Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата07.02.2017
өлшемі16,38 Mb.
#3607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 Қамар ҚАРАСАЕВА

Халықаралық 

  интеграция

ЕУРАЗИЯЛЫҚ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ОДАҚТЫ  БІЗ  ЖАҺАНДЫҚ 

БАЙЛАНЫСТАРМЕН  ЕТЕНЕ  ЖЫМДАСҚАН,  ЕУРОПА  МЕН  ДАМЫП 

КЕЛЕ ЖАТҚАН АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БЕРІК КӨПІР ТҮРІНДЕГІ 

АШЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ РЕТІНДЕ КӨРЕМІЗ.

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

Еуразия 

 

құрлығындағы 



жаңаша 

экономикалық  бірлесу  жөніндегі  өміршең 

идеясы  жүзеге  асты.  Беларусь,  Ресей, 

Қазақстан 

басшылары 

елордамызда 

Еуразиялық  экономикалық  Одақ  құру 

туралы шартқа қол қойды. 

Бұл  одақ  көлемінде  естен  кетпейтін, 

тарихи  күн  болып,  мəңгілікке  сақталады. 

Бұл  өте  маңызды  шешім,  заман  талабына 

лайықты шарт. «Алтау ала болса, ауыздағы 

кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» 

– деп, атамыз қазақ тайға таңба басқандай 

айтып кеткен.

ХХІ  ғасырда  бөлініп  өмір  сүру,  əрі 

бір  ел  экономикасының  дамуы,  əр  түрлі 

салаларының  өркендеп,  дамуы  мүмкін 

емес.  Сондықтан,  Экономикалық  Одаққа 

кіріп,  Экономикалық  Одақ  құру  туралы 

тарихи  актіге  Астанада  қол  қойылуының 

символдық  мəні  бар  екеніне  Қазақстан 

Президенті ерекше назар аударды. 

Одақтың құрылуының өзі осы идеяның 

отаны болып отырған Қазақстан жерінде – 

оның жаңа Елордасы – Астана қаласында 

жүзеге  асуы  да  əділеттіліктің,  бірлік  пен 

ынтымақтың бірден-бір көрінісі.

Бұл Одақ – дер кезінде құрылған Одақ.

Елбасымыз  «Адамның  күні  адаммен, 

халықтың күні халықпен» – деп өте дұрыс 

айтып  отыр.  Үш  Одақтың  құрылуының 

тарихи  маңызы  зор.  Атап  айтқанда, 

Одақта үлкен мүмкіндіктер бар. Біріншіден, 

Қазақстанның 

экономикалық 

əлеуеті 

артады,  екіншіден,  кəсіпорындардың  саны 

бұрынғыдан  да  арта  түседі.  Одаққа  мүше 

170  миллион  адам  бар.  Осының  үлкен 

нарық  инвестициялар  тартуы,  техникалар 

мен  технологияларды  əкелуге  кең  жол 

ашады. 

Мен  Қазақстан,  Ресей,  Беларусь 



елдерінің  азаматтарын,  елін,  халқын,  осы 

айтулы тарихи мəні зор жаңа Одақ құруын 

толық қуаттаймын, қолдаймын. Жаңа Одақ 

экономикамызды, əр түрлі салаларды, əл-

ауқатымызды  арттыратынына  сеніміміз 

зор.   


Ниязхан БЕЙСЕНОВ, ардагер – 

ұстаз.Түймекент ауылдық округі, 

ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Байзақ ауданы.

ІЛГЕРІЛЕУГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Еліміздің  экономикасын  арттырып,  өзге  мемлекеттермен  байланысын  кеңейтетін 

Еуразиялык  экономикалық  Одақ  құрылды.  Одақтың  мəн-мағынасын  жастар  арасында 

талқылаған  «дөңгелек  үстел»  отырысы  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институтында 

«Еуразиялық  интеграцияның  ақпараттық-зияткерлік  мазмұны»  тақырыбында  өтті.  Оны 

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы №33 (Қазпошта) АҚ ЖОФ бастауыш партия 

ұйымы, ТарМПИ партия тобы жəне «Тарих-география» факультеті ұйымдастырды.

  «Дөңгелек    үстел»  отырысын  алғы  сөзімен  «Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық 

филиалының  консультанты    Ботагөз  Қанатқызы  ашты.  Жиында  болашақ  педагогтар, 

экономистер,  басқа  да  сала  мамандары  Еуразиялық  интеграцияның  басты  бағыттары 

жайлы  ой-пікірлерін  ортаға  салды.  Жоғарыда  аталған  институттың  «Қазақстан    тарихы» 

кафедрасының  доценті  Жұматай  Исахметұлы  «Бұл  келісім  жастар  үшін  зор  мүмкіндік» 

дейді.  Жиын  соңында  ұстаздар  мен  жастар  арасында  қызу  талқылау  болды.  Дамудың 

ілгері  бағытын  ұстанған  Қазақстан  үшін  Еуразиялық  экономикалақ  Одақтың  берері  мол 

деген оймен аяқтады.       

                                                                                 Абырой  ХАЛЫҚОВ,ТарМУ студенті.                                    

БҮКІЛƏЛЕМДІК КӨРМЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ



Еуразияның кіндігінде орналасқан Елордамыз бүгінде 

ғажайып қалаға айналды. Күн санап келбетін көркейтіп келе 

жатқан Астанамызда алдағы 2017 жылы өткізілетін ЭКСПО 

бүкілəлемдік көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен 

баламалы энергия көздерін дамытуды, энергетикадағы 

сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тəсілдерін 

іздестіруге бағытталды. Жəне «жасыл экономика» құруды 

көздеген көрме кешенінің құрылысының орнында капсула 

салу салтанаты да Елбасының қатысуымен өтті. 

Жалпы 174 гектар жерді қамтыған көрме 

кешеніне  миллион  шаршы  метрден  астам 

нысан салынбақ. 

Көрмеге 

қоса 


электр 

энергиясын 

өндіретін  ғимараттар,  ауа  райына  қарай 

жарықты  өзі  реттеп  тұратын  энергия  қуат 

көздері  де  құрылатын  орында  инженерлік-

геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 

Сонымен  қатар,  мұнда  əр  ғимараттағы 

лас  иісті  сорып  алатын  арнайы  вакуум, 

қалдықтар  мен  техникалық  суды  қайта 

өңдейтін құрылғы да болады. 

Кешен  құрылысы  бсталғанда  Елбасы 

Н.Ə.Назарбаев 2017 жылы  «ЭКСПО-2017» 

көрмесінің  ашылуы  Елордамыздың 20 

жылдығымен  тұспа-тұс  келетінін  айтты. 

Бұл  Астананың  бірегей  инновациялық 

ғимараттар бар жаңа орталығы болатынын, 

нысандардың  көбі  желдің  күшін,  күн  мен 

өзге  қуат  көздерін  қамтитын  «жасыл» 

энергиямен қамтылатынын да сөзіне арқау 

етті. 


«ЭКСПО-2017» 

ҰК» 


АҚ-ның 

басқарма  бастығы  Талғат  Ермегияевтың 

мəлімдеуінше,  жұмысшылар  маусымда 

«Қазақстан» 

ұлттық 

павильонының 



құрылысына  кіріскен.  Екі  айдан  соң, 

халықаралық  тақырыптың  корпоративтік 

павильондардың құрылысының жұмыстары 

басталмақ. 

Тамызда 

ұйымдастырушы 

кеңсе, ал қыркүйекте тұрғын үй кешендерінің 

құрылыстары  қолға  алынбақшы  екен. 

Сөйтіп,  биыл  алдағы  желтоқсанда 25 

гектардағы  көрме  аймағының  нөлдік  циклі 

аяқталатын  болады.  Келер  жылы  құрылыс 

барынша қарқынды жүргізіліп, 2016 жылдың 

желтоқсанында  аяқталып, 2017 жылдың 

басында  көрмеге  қатысушы  елдер  өз 

павильондарын  құра  бастайды  делінген 

басқарма бастығының мəліметінде.



Қ. РАХМЕТУЛЛИНА.

ЖАСТАР ЖАТ АҒЫМ ЖЕТЕГІНЕН АБАЙ БОЛСА

Байқау

Осы  орайда,  байқау  қорытындыларын  жариялап, 



жеңімпаздар мен жүлдегер атанған өрендерді марапаттау 

мақсатында салтанатты жиын өтті. 

Жиын  барысында  ғылыми  жұмыстар  сайысына 

қатысып,  қоғамдағы  болып  жатқан  оқиғаларға  бей-жай 

қарамай,  азаматтық  көзқарасын  білдіруге  тырысқан 

барлық  оқушыларға  алғыс  айтқан  облыс  əкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов көтеріліп отырған мəселенің 

маңыздылығын  жоймай,  əлі  күнге  қоғамға  қауіп  төндіріп 

отырғанын жастарға жеткізді.

–  Қоғам  өкілдерінің  діни  санасы  мен  білімін 

қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналып 

отыр.  Діни  экстремизм  мен  терроризм  қай  уақытта 

болмасын  қаупін  азайтпаған.  Оған  соңғы  жарты  жыл 

ішінде  əлемде  орын  алып  жатқан  оқиғалар  айғақ.  Бұл 

тұрғыдан  келгенде  Білім  басқармасы  мен  облыстық 

прокуратураның  ұйымдастырып  отырған  байқауының 

оқушылардың діни білімін арттырып, бөгде ағымдардың 

соңынан  кетпеуіне  тигізетін  үлесі  орасан, – деген 

Ерқанат Нұрбапаұлы өскелең ұрпақтың діни сауатты жəне 

оң пікірде болуы – мемлекеттің болашағы жарқын болуына 

сеп  болар  бірден-бір  фактор  екенін  де  атап  өтті.  Осы 

байқауға қатысқандарға тағы да алғыс айтып, жеңімпаздар 

мен жүлдегерлерді  құттықтады.

Ал,  терроризм  жəне  экстремизм  туралы  халықтың 

дұрыс ақпараттанып, ол туралы білімінің дұрыс қалыптасуы 

мақсатында  түрлі  конференциялар, «дөңгелек  үстел» 

отырыстары мен түрлі жиындар өткізіліп жатқанын айтқан 

облыс прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаев 

бұл  мəселеге  қатысты  пікірді  оқушылар  арасында  дұрыс 

таралуына  аталмыш  байқаудың  тигізер  əсеріне  ерекше 

тоқталды. 

Ұйымдастырушы  тараптардың  шешімімен  үздік  деп 

танылған  Тараз  қаласы  №40  гимназиясының 9 сынып 

оқушысы  Танзиля  Елеусізова,  сонымен  қатар,  жүлделі 

орындарға  ие  болған  оқушылар  алғыс  хаттармен 

марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мұратхан ƏЛІМХАН.

Облыстық  прокуратура  мен    облыс  əкімдігінің  білім 

басқармасының  ұйымдастыруымен  Тараз  қаласы  мен 

аудандық  мектептер  оқушыларының  арасында  «Үздік 

ғылыми  реферат»  байқауы  жарияланған  болатын. 

Өскелең ұрпақ, оның ішінде оқушылардың арасында түрлі 

шет ағымдар мен дəстүрлі емес діни ұйымдар ықпалының 

таралуының  алдын  алу,  оларға  діни  экстремизм  мен 

терроризммен 

күрестің 

маңыздылығын 

ұғындыру 

мақсатында  ұйымдастырылған  аталмыш  байқауға  бас-

аяғы 16 жұмыс қабылданған болатын.

ТІСІМІЗДІ КҮТЕ БІЛЕЙІК!

Алдын ал!

Балалардың арасында ең көп тараған тіс аурулары тісжегі (Кариес), ұлпа қабынуы (Пульпит), 

периодонтит тіс тасы (Пародонтит).

Тісжегі  – тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы, өте кең тараған ауру. 

Тіс кариесі тым ерте басталады, əсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады.

Кариес тұрақты тістерді де, сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен 

стрептококк  бактериясы  əсер  етеді.  Бактериялардың  əр  түрлі  тəтті  тағамдарды  көп  жегеннен 

қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен 

қатар,  тіс  кариесінің  пайда  болуына  дұрыс  тамақтанбау  (тағамда  көмірсудың  көп  болып,  белок, 

дəрумен, кальций жəне фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз əсерін тигізеді. Ауру 

тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дəрігерге көрінбесе, 

процесс  тіс  қуыстарының  жұмсақ  тіндеріне  таралып,  тістің  эмалі  босап,  жұмсара  бастайды.  Тіс 

қышқыл немесе тəтті тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады.

Осы  кезде  емдемесе,  одан  əрі  тіс  ұлпасы  (жүйкесінің  ұшы)  зақымдалып,  ойық  тереңдей 

түседі. Соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды. Кариестің одан əрі 

асқынуының  салдарынан  тіс  айналасындағы  тіндердің  (периодонтит)  жəне  сүйек  қабығының 

(периостит) қабынуы мүмкін.

Жақ сүйегінің қабынуы (остеомиелит), сонымен қатар жақты жауып тұратын жұмсақ тіндердің 

едəуір мөлшерде іріңдеуі (абсцесс, флегмона) асқынудың аса ауыр түрлеріне жатады.

Егер кариес қуысында тамақ қалдығы қалса, ол жерге микроб жиналады. Мұндай тіс – жұқпалы 

аурулардың көзі. Бадамша безіне бактериялар түсіп, жиі-жиі баспаға ұшыратады.

Одан  басқа  жиі  кездесетін  тіс  аурулары  пародонтит  қанжел  (пародонтоз),  онда  тіс  түбірлері 

жалаңашталып,  оларда  тіс  тасы  орнығады,  қызылиек  қабынады,  іріңдеп,  ақырында  тіс  босап, 

түседі.


Аурудың алдын алу шаралары дұрыс тамақтану, ауыз гигиенасын мұқият сақтау, жылына 2 рет 

стоматологқа қаралып тұру болып табылады.



Ақылбек ҮСЕНБАЕВ, 

ШЖҚ МКК «Жамбыл облыстық стоматологиялық емхананың» бас дəрігері. 

5

19 маусым,

№25 (453)

–  Жақында  Дін  істері  агенттігінің 

құрылғанына 

үш 

жыл 

толды. 

Атқарылған 

істер 

көпшіліктің 

көз  алдында.  Десек  те,  ең  басты 

нəтижелер ретінде нені атар едіңіз?

– Қазір Қазақстандағы діни ахуалды 

тұрақты деп айтуға толық негіз бар. Бұл 

– осы салаға жұмсалған орасан зор күш-

жігердің  нəтижесі.  Агенттік  тарапынан 

мемлекеттің 

дін 

саласындағы 



стратегиялық бағытын айқындаған жаңа 

заң əзірленіп, қолданысқа енгізілді. Діни 

бірлестіктерді  қайта  тіркеу  жұмысы 

жүргізіліп,  Қазақстанның  конфессиялық 

кеңістігі  ретке  келтірілді.  Осыған  дейін 

ресми  тіркелгенімен,  жұмыс  істемеген 

көптеген  діни  бірлестіктер  мен  діни 

бірлестік  деңгейіне  жетпейтін  діни 

топтар  жұмысын  тоқтатты.  Нақты 

қызмет  атқаратындары  өз  қызметін 

жаңа  заң  талаптарына  сəйкестендірді. 

Конфессияларға  да  талдау  жасалып, 

нақты саны айқындалды.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай 

бойынша  елімізде 46 конфессияны 

құрайтын 4551 діни  бірлестік  тіркелген 

болса,  қазіргі  көрсеткіштерге  сəйкес 18 

конфессияға біріккен 3449 діни бірлестік 

қызмет атқаруда. Олардың жартысынан 

астамын, яғни 2400-ге жуығын Қазақстан 

мұсылмандары 

діни 


басқармасына 

қатысты  мешіттер  құрайды.  Сонымен 

қатар,  Орыс  православие  шіркеуіне 

қатысты 299, Рим  католик  шіркеуіне 

қатысты 84 діни  бірлестік  қызмет 

атқарады. 

Қалған 

азшылық 


өзге 

діндерге, 

негізінен, 

протестанттық 

ағымдарға тиесілі.

Діни  рəсімдер  мен  жораларды  тек 

заңмен  белгіленген  орындарда  ғана 

өткізуді  жүйеге  келтіру  мақсатында 

діни  ғимараттардың,  мінəжатханалар 

мен  намазханалардың  жұмысы  ретке 

келтірілді.  Қазір  Қазақстанда 3195 

ғибадат  үйі  жұмыс  істейді,  олардың 

2382-сі – мұсылман 

мешіттері. 

Республика  бойынша 492 исламдық, 

15 


православиелік, 

барлығы 507 

мінəжатхана  қызмет  атқаруда  жəне 

рəсімдеуден өтуде. Яғни, діни рəсімдер 

мен  жораларды  бұрынғыдай  əр  түрлі 

мекемелерде, 

орталықтарда, 

оқу 


орындарында,  т.б.  жерлерде  өткізе 

беруге  болмайды,  ол  тек  жоғарыда 

аталған  заңмен  белгіленген  орындарда 

ғана жүзеге асуы тиіс.

Заң  аясында  ғибадат  ғимараттарын 

салу  тəртібі  де  белгіленіп,  талаптары 

айқындалды, 

оларды 


бұрынғыдай 

негізсіз сала беруге тосқауыл қойылды. 

Ендігі  жерде  ғибадат  ғимараттарын 

салу  кез  келген  жеке  немесе  заңды 

тұлғаның  қалауына  байланысты  емес, 

заңмен белгіленген тəртіпке жəне нақты 

қажеттілікке  сəйкес  жүзеге  асырылады. 

Бұл үдеріс те мұқият бақылауға алынған.

Айта кететін тағы бір мəселе – жаңа 

заң нормалары бойынша діни бірлестік 

ретінде  тіркелмеген  ешбір  құрылым 

діни  қызметпен  айналыса  алмайды. 

Осы талапқа сəйкес қайта тіркеу кезінде 

қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, 

оқу  орталықтары  ретінде  тіркеліп,  діни 

қызмет  атқарып  жүрген  бірқатар  заңды 

тұлғалар  қызметін  тоқтатты.  Олардың 

қазіргі  іс-əрекеті  де  ұдайы  назарда 

ұсталуда.

– 

Осы 

 

арада 

діни 

оқу 

орындарының  қызметі  қаншалықты 

реттелді? – деген  заңды  сұрақ 

туындайды.

– 

Діни 



бірлестіктермен 

қатар, 


ел  аумағындағы  барлық  діни  оқу 

орындарының қызметі жүйеге келтірілді. 

2011  жылдың 1 қыркүйегіндегі  есеп 

бойынша, 

елімізде 

діни 


бірлестік 

нысанындағы 29 діни білім беру мекемесі 

тіркелген еді. Дербес мəліметтер базасы 

жасақталмағандықтан,  олардың  саны 

туралы көрсеткіштерде ауытқушылықтар 

көп  кездесті.  Сонымен  қатар,  тіркеуден 

өткенімен,  нақты  қызмет  атқармайтын 

діни  оқу  орындарының  болғаны  да 

жасырын емес.

Енді 


жаңа 

заң 


талаптарына 

сəйкес,  діни  білім  беру  ұйымдарын 

тек  республикалық  немесе  өңірлік 

діни  бірлестіктер  ғана  құра  алады. 

Сондықтан 2012 жылы жүргізілген қайта 

тіркеу кезінде бұған дейін діни бірлестік 

ретінде қызмет атқарып келген діни оқу 

орындары  таратылды.  Олардың  бір 

бөлігі  республикалық  діни  бірлестіктер 

құрамындағы  оқу  мекемелері  ретінде 

қайта құрылды. Қазір елімізде исламдық 

бағыттағы 13, христиандық  бағыттағы 

2  діни  оқу  орны  қызмет  атқарады. 

Олардың  барлығы  дəстүрлі  діндерге 

тиесілі.  Жаңа  діни  қозғалыстардың  оқу 

орындары тіркелмеген.

Осы  орайда  діни  білім  алғысы 

келетіндер  үшін  айта  кететін  жайт – 

мұндай  білімді  тек  діни  бірлестіктер 

жанынан құрылған арнайы мекемелерде 

ғана алуға болады. Жоғарыда айтылған 

қоғамдық бірлестіктер, оқу орталықтары 

немесе  тіл  үйрету  курстары  секілді 

мекемелер  діни  білім  бере  алмайды. 

Мұндай заңсыз əрекетке барғандар заң 

алдында  жауап  береді.  Осыны  халық 

білуі тиіс…

–  Сөзіңіз  аузыңызда,  бұрнағы 

жылдары «діни білім беретін жаздық 

лагерьлер 

ұйымдастырылады» 

деген  хабарландыруларды  көзіміз 

шалып қалушы еді.

–  Діни  білім  беретін  жаздық 

лагерьлерге  қазір  шектеу  қойылды. 

Діни  бірлестіктердің  діни  білім  беретін 

лагерь  де,  мектеп  те  ұйымдастыруға 

құқығы жоқ. Мектеп жасындағы балалар 

діни  білім  алғысы  келсе,  ата-анасының 

келісімімен  діни  бірлестік  жанындағы 

сауат ашу курстарына бара алады.

Еліміздегі білім беру жүйесі зайырлы 

сипатқа  ие.  Сондықтан  мектептерде 

діни  рəсімдер  жасалмауы  жəне  діни 

атрибутика қолданылмауы тиіс.

Тағы  бір  назар  аударатын  нəрсе 

–  жекелеген  мектеп  оқушылары  ата-

анасының діни көзқарасына байланысты 

кейбір  пəндерге  қатыспауы  сирек 

те  болса  байқалып  қалып  жүр.  Бұл, 

біріншіден, білім туралы заңды бұзу деген 

сөз. Екіншіден, мектеп бағдарламасына 

қажетсіз, кездейсоқ пəндер кіргізілмейді 

жəне 


баланың 

қалыптасуы 

мен 

дамуына  кері  əсер  ететін  бірде-бір  пəн 



оқытылмайды.  Ата-ананың  осындай 

қарапайым  заңдылықты  түсінбей,  қате 

көзқарастардың жетегінде кетуін заңсыз 

əрі зиянды əрекет деп қабылдау қажет.



– Осы орайда «халал балабақша» 

мəселесін айқындай кету де сұранып 

тұрған сияқты.

– Бұл – заң түгілі, ақылға сыймайтын 

нəрсе. «Халал  балабақша»  деген 

стандарт 

еш 

жерде 


жоқ, 

бұған 


қатысты  ешбір  заңнамалық  тетік  те 

қарастырылмаған.  Сондықтан  мұндай 

мекемелер ұйымдастырылған жағдайда, 

олар заңдық тұрғыдан тексеріледі.



–  Ата-аналардың  қате  көзқарасы 

демекші, 

қазір 

діни 

ұстаным-

дарына  байланысты  баласына  екпе 

жасатудан  бас  тарту  оқиғалары  да 

кездесіп  қалып  жүр.  Осы  мəселеге 

қатысты не айтуға болар еді?

– Бұл енді шын мəнінде білімсіздіктің 

салдары.  Ешбір  дінде  денсаулықты 

сақтауға,  күтуге,  аурудың  алдын  алуға 

шектеу  қойылмайды.  Керісінше,  əрбір 

өркениетті  дін  өз  сенушілерінің  тəн 

саулығына 

үлкен 


жауапкершілікпен 

қарайды. Ислам ұстанымдарына келсек, 

Мұхаммед  пайғамбардың: «Аурудан 

емделіңдер. Алла тағала əрбір аурудың 

емін  қоса  жаратқан»  деген  хадисі  бар. 

Қаншама  аурулардың  емін  Мұхаммед 

пайғамбар (с.ғ.с.) өзі көрсеткен.

Барлық 


ислам 

мемлекеттерінде 

аурудың  алдын  алу  құралы  ретінде 

вакцинаның 

көптеген 

түрлері 


қолданылады. Басқаны былай қойғанда, 

Сауд  Арабиясы  Корольдігінің  өзінде 

белгілі  бір  аурулардың  алдын  алатын 

екпе-вакцина 

қабылдамағандарға 

қажылық жасауға рұқсат берілмейді.

Біле  білсек,  небір  жұқпалы  жəне 

қатерлі 


аурулардың 

алдын 


алып, 

азаматтардың 

өмірін 

сақтап 


қалу 

үшін 


мемлекетіміз 

республикалық 

бюджеттен  жылына  бірнеше  ондаған 

миллиард  теңге  қаржы  бөледі.  Мұндай 

игілікке  қолы  жетпей,  азаматтары, 

əсіресе,  жас  балалары  мың-мыңдап 

жұқпалы  аурулардың  құрбаны  болып 

отырған  экономикасы  нашар  қаншама 

мемлекеттер бар.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын 

жол  ізде»  деген  даналықты  халқымыз 

бекер  айтқан  жоқ.  Ал  əрбір  саналы 

азамат  өзінің  денсаулығын  сақтаумен 

қатар,  өзгенің  денсаулығына  қатер 

төндірмеуді  де  ойлауы  тиіс.  Заң 

тұрғысынан  да,  дін  тұрғысынан  да 

солай.

– 

Əлеуметтік-діни 

тұрғыдағы 

мəселелерді бір қайырып тастау үшін 

енді неке мəселесінің де басын ашып 

алсақ.  Əңгімені  əркімнің  көкейінде 

жүрген  сауалдан  бастағым  келеді. 

Өзіңізге  белгілі,  қазір  мешіттерде 

некені  АХАЖ  бөлімі  берген  заңды 

неке  куəлігін  көрсеткеннен  кейін 

ғана қию қалыптаса бастады. Мұның 

сыры неде?

– 

Мешіттерде 



некені 

АХАЖ 


бөлімінде 

ресми 


тіркеліп, 

заңды 


неке  куəлігін  алғаннан  кейін  қию 

мəселесі 

азаматтардың 

тағдыры 


мен  құқықтарының  қорғалуына  деген 

алаңдаушылықтан 

туындап 

отыр. 


Өйткені,  қазіргі  кезде  өкінішке  қарай, 

неке  жиі  бұзылатын  болды.  Ресми 

тіркелген некелердің жылына үштен бірі 

бұзылады  екен.  Ал  ресми  тіркелмеген 

күйі  бұзылып  жатқандары  қаншама! 

Олардың  салдарын  жалғызбасты  ана 

мен  жетім  бала  құқығын  ешбір  заңдық 

құжаты болмағандықтан, қорғау да қиын.

Заңдастырылмаған 

некенің 


ең 

сорақысы – қазір  жекелеген  теріс  діни 

топтардың  арасында  белең  алып 

отырған 


ата-анасының 

келісімінсіз 

үйлену, 

əйелін 


жаратпай 

қалса, 


ешқандай  жауапкершіліксіз  бір  ауыз 

сөзбен талақ етіп тастап кету, көп ұзамай 

екінші  біреуге,  оп-оңай  үйлене  салу, 

көңілі қаламай қалса, тастап жүре беру 

секілді  ойсыз  əрі  арсыз  құбылыстар. 

Бұл – нағыз  діни  надандық  пен  шектен 

шығушылықтың  көрінісі.  Ислам  атын 

жамылған  теріс  діни  ағымдар  өкілдері 

арасында көптеп кездесетін бұл құбылыс 

– ислам тұрғысынан қатаң айыпталатын 

іс-əрекет. Исламда отбасы институтына 

ерекше  мəн  берілетіні,  неке  бұзылған 

жағдайдағы  ана  мен  бала  күнкөрісінің 

əке  тарапына  толық  жүктелетіні  əрбір 

мұсылман  азаматқа  мəлім  жайт.  Əйел-

ана  тағдырын  тəлкекке  салып,  оны 

нəпсіқұмарлықтың 

нысанасы 

етуге 

ислам түбегейлі қарсы.



Азаматтарының 

құқығы 


мен 

бостандығына нұқсан келтіретін мұндай 

əрекеттерді  мемлекет  те  қолдамайды. 

Мемлекет – заңдық институт, кез келген 

азаматты қандай да бір жауапкершілікке 

тарту 


үшін 

іс-əрекеттердің 

заңдастырылуы  қажет.  Сол  себептен 

мешіттерде  некені  АХАЖ  бөлімінде 

ресми  тіркеліп,  заңды  неке  куəлігін 

алғаннан  кейін  қию  қажеттілігі  күн 

тəртібіне қойылып отыр. Бұған Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасы  да 

белсенді  қолдау  білдіруде.  Некенің 

АХАЖ  бөлімінде  ресми  тіркеліп  барып, 

мешіттерде шариғат жолымен қиылуы – 

зайырлы құқық пен діни құқық үйлесуінің 

көрінісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет