Жазылу «Қазпошта», «Эврика Пресс», «Сенім» баспаханасы


–  Ішкі  істер  қызметінің  баспасөз  бөлімі



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата07.02.2017
өлшемі16,38 Mb.
#3607
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

–  Ішкі  істер  қызметінің  баспасөз  бөлімі 

журналистикаға  жақын  сала  болғанымен, 

органда  не  дегенмен  қатаң  тəртіп.  Жұмысты 

бірден бастап кету қиынға соқпады ма?

–  Əрине,  ақпарат  бөлімінде  жүргеннен 

кейін  БАҚ  өкілдерімен  тығыз  байланыстамыз. 

Дегенмен,  журналистикаға  қарағанда  мұнда 

қатаң  тəртіп.  Алайда  кез  келген  маман    қатаң  

тəртіп  пен  талапқа  бағынса,  шеберлігін  шыңдай 

түседі екен. Оған жұмыс барысында  көзім жетті.      

Тағы  бір  айта  кетерлігі,  газетте  тілші  болып 

жүргенімде  тек  белгілі  бір  заңға  қажет  болғанда 

ғана  көз  жүгіртетінмін.  Ал,  мұнда  сөзің  мен  ісің  

заңмен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  əрбір 

қадамыңа жауапкершілікпен қарауға міндеттісің. 

Біздің  бөлімге  күнделікті  жантүршігерлік 

оқиғалар  мен  қанішер  қылмыскерлер  жайында 

егжей-тегжейлі  материалдар  мен  суреттер  келіп 

түседі. Соның бəрін сұрыптап, оқып, қарап шығу 

–  күнделікті  жұмысымыз.  Ал,  бұл  өз  кезегінде 

қыз  баласы  үшін  оңай  емес.  Сол  себепті,  біздің 

жұмыстың  қызықты  тұстарымен  қатар,  өзіндік 

қиыншылықтары да жетерлік. 



–  Қазіргі  таңда  бөлімдеріңде  қанша    адам 

қызмет етеді? Жəне жастардың үлес салмағы 

қандай?

–  Бөлімде  барлығы  жеті  адам  жұмыс 

жасаймыз.  Олардың  дені  жастар.  Негізі  ІІД-

де  жас  мамандардың  үлес    салмағы  басым. 

Оған  қоса,  бос  орындар  туралы  БАҚ  беттерінде 

жиі  жарияланып  тұрады.  Өзіндік  талаптарына 

сай    бұл  конкурстарға  кез  келген  жас  қатысуға 

құқылы.  Жəне    тест  тапсыру  ашық,  жариялық 

түрде  өткізіледі.  Ол сынақтан өткен жастың бірі 

менмін. Сол себепті, талабы бар жастың Ішкі істер 

саласында  қызмет  етуге  еш  кедергі  жоқ  дегенді 

сенімді түрде айта аламын. 



–  Жуырда  мекемелеріңнің    төл  газеті 

шығарыла бастады. Осы басылымның  негізгі 

бағыты  қандай? Жəне қаншалықты сұранысқа 

ие?   

– Баспасөз қызметінің бөлім басшысы Гүлсара 

Мұхтарқұлованың  бастамасымен 2013 жылдың  

аяғынан  бері  ІІД-нің  «Ар.Намыс.Абырой»  атты 

мерзімдік басылымы жарық көріп келеді. Газеттің 

негізгі  бағыты – орган  қызметкерлерінің  еңбегін, 

атқарып жатқан жұмыстарын көрсету, əр бөлімнің 

өзгерістері  мен  жаңалықтарын  ақпараттандыру.  

Басылым  əзірге  департаменттің  аумағында 

ғана  таратылады.  Алайда,  ерекше  атап  өтері – 

мұндай басылым Жамбыл облысының Ішкі істер 

саласында бұрын-соңды болған емес. Сондықтан 

бұған тың жаңалық деп қарау қажет.

Ал  газет  ақпарат  көзі  болғандықтан  бұл 

мекеме үшін қажетті дүние деп ойлаймын. Қазір 

басылымға  қалалық  жəне  аудандық  ішкі  істер 

бөлімдерінен  түрлі  мақалалар  мен  ұсыныстар 

келіп  түсіп  жатыр.  Бұл  орган  қызметкерлерінің 

де  газетке  деген  қызығушылығы  мен  сұранысы 

бар  екенін  айқындап  тұр.   Басылымға  тікелей 

мен  жауапты  болғандықтан,  қазір  оның  сапасы 

мен  мəтініне  ерекше  ден  қойып  жатырмын. 

Журналистикада  жұмыс  жасағанымның  тағы  бір 

пайдасы осы жерде тиіп отыр.



–  Осындай  қауырт  əрі  жұмыс  уақыты 

тығыз қызметте бос уақыттарың бола ма?  

– Департаменттегі жұмыс – бұл қызу қайнаған 

тіршілік.  Сондықтан  бір  минут  бос  уақытымыз 

болмайды десем, артық айтқаным емес. Алайда, 

кей  кезде    қым-қуыт  тірліктен  бір  сəт  бой  жазу 

үшін  барлық  қызметкерлер  «Динамо»  спорт 

кешенінде  жүгіріп,  фитнес  залында  жаттығып, 

спортпен  шұғылданады.  Одан  бөлек,  біздің 

бөлімнің қызметкерлері аптаның бір күні театрға 

барып, қойылым тамашалайды. 

Ал,  өз  басым    демалыс  күндері  жеке 

шығармашылығыммен айналысамын. Соның бірі 

кейінгі  кездері  графикалық  дизайнды  үйренуді 

қолға алдым. 



–  Департаменттің  баспасөз  қызметінде 

жүріп,  кейін  келе    жол  полициясы    немесе 

Көші-қон полициясы қызметкері атанып, шен 

алған журналистер аз емес. Егер ұсыныстар 

болып  жатса,  өміріңді  заң  жолына  арнауға 

дайынсың ба?

– «Генерал  болуды  армандамайтын  солдат  

жоқ»  дейді  ғой.  Сондықтан  ішкі  істер  саласына 

келгеннен  кейін  соңына  дейін  барсам  деймін. 

Əрине,  оны  уақыт  көрсете  жатар.  Қазір  тек 

шеберлігімді  шыңдап,  мол  тəжірибе  жинауды 

ғана  ойлаймын.   

– 23 маусым    –  Қазақстан  Мемлекеттік 

қызметкерлері  мен  Полиция  күні.  Мереке 

қарсаңында 

əріптестеріңе 

қандай 

тілек 

білдірер едің?

–  Барлық  мемлекеттік  орган  қызметкерлерін 

төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. 

Шаңырақтарына  шаттық,  босағаларына  бақыт 

келіп, жұмыстары алға баса берсін деймін. 

– Əңгімеңе рахмет.

Сұхбаттасқан 

Саятхан САТЫЛҒАНОВ.

Жастар және саясат



«ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ БАЛА КЕЗІМНЕН АРМАНДАДЫМ»

«ІШКІ ІСТЕР САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУДІ БАЛА КЕЗІМНЕН АРМАНДАДЫМ»

Құндыз  НҰҒМАНҚЫЗЫ,  облыстық  Ішкі  істер 

департаменті  Мемлекеттік  тіл  жəне  ақпарат 

бөлімінің бас маманы

ДАЛАҚАЙНАРЛЫҚТАР ГҮЛСІМГЕ  ДƏН РИЗА



«Жас  келсе – іске!»  деп  ата-бабамыз 

айтқандай,  елімізде  өз  жұмысына  жауапты 

қарайтын  жас  қызметкерлеріміз  баршылық. 

Сондай саналы жастардың бірі   Шу ауданы 

əкімдігінің  ішкі  саясат  бөлімінің  «Жастар 

орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 

Далақайнар селолық округі бойынша жастар 

ісі жөніндегі инструкторы Гүлсім  Хусаинова. 

Жалпы  Гүлсім  Əзімханқызының  ауыл 

жастарына  беріп  жүрген  бағыт-бағдары  мен 

нұсқауының  арқасында  ауылдағы  жастар 

уақытша 

жəне 


тұрақты 

түрде 


жұмысқа 

орналасуда.  Сондай-ақ, «Мемлекеттік  жастар 

тəжірибесі», «Дипломмен – ауылға», «Жұмыспен 

қамту – 2020 жол картасы» бағдарламаларының 

3  бағыты  бойынша  ауыл  жастарына  кəсіптік 

оқу,  жұмысқа  орналасу  жəне  кəсіптік  бағдар 

мəселелері  бойынша  кеңес  беруде.  Мəселен, 

берген 


кеңестерінің 

нəтижесінде 

келінім 

Сандуғаш  Атығұл  Шу  аудандық  «Жұмыспен 

қамту» орталығына 2014 жылдың cəуір айының  7 

жұлдызында барып, жұмыссыз ретінде  тіркелді. 

Ағымдағы жылдың сəуір айының 8 жұлдызынан 

бастап  жұмысқа  орналасты.  Үй  ішімізбен 

қуанып,  Гүлсімге  тек  рахмет  айтудамыз.

Айтпақшы, 

Гүлсім 

Əзімханқызы 



ауылда  өнерлі  жастармен  де  тығыз  жұмыс 

атқаруда. «Далақайнар» 

аула 

клубына 


келушілерге  тоғызқұмалақ,  шахмат,  дойбы 

ойындарының 

əдіс-тəсілін 

үйретуде. 

Еліміздің  болашағы – бүгінгі  жастардың 

қолында.  Жастарымыз  диплом  алып,  үйінде 

жұмыссыз  болып  отырғаннан  еш  пайда 

жоқ.  Сонымен  қатар,  ауылдағы  жастар 

нұсқаушылары  тұрғындарға  өз  білгенін,  жиған 

тəжірибесін  ел  игілігіне  арнағандары  дұрыс 

болады деген ойдамын. Бұл тұрғыда  ауылдың 

жас  маманына    ризашылығымыз  шексіз.  



Серіккүл МОЛДАҚАСЫМОВА,

Далақайнар ауылының тұрғыны.

Шу ауданы.

Көпке үлгі

«АҚБІЛЕКТЕГІ» ҰРҚИЯ ОБРАЗЫ ЕРЕКШЕ ҰНАЙДЫ

Құнды кітап – жанның азығы.  

Қаламгер  атаулы  өмірдің  бар 

шындығын  образдар  арқылы 

береді.  Демек,  əрбір  көркем 

шығарма өз оқырманына өзінше 

қайталанбас  күй  сыйлайды. 

Кейіпкермен  бірге  өмір  сүресің, 

оның мұңды сəттерінде мұңайып, 

қуанышына ортақтасасың. Менің 

де  əр  көркем  шығарманы  оқи 

отыра  өмірге  деген  көзқарасым 

өзгеріп 

толығып 

отырады.

Өз  басым  соңғы  кездері 

оқыған 

шығармаларымның 

сүбелісі 

ретінде 

Жүсіпбек 

Аймауытовтың 

«Ақбілек» 

романын  айтар  едім.  Таңбалы, 

қатпарлы 

тарих 

бедерінде 

ойып  тұрып  орын  алған  бұл 

шығармадағы 

мені 

ерекше 

сезімге бөлеген кейіпкер Ақбілек 

пен  оның  сырлас  сенімді  серігі, 

сүйенер тірегі, жеңгесі Ұрқия еді.

Себебі, бір Алладан бала беруді 

күні-түні сұрап, арман еткен, іштей 

құса  болып  жүрсе  де  қайынсіңілісі  

Ақбілектің  күйініші  мен  сүйінішіне 

əркез 


ортақ 

болып, 


жалғыз 

сенер  жанашыры  ретінде  көрініс 

табады.  Ана  орнына  ана  болады. 

Бұл  екінің  бірінің  қолынан  келе 

бермес,  əсіресе  қазіргі  замандағы 

кез    келген  адамның  бойынан 

табыла  бермейтін  адамгершілік 

қасиет,  мейірімділік,  қамқорлық, 

жанашырлық 

деп 


толыққанды 

айта аламын. Қазіргі кезде мұндай 

ана  орнына  ана  болар  жеңгейлер 

саусақпен санарлық деп ойлаймын.

Екінші  мені  тағдыр  тəлкегіне 

түссе  де  мойымай,  өмірден  кеш 

болса  да  өз  орнын  тапқан  басты 

кейіпкер Ақбілек өмірі қызықтырды. 

Мұқаштың 

озбырлығының, 

кекшілдігінің 

кесірінен 

орыс 

большевиктерінің қоршауына түсіп, 



басынан  түрлі  қиыншылықтарды 

өткереді.  Менің  ойымша  мұндай 

қиын кезеңді басынан өткеріп, қайта 

тұрып  кеткен  адамдар  аз  өмірде. 

Мен  бұл  кейіпкердің  ерік-жігеріне 

тəнті болдым. Анасы қайтыс болса 

да,  əкесінің,  өгей  шешесінің  көзіне 

күйік  болдым  деп  іштей  тынады. 

Оның 

жасы 


жиырмаға 

жетпеген  деп  суреттеледі.  Ал 

мұндай  қиын  кезеңдерді  кез 

келген  адам  психологиясы  көтере 

алмайды . Өмір  жолы  қиын 

кейіпкер Ақбілектің соңынан бақыт 

табуы  мені  ерекше  күйге  бөледі. 

Анасынан айрылуы, ауыл мен өгей 

шеше  Өріктің  əңгіме-өсектері  өз-

өзіне  қол  жұмсауына  себеп  бола 

алады.  Бірақ,  ол  ондай  əрекетке 

бармады. 

Қазақ 

қыздарының 



ішінде  ең  алғаш  Мəскеуде  білім 

алған,  оқыған  да  осы  Ақбілек 

болады.  Қорғансыз  қазақ  қызының 

жылдар  өте  өр  мінезділігіне, 

қайсарлығына 

сүйсінесің.

Қазіргі 

өмірмен 


байланыстырсақ, 

суицизм 


көп 

өріс  алған  заманда  қарапайым 

сүйгенімен ажырасса да өз-өзіне қол 

жұмсауға даяр тұрар жастарымызға 

сабақ  болар  деп  ойлаймын. 

Міне, 


осы 

екі 


кейіпкер 

мені 


ерекше 

əсерге 


бөледі 

деп 


айта 

аламын.


Жалпы, қазақ даласында өте 

дарынды  таланттар  көп  болған 

ғой.  Соның  ішінде  Жүсіпбек 

Аймауытовтың  орны  ерекше 

дер едім. Одан бөлек Мағжанның 

махаббат лирикасы мен Абайдың 

қара  сөздеріндегі  философия 

да  ой  түзеуге  септігін  тигізетіні 

анық.  Бір  сөзбен  айтқанда, 

оқимын деген адамға жанға азық 

боларлық  кітаптар  жеткілікті. 

Əкежан МҰСЫЛМАНҚҰЛ, 

студент.

Біздің кітапхана



– Сіздерді бүгінгі мектеп 

бітіру сəттеріңізбен шын 

жүректен құттықтаймын. 

Облысымыздың орталығы 

Тараз қаласында мектеп 

бітірген мыңдаған 

түлектер бүгінде 

Қазақстан Республикасының 

əлеуметтік-экономикалық 

жəне мəдени өміріне өз 

үлестерін қосуда. Биыл 

да қаламыздағы білім 

мекемелерінен 2438 

түлектері алтын ұяларынан 

қанаттанып  ұшқалы  отыр. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуге  

мектеп бітірушілердің  

1817-і қатысып,  275 оқушы 

жүзден жоғары балл жинады. 

Мектеп бітірушілердің  24-і  

«Алтын белгі», 14-і Үздік 

аттестат иегерлері болды.   

Мектеп бітірушілердің 76-сы 

республикалық, халықаралық 

олимпиадалар мен ғылыми 

жоба байқауларына қатысып, 

оның 41-і жүлдегер атанса, 

10-ы жеңімпаз болып,  

«Алтын медаль» иеленді. 

№1 гимназияның түлегі 

Вячеслав Жадеев, №31 орта 

мектептің түлегі Қуат Қаби, 

№45 гимназияның түлегі 

Қажымұқан Нұрбек бірнеше 

республикалық, халықаралық 

деңгейдегі байқаулардың 

жүлдегерлері атанды. Бұл 

біз үшін мақтаныш, үлкен 

мəртебе. Ғұлама ғалым Қожа 

Ахмет Ясауи: «Шындыққа 

жеткізетін бірден бір жол 

– білім жолы» десе, ұлы 

ойшыл, өз заманының ақыл-

ойының өкілі Жүсіп Баласағұн: 

«Ақыл – шырақ, қара түнді 

ашатын, білім жарық, нұрын 

саған шашатын» – деп 

атап өткендей,  сіздердей 

білімге құштар талантты 

да, тəрбиелі жастардың 

болашағы қашанда зор болмақ. 

Біз сіздермен мақтанамыз, – 

деп жас түлектерге деген ізгі 

тілегін білдірді. 

Бұл  күні  ҰБТ-да  үздік 

көрсеткіш 

көрсеткен 

жас 

түлектермен 



қатар, 

түрлі 


халықаралық 

білім 


олимпиадаларында, 

ғылыми 


сайыстарда,  спортта,  өнер 

саласында 

жеңіске 

жетіп, 


қаламыздың, 

өңіріміздің 

мəртебесін 

көтеріп 


жүрген 

жас  түлектер  əкімнің  қолынан 

сыйлық 

алып, 


дəн 

риза 


болысты. Бірқатар жас түлектер 

өңіріміздің  білім  саласының 

дамуына,  білім  алушылардың 

сапалы  білім  алуына  зейін 

қойып  отырған  қала  əкіміне 

ризашылығын 

жеткізді. 

Сондай-ақ, 

ұстаздарының, 

ата-аналарының 

үкілеген 

үмітін  ақтауға  ылғи  да  дайын 

екендіктерін 

атап 


өтті. 

ШАҺАР БАСШЫСЫНЫҢ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ ҚҰРМЕТІ

Білімдінің қолында алтын шырақ



ҰЛТТЫҚ  БІРЫҢҒАЙ  ТЕСТІДЕН  СҮРІНБЕЙ  ӨТКЕН  ЖАС  ТҮЛЕКТЕР – БІЗДІҢ 

МАҚТАНЫШЫМЫЗ. ОЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ – ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ ІЗЕТ КӨРСЕТУМЕН ТЕҢ. 

ОСЫНЫ ҚАПЕРДЕ ҰСТАҒАН ШАҺАР МЭРІ НҰРЖАН КАЛЕНДЕРОВ БҰРНАҒЫ КҮНІ ҚАЛАМЫЗ 

БОЙЫНША  ҰБТ-ДА  ЖАҚСЫ  КӨРСЕТКІШ  КӨРСЕТКЕН  МЕКТЕП  БІТІРУШІ  ТҮЛЕКТЕРДІ 

ҚАБЫЛДАП, ОЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ. 

Табиғат АБАИЛДАЕВ

19 маусым,

№25 (453)

4

АЙНА

Дін – діңгек

ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

оны одан əрі нығайту сіз бен біздің қолымызда

ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ КЕПІЛІ

Дін – адамзаттың жүрек түкпіріндегі 

нанымы. Сол сенім арқылы адам өмірде 

əрекет  етеді,  тіршілік  кешеді.  Небір 

теріс  пиғылдылар  өзінің  астыртын 

миссиясын осы жүректегі сенім арқылы 

жүргізуді  көздеп,  бүгінде  жер  бетінде 

көптеген  қауіп  адамдардың  нанымын 

бұрмалап пайдаланудан туып отыр. 

Қатпарлы  тарихтан  бері  бүгінге 

дейін  жалғасып  жеткен  ең  асыл 

дін – Исламның  өміршеңдігін  ұққан 

бірқатар  арам  ниеттілер  осы  діннің 

атын  жамылып,  өздерінің  ағымына 

бұрып əкетіп жүргеніне куəміз. Əсіресе, 

мұндай  арбауға  алаңғасар  жастар 

шырмалып жүр. 

Осындай 


қауіптердің 

алдын 


алу  мақсатында  еліміздің  Дін  істері 

агенттігінің  төрағасы  Марат  Əзілханов 

облысымызға  арнайы  келіп,  Қордай 

ауданына  барды.  Ондағы  мешіті  көп 

ауылдарды  аралады.  Тұрғындарының 

дінге  деген  көзқарасын  айқындайтын 

мешіттеріндегі  жай-жағдайымен  етене 

танысты. 

Қордай 

ауданында 



Масаншы 

мен  Сортөбе  ауылдық  округінде 12 

мешіт,  аудан  бойынша  Қазақстан 

мұсылмандары  діни  басқармасының 

51  филиалы  мен 6 христиан  дін  

бірлестіктері бар. Жəне бұған қоса, бұл 

ауданның  біраз  жасөспірімдері  діни 

сауатын  арттыру  үшін  Сауд  Арабиясы 

мен Пəкістан елдеріне барады екен. 

Дəл бүгінгідей уақытта қатердің сан 

алуан түрі шығып тұрғанда дін өте нəзік 

сала  болып  отырғаны  бəрімізге  аян. 

Облыс  бойынша  поликонфессиялы 

аймаққа айналып отырғандықтан да Дін 

істері  агенттігінің  төрағасы  Қордайға 

арнайы келді. 

Төраға 

іссапарын 



алдымен 

Масаншы 


ауылынан 

бастады. 

Осындағы 

«Ханафи» 

мешітінің 

жұмыстарымен  танысты.  Бұл  мешіт 

1991  жылы  құрылысы  толық  бітіп, 

мұсылман 

қауымға 

пайдалануға 

берілген  екен.  Онда  намаз  оқуға 

қажетті  барлық  жағдайлар  жасалған. 

Оған қоса, жазғы алаң да қамтылған. 

Төраға Марат Алмасұлы бұдан кейін 

Сортөбе  ауылында  орналасқан    «Əл-

Қуддус»  мешітіне  келді.  Бұл  мешіттің 

жанынан еңселі медресе ашылған екен. 

Барлық  қажетті  жағдайлары  жасалып, 

айналасы  түгел  гүлге  көмкеріліп,  көркі 

көз  тартарлықтай  əсем  салынған 

медресе осы ауылдың тұрғындарының 

өз күшімен салыныпты. 

Бұдан 

кейін 


«Мисбахуль 

Ислам»  мешітіне  атбасын  тіреген 

Марат  Алмасұлы  жазғы  сауат  ашу 

шəкірттерінің  үйреніп  жүрген  ілімдерін 

байқады.  Негізінен  дүнген  ұлтынан 

шыққан  жасөспірімдерге  тұрғылықты 

жердің  мелекеттік  тілін  меңгеріп, 

заманауи  білім  үйренудің  маңызын 

əңгімесіне арқау етті. 

Ауыл  мешіттерін  аралағанда  дін 

істері  агенттігінің  төрағасы  Марат 

Əзілханов ондағы жамағатпен жүздесіп, 

дін жөніндегі пікірлерін тыңдады. 

Жамбылдықтармен  жүздесу  Бұлар 

батыр  ауылының  орта  мектебіндегі 

алқалы жиналыста жалғасты. 

Бұл  жердегі  жиналысты  жүргізген 

аудан əкімі Қайрат Досаев:



– 

Өздеріңіз 

білесіздер, 

біздің 

ауданымыз діни наныммен жаратушыға 

құлшылық  ететін  орындары  көп 

шоғырланған 

аймақ. 

Бүгін 

діни 

ахуалдың  жай-жағдайымен  таныса 

келген  Марат  Əзілханов  төрағалық 

ететін ҚР Дін істері агенттігі өткен 

жылы  облыс  əкімдігімен  бірлесіп, 

Таблиғ  жамағаттың  біздің  елге 

жат  ағым  екендігі  жөнінде  ғылыми-

практикалық  конференция  өткізген 

болатын. Ол конференцияға көршілес 

Қырғызстан  мен  Тəжікстан  секілді 

мемлекеттерден 

де 

меймандар 

шақыртылған 

етін. 

Міне, 

бүгін 

Марат  Алмасұлы  тағы  да  аудан 

тұрғындарымен жүздесіп отыр, – деп 

басқосуды алғы сөзімен ашты. 

–  Талайғы  тарихтың  сүзгісінен 

өтіп, бізге жеткен асыл дініміз Ислам 

ешқашан 

қиянатқа 

үгіттемейді. 

Əлдекімді 

өлтіріп, 

біреудің 

мал-

мүлкін  тартып  алып,  халықтың 

ортасында 

жарылыс 

шығаруды 

жақтамақ  емес.  Мұндай  жауыздық 

əрекеттер  біздің  сеніміміздегі  нағыз 

адал  дініміз – Исламға  жат.  Сенім 

адамдарды 

араздастырмайды, 

керісінше,  ренжіскендердің  арасына 

татулықтың  ізгі  жолын  жалғайды. 

Нағыз  мұсылман  өз  жамағатынан 

бөлінбейді. Исламның атын жамылған 

түрлі  ағымдардан  біз  өзіміздің  асыл 

дінімізді  осы  бір  адалдық  белгілерінен 

ажырата  аламыз.  Кезінде  Кеңестік 

үкімет  дəуірін  жүргізгенде  дінге 

тыйым салынды. Сол уақыттарда да 

дінге  адал  берілгендер  құлшылығын 

тоқтатпады. Ал, қазір еліміздің билігі 

əр  адамның  өз  нанымына,  танымына 

еркіндік  берді.  Бірақ,  бұл  мүмкіндікті 

бір 

шаңырақ 

астына 

ұйысқан 

көпшіліктің  татулығын,  ауызбірлігін 

сақтауға  пайдаланайық,  ағайын!  – 

деген  төраға  Марат  Алмасұлы  өспірім 

балаларды  заманына  лайық,  жан-

жақты  білім  алуға  ата-аналар  қолдау 

білдіруін  де  ескере  өтті.  Айта  кетейік, 

Қордай ауданында көбірек қоныстанған 

дүнген халқы балаларының білімін ары 

қарай  жалғастыруға  оқыта  бермейді 

көрінеді. Мектеп қабырғасында білімнің 

бастапқысын  алғаннан  соң  жастар 

көбіне  отау  тігіп,  еңбекке  араласатын 

көрінеді.  Осыны  ескерсе  керек  дін 

істері  агенттігінің  төрағасы  «Бізге 

білімсіз ұрпақ қажет емес. Мемлекеттің 

бірінші  байлығы – халқы  болса,  оның 

денсаулығы  мен  білімі  аса  маңызды 

құндылық» деп баса айтты. 

Бұларбатырлық  балалардың  білімі 

төңірегінде кеңінен əңгімелеген мектеп 

директоры Гашим Джинилиров:



–  Біз  ешбір  оқушымыздың  тəртіп 

сақшыларының  бақылау  тізімінде 

жоқтығын,  ауылымыздың  бір  де  бір 

тұрғынының  ішімдікке  салынбағанын, 

есірткіқұмарлардың 

қатарынан 

еместігін мақтан етеміз, – деді. 

–  Құрметті  мейманның  өңірімізге 

қасиетті  Барақ  түнін  қарсы  алу 

күнінде,  Ораза  айының  қарсаңында 

жəне бейсенбіде келгені жақсылықтың 

нышанындай. 

Біздегі 

білімді 

имамдардың  бірқатары  осы  ауданда 

дей  аламыз.  Бұл  басқосуда  келер 

ұрпаққа  көрегенділік  көрсетердей 

келелі  əңгіме  өрбитініне  қуанамыз, 

–  деп  Қазақстан  мұсылмандары  діни 

басқармасының өкіл имамы, облыстық 

«Һибатулла  Тарази»  мешітінің  бас 

имамы  Данияр  Жұмабаев  елге  құт 

тіледі.  Ауыл  ақсақалдарының  атынан 

сөз  алған  Дау  Суахунов  аталы  сөз 

айтты.


Алқалы  жиын  ертеңіне  облыс  əкімі 

Кəрім  Көкірекбаевтың  төрағалығымен 

облыс 

əкімдігі 



жанындағы 

діни 


бірлестіктермен 

байланыстар 

жөніндегі Кеңестің көшпелі кеңейтілген 

отырысында 

жалғасын 

тапты. 


Онда  сөйлеген  облыстық  дін  істері 

басқармасының 

бастығы 

Серғали 


Айдапкелов:

–  Масаншы  ауылында  осымен 

2-ші  рет  заңсыз  медресе  анықталып 

отыр.  Əрине,  балаларға  білім  беру 

шектелмейді,  тек  ол  заң  аясында 

жүргізілгені  жөн, -дегеніне  агенттік 

төрағасы Марат Алмасұлы: «Медресе 

ашылған  соң  жасөспірімдерге  діни 

ілімді сауатты үйрете алатын білімді 

ұстазды да дайындау қажет», – деді. 

Облысымызда бүгінде барлығы 275 

мешіт  мұсылман  қауымның  игілігіне 

арналып,  жұмыс  істеп  тұр.  Олардың 

30-ы  білімді  имамдарды  қажет  етіп 

тұрған  көрінеді.  Бұл  жайынан  ҚМДБ 

хабардар  дейді  басқарма  бастығы. 

Сондай-ақ, 

облыстық 

дін 


істері 

басқармасының 

бастығы 

Серғали 


Өмірзақұлы  өңіріміздегі  имамдардың 

білімі  əлі  де  бүгінгі  күн  талабының 

сұраныстарына сай келмейтінін айтты. 

Бұған орай агенттік төрағасы жаңадан 

мешіт ашылардан бұрын оған сауатты 

имам дайындалуын тапсырды. 

Осы  жиында  Сортөбе  ауылдық 

округінің,  Байзақ  ауданындағы  Қызыл 

жұлдыз  ауылының,  Жуалы  ауданының 

Ақсай ауылының əкімдері де сөз алып, өз 

аймақтарындағы  тұрғындардың  наным-

танымы жайында баяндады. 

Басқосудың 

қорытынды 

сөзін 

түйіндеген  ҚР  дін  істері  агенттігінің 



төрағасы Марат Əзілханов:

–  Масаншы  ауылындағы  медресені 

заңдастырып, 

шетелдерде 

діни  білім  алып  жүрген  отандас 

балаларымызды 

елге 

қайтаруды 

қолға алыңыздар. Бəріміз ұлтымызға, 

діни 

нанымымызға 

қарамай 

бір 

мемлекетті 

мекен 

еткендіктен 

де  мемлекеттік  тілді  үйренуге 

міндеттіміз.  Əрине,  əрқайсымыз 

да  өз  ана  тілімізді  жоғалтпауымыз 

керек, соған қоса мемлекеттік тілдің 

мəртебесін көтеруге атсалысуымыз 

да  қажет.  Мешіттерде  сауатты 

имамдар  ойдағыдай  қызмет  етуі 

үшін жергілікті əкімшілік тарапынан 

олардың  материалдық  жағдайларын 

қажетінше 

қамтуға 

қолдау 

білдірулері  керек.  Біздің  елімізде 

жағдай  тұрақты  деуге  болады. 

Бірақ, əлемнің өзге елдерінде жағдай 

өзгеше.  Ел  ішіндегі  татулықты 

тұрақтандырып,  ынтымағымызды 

ары 

қарай 

нығайтуға 

бəріміз 

де 

үлескерміз, 

соған 

жұмыла 

атсалысайық, – деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет