Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА 
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 
 
СЕЙІТҚАЗЫ А. 
Алматы қаласы Алматы университеті,   бастауыш оқытудың педагогикасы мен 
әдістемесі мамандығының студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ТУРАЛБАЕВА А.T. 
Алматы қаласы Алматы университетінің аға оқытушысы, п.ғ.м. 
 
«Бала дамуының ең шарықтау шегі – 
бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» 
Л.С. Выготский 
Оқытудың,  тәрбиелеудің  мазмұнын  қоғам  дамуының  қарышты  қадамына 
сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. 
Нәтижесінде  тұтас  педагогикалық  үрдіс  өзгертіліп,  білім  берудің  тиімді  деп  табылған 
жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық  әдістерді 
пайдалану  шәкірттердің  ойлана  білу  қабілеттерін  дамытады,  олардың  білім  сапасын 
жақсартады,  ой  өрісін  кеңейтеді,  есте  сақтау  қабілеттерін  өсіреді.  Оқыту  мен  дамыту 
әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар 
болып  саналады.  Дамыта  оқытуда  оқушының  ойлау,  ізденушілік,  зерттеушілік 
қабілеттері  артып,  талдау  арқылы  белгілі  бір  шешімге  келуге,  оны  дәлелдей  білуге, 
оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. 
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды да 
қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан  бастауыш  мектеп  –  оқушыны  тұлға  етіп 
қалыптастырудың 
алғашқы 
баспалдағы. 
Елбасы 
Н.Назарбаев«Қазақстан-2050» 
стратегиясында  «Ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігі  бірінші  кезекте  білім  деңгейімен 
айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын 
ұстаз  жауапкершілігінің  өсуі,  тынымсыз  еңбек,  сапалы  нәтиже  деген  ұғыммен  егіз. 
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің 
соңғы  әдіс-тәсілдерін,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияны  игерген, 
психологиялық-педагогикалық  диагностиканы  қабылдай  алатын,  нақты  тәжірибелік  іс-
әрекет  үстінде  өзіндік  даңғыл  жол  салуға  икемді,  шығармашыл  педагог-зерттеуші, 
ойшыл мұғалім болуын қажет етеді[1]. 
Мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 
педагогикалық  технологияны  ендіруді  міндеттейді.  Сондықтан  оқу-тәрбие  үрдісінде 

120 
 
жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, 
талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу. 
Бастауыш  сынып  оқушыларын  оқытуда  негізінен дамыта  оқыту  технологиясы 
басшылыққа  алынады.  Себебі  қазіргі  оқулықтар  дамыта  оқыту  технологиясы  негізінде 
жазылған. 
Сондықтан 
әрбір 
бастауыш 
сынып мұғалімі 
«Дамыта 
оқыту» 
технологиясындағы   сабақтың  құрылымын,  әдіснамалық  негіздерін  толық  меңгеріп,  өз 
іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. 
Оқу  –  адамның  психикалық  дамуының  формасы,  элементі.  Кез  келген  оқыту 
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.  «Даму»  ұғымы педагогикалық-психологиялық 
сөздікте  «…  мөлшерлік  өзгерістердің  белгілі  бір  өлшем  шегінен  шығып,  сапалық 
өзгерістерге  айналуы»,-деп  түсіндіріледі.   «Даму»  ұғымының  психологиялық 
анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны 
береді.  Барлық  табиғат  құбылыстары  сияқты  бала  психикасы  да  үнемі  диалектикалық 
жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту 
арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәләлдеп 
берді  деп  айтуға  болады.  Бұл  мәселені  түбегейлі  зерттеп,  бала  дамуындағы  оқытудың 
рөлін,  алар  орнын  анықтаған  көрнекті  психолог  Л.С.  Выготский.  Ол  дамуды  оқытумен 
тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үрдіс деген көзқарастарды қатты сынға алды. 
Ең  алғаш  рет  бала  дамуының  төмендегідей  екі  аймағы  болатындығы  жайлы 
теория ұсынды. Олар: 
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара 
алатын істері. 
2.Бала  дамуының  қол  жеткен  аймағы  –  баланың  үлкендердің  көмегінсіз  істей 
алатын істері. 
Баланың  дамуы  бірінші  аймақты  меңгеру  арқылы  жүзеге  асады.  Дамудың  қол 
жеткен  аймағы  жақын  аймақпен  өзара  қызметтесе  отырып,  оны  игерген  кезде  дамуға 
өріс ашылады[2]. 
И.Я.Лернер  «даму»  деген  ұғымды  педагогикалық  заңдылықтарға  негіздей 
отырып,  адамның  әртүрлі  қиындықтардағы  мәселелерді  шеше  білуге  дайындығы  деп 
түсіндіреді.  Мұндай  анықтама  интеллектуалдық  іс-әрекетті  жоғары  орынға  шығарады. 
Мәселе  қаншалықты  күрделі  болса,  оны  шешуге  жұмсалатын  ақыл-ой  қызметі  де 
соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. 
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады 
деп  есептейді.  Олар  байқампаздық,  өз  ойын  еркін  жеткізе  білу,  практикалық  іс-
әрекеттерді  атқара  білу  болады.    Ал  В.В.Давыдов  ақыл-ойдың  дамуының  көрсеткіші 
ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. 
Тұтас  алғанда  барлық  авторлардың  даму  туралы  ойлары  оқыту  барысында 
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның 
басты шарты ретінде әрекет алынады. 
Мектеп  оқушыларының  танымдық  қызығушылығын  дамытудың  негізгі  факторы 
олардың білімі мен дағдыларының  дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды 
психикалық  қызметтерін,  ақыл-ой  жұмысының  тәсілдерін  қалыптастыруға  мүмкіндік 
беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті 
де  оның  ойлау  менпрактикалық  әрекеттері  арқылы  ғана  дамиды.  Ойлауға  үйрететін 
сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 
Дамыта  оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау 
деп  қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту  сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы 
арасындағы  ерекше  қарым-қатынас.  Мұғалім  бұл  жағдайда  дайын  білімді  түсіндіріп 
қоюшы,  бағалаушы  емес,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің 
ұйытқысы.  Тек  осындай  оқыту  ғана  баланың  интеллектісінің  көзін  ашып, 
шығармашылығын дамытады. 

121 
 
«Дамыта  оқыту» деген  термин  психология  ғылымының  қойнауында  туып, 
баланың  дамуын  қарастырған  (Ж.Пиаже),  ойлаудың  әртүрлі  деңгейін,  типтерін 
(Л.В.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  С.Л.Рубинштейн)  және  басқа  да  психиканың 
функциясын  зерттеген  (Б.Г.Ананьев,  Г.С.Костюк,  А.А.Люблинская,  Н.А.Менчинская) 
және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) 
еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі 
іргелі  эксперимент  жасалып,  оның  бірін  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдов,  ал  екіншісін 
Л.В.Занков басқарды[3]. 
Кейінгі  жылдары  дамыта  оқыту  психология  мен  педагогика  ғылымдарының 
келелі  мәселесіне  айналды.  Жүйенің  авторлары  «дамыта  оқыту  деп  –  оқыту  мақсаты, 
міндеттері,  әдіс-тәсілдері  баланың  даму  заңдылықтарына  сәйкестендірілген  оқытуды» 
атайды.  Оқыту        арқылы  баланың  психикасында  жаңа  құрылымдар  пайда  болуы,  яғни 
жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – 
баланы  оқыта  отырып  жалпы  дамыту,  оның  еркіндігін  қалыптастыру,  өз  бетінше 
ізденуге,  шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  жекелік  қасиеттерін  ескеру,  басшылыққа 
алу,  әрі  қарай  ұшқырлау,  тұлғалыққа  бағыттау.  Оның  нәтижесінде  әр  оқушы  өзін-өзі 
өзгертуші  субъект  дәрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  соған  оқыту  барысында  лайықты 
жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді. 
Дамыта  оқытуда  баланың  ізденушілік  –  ойлау  әрекетін  ұйымдастыру  басты 
назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің 
жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып 
оның  білім  алуға  деген  ынта-ықыласы  артады,  білім  алуға  әрекеттенеді.  Сабақ  мұндай 
жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады. 
1.     Оқу мақсаттарының қойылуы. 
2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 
3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. 
Бұл  –  үшеуі  дамыта  оқытудың  Д.Б.Элконин  –  В.В.Давыдов  жасаған  жүйесінің 
негізгі компоненттері. 
Оқушы  алдына  оқу  мақсаттарын  қоюда  ешқандай  дайын  үлгі  берілмейді. 
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ 
процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның 
дұрыстығын  өзінше  дәлелдей  білуге  үйретіледі.  Әр  оқушыға  өз  ойын,  пікірін  айтуға 
мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола 
бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс 
жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. 
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. 
Біріншіден –  дамыта  оқытуда  білім  даяр  күйінде  берілмейді,  оған  оқушы  өз  оқу 
әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы 
не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар 
осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген 
қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. 
Екіншіден –  дамыта  оқытуда  оқушы  жоғары  қиындықтағы  мәселелерді  шеше 
отырып  өзінің  санасының  саңылауларын  ашады.  Әр  оқушының  өзінің  деңгейіне  дейін 
дамуға  қол  жеткізе  алады.  «Жақсы  оқушы»,  «Жаман  оқушы»  ұғымының  болмауы, 
балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. 
Үшіншіден –  оқушының  жеке  басын  дамытатын  басты  құрал  –  ол  өзінің  әрекеті. 
Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя 
отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. 
Төртіншіден –  дамыта  оқыту  жүйесінің  нәтижелі  болуы  оқушы  мен  мұғалімнің 
арасындағы  жаңаша  қарым-қатынасы  арқасында  ғана  өз  жемісін  береді.  Сол  себепті 
дәстүрлі  жүйедегі  әміршілдік  стиль  бұл  жерде  тиімсіз,  оқушы  –  «орындаушы», 

122 
 
«мұғалімнің  тасасындағы»  объект  емес.  Ол  өз  пікірін  ашық  айта,  ойын  дәлелдей, 
дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге 
үйренген жаңа сападағы субъект ретінде бола алады. 
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері: 
1.     түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; 
2.     оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; 
3.     олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады; 
4.     оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар; 
5.     оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді; 
6.     
оқушылардың  қабілеттері,  сөз  саптау  еркіндігі,  ұйымшылдығы, 
шығармашылық белсенділігі артады; 
7.     жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген 
кәсіби сенімін қалыптастырады 
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі 
негізгі талаптарға сәйкес болуы керек. 
-Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу. 
-Оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын  дамыту,  күтілетін  нәтижелерге 
жетуге талаптандыру. 
-Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану. 
-Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу. 
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту 
технологиясын таңдауға  болады,  себебі  жалпы  «дамыту»,  «даму»  ұғымдарына баланың 
белгілі  мөлшерден  шығып,  саналы  іс-әрекет  сатыға  ауысуы  деп анықтама  беріледі. 
Дамыта  оқыту  технологиясын  көрнекті  ғалымдар  Л:С  Выготский,  М.Я.  Лернер,  Л.В. 
Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. 
В.В.  Давыдов  «Дамыта  оқыту  дегеніміз  –  ақыл-ойдың  дамуының  көрсеткіші 
ретінде  жинақтай,  қорытындылай  алу  дағдысы»  -  дейді.  Дамыта  оқытуда 
баланың ізденушілік-зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру басты  назарда  ұсталады.  Ол 
үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз 
екенін  сезініп,  содан  барып  оның  білім  алуға  деген  ынтасы  артып,  білім  алуда  әрекет 
жасайды[4]. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы: 
-Оқу міндетін қою сабағы 
-модельдеу сабағы 
-түсінікті нақтылау сабағы 
-нақтылау сабағы 
-бағалау сабағы 
Дамыта оқыту белгілері: 
1.     
Педагогикадағы  түсіндірмелі-иллюстративті  әдісі алмастырады.  Бұл 
әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста. 
2.      Дамытудың  барлық  заңдылықтарын  ескереді,  жеке  бастың  өзіндік  деңгейі 
мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі. 
3.     Балаға іс — әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады. 
4.      Балаға  қоршаған  ортамен өзара  қатынасқа  түсетін  дербес  субъект  рөлі 
беріледі. 
5.     Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген. 
6.     Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады. 
Осылайша, дамыта  оқыту  бойынша  сабақ  кезеңдерінде  оқушылар  сабақтың 
мақсат, міндетін өздері анықтайды проблеманы шешу жолын іздестіреді жаңаны өздері 
табады ақылдасады, кеңеседі. 
 Оған тән сипаттар: 
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек; 

123 
 
-  іс-әрекеттің  бастапқы  кезеңі  –  оқушылардың  алдына  олардың  әрекет  жағдайын 
жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою; 
-  осы  міндеттерді  шешуді,  яғни  іздену  іс-әрекетін  ұйымдастыру,  мұнда  үлгі 
көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет 
ол үшін келесі екі шартты орындау керек: 
1)  Мұғалім  өзара  ізденуге  басқарушы  болмай,  шын  мәнінде  қатынасушы  болуы 
керек. 
2)  Ол  оқушылар  жүргізіліп  жатқан  ізденуді  шын  мәнінде  жүзеге  асыру  керек, 
оларға дұрыс шешім көрсету керек. 
3)  Оқу  міндеті  шешілгеннен  кейін  мұғалім  табылған  шешімнің  бағасын 
ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын 
түсіндіреді. 
Қазіргі  таңда  дамыта  оқыту  идеясын  тереңдету  3-4  сыныптарда  жүзеге  асырылу 
жағдайы  көзделіп  отыр.  Ол  бала  тұлғасының  өзін-өзі  жетілдіру  ізденісіне  негізделген. 
Оқушы  сыртқы  әлеуметтік  және  педагогикалық  әсер  етудің  және  өзінің  психикасында 
қалыптасқан  өзгерістер  мен  қабілетіне  байланысты  дамиды.  Технология  ерекшелігіне 
байланысты бастауыш сатыдағы 3-4 сынып мұғалімдерінің басты мақсаты: 
 -оқушының  танымдық  қажеттілігін,  өзін-өзі  табу,  өзін-өзі  көрсету,  қауіпсіздікті 
сезіну қажеттілігін, өз орнын таба білу және өзін-өзі таныта білуін қамтамасыз ету. 
Осындай  өзін-өзі  дамыту  қажеттілігі  қалыптасқан  тұлғаның  жаңа  орта  буынға, 
негізгі мектепке өту кезеңі нәтижелі болмақ. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы, Астана.14.12.2012ж. 
2.Андреев В.И. Эвристика для творческого саморазвития. Казань -1994 -247с. 
3.Вульфов Б.З. Харькин В.И. Педагогика рефлексии. - М.: -2007. -115с. 
4.Беспалько В.П. // Педагогика и прогрессивныетехнологии обучения. -М.: -2002. 
-С.29-30. 
 
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 
 
Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасының 
профессоры., п.ғ.к СМАНОВА Н.Т 
Жалпы, жас ерекшелік және әлеуметтік педагогика кафедрасының 
аға оқытушысы., п.ғ.магистрі  МАЛДЫБАЕВ  К.Б 
5В012300 -  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» 
мамандығының 2 курс студенті  АХМЕТЖАН Г. 
 
Қазақстан  Республикасында  әлемдік  білім  кеңістігіне  кіру  үшін  Мемлекет 
тарапынан  көптеген  шаралар  енгізіліп  жатыр.  Бүгінгі  күні  білім  саласында  өз  шешімін 
таппай отырған мәселелер жеткілікті инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011  - 
2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасында шешімін тапты. 
Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  қатысты  мемлекетіміздің  алдында  тұрған  негізгі 
мәселелердің  бірі  оларды  қоғамдық  өмірге  дайындау,  әлеуметтік  бейімдеу,  жан-жақты 
дамуларына  көмек  көрсету,  әлеуметтік    өмір  шеңберде  тең  құқылы  тіршілік  ете 
алуларына  жағдай жасау. 
Мүгедектік  кез-келген  қоғамда  болатын  әлеуметтік  құбылыс  болып  табылады, 
сондықтан әрбір мемлекет өзінің даму қарқынына сәйкес мүмкіндігі шектеулі жандарға 
қатысты  әлеуметтік  және  экономкалық  саясатты  қалыптастыратыны  анық.  Мүгедектік 
тек бір ғана адамның емес, тұтастай алғанда қоғамның мәселесі [1].  
Халықтың  аталмыш  категориясының  санының  күн  санап  өсуі  бір  жағынан 
мүмкіндігі шектеулі жандардың физикалық, психикалық әрі зияткерлік мүмкіндіктерінен 

124 
 
тәуелсіз  оларға  басты  назар  аудару  және  азаматтық  әрі  демократиялық  қоғамға  тән 
жоғарыда  аталған  азаматтардың  құқықтарын  қорғау  туралы  көзқарас  қалыптастырса, 
екінші  жағынан  мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  әлеуметтік  оңалту  жүйесін  жетілдіруді 
қажет етеді. 
Мүгедектік мәселесінің мәні мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоршаған ортамен 
құқықтық,  экономикалық,  коммуникативтік  және  психологиялық  байланысымен 
анықталады.  Ең  күрделі  аспектілері  мүгедектер  мен  созылмалы  аурулары  бар 
адамдардың қоғам өміріне белсене араласуына мүмкіндік бермейтін көптеген әлеуметтік 
кедергілермен  байланысты.  Шындығына  келгенде  мүмкіндігі  шектеулі  тұлғалар 
әлеуметтік-мәдени жүйе қызметіне толықтай араласу мүмкіндігінен айырылған. Мұндай 
мүмкіндіктің жоқтығы әлеуметтік кедергілер салдарынан деп айтуға болады.   
Әлеуметтік-психологиялық  жағынан  мүгедектік  адам  мен  қоғамның  алдына 
көптеген  мәселер  қояды,  сондықтан  да  мүмкіндігі  шектеулі  жандармен  жұмыстың 
әлеуметтік-психологиялық аспектілеріне басты назар аударған жөн.  
Мүгедектік-бұл  өмір  қызметінің  түрлі  салаларында  әрекет  етудің  шектелуімен 
қатар жүретін тұлға дамуының спецификалық ерекшелігі. Оның салдарынан мүгедектер 
ерекше  әлеуметтік-демографиялық  топқа  айналады.  Яғни,  аталмыш  топтың  күнкөріс 
деңгейі төмен әрі білім алу мүмкіндігі де айтарлықтай жоғары емес. Мұндай адамдардың 
өндірістік  қызметпен  айналысуы  қиындық  тудырып,  еңбекпен  қамтамасыз  етілмейді. 
Сонымен қатар өз отбасыларын құратын мүгедектер де аздық етеді. Көптеген мүмкіндігі 
шектеулі  адамдардың  өмір  сүруге  және  қоғамдық  қызметпен  айналысуға  деген 
құлшынысы төмен болады [2].  
Қазіргі  қоғамда  мүгедектерді  әлеуметтік  оңалту  мәселесі  өзекті  әрі  маңызды 
мәселелердің  біріне  айналып  отыр.  Әлеуметтік  оңалту  мүгедекті  отбасына,  ұжымға, 
қоғамға  жеткілікті  түрде  интеграциялауға  бағытталған  іс-шаралар  кешені  болып 
табылады.  
Оңалтудың  бұл  кезеңінің  мақсаты  тұрмыстық,  кәсіптік,  қоғамдық  қызметтерді 
атқару қабілетін қалпына келтіру және қоршаған орта, тұрмыс және өндірістік жағдайда 
тәуелсіз әрекет етуге мүмкіндік бермейтін бөгеттерді жою [3]. 
 Жаңа әлеуметтік статус  мүгедек статусының қалыптасуына байланысты жылдан 
жылға  жаңа  қажеттіліктер  (қарым  қатынас,  білім  алу,  кәсіби  білім  алу,  жұмыс  орнын 
таңдау  және  т.б.)  көрініс  табуда.  Мүгедектің  әлеуметтік    статусының  пайда  болуының 
кез  келген  кезеңінде  олар  әлеуметтік  көмекті,  әлеуметтік  оңалтуды  және  әлеуметтік 
өмірге  өзінің  жаңа  статусы  арқылы  араласуда  қолдауды  қажет  етеді.  Мүгедектерді 
әлеуметтік оңалту процесінің оңалтудың техникалық құралдарын қолдана отырып және 
көмекші құралдар арқылы әлеуметтік дағдыларды меңгеру үшін арнайы жағдайлар құру, 
отбасын  оңалту  процесіне  тарту  сияқты  көптеген  мүмкіндіктері  бар.  Мүгедектің 
халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінің бірден бір көрсеткіші болады.  
Мүмкіндігі  шектеулі  адамдарды  әлеуметтік  оңалту  жалпы  қоғамдық  
интеграциялық  мәселенің басты бағыттарының бірі болып табылады [4]. Соңғы уақытта 
аталмыш  топқа  жататын  адамдарға  деген  көзқарастың  өзгеріске  ұшырауымен  бұл 
мәселенің маңыздылығы арта түсуде.  
Мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  әлеуметтік-тұрмыстық  мәселелері  көбінесе 
өзіне-өзі қызмет көрсету функциясының шектелуімен байланысты болады, яғни бұл- өз 
бетімен  киіну,  тамақ  ішу,  жеке  бас  гигиенасын  сақтау,  өздігінен  жүріп-тұру  және  тағы 
басқалар.  Бұл  мәселенің  пайда  болу  себебі  неде?  Біріншіден,  бұл  жоғарыда  аталғандай 
мүмкіндігі шектеулі жандардың физикалық немесе сенсорлық кемістігімен сипатталатын 
физикалық  шектелуімен  қатар  кеңістікте  өздігінен  қозғалуға  мүмкіндік  бермейтін 
зияткерлік-психологиялық кемістігімен байланысты.  
Екіншіден,  бұл  жұмыспен  қамтылудың  шектелуі.  Мүгедектер  өздерінің 
патологиясына  байланысты  жұмыс  орындарына  қол  жеткізе  алмайды  немесе  көптеген 

125 
 
жұмыс  орындары  халықтың  аталмыш  тобына  бейімделмеген.  Бұл  әлеуметтік-еңбектік 
шектелу салдары әлеуметтік жағдайдың төмендеуіне әкеледі.  
Жоғарыда  көрсетілген  қажеттіліктердің  қанағаттандырылуы-мүмкіндігі  шектеулі 
жандарға  қатысты  жалпы  интеграциялық  шаралардың  толықтай  жүзеге  асуына  жағдай 
жасайды. 
Қоғамның  өзге  де  мүшелерімен  қатар  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың  қоғам 
өміріне  толыққанды  араласуына  мүмкіндік  беретін  жағдайлардың  бірден-бірі 
маңыздысы болып қол жетімді ортаны қалыптастыру табылады.  
Соңғы жылдар ішінде әлемде мүгедектік мәселесіне қатысты көптеген  өзгерістер 
орын  алды,  мүгедектердің  қоғамның  өзге  мүшелері  сияқты  тең  құқықты  әрекет  етуі, 
оларға  қоғамның  толыққанды  мүшесі  ретінде  қарау  мәселелері  белсенді  түрде 
қарастырыла бастады,  дегенмен әзірше бұл  бастама материалды-техникалық,  құқықтық 
базамен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген [5]. 
Cоциумның  қоғамдық  еңбек  ұйымдары  дені  сау  адам  мен  мүмкіндігі  шектелуі 
адамның  тең  дәрежеде  еңбек  етуіне  бағытталмаған.  Бұл  мәселе  мүмкіндігі  шектеулі 
адамдардың  әлеуметтік  және  психикалық  оқшаулануына  әкеледі.  Сонымен  қатар 
қоғамның  көптеген  бөлігі  денсаулығында  ақаулары  бар  адамдарды  социумға 
шоғырлануына және толыққанды қоғам мүшесі ретінде қабылдауға дайын емес. Қазіргі 
таңда  қоғам  мүгедектердің  басқа  қоғам  мүшелерімен  тең  дәрежеде  өмір  сүру  құқығын 
мойындап, олардың әлеуметтік оңалуы үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.  
 Мүгедектіктің  әлеуметтік  спецификасы  денсаулығында  түрлі  ақаулары  бар 
адамдардың  қоғам  өміріне  белсене  араласуына  мүмкіндік  бермейтін  құқықтық, 
экономикалық,  коммуникативтік,  психологиялық  және  өзге  де  бөгеттерден  тұрады. 
Жалпы  әлеуметтік  қиындықтардан  басқа  олар  кері  әлеуметтік  өзгерістерге  бейімделуі, 
өзін-өзі қорғай білу қабілетітөмен болады, құқықтық базаның толық жетілмеуімен қатар 
мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  ұйымдардың  тарапынан  көрсетілетін  көмек 
жүйесінің толық дамымауынан зардап шегеді.  
Мүмкіндігі  шектеулі  жандар  халықтың  әлеуметтік  әлсіз  топтарына  жатады. 
Әсіресе олар көп жағдайда білім алуға, еңбек етуге, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі 
шектеулі  болады.  Олардың  табыс  көздері  төмен,  ал  әлеуметтік  және  медициналық 
қызметтерге  деген  қажеттіліктері  жоғары  деңгейде  болады  Мүгедектерді  әлеуметтік 
оңалту-қазіргі  заманғы  әлеуметтік  көмек  пен  әлеуметтік  қамсыздандыру  жүйесінің 
маңызды  міндеттерінің  бірі.  Мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  әлеуметтік  оңалту  процесі 
түрлі  бағытты  әрі  күрделі  болып  келеді.  Ол  бірнеше  жеке  процестерді  бір  арнаға 
тоғыстырады  
Бүгінгі таңдағы елімізде әрекет ететін әлеуметтік оңалту процесі жеткілікті түрде 
тиімді  деп  айта  алмаймыз.  Аталмыш  процеске  қатысушыларды  оңалтудың  тек  
«медициналық үлгіні» ғана негізге алуы, кешенді ыңғайдың болмауы сияқты мәселелер 
өте өзекті болып отыр. Бүгінде әлеуметтік оңалту бойынша бірегей ақпараттық өріс пен 
бұл  процесті  өткізу шараларын  бақылау жоқтың қасы. Көптеген мүгедектер әлеуметтік 
оңалту процесі туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен тиісті көмекті ала алмайды.  
Мүгедектер  әлеуметтік  категория  ретінде  әлеуметтік  қолдауды  қажет  етеді  және 
олардың  толыққанды  әрі  белсенді  өмір  сүруі  үшін  қоғамдық-пайдалы  іс-әрекеттерге 
тарту,  қоршаған  ортамен  байланысын  жетілдіру,  бір  сөзбен  айтқанда  оларды  қоғамға 
әлеуметтік интеграциялау қажет. Бұл әлеуметтік оңалтуды ұйымдастырудағы әлеуметтік 
қызметкерлердің 
басты 
мақсатыӘлеуметтік 
оңалту 
процесіндегі 
әлеуметтік 
қызметкерлердің рөлі өте маңызды болып келеді.  
Әлеуметтік  қызметкерлер  мүгедектердің  жас  ерекшеліктерін,  тұлғалық-
cипаттамалық  ерекшеліктерін,  денсаулық  жағдайын  ескере  отырып  әлеуметтік-
тұрмыстық  және  әлеуметтік-психологиялық  бейімделуін  ұйымдастырып,  моральдық-
психологиялық қолдау көрсетуі тиіс. 

126 
 
Әрине  қазіргі  кезде  арнайы  түзету  мектептері  мүмкіндігі  шектелген  балалар 
бойындағы сақталған анализаторлардың қызметін жоғалтпауға, оларға реабилитациялық 
көмек  көрсетуге,  қоғам  ортасына  бейімдеуге,  бағытталған  көптеген  түзетушілік 
(коррекциялық) жұмыстар жасалуда.  
Мүгедектіктің  әлеуметтік  моделі  -  мүмкіндігі  шектелген  тұлғаларды  басқа 
қырынан көрсететін жаңа көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. Осы модель мүгедек 
жандардың  мүмкіндігінің  шектеулігіне  емес,  керісінше  әлеуметтік  инфрақұрылым 
объектілеріне қолжетімділігін, ақпаратқа теңдей қол жеткізу, мектептер мен жоғарғы оқу 
орындарында  бәрімен  теңдей  білім  алу,  басқа  адамдармен  теңдей  жұмысқа  тұру 
мүмкіндігінің  бар  екеніне    нұсқайды.  Сондай-ақ  бұл  модельдің  басты  ерекшелігі  - 
ерекше  мұктаждықтары  бар  тұлғалардың  мүмкіншілігін  жақсы  жағынан  көрсетуді, 
олардың  да  қоғамға  пайдалы  бола  алатындарын,  олардың  да  қоғамымыздың  саяси, 
экономикалық, мәдени және спорт салаларына өз үлесін қоса алатындарын айқындайды. 
Біз  осы  жандардың  ішінде  білімді,  дарынды,  қолынан  өнер  тамған  жандардың  бар 
болуына еш күмәніміз жоқ. 
Медициналық  модель  мүмкіндігі  шектелген  тұлғаларды  түзеткісі  келеді,  ал 
әлеуметтік модель қоғамның оларға деген көзқарасы мен қатынасын өзгерткісі келеді.    
Сонымен қатар, қазіргі таңда ең негізгі мәселенің бірі бұл - мүгедектікке ұшырау 
қатерінің алдын алу екені сөзсіз. Бүгінде бұған қатысты мынадай шаралар қарастырылып 
отыр: 
- ұлт    денсаулығын    нығайту;     
- кәсіптік аурулар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу; 
- мониторинг жүргізу, болжау және мүгедектікті азайту жолдарын анықтау[4]. 
Бүгінде  денсаулықты  нығайту  және  мүгедектікке  әкеп  соғатын  патологияларды 
азайту  мәселесінде,  ең  алдымен  балалардың  бойындағы  ауытқушылықтарды,  олардың 
сәби  кезінде  уақтылы  анықтау  бойынша  жұмысты  күшейту  керек.  Мысалы,  кемтар 
балалардың  үштен  бірінің  мүгедектігі  -  туа  біткен  кемістіктердің  әсері  болуымен 
байланысты. 
Сондай – ақ, мүмкіндігі шектеулі  адамдарға деген қоғамның көзқарасын өзгерту 
керек.  Бұрынғыдай  оларды  бақытсыз  адам  ретінде  қарамай,  қоғамның  белсенді  мүшесі 
және қоғамдағы орны  тең құқықты екенін  халыққа ұғындыру.  Осы орайда әлеуметтік 
педагогтың  міндеті  қоғамдағы  мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  мәселелерін  анықтау. 
Мүгедектердің  білім  алуы,  денсаулық  жағдайы,  әлеуметтік  қызметтерге  қолжетімділігі 
т.б. сонымен қатар жоғарыда атап өтілген заңдарда келтірілген құқықтық нормалардың 
орындалуы. Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог басқарудың 
мемлекеттік  органдарының  өкілдерімен,  қоғамдық  ұйымдар,  білім  беру  мекемелері, 
денсаулық  сақтау,  халықты  әлеуметтік  қорғау  ұйымдары,  басқа  муниципальды 
ұйымдардың  өкілдерімен  қатынас  құруы  қажет.  Әлеуметтік  педагог  іс-әрекетіндегі 
құқықтық бөлім ең маңызды болып табылады, өйткені мұнда интернат педагогтары мен 
оқушыларының  құқықтық  ағартушылық  міндеттері,  сонымен  бірге  полиция  мен  сот 
органдарындағы  тәрбиеленушiлердiң  мүдделерiнiң  өкiлдiктерi  міндеттері  біріктіріледі. 
Мұнда  әлеуметтік  педагог  міндетіне  баланың  заңды  беделінің  ақпараттары  мен 
құжаттарын  жинау  бойынша  жұмыс  жатады,  яғни  ата-аналарын,  туыстарын  іздестіру, 
қамқор  болушы  адамның  құжаттарын  дайындау,  бітіруші  түлектердің  тұрғын  үй  алуы 
үшін құжаттарын дайындау және т.б жатады. 
Мүмкіндігі  шектеулі  адамдардың  олардың  отбасындағы  қарым  -  қатынасын 
дамытып, дені  сау балалар мен аралас  - құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке 
адамдардың түсінігіне жарым жан адамдарға әркез жәрдем беруге әзірлігін камтамасыз 
етуге  үйрету.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  тәрбиесі  дефектологиялық  негізгі 
ұғымдарының  бірі.  Бұл  үрдістің  мақсаты  мен  міндеті  жалпы  педагогикалық 
принциптерімен  анықталған.  Яғни,  оларды  қоғамдық  пайдалы  өмірге  бейімдеу, 

127 
 
азаматтық  қасиеттерін  қалыптастыру,  бұлардың  бәрі  дефектіге  сәйкес  деңгейде,  соған 
тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс[6]. 
Қазақ  ұлтында  амандасу,  «күйлі-қуаттысың  ба?»  -деген  сөзден  басталса,  тілек 
айтсақ  ең  алдымен  «зор  денсаулық»  деген  сөз  тіркестерін  күнделікті  өмірімізде  жиі 
қолданамыз.  Бірақ,  байыбына  барып,  мағынасын  терең  зерделемейтініміз  қақ.  Өзіміз 
ауыра қалсақ «басы ауырып балтыры сыздамаған денсаулықтың қадірін  қайдан білсін» 
деп те жатамыз. 
 Табиғат  жаратқан  игіліктерді  кеңінен  пайдаланып  күн  кешіп  жүргенімізбен, 
кейде  айналамыздағы  жүрекке  мұң,  көңілге  қаяу  салар  жайттарға  ойлана  қарап 
қалатынымыз  жасырын  емес.  Қоғамдағы  сол  көріністердің  бірі,  қазіргі  таңда  біріміз 
базар  маңынан,  біріміз  ауруханадан  көзбе  көз  кездесіп  жүрген,  біріміз,  бұқаралық 
ақпарат құралдарынан естіп білген, мүмкіндігі шектеулі, яғни мүгедек адамдардың өмірі 
мен қоғамдағы орны. Әрине, бұл мәселе жиі айтылып та, жазылып та жүр 
Әлеуметтік  модель  арнайы  мұқтаждықтары  бар  адамдарды  медициналық 
жәрдемді  қажет  ететіндіктерін  мойындаудан  бас  тартпайды.  Алайда,  мүгедек  адам 
әрқашан  тек  медициналық  көмекпен  қамсыздандырудың  объектісі  болып  қана  қала 
бермей,  қоғамдық  қатынастарға  ықпал  ете  алатын,  қоғамға  өз  үлесін  тигізе  алатын 
азаматтардың  қатарына  қосылуы  керек.  Мүмкіндігі  шектеулі  тұлғаларды  ешнәрсеге 
қабілеті  жоқ,  қорғансыз  етіп  көрсететін  бұлыңғыр  қоғамдық  пікірді  түбегейлі  жоюға 
бәріміз атсалысу керекпіз. Қазіргі қоғамның ең басты көші ізгілікке бағытталған. Ендеше 
ізгілік  алаңына  теңізге  тамған  тамшыдай  үлес  қосу  сіз  бен  біз  үшін  кезек  күттірмейтін 
мәселе[7]. 
Қорыта  келе,  көмекші  мектептердің  осы  бағыттағы  негізгі  жұмыстарының  бірі, 
оқытуды  ұйымдастырудың  әдіс  –  тәсілдері  мен  түрлерін  жандандыру,  кейбір 
оқушыларға қажет  болатын жаңа мүкіншіліктерді ашуды талап ету, сонымен қатар бұл 
мәселе  басқа  да  білім  түрлеріне    өзекті  екендігін  ғылыми  және  әлеуметтік  тұрғыдан 
негіздеу  деп түсінеміз. 
 Пайдаланылған  әдебиттер тізімі 
 1.      Васильева Н.В., Социологические концепции исследования инвалидности // 
Социологический сборник, М., 2000.54 б. 
2.     Маккавейский П.А., Шестаков В.Т. Об определении понятия «Реабилитация 
больных и инвалидов // Медико-социальная экспертиза и реабилитация, М.2000. 27 б. 
3.     Кальмет Х.Ю. Жилая среда для инвалида. М.: Строй-издат, 1990. 57 б. 
4.     В.Б. Смычек Реабилитация больных и инвалидов-М.:-Мед.лит.,2009-383 б. 
5.      Актуальные  проблемы  инвалидности.  Сборник  научных  трудов  /  Под  ред. 
Ярошенко М.: ЦИЭТИН, 1991. 314 б. 
6..Бончарова В.Г. Социальная педагогика. – М. 1994 
7.Василькова Ю.В., Василькова Т.А. Социальная педагогика – М. 2000 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет