Талғат сайрамбаев


§32. Сын есімді сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет56/58
Дата07.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#3584
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
§32. Сын есімді сөз тіркестері

Сын  есімдердің  етістіктермен  тіркесуі – сирек  кездесетін 

құбылыс. Барлық сын есім етістіктермен тіркесе бермейді, барлық 

етістікке  сын  есім  бірдей  қатысты  бола  бермейді.  Сын  есімдер 

етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тəн қасиетті, сапаны 

білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық пысықтауыш болу-

ын керек етпейді.

Сын  есімді  сөз  тіркестерін  құрайтын  етістіктер  сан  жағынан 

көп  емес,  тек  кісінің  (не  заттың)  ішкі  сезімін,  күйін,  қабылдау 

қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты 

кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тəрізді 

сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланы-

ста бола алады.

Сапалық  сын  есімдердің  ішінде  мұндай  етістікті  сөз  тіркес-

терінің  бағыныңқы  сыңары  болады:  жақсы,  жаман,  қатты, 

ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ, т.б. Мысалы, жақсы сөйледі, 

жаман жаздыоңай түсіндіұзын кестікең піштімайда ту-

рады. Мұндай етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты 

білдіреді.



609

Қазіргі қазақ тілі

Олар дойбыны өте жақсы ойнайды (Ғ.Мүсірепов). Досы қат-

ты сүйінген, дұшпаны жаман күйінген (Жамбыл). Ағаш кессең

ұзын кес – қысқартуы оңай, темір кессең қысқа кес – ұзартуы 

оңай,  киім  пішсең,  кең  піш – тарылтуы  оңай  (Мақал).  Ол  оп-

оңай беріле қоятын кісі емес (Ғ.Сланов).

Қатыстық  сын  есімдердің  ішінде  етістікті  сөз  тіркесінің  ба-

ғыныңқы сыңары қызметінде -сыз//-сіз, -дай//-дей тұлғалы сөздер 

көп жұмсалады:



Абай  бұл  түнді  ұйқысыз  өткізді  (М.Əуезов).  Еңбексіз  тап-

қан мал есепсіз кетеді (Мақал). Сорақы ұзын да емес, қысқа да 

емес, нəзік бел тал шыбықтай бұраңдайды (Абай).

§33. Сан есімді сөз тіркестері

Сан  есімдер  заттың  сандық  сапасын  білдіретін  сөз  ретінде 

есімді  сөз  тіркестерінің  құрамында  жиі  қолданылатыны  белгілі. 

Сонысына  қарап,  сан  есімдерді  есіммен  (зат  есіммен)  тіркесу 

үшін  ғана  қолданылатын  сөздер  деуге  болады.  Дегенмен  олар 

етістіктермен  де  тіркесе  береді.  Сан  есімдер  етістікті  сөз  тіркес-

тері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сан-

дық  сапа  тұрғысынан  пысықтайды.  Бұл  қызметте  сан  есімдер 

атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан 

есімдер  рет,  есе  тəрізді  сөздермен  қосарланып  жұмсалады:  үш 



рет келді, екі есе көбейді, т.б.

Есептік  сан  есімдер  ал,  айт,  сөйле,  кел,  қара,  жүр,  секір, 



сүрін тəрізді етістіктермен қабыса байланысады. Сан есімдер бұл 

қызметте қимыл мен күйдің қ а й т а л а н у   м ө л ш е р і н  білдіреді.



Жанбота  туды  екі  алды  (Ғ.Мұстафин).  Жаңбыр  бір  жау-

сатерек екі жауады (Мақал). Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді 

(Мақал).


Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-əрекеттің ш а -

м а м е н   а л ғ а н д а ғ ы   қ а р қ ы н ы н  білдіреді:



Би-болыстар екі-үш қонып... ауылнайға қарай кетті (С.Кө-

беев).  Қожаш  та  қамшымен  Шалқанды  бір-екі  тартып  өтті 

(С.Көбеев).

Сан  есімдер  етістікті  сөз  тіркесі  құрамында  рет,  дүркін 

сөздерімен  қосарланып,  қимылдың  д ү р к і н д і л і к   д ə р е ж е с і н 

көрсетеді:



610

Қазіргі қазақ тілі

Ғайша  бірер  рет  көзінің  астымен  Қожашқа  қарап  қойды

Шалқан  Жүністі  қамшымен  екі-үш  рет  сілтеп  өтті  (С.Көбеев). 

Бұл  мəселе  обкомда  бірінші  рет  қаралғанда,  аудан  өкілі  боп 

Рахмет  те  қатынасты  (С.Мұқанов).  Бейсен  екі  дүркін  сөйлеп 

үлгерді (Х.Ерғалиев).

Сан  есімдер  есе  сөзімен  қосарланып  келіп,  етістіктермен 

тіркескенде, қимылдың сандық тұрғыдан д а м у   д ə р е ж е с і н  біл-

діреді:

Жұмыс аумағы үш есе ұлғайды (Ғ.Мұстафин). Олар жоспар-

ды бірі үш есе, бірі бес есе орындады (Ғ.Мұстафин).

Мезгіл  мағыналы  есімдер  мен  сан  есімдер  тобы  етістіктер-

мен  тіркесіп,  к ү р д е л і   с а н   м ө л ш е р і н   білдіреді:  алты  ай  із-

деді,  бес  километр  жүгірді,  он  сағат  істеді.  Мұндай  сөз  тір-

кестерінің  сан-мөлшерлік  мəні  көбінесе  мезгілдік,  мекендік  бо-

лады: Ауылдастар бір төбені бір ай қазды (Х.Ерғалиев). Бұлар 

байдың  үйінде  екі-үш  күн  жатты  (С.Көбеев).  Иванов  10  минут 

сөйледі  (Ə.Нұрпейісов).  Жомарттың  жоспарын  Жанат  сегіз 

күн  ұстады  (Ғ.Мұстафин).  Үш  адым  алға  кетті.  Он  километр 

жүгірді.

§34. Зат есімді сөз тіркестері

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы 

зат  есімді  тіркестер  болады.  Зат  есімдер  сабақты  етістіктермен 

қабыса тіркесу арқылы əрі мағыналық, əрі грамматикалық тығыз 

байланыстағы  сөздер  тобын  құрайды.  Сөз  тіркестерінің  бұл  түрі 

тура объектілік қатынаста жұмсалады. Жалғаусыз табыс септіктегі 

зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте 

қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, киім тігу, 



бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.

Кейбір  зат  есімдер  етістіктермен  бір  тіркесте  жиі  қолда-ны-

луының  нəтижесінде  жəне  керісінше,  өздерінің  бұрынғы  дер-

бестігінен  айырылып,  түйдекті  тіркес  қалпында  баяндауыштың 

не басқа бір мүшенің құрамына еніп кетеді. Мысалы: сөз сөйлеу, 

темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу.

Мұндай  тіркестердегі  зат  есімдер,  сырт  қарағанда,  қимыл-

дың  объектісі  болып  көрінгенімен,  қолдану  тəжірибесінде  табыс 

жалғауын  қабылдамайды.  Ал  жоғарыда  келтірілген  (жер  жыр-



611

Қазіргі қазақ тілі

ту,  киім  тігу,  т.б.)  зат  есімдер  табыс  жалғаулы  болып  та  неме-

се  жалғаусыз  да  жұмсала  алады.  Бұл  ерекшелік  алдыңғылардың 

(сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланысты 

екенін, дербестігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың (жер жыр-



ту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады.

Қабыса  байланысқан  зат  есім  мен  етістікті  сөз  тіркестерін 

тіркесу ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлуге болады:

1. Н а қ т ы л ы   з а т   е с і м д е р д і ң   қ и м ы л д ы ,   қ о з ғ а л ы с т ы 

б і л д і р е т і н   е т і с т і к т е р м е н   т і р к е с і .  Мысалы:  ағаш  кесу, 

пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері 

илеу, үй салу, кілем тоқу.

Шанаға  екі  қап  сұлы  сал,  толтыра  шөп  сал  (Ғ.Мүсірепов). 

Қыз-келіншек  үй  тігер  (Абай).  Жақып  өз  бөлмесінде  жантайып 

газет  оқып  жатыр  (Ғ.Мұстафин).  Сабадан  қымыз  құйдырып

ортасына қойдырып (Абай). Сиыр сауатын, қой сауатын, іркіт 

пісетін,  құрт  қайнататын,  одан  босай  берсе,  жыртық  иығына 

қап салып тезек теретін (М.Əуезов).

Осындай  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарлары  етістіктер-

дің  мағыналық  ерекшеліктеріне  үйлесімді  болып,  ыңғайласа  тір-

кеседі.  Сондықтан,  мысалы,  тоқу  етістігіне  тоқылып  жасалатын 

зат  атауларының  бірі  объект  бола  алады,  ал  тоғыту  етістігі  қой 

тоғыту,  қозы  тоғыту  тəрізді  бірен-саран  сөз  тіркестерінің  ғана 

құрамында жұмсалады.

2. А б с т р а к т   з а т   е с і м д е р   к ү й д і ,   с е з і м д і   б і л д і р е т і н 

е т і с т і к т е р м е н   т і р к е с е д і .  Сөз  тіркестерінің  бұл  түрі  сирек 

құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тəрізді 

абстракт зат есімдердің объектілік қызметі солғын болады. Оның 

үстіне, мұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе 

лексикалық  тіркес  ретінде  ұғынылады:  жақсылық  қылу,  сыр 



білдіру, ақыл беру тəрізділер. Мысалы, 

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кəрі құдаң – қыс келіп əлек салды. 

                                                        (Абай).

... 21-22 жылдардағыдай билік айтып олжа түсіретін ... заман 

емес.  Сары  оған  мынандай  сөз  айтты.  Досбол  Хасеннің  үстінен 

арыз бермекші (Б.Майлин).

612

Қазіргі қазақ тілі

МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ

СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

§35. Жалпы түсінік

Етістіктермен  меңгеріле  байланысып,  əртүрлі  қарым-қаты-

наста жұмсалатын сөздер – есімдер.

Есімдер  етістікке  қатысты  болып  меңгеріле  байланысу  үшін 

барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде ай-

тылады. Бұл жалғаулар – есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана 

емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын да тұлғалар. 

Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мəні ерекше.

Аталған септік жалғауларының синтаксистік қызметі, негізінде, 

етістіктердің  лексикалық  мағыналарымен  байланысты  болады 

да,  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарларына  септік  жалғауы 

басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, шық, түс, 



қара, жібер етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларындағы 

сөздерді  керек  етіп,  оларды  өздеріне  бағындырып,  меңгеріп 

тұрады:

шық – тауға шық, үйден шық, сатымен шық;

түс – суға түс, аттан түс, арқанмен түс;

қара – балаға қара, терезеден қара, бинокльмен қара;

жібер – жолдасыңа жібер, қаладан жібер, поштамен жібер.

Меңгеру – синтаксистік  байланыс  формаларының  ең  жиі 

ұшырайтын  түрі.  Меңгеруде  де  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы 

сыңары,  қиысудағыдай  басыңқы  сөздің  ыңғайына  еріп,  белгілі 

жалғауда  тұрады.  Бірақ  ол  екеуінің  үлкен  айырмашылығы  бар. 

Егер  қиысуда  бағыныңқы  сөз  (баяндауыш)  басыңқы  сөздің 

(бастауыштың) грамматикалық мағынасына, тұлғасына қарай рай-

лас  болып  тұлғаланса,  меңгеруде  сөз  тіркесіндегі  сөздердің  ара-

сында тұлғалық райласу болмайды, тек бағыныңқы сөз басыңқы 

сөздің лексикалық мағынасының əуеніне қарай тұлғаланады. Түркі 

тілдерінде,  оның  бірі  қазақ  тілінде,  кейбір  жалғаудағы  сөздерді 

меңгере  алатын  етістіктерге  етіс  қосымшасын  жалғап  айтқанда, 

олардың меңгеретін сөздерінің де тұлғалары өзгерілетіні бар. Мы-

салы:


Ол мені көрді – ол маған көрінеді.

Ол сені байқамайды – ол саған байқалмады.

Мен мақала жаздым – мен газетке жазылдым.

613

Қазіргі қазақ тілі

Мұндайда септік жалғаулары етіс қосымшаларына бейімделіп 

өзгермейді,  сол  қосымшалар  арқылы  етістіктердің  мағыналары 

өзгерілетіндіктен, олардың меңгеру тұлғасы да басқа болуы мүмкін. 

Мысалы,  сұра  табыс  жалғауын  керек  етсе,  сұран  керек  етпейді, 

түсіндір барыс жалғаулы сөзді меңгерсе, түсін меңгермейді.

Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері  бағыныңқы 

сөздің  тұлғасына  қарай  былай  бөлінеді: 1) барыс  жалғаулы  сөз 

тіркестері; 2) табыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) жатыс жалғаулы 

сөз  тіркестері; 4) шығыс  жалғаулы  сөз  тіркестері; 5) көмектес 

жалғаулы сөз тіркестері.



§36. Табыс жалғаулы сөз тіркестері

Табыс  жалғаулы  сөздерді  керек  ететін  етістіктер – сабақты 

етістіктер.  Қазақ  тілінде  сабақты,  салт  етістіктердің  тұлғалық 

айырмашылықтары  болмағанымен,  олардың  мағыналық  ерек-

шеліктерін табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не 

тіркесе алмайтынына байланысты айыруға болады. Мысалы, кес, 



ұр, шал, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, та-

ста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же сияқты 

кісінің қимыл-əрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады 

да,  күл,  қуан,  қайғыр,  жыла,  шошы,  есіне,  жалық,  ауыр,  терле, 

тоң,  шомыл,  тырыс,  шаттан,  масаттан  сияқты  кісінің  көңіл 

күйін  білдіретін  жəне  маңыра,  ұлы,  бозда,  кісіне,  мөңіре,  сайра, 



тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда, 

аһыла, уһіле, жылтыңда сияқты заттың қимылдық күйін білдіретін 

етістіктер  салт  болады.  Бұларға  етіс  жұрнақтары  жалғанып, 

сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді:

С а л т  

С а б а қ т ы  

С а б а қ т ы  

С а л т

Қуан 

Қуант 

Ат 

Атыл

Шарша 

Шаршат 

Көр 

Көрін

Күл 

Күлдір 

Жаз 

Жазыл

Жел 

Желдір 

Тыңда 

Тыңдат

Нан (сен) 

Нандыр 

Қыр 

Қырын

Сайра 

Сайрат 

Жу 

Жуын

Күркіре 

Күркірет 

Түсір 

Түсірт

Түс 

Түсір 

Шығар 

Шығарт


614

Қазіргі қазақ тілі

Қазақ тілінде жоғарғыдай етістіктердің мағыналарын түрлен-

діруде етіс жұрнақтары ерекше рөл атқарады. Соның нəтижесінде 

етістіктер  бірқалыпта  қатып  қалмай,  жылысып,  ауытқып  меңге-

ретін  сөзімен  сабақтылық,  салттылық  байланыста  болу  арқылы 

ерекше икемділік қасиетке ие болады.

Кейде  сабақты  не  салт  деп  ұғынылатын  етістіктер  екі  жаққа 

бірдей болуы мүмкін.



Қара – негізінде салт етістік. Сондықтан сен маған қара, балаға 

қара,  жерге  қара,  терезеге  қара  болып,  барыс  (кейде  шығыс, 

көмектес) септікті сөздерді меңгереді. Солай бола тұрып, түріңді 



қара, Омарбекті қарай көр дегендей сабақтастық байланыста да 

жұмсалады.

Сондай-ақ,  ойна – кісінің  күйін  білдіретін  салт  етістік.  Сол 

себептен:  Ол  балалармен  ойнады.  Балалар  есік  алдында  ойнады 

болып  айтылса,  Балалар  асық  ойнады.  Күлəш  Татьянаның  рөлін 

ойнады дегенде, ол сабақтастық қатынаста табыс септіктегі сөздер-

ді өзіне бағындырып тұрады:



Қақ – сабақты етістік.

-  Жарайсың,  Баймағамбетім, – деді  де  Байболат  ұмтылып 

барып,  оны  арқаға  қақты  (С.Омаров)  деген  сөйлемде  ол  табыс 

жалғаулы  сөзбен  (оны)  сабақтастық  байланыста  тұр.  Дəл  осы 

сияқты баяндауышы бар:

Мəз болады болысың,

Арқаға  ұлық  қаққанға  (Абай) – деген  өлеңде  ол  табыс 

септігін меңгермей, салт етістік сияқтанып тұр.

Бірқатар  етістіктің  жетегіндегі  барыс,  шығыс  септікті  сөздер 

табыс септігінің орнына жұмсалады. Мысалы, Ол акт жазам де-



генмен, не жазуға білмеді (С.Мұқанов) дегенді өзгертіп, Ол акт 

жазам дегенмен, не жазарын білмеді деуге болады.

Сөйтіп,  бір  етістіктің  меңгеретін  сөзі  бірде  барыс,  бірде  шы-

ғыс,  бірде  табыс  септікте  болғанда,  олардың  мағыналары  бар-

лық  жағдайда  да  біріне-бірі  пара-пар  бола  бермейді,  ептеген 

айырмашылықтары да болады.

Сол өзгешелікті ескеріп, табыс септігін меңгере алатын сабақты 

етістіктер мен меңгере алмайтын салт етістіктердің біразын тізіп 

байқайық:



615

Қазіргі қазақ тілі

Сабақты етістіктер:

а)  Кісінің  қимыл  əрекетін  білдіретін  етістіктер:  істеу,  шабу, 



қырқу,  қазу,  айдау,  сызу,  жазу,  ату,  арту,  сою,  бауыздау,  салу, 

түйреу, байлау, сабау, қозғау, т.б.

ə) Кісінің сезімін, қабылдау əрекетін білдіретін етістіктер: сезу, 



сағыну, есіту, түсіну, ұмыту, ойлау, білу, иіскеу, тыңдау, т.б. 

б) Хайуанаттың, жəндіктердің қимыл əрекетін білдіретін етіс-

тіктер: тебу, қабу, тістеу, шағу, шұқу, талау, сүзу, (ін) қазу, т.б.

в)  Кісінің,  жануарлардың  қоректену  əрекетін  білдіретін  етіс-

тіктер: шайнау, жұту, жалмау, ішу, жеу, сору, т.б.

Салт етістіктер:

а) Кісінің көңіл күйін білдіретін етістіктер: күлу, қуану, қайғы-



ру,  шошу,  сескену,  жылау,  зерігу,  масаттану,  жалыну,  елегізу, 

күйіну,  қорлану,  ауыру,  ұйықтау,  ыңқылдау,  аһылау,  үһілеу,  есі-

неу, т.б.

ə) Жан-жануардың үндеу жəне қозғалыс күйін білдіретін етіс-

тіктер: ырылдау, маңырау, боздау, кісінеу, мөңіреу, сайрау, жор-

ғалау, ұшу, шулау, аяңдау, секіру, қарғу, құжынау, ызылдау, пы-

рылдау, тоқтау, т.б.

б)  Адамның  не  басқа  заттың  қимыл  күйін  білдіретін  етістік-

тер: кіру, шығу, түсу, жату, отыру, жүру, тұру, жету, келу, бару, 

озу, талпыну, түшкіру, кекіру, қимылдау, қозғалу, домалау, т.б.

в) Кісінің, заттың сындық құбылыс күйін білдіретін етістіктер: 



қызару, қараю, ағару, сарғаю, бозару, сұрлану, жасару, жақсару, 

кішірею, ұзару, т.б.

Сабақты,  салт  етістіктердің  негізгі  топтарының  бұл  айыр-

машылықтарына  қарағанда,  түбір  тұлғалы  сабақты  етістіктердің 

көпшілігі  кісінің  еңбек  процесімен,  қимыл  əрекетімен  байла-

нысты  етістіктер  болады  да,  салт  етістіктердің  көпшілігі  кісінің 

көңіл күйін, кісінің жəне басқа заттардың үндеу, қозғалыс əреке-

тін  білдіреді.  Бірақ  заттың  қимылы,  күйі  деп  отырған  етістіктер 

əр  уақытта  дəл  жоғарыда  көрсетілгендей  белгілі  затқа  ғана  тəн 

болмайды. Олардың бəрі болмағанмен, бірқатары жансыз заттың 

қимылы мен күйі болуы да мүмкін.

Табыс  жалғаулы  есімдер  мен  сабақты  етістіктерден  құралған 

сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады: 

табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтырады да, ол етістіктің 


616

Қазіргі қазақ тілі

қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мысалы: ағашты кесу, 



етті турау, қойды айдау, шегені суыру, терезені ашу, пішенді ору, 

малды бауыздау, баланы тəрбиелеу.

Барлық  есімдердің  сабақты  етістіктермен  тіркесу  қабілеті 

бірдей  емес;  көбінесе  ол  құрамда  айтылатын  сөздер – зат  есім-

дер  мен  олардың  орнына  жұмсалатын  есімдіктер  жəне  сапалық 

есімдер. Бұлар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) н а қ т ы 

о б ъ е к т і л і ; 2) а б с т р а к т і л е н г е н   о б ъ е к т і л і .

Бірінші  топқа  қолға  ұстап,  көзбен  көретіндей  зат  есімдер 

қатысқан сөз тіркестері енеді. Ондағы есімдер мен етістіктер ба-

рынша мағыналық тығыз байланыста болады:

Мыңнан  аса  жылқыны  үш-ақ  адам  бағып  жүр.  Игілік 

тоқымын төсеніп, ерін жастанды да жата берді (Ғ.Мүсірепов). 

Қалампыр сынық ашалы бақанды сүйретіп, қоңыр сиырды ай-

нала қуады. Қанеки, қарындас, қолыңды тос! (Б.Майлин). 

Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де 

енеді.

Самалды салқын түн Қуанышты жұбата алмады (Б.Майлин). 

Жұмағұл  Абайды  тани  барды  (М.Əуезов).  Ушаков  Байжанды 

шанасына мінгізіп алды (Ғ.Мүсірепов). 

Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобы-

на  абстракт  есімдер  мен  кісінің  (жан-жануардың  да)  көру,  сезу, 

сөйлеу,  үндеу,  т.б.  əрекетін  білдіретін  сабақты  етістіктерден 

құралған сөз тіркестері жатады.

Қуаныш  солармен  араласып  өткізген  өмірді  ойлайды.  Ел 

жүрегінің қалай соғарын аңғарғың келсе, ең алдымен жазушының 

тамырын басасыра айтар, ауыр күрсінер, бірақ жалғаны бол-

масшындықты аңғарарсың (Ғ.Мүсірепов). Ауыл адамдары ал-

дымен жазды əңгіме қылып өтті (Б.Майлин). Елін ері қорғаса, 

елі де ерін қорғайды (Жамбыл). Сортаңдауды, тозуды біле ме ол 

жер? (С.Мұқанов). Біз сүйеміз көктем күнін (Х.Ерғалиев). Осы 

сырды Нысаналы ақын жақсы біледі (Ғ.Мүсірепов). 

Бұл  топқа  есімдікті,  сапалық  есімді  (есімшелі)  сөз  тіркестері 

де енеді.

Күн қазір ымырт бопты, оны да жаңа байқады. Екі көше ада-

сып,  пəтерінен  асып  кетіпті.  Мұны  да  жаңа  білді  (М.Əуезов). 

Бөлінгенді  бөрі  жейді  (Мақал).  Шөптің  шашылғанын  жинап 

алуға  да  мұрша  жоқ  (Ғ.Мүсірепов).  Жақсыны  көрмек  үшін 

(Мақал).


617

Қазіргі қазақ тілі

§37 Барыс жалғаулы сөз тіркестері

Барыс жалғаулы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркес-

тері    өзара  меңгеріле  байланысады  да,  жанама  т о л ы қ т а у ы ш -

т ы қ ,   п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ   қатынастарда  жұмсалады.  Барыс 

жалғаулы  есімдер  қатысқан  етістікті  сөз  тіркесінің  қарым-қаты-

насының əртүрлі болуы сөз тіркесі құрамының түрлі-түрлі болуы-

мен байланысты, мысалы, тауға шығу (б е т а л ы с ), тоғайға кіру, 

үйге  келу  (м е к е н ),  балаға  беру  (а р н а у ),  оқуға  келу  (м а қ с а т ), 

кешке  келу,  жазға  киіну  (м е з г і л ).  Барыс  жалғаулы  есімдер 

кез  келген  етістіктермен  тіркесе  бермейді,  олармен  мағыналық 

үйлесімді бола алатын етістіктермен ғана тіркеседі. Олар мынан-

дай етістіктер: беру, кету, келу, жату, отыру, ұмыту, сену, нану, 



жалыну,  ұнау,  сіңу,  қуану,  таяну,  қамау,  беттеу,  шығу,  түсу, 

тою, қарау, салу, жету, жүру, шабу, кіру, кірісу, қону, айту, толу, 

қамау, қою, жақындау, бату, қызығу, көріну, дайындау, т.б.

Бұл етістіктердің көпшілігі – күйді, қимылды, сезімді білдіре-

тін салт етістіктер. Салт етістіктердің жетегінде айтылатын барыс 

жалғауы  есімдер  (зат  есім,  есімдік,  сын  есім,  сан  есім,  есімше) 

басыңқы сөздерге тікелей жəне демеулер арқылы қатысты болады.

Бұл  сөз  Абайға  жеткенде,  Тəкежан  қатты  сескеніп  қалды 

(М.Əуезов). Байжан іске кірісті (С.Мұқанов).



Абайға  ағашты  таулар...  шидем  айналдырып  киген  кəрінің 

өңіндей көрінеді (М.Əуезов). Паромға мініп, ар жаққа бұлар да 

өтті (С.Мұқанов). Олар заңға бағынадыОл Нұрланды көрген 

соңтабалдырықтан əрі аттамай тұра қалды (З.Шашкин).

Сабақты  етістіктер  де  барыс  жалғаулы  есімді  меңгере  ала-

ды,  бірақ  олардың  көпшілігі  жоғарғы  тізімде  саналған  салт 

етістіктермен  жасалған  сабақтылар  болады.  Олармен  тіркесетін 

барыс  жалғаулы  есімдер  тура  объект  қызметіндегі  заттармен  де 

мағыналық байланыста тұрады:



Адамға жол бермеген қайран тілім... (Қ.Жұмалиев). Нақ те-

резе алдында өскен алма ағашы бөлмеге күн сəулесін түсірмейді 

(С.Мұқанов).  Быков  күрегін  қарға  басқа  жұрттан  бұрын  сал-



ды. Ушаков Сарыарқаның əр қырқасына бір қазық қағып, көмірді 

темірге, темірді мысқа, мысты қорғасынға қосақтап, арқандап 

тастады (Ғ.Мүсірепов).



618

Қазіргі қазақ тілі

Барыс жалғаулы есімдер етістікті сөз тіркесінде о б ъ е к т і л і к 

жəне п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ  қатынастарда жұмсалады.

а) О б ъ е к т і л і к  қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, қимыл 

процесінің  к і м г е ,   н е г е   а р н а л ғ а н ы н ,   б а ғ ы т ы н ,   қ а н д а й 

з а т п е н   ү с т е м е л е н г е н і н ,   қ а н д а й   з а т п е н   т ү й і с к е н і н , 

н е г е   қ а м т ы л ғ а н ы н   б і л д і р е д і .

Тоқсандағы  Жамбылға  толқындатып  сөз  келді  (Жамбыл). 

Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады (М.Əуезов). Төрт тү-

лікке толды аймақ, осынау аулым колхозда (Жамбыл). Дəулетке 

батып  белшеден,  ырысқа  қандым,  кенелдім  (Жамбыл).  Жа-

палақты  тасқа  ұрсаң  да  жапалақ  өледі,  тасты  жапалақпен 

ұрсаң да жапалақ өледі (Мақал). Бұл жігітті қызметке алу ке-

рек.

ə)  П ы с ы қ т а у ы ш т ы қ  қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, 

қимыл  процесінің  б а ғ ы т ы н   білдіреді  жəне  м е к е н д і к ,   м е з -

г і л д і к ,   м а қ с а т т ы қ  мағыналарда жұмсалады.



Мен ауданға барамын (Ғ.Мұстафин). Қарағандыға жүз елу 

кісі жіберілді. Ол... үйге кірдіБұл үйдің барлық жаны жалаңаш-

жалпы  далаға  жүгіріп  шығыпты  (Ғ.Мүсірепов).  Ушаковты 

қонаққа шақырып келем (Ғ.Мүсірепов).

Барыс жалғаулы есімдерді кейде есім мен көмекші етістіктер-

ден болған құрама баяндауыштар да меңгереді.

Сейіт бұл топқа жалпы сəлем берді де, тоқтамай өтіп кетті 

(Ғ.Мүсірепов).  Судьялар  ешкімге  тəуелді  емес  (Конституция-

дан). Толқынға бөгет бола алмай, ит қорлыққа көне алмай... 

(Қ.Жұмалиев).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет