80(532). indd Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.02.2017
өлшемі3,35 Mb.
#3549
1   2   3   4   5

«ТАЙГА ТОЛҒАУЫ»

Бірде  (бұл 80-жылдардың соңы еді) 

«Жалын» баспасы жабық рецензия жазу 

үшін бір қомақты қолжазбаны маған ұсын-

ды. Алды-артына қарасам, сол кездегі бас-

паның тәртібі бойынша автордың аты-жөні 

көрсетілмепті. Повестер мен әңгімелер 

жи на ғы. Тайга туралы. Тайга жөнінде мек-

теп оқулығы мен баспасөзден азды-көпті 

мағлұмат бар болғанымен, «қазақ әдебие-

тінде бұл тақырыпты дендеп жазатындай 

бұл кім болды екен?» деген оймен қол-

жазбаны қолға алып оқып шықтым.

Оқи бастағаннан өзім де аяғыма керзі 

етік, үстіме брезент плащ кигендей болып, 

сақал-мұрты басылмаған, бір қолында 

дүрбісі, бір қолында мылтығы бар кәнігі 

орманшылар секілді Алтайдың қалың жы-

ны сына кірдім де кеттім. Адасып кетермін 

деп қорыққан жоқпын, автор мені «енді 

былай жүр, енді былай бұрыл, мына 

жерден байқап өт, мына жерден шайқап 

өт, ал оң жағыңда Мұзтау, маңдайыңда 

Қатынқарағайдың қалың орманы, қара 

нөсер келеді, тепсініп аққан Бұқтырманың 

жағасындағы балқарағай мен тал-теректің 

арасына кіріп, маздап жанған самырсын-

ның отына жылын» деп ертті де отырды.

Бұл айтылғандар  – менің географиялық-

әліппелік байқауларым. Ал Әлібек енді 

тіпті әріге кетті, осы өңірде болған дүрбе-

леңдер мен дүбірлер, шырғалаңдар мен 

шатақтар, шындық пен сұмдық, қайғы мен 

көз жасы, қысқасы, Алтай таулары мен 

қалың ормандарының арасында, қой-

науын да болған кешегі 30-жылдардағы 

нәубет пен зұлмат қолжазбаның ішінен 

андағайлап өріп шығып, алыс күнге шақы-

рып, оқырман-рецензентті тартты да кетті. 

Қилы тағдырлар мен сан алуан оқиғалар-

дың арасында қалған мен «Тайга толғауын» 

жүрегімнің құлағын ашып тыңдап, құры-

шын қандырдым. Жалпы, Әлібек прозасы 

– туған жерге тағзым етудің озық үлгісі. Ол 

– қара сөзбен жырлайтын Оралхан ағасын-

дай қара сөзден қаймақ айырып, Мұзтау-

дан шекіп тістеп, шайқурайдан қанып 

ішкен қаламгер.

«Рецензияға берген соң, автор кімге 

берілгенін біледі, сосын саған келіп өтініш 

айтып, қинайды, барын беріп сыйлайды» 

деген сөздерді естіп те жүретінмін. Бұл 

автор тым-тырыс. «Не де болса әліптің 

артын баққан біреу болар» деп мен де оны 

іздеп жатпадым. Бірақ қаламгердің шы-

найы еңбегіне қылдай қиянат жасаған 

жоқпын, қазақ прозасының табысы, жаңа 

қаламгердің шабысы, қазақ әдебиетінің 

ортақ намысы деп бағалап, тұшынған 

көңілмен толымды пікір жазып бердім.

Содан бір күні  Әлекеңмен  бір басқо-

суда кездесе кеттім, Әлекең мені көрген 

бойда бас салып сүйіп, құшақтап, бауыры-

на ба сып барады. Бұрынғы сүйістерінен де 

етене, ерекше. Мен әлгі рецензияның өтеуі 

осы болар деп топшылап: «Әлеке, «қолжаз-

бам саған түсіпті» деп бір ауыз айтпадың 

ба?» – деп жатырмын. Ол: «Айтпаған себе-

бім – жігіттер сені қандай болса да турасын 

айтады, қиянат жасамайды» дегесін, әліп-

тің артын баққанмын, ойымнан шықтың, 

адал ниетіңе рақмет», – деді де, тағы да 

құ шақ тап  сүйіп,  бауырына  тартты.

Мен содан бері Әлібек достың талай 

рет көңілінен шыққан сайын, айқара ашқан 

құшағын көрдім, кірбің түспес көңілін 

көрдім, бірақ  екеумізді дос-жолдас ретін-

де табыстырған, таныстырған сол сүю әлі 

Салтанатты шараға Қапай батыр атын да ғы мектеп 

ұжымы мен оқушылар қатыс ты. Мерейлі рәсімді ашу 

құрметі аудан басшысы Т. Қасымжанов пен еңбегі сіңген 

құрылысшы С.Х.Шәріповке берілді. Сөз алған ел ағалары 

сұрапыл соғыста кеудесін оқ пен отқа тосқан майдангерлерді 

ұмыту мүмкін еместігін баса айтты. «Мұн дай ес керт кіш 

тақтаның бой көтеруінде де үлкен мән бар. Ерлікпен қаза 

болған Кеңес Одағының Ба ты рының атан кейінгі ұрпақ 

әркез жадында сақтап жүруіне осындай игі бас тама үлкен 

септігін тигізері сөзсіз», – де ді. 

Жармадан сұрапыл соғысқа аттанған 12 523 жауынгер-

дің ішінде батыр атағына ие болған тоғыз ердің ішінде 

болған Қапай Ысқақовтың ерен ерлігін жерлестері ешқа-

шан ұмытпақ емес. 

Дүние отқа оранып, оқ ауада зулаған қанды майданда 

сегіз рет ауыр, сегіз рет жеңіл жараланған ол 1418 күн мен 

түнге созылған соғыста қайталанбас ерлігімен танылған 

еді. 


Облыс орталығы Өскеменге қарай ба ғыт талған жолдың 

бойынан іргесі қаланған әсем ескерткіш батыр Қапай 

Ысқақовтың отансүйгіштігі мен ерлігінің өшпес белгісі 

болып қала бермек. Салта натты шара кезінде ескерткішке 

гүл шоқта ры қойылып, шашу шашылды. 

Асыл ЖАН, 

Семей 

Ерлігі елге мұра 

болған Қапай батыр

Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 

Семейде түрлі шаралар ұйымдастырылып 

жатыр. Мектеп оқушылары да дербес Қа-

зақ елінің мерейтойына өз үлестерін қосу-

да. Білім бөлімінің ұйытқы болуымен ал-

ғаш рет қабырға суреттерінің байқауы 

ұйым дастырылды. 

Оқушылар шығармашылығы үшін 

Шәкәрім даңғылы мен Абай көшелерінің 

қиылысындағы бұрынғы Әскери коменда-

тураның қоршауы таңдап алынған. Плита-

лар ға салынған суреттердің қатары күннен-

күнге толығып, оқушылардың шығармашы-

лығынан туындаған көріністермен әрленіп 

келеді. Атап өтерлігі, мұндай шара Семейде 

тұңғыш рет қолға алынып отыр. Байқаудың 

алғашқы туры мектептердің өзінде өтті. 

Оқушылар қолынан шыққан бейнелеу 

өнерінің туындылары ең алдымен мектеп-

терде іріктелді. Енді, міне, үздік шыққан-

да ры Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай 

әсемделетін қабырғаларға салынып жа-

тыр. Оқушылар ел егемендігі деген ұғымды 

бір параққа сыйдырып, қабырғаларға 

соның көшірмесін бейнелеуде. Бейбіт күн, 

ашық аспан, ұлттық өрнектер, барыс, қа-

зақ жерінің табиғаты. Өскелең ұрпақ, міне, 

осындай көріністерді салу арқылы Тәуелсіз 

Қазақстанның екі онжылдығында қол 

жеткен табыстарын суреттеген. 

Жұпар ТӨЛЕУҚОҢЫРОВА, №15 мектеп 

директорының тәрбие ісі жөніндегі 

меңгерушісі:

– Мектептен ең үздік суретті 

іріктеп алдық. Енді, міне,10-сынып 

оқушылары өз шығармашы-

лықтарынан туындаған суретті 

қабырғаға салып жатыр. Бұл, менің 

ойымша, бір жағынан, оқушыларды 

патриоттыққа, отансүйгіштікке 

тәрбиелейтін болса, екінші жағынан, 

қала көркін аша түседі.

Бауыржан МЫРЗА, 

Семей

Қабырғадағы 

Тәуелсіздік

Фестиваль құрметіне арналған ашылу 

салтанаты 11 мамыр күні кешкісін Балуан 

Шолақ атындағы Спорт сарайында шы-

мыл   дығын түрді. Онда Гарри Бардин 

есімді ресейлік режиссердің «Гадкий 

утенок» анимациясы көрсетілді.

Биыл фестивальге Австрия, Германия, 

Греция, Англия, Италия, Испания, Үндістан 

мен Ресей секілді алып мемлекеттерден 

жарыса туындылар түскен. Соның ішінен, 

жоғарыда айтылғандай, 55-і іріктеліп 

алынса, оның бесеуі қазақ киносы екен. 

Бәйге мамырдың 15-іне дейін  жалға-

са ды.  Осы уақыт аралығында жұртшылық 

қала кинотеатр ларында түрлі елдің ең 

соңғы түсірілген фильмдерін әлемдік 

кино гер лермен қатар отырып тегін тама-

шалай алады. 

Әділқазылар алқасының төрағалары: 

көркем фильм саласы бойынша – Ресей 

Федерациясының Халық әртісі Александр 

Митта, ал деректі фильм саласы бойынша 

– кинорежиссер, РФ еңбек сіңірген 

қайраткері Андрей Герасимов. Сондай-ақ 

фестивальдің ең қадірлі қонағы көрер-

менге «Билді өлтіру» және «Күнәлардың 

қаласы» секілді фильм арқылы жақсы 

таныс, америкалық актер Майкл Мэдсен 

болды. 


Мерей МАТАЙ

«Шәкен 

жұлдыздары» 

басталды

күнге менің есімде. Әлібек досымның 

достық ерні тиген менің оң жақ бетім әлі 

күнге қуаныштан дуылдап тұрады.



ТАЛ ТҮСКЕ ДЕЙІН ҚАЙДА ӘЛІ?! 

Әлібек көп жылдан бері Президент 

Әкім шілігінің жауапты қызметкері, Ішкі 

саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

Ол мемлекет қызметінде жүрсе де, әрқа-

шан көпшіл, әр кезде елшіл, қашанда ха-

лық шыл. Талай жылдан бері елімізге етене 

таныс «Мәдени мұра» бағдарламасының 

одан әрі дендеп, дамуына тікелей үлес 

қосып келе жатқан, ұлттың рухани мәйегі 

мен мәдени дәйегіне баладай жүгіріп, 

барынша адал қызмет көрсетіп келе жатқан 

азамат. Қашан көрсең де қат-қабат шаруа-

ның қақ ортасында, қашан байқасаң да 

сабыр лы, сарабдал. «Бір дүние» деп қо-

йып, алда атқарылар іс-шараның мән-

жайы мен ау-жайын тәптіштеп айтып, то-

лық 


тыра пысықтап жатқаны. Қызмет 

бабына орай жиі-жиі телефон шалып, 

өзіне тән қоңыр үнді тенор дауысы құлаққа 

жағымды естіліп, «Өтеш, тағы бір дүние, 

осы жайды Қанекеңнің құлағына салшы» 

деп көкей тес ті мәселені орайын тауып 

айтып жат қаны. Айта бер, Әлібек дос, ай-

тарың тау сыл масын, жазарың сарқыл ма-

сын. 

Әлібек Асқаров одан кейінгі жылдарда 



талай кітап шығарды, талай еңбек жазды. 

Оның бәрін де қазақ оқырманы оң қабыл-

дап, қуана оқыды, жатсынбай қабылдады. 

Мемлекеттік жауапты қызметтерде, іс ба-

сын да жүріп, көңілінің күншуағын жоғалт-

пай, адамға деген асыл сезімін суытпай, 

дос-жаранға деген кіршіксіз көңіліне қаяу 

түсірмей, қашан көрсең ақсары жүзіне қы-

зыл рең жүгіріп, шын пейілденгенде алдын 

ала аузын сүюге дайындап, елгезек, елшіл 

мінез танытатын Әлібек «алпысқа келіп 

қалыппын» деп ел-жұртын жинап, дастар-

қан жайды. Ойдан-қырдан, алыс-жақын-

нан келген достары мен жолдастары Әле-

кең нің сағынған сүюін мемлекеттік мара-

паттай қабылдап, «жетпіске келгенде де 

жақсылығыңа жиналайық» деп аттанып 

кетті.


Сол көптің ішінде мен де болдым, сол 

кештен кейін көкейіме оралған өлең 

жолдарын түсіріп едім. 

«Алпыс – тал түс» дейді біреулер. Мүм-

кін, солай да шығар. Бірақ осы бір тәмсіл 

Әлібек досыма келе бермейді. Ол үшін ал-

пыс өзінің реңіндей болып, шұғыласы ша-

шы рап, ал тын дай болып арайланып атып 

келе жатқан таң секілді. Тал түске де йін 

қайда әлі?! 



Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫ,

ақын

Ер есімі – ел есінде. Шығыс Қазақстан 

облысының Жарма ауданында Отанын 

қорғауда ержүректік танытқан Кеңес 

Одағының Батыры Қапай Ысқақовтың 

құрметіне орай ескерткіш тақта бой көтерді. 

Семейде қабырға суреттері-

нен ел Тәуелсіздігінің 20 жылды-

ғына арналған байқау өтіп жа-

тыр. 

Кино жұлдыздары тағы бір 

рет қызыл кілеммен жүріп, 

бақытты жүзбен көрерменге 

қол бұлғады. Бұған себеп – 

жылдағы үрдіс бойынша 

жүктеу/скачать 3,35 Mb.
Достарыңызбен бөлісу:

1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет