Мира ХАМЗАҚЫЗЫ,
Суретті түсірген А.НҰРАШ
ТІЛДІҢ ЖАЙЫН ТЫҢДАДЫ
Өңірдің даму көрсеткіштері
Өнеркәсіп өндірісі
2016 жылғы қаңтар-тамызда
өнеркәсіп өндірісінің көлемі
қолданыстағы бағамен
975,3 млрд. теңгені құрады.
Осы аралықта кен өндіру өнеркәсібі және
карьерлерді қазуда 864,0 млрд. теңгенің
өнімі өндіріліп, өткен жылдың қаңтар-
тамызымен салыстырғанда нақты көлем
индексі 96,1% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 77,2 млрд.
теңгенің өнімі өндірілген, бұл
былтырғы қаңтар-тамыз деңгейінен
2,5%-ға жоғары: химиялық өнеркәсіп
өнімдерін өндіру – 3,7 есе, мұнай
өңдеу өнімдерін өндіру – 41,6%-ға,
металлургия өнеркәсібі 5,9%-ға өсуі
есебінен жоғарылады.
Тамақ өнеркәсібінің үлесіне
өңдеу өнеркәсібі көлемінің 35,6%
тиесілі. Аталмыш кезеңде 26,4
млрд.теңгенің тамақ өнімдері
өндірілді. Басқа да тамақ өнімдерін
өндіру көлемі – 6,4%-ға және ұн
тарту өнімдері 4%-ға өсті.
Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі
535,8 млн.теңгені құрады. Өнімнің нақты
көлем индексі 2015 жылғы қаңтар-тамыз
деңгейіне тоқыма бұйымдарын өндіру
– 74,2%-ға, киім өндіру - 87% құрады.
2 0 1 5 ж ы л д ы ң қ а ң т а р - т а м ы з ы м е н
салыстырғанда төсек жаймаларды шығару
төмендеді.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі
10,1 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жыл
деңгейінен 41,6%-ға жоғары. Былтырғы
қаңтар-тамызбен салыстырғанда газойли
өнімін шығару жоғарылады.
Өзге металл емес минералдық өнімдер
5,6 млрд. теңгеге өндірілді. Нақты
көлем индексі 2015 жылдың қаңтар-
тамыз деңгейіне 82,2%-ды құрады. Өткен
жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда
бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы
бұйымдар және тауарлық бетон өндірісі
төмендеді.
Металлургия өнеркәсібінде өндіріс
көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2015
жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 5,9%-
ға жоғары. Түрлі диаметрдегі құбырлар
өндірісі өсті.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру
және ауа баптау жөніндегі кәсіпорындарда
өндіріс көлемі 30,2 млрд.теңгені құрады.
Нақты көлем индексі 2015 жылғы қаңтар-
тамыз деңгейіне 99%-ды құрады.
Сумен
жабдықтау,
к ә р і з ж ү й е с і ,
қалдықтардың
жиналуын және
таратылуын
бақылау жөніндегі
кәсіпорындарда
өндіріс көлемі
3,9 млрд.теңгені
құрады, бұл 2015
жылғы қаңтар-
тамыз деңгейінен
12,8%-ға жоғары.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жалпы
өнімінің көлемі қаңтар-тамызда об-
лыс бойынша 63311,2 млн. теңгені
құрады, оның ішінде 14615,4
млн. теңге – өсімдік
шаруашылығы өнімдері
және 48469,9 млн. теңге
– мал шаруашылығы
өнімдері.
Мал шаруашылығы жалпы
өнімінің нақты көлем индексі
2015 жылдың сәйкес кезеңімен
салыстырғанда – 103,5%-ды,
өсімдік шаруашылығы 119,2%-
ды құрады.
О б л ы с т ы ң б а р л ы қ
шаруашылық санаттары
бойынша биылғы қаңтар-
тамызда 48,0 мың тонна
(2015 жылдың осындай кезең
деңгейіне 103,2%) мал мен құс
(тірі салмақта) союға өткізілген
н е м е с е ш а р у а ш ы л ы қ т а
сойылған, 171,2 мың тон-
на (104,1%) сиыр сүті сауылған, 102,8
млн. дана (100,1%) тауық жұмыртқасы
өндірілген.
Негізгі ет өндіруші болып Ақжайық
(ет өндірісінің жалпы көлемінің 13,2%),
Жаңақала (13,2%), Қазталов (12,9%), Зеле-
нов (11%) және Теректі (8,3%) аудандарының
шаруашылықтары есептеледі.
Сүт өнімінің қомақты көлемі Зеленов (сүт
өндірісінің жалпы көлемінің 17,5%), Ақжайық
(14,1%), Теректі (13,5%), Қазталов (10,3%)
және Шыңғырлау (6,2%) аудандарының
шаруашылықтарында өндірілген.
Тауық жұмыртқасының өндірісі Орал
қаласы маңындағы аумақтарда (облыс бо-
йынша жалпы көлемнің 43,9%) және Зеленов
(34,4%) ауданының шаруашылықтарында
шоғырланған.
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі
түрлерін өндіру көлемінде жұртшылықтың
жеке қосалқы шаруашылықтарының үлесі
басымырақ. Бұл шаруашылық санаттары
мал мен құсты союға өткізу көлемінің 56,5%,
сүт өндірудің - 75,4% иемденіп отыр.
Үстіміздегі жылғы 1 қыркүйектегі жағдай
бойынша ірі қара мал басының саны 536,1
мың басты (2015 жылдың сәйкес мерзімі
деңгейіне 103,5%), қой – 1172,7 мың басты
(103,3%), ешкі – 233,1 мың басты (98,5%),
жылқы – 152,8 мың басты (111%), шошқа
– 26,5 мың басты (94,7%), түйе – 2,9 мың
басты (101%), құс 879,9 мың басты (96,7%)
құрады.
Құрылыс қарқыны
Қаңтар-тамызда орындалған
құрылыс жұмыстарының
көлемі 55,9 млрд.теңгені не-
месе былтырғы қаңтар-тамыз
деңгейіне 113,3% құрады.
916 жаңа ғимарат, оның ішінде 847
тұрғын үй және 69 тұрғын үйге жатпайтын
ғимараттар пайдалануға берілді. Тұрғын үй
құрылысына 11914,9 млн. теңге инвестиция
бағытталған немесе 2015 жылғы қаңтар-
тамыз деңгейіне 100,6%.
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің
жалпы алаңы 149,2 мың шаршы метрді
құрады, пайдалануға берілген тұрғын үйдің
нақты көлемінің индексі 2015 жылғы қаңтар-
тамыз деңгейіне 104,3% құрады.
Жұртшылық қаражаты есебінен 98,9 мың
шаршы метр тұрғын үйлер, республикалық
бюджет қаражаты есебінен 21,8 мың шар-
шы метр жалға берілетін коммуналдық
тұрғын үйлер, кәсіпорындардың жеке
қаражаты есебінен 28,5 мың шаршы метр
коммерциялық тұрғын үйлер пайдалануға
берілді. Іске қосылған тұрғын үйлердің
көбеюі Орал қаласында және Бөкей ордасы,
Жаңақала, Қазталов, Теректі, Шыңғырлау
аудандарында байқалады.
Инвестициялық ахуал
2016 жылғы қаңтар-тамызда
негізгі капиталға салынған ин-
вестиция көлемі қайта бағалау
есебімен 226,6 млрд. теңгені не-
месе 2015 жылдың қаңтар-тамыз
деңгейіне 118,1% құрады.
Инвестициялардың технологиялық
құрылымының 35,9%-ын ғимараттар мен
үймереттердің құрылысы және күрделі
жөндеу бойынша жұмыстар, 34,4%-ын –
машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар,
29,7%-ын басқа күрделі жұмыстар мен
шығындар құрады.
Инвестициялық салымдардың 84,9 %-ы
– өнеркәсіпке, 5,5%-ы – жылжымайтын
мүліктермен жасалатын операцияларға,
4,3%-ы көлік және қоймалауға бағытталған.
Н е г і з г і к а п и т а л ғ а с а л ы н ғ а н
инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (127,7
млрд.теңге), Зеленов (65,5 млрд.теңге)
аудандарында және Орал қаласында (25,2
млрд.теңге) байқалады.
Бөлшек сауда
2016 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек
сауда көлемі өткен жылғы тиісті
кезеңмен салыстырғанда 0,9%-ға аза-
йып 159,3 млрд. теңгені құрады.
Сауда кәсіпорындары арқылы тауарлар-
ды өткізу көлемі 61,8 млрд. теңгені құрады
немесе нақты мәні 2015 жылғы қаңтар-
тамызға қарағанда 14,7%-ға азайды. Жеке
кәсіпкерлермен, соның ішінде базарда
сауда жасайтындармен сауда көлемі өткен
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
нақты мәні 10,4%-ға жоғарылады, аталған
өткізу арнасының үлесі бөлшек сауданың
жалпы көлемінде 61,2%-ды құрады. Бөлшек
сауда құрылымында азық-түлік емес та-
уарлар басым (бөлшек сауданың жалпы
көлеміне 59,8%).
Осы жылдың 1 қыркүйегіне бөлшек
саудадағы саудамен айналысатын
кәсіпорындардың таратылғанға дейінгі
тауарлық қорлардың көлемі 8,5 млрд.
теңгені құрады, саудадағы күндері – 35 күн.
Облыстағы бөлшек сауданың жалпы
көлеміндегі аса жоғары үлес салмақты
Орал қаласы (68,1%), Бөрлі (10%) және
Ақжайық (3,6%) аудандары құрады.
Көлік кәсіпорындарының
жұмысы
2016 жылғы қаңтар-тамызда
облыс көліктерімен 25 млн. тонна
әр түрлі жүк тасымалданды, жүк
тасымалдау көлемі 2015 жылғы
қаңтар-тамызбен салыстырғанда
0,6%-ға өсті.
Жүк айналымының көлемі 1696,6 млн.
тонна/шақырымды құрады, бұл 2015 жылғы
сәйкес кезеңдегі деңгейден 6,1%-ға жоғары.
Облыс бойынша есепті кезеңде 289,1 млн.
жолаушы («жеке тасымалдау» көлемін
бағалау есебімен) тасымалданды, бұл
2015 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден
0,1%-ға аз.
Осы кезеңде жолаушы айналымы 2015
жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда
11,2%-ға өсіп, 5691,7 млн. жолаушы/
шақырымды құрады.
Байланыс қызметі
Ауылдық жерлерде 2016
жылдың қаңтар-тамызында
пошталық және курьерлік
кәсіпорындарымен 51,3 млн.
теңгеге қызмет көрсетілді,
бұл 2015 жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда
2,7%-ға аз.
Осы кезеңде электр байланысы
кәсіпорындарымен 1092,9 млн.
теңге көлемінде қызмет көрсетілді,
бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы
көлемнен салыстырмалы бағаларда
9,4%-ға аз.
Ауылдық жерлердегі байла-
ныс қызметінен түскен табыстар
құрылымында қомақты үлесті Ин-
тернетке қолжетімділікті ұсыну
қызметі – 34,3%, жергілікті телефон
байланысы – 34%, байланыстың өзге де
қызметтері 16,2% иемденіп отыр.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне ауылдық
жерлердегі тіркелген телефон желілерінің
саны – 47,7 мың бірлікті, тіркелген Интернет
абоненттерінің саны 13 мың бірлікті құрады.
Батыс Қазақстан облысының
Статистика департаменті
12
№38 22.09.2016
zhaik_yni@mail.ru
ОҚЫРМАН СЫБАҒАСЫ
9
zhaik_yni@mail.ru
№38 22.09.2016
ДӘСТҮР
Патриоттық шара
Таяуда облыстық зағип және
нашар көретін азаматтарға арналған
арнаулы кітапханада «Еңбек түбі –
береке» атты Орал оқу-өндірістік
кәсіпорны жұмысшыларымен кездесу
өтті.
Е ң б е к к ү н і м е р е к е с і қ а р с а ң ы н д а
ұйымдастырылған шараға облыстық көру
қабілеті бұзылған балаларға арналған мек-
теп-интернат және А.Тайманов атындағы №34
мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Шара барысында қазақ зағиптар қоғамына
қарасты Орал оқу-өндіріс кәсіпорнының дирек-
торы И.Хамзин және
аталмыш кәсіпорында көп
жылдар еңбек еткен кітапхана оқырмандары
М.Мұхамбетова Б.Сатыбалдиев, М.Байдуәлиев
өздерінің өмір жолдары, еңбек етудің қажеттілігі
жайлы әңгімелеп, жас ұрпақты талапты, ынталы
болуға шақырды. Балалар қонақтарға өздерін
қызықтырған сұрақтарды қойды. Сонымен бірге
«Береке бастауы – тынымсыз еңбек» атауымен
зағип жандар жасаған өнімдер көрмеге қойылып,
Қазақ зағиптары Мәдениет үйінің өнерпаздары
концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай 20 қадам» атты бағдарламасын
ұсынып, әлеуметтік саясатты бәсекеге қабілетті,
жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға бағыттауды
міндеттеді. Біздің табысты дамуымыздың
кепілі болатын бұл тапсырмаларды орындау –
барлығымызға міндет.
Кербез ҚАДЫРБЕКОВА,
кітапхананың бөлім басшысы
Ұстаздың жүгі – ауыр. Сол жүкті
қасқая көтеретін, шәкірт бойына
ақыл-ой, адамгершілік, ұлттық сана-
сезімді сіңіретін жан – тәрбиеші.
Балабақшада берілген тәлім –
барлық тәрбиенің бастамасы.
Балабақшада кішкентайлардың ой-өрісін
дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің
маңызы зор. Ұстаздың мақсаты – ойын арқылы
баланың ойлау дағдыларын, таным белсенділігін
арттыру. Ойын кез келген баланың пәнге
қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамы-
тады. Бүлдіршінді балабақшадан бастап жақсы
мінез-құлыққа, инабаттылыққа баулу – ата-ана-
лар мен тәрбиешілердің міндеті. Балалармен
жұмыс тәрбиешіден көп күш-қуатты талап етеді.
Мектепке дейінгі ұйымда бала тілінің дұрыс
дамуына назар аударған жөн. Халқымыз өз
ұрпағын бесікте жатқан кезінен ауыз әдебиетінің
құндылықтарымен тәрбиелеген. Баланың
адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста
қалыптасады. Олар түсінгенін, қабылдағанын,
естігенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.
Бөбекжайларда тәрбиеленушілердің жан-
жақты тәрбие және білім алуына жағдай жаса-
лып, топ бөлмелері қажетті көрнекіліктермен
жабдықталуы керек. Мұғалім балалардың
жақын досы болуы тиіс, ал еркелетуге сақтықпен
қараған жөн. Тәрбиешінің міндеттері: бала-
ларды дұрыс тәрбиелеу, өз тобындағы әр
бүлдіршінге ұқыптылықпен, қамқорлықпен
қарау, олардың денсаулығына байланысты
дәрігер талабын орындау, ата-аналармен
жұмыстану, педагогикалық кеңестің жұмысына
қатысу, өз жұмыстары туралы жоспар құрып,
есеп беру, сабаққа ұқыпты дайындалу.
Педагог өз тобындағы балдырғандарды
мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
Сондықтан ол бір баланың ғана емес, әр
баланың жүрек түбінен орын алуы тиіс. Сонда
ғана бала ұстаз мейірімін бойына сіңіреді. Еге-
мен еліміздің ертеңі ұлағатты тәрбиемен, оқу-
біліммен өлшенеді. Ол үшін бізден жан-жақты
шығармашылық ізденіс қатаң талап етіледі.
Мойнымыздағы жүкті жеңілдету, келешек
ұрпақтың қамын ойлау – өз қолымызда.
Роза ҚУАНЫШҚАЛИЕВА,
№47 «Бәйтерек» бөбекжайының
тәрбиешісі
Тәрбиешілерге талап қатаң
Балабақша жасындағы бүлдіршіндерді ертегі
арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Ертегі арқылы
балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруға
болады. Сол себепті №31 балабақшада ертегілер
әлеміне саяхат жасау жиі ұйымдастырылады.
Ертегі арқылы балалар өз ойларын айтып, ойларын жетілдіре
білуге және тақпақтарды тез ұғынып, жаттап алуға дағдыланады.
Ертегілер қойылымына балалардың қызығушылығы жоғары.
Жуырда бүлдіршіндеріміз «Шұбар тауық» ертегісін сахналады.
Кейіпкерлерді бөліп алған бүлдіршіндеріміз рөлдерін жақсы ойнап
шықты. Сонымен қатар «Қызыл телпек», «Мақта қыз», «Мақтаншақ
түлкі», «Үш дос» ертегілері оқылып, балалар мазмұндарын айтып
берді. Біздің мақсатымыз – олардың балабақшада болған кездегі
қызықты күндерін, осы уақыт ішінде жиған тәрбиесін, үйренген білімін
ашып көрсету, мерекелік көңіл күй сыйлау болатын. Сол үдеден
шықтық деп есептейміз.
Гүлмирам СҰПЫҒАЛИЕВА,
тәрбиеші
«Ертегілер бізде қонақта...»
№31 «Балдәурен» бөбекжайында таяуда
«Спорттық кедергілер» сайысы өтті.
Балалардың жарыс ойындарына қызығушылықтарын
тудыру, өзара достық қарым-қатынас орнату
мақсатындағы шара «Кім жылдам», «Кенгуру»,
«Кедергілерден өт», «Көңілді доп», «Картошканы ек
те жина» кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Жа-
рыс соңында жеңімпаз топтарға мақтау қағаздары
табысталды. Балабақша әдіскері В.Төремұратова мен
медбике М.Құбашева сайыскерлерге денсаулық тілеп,
дәрумендер таратты.
Жаз бойы өткен шаралар нәтижесінде әдіскер-
тәрбиешілер кішкентайларға жан-жақты тағылымды
тәрбие беруге тырысты. Тәрбиеленушілер де бос
уақыттарын мағыналы өткізіп, белгілі бір бағытта
білімдері мен қабілеттерін жетілдіргені сөзсіз.
Алмагүл ИЩАНОВА,
бөбекжай тәрбиешісі
Жайдарлы жаз қызықтары
Еңбек адамдарымен
жүздесті
Таяуда №41 «Ақ тілек» бөбекжайында «Отбасы
– бақыт мекені» атты апталық ұйымдастырылды.
Отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты
нығайту мақсатындағы апталыққа бөбекжайдағы барлық
топтар атсалысты. Бір топ ашық ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетін, басқалары – көрме мен отбасылық
жарыс өткізді. Айталық, «Еркемай» тобы балалардың
денсаулығын нығайту, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене
шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар
арқылы дамыту, ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста
болу мақсатында «Әкем, шешем және мен»
атты сайыс
ұйымдастырдық. Спорттық шараға топтан төрт команда қатысты.
Тыңғылықты дайындықпен келген сайыскерлер өте жақсы өнер
көрсетті. Нәтижесінде бірінші орынды – Пигаревтар («Спор-
тсмены» тобы), екінші орынды – Қайырмановтар («Достық»),
үшінші орынды Әлиевтар («Короли») және Серіковтер («Сұңқар»)
жанұялары иеленді. Жеңімпаздар арнайы грамоталармен, кубок-
тармен марапатталды.
Әсел ОТАРОВА,
бөбекжай тәрбиешісі
«Әкем, шешем және мен»
Ел Тәуелсіздігінің
25 жылдығына орай
М.Горький атындағы
қалалық кітапхана
залында «Әлем
таныған азат ел»
патриоттық сағаты өтті.
Шараға кітапхана оқырмандары
мен Орал гуманитарлық-
техникалық колледжінің
студенттері қатысты.
Ең алдымен оқырманға қазақ
халқының бостандыққа ұмтылған
асқақ арманы мен қайсар рухының
жемісі – Тәуелсіздікке жету жолында
кездескен қиындықтар мен егеменді ел
атанғалы жеткен жетістіктер жөнінде
мәлімет берілді. «Мәңгілік елге» бағыт
алған елімізді көркейтіп, шаңырағын
биіктету – кейінгі ұрпақтың міндеті. Оны
жастар жақсы түсінуі және жұмыла
еңбек ете білуі керек. Тақырып аясында
қатысушылар өз ойларымен бөлісіп,
Тәуелсіздік туралы толғаныстарын
жеткізді. Студенттер ақындардың
өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Шара
«Әлем таныған азат ел» тақырыбындағы
кітап көрмесінің таныстырылымымен
тәмамдалды.
М.МАШИРОВА,
кітапханашы
Таяуда М.Горький
атындағы
орталықтандырылған
қалалық кітапхананың
№13 филиалының
ұйымдастыруымен
Отбасы күніне орай «Үлкен ел
- үлкен отбасы» тақырыбында
жанұялар сайысы
ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты - отбасы
құндылықтарын насихаттау, Отбасы күні
мерекесі қарсаңында мәдени-рухани
демалыс ұйымдастыру болатын.
Ата-аналар мен балалардың жан-
жақтылықтарын бақылауға бағытталған
сайыс «Таныстыру», «Жағдаяттардан
шығу», «Бізден сұрақ – сізден жауап»,
«Фотодағы бүлдіршіндерді тап», «Өнерлі
өрге жүзеді», «Ән жұмбақ», «Менің
балам», «Өз үйім – өлең төсегім» сынды
кезеңдерден тұрды. Осы байқауға қызмет
алушы ІІ топтағы мүгедек Бақтияр Мусин
анасы Римма Сүндетовамен қатысып,
бақ сынады.
«Тегін білу – тектілік» демекші,
алғашқы кезеңде әр отбасы өздерін әр
қилы таныстырып өтті. Шараның бұл
кезеңіңде Бақтияр өлең шумақтарымен
өрілген таныстыруын орындады.
«Өз үйім – өлең төсегім» кезеңінде,
отбасылар кірпіштен үй қалап ,
«Отбасында қандай құндылықтар
сақталса іргесі берік болады» деген сауал
төңірегінде үй құрастырды. Бұл сында
Бақтиярдың анасы Римма Сүндетова
жақсы нәтижеге жетіп, төрешілердің
көңілінен шықты.
Шараға белсенділікпен қатысқан
қызмет алушы Бақтияр Мусин анасы
Римма Сүндетовамен бірге «Өнерлі
рухты отбасы» номинациясын жеңіп
алды. Барлық қатысушыларға кітапхана
атынан дипломдар мен кітап сыйлыққа
табыс етілді. «Жігерлі жастар» қоғамдық
бірлестігі де Отбасы күнімен құттықтап,
аналарымызға гүл шоқтарын ұсынып,
естелік сыйлықтармен марапаттады.
Ж.НҰРАШОВА,
бөлім меңгерушісі
Бақтияр белсенділік
танытты
Жаңашыл мұғалім ретінде орта білім
беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге
қол жеткізген Кембридж тәсілінің
теориялық негіздерімен танысып,
сабақта қолданысқа енгіздім.
«География сабақтарында АКТ, СТО техноло-
гияларын тиімді пайдалану» тақырыбында 5-11
сыныптар аралығында жұмыстанып келемін.
Мектепке алғаш жас мұғалім болып келгенімде
оқушыларға кітаптағы мәтінді өзім түсіндіруге,
кен орындары мен пайдалы қазбаларды
сәйкестендіруді тақтадан немесе картадан
көрсету арқылы дайын білім алуға үйрететінмін.
Мұндай әдістің еш нәтиже бермейтіндігін түсініп,
қазіргі таңда іс-тәжірибеме көп өзгерістер енгіздім.
Оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен
оқып, жазып, нәтижесінде жаңаша бір мәселені
біліп, жаттығуларына мүмкіндік жасауды үйрендім.
Қазіргі таңда жаңа білім игеру мақсатында
оқушының өз бетімен жасаған жұмыстарына
үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырамын.
География пәнінің ерекшелігі сол, теориямен
қатар сарамандық және өзіндік жұмыстар әрқашан
бір-бірін толықтырып отырады. Оқушының өз
бетінше орындалуына берілетін әрбір тапсырма
оның қабілеті жететіндей, түсінікті, бағдарламаға
сай, мазмұны қызықтыратындай әр түрлі болуын
қадағалаймын. Өз бетімен жұмыстану оқушыларды
тиянақтылыққа, сабырлылыққа, бастаған ісін
аяқтауға баулиды. Мысалы, оқушылардың өз
бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше
түрлерін сабақтың әр кезеңінде ұйымдастырамын.
Теория мен жасалған іс-тәжірибенің ұштасуы
маңызды рөл атқаратынын ескеремін.
Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций
«Естігенімді ұмытамын, көргенімді есте
сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді
түсінемін» деген екен. Яғни оқушыларға тек
теориялық білім беріп қана қоймай, практиканы
өмірден алып, өмірмен байланыстыру арқылы білік
дағдыларын дамытуға міндеттіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |