғыска айдап салады. Сол маңға келіп қалған Қызыр мен Ақыл патша
әскерлерінің ішіндегі баланы көреді.
— Е-е, бұл байқұс алтынынан айырылып калған екен ғой,— деседі ойланып. Сонан Баққа бұрылады:
— Ей, Бақ!.. Анау әлгі жетім бала-ғой. Сол сорлыға көңіл бөлші!..
Бақ кезін балаға аударып, кадала қарайды. Қырғын соғыста бала жан сауғалап, бәйтерекке шығып,
жасырынбақ болады да, ағашқа жармасады. Қапсыра кұшақтай алғанда, ағаш тамырымен қопарылады.
Жапырағы жалбырап, баланың басына бүркеншік болып қалады. Көтеріп караса салмағы білінбейді,
каңбақтай жеңіл. Сонда бала ағашты көтерген бойы жауға қарсы тұра ұмтылады. Мұны көргенде зәресі
ұшқан жау әскерлері тым-тырақай қаша жөнеледі.
Баланың қайратына разы болған патшаның көңілі тасиды да, қорғанышым болды деп, қызын қосады.
Патшаның қызы күндей сұлу болғанымен, қолынан түк келмейтін салақ екен. Қанша айтса да миына
қонбапты. Тіпті:
— Мен патшаның қызымын,— деп, баланы басынғысы келеді. Бұған ызаланған бала шапалақпен
жағына тартып жібереді. Ерке өскен қыз жер-көкті басына көтеріп жылап, бақырып әкесіне арыз айтады.
— Мені қорлап ұрып-соқты, сенің патшалық сүйегіңе дақ түсірді!..
Бұл оқиғаның жай-жапсарына көңіл бөлмей аптыққан патша жендеттеріне бұйырады:
— Дереу басын алыңдар!
Бұл жайдан хабар тапқан Бақ пен Қызырдың және Ақылдың балаға жандары ашиды. Бақ пен Қызыр енді
Ақылға қолқа салады.
— Біз екеуміздің мейірім-шапағатымыз бұл балаға себін тигізбеді. Енді сен назар салып, қолдап көрші!
Ақыл балаға ықыласпен көз салып, басына ой түсіреді, миына сана мен акыл қосады. Сонда баланың
санасы оянып: «Нахақ елімге қарап тұрып мойын сұнбайын, бір амал табайын» деп, накты шара іздепті.
Содан дәтін айтып енесіне барады.
—- Енеке, дәт!
— Не дәтің бар еді?
— Қызыңыз беті-қолын жумай тамақ ішеді, сатала-сатпақ болып жүреді. Бұл қылығы мәртебелі патша
атам мен сіздің бетіңізге шіркеу емес пе!.. Сол үшін, тілімді алмаған соң, таза жүруді ұқсын деп,
шапалақпен тартып жіберіп ем, ғафу етіңіз!..
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
283 bet
Енесі күнә қызында екенін мойындайды да, патшаға хал-жайды ұктырып, баланы ажалдан арашалап
қалады. Халықтың: «Қызыр дарып, басыңа Бақ қонғанымен, Ақыл болмаса мандымайсың» дейтін сөзі
содан қалған екен.
194 - Бөлім: ТҮЙЕ ІЗДЕГЕН АДАМ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1891
Ертеде бір кедей жалғыз түйесін жоғалтып, соны іздеп келе жатса, алдынан екі жолаушы кездеседі.
— Жоқ, іздеп жүр едім, көздеріңе бір түйе түспеді ме?— деп сұрайды жолаушылардан.
— Көрмедік!— деп кетіп бара жатады да, жолаушылар кері бұрылып келіп түйе иесінен:
— Түйеннің оң көзі соқыр ма еді?— деп сұрайды.
— Иә, соқыр еді.
— Алдыңғы аяғы ақсақ па еді?
— Иә, ақсақ еді.
— Құйрығы шолақ қой?
— Иә, шолақ...
— Бәсе, бірақ ондай түйені көрген жоқпыз.
Жолаушылар жөніне жүре береді.
«Түйемді көзімен көргендей барлық белгілерін айтып тұрып, көрмедік дейді. Тегі, ұрылармен әмпей-
жәмпей қулар емес пе?» деп ойлаған жоқ іздеуші:
— Әй, токтандар, қайдан көрдіндер, шындарыңды айтындаршы!— дейді.
— Жоқ, біз көрмедік.
— Онда барлық белгілерін қалай дәл атап тұрсындар?
— Жәй, әншейін...
Жоқ іздеуші шаужайларына жабысса да, ештеңе айтпайды. Кедей биге барып арыз айтады. Би
жолаушыларды іздетіп, шақыртып алады да:
— Мына кісінін түйесін көрдіндер ме?— деп сұрайды.
— Жөқ, көрген жоқпыз.
— Көрмесеңдер түйенің барлық белгілерін қайдан, қалай білдіндер?
— Түйенің өзін көрмесек те, ізін көрдік.
— Соқыр көзінің де ізі түсіп қалып па?
— Иә, шөпке түсіпті,— дейді жолаушының бірі қысылмай.
Бұл ұрынын өзі болмаса да, түйенін құнын төлетіп алуға лайықты кісі деп ойлаған Би әлгі кедейді онашаға
шығарып алып:
- Түйең табылады, тауып бергенім үшін не бересің?— дейді.
Кедей үйіндегі жалғыз серкесін атайды. Би қайта үйге кіріп,
тергеуін жалғастырады.
— Ал, түйенің өзін көрмей, алдынғы аяғының ақсак екенін қайдан білдіндер?
— Қалың қауда түйенің ізі қалыпты. Сол аяғымен басқан шөп болар-болмас жапырылыпты.
Ақсақтығын содан білдік.
— Ал оң көзінің сокыр екенін қалай білдіндер?
— Түйе жүріп бара жатқан бетінде жолдың он жағындағы шөпке тимей, сол жағындағы шөпті шалып
жеп отырыпты. Жануардың оң көзінің соқыр екені содан білініп тұр.
— Құйрығының шолақтығын қайдан білдіндер?— дегенде, тағы бір жолаушы былай дейді:
— Құмалақтары жолдың екі жағына аунап түсіп, жерде шашылып қала беріпті. Құйрығы шолақ
болмаса, құмалағы алысқа ұзамай, артқы екі аяғынын арасына түсер еді.
— Ұзак жол үстінде,— дейді жолаушының серігі мән-жайды түсіндіріп,— біз алдымызда кездескен
іздер мен белгілерді талдап, соның жай-жапсарын анықтауға ден қойып келе жатыр едік, түйе іздеген
мына кісі ұшырасты. Біз жол үстіндегі із бен белгілер бойынша түйенің сипатын анықтадық. Бірақ түйені
көрген жөқпыз.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
284 bet
Жолаушылардың айткандарын жоққа шығаруға ешқандай дәлел болмаған соң, Би оларды босатып
жібереді де:
— Енді түйенді өзін іздеп тауып ал,— дейді түйе іздеген кісіге.
195 - Бөлім: АҚСАҚ ҚҰЛАН
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1892
Ертеде Алаша хан деген қаһарымен елді қалтыратқан мейірімсіз хан болыпты. Онын жалғыз ұлы бар екен.
Ол бір күні аң аулауға шығады да, бір үйір құланға кезігеді. Баланың атқан садағының оғы бір құланның
аяғына тиеді. Ақсақ құлан аксандап қашады. Сөйтіп, баланы өзінің үйірінен алыстата береді. Ханның ұлы
соңынан қалмай қуады. Ақсақ құлан қаша-қаша үйіріне келіп қайта қосылады. Сол кезде аты болдырып
титықтаған хан баласын құландар ортаға алып тепкілеп өлтіреді.
Жалғыз ұлы хабар-ошарсыз жоғалған хан іздетіп адамдар жібереді.
— Естерінде болсын, кімде-кім суык хабар естіртсе, көмейіне қорғасынды балқытып кұйғызамын,—
деп ескертеді хан.
Іздеушілер кұлан теуіп өлтірген хан баласының өлігіне тап болады.
— Ал енді мұны ханға қалай естіртеміз,— деп дал болады дүйім жұрт. Сонда қаршадай бір бала:
— Мен естіртемін,— дейді де, домбырасын ұстап ханның ордасына келеді. Ханның алдына жүгініп
отыра қалады да, ләм деместен домбыраны сарнатып тарта жөнеледі. Күйдің қайталай берген ырғағынан
хан:
«Ақсақ кұлан шошыған,
Балаң өлген осыдан»,—
деген суық хабарды айқын ұғады да:
— Ойбай, жалғызым, кұрыған екенсің!— деп өкіріп жібереді.
Хан жарлығы екі бола ма, енді кімнің көмейіне балқыған қорғасын құю керек. Суық хабарды естірткен
домбыра. Хан қорғасынды домбыраның шанағына құйдырған екен. Домбыра шанағының тесігі содан
дейді.
196 - Бөлім: АҚЫЛДЫ КЕЛІН
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1893
Ерте заманда бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Ұлы алды-артын ойламайтын ақылсыз, келіні өте акылды
әйел екен. Баласы жылда базарға барған сайын құмар ойнап, ақшасын, малдың бәрін ұтқызып, сымпиып
өзі кайта беріпті.
Бір күні байдың өзі базарға мал айдап барады. Ол баласынын құмарға ұтқызған дүниесінің бәрін ұтып
алып қайтады. Орта жолда байға қарақшылар кездеседі. Сонда бай:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
285 bet
— Мен ауылдан көп мал алдырып берейін, босатындар,—дейді.
Қарақшылар бұған көнеді. Бай хат жаза бастайды: «Қырык ат, алпыс атан, үйдің екі алтын босағасын, оны
талқандайтын балта беріп жіберіндер. Біз Ащы сай деген жердеміз». Екі қарақшы хатты алып барып,
байдың ұлына табыстайды.
— Әкем ұтылып қалған екен,— деп,баласы мал жинастыра бастайды.
Хатты келіні оқып көреді де, күйеуін оңашаға шығарып, әкесінің жау қолына түсіп қалғанын айтады.
— Қырык ат дегені — кырық каракшының саны, алпыс атаны — алпыс кісі әкелсең, жеңесің дегені.
Екі алтын босаға және балтасы — мына келген екеуінің көзін жой дегені.
Сол күні екі қарақшыны байлап тастап, алпыс адаммен барып, ұлы қарақшыларды талқандап әкесін
босатып алады.
197 - Бөлім: КІСІ БАСЫ БІР УЫС ТҰЗ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1894
Бір үйге қонақ келіпті. Бәйбіше қазан көтеріп ет салыпты. Әлгі үйдің адамдары құмырсқадай қыбырлап,
бірі кіріп, бірі шығып жатады. Қонақ қағылған қазықтай қадалып, тапжылмастан отыра береді.
Қазан қайнаған кезде бәйбіше келіп қазанға бір уыс тұз салып, далаға шығып кетеді. Одан кейін тоқал
келіп, бір уыс тұз салып кетеді. Содан кейін келіні келіп, қазанның кақпағын ашып көреді де, көбігін
калқып тастап, бір уыс тұз салады. Ол да шығып кетеді. «Ен сөңында өсы үйдің қызы келіп қазанның
қақпағын ашып, шымырлап қайнап жатқан етті әрі-бері ығыстырып сапырады да, бір уыс тұз салып,
шығып кетеді.
Қонак бұлардың бәрін көріп, байқап отырады да, үй иелері шығып кеткен кезде ол да орнынан тұрып
барып қазанға бір уыс тұз салады.
Үй адамдары жиналып, асты түсіріп, алдыға ала бергенде бәйбіше тамақтын тұзын татып көрсе, удай
ашты екен.
— Ибай-ау, мынаған не болған, тұзы удай ғой? Мен бір-ақ уыс тұз салып ем.
— Шеше-ау, сіз салмаған шығар деп, мен де бір уыс тұз сағам,— дейді тоқал.
Келіні айтады:
— Сіздер ұмытып кеткен шығар деп мен де бір уыс тұз салып ем.
— Сендер абыр-сабыр боп жүрген сон,— дейді қыз,— тұзы татысын деп мен бір уыс салып ем.
Сонда қонақ:
— Бұл үйдін казанға кісі басы бір уыс тұз салатын салты шығар деп, мен де бір уыс тұз салып ем,—
дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
286 bet
198 - Бөлім: КӨЗІҢДІ ЕМДЕЙМІН
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1895
Ертеде Қожық деген бай болыпты. Ол талайларға дүре соғып, қорлык көрсетеді. Бір күні осы байдың
ауылына Құрыш деген қу келеді. Байдың оң көзі соқыр екенін байқаған Құрыш өзінің оң көзін қысып,
соқыр болып алады.
— Ассалаумағалайкүм, байеке!— деп қос қолын ұсынады.
— Әликімсалам? Қай ауылдан келесің? Қайда барасың?— дейді бай.
— Ой байеке, қайдан келесің, қайда барасың деп қайтесің. Одан да бері таман жақында. Сен де, мен
де соқыр екенбіз. Көп сөзді қойып, көзімізді ашайык.
— Ей, қалай ашасың? Ондайға ебің болса, тезірек аша гөр, не көрсем де тайынбайын,— деп бай көлбең
қағады. Құрыш солқылдақ бір шыбықты кесіп алады да, байға:
— Ал, байеке, арқанды маған қаратып, қойып жат. Мен мына шыбықпен екі-үш соққанда-ақ көзің
шайдай ашылады.
Қөжық бай бұған сеніңкіремейді.
— Алдымен өзің жат, мен соғайын. Сонда сенің көзің ашылса, сен мені соқ!..
— Мақұл!.. Жатсам жатайын,—деп, Құрыш жейдесін түріп, жата кетеді.
Бай шыбықты алып, бір-екі сермеп үлгермей-ақ Құрыштың көзі ашылады. Атып тұрып:
— Ой, қолыңнан айналайын байеке, рақмет! Көзім шайдай ашылды ғой,— дейді ебектеп. Енді мені
сокыр деп, еріндері жыбырлап жүрген сұмырайларға барайын.
Құрыш қасақана байлаулы тұрған атына қарай беттейді. Сол заматта бай:
— Әй, өзіңнің көзіңді ашып алып, алды-артыңа қарамай қайда барасың? Кел бері, ұр мені!.. Менің де
көзім ашылсын,— деп, Құрышқа жармасып, жалбарынады да, солқылдақ көк шыбықты қолына ұстатады.
Қожық бай жейдесін түріп жіберіп, аркасын жаланаштайды. Құрыштың алдына көлденең тосып жата
кетеді. Құрыш аспай-саспай малдасын құрып отырады да, солқылдақ көк шыбыкты жалаңаш арқаға шып-
шып еткізіп, салмақтап тұрып соға бастайды. Соқырлығына намыстанып жүрген бай қайтсем де шыдайын,
көзім ашылып қалар деген үмітпен тілін тістеп жата береді. Бірак соқыр көзі ашылмайды. Арқасы көкала
қойдай болып, білеуленіп қанталап кетеді. Істің мән-жайын пайымдай алмай таяқ жеп, әбден сілікпесі
шығып, мең-зең болған бай:
— Қанша шыбық соқсан да көзімнің ашылмағаны калай?—дейді ыңырана зарлап. Сонда Құрыш:
— Дұниеге құныққан қу, зұлымдық жасаған залым адамның көзі өмірбақи су қараңғы болып өтпек
қой,—дейді де, атына мініп, жүріп кетеді.
199 - Бөлім: ҮШ ҚЫЗ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1896
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
287 bet
Баяғыда біреудің үш қызы болыпты. Үшеуі де сақау екен. Бұған әкесі қатты намыстанып жүріпті. Бір күні
қыздарын оңаша шақырып алып, былай деп тапсырады:
— Қыздарым, мен сендерге бір акыл айтайын, естерінде сақтандар,— дейді.
— Айтыңыз, ешімізде шақтаймыз!— дейді кыздары.
— Олай болса, ұғып алыңдар: бұдан былай үйге келген кісілердің көзінше ләм-мим деп, ауыз ашпандар.
Келіп-кеткен адамдарға да сөйлемендер. Әйтпесе, сендердің сақау екендерінді жұрт біліп қояды да, былай
шыққан соң «пәленшенің қыздары сақау екен» деп мазақтап кетеді.
Қыздары әкесінің бұл ақылын құп алып,айтқанына көнеді.
Бір күні бұлардың үйіне бейтаныс жолаушы келіп түседі. Қыздардың әке-шешесі бір жаққа қыдырып
кеткен екен. Ақ үйдің көлеңкесінде үш қыз шүйіркелесіп, жүн түтіп отырыпты. Бейтаныс жолаушы
қыздарға жақындап келіп амандасады. Қыздар үндемейді.
— Әкелерің үйде ме?—дейді жолаушы. Қыздар жұмған ауыздарын ашпайды.
— Неге үндемейсіндер, сақаусындар ма, әлде тілдерің жоқ мылқаусындар ма?— деп шұқшияды
жолаушы.
— Мылқау емеспіз, тіліміз бай,— деп жауап береді намысқа шьдамаған бір қыз.
— Ендеше неге жөндерінді айтпайсындар?
— Әкеміз бізге бейтаныш кішінің көзінше шөйлемендер деген,— деп береді әлгі қыз. Сонда оның
қасында отырған кыз:
— Шен шөйлеп қойдың, шен шөйлеп койдың! Әкеме айтамын,— деп орнынан ұшып тұрыпты.
- Шендей шөйлешендер сөйлей бейіндер, өзім шөйлемеймін,— деп отыра беріпті үшінші қыз.
200 - Бөлім: ЕКІ ПАЛУАН
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1897
Өз елінде даңқы шығып жұрген Тәңірберген деген бір мықты палуан күш сынасу үшін басқа бір елдегі
Назар деген палуанды іздеп шығады. Сол палуанның ауылына жақындайды. Ауылдың алды үлкен өзен
екен. Өзеннен аты үркіп өтпейді. Тәңірберген атынан қарғып түседі, астына кіріп, арқалап алып судан
өткізеді. Назар палуан да мұны көріп тұрған екен.
Ауылға келген Тәңірберген одан Назардың үйін сұрайды. Сонда Назар көкке өрлеп тұрған бәйтеректі бір
қолымен жұлып алып: — Анау шеткі үй,— деп өзінің үйін нұсқапты.
Осылай танысқан екі палуан достасып, өмір бойы сыйласып өткен екен.
201 - Бөлім: ҚҰРМАШ, НҰРМАШ, ЖАЛҒАС
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1898
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
288 bet
Ертеде Елубай деген кісінің Құрмаш, Нұрмаш, Жалғас деген үш баласы болыпты. Үшеуі де шығаннан
шыққан жалқау, бірінің тілін бірі алмайтын кесірін, ынтымақсыз қиқарлар екен. Әкесі не шешесі біреуін
бір жаққа жұмсай қалса сылтаулары табыла кетеді.
— Менің басым ауырып тұр, Құрмаш барсын,—- дейді Нұрмаш Ал Құрмаш Жалғаска сілтеп:
— Менің ішім ауырып тұр. Жалғас барсын,— дейді. Сөйтіп, біріне-бірі сілтеп, ешбір жұмыс
тындырмай күнді батырады екен.
Қыстың аязды бір күнінде Елубай мен әйелі жолаушы жүрмек болады.
— Балаларым, біз жол жүріп бара жатырмыз. Қарындарың ашса, ана қазандағы көжеден құйып ішіңдер.
Ертелі-кеш малды суғарып, жем-шөбін беріп, малға қарандар!— дейді де, әке-шешесі аттанып кетеді.
Түс кезі болады. Үш баланың қарны ашады. Нұрмаш өзінен кіші Құрмашты жұмсайды.
— Құрмаш, қазандағы көжені тегенеге қотарып әкелші, ішейік.
— Мен құя алмаймын, төгіп алам. Жалғас, сен құйып әкелші.
— Мен тегенені көтере алмаймын,—дейді Жалғас,— өзің кұйып әкел.
— Мен, немене, сен екеуіңнің малайыңмын ба?-- деп шіренеді Нұрмаш.
Сөйтіп, үшеуі күн батқанша егесіп, аш отырады.
Күн батар кезде аштықтан бұралған үшеуі:
— Көжені қотармай-ақ, қазанда тұрған күйінде іше берейік,— деп келіседі.
Содан үш жалқау қолдарына бір-бірден қасық ұстап, қазанның басына төніп келеді. Сөйтсе, есік ашық
қалған екен, одан уілдеп аяз соғып тұрады.
— Құрмаш, есікті жаба салшы,— дейді Нұрмаш.
— Жалғас, сен жауып келші,— деп сілтейді. Құрмаш.
— Өздерің неге жаппайсындар,— деп, Жалғас тіл алмайды.
Үшеуі осылайша тағы ерегіседі.
— Олай болса,— дейді іштеріндегі жасы үлкені Нұрмаш,— көжені кім бұрын ұрттаса, кімде-кім
бұрын сөйлесе, есікті сол жапсын!
— Мақұл,— десіп, бұған үшеуі келіседі.
Қазанды ортаға алып, үшеуі мөлиеді де отырады. Уақыт өте береді. Үй суып кетеді. Қазандағы көже
мұздап қалады. Бірақ ешкім ләм деп тіс жармайды. Тіс жарса, барып есікті жабуы керек.
Осылай безеріп отырған жерлерінде үшеуі де қалжырап құлай- құлай кетеді.
Әке-шешесі қайта оралып келгенде қораға қараса малға жем-шөп салынбаған, аштан бүрсең қағып тұр.
Үйге кірсе есік ашық, үйдін іші азынаған аяз. Терезе көздерін қырау басқан. Ал үш баласы қолдарына бір-
бір қасық ұстаған қалпы қазанның қасында аштан бұралып жатыр. Бұған әке-шешесі қатты қынжылыпты.
202 - Бөлім: ӨНЕРДІҢ ҚҰДЫРЕТІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1899
Бұрынғы заманда Қасен деген патшаның жалғыз ұлы болыпты. Аты Ыдырыс екен. Бала ел аралап жұріп,
Сәтбай деген диқанның сұлу қызына ғашық болады. Қыздың аты Дүрия екен.
Бір күні Ыдырыс қыздың әкесіне сөз салып, қызын сұратып кісі жібереді. Сонда Сәтбай:
— Барса да, бармаса да қызым өзі біледі,— дейді..
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
289 bet
Содан кейін Ыдырыс Сәтбай қарттын үйіне өзі барып, Дүрия қызға мақсатын айтады. Сонда Дүрия:
— Сен патшаның баласысың, мен диқаншының қызымын, соны ойладың ба?— дейді.
— Неге ойламайын, ойландым. Тіпті он ойланып, жүз толғанып келіп отырмын алдыңа.
— Олай болса, қандай өнерің бар?—деп сұрайды Дүрия. Сонда Ыдырыс шынын айтады.
— Ешқандай өнерім жоқ.
— Өнерсізге үміт арту қиын. Үмітінді үз де, өз жолынды тап!
— Дүрияжан,— дейді Ыдырыс қиылып.— Неге олай дейсің? Мен жақында патша болып, әкемнің
тағына отырамын. Патшаға өнердің керегі қанша?
— Жоқ, жігітім, олай ойлама. Бүгін патшасың, ертең кім болатыныңа көзің жете ме? Өнерсіздің
өкініші көп. Онерлі өрге өрлейді, өнерсіз ойға олақ, бойға қорлық, опық жейді.
Қыз сөзіне намыстанған Ыдырыс патша сарайына келеді де, әкесіне болған оқиғаны айтады. Қасен патша
қол астындағы барлық өнерпаздарды шақырып алады.
— Балама бір өнер үйреткендеріңе қанша уақыт кетеді?— деп сұрайды. Онершілердің әрқайсысы әр
түрлі жауап береді. Біреулері бір жыл, енді біреулері алты ай, тағы біреуі үш ай керек дейді. Сөйтіп
тұрғанда басына жүн қалпақ киген Токтыбай деген өнерпаз шал:
— Балаға он бес күнде бір өнер үйретіп шығаруға болады,— дейді. Патша баласын сол Тоқтыбайға
тапсырады. Он бес күннің ішінде Ыдырыс шалдан қалпак басуды үйреніп шығады. Қасен патша баласына:
— Қасыңа бірнеше кісі ертіп ал да, Сәтбай қарттың үйіне бар. Қызға өнерінді көрсетіп, құда түсіп
қайт, көңілің қош болсын,— дейді.
Ыдырыс диқаншы Сәтбай қарттың үйіне барып, қызға өнерін көрсетеді. Содан кейін разы қош болып,
Дүриямен көніл қосады да, үлкен той жасайды. Дүрия сұлулығына қоса, асқан зейінді де еді. Патша
Достарыңызбен бөлісу: |