Кла пан “Название газеты” ст р c m


М.ЕСЕНОВ, басқарма бастығы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата07.02.2017
өлшемі32,61 Mb.
#3618
1   2   3   4   5   6

М.ЕСЕНОВ,

басқарма бастығы, 

подполковник

Қазақстан Республикасы 

халқының тілдері мерекесіне 

байланысты Круглоозерный 

орта мектебінде 16-22 

қыркүйек аралығында 

жоспарлы түрде  ауқымды 

шара ұйымдастырылды.

Оқушылардың  ана  тіліне  деген 

сүйіспеншілігін  арттырып,  туған  тілін 

сүюге,  оны  қорғауға  және  қамқорлық 

жасауға  тәрбиелеу,  сонымен  қатар 

тіл  мәдениетін  сақтай  білуге,  тіл 

тазалығы  үшін  күресуге,  сөз  өнеріне                                                                                       

баулу  мақсатында  бас-тауыш,  орта 

буын,  жоғары  сынып  оқушылары 

арасында  мәнерлеп  оқу  байқауы, 

шығармалар сайысы  ұйымдастырылды. 

Мектеп  кітапханасында  «Ана 

тілім  –  айбыным»  атты  тақырыптық 

көрме  ұйымдастырылып,  онда  қоғам 

қайраткерлерінің  тіл  туралы  нақыл 

сөздері, мақал-мәтелдер жазылған пла-

каттар, суреттер, буклеттер қойылды.

«Тілім менің – ғасырлардан аманат» 

тақырыбында  өткен  интеллектуалды 

сайыс  барысында  оқушылар  асыл 

сөздің маржанын төгілдіріп айтып берді.

–  Ана  тіліміздің  мәртебесі  асқақтай 

берсін!  Ана  тілін  білу,  оның  қасиетін 

түсіну – біздің парызымыз. Өз ұлтына 

деген махаббаттың, құрмет пен ізеттің 

бастауы ол өз тіліңді құрметтеуден бас-

талады, – деп қазақ тілі мен әдебиеті 

пәнінің  мұғалімі  Айнұр  Сафуанқызы 

кезекті  шараны  қорытындылады.  Тіл 

мерекесіне  арналған  шаралар  бұдан 

әрі өз жалғасын табады.



А.ӘБІЛХАЙЫРОВА,

кітапхана меңгерушісі

Еліміздің елеулі 

мерекелерінің бірі – 

Қазақстан халқының тілдері 

күні. 

Бүгінде қазақ жерінде 130-дан астам 



ұлт  өкілдері  өмір  сүріп  келеді  және 

олардың  әрқайсысының  ана  тілі  мен 

ата  дәстүрі  бар.  М.Горький  атындағы 

қалалық  кітапхананың  №2  филиалы 

тәуелсіз  елімізде  тұрмыс  кешкен  ұлт 

өкілдері арасындағы достық пен бірлікті 

нығайту,  мемлекеттік  тілге  құрмет 

сезімдерін  қалыптастыру  мақсатында 

Орал  гуманитарлық-техникалық 

колледжінің  кітапханасымен  бірлесіп, 

«Тілін сүйген – елін сүйер» тақырыбында 

зияткерлік  сайысын  ұйымдастырды. 

Сайысқа  колледж  студенттерінен 

құрылған «Тапқырлар» және «Білгірлер» 

топтары қатысып, белсенділік көрсетті. 

Сайыс «Таныстыру», «Сөз тапқанға…», 

«Жедел жауап», «Өнер алды – қызыл 

тіл», «Бәрін білгім келеді» , «Қызықты 

ұйқастар»,  «Өлең  –  сөздің  патшасы, 

сөз  сарасы»  секілді  кезеңдерді 

қамтыды.  Әділқазылар  алқасы  Орал 

гуманитарлық-техникалық  колледжінің 

кітапхана  меңгерушісі  А.Сахметова, 

ұстаздары Э.Абдрахманова, А.Тлеушова 

сайыскерлерге  өз  бағаларын  берді. 

М.Горький  атындағы  Орал  қалалық 

кітапханасы атынан белсене қатысқаны 

үшін  «Тапқырлар»  және  «Білгірлер» 

топтары  алғыс  хатпен  марапатталды. 

Сондай-ақ  шара  соңында  «Тілі  бірдің 

–  тірегі  бір»  тақырыбындағы  кітап 

көрмесіне  библиографиялық  шолу 

жасалды.

 

Толқынай САРБАЕВА, 



М.Горький атындағы Орал 

қалалық 

кітапханасының №2 филиал 

кітапханашысы

Студенттер сайысты

Сөз өнері ұлықталды 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

Орал қаласы №2954

   

16 қыркүйек 

2016 жыл

Қала  аумағын  санитарлық  тазалау  және 

абаттандыру жөніндегі сенбілік күндерін өткізу 

туралы

Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік   басқару 

және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңының        31-

бабы  негізінде,  қала  аумағын  қатты      тұрмыстық   

қалдықтардан тазарту, санитарлық ахуалын жақсарту   

және        абаттандыру      жұмыстарын  орындау   

мақсатында Орал қаласының әкімдігі 



ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  2016  жылғы  қыркүйектің  24-і  және  қазанның 

8-і  күндері  Орал  қаласы  аумағын  санитарлық  та-

залау және абаттандыру жөніндегі сенбілік күндері 

өткізілсін.

2. Түсіндіру жұмысын жүргізу, іс-қимылды үйлестіру 

және нәтижелерін қорытындылау үшін Орал қаласы 

аумағын  абаттандыру  мен  санитарлық  тазалауды 

ұйымдастыру  және  басшылық  ету  жөніндегі  штаб 

қосымшаға сәйкес құрылсын.

3. «Орал қаласы жергілікті полиция қызметі» ММ-

не (М.Жардемов) санитарлық тазалау бойынша күнді 

өткізу кезінде меншік түріне қарамастан кәсіпорындар 

мен  ұйымдардың,  жеке  үй  иеліктерінің  іргелес 

аумағының  антисанитарлық  жағдайын  анықтау 

және оған жол бермеу үшін бекітілген учаскелерде 

учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру 

ұсынылсын.

4.  «Орал  қаласының  тұрғын  үй-коммуналдық 

шаруашылық,  жолаушы  көлігі  және  автомобиль 

жолдары  бөлімі»  ММ  (Қ.Мұхамбетқалиев)  қала 

учаскелерін кәсіпорындар мен ұйымдарға бөлу және 

бекіту жұмыстарын жүргізсін.

5. Өткізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан, 

кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына 2016 

жылғы  қыркүйектің  24-і  және  қазанның  8-і  күндері 

жалпықалалық сенбілік күндерін өткізу ұсынылсын.  

6. «Батыс Су Арнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» 

АҚ,  «Бат. Қаз. ЭТК» АҚ ҚФ, «Қазақтелеком» АҚ-ның 

өндірістік  инженерлік  желілерінің  иелеріне  2016 

жылғы  15  қазанға  дейін  бұзылған  абаттандыру 

элементтерін,  газондардың  өсімдік  қабатын,  авто-

мобиль жолдары мен тротуарлардың асфальт жа-

бындарын қалпына келтіру, инженерлік құдықтарды 

тазалау және люк қақпақтарын тиісті қалыпқа келтіру 

ұсынылсын.

7.  Қалалық    «Жайық  үні-Жизнь  города» 

(М.Шүйіншәлиева), «Пульс города» (С.Загидуллина)  

газеттерінің  редакторлары  қалада  өткізілетін 

аумақты абаттандыру шаралары жөнінде газеттерде 

жарияласын.

8.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау  Орал 

қаласы  әкімінің  орынбасары  А.Қайсағалиевке 

жүктелсін.  



Қала әкімі 

                          Н.ТӨРЕҒАЛИЕВ

2016 жылғы  16.09

№2954 қаулыға  

1-қосымша

Қала аумағын санитарлық тазалау және абат-

тандыру  жөніндегі  күнін  өткізу  бойынша  штаб 

құрамының тізімі:

Қайсағалиев

Алтынбек 

Кеңесұлы           

Қала әкімінің орынбасары,

штаб төрағасы

Мұхамбетқалиев

Қайрат 


Қуанышқалиұлы   

«Орал қаласының 

тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық, жолаушы 

көлігі және автомобиль 

жолдары бөлімі» ММ 

басшысы, 

төраға орынбасары



Штаб мүшелері:

Жәрдемов Мүслім 

Ғилманұлы

«Орал қаласыжергілікті 

полиция қызметі» ММ 

басшысы;


(келісім бойынша)

Әмірғалиев Болат

Жәзітұлы

КСМК ЖПК басшысы

Қадыров Әділбек

Жәнібекұлы

«Орал Таза Сервис» ЖШС 

директоры

Әбіш Ерденбек

Жылқайдарұлы

 Орал қаласы әкімі 

аппаратының баспасөз 

хатшысы

Үмбетқалиев 



Жанболат

Қажымұлы


«Орал қаласының сәулет 

және қала құрылысы 

бөлімі» ММ басшысы

Есболсынов 

Ерболат

Есенгелдіұлы                         



«Орал қаласының 

кәсіпкерлік бөлімі» ММ 

басшысы

Төремұратова 



Жансұлу 

Меңешқызы

«Орал қаласының білім 

беру бөлімі» ММ басшысы



«№25 орта жалпы білім беретін мектебі» 

ММ азаматтық бос лауазымдық орынға 

конкурс жариялайды:

Химия  пәні  мұғалімі,  оқыту  тілі  –  орыс-

ша – 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі 

қызметкердің орнына).



Конкурсқа  қатысу  үшін  қойылатын 

талаптар:  жоғары  педагогикалық  немесе 

арнаулы  орта  білімі,  3  жылдан  кем  емес 

еңбек өтілі және санаты болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар төмендегідей 

құжаттар тапсырады:

-  Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

-  Жеке куәлігінің көшірмесі.

-    Кадр  есебі  жөніндегі  жеке  іс-парағы 

(мекенжайы, телефоны көрсетіледі).

-  Білімі, біліктілігі туралы құжаттарының 

көшірмелері.

-  Еңбек кітапшасы, СТН, ӘЖК көшірмелері.

-  Алдын ала медициналық куәландырудан 

өткені туралы құжаты.

Құжаттар хабарландыру жарияланғаннан 

бастап  15  күнтізбелік  күн  ішінде  мына 

мекенжайға тапсырылуы қажет:

 Жезқазған 

көшесі №7; 23-88-30.

Орал қаласының №44 жалпы орта білім 

беретін мектебі бос лауазым орнына кон-

курс жариялайды:  

Мемлекеттік  сатып  алу  менеджері    –    1 

бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын 

талаптар:

Жоғары білімді (заңгер).

Еңбек өтілі 3-5 жыл.

Конкурсқа қатысуға қажетті  құжаттар:

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

2. Жеке куәлігінің көшірмесі.

3. Кадр есебі жөніндегі жеке іс-қағазы.

4. Білімі, біліктілігі туралы құжаттарының 

көшірмесі.

5. Еңбек кітапшасының көшірмесі.

6. Медициналық тексеруден өткені туралы 

құжат.

7. Сотталмағаны туралы анықтама.



8. Фотосурет – 2 дана.

Құжаттарды  қабылдау  хабарландыру 

жарияланған  күннен  бастап  15  күнтізбелік 

күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 



БҚО, Орал қаласы, Д. Қонаев атындағы 

шағынаудан, 54-үй. Телефоны: 28-69-84.

Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігі  білім 

басқармасының  «Облыстық  көру  қабілеті 

бұзылған балаларға арналған арнаулы мек-

теп-интернаты»  коммуналдық  мемлекеттік  

мекемесі  бос орындарға конкурс жариялай-

ды.

Психолог – 0,5 бірлік (орыс сыныптарына).

География  пәнінің  мұғалімі  –  6  сағат  (орыс 

сыныптарына).

Интернаттағы  тәрбиеші  –  2  бірлік  (негізгі 

қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне)

Тәрбиешінің  көмекшісі (түнгі ауысымда) – 2 

бірлік (негізгі қызметкердің бала күту демалысы 

мерзіміне)

Қойылатын талаптар: педагогикалық  жоғары 

немесе  арнаулы  орта  білімді,  педагогикалық 

тәжірибесі бар.

Бала дәрігері – 1 бірлік.

Көз дәрігері – 1 бірлік.

Медбике – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала 

күту демалысы мерзіміне).

Іс жүргізуші – 1 бірлік.

Электрик – 1 бірлік.

 Сантехник – 1 бірлік.



Қойылатын талаптар: мамандық бойынша 

жоғары немесе арнаулы орта білімі, еңбек өтілі, 

санаты болуы керек.

Қажетті құжаттар тізімі:

Көрсетілген үлгідегі өтініш.

 Жеке құжаттың көшірмесі.

Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған 

жеке  іс-парақ  (нақты  тұратын  мекенжайы  мен 

байланыс телефондары көрсетілген). 

3х4 фотосурет.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына 

сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.

Денсаулық  жағдайы  туралы  анықтама  (086 

форма).


Сотталмағаны туралы анықтама.

Мекенжай анықтамасы.

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар  ха-

барландыру  шыққан  соң  15  күнтізбелік  күнде 

төмендегі  мекенжайға,  қабылдау  бөлмесіне 

тапсырылуы қажет: 



БҚО, Орал қаласы, Алма-

тинская көшесі 109/4, телефон: 28-39-52.

КГУ  «Областная  специальная  школа-ин-

тернат  с  нарушением  зрения»  управление 

образования акимата Западно Казахстанской 

области объявляет конкурс на основе правил 

проведения  конкурса  на  вакантную  долж-

ность гражданских служащих:

Психолог  –  0,5  ед.  (изучаемых  классов  на 

русском языке)

Учитель  географии  –  6  часы;  (для  русских 

классов)

Воспитатель в интернате – 2 ед. (на период 

отпуска по уходу за ребенком основного работ-

ника)


Помощник воспитателя (в ночной смене) – 2 

ед.  (на  период  отпуска  по  уходу  за  ребенком 

основного работника)

Требования к участникам конкурса: высшее 

или  среднее  специальное  педагогическое  об-

разование, категория, стаж работы.

Педиатр – 1 ед.

Офтальмолог – 1 ед.

Медсестра – 1 ед. (на период отпуска по уходу 

за ребенком основного работника).

Делопроизводитель – 1 ед.

Электрик – 1 ед.

Сантехник – 1 ед.



Требования к участникам конкурса: образо-

вание высшее, средне-специальное, категория, 

стаж работы.

Перечень документов:

Заявление об участии в конкурсе.

Копия документа, удостоверяющего личность.

Заполненный личный листок по учету кадров 

(с указанием фактического места жительства и 

контактного телефона).

Копии  документов  об  образовании,  в  соот-

ветствии  с  предьявленными  к  должности  ква-

лификационными требованиями.

Копия  документа,  подтверждающего  трудо-

вую деятельность.

Документ о прохождении медицинского осмо-

тра (форма 086у).

Справка об отсутствии судимости.

Адресная справка.

    Документы для участия в конкурсе должны 

быть представлены в течение 15 календарных 

дней с момента опубликования по адресу: 



ЗКО, 

г.Уральск, улица Алматинская 109/4, контакт-

ный телефон: 28-39-52.

  Орал  қаласының  №46  жалпы  орта 

білім беретін мектебі бос орынға конкурс 

жариялайды:

Орыс  тілі  мен  әдебиеті  пәндерінің 

мұғалімі – 1 бірлік (декреттік демалыстағы 

қызметкердің орнына).



Қойылатын талаптар: Жоғары және ар-

наулы орта педагогикалық білімі болуы тиіс.



Қажетті құжаттар:

Еңбек кітапшасының көшірмесі.

Медициналық кітапша көшірмесі.

Диплом көшірмесі.

Біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі.

Кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы.

Жеке құжаттары, тезтікпе. 

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар 

хабарландыру  шыққан  соң  15  күнтізбелік 

күнде мына мекенжайға тапсырылуы қажет: 



Орал қаласы, Жаңа орда 30, тел: 30-42-75.

«Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев 

атындағы  мектебі»  КММ  бос  лауазым 

орнына  орналасуға ашық конкурс жария-

лайды:

Мектепалды  даярлық  сыныбының 

тәрбиешісі (уақытша декреттік демалыстағы 

мұғалімнің орнына) –  2 бірлік.



Біліктілікке  қойылатын  талаптар: 

жоғары білім, еңбек өтілі, санатының болуы 

қажет.

Қажетті  құжаттар:  конкурсқа  қатысу 

жөніндегі  өтініш;  жеке  куәлігінің  көшірмесі; 

еңбек  кітапшасының  көшірмесі;  білімі  ту-

ралы  құжатының  көшірмесі;  медициналық 

кітапшасының  көшірмесі;  сала  бойынша 

білімін  жетілдіргендігі  туралы  құжаттардың 

көшірмесі,  сотталмағандығы  жөніндегі 

анықтама. 

Көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы 

құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару 

үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа  қатысу  үшін  қажетті  құжаттар 

хабарландыру  шыққан  соң  15  күнтізбелік 

күннің  ішінде    мына  мекенжай    бойынша 

тапсырылуы  тиіс: 

Тасқала  ауданы,  Абай 

көшесі,  34.  Конкурс  мектепте  өткізіледі. 

Анықтама үшін телефон: 21-4-21.

Кеше облыстық кәсіпкерлер 

палатасы жанындағы 

кәсіпкерлердің құқықтарын 

қорғау жөніндегі кеңестің 

кезекті отырысында қала 

шегіндегі мақсатты түрде 

пайдаланылмаған жер телімдері 

туралы мәселе қаралды.

Аталмыш кеңес төрағасы Қайдар Қапанов 

бұл  мәселенің  кеңестің  күн  тәртібінен 

түспейтінін атап өтіп: – Өткен жылы проку-

ратура органдарымен бірлесе Орал қаласы 

аумағындағы ауыл шаруашылық жерлерінің 

пайдаланылу  барысын  тексердік.  Кеңес 

мүшелері  жерді  бизнес  өкілдеріне  бөліп 

беру  жұмыстарының  ашық  жүргізілгенін 

қалайды.  Мұндай  тексерістер  алдағы 

уақытта аудандар көлемінде де жүргізіледі, 

– деді.


Орал  қалалық  жер  қатынастары 

бөліміндегі  жер  қатынастары  жөніндегі 

заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеріс 

нәтижесімен  қалалық  прокуратураның 

бөлім  басшысы  Асылбек  Қадырәлиев  та-

ныстырды.

  –  Елбасының  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарында  ауыл  шаруашылық  жерлерін 

орынды  пайдалану  мақсатында  нарық 

айналымына  енгізу  мәселесі  қойылды. 

Сондай-ақ  жер  телімдерін  пайдалануға 

алу  үдерістерін  оңтайландыру,  ауыл 

шаруашылық жерлерінің игерілуін тұрақты 

қадағалау,  иесіз  жерлерді  мемлекет 

қазынасына  қайтару  керектігі  көрсетілді. 

Аталмыш тексеріс нәтижесінде ұзақ уақыт 

пайдаланылмаған  үш  ауылшаруашылық 

құрылымындағы  –  2000  гектардан  астам, 

сондай-ақ мақсатты түрде пайдаланылмаған 

бес  мың  гектардан  астам  коммерциялық 

бағыттағы жер телімдері анықталды, – деген 

прокуратура өкілі орын алған олқылықтарды 

түзету  жөнінде  жергілікті  әкімдікке  және 

жауапты мекемеге ескертілгенін жеткізді.

Қала  әкімінің  орынбасары,  жер 

комиссиясының  төрағасы  Марс  Сатыбал-

диев  бұл  бағыттағы  жоспарлы  жұмыстар 

туралы мәлімдеді. 

–  Қала  әкімдігі  жер  мәселесіне  бай-

ланысты  шараларды  ашық  жүргізуге 

мүдделі. Тексеріс нәтижесінде анықталған 

кемшіліктерді  жою  мақсатында  бірқатар 

жұмыстар  атқарылды.  Ұзақ  уақыт 

пайдаланылмаған  ауыл  шаруашылық 

жерлеріне  қалалық  жер  қатынастары 

бөлімінің  тағайындауымен  қызметтік 

тексеріс  жүргізілді.  Игерілмеген  жерлер 

туралы  мәлімет  тиісті  шара  қолдану  үшін 

облыстық  жерді  пайдалану  мен  қорғауды 

бақылау  басқармасына  жіберілді.  Биыл 

ауыл шаруашылық ұйымдарынан мақсатты 

түрде  игерілмеген  1,5  мың  гектарға  жуық 

жер  телімдері  мемлекетке  қайтарылып 

алынды.  444  гектар  жер  материалдары 

соттың  қарауында.  Жерді  мақсатты  түрде 

пайдаланбаған  кәсіп  иелеріне  әкімшілік 

айыппұл  салынады.  Кейбір  шаруалардың 

жалға алу мерзімі өтіп кеткендіктен, жерлері 

мемлекет  меншігіне  қайтарылды,  –  деді 

Марс  Қадырғалиұлы.  Сонымен  қатар  жер 

комиссиясының тәртібі және ережесі туралы 

қала әкімдігінің қаулысы өз күшінде екенін 

айтты.  Бұдан  әрі  облыстық  кәсіпкерлер 

палатасының бөлім басшысы Мағрипа Ниги-

шева жер комиссиясының жұмысы мен жер 

телімдерінің  берілу  тәртібінің  ашықтығын 

қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспа-

рына тоқталды. 

БҚО кәсіпкерлер палатасы директорының 

орынбасары  Н.Мақсотовтың  айтуынша, 

бизнес  өкілдерінен  түсетін  өтініштердің 

жартысына  жуығы  жер  мәселесіне 

қатысты. – Жер телімдерін алу, пайдалану, 

бөлу  жөніндегі  кәсіп  иелерінің  өтініштері 

негізінен  жер  комиссиясына  жолданған. 

Олар  комиссия  жұмысының  ашықтығын, 

ондағы  талқыланатын  мәселелерге  биз-

нес  өкілдерінің  қатысуын,  жерді  бөлу 

кезінде  әкімдік  тарапынан  шығарылатын 

шешімдердің заңды және дәлелді болуын 

талап  етеді.  Біз  әкімдіктерге  арналған  он 

бес қадамнан тұратын жоспар дайындадық. 

Соған сәйкес бизнес өкілдерінің ұсыныстары 

негізінде  арнайы  шаралар  қабылдадық,  – 

деді Нұржан Ерболатұлы. 

  Ағымдағы  жылдың  сегіз  айында 

кәсіпкерлерден  түскен  сексеннен  астам 

өтініштің 57-сі оңды шешілген. Оның ішінде 

33  өтініш  жер  мәселесіне  қатысты  болып 

отыр. 


Ләззат ҚАЖЫМОВА

«Жерді мақсатты пайдаланған дұрыс»

Орталық коммуникациялар 

қызметі БҚО филиалында 

сейсенбіде өткен баспасөз-

мәслихатына Теректі ауданының 

әкімі М.Мұқаев қатысып, 

үстіміздегі жылдың сегіз айында 

атқарылған жұмыстар және 

ауданның келешек әлеуметтік-

экономикалық дамуы туралы 

баяндады. 

Түрлі  ұлт  өкілдері  ынтымақты  өмір 

сүріп  жатқан  Теректі  ауданы  аумағын 

республикалық  маңыздағы  тас  жол,  темір 

жол  кесіп  өтеді.  Батыс  Қазақстандағы 

жалғыз  халықаралық  әуежай  да  осы 

ауданның еншісінде. Яғни, Теректінің жан-

жақты дамуына мүмкіндік мол. 

Аудан  әкімі  Мұрат  Мұқаев  өнеркәсіп 

саласының  негізгі  кәсіпорындары  ретінде 

ауыр дистиллянттық сұйық отын, газойлдық 

фракция, қайта айдау қалдықтарын өндіретін 

–  «B.N  GаsOіl  Processing»,  алкогольсіз 

сусындар  шығаратын  –  «Жайыкгидрогео-

логия»,  тазартылған және тазартылмаған 

күнбағыс майын шығаратын – «Теректі май 

комбинаты» ЖШС-терін атап өтті.  

Алдағы  уақытта  екі  инвестициялық  жо-

баны  іске  асыру  есебінен  өндіріс  көлемін 

өсіруді көздеп отырмыз. Оның бірі – мұнай 

өнімдерін  қайта  өңдеу  зауыты  құрылысы 

–  «ABS-мұнай»  ЖШС  және  «УралТэк-Не-

фтеХим»  ЖШС  негізінде  мұнай  өнімдерін 

сақтау базасын қалпына келтіру, лак-бояу 

өнімдерін өндіру. Осы жобалар ойдағыдай 

іске  асса,  200-ден  астам  жұмыс  орыны 

ашылып,  мұнай  өнімдерін  шығару  көлемі 

жылына  0,8-1  млн.тоннаға  жетеді  деп 

күтілуде, – деген Мұрат Рахметұлы халықты 

баспанамен қамту жайының шешімін таба 

бастағанын,  ағымдағы  жыл  басынан  бері 

12079 шаршы метр тұрғын жай пайдалануға 

берілгенін  жеткізді.  Бұл  орайда  ауданда 

Ақжайық, Юбилейное, Тоқпай, Жаңа Өмір, 

Федоровка  ауылдарында  инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылымды дамы-

ту жобалары бастау алған.

Көлік-логистика инфрақұрылымын дамы-

ту  мақсатында  көлік-логистика  орталығын 

салу  жоспарда  тұр.  Индустрия  аймағын 

құру  шеңберінде  Ақсуат  селолық  округі 

аумағынан  286  га  жер  телімі  бөлінген. 

Күні  бүгін  ирандық  инвесторлардан  100 

га аумаққа жылыжай кешенін салу туралы 

ұсыныс түскен.

Аудан басшысының айтуынша, биылғы 

егін  түсімі  жақсы  болып,  шаруалар  гекта-

рынан 24,8 ц/га орташа өнімділікпен күздік 

бидай,  10,9  ц/га  орташа 

өнімділікпен  қара  бидай, 

11,9 ц/га жаздық дақылдар 

жинап алған.  

А у д а н   х а л қ ы н   ө з 

көкөнісімізбен қамтамасыз 

етуге  әлеуетіміз  толық 

ж е т е д і .   Е н д і ,   о с ы 

дақылдарды  мол  алу 

үшін  100  га  астам  жер-

ге  тамшылатып  суару 

жүйесі  енгізілді.  Сондай-

ақ жалпы қуаты 2 935 тон-

на  бір  көкөніс  қоймамыз 

бар.  Ауданда  алма  өсіру 

шаруашылығы  да  дамып 

келеді.  Мысалы,  Барба-

стау ауылында «Жером» қожалығы 112 га 

жерде алма ағаштарын отырғызды. Келер 

жылы 25 га жерге алма ағаштарын отырғызу 

жоспарланып  отыр,  –  деген  аудан  әкімі 

мал  шаруашылығына  қарай  сөз  ауанын 

бұрды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы 

мәлімет бойынша, мүйізді ірі қара басы – 

104,5  пайызға,  қой  саны  –  101,9  пайызға, 

шошқа  –  110  пайызға,  құс  100,8  пайызға 

өскен. Аудан бойынша қазір 3647 бас асыл 

тұқымды мал бар. Биылдың өзінде 331 бас 

асыл тұқымды ірі қара (245 бас герефорд, 86 

бас қашар), 80 бас етті бағыттағы қазақтың 

ақбас тұқымды бұқасы  сатып алынған. Жал-

пы, ауданда 15 асыл тұқымды мал ұстайтын 

шаруашылық бар. Соның ішінде 11 қожалық 

етті  ірі  қара  өсірумен,  үш  қожалық  сүтті 

бағытта  жұмыстанады.  Бір  шаруашылық 

Көшім асыл тұқымды жылқысын өсіруге ден 

қойған. 2017-2020 жылдар ішінде «Сыбаға», 

«Құлан»,  «Алтын  асық»  мүмкіндіктерін 

пайдалана отырып, 2430 ірі қара, 200 бас 

жылқы, 3500 қой сатып алу көзделіп отыр. 

«Бизнестің  жол  картасы  –  2020» 

бағдарламасы шеңберінде жалпы құны  184 

млн. теңге тұратын  тоғыз жобаны жүзеге 

асыру жоспарланған.  Оның ішінде  туризм 

саласын дамыту бойынша –  екі жоба, жол 

бойындағы  бизнесті  дамыту  –  екі  жоба, 

өңдеу  өндірісін  дамыту  –  екі  жоба,  сауда 

және қызмет көрсету саласын дамыту – үш 

жоба.  Осы    жобаларды  жүзеге  асырған 

жағдайда 65 адамды жұмыспен қамту және 

мемлекет бюджетіне түсер қаржы көлемін 

көтеру  мүмкін болады. 

Сондай-ақ  биыл  Приречный,  Федоров 

орта мектептері күрделі жөндеуден өтпек. 

Федоровка  ауылында  Бейбітшілік  көшесі 

күрделі жөнделеді. Жыл аяғына дейін жол 

жөндеу, су шаруашылығы нысандары мен 

көпірлер    жөндеу,  елді  мекендерді  абат-

тандыру  сынды  24  жобаны  жүзеге  асыру 

жоспарда тұр. Бұл 132 жаңа жұмыс орынын 

ашуға септесуі тиіс.

Теректіге көгілдір отын құбыры келгеніне 

көп болмаса да, елді мекендерінің газбен 

қамтылуы  60  пайызға  жетті.  52  ауылдың 

31-і көгілдір отын желісіне қосылған. Қазіргі 

таңда  Ұзынкөл  ауылының  әлеуметтік  ны-

сандарын  газбен  жабдықтау  ісі  аяқталды. 

Талпын,  Мақпал  ауылдарына  құны  14,6 

млн.теңге тұратын газ құбыры тартылуда. 

Ауданның  20  елді  мекеніне  газ  жеткізуге 

ЖСҚ дайындауға техникалық-экономикалық 

негіздеме жасалуда. 

А у д а н н ы ң   1 7   е л д і   м е к е н і 

орталықтандырылған  су  желісімен 

қамтылған.  Желі  ұзындығы  223  738  км. 

Халыққа қажет нысандардың тоқталыссыз 

қызмет жасауы үшін  «Теректі Таза су» ЖШС 

құрылды. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен 

қамту үшін Сарыөмір, Аңқаты, Новопавлов-

ка,  Ақжайық,  Ақсуат  ауылдарындағы  бес 

нысанды жаңғыртуға жалпы құны 807 млн.

теңге сметалық құжаттама жасақталды. Осы 

жобалар  жүзеге  асқан  кезде  халықтың  51 

пайызы таза су тұтынатын болады. 

Елбасының  өзі  жол  инфрақұрылымын 

жолға қоюды тапсырған болатын. Аудандық 

маңызы  бар  жолдарды  ағымдағы  жөндеу 

және  күтіп  ұстауға  26  млн.  теңге  бөлінді. 

Жайық  және  Покатиловка  ауылда-

ры  арасындағы  қатынас  жолын  жөндеу 

жоспарға қойылып, оған 2 971,3 мың теңге 

бөлінбек.  

Бұдан  әрі  аудан  басшысы  әлеуметтік 

салаға,  соның  ішінде  денсаулық  сақтау, 

білім  беру  салаларына,  жұмыспен  қамту, 

қауіпсіздік,  саяси  жағдайға  жеке-жеке 

тоқталып  өтті.  Брифингтің  келесі  бөлімі 

сұрақ-жауапқа  кезек  келді.  Аудан  басшы-

сы  журналистер  сауалдарына  жан-жақты 

жауап берді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет