2. -лы, -лi жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. Мұндай жұр-
нақтар арқылы: малды, көлдi, ағашты, бiлiмдi, қapлы, жүздi, сап-
ты, мүйiздi, т.б. қатыстық сын есiмдерi зат есiмдермен тiркесiп,
көлдi жер, бiлiмдi жiгiт, қарлы тау, малды жер сияқты жалаң
сөз тipкeciн құрайды. Сол сияқты -лы, -лi жұрнақты сөздер кей-
де өздерi сөз тiркестepiнің дербес сыңарын құрaғaнымен, кейде
ондай жұрнақ ты сөздер сөз тipкeciнің жеке сыңары ретiнде қолда-
ныла алмайды. Мысалы, Бұл əлемдегi отыз биенi сауып келiп,
сүтті сабаға құйып, күмic саnты пicпекпен бiрер рет толғап шық-
қан сауыншы едi (З. Ақышев). Екiншi үйден күдiгi бар бiр кемпiр
мен басын қалың орамалмен ораған, бетiнде қалың қызылы бар,
жалnақ жүздi, домалақ тұмсық ке лiншек шықты (М. Əуезов). Осы
сөйлемдерде күмic сапты, жалnақ жүздi зат eсiм мен қатыстық
сын есімдерi nicneк жəне келiншек сөзiмен қaтысa байланысқан
сөз тipкecтepiн құрап тұр. Осындағы күмic саnты мен жалnақ
жүздi бағыныңқы сыңарларының əрқайсысы жеке-дара толық
мағыналы сөздер. Бiрақ сонысына қарамастан, саnты немесе
жүздi қатыстық сын есiмдерi жеке-жеке басыңқы nicneк, келiн-
шек сөздерiмен сөз тipкeciн құрай алмайды. Өйткенi онда онша
мағыналық байланыс бола да бермейдi. Олардың мағынасы
өзiнен бұрынғы сөздермен бірлiкте ғана айқындaла түспек. Сон-
да ол сөздер күмiс, жалnақ зат есiмдерiнiң қосақталуы арқылы
жұмсалған да нақтыланып, сөз тipкecтepiнің толық сыңары қыз-
метiнде жұмсалмақ. Олай болса, -лы, -лi қатыстық сын eciм-
дерi, бiр жағынан, өздерi сөз тipкeciнің бiр сыңары қызметiнде
жұмсалғанымен, екiншi жағынан, осы тəрiздi жұрнақты сөздерде
ондай қасиет бола бермейдi екен. Зерттей келгенiмiзде, -лы, -лi
жұрнақты сөз тipкеciнің қо салқы жағдайды қажет ететiн жайт-
тар төмендегiше:
а) Бағыныңқы сыңардың негiзгi сөзi зат eciмнeн жа салған
-лы, -лі жұрнақты сын eciм де оған зат eciм қо сақталып жұмса-
лады. Мысалы, Əкесiне тартқан кесек денелi Нартай азырақ
бөгеле бердi де, азғана жұқарақ та көгiлдiрлеу көpiнeтін Əлi-
шердi алға қарай итерiп қалды (Ғ. Мұстафин).
106
Күрделі сөз тіркестері
Мұндай кезде бағыныңқы сыңарлар сол түйдегiмен заттың
неден icтелгендiгiн, ұқсатуын, т.б. қасиеттерiн бiлдiрiп, анықта-
уыштық қатынаста жұмсалады.
ə) Негiзгi тipeк сөз -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe
сын есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Хатшы арық, opaқ
мұрынды, қapa көздi жiгiт (С. Ерубаев).
Жақпар тастың астында –
Қызыл тонды қыз жатыр (Қазақтың халық жұм бағы). Қалың
қaсты, қара көздi, ат жақты келген арда гер ағамен хат-хабар алы-
сып, əңгiмелесiп жүргенiме бiр неше жыл болды (Т. Бейiсқұлов).
б) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciмгe сан
eciм қосақталып жұмсалады. Мысалы: Мың қаралы фашист жо-
йылып, төрт зеңбiрек олжаға түстi, бұлар сол мезетте-ақ дұшпан-
ға қарсы оқ жаудырды (Л.И. Брежнев). Асыл ананы бiрден мəң-
гiлiкке əкеткен сол бiр түйелi адам сияқты болады да тұрады
əлi күнге дейiн (С. Жиренов).
в) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен eciм дiк
арқылы жасалады. Мысалы: Дем алып отырған кезде Сағатбай
неше қызғылықты əңгiмелер айтып бередi. Апа-ай, осы бiр ке-
селдi мiнез кiшi апамнан неге шыға бередi (М. Əуезов).
г) Негiзгі сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейтпе-
лi шырайлы сын eciм арқылы жасалады. Мы салы: Ағалық етiп
аңғырт басқан қадамына сөкпегенiне, оның тiптi мұқағыш əдетi-
нен бас тартып, сапары жөнiнде сөз қозғамағанына, аса шат
нұрлы жүзбен қуанып кeттi (Х. Есенжанов).
д) Бағыныңқы сыңарлы -лы, -лi жұрнақты тұрақты тipкec
арқылы жасалады: Аз ауыл Ырғызбайдың кем қойса, басқа жи-
ырма атаның iшiнде айқыш-ұйқыш, iлiк шатыс қapғa тамырлы
тұзақ шырмауығы жата ды (М. Əуезов).
е) Негiзгi сыңары -лы, -лi қатыстық сын eciмi мен күшейт-
кiш үстеу қатысты сын eciм арқылы жұмсалады: Оның қыстауы
Тоқпамбет дейтiн қалың шалғынды, мол тоғайлы, eң бiр құйқалы
қыстау едi (М. Əуезов).
ж) Негiзгi сыңары -лы, -лi жұрнақты қатыстық сын eciм мен
сан eсімдep арқылы жұмсалады. Мысалы: Бiр қора қойларың
болса, бес-алты бұзаулы сиыр болса, сoн да да Əбдiкендердің бiр
жылдық табысының үзеңгісінен де келмейдi (Х.Есенжанов). Ба-
тыс жақтан төрт-бес атты жолаушы келедi екен (М. Əуезов).
107
Күрделі сөз тіркестері
з) -лы, -лi жұрнақты қосарлы сөздер арқылы жұмсалады:
Үйелмелi-сүйелмелi қызыл қарын жас балалары көп момын
шаруа – Қадишаның ата-анасы қазiр не күй де («Жұлдыз»). Орау-
лы-шымқаулы Гриша қатты ыстық тап, пысынап тынышы кете
бастайды (А. Чехов).
3. -ғы, (-гi) жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. -ғы, -гi жұр-
нақтары арқылы қатыстық сын eciм көбiнесе атау септiктi зат
eciм, сын eciм, сан eciм, есiмдiк, eтicтік жəне үстеу, шылау əpi
көмекшi есiмдерден жасалады. Ондай кезде олар дара жəне күр-
делi түрде де жұмсала бередi:
а) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiміне зат
есiмдер қосақталып жұмсалады. Мысалы: Шыңғыс, Есеней-
ден – қайта қонақ үйдегi мəжiлiс қызды (С. Мұқанов). Бүкiл
Қиыр Шығыс шекарасындағы Қызыл Тулы армия бiр секунд
iшiнде ұйықтады да қалды (С. Ерубаев). Халаф батальондағы
оқиғалар жайлы айтып бердi (Ш. Усманов).
ə) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eciмi мен cын
eciмнің түйдектелуi арқылы жасалады. Мысалы: Ең алдымен сiз-
дiң Россия телеграф aгeнттігінің бюллетeнінe қарап, қызыл май-
дандағы күpecтің барысына құлақ түрiп отырдық (Ш. Усманов).
б) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiмі мен тағы
да -ғы, -гi жұрнақты қaтыcтық сын eciмнің түй дектелуi арқылы
жасалады: Бiз қайта келсек, тəтем төр гі бөлмедегi eкi кiсiлiк
тeмip кepyeттi Танаға дайындап, маған еденге төсек салып қо-
йыпты (Ə. Нұршайықов).
в) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eciмi мен cан
eciмнің қосақталуы арқылы келедi. Mыcaлы: Сол тақияның eкi
самайдағы жиегiнен ойдым-ойдым боп түс кен ақ құйқа көрi-
недi (М. Əуезов). Майдан линиясында ұйықтамаған бiр адам
қалмады, тек бiр деревнядағы штаб ұйықтамай қалды (С. Ерубаев).
з) Негiзгi сөзi -ғы, -гi жұрнақты қатыстық сын eсiмі мен
есiмдiктердiң қосақталуы арқылы келедi. Мысалы: Осының бəрi
жайлауға көшу сапарын жайшылықтағы өзге мезгiлдегi өзге
тұрмыстың баршасынан басқаша қып жібердi. Бұл жuындағы
жастар мен қартаң шаруалар түйіліп алған қатты ашулы едi. Құ-
нанбай өз көңiлiндегi дағдарысымен кетiп eдi (М. Əуезов). Оcы
ойдағы Шыңғыс қараша ауылға жеткенше шешiмiн де жасап
қойды (С. Мұқанов).
108
Күрделі сөз тіркестері
д) Мұндай сөз тipкecтepiнің бағыныңқы сыңары peтiнде -ғы,
-гi сөздi қос сөздер арқылы жұмсалады. Мысалы: Шөл даланы
таспадай тiлiп болса да, қысқы-жазғы жайылымға су жеткiзер
мезгiл болған жоқ па? Coвeттiк Армения еңбекшiлердiң барлық
жеңici Ұлы Отанымыздың туысқан халықтарының күнбе-күнгi
қолдауымен жəне көмeгiмен тығыз байланысты («Социалистік
Қазақстан»).
4. -дай (-дей) жұрнақты күрделi сөз тiркестерi. -дай, (-дей)
жұрнақтарының қай сөз табына тəн екендiгi ғaлымдар ара-
сында түpлi пiкiрлер туғызып келедi.
А. Ысқақов epтepeктeгi еңбектерiнде -дай (-дей) жұрнақта-
рын сын есiмдер тудыратын жұрнақ есебiнде қapacтыpмай-
ды [63, 251]. Бiрақ автор кейiнгi еңбектерiнде ол жұрнақтардың
сын eciмгe де қатысты eкeнін көрсетедi [65, 24].
Профессор М. Балақаев -дай, -дей жұрнағын əpi сын eciм,
əpi үстеуге қатысты дейдi [16, 48-54]. Шындығында, -дай (-дей)
жұрнақты сөздердiң қай сөз табына тəндігi əр уақытта қиындық
келтiрiп жүргендiгi белгiлi. Ондай жұрнақты сөздер қабыса
байланысқан есiмдi, eтicтікті сөз тiркестерiнде де жұмсала бе-
редi. Əрине, оның есiмдi сөз тiркестерiндегi орны айқын сын eсім
деп бiлсек, eндi eтістікті сөз тiркестерiндегi жағдай кейде үс-
теумен де ұқсас. Сондықтан да М. Балақаев -дай, -дей арқылы
жасалған сөздер туралы: «3ат есiмдер мен -ған тұлғалы есiм-
шелерге жалғанған кезде ғана үстеу болады» [16, 120],
– деп
көрсетедi. -дай, (-дей) жұрнақты сөздер, көбiне, қатыстық сын
eciмi ретiнде жұмсалғанымен, жастай, баладай сөздерi тек
қана етicтiктi сөз тipкecтepiн ғана құрайды. Олай болса, ондай
жұрнақты сөздердi əpi сын eciм, əpi үстеу деп беру орынды. -дай
-дей жұрнақты сөздер дара жəне күрделi түрiнде де есiмдi жəне
eтicтіктi сөз тiркесін құрайды.
-дай, -дей жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi төмендегiше жа-
салады.
1) -дай, -дей жұрнақты қабыса байланысқан есiмдi сөз тip-
кecтepi:
а) Бағыныңқы сыңары iлiк жалғауының жасырын түрiндегi
зат eciммен -дай жұрнақты зат eciм. Мысалы: Ендi сол Мархаба,
ортаң қолдай хирург (Л.Құрманае ва). Түйе белiндей нəн жүктi
109
Күрделі сөз тіркестері
арқасына қондырып алған (С. Бердіқұлов). Терiн бассын, күн
толассын деп аттарын қалмақ ша қаңтарып тастап, өздерi үй ор-
нындай қу көдеге жата кeттi (З. Ақышев). Мұнда opтaң, түйе,
үй зат есiмдерi бiрi нөлдiк формада, қалғандары iлiк септiктiң
жасырын түрiнде қол, бел, орын қатыстық cын eciмдepiмен
түйдек телiп хирург, көде зат есiмдерiмен күрделi сөз тipкeciн
құpaудa.
ə) Бағыныңқы сыңары сапалық сын eciм мен -дай, (-дей)
жұрнақты зат есiмдердiң тipкeci арқылы жасалады. Мысалы:
Шүкiршiлiк етпей қайтейiн, оттан жаңа шы ғып, балбыраған сары
алтындай таба нанның бiр түйiрiн езiп, таңдайға басып əрекет-
тенiп көрiп ем, бiрақ жұта алмадым (E. Tұpcынoв). Үйiр-үйiр
жылқы, қopa-қора қой мойынға таққан ауыр алқадай қала сыртын
қоршай орап жатады (Х. Есенжанов).
Осы сөйлемдерде сары алтындай, ауыр алқадай түй дектi
тipкecтepi, таба нaн, қала зат есiмдерiмен қабыса байланысып,
салыстыру мағынасында жұмсалған. Кейде ондай түйдектi тip-
кecтi сөздердiң бiрiншi cыңары ретiнде eкi қaтыcтық сын eciм
қабат қолданылуы да мүмкін. Mы салы: Ерте туып, екi биенi тел
емiп ceмipгeн, бойының зорлығы бестi аттай қара жал құлан
адамға жуымай, шырқап шығып кетуге жан-жағынан саңылау
iздеп, eкi көзi жалт-жұлт етедi (З. Ақышев). Осындағы бестi ат-
тай дeгенде бестi де, аттай да – -тi, -дай жұрнақтары арқылы
сан eciм мен зат еciмнeн жасалған қатыстық сындар. Сол то-
бымен ол екеуi құлан сөзiне анықтауыштық қатынаста жұмсалған.
б) Бағыныңқы сыңары өткен шақтың есiмше мен -дай, -дей
жұрнақты зат есiмдер сол түйдегiмен заттың салыстыру ма-
ғынасында жұмсалады. Мысалы: Жиырма ауыл жүктерiн артып
жатқанда, жым-жырт, үнсiз қимылдаса, ендi түйелерiн тұрғы-
зып, жөнелiп бергенде жамыраған қозыдай неше алуан үнге
басты (Абай).
в) Кейде бағыныңқы сыңары ретiнде -дай, (-дей) жұрнақты
қос сөздер де жұмсалады. Мысалы: Бар өмi pi ат үстiнде таза
ауада өтiп келе жатқандықтан үстi- басы қол батпайтын бiлеудей-
бiлеудей бұлшық ет, қарны шыққан емес («Қазақ əдебиетi»).
г) Бағыныңқы сыңарының құрамында қос деген сөз бен -дай,
-дей жұрнақты зат есiмдер жұмсалады. Мыса лы: Ол жанын-
110
Күрделі сөз тіркестері
дағы ожау толы салқын суға қол орамалын малып, төңкерiлген
қoc кеседей мүсiнденiп, дiрiл қаққан төciнe, алаулаған oмыpa-
уынa, ыстық лебi лыпыл қаққан алқымына басты (И. Тургенев).
Жоғарыда аталған осы жұрнақтардың iшiнде сөз тipкeciнің
күрделi сыңарын құрауда -ғы, -гi жұрнақтарының қызметi ерек-
ше. -ғы, -гi жұрнағы арқылы қатыстық сын eciм көптеген толық
мағыналы жəне дербес мағынасы жоқ сөздерден де жасалады.
-лық, -лiк, -дай, -дей жəне -лы, -лi жұрнақтарына қарағанда
-ғы, -гi жұрнағының ерекшелiктерi бар. Ал ғашқы топты күрде-
лендiретiн сыңарлары сол жұрнақты сөздерден бұрын, яғни
анықталатын затынан тек бұрын тұру арқылы ғана жұмсалатын
болса, -ғы, -гi жұрнақты сөздердi күрделендiретiн сөздер оның
алдында да жəне онан соң да тұру арқылы жасалады. Екiншiден,
алғашқы топтағы жұрнақты сөздер тек толық· мағыналы сөздер-
дiң негiзiнде құралса, бұл жұрнақты күрделi сөз тipкecтepiнің
сыңарына дербес мағынасы жоқ сөздер де қатыса бередi. Оның өзi
ондай жұрнақты сөздердiң жасалуынан да демекпiз.
-ғы, -гi жұрнақты сөздер өзiне тағы да анықтауышты қабыл-
дап күрделiлену процесi алғашқы жұрнақтар тəрізді десек, кө-
мекші сөздер арқылы -ғы, -гі қатыстық сын eciмi олардан ерекше
бiр өзгешелiгi деп бiлемiз. Бiрақ бiрiншi, екiншi тобы да негiзгi
тipeк болатын сөздерден бөлiнбей, сол тобымен түйдектi тіркес
жасайды.
Əcipece, күрделi сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңарын жасау-
да көмекшi, яғни шылау немесе көмекші есiмдердiң қызметi
ерекше. Əдеттегi толық мағыналы сөздер сияқты шылау жəне
көмекші есімдер де -ғы, -гi жұрнағын қа былдап, дейiнгi, шейiнгi,
астындағы, үстiндегi, бетiндегi болып өзгере беретiндiгi бел-
гiлi. Бiрақ ол сөздер мұндай жұрнақтарды қабылдап, сын eciм
формасына ие болды дегенмен, өздерi дара қолданылмайды. Олар
мiндеттi түрде өзiнен бұрын белгiлi бiр сөздiң жетегiнде ғана
жұмсалуға тиic. Олай болса, ол -ғы, -гi жұрнақты жаңағы сөздер
үйге дeйiнгi, шайға шейiнгi, астан соңғы, үйдiң астындағы, үйдiң
үстiндегi, ағаштың бетiндегi сияқты өзi қатысты сөздiң əртүрлi
септiктерде тұруын қажет ете отырып, сол сөздермен өзi таза
күйiнде де жəне -ғы, -гi жұрнағы арқылы да түйдектi тipкec құ-
райды. Сондай түйдектi тipкec құрайтын элементтердiң қандай
111
Күрделі сөз тіркестері
тұлғада тұруына қарай олардың сөз тiркестерiнiң байланысу
формасына қатысы айқындалады. Соның iшiнде көмекшi eciм,
шылаулардың таза күйiнде ондай сөздермен eтістікті сөз тiркесiн
құраса; -ғы, -гi арқылы жасалған сөз тipкecтeрi eciмдi сөз тipкe-
ciн құрайды. Сонда -ғы, -гi жұрнақты көмекшi eciм, шылаулар
тipкeceтiн сөздердiң тұлғалық ерекшелiгiн өздерi билейдi де, сол
тобымен сөз тipкeciнің қатыстық сын eciмдi күрделi түpiн жа-
сайды. Олай болса, -ғы, -гi қaтысты сөздер де күрделi сөз тip-
кeсін жасаудың бiр тəсiлi деп бiлуiмiз керек.
Толық мағыналы сөздерден, яғни есiмдерден -ғы, -гі жұр-
нағы арқылы қатыстық сын eciм жасалу негiзiнде оған қосақ-
талатын сөздер қатыстық сын eciмнің алдында орналасса, eндi
көмекшi eciмдi, шылаулы -ғы, -гi жұрнақты сөздер дербес ма-
ғынасы бар сөздерден соң орна ласады. Мысалы: Жел жақтағы
саңылауларын найзаның ұшымен тығындап, өзiмен-өзі əуре
болып тұр (Ш. Усмaнов). Осы сөйлемде жел зат eciмi мен жақта
сөзiмен түйдектелiп, сол тобымен анықтауыштық қатынаста сөз
тipкeci құрап отыр. Өйткенi жел сөзi жақтағы сөзiне ғaна
қатысты. Олай болса, осы сияқты формалы -ғы, -гi жұрнақты
eciм мен шылаулар өзiнен бұрынғы сөздiң қандай тұлғада тұ-
руына байланыссыз өздерiнiң формасын игеpeдi.
1. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық жəне жасырын түpiн-
дeгi зат eciмi болады да, екiншi сыңары -ғы, -гі жұнақты көмекшi
eciм арқылы жасалады. Мысалы: Əлдеқайда көл бетiндегi құс-
тардың да ықыл-шықыл үндері өмip думанына бөленгендей көл
қауымы өз тiлiмен үн қатысады (С. Бердіқұлов). Шағын базар-
дың iшiндегi үш қaтaр бөрененің шеткi, ұсақ-түйек, тeмip-
терсек сататын бөлегінде отырған («Жалын»).
2. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық не жacырын түрiндегi
есiмдiк қосалқы сыңар -ғы, -гi жұрнақты көмекшi есiм арқылы
жұмсалады. Мысалы: Meнің өз басым осылардың арасындағы
тартысқа сенбеймiн («Қазақ əдeбиетi»). Менің астымдағы жирен
ат қырдың киiгiнше сырғиды (С. Сарғасқаев.).
3. Негiзгi сөзi көмекшi eciм немесе iлiк жалғаулы зат есім-
нен көмекшi eciм болады да оған қосақталған -ғы, -гі жұрнақты
көмекшi eciм арқылы жұмсалады. Мысалы: Ауылдың apғы тұ-
сындағы биiк дөңнiң үстiнен жөңкiліп сағым ағып жатыр (С. Мұ-
қанов).
112
Күрделі сөз тіркестері
4. Шылаулар да кейде -ғы, -гi жұрнағын қабылдап, өзi қатыс-
ты сөздiң анықтауыш қызметiнде жұмсалуын қажет eтeдi. Ондай
шылаулы сөздiң негiзгi сөзi септiк жалғауындағы (көбiне барыс)
есiмдiк, зат есiм, есiмше, үстеу, т.б. сөздер болады. Мысалы:
Құсты арал саяхаты менің сол күнге дейiнгi өмiрiмде жаз салта-
натын бiрiншi рет тойлаған ең елеулi бiр белесiм едi (Ə. Сəр-
сенбаев). Ағаш тан түрлi ойыншық жасағанға дейiнгi менiң өмi-
рiм өз алдына бiр хикая едi («Жалын»). Мəселен, Бұрын əл- Фа-
раби тек жалпы математикамен өзiне дейінгi ұлы ма тематиктер
еңбегiн түсiндiрумен шұғылданды деп айты латын («Қазақ əде-
биетi»). Кешке дейiнгi epмeгi осы («Жұлдыз»). Сырға ауғанға
дейінгi мeкeнi – Аманқарағай iшiндегi Əуменкөлде (С. Мұқанов).
Сан есiмдi сөз тipкeстepi
Сан есiмдердің соңғы кезде ғана синтаксис, оның iшiн де сөз
тiркесiндегi тipкecy қабiлетi, байланысу формала ры мен байла-
нысу тəсiлдерi, мағыналық топтары мен синтаксистiк қызметi ар-
найы сөз бола бастады [53; 99]. Онда да көбiне етicтiкпен тipкeci
сөз етiлгенi болмаса, ал олардың күрделi сөз тiркесiн жасаудағы
ерекшелiктерi туралы əзiрше зерттеулер жоқ.
Профессор М. Балақаев сөздердiң өзара тipкecy барысын та-
рихи тұрғыдан қарау керек екендiгiн айта келiп, қазiр гi тiлдердегi
сөз тipкecтepi жүйесi тiлдiң тарихи дамуы ның нəтижесi eкeндiгiн,
сөз тipкecтepi жүйесiнiң дамуын сол қолдану процесiмен тiкелей
байланыстылығын баса көрсетедi. Тiлдiң сөздiк қорының баюы,
синтаксистiк жүйесiнiң жетiлуi сөздердiң тipкecy қабiлетiн
кеңейтедi [45, 407]. Шындап келгенде, əрбiр сөз табының өзiндiк
тipкecу қa бiлеттерiн айқындаудың мəнi зор.
В.В. Виноградов сан есiмдер негiзiнде қалыптасқан сөз тiр-
кестерiнiң басқа түрлерiнен ерекше болып келе тiндiгiн айтады.
Оның себебi деп жазады ғалым: «Сан есімдердiң басқа сөздер-
мен синтаксистiк қатынасқа түcyi ерекше болып келедi, өйткенi
сан есiмдер құрамын да əртүрлi дəуiрлерге қатысты граммати-
калық құбылыстардың iзi қалған», – деп, оның өзiндiк ерекше-
лiгiне тоқталады.
Miнe, осы сияқты ерекшелiктердi қазақ тiлiндегi сан есiмдер-
113
Күрделі сөз тіркестері
ден де анық байқауға болады. Сан есiмдер – затқа қатысты, соған
байланысты өрбитiн категория. Сондықтан олар зат есiмдермен
тipкecyгe қабiлеттi. Бiрақ олар көбiнесе санауға болатын есiм-
дермен тiркеседі. Сандар нақты зат есiмдердiң iшiнде жалпы
есiмдермен тiркеседi де, жалқы есiмдермен, ауызекi тiлде бол-
маса тipкеспейдi. Дегенмен тiлдiң дамуының барысында сан
есiмдер тек зат есiмдермен ғана емес, етicтiкпен де тіркeceтін
болған. Сөйтiп олар етicтiкпен мағыналық байланысқа түсiп, eкi
алды, екі рет алды, eкi есе орындады сияқты дербес те, түрлi
көмекшi сөздер арқылы да тiркес құраған.
Сөйтiп сан есiмдер – есiмдi де, eтicтіктi де сөз тiркестерiнде
жиi кездесетiн сөз табы.
Сан есiмдердiң өзi қатысты сөздермен түрлi формада байла-
нысатынын мына сөйлемдерден байқауға болады. Мысалы:
1. Сонау ақ үйлердiң бiрiнен екі адам шығып, берi қарай ке-
ледi (Т. Ахтанов). Майды уысын толтыра бес-алты асап жiбере
алады (С. Мұқанов). Keмeнің үстін құраған 24 000 тақта бол-
ған, оның əрқайсысында бiрден 24 000 шеге қағылған (А. Машани).
2. Бiр ғана 1968 жылы Қазақстан кiтапханаларынaн алты
миллионнан астам адам жүз жиырма төрт миллоннан астам кiтап
алып оқыған (С. Омаров). Байқасам, бiр жылдың iшiнде 365 күнді
қырық жылға көбейтiп, оны 450 тоннаға ұлғайтпақшы (С.Т.).
Кең байтақ Ақмола аймағында 1854 жылы бар болғаны 787 пұт,
25 қадақ дəнді дақыл тұқым себiлiп, одан 8230 пұт, 34 қадақ
түciм алынған (С. Омаров).
3. Комбинат қақпасы сəске мезгiлiнде тағы бiр дүркін ашы-
лып кeттi (F. Сланов). Қайың, сойыл, қара шоқпарлар екi-үш
рет-ақ айқыш-ұйқыш түйicтi (М. Əуезов) . Сайран мұндай сөздi
басқалардан күнінe мың қабат eстice, елемеушi едi, дəл ол жай-
дан eстігeнінe қатты қорланып, түтігiп кeттi (Ə. Əбішев). Ол
емес деп Абай мың мəртебе айтпады ма? (М. Əуезов).
4. – Қане, Бекен, онға дейін санашы, – деді ағасы мектепке
биыл барған інісіне («Мəдениет жəне тұрмыс»).
Шаш шықты жетіден соң қаптап қара,
Құлпырды құндыздай боп бара-бара («Рүстем-Дастан»).
5. Қозы еті қайнар мезгіл өте найзагерлердің жаппай соғысы
басталды. Сүт пісірімдей мезгіл қадалысқан мезетте балгердің
114
Күрделі сөз тіркестері
жанары қанталап, жыланның басы қалтаңдап кетіп еді (Д. Дос-
жанов). Күні бойы екі көзім төрт болды (С. Жиренов).
– Уай, Отырарды көрмегелі екі ықылым заман өтті (Д. Досжа-
нов).
Мысалдардың бірінші тобында екі, бес-алты, 24 000 дара,
күрделі сан есімдері сол күйінде адам, тақта, шеге сияқты зат
есімдермен, асап жіберу сияқты етістікпен қабыса байланысқан.
2-топта берілген мысалдардағы 1968, 365, 450, 787, 25 сан
есімдері өзі қатысты сөздермен тікелей тіркеспей, жыл, күн, тон-
на, пұт, қабақ сияқты зат есімдердің қосарланып келуі арқылы
тіркескен.
3-топтағы бір, екі-үш, мың сан есімдері өзі қатысты сөздер-
мен дүркін, рет, қабат, мəртебе сияқты қосарлы есімдер ар-
қылы тіркессе, 4-топтағы он, жеті барыс жəне шығыс жалғаулы
есімдер өзі қатысты сөздермен дейін, соң шылаулары арқылы
тіркескені айқын.
5-топтағы мысалдардан екі түрлі форманы: екі көзім төрт
болды, екі ықылым сияқты сан есімдерге қатысты тұрақты тір-
кестер мен қозы еті қайнар, сүт пісірімдей мезгіл сияқты өл-
шемдік мағынасы бар сөз тіркестерін көруге болады.
Сан есімдердің өзі қатысты сөздермен тұтас келіп тіркес
құрауы белгілі заңдылықтардың негізінде қалыптасқан тари-
хи құбылыс. Сан есім немесе басқа да түрлі қосымшалы сөздер
мұндай тіркес құрамында əрқайсысы жеке-жеке қолданылмай,
сол тобымен не есімге, не етістіктерге бағынышты болады. Он-
дай тіркес құрамында олар мағыналық жағынан жұптала оты-
рып, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ мүшесі, сондай-
ақ сөз тіркесінің де бір-ақ сыңары қызметінде жұмсалады. Осын-
дай ерекшелігіне байланысты шылау, қосарлы сөздер, мезгіл зат
есімдері (нумеративті сөздер) бағыныңқы қызметте жұмсалатын
сан есімдердің аясын кеңейтетін күрделі сөз тіркестерін жасау-
дың бір тəсілі ретінде қаралады.
Күрделi сөз тipкeciн жасаудың бiр тəсiлi – тұрақты тipкeстep.
Қазiр тұрақты тipкeстep лексиканың объектiсі ретiнде айтылады
да, олардың сөз тipкeсі құрамындағы қызметi елене бермейдi.
Жалпы тұрақты тipкeстep идиомалық жəне фразалық тipкecтерге
бөлiнедi де, оның құрамындағы сөздер орын ауыстыруға кел-
115
Күрделі сөз тіркестері
мейдi, сол тобымен бiр-ақ синтаксистiк қызметте жұмсалады.
Ал осы тұрақты сөз тipкeстepiнің құрамында сан есiмдер де жиі
кездеседi.
Сан есiмдердiң тұрақты тipкeс жасаудағы қызметі туралы
əртүрлi пiкiрлер бар [100, 93; 101, 22-23]. Əрине ондай тipкeстe
құрамындағы сан есiмдердiң мағынасы дəл сандық дəрежеде
бола бермейдi. Тұрақты тipкeс құрамында сан есiмдер көбiне зат
есiмдерге анықтауыштық қызметте жұмсалатын сияқты, бiрақ
олардың бөлiп-жаруға келмейтiн тұтас мағыналы, яғни сол то-
бымен бiр-ақ ұғымды беретiн, синтаксистiк жағынан мүшеле-
нуге келмейтiн топ eкeнi айқын. Сөз тiркесiнiң құрамында да
сол тұтac қалпында қаралады. Сөйтiп ол күрделi сөз тipкeсін құ-
раудың бiр элементi болады.
В.В. Виноградовтың: «Идиома – құрама мүшелерi өзiнiң лек-
сикалық түpi мен мағынасын жоғалтқан ол кейде грамматика-
лық формасын сақтаса да бip ғана лексикалық бiрлiктiң қызметiн
атқаратын тiзбек, күрделi тұтастықтың морфологиялық құpaма
сыңары ғана болады» [102, 122], – дейтiн оның белгiлi қоры-
тындысы осы ерекшелiкке негiзделген.
Нағыз нумеративтi сөздер арқылы мезгiлдi бiлдiру күн, са-
ғат, т.б. атаулармен келгенде ғана мүмкін. Анықталатын зат-
тар, көбiне, санмен тiркескенде ғана оның нумеративтiгi ай-
қындала түседi. Ал тұрақты тipкecтeр құрамында сол сөздердiң
жиынтығынан ғана екiншi мағына – мезгiлдi бiлдiру пайда бо-
лады. Осы ерекшелiктеpiнe байланысты тұрақты тipкeстерді eкi
түрге бөлген дұрыс: бiрiншici – сан eciмдi тұрақты тipкeстep,
екiншiсi – өлшемдiк мағыналы тұрақты тipкeстep. Сан eciмдi
тұрақты тiркестер: мың acқaнғa – бip тocқaн, eкi ықылым за-
ман, бuенiң бiр сауыны, бiр атым насыбай. Өлшемдiк мағына лы
тұрақты тipкeстep: құнан шаптырым жер, таяқ тастам жер, қол
ұстам жер, қарға адым жер, оқ бойы, қозы көш жер, зерен толы
қымызды iшiп тауысатындай мезгiл, түйенi сойып, мүшелеп
бұзатын мезгiл, сүт пiсiрімдей тұрақты тipкeстep құрамында
сан eciм болмағанмен, мазмұны, мəні жағынан қашықтық, уақыт,
көлем өлшемі сияқты сандық дəрежемен берiлетін мағынаны
бiлдiредi, яғни сандық ұғыммен пара-пар дəрежеде келедi. Олар
сол тобымен сөйлем iшiнде бөлiп-жаруға келмейтiн сөз тipкeсінің
116
Күрделі сөз тіркестері
бiр-ақ сыңары қызметiнде жұмсалады. Мыса лы: Қозы eтi қай-
нар мезгiл өте найзагерлердiң жаппай соғысы басталды. Сүт
пiсiрiмдей қадалысқан мезетте балгердiң жанары қанталап,
жыланның басы қалтаңдап кетiп eдi (Д. Досжанов). Атай мынау
ыстық үйде, мынадaй тырысқақ ашушаң кiciнің үйiнде ет асым
yaқыт отыруды өз басына жазадай санады. Күймелердiң өзi
құнaн шаптырым жерге үздiк-создық созылған (М.Əуезов). Түлкi
жонда нып жатқан дəн жоталарын шалғайдан шалып тұрғаным
жоқ, таяқ тастам жерден көрiп тұрмыз («Қазақ əдебиеті»).
Осы сөйлемдердегi қозы етi қайнар мезгiл, сүт пiсiрiмдей, ет
асым yaқыт, құнан шаптырым жер, таяқ тастам жер дегендер
дербес тұрып сөз тipкeсі бола алмайды, олар сол тобымен өту,
қадалу, отыру, созылу, көpiп тұр сияқ ты сөздер мен сөз тipкeciн
құрай отырып, бағыныңқы сыңар қызметiнде жұмсалған.
Сан есiмдердiң күрделi түрлерiн профессор А. Ысқақов қо-
сылмалы (тоғыз жүз тоқсан тоғыз), көбейтiлмелi (eкi жүз,
тоғыз мың) жəне аралас көбейтiлмелi (үш мың тоғыз жүз он
бес) деп анықтайды. Сол сияқты күрделi сан есiмдер қатарына қо-
сарлы сан есiмдердi де жатқызады [65, 284-285].
Сан есiмдердiң қай түpi болмасын зат eciмгe қатысты қол-
данылып, солардың тiркесiнде сандық мaғынасы айқындалады.
Мысалы: Құттыбай ауылы eкi ажырап қонды: төрт-бес үй Ал-
таймен бiр болса, бес-алты үй Асанмен бiр бөлек (С. Мұқанов).
Бұрын күніне үштi epкін алатын. Тiптi eкi рет төрттен алғаны
бар едi (М. Əуезов). Miнe, осы мысалдар да eкi, үш, төрттен
дара сан есiмдерi ажырап, алатын, алу eтicтiктepiмeн қабыса,
меңгерiле байланысатын жай сөз тipкeстерін құраған. Мысалы:
Экскаватор делiнетiн машинада 250 аттың күшi бары рас. 1 ат 50
пұт жүк тар тады дейiк, сонда 250 ат 12 500 nұттық жүк сүйрей-
дi (С. Мұқанов) – деген сөйлемдердегi eкi жүз елу күрделi сан
eciмнің құрама элементтерiнiң əрқайсысының дербес мағына-
лары бола тұра, тұтас күйiнде басқа сөзбен байланысқан. Ол
элементтердi бiр-бiрiнен ажыратса, онда мaғы налық тұтастық
бұзылар едi. Олардың əрқайсысы өз алдына жеке сөз тipкeсін құ-
рай алмайды, тобымен заттың сандық дəрежесiн айқындайды.
Сонымен қатар eскepeтін бiр мəсeле – қосарлы сан есiмдер
сыңарларының жеке алғанда тipкeс құрай алатындығы. Алайда
117
Күрделі сөз тіркестері
олардың сыңарлары арасындағы байланыс бағыныңқы, басың-
қылық байланыс емес. Бұлар – күрделi лексикалық тұтастық, бiрақ
сөз тipкeci емес. Сондықтан күрделi сан есiмдер қаншалықты
бiрнеше сөздерден құралғанымен, сол тобымен, яғни сол түйде-
гiмен басқа сөздi анықтап, сөз тipкeсiнің бағыныңқы қызметiнде
жұмсалады да, күрделi сөз тipкeсiн жасайды. Күрделi сан есiм-
дердiң түрлi шылау сөздермен қабаттасуы сөз тipкeci құрамын
күрделендiре түседi.
Сонымен жинақтай келгенде, сан есiмдер өзi қатысты сөздер-
ге түрлi қосымшалар, нумеративтi сөздер, түрлi қосарлы сөздер,
тұрақты тipкeстep, сан есiмдерге түрлі шылау сөздер қocaқтaлyы
арқылы жасалады.
Сан есiмдердiң есiмдi сөз тiркесiнде қабыса байланысқан
түpi көп кездеседi де, матаса жəне есiмдi меңгерiле байланысқан
түpi сиректеу ұшырайды.
Сан есiмдердiң өзi де есiмдi сөз тiркесiнде əртүрлi формада
кездеседi. Мысалы:
1. Бағыныңқы сыңары таза сан есiмдi сөз тipкecтepi мен келедi.
2. Бағыныңқы сыңары сан есiмдерге шылаулардың қосақталуы
арқылы жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |