Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010



Pdf көрінісі
бет64/67
Дата06.02.2017
өлшемі5,72 Mb.
#3564
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

 

Ж.К.ТҰРҒАНБЕКОВ 

А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 


 

436 


 

СЫРТҚЫ САУДА ҚАТЫНАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР 

ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

В  статье  говорится,  что  методы  стимулирования  экспорта  должны  быть  направлены  на 



создание конкурентоспособной экспортной базы наукоемкого сектора промышленности.  

 

The  author  of  the  article  emphasizes  that  methods  of  export  stimulation  should  be  directed  on 

creation of competitive export base of the scientific sector of industry. 

 

Кез  келген  мемлекеттің  сыртқы  саудасы,  әдетте,  өзара  пайдалылық 



негізінде  құрылуда.  Сыртқы  саудадағы  өзара  пайдалылық  –  нақты  бір 

мемлекеттің  басқа  экономикалық  қатынастармен  бірлікте  болатын,  әрине 

кейде  сыртқы  экономикалық  қатынастардың  стихиялы,  әлсіз  үйлестірілген 

өзара  әрекеттің  нәтижесінде  спонтанды  дамитын,    сыртқы  экономикалық 

қатынастардағы  белгілі  бір  стратегиясын  жүзеге  асырудың  ауқымды 

мәселесі.  

Жиырмасыншы  ғасыр  мемлекеттің  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық 

дамуындағы  рөлін  күшейту  аясында  өтті.  Оның  ішінде,    ортодоксальді 

либералдар  мен  дирижистер  арасындағы  экономикалық  теориядағы, 

мемлекет  экономикалық  даму  үдерісіне  араласу  керек  пе  деген    таусылмас 

айтыс-тартысы  онан  сайын  басқа  жаққа  ауып  барады.  Барлық  елдерде 

мемлекеттің  араласуы  шындықтың  талассыз  фактісі  болып  табылады, 

сондықтан  араласу  мақсаты,  құралдары  мен  салдарлары  жайлы  мәселелер 

негізгілер  қатарына  жатады.    Мемлекеттің  рөлі  мен  оның  функцияларын 

қайта ойлану тек өтпелі немесе дамушы ғана емес, дамыған  экономикаларда 

да  жүреді,  бұл  олардың  қоғамдық  дамудағы  көшбасшылығымен  және  осы 

елдердің 

әлеуметтік-экономикалық 

өзгерістердің 

қажеттіліктеріне 

«бейімделудегі» үлкен тәжірибесімен  түсіндіріледі.  

Мемлекеттің  «қуып  жете  даму»  жүйесіндегі  айрықша  рөлі  тарихи 

тәжірибемен дәлелденіп отыр және бәсекелестікті қолдауға жағдай жасайтын

өзін  өзі  реттеу  тетіктерінің  негізінде  жатқан  экономикалық  және  саяси 

тетіктердің  өздерінің  толымсыз  дамуымен  шарттастырылған.  Оның  үстіне, 

дамушы  және  өтпелі  экономикаларда  мемлекеттің,  дамушы  елдермен 

салыстырғанда, 

функцияларының 

ауқымдырақ 

аясындағы 

іс-әрекет 

қабілеттілігі  мейлінше  төмен  болады  да,  мемлекеттік  реттеудің  қиындығын 

арттырады.  Бұл  елдерге  «жіберген  қателерін»,  артта  қалушылық  пен 

тоталитаризм  және  солардан  шығатын  салдарлар  жағдайында  қалыптасқан 

мемлекеттің  өзі  сияқты,  экономика  мен  қоғам  аталған  күрделі  міндеттерді 

ұйымдасқан  және    функционалды  түрде  шешуге  дайын  еместік  жағдайында 

еңсеруге  тура  келді.    «Қуып  жетуші  экономикалардың»  реформаланушы 

мемлекеттің  басымдықтарына тиімді   нарықтық    шаруашылықтың,  кезінде  

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Тұрғанбеков Ж.К.

 

Сыртқы сауда қатынастарын мемлекеттік реттеудің кейбір теориялық мәселелері 

 

 


 

437 


дамушы  елдерге  қарағанда,  түбегейлі  өзге    жағдайларда  қалыптасуын 

жеңілдететін жаңа «ойын шарттарын» дайындау және жүзеге асыру жатады.  

Дүниежүзілік  шаруашылықтың  әлеуметтік-экономикалық  бейнесін 

өзгертуші  жаңа  маңызды  фактор,  ұлттық  мемлекеттің  реттеуші 

мүмкіндіктерін тарылтатын, жаңа «ашық» экономикалар үшін экономикалық 

тәуекелдерді күшейтетін, сонымен қатар халықаралық еңбек бөлінісі беретін 

барлық  артықшылықтарға  ие  -  жаһандану.  Бұл  сыртқы  сауда  саясатының 

мемлекеттік  реттеу  жүйесіндегі  айрықша  жағдайын  белгілейді,  оның  үстіне 

өтпелі экономика елдері оны жаңадан құруға тура келді.  

Қоғам  мемлекеттік  араласу  шығындарының  ауыртпалығын  арқалауға 

мәжбүр,  өйткені  нарықтық  тетік  бірқатар  міндеттерді  шешуде  қауқарсыз. 

Өтпелі  экономикаларда  дамымаған  нарықтық  тетік  іркілістері  мемлекетке 

қосымша әлеуметтік жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік реттеудің қажетті 

ортасына,  оның  белгілі  бір  мақсаты  сияқты,  ақпаратқа  еркін  қол  жеткізуге 

мүмкіндік  жасалған  бәсекелесті  катынастар  жатады.  Демократияны  дамыту 

(саяси  бәсекелестік)  мен  экономикалық  қатынастарды  ырықтандыру 

(экономикалық 

бәсекелестік)  кез  келген  қоғамның  ұзақ  мерзімді 

перспективасын білдіреді [1]. 

Қоғам  әлеуметтік  әділеттілік  пен  экономикалық  тиімділіктің  үйлесімінің 

ұтымды деңгейін, мемлекеттік араласудың ұйғарымды саласын өзіне өзі таңдайды. 

Осыған  байланысты,  әлеуметтік  әділеттілік  пен  экономикалық  тиімділік 

арасындағы  бәтуаластықты,  тұтынушылар  мен  өндірушілердің  мүддесінің  тепе-

теңдігін  білдіретін  әлеуметтік-нарықтық  экономика  жағдайында  тиімді  сыртқы 

экономикалық саясат, мінсіз бәсекелестік сияқты теориялық «тепе-теңдік күйдегі» 

абстракция  болып  табылады  (Винод,  Нэш,  1986),  ал  шынайы  сыртқы 

экономикалық  саясат,  шоғырланған  мүдделердің  күшіне  байланысты  оның 

айналасында тербеледі. Ол сыртқы сауданың  ғаламдық ырықтандыру шегінің тек 

кіріктірілген  корпоративті  құрылымдардың  ғана  емес,  сонымен  қатар  аймақтық 

одақтар  арасындағы  дамыған,  дамушы  елдердің,  өтпелі  экономикалардың 

мүдделерінің  түрлі  бағыттағы  векторларының  аясындағы  талдауымен,  елдік 

астарымен дәлелденіп отыр [2]. 

Тиімді  сыртқы  сауда  саясатының  мәні  –  сыртқы  экономикалық 

қатынастардың  субъектілерінің  мүдделерінің  әлеуметтік  ымырасы  болып 

табылады.    Протекционизм  мен  фритредерліктің  ұйғарымды  үйлесімі 

нарықтық қатынастар мен саяси демократияның даму деңгейіне байланысты. 

Демек,  сыртқы  экономикалық  саясаттың  мәні    -  ашық  экономикадағы 

экономикалық қатынас субъектілерінің мүдделерінің қарама-қайшылығының, 

оның ішінде: макро деңгейде - өндірушілердің ұлттық топтары мен қоғамдық 

мүдделерді  білдіретін  мемлекеттің  мүдделерінің  қарама-қайшылығы; 

аймақтық  деңгейде  –  жекелеген  мемлекеттердің  ұлттық 

мүдделерінің   

қарама-қайшылығы,   ғаламдық  деңгейде   мемлекеттердің

  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 



 

Тұрғанбеков Ж.К.

 

Сыртқы сауда қатынастарын мемлекеттік реттеудің кейбір теориялық мәселелері 

 

 


 

438 


аймақтық  және  ғаламдық  сыртқы  экономикалық  одақтарының  қарама-

қайшылықтарының  даму формасы ретінде берілуі болып табылады.  

Сыртқы  сауда  саясаты  мемлекеттің,  экономикалық  саясаттың  жалпы 

жүйесінің  құрамдас  бөлігі  ретіндегі  ішкі  экономикалық  саясатының  түрлі 

бағыттарымен  тығыз  байланысқан,  оның  экономикалық  реформаларды  іске 

асырудағы мәнді, тіптен жетекші рөлі осымен анықталады. Мысалы, қазына және 

сыртқы  сауда  саясаттары  бюджет  тапшылығы  мен  валюта  бағамындағы  шұғыл 

ауытқуларды болдырмау үшін шоғырландырылуы тиіс.  Қазына саясатының өзі, 

осымен  қатар,  сыртқы  сауда  қатынастарын  ішкі  салықтарды  импорттық 

тауарларға  салынатын  салықтар  деңгейіне  дейін  көтеру  жолымен  ырықтандыру  

саясатының  көрсеткіші  бола  отырып,  протекционистік  кедергілерді  төмендетіп, 

ішкі бюджеттік түсімдерді өсіреді. 

Сыртқы 

сауда 


саясатының 

негізгі 


бағыттарын 

өзара 


сауданың 

макроэкономикалық модельді қолдану негізінде талдау, жетілмеген бәсекелестіктің 

әлемдік нарығындағы қазіргі заманғы жағдайлар фритдерлік пен протекционизмнің 

бір-бірінен қарама-қарсы бағыттар ретіндегі түсінікті өзгертіп отырғанын  көрсетіп 

отыр.  Сыртқы  сауданы  құру  немесе  қабылдамаудың  сыртқы  сауда  нәтижелерін 

есепке алу протекционистік (тарифтік) саясаттың «ұтымды тариф» стратегиясының 

жауапты  жағымен  жүргізілгенде,  «екінші  үздік»  нұсқа  ретінде  нәтижелі 

(макроэкономикалық тепе-теңдікке алып келеді) болатындығын көрсетіп отыр. Бұл 

жағдай аумақтық кірігу шарттары үшін де дәлелденіп отыр [3]. 

Ырықтандыру  мемлекеттің  толық  араласпау  үдерісі  ретінде  қисынсыз. 

Керісінше,  ол  толықтырушы  жүйелердің  анық  теңгерімдік  жүйесін  білдіреді. 

Мысалы,  инфрақұрылымға,  ғылымды  қажет  ететін  өндіріске,  қызметтер  саласына 

немесе  экспортқа  бағытталған  салаларға  салынатын  мемлекеттік  инвестицияларға 

бағытталған тиімді қазына саясаты сыртқы сауда саласын ырықтандырудың барлық 

артықшылықтарын толық қолдануға мүмкіндік береді, ал мұндай қолдаусыз ырықты 

сыртқы  сауда  саясаты  бәсекелестіксіз  нарықтың  қазіргі  жағдайларында  теріс 

нәтижелерге соқтыруы да мүмкін.  

Сыртқы  сауданы  мемлекеттік  реттеудің,  оның  тиімділігін  объективті  және 

субъективті  себептерге  байланысты  төмендететін  кедергілері  де  бар.  Өтпелі 

экономикаларда  бұл  астарлар:  саясаткерлердің  рентаға  бағдарланған  іс-әрекеті, 

ескірген  экономикалық  тұжырымдардың  әсері,  саясаткерлердің  экономика  туралы 

тұрпайы  түсініктері,  экономиканың  ашықтық  дәрежесі,  аумақтық  қарама-

қайшылықтар,  т.б.  сияқты  демократиялық  жүйенің  артта  қалушылығына 

байланысты шиеленісе түседі.  

Қазіргі  даму  кезеңінде  тарифтік  саясатты  сыртқы  сауданы  реттеудің 

салықтық  құралы  ретінде  қолданудың  шынайы  шектері  бар.  Қара  базар  мен 

сыбайлас жемқорлықтың көлемі мемлекеттің  экономикаға  араласуының  жанама 

көрсеткіші ретінде қызмет етеді. 

Санкциялардың,  отандық  әдебиетте  сирек  айтылатын,  сыртқы  сауданы 

реттеудің  бір  формасы  ретіндегі  талдауын  келтіруге  болады.  90-жылдары 

санкциялардың  рөлі

  

қайта  артты, оларды  біржақты  да, көпжақты  деңгейде  де



  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Тұрғанбеков Ж.К.

 

Сыртқы сауда қатынастарын мемлекеттік реттеудің кейбір теориялық мәселелері 

 

 


 

439 


қолдану  жиіледі.  Санкция  субъектілерін  өзгерту  оларды  қолданудың  ерекшелігіне 

айналды,  ол  АҚШ  санкцияларын  біржақты  қолдану  үлесінің  төмендеуінен  және 

оларды  БҰҰ  халықаралық  келісулер  кезінде  жиі  енгізуден;  санкцияның  өтпелі 

экономика, кәсіпкерлердің мемлекеттік емес ұйымдары сияқты жаңа субъектілерінің 

пайда болуынан көрінді. 

Экономикалық  санкциялар,  сыртқы  экономикалық  реттеу  құралы  ретінде 

екіжақты  функция  атқарады.  Бір  жағынан,  оларды  қолданудың  басты  мақсаты 

сыртқы  саяси  қатынастарға  әсер  ету,  ол  оларды  қолдану  тарихымен  расталады, 

дегенмен  екінші  жағынан  –  олардың  ықпалы  сыртқы  экономикалық  қатынастарды 

(сауда  және  қаржы)  шектеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сыртқы  сауда  саясатын 

анықтаушы  –  мемлекеттік  монополия-экономикалық    монополия  түрінде  берілген 

екіжақты  мәселе  аясында  олар  өз  елінің  экономикалық  шығындары  мен 

«жазаланушы»  елдің  гуманитарлық  салдарларын  елемейтін  мемлекеттің  таза 

монополиясын білдіреді [4]. 

Меніңше,  гуманитарлық  салдарлар  факторын  назарға  ала  отырып, 

санкциялардың  әсер  ету  тиімділігін  бағалауда  санкциялардың  «қабылдаушы 

елге»  ұзақ  мерзімді  әсер  ету  тиімділігін  есептеу,  әсіресе  БҰҰ  және  Еуропа 

Кеңесінің  қамқорлығы  аясындағы  көпжақты  санкциялар  жағдайында  міндетті 

болып  табылады,  өйткені  мұндайда  халықаралық  қауымдастық,  біржақты 

санкциялардағы  жекелеген  мемлекет  үкіметіне  қарағанда,    өзіне  ауқымды 

жауаптылық  алады.  Таза  экономикалық  тұрғыда  гуманитарлық  салдарларды 

қысқарту  немесе  жоюға  деген  қажеттілік  алып  кіруші  ел  үшін  санкциялардың 

құны  қымбаттады.  Алайда,  санкциялардың  тиімділігін  есептеудің  қолда  бар 

әдістерінде бұл фактор экономикалық тұрғыда мүлде қарастырылмайды. 

Осыған  орай,  бәсекелестік  нарық  жағдайындағы  нарықтық  сұраныс  -

тұтынушылардың  артықшылықтарын  баламалы  түрде  сипаттайтын  бірден-бір 

критерий болып табылады. Сондықтан бәсекелестік ортаны қолдау және отандық 

болсын,  шет  елдік  болсын  монополистердің  біржақты  билігін  болдырмау  - 

мемлекеттің  тұтынушылардың  мүдделеріне  сәйкес  келетін  сыртқы  сауданы 

реттеу міндетіне жатады. Мұндай жағдай жетілмеген бәсекелестік нарығындағы 

заманауи  жағдайларында  тек  басқа  түзетуші  саясаттармен  өзара  әрекет 

жүйесіндегі  біркелкі  протекционизмнің  теңгерімді  саясаты  арқылы  жүзеге 

асырылуы мүмкін.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.

 



«О  регулировании  торговой  деятельности»  Закон  РК  от  12  апреля  2004  года  №  544,  

//«Казахстанская правда» от 20 апреля 2004 года № 81 

2.

 

Дмитриева  Н.И.  Государственное  регулирование  внешнеторговых  отношений  в  глобальной 



среде. Автореферат дисс. На дисс. на соис. уч.ст к.э.н., Москва, 2000, 26с. 

3.

 



Мировая экономика. Учебное пособие под. Ред. И.П. Николаевой.–М, ЮНИТИ – ДАНА, 2000,-

575с. 


4.

 

Государственное  регулирование  рыночной  экономики.  Учебник  д-н  вузов/под  ред 



В.И.Кушлина, Н.А.Волгина и др.- М., ОАО НПО «экономики, 2000-345с. 

 

 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №4-5, 2010 



 

 

С.Т.МАТИБАЕВА 

 

440 


А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты 

 

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ  

БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ РӨЛІ  

 

В этой статье рассматривается роль бухгалтерского учета в усовершенствовании финансового 

положения предприятий. 

 

This  article  deals  with  the  role  of  accounting  in  the  improvement  of  the  financial  position  of  the 

enterprises. 

 

Нарықтық  қатынастар  жағдайында  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын 



талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, 

сондай-ақ 

олардың 

меншік 


иелері, 

жұмысшылар, 

коммерциялық 

серіктестіктер  және  де  басқа  контрагенттер  алдында  өзінің  өндірістік 

кәсіпкерлік  қызметінің  нәтижелері  үшін  толық  жауапкершілікте  болуымен 

байланысты. 

Кәсіпорынның  қаржы  жағдайы  осы  кәсіпорынның  белгілі  бір  кезеңдегі 

қаржылық  тұрақтылығын  және  оның  өз  шаруашылық  қызметін  үздіксіз 

жүргізуімен  өзінің  қарыз  міндеттемелерін  уақытылы  өтеу  үшін  қаржы 

ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді. 

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне толық сипаттаманы оның 

соңғы  жылдардағы  қаржылық  жағдайын  бағалайтын  қаржылық  қорытынды 

есеп  элементтерін  қарастыру  арқылы  беруге  болады.  Активтер,  меншікті 

капитал және міндеттемелер серіктестіктің қаржылық жағдайын бухгалтерлік 

баланста  анықтауға  тікелей  байланысты  элементтер  болып  табылады. 

Қаржылық  қорытынды  есептің  негізгі  элементі  болып  табылатын кәсіпорын 

активтеріне  сипаттама  беру  үшін  сол  активтердің  соңғы  жылдардағы  нақты 

бары  және  олардың  құрылымы  мен  құрылымындағы  болған  өзгерістер 

зерттеледі [1.3-6]. 

«Футура» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте есеп жұмысының соңғы 

этапы  қаржылық  қорытынды  есепті  құру  болып  табылады.  Қаржылық 

қорытынды  есептің  мақсаты  –  заңды  тұлғаның  қаржылық  жағдайы, 

шаруашылық қызметінің нәтижесі және есепті кезең ішіндегі оның қаржылық 

жағдайындағы  өзгерістер  туралы  пайдалы,  маңызды  және  дұрыс 

ақпараттармен  қамтамасыз  ету.  Зерттеу  жүргізілген  субъектінің  қаржылық 

қорытынды  есебі  бухгалтерлік  баланстан,  табыстар  мен  шығыстар  туралы 

қорытынды  есептен,  меншікті  капиталдағы  өзгерістер  туралы  қорытынды 

есептен  және  түсіндірме  хаттан  тұрады.  Бухгалтерлік  баланс  қаржылық 

қорытынды  есепте  үлкен  маңызды  рөл  атқарады.  Ол  белгілі  бір  мезгілдегі 

кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  көрсетеді.  Бухгалтерлік  баланс 

субъектінің активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталын көрсетеді. 

Қаржылық қорытынды есептің негізгі нысаны бола отырып, бухгалтерлік  

баланс  есеп  беретін  мерзімге  кәсіпорын мүлкінің құрамы мен  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Матибаева С.Т.

 

Кәсіпорынның қаржы жағдайын жетілдірудегі бухгалтерлік есептің рөлі 

 

 


 

441 


құрылымын,  ағымдағы  активтердің  өтімділігін,  меншікті  капитал  мен 

міндеттемелердің нақты барын, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың 

жағдайы мен динамикасын анықтауға мүмкіндік береді 

«Футура»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктің  баланс  мәліметтері 

бойынша активтердің құрамы мен орналасуына талдау жасау үшін төмендегі 

талдамалық кесте жасалынады (кесте 1).



                                                                                               

 

Кесте-1 



«Футура» ЖШС-гі 2008 жылғы баланс активтерінің құрамы мен орналасуы 

 

Көрсеткіштер 



2008 ж. басы 

2008 ж. аяғы 

Жыл бойындағы өзгеріс 

(+;-) 


Сома  тг. 

Сома  тг. 



 тг. 


%5/1*100 

Активтердің 

құны 

барлығы 


14740648,9 

100 


96880972,08                 

100 


82140324 

557,2 


Ұзақ 

мерзімді 

активтер 

55344,2 


0,37 

1363986,46 

1,41 

1308642,2 



2364,5 

Оның ішінде: 

 

 

 



 

 

 



1.  Материалдық  емес 

активтер 

  55344,2      

0,37 


41381,94 

0,042 


-13962,2 

-25 


2. Негізгі құралдардың 

қалдық құны 

         ----- 

 ----- 


1322604,52 

1,36 


1322604,5 

  ----- 


Ағымдағы активтер  

14685304,7 

99,63  95516985,62 

98,59 


80831681 

550,4 


Оның ішінде: 

 

 



 

 

 



 

1.Тауарлы 

материалдық 

босалқылар 

6965439,35 

47,25  21277952,57 

21,96 

14312513 



205,4 

а) Материалдар 

1130,43 

0,007  123071,73 

0,12 

121941,3 



10787,1 

ә) тауарлар 

6964308,92 

47,24  21154880,84 

21,83 

14190572 



203,7 

2. 


Қысқа 

мерзімді 

дебиторлық борыштар 

7569543,41 

51,35  63584739,56 

65,63 


56015196 

740 


а)Алынуға 

тиісті 


борыштар 

6562159,2 

44,51  45991603,05 

47,47 


39429444 

600,8 


ә)Берілген аванс 

    ----- 

 ----- 

7648848,54 



7,89 

7648848,5 

 ----- 

Б)Басқадай 



дебиторлық борыш 

1007384,21 

6,83 

9944287,97 



10,26 

8936903,7 

887,1 

3. Ақша қаражаты 



150321,98 

1,019  10654293,49 

10,99 

10503972 



6987,6 

 

Кестеде  келтірілген  мәліметтерден  «Футура»  жауапкершілігі  шектеулі 



серіктестігінің  активтерінің  нақты  құнын  көрсететін      баланс  көрсеткіштері 

2008 жылы өткен жылмен салыстырғанда  82140324 теңгеге немесе 5,6 есеге 

артқандығын  көруге  болады.  Бұл  кәсіпорынның  әрі  қарай  дамуын 

көрсететіндіктен,  оның  жұмысының  оң  нәтижесін  сипаттайды.  Сонымен 

бірге  кестенің  мәліметтерінен  ұзақ  мерзімді  активтердің  кәсіпорын 

активтерінің  құрамындағы  үлесі  ағымдағы  активтердің  үлесіне  қарағанда 

төмен  екендігін  көреміз.  Егер  есепті  жылдың  басында  ұзақ  мерзімді 

активтердің үлесі ағымдағы активтердің үлесінен 99,19%-ға (99,56-0,37) кем 

болса,  жыл  аяғында  97,19%-ға  (98,59-1,4)  кем  болды.  Яғни,  кесте 

мәліметтерінен кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің есепті жылы ішінде 

2%-

ға   көбейгенін   көреміз.  Ағымдағы  активтердің  өсуі  ұзақ   мерзімді



  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №6, 2010 

 

Матибаева С.Т.

 

Кәсіпорынның қаржы жағдайын жетілдірудегі бухгалтерлік есептің рөлі 

 

 


 

442 


активтердің өсуінен 0,2 есеге кем (550,4-2364,5) болып отыр. 

Ұзақ  мерзімді  активтердегі  материалдық  емес  активтер  есепті  жылы 

өткен жылмен салыстырғанда 13962,2 теңгеге жыл бойындағы өзгеріс болды 

немесе  –25%-ға  төмендеген.  Негізгі  құралдардың  қалдық  құны  өткен  жылы 

мүлдем болған жоқ, есепті жылы ол 1322604,52 теңге немесе 1,36% құрады. 

Осы  көрсеткіштен  кейін  баланс  валютасындағы  ағымдағы  активтер 

үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық 

мүлкінің  құнына  қатынасымен  анықталатын  кәсіпорын  активтерінің  іске 

тартылу  (мобильдік)  коэффицентінің  өсуі.  Ол  қарызды  өтеуге  арналған 

қаражат  үлесін  сипаттайды.  Коэффицент  мағынасы  артқан  сайын 

кәсіпорынның  үздіксіз  жұмысты  қамту  және  кредиторлармен  есеп  айырысу 

мүмкіндігі  де  арта  түседі.  Қаржы  тұрғысынан  алғанда  оның  өсуі  актив 

құрылымындағы  жағымды  өзгеріс  болып  табылады  –  яғни  мүлік  әлдеқайда 

мобильді  болады,  бұл  оның  айналымдылығының  жылдамдығын  және  оны 

пайдалану тиімділігін, өскендігін көрсетеді [2.12-17]. 

Талдау  жүргізіліп  отырған  «Футура»  жауапкершілігі  шектеулі 

серіктестігінде 

бұл 


коэффиценттің 

деңгейі 


жыл 

басында 


0,99 

(14685304/14740648), ал жыл соңында 0,98 (95516985/96880972) құрады. 

Кәсіпорын  активтерін  таратудың  тиімділігін  сипаттайтын  келесі 

көрсеткіш  –  мобильді  және  иммобильді  қаражаттар  қатынасының 

коэффиценті.  Ол  ағымдағы  активтер  құнын  ұзақ  мерзімді  активтер  құнына 

бөлу арқылы анықталады. 

Бұл  қатынастың  қолайлы  және  қауіпті  көлемі,  кәсіпорынның  салық 

ерекшеліктеріне  байланысты.  Өндірістік  кәсіпорында  берілген  көрсеткіштің 

деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс. 

Талдап  отырған  кәсіпорында  бұл  көрсеткіш  деңгейі  жыл  басында  265,3 

(14685304/55344,2),  ал  жыл  аяғында  70  (95516985/1363986)  құрады.  Бұл 

коэффицент  деңгейі  мобильді  қаражаттардың  өсу  қарқыны  иммобильді 

қаражаттардың  өсу  қарқынының  артуының  нәтижесінде  өсіп  отыр.  Есепті 

жылы  біріншілер,  яғни  мобильді  қаражаттар  6,5  есеге  (95516985/14685304), 

ал  екіншілері  24,6  (1363986,4/55344,2)  есеге  өскен.  Ағымдағы  және  ұзақ 

мерзімді  активтер  қатынасының  коэффиценті  қарыз  капиталы  мен  меншікті 

капитал қатынасының коэффицентінен артық болуы керек.  

1-кестеде  келтірілген  мәліметтер  кәсіпорын  активтерін  жалпы  алғанда 

жағымды  динамикасын  көрсетеді.  Оларды  жеке  элементтер  тұрғысынан 

зерттеу  келесідей  қорытындыларды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ең  мобильді 

активтер – яғни ақша қаражаттары бір жылда 10503972 теңгеге көбейген. Ең 

мобильді  қаражаттар  сомасының  жоғарылауы  және  кәсіпорынның  төлем 

қабілетінің жоғары екендігін сипаттауға болады. 

Есепті  жылда  зерттеу  жүргізілген  кәсіпорынның  дебиторлық

 

борышының сомасы көбейген. Егер бұл көрсеткіштің шамасы есепті жылдың  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет