§4. Хабарлы сөйлем
Бірдеңенің не бір істің жайын баяндау мақсатымен айтылған
сөйлем хабарлы болады.
Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол са-
лып, тасты жарып (Абай). Күн қызыл арай шатырынан
жаңа ғана шыққан. Аспан айдай ашық (Ғ.Мұстафин). Ғылым
ауылшаруашылығын өркендете беруге үлкен көмек көрсетіп ке-
леді. Халық өз бақыты үшін күресетінін білсе, оған ешбір жау
төтеп бере алмайды (Х.Есжанов).
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны əртүрлі болады. Олардың
мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің,
əсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерімен
байланысты. Баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қа-
рай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды (Жаңбыр жауды),
болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға бара-
йықшы), болжалды (Жездең ертең келетін шығар) болады да, ал
баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті
(Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық. Айнала
жым-жырт) болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлемдер, жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу əуенмен
айтылады: жалаң сөйлемдер тақ-тұқ қайырылса, жайылма сөйлем-
дерді айтқанда, дауыс сөйлемнің соңында бəсеңдей түсіп тынады.
Мысалы: Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сəл ғана білінген
салқын бар (М.Əуезов). Асанмен сөйлесіп отырған Қажымұқан
бұлардың əңгімесін бөліп жіберді (Х.Есжанов).
Бір сөйлемнен екінші сөйлемнің межелі жігі пауза арқылы ай-
ырылып тұрады. Бірақ хабарлы сөйлемдегі жеке сөздердің айтылу
əуені əр уақытта бірқалыпты бола бермейді.
545
Қазіргі қазақ тілі
Көп құрамды хабарлы сөйлемнің ішіндегі бастауыштың не
толықтауыштың маңына топтанған сөздердің саны неғұрлым көп
болса, сол топ соғұрлым оқшаулана түсіп, көтеріңкі дауыспен ай-
тылады да, одан кейін дауыс бəсеңдей береді.
Таудан төмен қарай сырғанап келе жатқан шаңғышылар
колхоз клубының алдына келіп тоқтады. Жазғы жайылымнан
қайтқан сиырларды Айша қораға кіргізді.
Бұл сөйлемдердегі дауыстың жоғарылап-төмендеуін былайша
көрсетуге болады:
шаңғышылар
↑ ↓
келе жатқан колхоз клубының
↑
↓
сырғанап
алдына келіп
↑
↓
төмен қарай
тоқтады
↑
Таудан
сиырларды
↑
↓
қайтқан
Айша
↑
↓
Жазғы жайылымнан қораға
↓
кіргізді.
Баяндауышы зат есім мен есімдіктен болатын сөйлемдер ин-
тонация жағынан екі бөлініп айтылады: жазуда оны сызықша
арқылы таңбалаймыз.
Ұлы далам // – менің далам.
Мал басын көбейтуге ерінбей еңбек сіңірген кісінің бірі // –
Жақыпбек (Ғ.Мұстафин).
Бұл // – Байжанның талай келген үйі. Ол поэмадан менің есімде
қалғаны // – осылар (С.Мұқанов).
546
Қазіргі қазақ тілі
§ 5. Сұраулы сөйлем
Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тəсілінің бірі. Жүздесіп жəне
басқа амалдар арқылы сөйлескен адамдар істің, əр нəрсенің мəн-
жайын білгісі келгенде, сұраулы сөйлемнің түрлерін қолданады.
Ауызекі сөйлеу стиліне тəн пікір алысудың бұл түрі əдебиетте,
əсіресе, көркем əдебиет тілінде жиі қолданылады. Мысалы:
1. – Əй, тілің бар ма өзіңнің? Неге бұғасың?.. Неге жөніңді
айтпайсың? – деді Қадырбек (С.Сейфуллин).
2. – Сен мұнда қайдан келдің?
– Сен қайдан келдің? – деп екеуі де сасқалақтап қатар сұрасты.
– Əуелі өзің айтшы (Ж.Аймауытов).
Басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған
сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемдер к ө т е р і ң к і дауыспен айтылады. Олардың
жасалу амалдары əр алуан:
Көркем əдебиетте (халық өлеңдерінде де) сөйлемдердің,
əсіресе, хабарлы сөйлемдердің қолдану мақсаты ойды əсерлі,
көрікті, көркем етеді. Мысалы:
1. Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт дел-сал қып,
Түн басады салбырап (Абай).
2. Тура тисе, түзелмес тіл жарасы,
Оны ұға ма адамның бір парасы (Шəкəрім).
3. Арал толған ағаш. Ағаш арасы жол. Жол жиегі – жасыл шөп
пен түрлі гүл. Гүлəдіпті жасыл жолда иін тіресіп, ерсілі-қарсылы
жүріп жатқан жан (Ж.Аймауытов).
4. Көкшетау кейде қарлы, кейде қарсыз,
Ер жігіт кейде малды, кейде малсыз.
Дарияның жарға соққан толқынындай,
Көз салған көрінгенге көңіл арсыз, –
деп берілсе (Біржан сал), – сұраулы сөйлемдер интонация арқылы
жəне сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші
етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы жасалады.
Олардың бастылары мыналар:
1. Сұраулы сөйлемдер ма // ме, ба //бе, па //пе сұраулық шы-
лаулары арқылы жасалады:
547
Қазіргі қазақ тілі
– Жиналыс басталды ма? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау
келе жатқан Жақып па, Əсет пе? – Өзі атпен баратын жер ме, ма-
шинамен баратын жер ме? (Ғ.Мүсірепов).
Сұраулы шылаулар қысқарып, жіктік жалғауларынан бұрын
келу арқылы да сұраулы сөйлем жасайды:
– Сен немене, тоңып қалғанбысың? – деді офицер.
– Ой, сенбісің? Сені де сақал басып кетіпті ғой (Ғ.Мүсірепов).
Сұраулы сөйлемді бұлай құру сөйлеу тіліне тəн болатындық-
тан, олар диалогтарда жиі ұшырайды.
2. Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді ... сияқты
сұрау есімдіктері айтылу арқылы сұраулы сөйлем жасалады:
Мұнда қайдан жүрсіз? (З.Шашкин).
– Ой, Бəтес, мұның не? (С.Мұқанов).
– Сені кім шақырды? – Жиналыста қандай мəселе қаралды?
3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі
баяндауыштың құрамына еніп, сұраулық интонациямен айтыл-
ғанда, сөйлем сұраулы болады:
Сен осы ауылдың баласы шығарсың?Борашты көріп жүретін
шығарсың? Оның өзін тыңдап көрсек қайтеді? (Ғ.Мүсірепов).
4. Баяндауыштың құрамында -ау, ғой шылаулары мен одағай
айтылып та сұраулы сөйлем жасалады:
Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің -ау, ə? (Ғ.Мүсірепов).
Егістің дайындық жұмысына қызу кірісіп жатырсыңдар ғой, ə?
5. -Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы да
сұраулы сөйлем жасалады:
– Ал Жамал ше? Өзің ше?
– Атым – Қайырғали, өзіңнің атың ше? (Ғ.Мүсірепов).
6. Кейде (көбінесе диалогтарда) хабарлы сөйлемдерді сұрау-
лық интонация арқылы сұраулы етіп айтуға болады:
Богданов: Сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына
кірісіңіздер.
Мəжен: Ертеңнен бастап?
Богданов: Иə! (Ə.Əбішев).
– Мүмкін, маған Бəтес қосылар? – деді Нұрбек (С.Мұқанов).
– Ал сосын? (Б.Майлин).
– Келістік қой? (М.Иманжанов).
– Мынау – қызыл отаудың бастығы Бектасова Əсия деген
əйел.
548
Қазіргі қазақ тілі
– Əйел? – деп қалдық Қалиса екеуміз (С.Мұқанов).
Сұраулы сөйлемде, əдетте, түгелімен кейде сұрау есімдіктері
көтеріңкі дауыспен айтылады да, сұраулық интонациямен
аяқталады. Сонымен қатар, көп құрамды сұраулы сөйлемдерде
жауап күтуді білдіретін сөздер (əсіресе, сұрау есімдіктері) басқа
сөздерден гөрі басым əуенмен айтылады: (Сені кім шақырды?
Өзге жолдастар қайда?) Кейде ондай ой екпіні түсіп, басым
əуенмен айтылатын сөз тікелей баяндауыштың қасында тұрады.
Мына сөйлемдерді салыстырыңыздар.
Сен баяндамаға дайындалдың ба? (Жауабы : Мен баяндамаға
дайындалдым). Сен баяндамаға дайындалдың ба? (Жауабы : Мен
баяндамаға дайындалдым). Баяндамаға сен дайындалдың ба?
(Жауабы : Иə, баяндамаға мен дайындалдым.)
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны
əртүрлі болады. Олардың негізгілері мыналар:
1. Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің
жайын, бар-жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы
сөйлемдерде сұрау ашық қойылады:
– Атың кім? – деді ересек бала.
– Қайырғали... Өзіңнің атың кім?
– Шеген... (Ғ.Мүсірепов).
Дəурен: Өзіңіз қандай ақыл бересіз?
Богданов: Барлық күшті осы төбеге салыңдар дегеннен басқа
айтарым жоқ (Ə.Əбішев).
Ашық мəнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой
екпінін түсіре, сұраққа жауап алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде
екі рет айтылады. Осындай екі рет айтылатын сұрақтар көбінесе
біріне-бірі қарсы мəнді сөздер болады. Сұраулы сөйлемнің сон-
дай экспрессивті мəнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып, кейде
бірнеше рет қойылады:
Ол бүгін келе ме, келмей ме? Əне өрге шыққан немене? Тау
ешкісі ме, сенің ешкің бе? (Ғ.Сланов). Бұған кім кінəлі? Қайыр
ма? Дəмеш пе? Ораздың өзі ме? (З.Шашкин). Не іздейсің, көңілім,
не іздейсің? (Абай).
2. Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерде ашық жауап
берілмей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ
қойылады.
549
Қазіргі қазақ тілі
Богданов: Олай болса, сонша малға жерді қайдан таппақсың?
Жанар: Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па?
– Біздің ауылға барасың ғой, қызым?
– Бармағанда қайтем? (Ғ.Сланов).
– Ой, мынау тамаша емес пе?
– Несі тамаша? (Т.Нұртазин).
3. Күмəнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің
жайын білуді ғана көздеп айтылмай, айтушының бірдеңеге
күмəнданғанын да білдірді: Ондай əрі сұраулы, əрі күмəнді
сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма//ме ... екен,
екен-ау жəне ə деген сөздер болады.
– Сол жаққа мен де барсам ба екен?
– Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (Ғ.Сланов).
4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмəнді
сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұрау-
лы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану, таңырқау мағынасында да
айтылады. Ондай сөйлемдер əрі сұраулы, əрі лепті болатындық-
тан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар
қойылады:
– Сізде де арман бар ма екен?! (Ə.Əбішев).
– Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! (Ғ.Мүсірепов).
– Мен білмейді деймісің?! – Бұл да келіп қалып па еді?
(Ғ.Мұстафин).
Сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл-күйін білдіретін
одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа
эмоциялық реңк қосыла береді.
Апырмай, біздің таласымыз не болды екен?! (Ə.Əбішев). Қап,
кеше неге айтпадың?! Ойбай-ау, мен кеше осылай деп пе едім?! –
Қайран Сəтбек-ай, тірі ме едің?! (М.Əуезов).
5. Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту
мақсатымен айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен
де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық (риторика гректің
rhilos – шешен – деген сөзінен алынған) мəн болады. Риторикалық
сұраулы сөйлемдер көркем əдебиетте жиі қолданылады:
1. Күнде жақсы бола ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола ма,
550
Қазіргі қазақ тілі
Ар-ұятын сатқанға?
Ойлансаңшы, Мағышым,
Кімнің гүлі солмайды?
(Абай).
2. Халық ұстазынан айырылса, не таппақ? Ел несімен ел?
Жақсысымен ел. Басшысы болмаған елде елдік бар ма? (М.Əуезов).
Азғана малды сатып, соя берсе, ертеңгі күні кедейленіп қалса?
Сараның сөзін кім тыңдамақшы? (Б.Майлин).
3. Баянауыл сияқты жерді кім сүймейді? Енді жұрт машина
мен мотоцикл іздейді, арбаны қайтсін?... (З.Шашкин).
Риторикалық сұраулы сөйлемдер кейде салалас құрмалас
сөйлемнің құрамына енгенде құрмаластың аралығында əйтеуір,
қалайда деген сөздер қолданылады:
Əлде ақсиған тістері ме, əлде ақкөңілділігі ме, əлде қабағына
қақ тұрмайтын ойнақылығы ма? – əйтеуір Шеген мені біржолата
тартып əкетті (Ғ.Мүсірепов).
§6. Бұйрықты сөйлем
Б ұ й р ы қ т ы с ө й л е м біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен
айтылады. Ондай мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық
ретінде ғана айтылып қоймай, сонымен қатар кісінің еркін, тала-
бын, кеңесін, тілегін, жалынышын, т.б. да білдіреді.
Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тəн. Көркем əде-
биетте ондай сөйлем диалогта жиі ұшырайды.
Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық жəне қалау райы
арқылы жасалады. Олар сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады
да, сөйлем түгелімен асқақ əуенмен айтылады. Бұйрықты
сөйлемдердің айтылу əуені оларды қандай мазмұнда жұмсауына
қарай түрліше болады. Егер бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап
мағынасында жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады;
егер кеңес, жалыныш, тілек мағыналарында жұмсалса, олар бəсең
дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда баяндауыш көбінесе
сөйлемнің басына қойылады, мысалы:
– Шеген! Тоқта! Қайырыла кет! Ғ.Мүсірепов). Еріңдер
соңыма! (Ғ.Мүсірепов). Тарт қолыңды! (М.Əуезов). – Тоқташы,
балам! – деді Шығанақ өтіп бара жатып. – Тарыңнан титтей
берші (Ғ.Мұстафин).
551
Қазіргі қазақ тілі
Бұйрықты сөйлем көбінесе толымсыз (бастауышсыз) болады
да, оның орнына қаратпа сөз қолданылады. Қаратпа сөздер істі
істеуге тиісті кісіні, бұйрықтың кімге, неге арналғанын білдіреді.
Бұйрықты сөйлемдердің тағы бір ерекшелігі мынау: олар
көбінесе аз сөзден құралған ықшамды болады да, екпінді əуенмен
тақ-тұқ айтылады.
– Қорқытпа! Тоқта, бала, тоқта! (Ғ.Мұстафин). Тыңда, дала,
Жамбылды! (Жамбыл).
Мақтан қума. Керек қу!
Ойсыздарға қосылма! (Абай).
– Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! – Əй, бері кел,
Амантай! Бері келіп кет деймін! (С.Мұқанов).
Мұндай сөйлемдерде қаратпа сөздің болуы, сөйлемдердің
ықшамдалып айтылуы олардың бұйрықты мəнінің өткір, əсерлі бо-
луымен байланысты. Сондықтан ондай сөйлемдерді салмақты етіп
айту үшін сөйлем белгілі біреуге арналады да, сол «біреу» қаратпа
сөз қызметінде жұмсалады. Қаратпа сөзі болмаса, сөйлемнің
бұйрықтылық күші солғын болады да, бұйрық, талап, тілек, көпке
арналады. Соңғы жай мақал-мəтелдердің стиліне тəн, мысалы:
Темірді қызған кезде соқ! Жалғаймын деп үзіп алма, түзеймін деп
бұзып алма!
Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына
жəне сөйлемнің құрамы қандай болуына қарай, олардың маз-
мұны да əртүрлі болады:
1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының екінші жағын-
да айтылған сөйлемдер көбінесе бұйрық, талап, кейде үндеу мəнді
болады:
– Тарт тіліңді! Жоғал, көзіме көрінбей! – деп Ысқақ ки-
мелеп кетті (С.Ерубаев). Өшір үніңді, оңбағанның баласы!
(Ə.Сəрсенбаев).
Төл өсір, малыңды бақ, күтіп бапта!
Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! (А.Тоқмағанбетов).
– Жоспарды басқарма бекіткен күйінде қабылдайтының қол
көтер! (Ғ.Мұстафин).
2. Баяндауыштары бұйрық райдың үшінші жағында айтылған
сөйлемдер көбінесе талап, тілек мəнді болады:
Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, ша-
лым! (Ғ.Мүсірепов).
552
Қазіргі қазақ тілі
Көгерсін, қалқам, көсегең!
Мақсатыңа жет көксеген!..
Көңілдерің жай болсын!
Бақ кетпесін басыңнан! (К.Əзірбаев).
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған
-шы/-ші қосымшасы жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде
бұйыруды білдіретін сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдер І
жақта қалау мағынасында да айтылады:
Келші, қалқам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына ба-
ланы риза қылшы! Мына жұмысты тезірек бітірші! Сабыр
ертең біздің үйге келсінші! Бір ауыз сөз айтайын, қатар тұрып
тыңдаңыздаршы! (Ə.Əбішев). – Ататай, «түсі жақсыдан
түңілме» деген еді, түсіңіз жылы екен, түсіндіре кетіңізші!
(Ə.Əбішев). – Балам, жөніңді айтшы! (М.Əуезов).
-шы, -ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баян-
дауыштары бар сөйлемдер кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта
сөйлегенді білдіреді:
– Қане, осы баланың бəйгесін бермей көрші! (Ғ.Сланов).
Көмірсіз тырп етіп көрші! (Ғ.Мұстафин). Тапсырманы орында-
май көрші (Газеттен).
4. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баянда-
уыштары бар сөйлемдер ұ р а н , ү н д е у мағынасында да жұм-
салады:
Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері, ауылшаруашылық
мамандары! Егіс көлемін ұлғайтыңдар, егіншіліктің мəдениетін
арттырыңдар, егіннен мол өнім алатын болыңдар ! Тың жəне
тыңайған жерлерді онан əрі игеру үшін күресіңдер! (Газеттен).
§7. Лепті сөйлем
Кісінің көңіл күйін, əртүрлі эмоциялық сезімін білдіру үшін
жұмсалатын сөйлемдер л е п т і болады. Лепті сөйлемдердің
мағыналары жай хабар болуымен қатар, кісінің қуанышы,
қорқынышы, таңырқауы, ызасы, аянышы, жалынышы, күмəні,
жиреніші сияқты ішкі сезімдерін білдіреді.
Лепті сөйлемдер мұндай мағыналарда айтылу үшін олардың
құрамында көбінесе одағайлар болады. Кейде одағайлардың өзі
553
Қазіргі қазақ тілі
лепті болады. Оның үстіне сөйлем асқақтаған көтеріңкі дауыспен,
лептілік интонациямен айтылады:
– Қап! – деді Ахмет өте шығып (Ғ.Мұстафин).
– Пай-пай-пай, бұл неткен жан! (Ə.Тəжібаев).
– Пай-пай, Ысқақ-ай, осындай адамдарды көре білмейсің!
(Ғ.Мұстафин).
– Түу, сіз қызық екенсіз! (Ш.Хұсайынов). – Апырай, аман
болғай-ақ та! (Ғ.Мүсірепов). – Шіркін-ай! Біздің ауылдың
жайлаудағы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей кетуші еді!
Ауыл келіп қонғанда, жұпар исі мұрныңды жарушы еді!.. Тау
аясындағы айдын көлдің айнадай суы қандай еді! (Ж.Аймауытов).
Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың
құрамындағы одағай, модаль сөздермен, сөйлемдердің лептілік
əуенімен байланысты:
1. Қ о р қ у , с е с к е н у , а я у , ө к і н у , т а ң ы р қ а у сияқты
кісінің көңіл күйін білдіретін сөйлемдердің баяндауыштарының
құрамындағы -ау, -ай демеуліктері айтылады:
– Құлайды-ау! Құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау (Ғ.Мұста-
фин). – Ой, байғұс бала-ай!... Қарғадай баламды тағы шырыл-
даттың-ау, қанішер Майбасар (М.Əуезов). Апырай, желісінің
қаттысын-ай! (Ғ.Мүсірепов). – Жасаған-ау, мұндай сұлу дене
болады екен ғой! (С.Мұқанов).
2. а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты
сөйлем кейде тілек мағынасында айтылады:
– Жасаған-ай, бала бере көр! – деді (ол). Бірақ тілек іске аспа-
ды (М.Жұмабаев).
ə) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып,
бірдеңені көксеу, арман ету мағынасындағы лепті сөйлем жасала-
ды. Ондай сөйлем шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас болып
айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады:
Мына көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! Əрбір бригадаға
жерді өлшеп, сыбаға берсе! Сонан соң социалистік жарыс
ұйымдастырса! Колхоз басқармасы көшпелі қызыл ту жасап,
оны озық бригаданың қосына тігіп қойса! (Ғ.Мұстафин).
Күрделі баяндауыштың негізгі сөзі келер шақтық есімше бо-
лып, одан кейін сұраулық -ма/-ме шылауы мен еді көмекші етістігі
тіркесіп те а р м а н м ə н д і лепті сөйлем жасалады.
554
Қазіргі қазақ тілі
Па, шіркін, мына атқа мінер ме еді! Ана көк шөпке бауырыңды
төсеп жатар ма еді! – О, шіркін, ең болмаса, біздің қолымызда
пышақ болар ма еді! (Ж.Верн).
3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған і с к е
ө к і н у р е т і н д е айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай
сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе екі түрлі болып келеді.
а) Болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше
тұлғасындағы көмекші етістік (екен), одан кейін де демеулігі
тұрады:
– Қап, орылған астықты кеше жиып алмаған екенбіз де!
Балаңды кеше жібермеген екенсің де! Ə, əттеген-ай, билетті ол
кеше алып қоймаған екен де!
Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке -шы/-ші
қосымшасы жалғанады. Ондай сөйлем ерекше көтеріңкі əуенмен
айтылады:
- Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы!
Апамның тілін алсамшы!
ə) Тұйық райлы етістікке керек еді ғой деген тіркес жалғасатын
күрделі баяндауышты лепті сөйлемдер де кейде ө к і н і ш м ə н д і
болады:
– Омарбекке солай деп айту керек еді ғой! Машинаны кеше
жіберуің керек еді ғой!
б) Кейде тұйық етістікке -ың//-ің қосымшасы жалғанып, одан
кейін ғой шылауы жұмсалған күрделі баяндауышты сөйлемдер де
ө к і н і ш м ə н д е айтылады:
- Кеше осыны айтуың ғой! Бұл жұмысты Сабыржанмен
бірігіп істеуің ғой! Пішенді ертерек шабуларың ғой!
4. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану, қолпаштау
мағынасында да лепті сөйлемдер жасалады. Ондай сөйлемдердің
ішінде кейде қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай, пай-пай,
ай деген сөздер болады:
– Айналаңа қарашы! Дүние қандай сəнді! (Ғ.Сланов). Қандай
ақылды адам! Тіпті ғажап қарқын! (Ғ.Мұстафин). Жеріміз
біздің неткен бай! (Х.Ерғалиев). Жаңа қоныс болғанда қандай!
Пай-пай, мына аттың жорғасы-ай!
– Қандай тамаша көл! (Ж.Верн).
– Ойбай-ай қалай өзгерген!
– Тіл қандай! Тəсіл қандай! (М.Əуезов).
555
Қазіргі қазақ тілі
Тұлғасы сұраулы сөйлемдер де кейде экспрессивті мағынада
лепті болып жұмсалады:
– Ол – ол болсын, жə, мынау көргеніміз – қай мазағымыз!?
(М.Əуезов). Ол неғылған оңбаған адам!? Мұндай сөздің кімге
керегі бар!?
– Шіркін, Көкшетау! Шіркін, дүниеде сендей де жер бар ма
екен!? (С.Мұқанов).
Достарыңызбен бөлісу: |