ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет41/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153

Аю сәл ойланып, сұрады: 

— Алманы кім тапты? 

— Мен! — деді Қоян. 

— Ал, алманы кім үзіп алды? 

— Мен! — деп қарқ етті Қарға. 

— Жақсы. Кім оны ұстап алды? 

— Мен ұстап алдым! — деді Кірпі. 

— Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма 

бәріңдікі! 

— Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян,Қарға түк түсінбей. 

— Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! — деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып 

кетті: 

— Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір 



бөлігін беріп: 

— Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін Қарғаға беріп: 

— Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып: 

— Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші бөлігін беріп: 

— Бұл саған, Аю! 

— Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю. 

—  Сен  бізге  ақыл  айтып,  татуластырдың!  —  деді  ол,  риза  кейіппен.  Әрқайсы  өзіне  берілген  алманың 

бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді. 

« Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді. 

 

182 - Бөлім: «КЕРІК ДЖИНА» АФРИКА ЕРТЕГІСІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1879 

 

 



Джина атты керік бірде жалғыз өзі  африканың қалың ну тоғайларын аралап жүреді. Джунглидегі  өзге 

хайуанаттар  болса,  бір-бірімен  асыр  салып  ойнап  жүр.  Бірақ,  ешқайсысының  Джинамен  ойнағысы 

келмейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              267 bet 

 

—    Бәрі  менің  ұзын  сирақтарым  мен  мойнымды  келемеж  етеді,  менің  қимылдарым  ебедейсіз!  —  деп 



күрсінген керіктің екі көзінен моншақ-моншақ жас тама бастады. 

 

Керікті баскалардан ерекше мазақ қылған мазасыз маймылдар болды. 



 

—  Ой, қараңдаршы, оның көзіне қарау үшін де сатыға шығу керек! — деп келемеж деді маймылдар. 

 

—  Қандай сұрықсыз да ыңғайсыз мойын! 



 

—  Иә-иә, дұрыс айтасыңдар, — деп керік олардың ортасында өзін қолайсыз сезініп, әрі қарай кете берді. 

 

Бірде  Джина  тағы  да  жападан-жалғыз  серуендеп  жүрген.  Өзін-өзі  ешкімге  керексіз  сезініп,  өзгелердің 



өзінен қашқақтайтынын ойлап, мұңайып келе жатқан. 

 

Кенет ағаш басындағы ұяға жыланның өрмелеп бара жатқанын көзі шалып қалды. Ал ұядағы екі кішкене 



тотықұс шырылдап, жұртты көмекке шақырып әлек. 

 

—    Құрт  көзіңді,  оңбаған!  —  деп  айқайлаған  Джина  ара  түсті.  Бұрын-соңды  мұндай  ұп-ұзын  аңды 



көрмеген жылан зәресі ұшқаны соншалық, ағаштан өрмелей түсе салып, қалың шөптің арасына кіріп жоқ 

болды. 


 

—  Рақмет, рақмет! Сенің мойның осыншама ұзын болмағанда бізді жылан жұтып қояр еді… Өлімнен 

құтқардың! — деп екі балапан кезек-кезек алғысын жаудырды. 

 

—  Ұяларыңнан бастарыңды шығармаңдар! Ата-аналарың келгенше тыныш отырыңдар, — деді де керік 



әрі қарай жүріп кетті. 

 

Ішінен: «Менің де пайдам тиетінін басқа аңдар білмейді-ау?!» — деп өкініп қояды. 



 

Қалың ойға берілгені соншалық, ол ормандағы бар аң жиналып отырған шың етегіне қалай келіп қалғанын 

да аңдамай қалды. Қараса, барлығы құзар жартас басынан түсе алмай тұрған зебраға қарап, жандары ашып, 

у-шу болып тұр екен. Ал, кішкене зебра болса, биіктен түсуге қорқып, жылап тұр. 

 

Аңдар  ақылдаса  келе  жіптен  тоқылған  саты  әкеліпті.  Бірақ,  оның  да  көмегі  тимеді.  Айнала  шулаған 



аңдардың әбден есі шығып кетті. 

 

Мен  білемін,  қалай  көмектесуге  болатынын,  —  деп  керік  жіп  сатыны  аузына  тістеп,  мойнын 



мүмкіндігінше созып, жартас басындағы ағаш түбіртегіне іле қойды. 

 

— Түу! Қандай тамаша мойын! — деді сусиыр зебра аман-есен жерге түскенде. 



 

—    Жарайсың,  Джина!  —  деп  барлық  аң  бір  дауыспен  іле  жөнелді.  Әрине,  дәл  сол  күннен  бастап, 

Джинаның ұзын мойны мен сирақтарын 

 

келемеждейтіндер сап тиылды. 



 

Барлық  аңдар  Джинамен  дос  болуға  тырысты.  Барлығы  айналшықтап,  маңынан  шықпайды.  Зебра 

керікпен дүкенге барады. Ал, әлгі маймылдар оған қызықты әңгімелер айтып, көңілін көтерді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              268 bet 

Бірде Джина суық тиіп сырқаттанып қалды. Пілдер дәрігер шақырды. Ол керіктің дене қызуын өлшеп 

жатқанда, арыстан Джиннаның мойнына жылы орағыш тартты. 

 

—  Менің достарым қандай тамаша! — деді керік көзіне жас алып. Бірақ, бұл жолы оның көзінен аққан 



тамшылар бақыттан туған жас еді. Өйткені, ол өзін шындығында да бақытты сезінді. 

 

Доссыз — өмір тұл! 



 

183 - Бөлім: Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісі 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1880 

 

 



түлкі, қоян және әтеш ертегісі 

Орманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. 

Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді. 

— Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын! 

Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. 

Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді. 

— Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой? 

— Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, 

баспанасыз тентіреп жүргенім… 

— Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді. 

— Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын! 

— Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-

шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып. 

Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды. 

«Үйі  жоқтың  —  күйі  жоқ»  деген.  Қоян  қаңғи-қаңғи  шаршап,  тағы  да  жы¬лай  бастайды.  Алдынан  аю 

шығады. 


— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың? 

— Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. 

— Жылама! Мен оны қуып шығамын. 

— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады. 

— Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп: 

— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен: 

— Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі 

ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады. 

Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында 

күмістей жарқыраған шалғысы бар. 

— Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады. 

— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. 

— Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! 

— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың! 

— Жүр, көрерсің! Қуамын! 

Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады. 

— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша 

шабамын! 

Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді. 

— Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! 

— деп Әтеш қайта әндете бастайды. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              269 bet 

Түлкі  сасқалақтап:  «Қазір-қазір,  тонымды  киіп  жатырмын!»  -дейді.  Әтеш  әнін  үшінші  рет  қайталай 

бастайды.  Түлкінің  зәресі  ұшып  кетеді.  Аман-сауында  зыта  жөнеледі.  Сөйтіп,  қоян  ержүрек  әтештің 

көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды. 

 

184 - Бөлім: «Арайлы күнде қонақта» словак ертегісі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1881 

 

 



күн, балапан, сауысқан, қоян, үйрек, кірпі, ертегі 

Бірде үлкен бір бұлт келіп, бар аспанды жауып алды. Айнала түнеріп, ал¬тын күн үш күнге дейін көзге 

көрінбей қалды. 

Жан-жануарлар мен өсімдік атаулы күн сәулесін көруге зәру болып қалды. Әсіресе, кішкене балапандар 

қиналды. 

— Күн қайда кетті? — деп күрсінді олар. — Оны аспанға тезірек қайтармаса болмайды! 

 

—  Оны  қайдан  табасыңдар?  —  деп,  сенімсіздік  танытса  да  күркетауық  балапандарды  жолға  жинай 



бастады. 

Балапандар жолға шықты. Келе жатыр, келе жатыр… Қараса: бақшада, қырыққабаттың жапырағында ұлу 

отыр екен. Өзі сондай үлкен, айыр мүйізді, сыртында ақшыл түсті қабы бар. 

Балапандар тоқтап: 

— Ұлу, ұлу, сен күннің қайда тұратынын білмеймісің? — деп сұрайды. 

— Білмеймін. Ана бұтақта сауысқан отыр, мүмкін сол білер… 

Ал,  сыпылдақ  сауысқан  тосып  тұрмады.  Балапандардың  жанына  өзі  жылдам  ұшып  келді  де,  суылдап 

сөйлей жөнелді: 

— Балапандар, балапандар, қайда барасыңдар? Айтыңдаршы?! 

— Күн тығылып қалды. Үш күн болды көз жазып қалдық. Оны іздеуге бел шештік. 

— Менің де барғым келеді. Мен де сендермен барамын! 

— Ал, сен күннің қайда тұратынын білемісің? 

— Мен, білмеймін. Бірақ, менің көршім қоян білуі мүмкін… 

Қоян өзіне бір топ қонақ келе жатқанын көріп, тымағын жөндеп, мұртын сүртіп, қақпасын айқара ашты. 

—  Қоян,  қоян,  күннің  қайда  тұратынын  білемісің?  Біз  оны  іздеп  жүрміз!  -деп  балапандар  шиқылдап, 

сауысқан сыпылдай жөнелді. 

— Мен білмеймін, ал менің көршім үйрек білуі мүмкін, ол арық жанында қамыс арасында тұрады. 

Қоян жиналғандарды арық жағасына апарды. Үйрек ұясында болып шықты. 

— Ау, көрші! Үйдемісің?! — деп қоян айқайлады. 

— Үйдемін, үйдемін! — деп дауыстады үйрек. — Күннің көзін көрмегелі үш күн болды ғой! Кептіріне 

алмай, қиналып отырмын. 

— Ал, біз дәл сол күнді іздеп бара жатырмыз! Күннің қайда тұратынын білесің бе? — деді балапандар, 

сауысқан және қоян. 

— Мен білмеймін, өзеннің арғы бетіндегі ағаштың түбінде кірпі тұрады. Сол білуі мүмкін. 

Барлығы өзеннің арғы бетіне өтті. Кірпіні іздеп тапты. Ал, кірпі  болса, ағаштың түбінде мызғып отыр 

екен. 


—  Кірпі,  кірпі!  Күннің  қайда  тұратынын  білесің  бе?  Күннің  көзін көрме¬гелі  үш  күн  болды  ғой!  Күн 

сырқаттанып қалған жоқ па? — деді балапандар, сауысқан, қоян және үйрек. 

Кірпі ойлана сөйледі: 

—  Қалай  білмеймін?  Күн  қайда  тұратынын  мен  білемін.  Анау  тұрған  тауды  көріп  тұрсыңдар  ма? Сол 

таудың  ұшар  басында  —  үлкен  бұлт  қонақтап  тұр.  Бұлт  жанында  күмістей  жарқырап  ай  тұр.  Соны 

тапсаңдар, күнді қол созым жерден көруге болады! 

Кірпі  қолына  таяқша  алды  да  барлығына  жөн  сілтеп,  жол  бастады.  Шаршап-шалдығып,  үлкен  таудың 

шынар басына да жетті-ау?! Қараса, ала бұлт түнеріп, тау басына жабысып алыпты. Кетер ойы жоқ! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              270 bet 

Балапандар, сауысқан, коян, үйрек пен кірпі бұлттың басына отырып алып, оны ұшуға көндірді. Барлығы 

тікелей айға қонақка келді. 

Ал, ай болса, өзіне бір топ мейман келе жатқанын көре сала, жарқыратып жолдарына сәулесін шашты. 

— Ай, ай! — деп дауыстады оған балапандар, сауысқан, қоян, үйрек пен кірпі. — Бізге күннің тығылып 

жатқан жерін көрсетші! Үш күн болды көрмегелі, онсыз қатты қиналып кеттік. 

Ай  оларды  тұп-тура  күн  үйінің  қақпасына  алып  келді.  Қараса,  үйінде  жарық  жоқ.  Күн қатты  ұйықтап 

жатыр. Тіпті, оянатын түрі жоқ! 

Сауысқан  шықылықтап,  балапандар  шиқылдап,  үйрек  бақылдап,  қоян  құлақтарын  қайшылап,  кірпі 

таяғымен қақпаны соққыштап, барлығы бірге күнді оята бастады. 

— Күн, алтын күн! Көзіңді ашшы! Шуағыңды шашшы! 

— Тереземнің түбінен шуылдап, маған ұйқы бермеген кімдер бұл? — деп ренжіді күн. 

— Бұл біздер ғой — балапандар, сауысқан мен қоян, үйрек пен кірпі. Сені оятуға келдік. Тұршы, таң атты. 

— Ох-ох! — деп күрсінді күн. — Мен қайтіп жарқыраймын? Үш күн болды бұлт жауып, мені әбден кір 

басып кетті… 

Қоян мұны ести сала, қолына шелек алып, өзенге жүгірді. Су тасыды. 

Үйрек күнді сабынмен көпіртіп, шомылдыра бастады. 

Кірпі өзінің тікендерімен күннің кірін қырып кетірді. 

Сауысқан бетін сүртті. 

Балапандар күннің киімінің шаңын қақты. 

Күн  жарқырап  шыға  келді.  Аспанға  көтеріліп  еді,  алтындай  сәуле  шашқаны  соншалық,  айнала  тегіс 

шуақтанып, күн жылынып, жер беті көңілді болып кетті. 

Күн — тіршілік көзі! 

Жылынайын деп сыртқа тауық та шықты. Балапандарын өзіне шақырды. Олар да мәз. 

Аулада әрлі-берлі жүгіріп, бидай дәндерін шоқып, шаттанып жүр. 

Сенбесеңдер, өздерің далаға шығып қараңдаршы?! 

 

185 - Бөлім: «Қызғалдақ» ағылшын ертегісі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1882 

 

 



Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада 

Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты. 

 

Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды 



екен. 

Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген 

адамның көзін қуантыпты. 

Көктемде  Мэри нәзік  әрі  таңғажайып  «қызғалдақ»  деген  жаңа  гүлдерді  отырғызады.  Бірде сол  сүйікті 

гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады. 

О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл 

гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі. 

Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри 

баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен. 

«Қызғалдақ» ағылшын ертегісі 

 

Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді. 



Күндер,  айлар,  жылдар  зырлап  өтіп  жатты.  Мэри  қартайып,  гүлдеріне  қарай  алмайтын  болғандықтан 

басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді. 

Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің 

ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              271 bet 

Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді 

сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады. 

Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды. 

Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, 

олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті. 

Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін 

қайтара алмапты. 

 

186 - Бөлім: Бақа қайда барады? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1883 

 

 



Баяғы заманда бір кішкене бақа өмір сүріпті. Ол көл бетіндегі құты сияқты әдемі гүл қауызын мекен етеді. 

 

—  Бақ-бақ, бақ-бақ! — дейді бақа. 



 

Бақа жасыл жапырақтың бірінен-біріне секіріп мәз болып жүреді. 

Айналасына көз салып, не қызық бар екен деп қызықтайды. 

 

Бақа серуендеп, алаңқайға шықты. Міне, шөп өсіп тұр. Жап-жасыл. 



 

Шыбын-шіркейлер ызылдап жүр: «Ыз-ыз-ыз!» 

 

Аралар да тынымсыз ызыңдап жүр: «Ж-ж-ж-ж!» 



 

Ал,  мынау  кім?  Жер  бетінде  жыбырлап,  бірдеңе  жүріп  келеді.  Ұлу  екен.  Бақа  оған  қарағанда  өзінің 

жылдам екенін ұқты. 

 

Алаңқайдың ортасында әдемі гүлдер өсіп тұр. Мынау — ақ гүл. Мынау -қызыл гүл. Мынау — сары гүл. 



Мынау — көк гүл. Түрлері таңғажайып. 

 

Онсыз да әсем алаңқайға бір кезде көбелектер ұшып келіп, айнала тіпті әсемденіп кетті. 



 

Көбелектер  де  түрлі  түсті  —  ақ,  қызыл,  сары.  Бақа,  әсіресе,  қызыл  көбелекті  ұнатты.  Бір  қараса,  ол 

көрінбей кетті. Осы сиқырды бақа артынан түсінді  қызыл көбелек қызыл гүлге қонғанда көрінбей кетеді 

екен! 


 

Бақаның көңілі өсіп кетті. Бақа серуендеп, әрі қарай алаңқайға шықты. 

 

Міне, шөп өсіп тұр. Жап-жасыл. Шыбын-шіркейлер мен аралар тыным­сыз ызылдап жүр: ж-ж-ж! 



 

—  Бақ-бақ, бақ-бақ! Бақа әрі қарай жүрді. 

 

Орманда  бақа  Қонжықты  кездестірді.  «Дүңк-дүңк!».  Мынау  —  бұталар.  Жемістері  қандай?!  Қонжық 



жидек теріп жеп келеді. «Ням-ням!» Шаршап кеткен болу керек, ағаш түбіріне отырып дем алды. 

 

Бақа қараса, балық жүзіп келеді: бүлк-бүлк! Міне, балық жағаға жақындады. Қамысқа қарай жүзді. 



 

Ал, су бетінде ызыңдап маса ұшып жүр. «Ыз-ыз-ыз!» деп әндетіп қояды. 

 

Балық секіріп — масаны ұстамаққа тырысуда. Бірақ, маса ұстатпады. Құтылып кетті! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              272 bet 

 

Бір мезетте бақа көл бетінде жүзіп жүрген үйрек-ананы көреді. Артында ерткен балапандары бар. Бір, екі, 



үш… Көп. 

 

Үйрек-ана: «Кря, кря, кря! Маған қарай жүзіңдер!» 



 

Балапандар: «Кря-кря-кря!» Табандарын тарпылдатып жүзіп жүр. 

 

Анасы бар, баласы бар, барлығы жүзіп жағаға шықты. 



 

Әрі қарай, орманға бет алды. Мынау  — тал. Мынау — шырша. Соқпақпен секіре жөнелген бақа ағаш 

түбіртегіне келіп отырды. 

 

Қараса, алдында қоян секіріп жүр. Секең-секең! Бір кезде қайдан келгені белгісіз — Түлкі пайда болды. 



Қорқып кеткен қоян «ойбайлап» тұра жүгірді. 

 

Жанынан кірпі жүгіріп өте шықты. Тікендерін-ай! Бақа кірпінің соңынан қалмай жүгірді… 



 

Кірпі орманға қарай бет алды. Бақа қалар емес. «Шиқ-шиқ-шиқ!» деген дауыс шықты. 

 

Басын  көтеріп  қараса,  төбесіндегі  бұтақта  кішкентай  құстар  отыр:  «Шиқ-шиқ-шиқ!»  —  деп  өлеңдетіп 



қояды. Қанаттарын қағып-қағып әндетеді. 

 

Ұядағы  балапандары  болса,  ауыздарын  ашып,  «ши-ши-ши»  —  деп  тамақ  сұрап  қояды.  Аналары  мен 



әкелері оларға кішкентай құрттар әкеліп беріп, та-мақтандырды. 

 

Бақа жүгіріп келеді, жүгіріп келеді. Қанша секірсе де, Кірпіні қуып жете алар емес! 



 

Бір мезетте басына қарағай жаңғағы құлап түсті: «Тоқ!» Бақа төбесіне қараса, бұтақта Тиін отыр. Жаңғақ 

шағып, мәз болып. 

 

Тиін бұтақтан-бұтақка секіріп қояды. Көрші тал басындағы құстарға қонаққа да кіріп шықты. Бақа әрі 



қарап, бері қарап, секіре жөнелді. 

 

Кешкісін шаршап-шалдығып, үйіне де жетті-ау?! 



 

187 - Бөлім: Балаларға арналған әңгімелер 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1884 

 

 



Мақтаншақ бақа  

 

Мақтаншақ  бақа  2-сыныпта  оқиды.  Достарының  барлығы  оның  ерекше  мақтаншақ  екенін  бұрыннан 



білетін.  Бірақ  бүгінгі  қылығы  есте  қаларлық  болды.  Әдебиеттік  оқу  сабағынан  кейін  мұғалім  оқу 

қарқынын тексеретінін айтты. Жапалақ мұғалім екінші жарты жылдықта 55-60 сөз оқи алуымыз керек 

екенін айтты. Барлық оқушылар кітаптарын ақтарып дайындала бастады. Тек қана мақтаншақ бақа осы 

кезге  дейін,  көптеген  кітаптар  оқығанын,  ол  үшін  60  сөз  оқу  қиынға  соқпайтынын  айтты.  Мақтаншақ 

бақаның ойынша,білімді  болу үшін, теледидар қарасаң да жеткілікті, кітап оқып  уақыт өткізгеннен не 

пайда. 


Жапалақ мұғалім барлық оқушылардың оқу қарқынын тексеріп, жақсы жетістік көрсеткендерін атап өтті. 

Минутына  144  сөз  оқыған  аққу,  110  сөз  оқитын  қарлығаш  және  89  сөз  оқитын  құмырсқа  алғашқы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              273 bet 

орындарды иеленді. Барлық оқушылар оларға қызыға қарады. Мақтаншақ бақа «Мен неткен ақылдымын, 

бәрібір  соңынан  санағанда  бірінші  орын  менікі»-деп  мақтанды.  Досым  сен  ше?  Минутына  неше  сөз 

оқисың? 


 

балаларға арналған, әңгімелер, қызықты, топтамалары, жиынтығы 

 

Сүйкімді Ботагөз  



 

Ботагөз әрқашан сабаққа ерекше дайындықпен келеді.Өзі үнемі терең ой құшаында жүреді. Ұстазының 

әр  сөзін  байыппен,  ерекше  ынтамен  тыңдап,іштей  қайталап  отырады.  Бүгін  мұғалім  ерекше  тапсырма 

берді. Оқушыларға «Алтын балық» ертегісін оқып беріп: « Егер сендер алтын балықты ұстап  алсаңдар 

қандай  тілек  тілер  едіңдер,ойларыңдағы  армандарыңды  қағазға  жазыңдар»-деді.  Бүлдіршіндер  өз 

арман,тілектерін  қуана  күбірлесіп  жаза  бастады.  Аздаған  үзілістен  соң  оқушылар  жазба  жұмыстарын 

оқып берді. Ержасын маған машина керек десе, Жансулу әдемі қуыршақ сұраймын деді. Жансая үлкен үй 

сыйласын, мен әкеммен және анаммен сол үйде бақытты өмір сүргім келеді деді. Барлық оқушылар өз 

ойларын жарысаоқып беріп жатты. Тек қана Ботагоз үндемей отырды. Мұны байқаған мұғалім: «Ботагоз, 

сен алтын балықтан қандай тілек тіледің?»-деп сұрады. Азырақ үнсіздіктен кейін Ботагоз өз жазғанын 

оқып  берді.  «Егер  де  мен,  алтын  балықты  ұстап  алсам,ең  бірінші  анама  денсаулық  сұрар  едім.  Анам 

ауырып қалса, мен қатты уайымдаймын. Содан кейін әкеме,сүйікті тәтеме де, егер де ата-анам қасымда 

аман-сау болса, қалғанының бәрі болады»-деді.   Мұғалім  сүйкімді Ботагозге үлкен сүйіспеншілікпен 

таңырқай қарады, сыныптастары да үлкен ойға батып кетті. 

 

Ерекше жаңа жыл 



 

 2-сынып  оқушысы Әкежан анасы мен әкесінің жалғыз баласы болғандықтан, өте ерке  болып өсті.  Ата-

анасы да ерекше мәпелеп айтқанын екі етпейді. Міне көптен күткен жаңа  жыл да  келді.  Әкежан үшін  

басқа мерекелерден  гөрі  жаңа жыл сыйлығы  мол, тәттіге тоятын ерекеше күн.  Ата-анасы былтырғы  

жылы бағасы  қымбат тұратын ұялы  телефон  сыйлаған болатын.  Аяз ата беріп жіберді деп ата-анасы  

алдаса да,  Әкежан сыйлықтың қайдан келгенін жақсы біледі. Биыл да ата-анасына  Аяз атадан  қандай 

сыйлық күтетінін алдын-ала ескертіп қойған еді.  Бірақ, жаңа жыл күні түні ақ халатты дәрігерлер келіп, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет