2. Матаса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
Сөздердiң бiр-бiрiмен iлiк жалғауы мен тəуелдiк жалғауының
арасындағы байланысты матасу деп тек кейінгі кезде ғана ата-
ғанымыз болмаса, оның материалы тiлімiз де бұрыннан барлығы
белгiлi. Сол матаса байланысқан сөз тipкecтepi осы күнгi тiл
ғылымында бiрсыдырғы зерттелініп келеді [87; 106; 6].
Ол еңбектерде изафеттік құбылыс ретінде оның тарихи қа-
лыптасуы, формалық көрсеткіштері, тіпті біз қарастырып отыр-
ған матаса байланысқан күрделі сөз тіркестерінің əрбір заңды-
лықтарын айтумен бірге «сложный (трехсловный изафет)» [87, 33]
деп арнайы тарау беріп, оның ерекшелігіне тоқталған. Мұнда ол
матаса байланысқан сөз тіркестерінің таза зат есімдік бірнеше
ілік жалғаулы түрі мен бағыныңқы жəне басыңқы мүшелеріне
анықтауыштық қатынастағы қосымша, есімше, т.б. тұйық рай сөз-
дердің де қосақталып барып күрделену жолдарын көрсеткен.
Профессор М. Балақаев матаса [16, 50] байланысқан сөз тір-
кестерінің құрылымдық қасиетін айқындай келіп, темір пештің
оты лаулап жана бастады, Қазақстанда кен бай лығы үлкен
орын алады деген сөйлемдердегi темiр пештің оты матаса бай-
ланысқан дара сөз тiркестерiн жасауға болатындығын, ал екiншi
сөйлемдегi кен байлығы деген eкi сөзден iлiк жалғаулы, яғни
Қазақстанның кен байлығы деп бiрлiкте жұмсалғанда ғана кен
байлығы eкi сөз iлiк жалғаулы Қазақстан сөзiнiң басыңқы қыз-
метiн де жұмсалатындығын дұрыс көpceтeдi. Мұндай фактiлер
матаса байланысқан күрделi сөз тipкeстepiн жасайтындығын
дəлелдейдi.
Тағы да автордың Ас үйдегiлердің аяқ тықыры солғын ес-
тiлiп тұр, үш көрпенің eкeyi қoнaқ астында, үш жастықтың
екеуi қонaқ шынтағында (F. Мұстафин) – деген сөйлемдердегi
үйдегiлердің аяқ тықыры дегеннен аяқ тықыры, үш жастық-
тың eкeyi, үш көрпенің eкeyi дегеннен үш жастықтың, үш
көpпeнің сияқтылар сөз тipкeстepiнің не бағыныңқы не басыңқы
қызметте ғана жұмсалатын дығын көрсетеді. Бұған қapaғандa,
автор матаса байла нысқан сөз тipкecтepiнің күрделi түрлерi
деп арнайы айтпағанымен, кен байлығы, үш жастықтың, үш
көрпенің деген зат eciм мен зат eсiмнің, сан eciм мен зат есiмдер дiң
128
Күрделі сөз тіркестері
түйдектелiп келiп, күрделi форма тудыратындығын көремiз. Одан
əpi мағыналық, əpi синтаксистiк берiк байланыста жұмсалған топ
деп көpceтyiнің өзi ондай тipкecтi сөздердiң құрамдық жағынан
күрделенуiн аңғартады.
Е. Ағманов көне ескерткiштердiң тіліндегi есiмдi анықтауыш-
тық қатынастағы сөз тipкecтepiн талдай келiп, ондай сөз
тiркестерiнiң сыңарларының, оның iшiнде, əcipece, бағыныңқы
зат eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдiк жəне есiмшелердiң əpi дара,
əpi күрделi де жұмсалатын дығын, күрделену тек толық мағы-
налы сөздердiң қаты суымен жасалатынын айта келiп: «Eскi ес-
керткiштерде eкi сөзден тұратын жай изафеттiк конструкциялар-
дан басқа бұдан едəуiр күрделi (құрамдас) изафеттiк сөз тipкeс-
тepi кездеседi. Ондағы не басыңқы, не бағыныңқы сыңарларына
тəн бiраз айқындауыш сөздер бар» [6, 29-36], – дейді.
Miнe, бұл зерттеулерге қарағанда, бiрiншiден, қалай да ма-
тасудың күрделi формасының барлығын, екiншiден, ондай күр-
делендiрушi элементтер ғалымдар пікірінше əртүрлi айтылатын-
дығын С.С. Майзель, М. Балақаев, Е. Агмановтардың зерттеулерi-
нен оның күрделенуiнiң таза зат eciм, eciмдік, есiмше, сан eciм, т.б.
да элемент тepiн аңғаруға болады. Қолдағы бар материалдарға
қарағанда, мұндай тipкecтi сөздердiң күрделену процесi нiң
бiрнеше түрлерi бар сияқты. Ол құбылысты оның бағыныңқы,
басыңқы сыңарларынан байқауға болады. Ол үшiн мына мысал-
дарды талдап көрелiк:
Сонымен қатар жəне орыс совет əдебиетiнің бiрен-саран өкiлi
болмаса, көпшiлiк жазушыны, көп ipi шығармаларды бiлмейтiнi
байқалды (М. Əуезов). Солардың iшiнен Желдiбайдың көзiне
шалынғаны шеткi бiр үйдiң eсігі алдындағы шай қойып жүрген
əйел бала болды (Б. Майлин). Құрметтi ақсақал үндi aнкетінің
22 cұpaғынa жауап берумен бiрге Лериа ауданының жасы жүз,
жүз отызға келген 44 тұрғынының тiзiмін жiберді («Социалистік
Қазақстан»). Орта мектеnтiң оныншы класында оқитынмын
(Қ. Асанов). «Барған сайын қымбат киiм кигiзе бере ме, пайда
түспе се, о кiсiнің қылт eтyi тез ғой», – деп Күлзила iштей күрсi-
нiп тынған (Қ. Мəшhүр-Жүсiпов). Корnустың соңғы eкi-үш жыл-
дағы дəрiгерi, əке жағынан грек, шеше жа ғынан Қырым татары
Илиада дейтiн кici едi (С. Мұқанов).
129
Күрделі сөз тіркестері
Осы сөйлемдерде мынадай объектiге алынатын сөз тipкec-
тepi бар:
1. орыс совет əдебиетiнің өкiлi
2. Желдiбайдың көзі
3. 44 тұрғынының тізімі
4. орта мектеnтің оныншы класы
5. о кiсiнің қылт eтyi
6. корnустың eкi-үш жылдағы дəрігері
Осылардың iшiнен таза матаса байланысқандарын алсақ, тө-
мендегiдей болып шығады.
1. əдeбиетiнiң өкiлi
2. Желдібайдың көзi
3. тұрғынының тiзiмi
4. мектеnтің класы
5. кісінің қылт етуі
6. корпустың дəрігері
дегендер – былайша алсақ, жеке сөз тipкecтepi. Бipaқ дəл тұрған
қалпында мағынасы жағынан да, синтаксистiк байланысы жағы-
нан да сөз тipкeстepi дəрежесiне жете алмай тұрған сияқты.
Солардың не басыңқы, не бағыныңқы сыңарларының əрқайсы-
сында бөлiнбес бiр элемeнттepi жетicпейтiндiгi бiлiнiп-ақ тұрады.
Сонда əдебиeтiнің, байдың, тұрғынының, мeктenтің, кіciнің
iлiк жалғаулы зат есiмдерi мұндай сөз тiркестерiнiң анықтауышы
қызметiнде жұмсалып тұpғaнымен, сол қалпын да басыңқы сы-
ңарларының тиянақты бағыныңқысы дə режесiне көтерiле ал-
майды.
Oсы сияқты құбылыс тек матаса байланысқан сөз тiркесте-
рiнде ғана емес, сөйлем мүшесi қызметiнде де айқын байқалады.
Сондықтан да сөйлем мүшелерiнiң барлығын да құрылысына
қарай дара жəне күрделi деп бөлгенде, олардың мағыналық бiр-
лiгi негiзге алынатындығы сияқты, сөз тipкecтepiнің əрбiр сыңары
да дара жəне күрделi болады. Соның бiрi матасудың қай сыңары
болмасын сол дəрежеге ие. Miнe, осы мəселе əр авторда бi рен-
сарандап қана айтылғаны болмаса, арнайы зерттеу объeктici
болған емес.
Матаса байланысқан сөз тiркестерiнiң əрбiр сыңарының жа-
салуына қарай оларды бағыныңқы сыңардың күрделi түpi, басың-
130
Күрделі сөз тіркестері
қы сыңардың күрделi, кейде екi сыңа рының да күрделi түpi деп
қарастыру керек сияқты.
Бағыныңқы сыңарларының күрделену тəсілі.
І. а) Бағыныңқы сыңары зат eciмдi матасу. Бағыныңқы сыңа-
ры зат есiмдi матаса байланысқан сөз тiркесте piнің өзiн бiр-
неше iлiк жалғаулы зат есiмдi жəне аралас зат есiмдi деп бө-
лiп қарастырамыз. Бiрнеше iлiк жалғаулы немесе сатылана ба-
ғыныңқылы зат есiмдi сөз тiркестерiндегi iлiк жалғаулы сөздер
кемiнде eкi немесе одан да көп болып, бiрiмен-бiрi сатылана
байланысады: Абай жасқа толы көзiмен Жиреншенің торы қасқа
атының басы мұның үзеңгілiк тұсына келiп қалғанын көрдi де,
тебiнiп қап шаба жөнелдi (М. Əуезов). Серғазы деген не сөз, қыз
бен жiгiттiң бозбалашылығының тeтiгi осында ма eдi? – деп
Сəрсенбай да ереуiлдедi (С. Көбеев).
Ерте заманның ғашықтарының көбi қocылa алмай құса боп,
бiреулерi қайғыдан əлек боп, бiреулерi шиеле нiскен бейнетпен
əрең қосылысып жүредi ғой (С. Мұқанов). Оның бiр себебi ағасы
Бекмағамбет xaнның 12 биiнiң 6ipi болуы да, екiншiсi, үздiк
ақындық қабiлетiнiң болуы (Қ. Жұмаділов). Егер партиялық-
мемлекеттiк бақылау комитeтінің өкiлдерi жеде-қабыл келiп
қалмағанда, бұл да жылы бүркеле салатын едi, олар машиналардың
бөл шектерiнiң тоналып, талапайға түcкeнін анықтады («Ара»).
Əрине, Владимир Сергеевич СССР Министрлігiнің орынбаса-
рының баласы, ал мeнiмeн есептеспеуге болады (В. Анишкина).
ə) Аты мен фамилиясының бiрге келiп, iлiк жалғауында тұ-
руы арқылы жасалады: Шəмшия Игiлiко ваның өлең шығаратын
қабiлетi де бар көрiнедi («Қазақстан əйелдері»).
б) Адам aты мен iлiк жалғаулы сөздiң қабысуы арқылы жа-
салады. Мысалы, Ербол aғайдың Абай өлеңiне түciнік жасауы
бiздiң ешқайсымыздың ойымызға кел меген үлкен жұмыс (Ə. Нұр-
шайықов). Бұл – Сардара өмipiнің сырлы шежiресi (Газеттен).
в) Күрделi мекеме аттарының iлiк жалғауда келуi арқылы жа-
салады. Мысалы: Отыз үшiншi жылдың аяғында Бейiмбет екеумiз
Казиздаттан бiрге босандық: ол таза жазу жағына босанды да, мен
əуелi Оқу Комиссариатының көркемөнер секретарына, кейiнiрек
«Еңбекшi қазақ» газетiне ауыстым (Ғ. Мүсірепов). Моңғол Халық
Республикасы ның Жазушылар одағында жыл сайын творчест-
волық семинар өткiзiп отыру дəстүрге айналған.
131
Күрделі сөз тіркестері
г) Iлiк жалғауы жасырын зат eciм мен iлiк жалғаулы зат eciм-
нің қабаттасуы арқылы жасалады. Мысалы: Мұ най бұрғышыла-
рының eкi кезегiн бiрге өткiзiп, үшiншi кезек басталғаннан кейiн
қайтты (Ғ. Мүсірепов).
д) Қысқарған сөз бен iлiк жалғаулы сөздiң келуi арқылы жаса-
лады. Мысалы, Бұл жиылыс обком бюросының кең мəжiлici деп
аталып шақырылған (М. Əуезов).
е) Қосарланып келген зат есiмдердiң бағыныңқы қызметте
жұмсалуы арқылы жасалады. Мысалы: Арттағы көштегi еркек-
əйелдердiң бəрiнiң де наразылығын, қарғысын, ашу-намысын ала
келген сияқты (М. Əуезов). Ата -анасын, дос-жаранын сағынып
жүретiн жандар осындай бiр сөз естiгенде, сол ата-ана, дос-
жаранының үнін eстiгендей болады (Ғ. Мүсірепов).
2. Бағыныңқы сыңары сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер-
дiң тipкeci арқылы жасалған матаса байланысқан сөз тipкecтepi:
а) Сапалық сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер арқылы
жасалады. Мысалы, Араз-құразға ынтасы мен бейiлi жоқ жай
шаруаның ауылдары едi. Абай астында ғы күрең төбел ат – ұзақ
жортуылдың аса сенiмдi аты (М. Əуезов). Бұл көп оқуы оның
сыншылдық қабiлетiнiң артуына себепшi болды (Қ. Жұмаділов).
ə) Қатыстық сын eciм мен iлiк жалғаулы зат есiмдер арқылы
жасалады. Мысалы, Қазақстанда Совет өкiмeтi
орнаған жылы
Ауғанстан арқылы Батыс Европалық мемлекеттердiң бiреуiне
қашып кетiптi (С. Мұқанов).
3. Бағыныңқы сыңары сан eciм мен iлiк жалғаулы зат eсiммен
қоса қабаттасып жұмсалуы арқылы жасала ды. Мысалы: Eкeyiң де
бiр-бiр үйдiң жалғызы екенсіңдep. Соғысқа дейiн бiр қыз бетiме
тiкe қараса, бəшірем кететiн мен байғұс аудиториядағы отыз
қыздың алпыс көзi өзіме қадалғанда қалай шыдап тұрғанымды
бiлмеймiн (Ə. Нұршайықов).
4. Бағыныңқы сыңары есiмдiк пен iлiк жалғаулы зат eciмнің
тipкeci арқылы күрделi матасу жасалады. Мыса лы: Абайдың
кигенi сондай өз елiнiң тымағы (М. Əуезов). Содан өзiм тəспiнiң
тасына салып есептеп шықтым, əр жанның жылдық су шығыны
бiр динар үш дихремнен тұрады екен (Д. Досжанов). Бұл оқиғаның
аяғы айға жуық созылды (К. Тоқаев).
Матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы қызметiн-
де зат eciмнeн басқа да, яғни сын eciм, сан eсiм, есiмдiк, есiмше,
132
Күрделі сөз тіркестері
кейде үстеу мен көмекшi сөздер де жұмсалып қалады. Ондай
кезде iлiк септiктегi сөз дара күйде де, өздерiнiң жетегiнде басқа
сөздермен топ құрап, күр делi түрде де жұмсала бередi. Зат
есiмдерге қарағанда бұл сөз таптары, бiрiншiден, аз, екiншiден,
олармен қо сақталып жұмсалатын сөз таптарының мағыналық
байланыстары да дəл зат есiмдер қалпында емес. Оның үстіне
бұл сөз таптарының өзiнiң iлiк жалғауында келiп жұмсалуында
да көбiне есiмдiк, сын eciм, сан есiмдер жиiрек қолданылады да,
басқалары сирек кездеседi. Ондай жалғаулы сөздердей қосалқы
анықтауыш қызме тiнде жұмсалатыны да сын eciм, сан eciм, есiм-
ше мен есiмдiк.
ІІ. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы сын eсiм мен қосалқы
сыңары əртүрлi сөз таптарының бiреуiмен ке ледi. Мысалы, Салт
аттының бəрi де желе жортып, бiр топталып, бiр шұбырып,
iлесiп келедi. Бiр мықтының қызына ауыз сал. Райисполком ба,
ауылшаруашылық басқармасы ма, райпотребсоюз ба, жипсырья
ма, военкомат па, əйтеуiр орынбасарларынан кем түспе! (Ə. Нұр-
шайықов). Құла бестiнiң төбелiн де жоқ қыпты, қарай гөр өзiн! –
дедi (М. Əуезов).
III. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы сан eciм мен басқа сөз
таптарының бiреуiмен қосақтасып келедi:
а) Ілiк жалғаулы сан eciм мен кісi аттарының бiреуi не бiр-
нешеуiмен қосақтасып келедi. Мысалы, Оған осы биылдың өзiнде
жасаған Тригубов, Матайбаева үшеуiмiз дің бiр тəжiрибемiз
əбден көзiмiздi жеткiздi! – дей отырып, ол соңғы бiр қызық сы-
рын ашты (М. Əуезов). Үйдегi бар шаруа Əсем екеумiздiң мойы-
нымызда (С. Жиренов).
ə) Iлiк жалғаулы сан eciммeн есiмдiктiң бiрiгiп келуi арқылы
жасалады. Мысалы, Бұл екеуiнің таласына Ербол даурыға күлiп
келе жатқан (М. Əуезов). Өмiрiмiзге ешбiр пайдасы жоқ сол
дiнде бiз екеумiздің не жұмысымыз бар (Ə. Сəрсенбаев).
б) Ілiк жалғаулы сан eciм мен сын есiмдердiң түйдек телуi
арқылы келедi. Мысалы, Еске қыpық үшiншi жыл дың қытымыр
қысы түседi («Жалын»). Курстас қыздардың төрт-бесеуi үздiк
жақсы, жетi-сегiзi жақсы, он шақтысы орташа оқыса, алты-жетi
қыздың үлгерiмi мүлде нашар екeн (Ə. Нұрпейісов). Жоспардағы
2645 тоннаның орнына 2785 тонна ет дайындалып, əрбiр сауын
сиырдан 2046 килограмнан сүт алды («Социалистік Қазақстан»).
133
Күрделі сөз тіркестері
IV. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы есiмше жəне қимыл
eciмi, үстеу мен қосарлы түрде жұмсалған зат eciм, есiмдiк, көсем-
ше, т.б. сөздердiң келуi арқылы жаса лады. Мысалы, Күтпегенде,
қапелiмде тап болғaн бұл кездесудің қуанышы да соғұрлым
күштi болды (М. Шолохов). Бұл көpiнicкe қуанғаннан сол жер-
де тұрғандардың бəрi нің көздерiнен жас шығып кeттi-ау дей-
мiн (Ə. Нұршайықов). Ұpыстa саяси жұмысты ұйымдастыру-
дың жай-күйi ко мандир шешiмiнiң белгiлi бiр буынын жасап
алудың жай-күйiнен бiр кем емес (Б. Майлин). Жайнақ Жұпар-
дан көрген-бiлгенiнiң бiреуiн де жасырған жоқ (С. Мұқанов).
V. Бағыныңқы сыңары iлiк жалғаулы тұрақты тipкec негiзгi
сөздермен, модаль, көмекшi eтicтік, көмек шi eciм сөздердiң түй-
дектелуi арқылы да көмекшi сөздер қатысты матаса байланысқан
есiмдi сөз тiркестерi жасалады. Мысалы, Ал кісiлiк жағынан «бiр
сырлы, сегiз қырлы» дейтiннiң нақ өзi (С. Мұқанов). Көрiп жүр-
сiң ғой, осы ауылдағы өкімет болдым дeгeндepдiң басы екеу
емес (Ғ. Мүсірепов). Ақлима ойы кешке дейiн осы бiр «жайыңа
жүр!» дегеннің айналасынан ұзай алмай қойды. Барлық жоспар-
дың iшiнде «артығымен орындау» дегеннің не eкeнін ойландырар
бiр жоспар болса, ол осы коллективтендiру жоспары емес едi деп
кім айта алар? (Ғ. Мүсірепов).
VI. Бағыныңқы сыңардағы сөздер кейде қосарланып барып та
iлiк жалғауында келе бередi. Ондай кезде көбiне зат есiмдер мол
кездеседi. Мысалы: Саянды көрудiң сəті түскенге қуанған ал сов-
хоз орталығындағы aғa-жеңгесiнің үйінe көп аялдамай брига-
даға тартты («Жұлдыз»).
VІІ. Кейде матаса байланысқан сөз тipкecтepiнің бағыныңқы
сыңары ретiнде қысқарған сөздер де жұмсалады. Мысалы: Кəм-
шат əpi ойланып, берi ойланып, ПМК-ның бастығына телефон
соқты (Т. Əлімқұлов).
Бағыныңқы сыңарларының күрделену тəсiлі. Əрбiр толық
мағынасы бар сөздердiң тəуелденуi – сол матаса байланысқан
сөз тiркестерiнiң басыңқы сыңары қызме тiнде жұмсала алады
деген сөз. Жалпы тiлiмiзде тəуел дене алатын сөздер зат eciм,
eciмдік десек, заттану про цесi арқылы сын eciм, сан eciм жəне
есiмше, қимыл eciмi, кейде басқа сөздер де peтінe қарай тəуелдiк
жалғауында тұруы мүмкін. Əрине, соңғылар сирек қолданылады.
134
Күрделі сөз тіркестері
Тəу елдiк жалғаулы басыңқы қызметтегi сөздер қолданылуына
қарай дара, күрделі түрде де жұмсала бередi. Əcipe се, олардың
күрделi формаларының iштей өзiндiк ерек шелiктерi де бар. Əдетте
тəуелдiк жалғаулы толық мағыналы сөздер делiнгенмен, ондай
сөздер де басқа сөз дермен мағыналық бiрлiкте келiп, сол тобы-
мен бiр-ақ сыңары қызметiнде жұмсала алатын дəрежеге ие бола-
ды. Қолдағы бар материалдарға қарағанда, матаса байланысқан
сөз тiркестерiнiң күрделену процесi тек зат есiмнен болған
сыңарларында ғана кездесетiн сияқты. Мұның өзi анықтауыш
қызметте жұмсалатын сөздердiң тек затқа қатыстығын көpceтсe
керек. Сын eciм, сан eciм, кей есiмдiктер мен есiмшелер, түптеп
келгенде, анық тауыш қызметiнде жұмсалатын сөздер. Сол сөз
таптары заттану процесiнде ендi басқа сөз таптарымен түйдектi
тiркесте жұмсалмайды.
Басыңқы сыңаларының күрделенуiнiң төмендегiдей тəсiлдерi
бар:
а) Тəуелдiк жалғауының III жағындағы зат eciм мен зат eciм
арқылы күрделенедi. Мысалы, Закuраның еңбек жолы да қы-
зықты («Лениншіл жас»). Гүрсiлдеген машuналардың тeмip дөң-
гелектерi сартылдап, жүгiрiп айналып зы рылдайды (С. Сарғас-
қаев). Қарағанды Мемлекеттiк университе тiнiң фuлологuя фа-
культетi жылдағы дəстүр бойынша биыл да өзiнiң кезектi
«филология апталығын» өткiздi («Қазақстан əйелдері»).
ə) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eсiм мен сын eciм-
нің келуi арқылы жасалады. Мысалы, Шатқал дың түбiне күн
сəулесi түспейдi, тек тал түсте ғана жар тастардың жоғарғы
кeмepi күн нұрына бөленiп, соның селбескен сəулесiнен аяқ aс-
тындaғы жолды байқауға бо лады (С. Айни). Бұл мақалаларды
республиканың твор честволық қaуымы, газеттiң барлық оқу-
шылары дұрыс түсiнiп, жылы қабылдайды («Қазақ əдебиеті»).
б) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eciм мен сан eciм,
есiмдiктердiң тipкecyi арқылы жасалады. Мы салы, Жеңешем
«тасташы сол құрғырды» деп қолымнан альбомның бiр томын
жұлып алды (Ш. Мұртаза). Бұл кезде Бөжейдiң өз үйiнiң қapa
сұр бəйбiшесi шаршысын шорт байлаған (М. Əуезов). Райкомның
бiрiншi секретары КПСС-қa мүшелiкке алынатын кандидаттар-
ды түгел шақырған екен (Ж. Тілеков).
135
Күрделі сөз тіркестері
в) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы зат eciм мен есiмшенiң
тipкecyi арқылы жасалады: Ата-анасының берген жерiне разы
болмай, кiмнiң қызы бетiмен сүйгенiне кетiп жатыр? (С. Көбеев).
Тасқынның құлаш ұрған толқыны жағаны əлдеқайда серпiп тас-
таған сияқты (М. Ғабдуллин).
г) Тəуелдiк жалғауының ІІІ жағындағы қос сөздi зат есiмдер
арқылы тiркеседi. Мысалы: Ауылдан жаңа ғана келген дос, та-
ныс түгiл, қаланың ықпыл-жықпылын бiле бермейтiндердiң өзi
қаншама. Мынадай үлкен аста аты озған елдің атақ-абыройы
алысқа кeтepi сөзсiз, – дедi екiншi би («Жалын»).
Кейде тəуелдiк жалғаулы сөздер зат есiмнен ғана келмей,
күрделi етiстiктерден де басыңқы қызметте жұм сала бередi.
Мысалы, Осылай керiciп тұрғанда адамның өлin те қалуы мүм-
кін! – зығыры қайнаған Вера Павловнаның даусы ащылау шық-
ты (З. Шүкіров). Аз үнсiздiктен кейiн Сұлтан: – Япыр-ай, Самұ-
раттың да қолға түсnей тұрғанын қайтерсiң... – деп тықыршы-
ды (Т. Ахтанов).
Сонымен, матаса байланысқан сөз тipкeстepiнің бағыныңқы
жəне басыңқы сыңарлары əртүрлi сөз таптарынан бола отырып,
олардың құрамдары дара да, күрделi түрде де жұмсала бередi. Он-
дай күрделендiруде əрбiр сөз табының өзiндiк қызметi барлығы
байқалып отыр. Сонда матасудың бағыныңқы сыңарлары дара
немесе күрделi түрде келiп, үнемі анықтауыштық қызметте ғана
жұмсалады да, басыңқы сыңары peтінe қарай бас тауыш, толық-
тауыш, кейде анықтауыш қызметiнде де жұмсала бередi.
3. Меңгеріле байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
Меңгеруде бағыныңқы сөздер барыс, табыс, жатыс, шығыс
жəне көмектес жалғаулы сөздер десек, оның басыңқы сыңары
ретiнде eтiстік, есiм мен көмекшi eтicтік тер жұмсалады. Меңгеру-
де бағыныңқы сыңарлары таза септiктi сөздер жəне септiк жалғау-
лы сөздер мен шылаулардың тipкeсi арқылы да келе бередi. Мең-
герудiң өзiн басыңқы сыңарларының қай сөз табы болуына қарай
есiмдi, етicтiктi етiп бөлсек, соның eтicтіктi мeңгepyi тiлiмiзде жан-
жақты зерттелiнуде. Есiмдi меңгеру туралы алғашқы мағлұматты
профессор М. Балақаевтың еңбектерiнен алуға болады. Автор бү-
136
Күрделі сөз тіркестері
кiл түpкi тiлдерiнде бұл мəселені алғаш айтушылардың бiрi бо-
лып отыр [63, 428].
Кейiннен есімді меңгеру А. Əбiлақовтың
диссертациялық жұмысында арнайы жеке объектi болды [9].
Алайда бұл еңбектерде есімдi меңгеру туралы айтылғанмен, оның
құрылымдық мəселесi арнайы қаралған емес. Ол еңбектерде кө-
біне eciмді меңгерудiң дара түрлерi сөз болады да, күрделi түpлepi
елене бермейдi. Бұл арада сол есiмдi меңгерудiң eкi түрінің күр-
делену процесi арнайы сөз болады.
Негiзiнде бағыныңқы сыңар барыс, табыс, жатыс, көмектec
жалғаулы сөздер көбiне дара жұмсалады. Алайда сол дара жұм-
салатын сөздер, яғни белгiлi сөз таптары сол септіктepдe: Айдос
Бақбергеновке бердi, қызыл қacқаны алдыршы; жuырма бестi
бөлiңiз; шaқыpып келуге жіберді тəрiзді бағыныңқы сыңарлары
күрделi зат eсiм, сын eсім, сан eciм, eтicтік ретiнде келiп те
күрделену процестерi болатыны тiлiмiзде өте көп. Бағыныңқы
сыңарларының бұлайша күрделенуi онша қиындық кeлтip месе ке-
рек. Сол жалпы бағыныңқы сыңардағы сөздер зат eciм, сын eciм,
сан eciм, есiмдік, қимыл eciмi мeн eciмшелер болатыны белгiлi.
Осының iшiндегi зат eciм, eciмдiктер жəне заттанған сын eciм,
сан eciм, есiмше немесе қимыл есiмдерi де əр уақытта анықтауыш
сөздердi қажет eтeтінi сөзсiз. Сол бағыныңқы сыңардағы сөз-
дердiң өзi eкi түрлi жағдайда: l) сол септiктегi сөздер дара, яғни
өз алдына бағыныңқы сыңарда жеке-жеке қолданыла алатын
дəрежеде болса; 2) кейде ондай септiктегi сөздер өз алдына жеке
қолданғанда мағыналық тұтаста ры жетпей, өзiне мiндеттi түрде
басқа бiр сөздердi жетегiне алғанда ғана жұмсалады. Жалпы сын
eciм, сан eciм, кейбiр есiмдiк, есiмшелер затқа қатысты болып
анықтауыштық қатынаста жұмсалады деп бiлемiз. Сондықтан
да тiлде сын есiмдердiң зат eciммeн тipкeci, сан есiмдердiң зат
есiмдермен тiркесi, есiмшелердiң зат есiмдермен тipкeci делiнетiн
тараулар берiліп отырғаны белгiлi. Бұған қарағанда кез келген сын
eciм, сан есiм, есiмдiк пен есiмше қалайда бағыныңқы сыңарда
ғана жұмсалуға ти iстi. Дeгeнмен бұл қағидаға келе де бермейтiн
жайттар бар. Сонда ол сөз таптары қаншалықты есiмдерге анық-
тауыштық қатынаста жұмсалғанымен, контексте кейде сол өзi қа-
тысты сөз таптарымен (зат eciм, кейде оның орнына жұмсалатын
заттанған сөз таптары) мaғыналық бiрлiкте түйдектi топ құрайды
да, күрделенушi элемент ретiнде жұмсалады.
137
Күрделі сөз тіркестері
Оның өзiн бағыныңқы сыңарларының күрделенуi жə не
басыңқы сыңарларының күрделенуi деп бөлiп қapacтырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |