Кла пан “Название газеты” ст р c m



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата07.02.2017
өлшемі32,61 Mb.
#3618
1   2   3   4   5   6

Шұғыла УЙСИМБАЕВА

М.Ықсанов атындағы №36 орта 

мектебінің география пәні мұғалімі 

Кембридж тәсілін қолданамын



Толқын ҚҰРАМЫСОВА, мұғалім:

– Көптеген зобалаңдардан өткен халқымыз 

қаншама рухани құндылықтарынан айырыл-

ды.  Ғасырлар  бойы  тек  қазақ  халқына  тән 

өзгешеліктерді қасиет тұтудан гөрі «дамыған 

батысқа»  еліктеушілік  әдетке  айналды. 

Тіпті,  адамға  есім  қоюдың  өзінде  батысқа 

еліктеушілік  белең  алды.  Роберт,  Рикардо, 

Арнольд, Эдуард деген шүлдір есімдер пайда 

болды.  Қазір  осы  есімдердің  орнын  ұлттық 

ерекшелігімізге қатысты жаңа есімдер басу-

да.  Бұл  –  құптарлық  жәйт.  Мәселен,  менің 

немеремнің аты Нұрәли. Әдемі есім. 

Сәлима, көпбалалы ана:

–  Мен  14  құрсақ  көтерген  анамын.  Оның  ішінде  үш  жұп 

егіздерді дүниеге әкелдім. Марқұм қартым ғұмыр бойы шопан 

болды. Жасым сексеннен асты, бірақ өзімді жақсы сезінемін. 

Аллаға шүкір, шөбере-шөпшек сүйіп отырған жайым бар. Он 

төрт баланың әрбірінің атына мән беріп отырдық. Қыздарымды 

Меңсұлу, Маржан, Құралай, Айгүл, Нұргүл, ұлдарымды Асыл-

бек, Нұрлыбек, Ертарғын, Ерсайын, Ержан деп өмір сүрген 

заманымызға қарай жақсы есімдермен атадық. Өйткені әрбір 

қойылған  есімнің  ар  жағында  балаларымыздың  тағдыры 

тұр деп есептедік. Үбірлі-шүбірлі болудан қазіргі жас аналар 

қашпауы  керек.  Ұрпақ  жалғастырып,  сәби  сүю  –  бағасыз 

байлық. Көп баланы дүниеге әкелген анаға Алланың да нұры 

жауады. 


Руслан СҰЛТАНОВ, облыс имамы:

– Бала дүниеге келгесін бір аптадан кешіктірмей ат қою қажет. Балаға 

ат қою тәртібі азан шақырумен басталады. Баланың басын Құбылаға 

қаратып жатқызып, оң жағында тұрып азан, сол жағында қамат айта-

ды.  Соңынан:  «Сенің  атың  пәлен  болсын»,  –  деп  құлағына  қойылған 

есімді  үш  рет  естіртеді.  Ата-анасының  перзенті  алдындағы  борышы 

осымен басталады. Хадисте: «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы 

ат қою және жақсы тәрбие беру», – делінген. Басқаны былай қойғанда 

ата салтымызды ардақтап, ұл-қызымызға ежелден қалыптасқан нағыз 

қазақ  есімдерін  қою  –  отаншылдық  рухта  тәрбиелеуде  маңызы  зор. 

Мұсылманда  балаға  әдемі  ат  қою,  мүбәрак  есім  беру  –  басты  шара. 

Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.):  «Қиямет  күні  өз  аттарыңыз  және 

әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға 

жақсы ат қойыңыздар» деген екен. 

Ж

аңа туған 



сәбиге 

есім таңдауда 

қазақтан шебер 

халық жоқ. 

Алайда, әрбір 

ата-ана баласына 

ат қоярда оған 

жауапкер-

шілікпен 

қарағаны, 

мың ойланып-

толғанып 

барып қойғаны 

абзал. Өйткені, 

есімдердің адам 

өміріне ықпалы 

өте айрықша. 

Қазанның құлағын қағып,                

ат қойған

Азан  шақырып  ат  қою,  яғни  азан 

шақырып,  қазанның  құлағын  қағып  aт  қою 

– мұсылмандықты қатаң ұстанатын ортада 

нәрестеге  ат  қоюды  рәсімдейтін  ғұрыптың 

ерекше  түрі.  Ата-ананың  біреуі  (көбінесе 

әкесі)  баланы  басын  құбылаға  қаратып 

ұстайды.  Ат  қоятын  молда  намазын  өтеп, 

азан шақырып, баланың оң құлағына ата-ана-

сы таңдаған есімді айтады. Нәрестені қолына 

ұстап  тұрып  ұл  баланың  оң,  қыз  баланың 

сол құлағына «мұның аты – пәленше, сенің 

атың – түгенше» деп үш мәрте айқайлап ай-

тады да, келесі құлағына Құраннан сүрелер 

оқиды.  Бұл  рәсім  үш  рет  қайталанады. 

Рәсім  аяқталарда  дұға  оқылады,  қатысқан 

туысқандары  балаға,  оның  ата-анасына 

тілектер  айтып,  үлкендер  бата  береді. 

Мұндай ескі салт бойынша, ат қою рәсіміне 

жиналғандардың  ішінен  біреуі  қазанның 

құлағын даңғырлата қағып, балата қойылған 

атты  үш  қайтара  қайталап,  жұртқа  жария 

етеді. Қазақ салтында үй иесі баласына ат 

қойып берген адамға жол-жоралғы береді, ат 

мінгізіп, оқалы тон жабады. Кейде сауын мал 

береді немесе қыстық соғым атайды. Өйткені, 

бала  атын  қойған  адамға  тартады  деген 

ырым бар. Егер ат қоюшы адам үйден ренжіп 

аттанса,  бала  мінезі  тұрақсыз,  өкпелегіш, 

ренжігіш,  тентек,  сотқар  болып  кетеді  деп 

ұйғарады. Егер атын қойған атасы ақ батасын 

беріп, риза болып аттанса, бала мінезі жай-

дары  болады,  білімді-білікті,  ақылды-арлы 

азамат болып өседі деп сенеді.

Ырымға жүгіну қанымызда бар

Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген 

дәстүр.  Соның  ішінде  бала  туысымен  ең 

алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары 

жақсы ырым саналған.

 От ауызды орақ тілді, 

ділмар-шешен, көсем, батыр, балуан, өнерпаз 

адамдарды төбесіне көтеріп құрметтеп, жаңа 

туылған балалардың атын соларға қойғызған. 

Баласы қарақұлақтанған кезде сондай киелі 

адамдар  отырып,  тұрып  кеткен  жеріне,  ба-

лам соған тартсын, мінезді, текті, болсын деп 

солардың орнына үш рет аунатып алатыны 

тағы  бар.  Егерде  әулеттің  үлкендері  болса, 

немере-шөберелерінің  есімдерін  ата-әжесі 

қояды. 

Біздің  дана  халқымызда  «балаға  қандай 



ат  қойылса,  оның  болашақ  тағдыры  соған 

байланысты  болады»  деген  сенім  бар. 

Адам  есімдерін  зерттеуші  ғалымдардың 

дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай 

әсер  етеді.  Сәбилерді  неғұрлым  көркем 

есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы 

соған сәйкес көркемделе түседі.

Қазақы есімдердің мәні неде?! 

Балаға  артық  саусағына  қарай  Артық, 

Артықәлі, Артықбай, Қосекен, тіл-көз тимейді 

деп  Жаманбай,  Қойшыбай,  Ошақбай,  Те-

зекбай,  дені  сау  болсын  деп  Шымырбай, 

Тастемір,  Тасболат,  сәби  шетіней  берсе 

Аман,  Аманкүл,  Есен,  Жүрсін,  Тоқтар, 

Тұрсын,  көп  жасасын  деген  ниетпен 

Жүзжасар,  Жүзбай,  Мыңжасар,  Өмірбек, 

Тоқсанбай,  Ұзақбай,  беделді,  құрметті 

болсын деп Абай, Абылай, Жәнібек, Махам-

бет  т.б.,  мерзімінен  бұрын  дүниеге  келген 

нәрестеге Шалабай, Лекер, Шалабек, көптен 

күткен,  тілеп  алған  жағдайда  Тілеуқабыл, 

Тілеуберген,  Құдайберген,  Арман,  Бақыт, 

Мақсат, Мұрат, Қуаныш т.б. атаған. Айта бер-

сек,  мұндай  мысалдар  жетерлік.  Қыздарға 

аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, 

қымбат  маталардың,  нәзік  өсімдіктердің 

атауын бергенін де білеміз. 

Ұл күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына 

Ұлтуған,  Ұлмекен,  Ұлбосын,  Ұлтуар,  Ұлжан 

тәрізді  есімдерді  таңған.  Егер  де  баланың 

бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ба-

лаларын соған сәйкес Қалдыбай, Меңдігүл, 

Меңсұлу  деген  тәрізді  есімдермен  де 

атаған.  Баласы  қайтыс  болғаннан  кейін 

шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, 

біздің  ата-бабаларымыз  оны  шетінеп  кет-

кен  ұл-қызының  орнына  келгендіктен,  сол 

баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, 

Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға 

айналдырған. Ата-бабаларымыз жаңа туған 

нәрестеге  көз  тимесін,  өмірі  ұзақ  болсын 

деген  ниетпен  баласына  әдейі  мағынасы 

сиықсыз  есімдерді  де  қойған.  Мұндай 

дәстүр  қазақтарда  ғана  емес,  орыстарда 

да  бар.  Орыс  халқында:  Клавдия  (ақсақ), 

Ардалион  (лас),  қазақ  халқында:  Жаман, 

Қиқым,  Шоқпыт,  Сасық  секілді  есімдер 

осындай  ырым-жоралғылардың  нәтижесі. 

Алайда қазіргі заманда бұрынғыдай сиықсыз 

есімдер  балаға  сирек  қойылады.  Құдайға 

шүкір, қазір балаларын орысша атау (Мила, 

Света,  Тимур)  тыйылып  келеді.  Олардың 

орындарын  егемендік  алғалы  Нұрсұлтан, 

Айсұлтан,  Нұрәлі,  Темірлан,  Айдана,  Ай-

наз,  Еркеназ,  Мансұр,  Әлихан,  Айзере, 

Зере, Даяна, Аяна, Әлішер, Бей-

барыс  секілді  есімдер  басты.     

     Ғылыми деректерге сүйенсек, 

а д а м н ы ң   т у ғ а н   к е з е ң і н і ң , 

маусымның  тағдырға  тигізер 

әсері мол. Әсіресе, қысты күндері 

туғандардың  басты  қасиеті 

пысықтық,  көктемде  туғандарға 

жұмсақтық,  жаз  мезгілінде 

туғандарға  қайырымдылық, 

күзде  туғандарға  шаруақорлық 

қасиеттер тән екен. Есімдері түрлі 

әріптен басталатын жас жұбайлар 

есімдері  ұқсас,  бір  әріптен  ба-

сталатын  адамдарға  қарағанда 

бақытты өмір сүреді-мыс.

Өзге халықтардан енген 

есімдер көп

Халқымызда  ежелгі  түркі, 

а р а б ,   и р а н   е с і м д е р і   к ө п . 

Әсіресе  күнделікті  өмірде  көріп 

жүргеніміздей,  араб  есімдері: 

А б ы л а й   ( а т а ,   ә к е ) ,   А и д а 

(сыйақы,  пайдалы), 

Әсел (бал), Әмина (сенімді), Асхат (бақытты, 

сәтті), Ғазиза (сүйікті, қымбатты), Ғани (бай), 

Данияр (жақын, таныс), Динара (күміс ақша), 

Жамал (әдемі, тартымды), Қадыр (құрметті), 

Мәлік (патша), Мұхтар (ерекше, таңдамалы), 

Рәзия (сүйікті, тартымды), иран есімдері

: Ай-

дана (ақылды, дана), Айнагүл (таза, мөлдір), 

Ахан  (темір),  Бақтияр  (бақытты,  қалаулы), 

Бибігүл (Гүл шашқан ханым), Дана (даныш-

пан, ақылды), Жәния (нәзік жанды), Раушан 

(көрнекті,  ашық-жарқын),  Рүстем  (батыр, 

ержүрек), түрік есімдері Айлин, Әмина, Айша, 

ұйғыр есімдері



 Ділназ, Гүзел, Адель, Гүлзар, 

Арслан, татар



 есімдері Замира, Зухра, Му-

нира, Насима аттары елімізде кең таралған.

Салтты жаңғырту қажет

Атадан  балаға  жалғасып,  ұрпақтан-

ұрпаққа  ұласып  келе  жатқан  ізгі  дәстүр, 

тамаша  салттарымыздың  бірі  –  ат  тергеу. 

Өзінен  үлкен  адамның  атын  тура  атау  – 

тәрбиесіздік  болып  табылады.Қазақтың 

келіні өзі түскен шаңырақтың үлкен-кішісінің, 

яғни жолдасының туысқан-туғандарының ат-

тарын тіке атамай құрметтеп, ізет көрсеткен. 

Үлкенін сыйлап, кішісін еркелетіп шақырған. 

Ата-енесі  мен  қайын-қайнағаларына  ғана 

емес  тіпті  өзінен  бұрын  түскен  абысын-

ажындарына дейін жарасымды ат тауып қоя 

білген. Олар ат қойғанда үлкен адамдардың 

жасы  мен  жолына,  туыстық  жақындығына 

қарап,  «атекем»,  «төраға»,  «үлкен  аға», 

«кенже аға», «сыпайы аға», «бай атам», «би 

ағам» деп атай беретін. Өзімен тұрғылас, те-

телес қайныларын кескін-келбеті мен мінез-

құлығына сай «дәу қайным», «мырза жігіт», 

«кішкенем», «ақ төрем», «мырзатай», «төре 

жігіт», «кенже бала», «сұңғағым», «жүйрігім» 

деп  әзілдей  шақырса,  қайын  сіңлілерін 

«еркем»,  «серігім»,  «үкілім»,  «томпағым», 

«үлпілдегім»,  «шырайлым»  «сырғалым», 

«арайлым», «шашбаулым», «кекілдім» деп 

еркелете атайтын болған. Осылардың қай-

қайсысы да жүрекке жылы, құлаққа жағымды 

естілетін  еді.  Кейінгі  жылдары  қызметіне 

байланысты  «доктор  қайынаға»,  «әртіс 

қайным», «сәнқой абысын», «тентек балдыз» 

деген  сияқты  атаулар  да  қалыптасты.  Бір 

айта кетерлік жай – нағыз көргенді, инабат-

ты  келіндер  өзінің  құшағында  жатқан  жан-

жарының  да  есімін  тура  атамай  «Түгенше 

жанның көкесі», «Отағасы», «Осы үйдегі кісі» 

деп әспеттеп, сыпайылап отырады. Бұл ерлі-

зайыптылардың  сыйластығының  бір  үлгісі 

болса керек.

Қазақ


 келіндері атқойғыштығымен қатар 

ат  тергеуге  де  құмар.  Алда-жалда  ата-

енесінің,  тағы  басқа  үлкен  адамдардың 

аты  аталатын  сөз  кезіксе  оны  айтпай 

орағытып,  өзге  мағыналас  сөздермен  ал-

мастырып  (мысалы:  қозыны  –  қошақан, 

аманды – есен, жолды – соқпақ, Сүлейменді 

–  су  иесі,  көрпені  –  жамылғы  деген 

сияқты)  атайды.    Халық  аузындағы  қайны-

қайнағаларының  аты  Өзенбай,  Қамысбай, 

Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай 

болып келетін келіншектің  «Сарқыраманың 

арғы жағында, сылдыраманың бергі жағында, 

маңыраманы  ұлыма  жұлып-жұлып  жеп 

жатыр.  Білемені  жанымаға  жанып-жанып 

әкелсін» дейтін ат тергегіштік аңызын бәріміз 

білеміз. 

Бертінге  дейін  ауылдағы  жеңгейлер 

де  жаңағы  айтқан  келіндерден    кем 

түсе  қоймайтын.  Сол  жеңгейлерімізге 

қайнағаларының  аттарын  айтқызғымыз 

келіп, қанша әуреленсек те ісімізден ештеңе 

өнбейтін. Қулар құрған тұзағымызға түспей, 

синонимдермен  жауап  беріп,  орайын  та-

уып  құтылып  кете  беретін.  Әсіресе  Жібек 

есімді жеңгемізге қайнағасы болып келетін 

әкеміздің  атын  айтқыза  алмаушы  едік. 

Ауылда  Серіктер  бірнешеу  болғанымен, 

әрқайсысын  өзінше  атауға  үйреніп  алған. 

Біреуін  «служак»,  біреуін  «тума»,  біреуін 

«қайнаға» деп жүргені. 

Қазіргі  енелер  келіндерінің  «қақпас»,                      

«мыстан»  деп  атамағанына  мың  да  бір 

шүкіршілік  айтып,  «бабушка»,  «енешка» 

дегенін қанағат тұтатын болды. «Аликтің ма-

масы», «Ана үйдегі кемпошка», «Маратиктың 

бабулясы»  деген  немқұрайлы  атауға  да 

құлақтары үйреніп, еттері өліп бітті. Кәрінің 

ізін басу, Алла ғұмыр берсе ақ жаулықты ана 

мен ақсақал атанудан ешкім де қаша алмас. 

Ендеше,  асыл  жеңге,  ару  келіндеріміздің 

құлағына алтын сырға. Ата-ене сыйлаудың, 

үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетудің 

үлгісі  болып  есептелетін  осы  үрдісті  қайта 

жаңғыртуымыз керек.    

Сериалдағы есімдер жайлады

Кеңес  Үкіметі  кезінде  Партия,  Револю-

ция, Октябрь, Съезд, Советбек, Сайлаукүл, 

Космос  секілді  ныспыларға  әуестенген 

халқымыз соңғы жылдары жаңа әдет тапты. 

Қаптаған  түріктің,  үндінің,  бразилиялықтар 

мен  мексикалықтардың  телесериалдарын 

жібермей  тамашалайтын  қандастарымыз 

сүйікті  кейіпкерлерінің  есімін  балаларына, 

немерелеріне  беруді  жиілетті.  Бұл  сұмдық 

қой.    Қазақ  халқы  өз  тарихында  дана  һәм 

дара есімдерге бай. Оның үстіне, мұсылман 

дініне  байланысты  мағыналы  есімдерді  де 

орнымен  қоя  білген.  Ең  бастысы,  түріктің 

сериалдарына  еліктеп,  өзімізге  ұнаған 

актерлердің  есімін  қоюды  тоқтатып,  қазақ 

халқының  ұлттық  болмысын  көрсететін 

мағыналы, салиқалы есімдер қоюды әдетке 

айналдырайық.  Балаға  ат  қою  –  оның 

болашағына жол салу екенін ұмытпайық!

Айнагүл СЕРІКҚЫЗЫ

Есім қойғанда ескеріңіз!..



КЛА

ПАН  “Ж

айык уни”      10-1

1 ст

р 

 

C

M

Y

K

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет