Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата08.02.2017
өлшемі9,9 Mb.
#3665
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

164

ҒА Л Ы М  БЕЙ Н Е С ІЕ С Т Е Л ІК Т Е Р Д Е
Естелік  -   тарихи  дерек  көзі.  Оның  басты  нысанасы  адам 
болғанмен  замана  лебін,  уақыт  тынысын,  кеңістік  ерекшеліктерін 
дөп  басып  тануға  тигізетін  септігі  өлшеусіз.  Бұл  жанрдың  үлттың 
тарих  ғылымында  орныққанына  бірнеше  ғасырлар  етіпті.  Мәселен, 
естеліктің  алғашқы  үлгісін  Бабырдың  «Бабырнамасынан»  кездестіру- 
ге  болады.  ХІХ-ХХ ғасырларда  ІІІоқан,  үлы  ойшыл  Абай,  М.Әуезов, 
Қ.Сәтбаев  жайлы  естеліктер  молынан  қағазға  түсірілді.  Мінс,  осы 
дәстүрдің  тәуелсіздік  түсында  сапалы  жаңа  биікке  көтерілгені, 
халқымыздың  біртуар  перзенттері  жайлы  әлденеше  естеліктер  жари- 
яланып, ендігі ғалымдардың ізденісіне,  азаттық идеясымен суғарылған 
қоғамдық  сананы  қалыптастыруға  оңтайлы  септігін  тигізіп  жатқа- 
ны  басы  ашық  ақиқат.  Солардың  бірі  -   «Ермүқан  Бекмаханов  тура­
лы  естеліктер»  кітабы -   2005  жылы  жарык  керген  екен.  Қазақ,  орыс 
тілдерінде  жазылған  естеліктерді  әйгілі  ғалымның  адал  жары Халима 
Адамқызы  Бекмүхамедова  -   Бекмаханова  40  жылдан  бері  жинақтап, 
қүрастырғанын айрықша атап өткеніміз жөн, Осындай үқыптылықтың, 
асыл  азаматтың  рухына  қүрметтің  арқасында  қазақтың  талай  асыл 
перзенттерінің өз уақытында жазып  қалдырған естеліктері  кезі  келген 
сәтте халқына жетіп отыр.
«Азимур»  баспасынан (редакторы -   Т.Әзімханова) шыққан кітап 
үш  бөлімнен  түрады,  полиграфиялық  сапасы  тәуір.  Бірінші  бөлімгс 
қазақ  тілінде  жазылған  25  естелік  топтастырылыпты.  Бөлім  Шота 
Уәлихановтың  «Бекмаханүлы  -   Абылайдың  үрпағы»  атты  зерттеуі- 
мен ашылады да,  белгілі ақын-жазушылар З.Ақышевтің,  Д.Әбілевтің, 
С.Байжановтың,  Х.Есенжановтың,  академиктер  С.Бейсембаевтың, 
М.Ғабдулиннің,  М.Қозыбаевтың,  К.Нүрпейісовтың,  балалық  шақтың 
қызығын  Ермүқанмен  бірге  бөліскен  қүрдастары  С.Суханбердиннің, 
Б.Қазықановтың, 
Т.Оразовтың, 
ғалымның 
шәкірттері 
Д.ІІІай- 
мүхановтың,  Т.Қаратаевтың,  С.Исаевтің,  Т.Түрлығүловтың  естелік- 
терімен  жалғасады.  Бүларда  ғүлама  ғалым  текті  әулеттен  шыкқаны, 
оқуға  зеректігі  мектептегі  кезінен  байқалғаны,  өмірлік үстанымдары
165

бала  жасынан  әділдік,  адалдык  рухымен  шыңдалғаны  нақты  айғақ- 
дәлелдермен  суреттеледі.  «Ермұқан  қай  пәнге  болмасын  өте 
ұқыптылықпен  дайындалатын,  бастаған  ісін  толық  аяқтауға  тырыса- 
тын  -   деп  жазыпты  сыныптас  досы  Б.  Қазықанов  — ұстамдылықтың, 
әдептіліктің,  турашыл  принципшілдіктің  белгілері  сол  кездің  өзінде- 
ақ  оның  іс-әрекеттерінен,  жүріс-түрысынан  байқалатын.  Музыканы 
сүйетін,  аздап  домбыра,  мандолин  шерте  білетін,  өлең  шығарумен 
айналысатындығы бар-ды».
Болашақ  ғалымның  бойындағы  бүл  қасиеттер  ержеткен  соң 
одан  әрі  шыңдалып,  оның  әлеуметтік-кәсіби  және  рухани-имандық 
болмысының  мәнді  белгісіне  айналады.  Білімге  қүштарлық,  қапысыз 
таңдаған кәсібі -  тарих ғылымына жанкешті еңбек етуі, қоғамдық-гума- 
нитарлық ғылымдардың әр саласынан кемел даярлығы  -  бәрі үздіксіз 
ізденіспен  есейгенін  айғақтайды.  «Тарихшыларды  былай  қойғанда, 
одан әр мәселеде талай әдебиетшілер  мен  ақын-жазушылардың ақыл- 
кеңес,  консультация алып жүргенін сан рет көргенім бар,  -  деген жол- 
дарды оқимыз  Кеңестер  Одағының батыры М әлік Ғабдуллин естелігі- 
нен.  -   Егер  Ермүқанның  ақыл-кеңесі  болмаса,  «Қобыланды  батыр» 
жырын  терең  зерттеуге  бармаған  да  болар  едім.  Сол  ақылы  үшін  мен 
оған  оның  көзі  тірісінде  де,  одан  кейінгі  кезде  де  шексіз  алғысымды 
айтумен келемін».
Үлыларға бірін бірі тануы үшін кәп кездесудің,  үзақ-сонар әңгіме- 
дүкен  қүрудың  қажеті  жоқ  екен.  Соғыс  жылдарында  Б.  Момышүлы 
«История  Казахской  ССР» 
кітабының  академиялық  басылымын 
оқып,  жас  тарихшы  Е.Бекмахановтың  талантын  жазбай  таниды.  Ал 
1946  жылы  докторлық  диссертацияны  қоргаған  Ермүқанға  Кеңес 
Армиясының  полковнигіне 
тиесілі  үш  мың  сомдық  карточкасын 
және  1,5 мың сом ақша беруін қиын сәтте қолын  созуы деп қана емес, 
таланттың болашағына салған инвестициясы ретінде түсінгеніміз жон 
шығар.  «Мен Ермүқанньщ ХҮІІ-ХҮІІІ  ғасырлардағы  қазақ  халқының 
тарихы жөніндегі  біліміне таң қаламын,» -  деген екен Баукең жазушы 
М.Қалдыбаевқа шерткен  сырында.
50-жылдардың  басында  «Казахстан  в  20-40-е  годы  XIX  века» 
монографиясы  үшін  Е.Бекмаханов  үлтшыл  атанып,  25  жылға  бас 
бостандыгынан  айрылғаны  белгілі.  Естелік  кітапты  парақтай  оты- 
рып,  ғалымның  соңына  шам  алып  түскендер,  қолдан  келсе  күйелеп 
қалуға  тырысқандар  қуғын-сүргіннен  ақталып  келгеннен  соң  да  аз 
болмағанын  көреміз.  1957  жылдың  ерте  кектемінде  Қазақ  универси-
166

тетіндегі  шолақ  белсенді  Зайкин  көр-жерді  сылтауратып,  Ерекеңці 
партиядан шығармақ болыпты. Бұл жолы ұстазын қорғауға студенттер 
белсене  кіріседі.
«Біз,  студенттер қауымы,  - д е п  еске алыпты сол оқиғаны С.Исаев,
-   Хрущевке  XX  партсъездің  тарихи  інешімдерін  қолдайтынымызды, 
елде демократия  дәуірінің  басталғанын,  Сталиннің  кезінде дарынды, 
адал  адамдардың  жазықсыз  қуғын-сүргінге  үшырағандарын,  ешқан- 
дай  әділеттіліктің  болмағанын, 
сондай  ізгі  жандардың  бірі  тарих 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Ермүқан  Бекмахановтың  жала- 
мен жапа  шегіп,  бар ғылыми  атақтарынан айырылғанын,  енді білікті 
үстазға тағы да жала жабылып,  партия атынан қуғындала бастағанын, 
оның осы күнге дейін тар пәтерде түрып,  жүмыс  істеп келе жатқанын 
сыпыра  жазып,  Бекмахановқа  араша  түсіп,  аналардың  бәле-жаласы- 
нан  қүтқаруға  көмектесуін  өтіндік».  Алматы  қаласындағы  5  жоғары 
оқу  орнының  117  студенті  қол  қойған  хаттың  мәтінін  орыс  тілінде 
маржандай  төгілтіп  жазғандардың  бірі  тарихшы  аспирант  Рамазан 
Сүлейменов  еді.  1961  жылы  заңғар  жазушы  М.Әуезовтың  аспиранты 
Рамазан  кандидаттық  диссертациясын  қорғағанда  оның  ресми  оп­
понент!  болып  Е.Бекмаханов  тағайындалады,  Мәскеуде  Ерекең  до- 
кторлық  диссертациясын  қорғаған  тарих  иснтитутында  1972  жылы 
Р.Сүлейменов те ғылым докторы дәрежесін алып,  кейін Ш.Уәлиханов 
атындағы  тарих  және  этнология  институтының директоры,  академик 
атақ-лауазымдарға ие болған ол Абылай хан,  Шоқан,  қазақ мәдениеті 
жайлы терең зерттеулерді дүниеге әкелді.
Кітаптың екінші бөліміне орыс тілінде жазылған 18 естелік кіріпті. 
Мү7нда академик Н.М.Дружининнің, профессорларГ.Ф.Дахшлейгердің, 
Я.Д.  Серовайскийдің,  Л.В.Дюковтың,  инженер  В.Сураттың,  аспи- 
ранттары К.Стамбековтың,  С.Сүндетовтың,  қызы Н.Бекмаханованың 
әр  жылдардағы  ғалым  тағдыры  мен  тауқыметінен,  шығармашылық 
табысы  мен қуғындалуынан мол хабар  берген  естеліктері  бар.  Акаде­
мик А.М.Панкратованың тар  қапастағы  Ерекеңді  арашалаған  ерлігіне 
тәнті  боласыз.
Үшінші  бөлім  хаттардан  түрады.  200-ге  жуық  хат  5  топқа  жік- 
теліпті:  1.  Қызы  Нелляның әкесіне жазған  хаттары;  2.  Әйелі  мен  ба- 
лаларына Ерекеңнің жазған хаттары;  3.  Халима апамыздың сүйген жа- 
рына  жазған  хаттары;  4.  ¥лдары  Ермүқан  мен  Сермүқанның  әкесінс 
жазған  хаттары;5.  Достары  мен  ғалымдардың  Е.Бекмахановка  жазған 
хаттары.
167

Екі бөлімге қысқаша алғысөз берілген. Оның бірін жазушы-заңгер 
Қ.Әзімханұлы жазса,  екіншісі Х.Бекмүхамедова-Бекмаханова қаламы- 
нан туған.
Естеліктер  Е.Бекмаханов  туралы  болғанмен  ондағы  оқиғалар  ба- 
янынан  тоталитарлық  зорлықты,  ұлт  саясатындағы  өктемдікті,  ка­
зак  зияларының  арасындағы  тартыс-кырқысты  байқамай  тұрмайсыз. 
Мүнда  қазақ  тіліне  жасалған  әділетсіздіктен  де  хабар  беретін 
мәліметтер  мол.  Айталык,  жоғары  оқу  орындарында  сабақ  негізінен 
орыс  тілінде  жүретін.  Үстем  халықтың  тілін  жетік  білетін  Ерекең  ка­
зак студентеріне «Қашан өзіміздің ана тілімізде сөйлер екенбіз»,  дейді 
екен.  Бүл -  итжеккенге барып келгенінен кейін  айтылған сөз.  Осыдан- 
ақ  ғалымның  қайтпас  қайсар  мінезін,  шексіз  үлтжандылығын  көруге 
болмай ма.
Е.Бекмахановтың  дүние  салғанына  40  жылдан  астам  уақыт  өтті. 
«Ғалымның  хаты  өлмейді»  деген  халқымыздың  дана  сөзі  тағы  бір 
дәлелденді.  Ерексң  жайлы  естелік  кітап  кімді  болсын  бей-жай  қал- 
дырмайды.  Оқыңыз,  ойланыңыз,  үл  тарихын  үлықтаған  түлғамен 
қауышыңыз.
168

АКАДЕМ ИК  Р.Б.  СҮ Л ЕЙ М ЕН О В  -  М ӘДЕН ИЕТ ТАРИХЫ  МЕН 
Ш Ы ҒЫ С ТА Н У   ЗЕ РТ Т Е У Л Е РІН  ҰЙЫ М ДА СТЫ РУ Ш Ы
Көрнекті  қазақ  тарихшысы  Р.Б.Сүлейменов  артына  мол  ғылыми 
мүра  қалдырумен  бірге  ғылыми  зерттеуді  үйымдастыруда  да  үздік 
нәтижелерге  қол  жеткізген  түлға.  Оның  басшылығымен  30-дан  ас- 
там  ғылым  докторлары  және  ғылым  кандидаттары  даярланды,  есімі 
Шығыстану институтына берілді.
Ғылыми-үйымдастырушылық  қызмет  үғымының  мазмүнына 
ғылым  мекемесіндегі  маманның  басшылык  функцияларды  атқаруып, 
толғағы  жеткен  мәселелер  бойынша  тиісті  шешім  қабылдай  ала­
тын  қүқығының  болуын  жатқызамыз.  Міне,  осы  түрғыдан  келгенде, 
басқару  мектебінің  кейбір  басқыштарын  Рамазан  Сүлсйменов  сту­
дент кезінде отті.  Университеттегі комсомол комитетіне  мүше рстіндс 
жастар  ісін  басқаруға  араласты.  Тарих,  археология және  этнография 
институтында  кіші  ғылыми  қызметкер,  аға  ғылыми  қызметкер  болып 
жүргенде де ғылыми-үйымдастырушылық қызметтерден тыс түрмады. 
Мәселен,  Қазақ КСР ҒА жас ғалымдар  Кеңесі  қүрылғанда  (1968  жыл), 
Р.Сүлейменов  оның  белсенді  мүшесі  әрі  басшыларының  бірі  бола 
алды.  Институтгың жергілікті  комитет, партбюро мүшесі  міндеттерін 
атқарды.  «Білім»  қоғамының  жүмысына  жакын  жүрді,  институттағы 
методологиялық семинар жүмысына жетекшілік жасады.
Дегенмен  Рамазан  Бимашүлының  нағыз  ғылыми-үйымдасты- 
рушылық қызметінің бастау алғаны  1974 жылға дөп келеді. Осы жылы 
ол  Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих,  археология  және  этнография  инс­
титуты  қүрамында  ашылған  кеңестік  Қазақстан  мәдениеті  тарихы 
бөліміне  меңгерушілікке сайланды.
Ақиқатын 
айту 
керек, 
болім 
меңгерушісі 
лауазымына 
Р.Сүлейменовтің  талпынысы  алғаш  рет  1968  жылы  жасалған  еді.  Ол 
оқиға  былай  болған-тын.  1968  жылғы  16  қазанда  қалалық  «Вечер­
няя  Алма-Ата»  газеті  бетінде  хабарландыру  шығып,  Ш.Уәлиханов 
атындағы 
тарих, 
археология 
және 
этнография 
институты 
Қүрамындағы  Қазақстандағы  к о м м у н и с т   қүрылыс  тарихы  бөлімінің
169

меңгерушілігіне конкурс  жарияланды. Конкурстың мерзімі бітуге 4 күн 
қалғанда институт директоры А.Нүсіпбековтің атына  Р.Сүлейменовтен 
өтініш  түсіп,  хабарландыруда  аталған  бөлім  меңгерушілігіне  сайлауға 
қатысатынын  білдіреді.  Конкурсқа қатысуға  берілген  мінездемеге  инс­
титут директорының орынбасары Г.Ф.Дахшлейгер,  партбюро хатшысы
Н.Едігенов, жергілікті комитет төрағасы В.В.Востров қол қояды. Мінез- 
демеде  Р.Сүлейменов  қаламынан  60-қа  жуық  ғылыми  және  ғылыми- 
көпшілік  еңбектер  туғаны,  одақтық  және  республикалық  бірнеше 
ғылыми сессияларға қатысқаны, үжымда сыйлы азамат екені айтылған.
Бірақ  конкурстың  сайлау  мерзімі  созылып  кете  берді.  Ол  ка­
р а т а  
айында 
да 
өтпеді.  Институттың  ғылыми  кеңесі  бүл  мәселені 
1968  жылғы  25  желтоқсанда  күн  тәртібіне  қойды.  Осының  өзі-ақ 
белім  меңгерушілігіне 
тартыстың  оңайға  түспегенін  көрсетсе  керек. 
Ғылыми  кеңес  мәжілісіне  15  мүшенің  бәрі  де  келген  болатын.  Есеп 
комиссиясына  П.Г.Галузо,  Н.Едігенов,  Ю .И.Романов  енді. 
Жәшікке 
түскен  15  бюллетеннің  1-еуі  жарамсыз  болып,  14  бюллетеннің  5- 
еуі  Р.Сүлейменовтің  кандидатурасын  жақтап  шыққанмен,  дауыс 
бергендерден  9  адам  қарсы  екен.  Осылайша  Рамазан 
Бимашүлы 
Сүлейменовтің ғылыми-үйымдастырушылық  қызметті  бастауға жолы 
ашылмады. 
Оның орайы  1974 жылы келді.
Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, 
археология  және  этнография  институтында  Қазақстанның  мәдениеті 
тарихы  бөлімін  қүру,  рухани-мәдени  өзгерістер  тағылымы  мен 
тәжірибесін  ғылыми  қорытындылау  қажеттігін  тарихшылар  қауымы 
70-жылдары  күн  тәртібіне  қоя  бастады.  Бүл  идеяның  негізгі  баста- 
ушысы,  инициаторы  мәдениет  қүрылысы  тарихынан  танымал  маман, 
тарих  ғылымдарының  докторы  Рамазан  Бимашүлы  Сүлейменов  еді- 
Ол жылдары  институт қүрамында жаңа бөлім  ашу түгілі қосымша  1 -2 
маманға  штат  алудың  өзі  оңай  еместін,  Дегенмен  Р.Сүлейменовтей 
түлғалы  зерттеуші  өсіп  шыққан  соң  арнайы  бөлім  үйымдастырмай 
отыра  берудің өзі  әділетсіздік екені сезілмей түрмады.  Ақыры  мәселе 
шешілді де.
Қазақ 
КСР  Ғылым  академиясы  Президиумының  1974  жылғы 
28  тамыздағы  қаулысымен  Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих,  архео­
логия 
ж әне 
этнография  институтының  қүрамында  кеңестік 
Қазақс- 
тан 
мәдениетінің  тарихы  бөлімін  қүруға  рүқсат  беріледі  . 
Бөлімге
жүктелетін  міндет-мақсаттың  негізгі  бағыттары  мынадай  болып  бел- 
пленді:
170

-  мәдсни  революцияның  әртүрлі  кезеңдерін,  жұмысшы  табы  мен 
шаруалардьщ рухани  өмірін,  ұлттардың рухани  бейнесін,  кеңестік ин- 
теллигенцияны қалыптастырудың тарихи тәжірибесін зерттеу;
-  Қазақстан  мен  басқа  республика  халықтарының  ұлтаралық 
мәдени  байланыстары  дамуының  барысын,  Кеңес  халықтарыньщ  ру­
хани  қауымдастығы  қалыптасуының үрдісін  зерттеу  және талдап-қо- 
рыту;
-  Кеңестік дәуірдегі  Қазақстан халықтарының  мәдени дамуының 
тарихи  тәжірибесін  буржуазиялық  бүрмалаулармен  күресу  мәселесін 
зерттеу;
-  мәдениеттарихын зерттеуді тереңдету әрі барлық үйлестірушілік 
істерді  алға бастыру;
-  осы саладағы ғылыми кадрларды  мақсатқа сәйкес сапалы түрде 
даярлау.
1974  жылы 
11 
қыркүйекте  «Алматы  ақшамы»  газетінде 
жаңадан  ашылған  кеңестік  Қазақстан  мәдениетінің  тарихы  бөліміне 
меңгерушілік қызметке конкурс жарияланады. Ш.У әлиханов атындагы 
тарих, археология және этнография институтының  1974 жылғы  5 қара- 
шада өткен  Ғылыми Кеңес мәжілісінде  болім  меңгерушілігіне түскен 
отініш дауысқа салынды.  Кеңестік Қазақстан мәдениеті тарихы  белімі 
меңгерушілігіне  Рамазан  Бимашүлы  Сүлейменовтің  кандидатура- 
сын  қолдап  Ғылыми  Кеңестің  18  мүшесінің  17-сі  дауыс  береді.  Көп 
үзамай  Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясы  Президиумының  қаулысымен 
«Кеңестік Қазақстан  мәдениетінің тарихы»  бөлімінің  меңгерушісі  бо­
лып тарих ғылымдарының докторы Рамазан Бимашүлы  бекітілді.
Ол  басшылыққа  кіріскен  алғашқы  күннен  республикада  жүзеге 
асырылған  мәдениет  қүрылысының  тарихы  мәселелерін,  жеткен 
жетістіктері  мен  жіберген  кемшіліктерінің  барысын  баяндайтын 
баспасөз  материалдары  мен  архивтердегі  қүжаттарды,  деректерді 
жинақтап,  саралап,  ғылыми  дәйектеп,  көпшілік  қауымға  жеткізугс 
көңіл  бөлді.  Болімге  институттың  ғылыми-зерттеу  жоспарына  сәйкес 
мәдениет  мәселелерінің  тарихымен  айналысып  жүрген  ғылыми  кыз- 
меткерлер:  тарих  ғылымдарының  кандидаты  Х.И.Бисенов,  тарихшы- 
лар  Щ.Біткенбаева, Ж.Қожаспаев,Ш.Нүрахметова тартылды.
Бөлім  кызметкерлері  алғашқы  жылдары-  бес  томдық  «Ка­
зак  КСР  тарихы.  Ерте  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін»  академиялык 
басылымының  мәдениет  тарихына  арналған  тарауларын  жазды, 
«Қазақстан  жүмысшыларының  мәдениеті  мен  түрмысы  (Алматы
171

қаласы  өнеркәсіптерінің  мысалында)»  деген  тақырып  төңірегінде 
шұғылданды.  Соңғы  тақырыпқа  Р.Б.Сүлейменов  жетекшілік  жасады, 
ал  монография  авторларының  бірі  этнография  бөлімінің  аға  гылыми 
қызметкері Х.А.Қауанова еді.
Р.Б.Сүлейменов  пен  Х.И.Бисенов  «Қазақ  ССР  тарихы»  бес 
томдығының  авторларының  бірі  болды. 
Басылымның  бесінші 
томындағы  бірінші бөлімнің I, V II-тараулары және  екінші  бөлімнің V- 
тарауы  Рамазан  Бимашүлының қаламынан  туды.  Ол  басылымның ре- 
дакциялық  алқасына  мүше  ретінде  кірді.  Одақтас  республикалардағы 
ғылыми өмірден де тыс қалмады.«Социализм жағдайындағы Орта Азия 
мен  Қазақстан  халықтарының  мәдени  дамуының  тәжірибесі»  атты 
үжымдық  монографияның  жазылуына  мәдениет  тарихы  бөлімінен 
Р.Б.Сүлейменов  пен  Х.И.  Бисенов  шакырылды.  Бүл  еңбек  Душанбе 
қаласынан шықпақ еді.
70-жылдардыңортасынанмәдениеттарихыбөлімі «Қазақстандағы 
мәдени  революцияның  тарихнамасы»  атты  жаңа  тақырыппен  жүмыс 
істсй  бастады.  Тақырыпты  зерттеу  барысында  мәдениет  тарихына 
байланысты  жазылған  кітап,  брошюра,  мақалаларды  жинап,  ой  еле- 
гінен  өткізіп,  тарихнамалық  сарапқа  салу  міндеті  түрды.  Сондықтан 
болім  қызметксрлері  XX  ғасырдың  20-шы  жылдарынан 
70-ші  жыл- 
дарына  дейінгі  барлық баспасөз материалдарын  қарап,  библиография 
қүрастырды,  мәдени  революцияны  жүзеге  асыру  барысында  әйгілі 
түлғалар  атқарған жүмыстар  жайлы  деректерді  архив  қорларынан  із- 
дестірді.
Бөлімнің ғылыми жүмысын жолға қою мақсатымен 
Р.Сүлейменов 
20-30-жылдарғы  мәдени  үрдісті  бейнелейтін  қүжаттардың  жинақталу 
ерекшелігі  мен  қиындығын  әрқашан  еске  салып  отырды.  Мәселен, 
Қазақстандағы  жаңа мәдениетті қалыптастырудың алғашқы дәуірінде 
білім  беру  ісінің  үйымдастырылуы,  мәдени-ағарту  мекемелерінің 
жүйесі,  идеологиялық  күрес  мәселелері,  қысқасы,  20-30-жылдар  та­
рихы  арнайы  зерттеулерде  емес,  газет-журнал  беттерінде  мақала 
түрінде  көрініс  тапқанын  ескертуден  жалықпады.  Сондықтан,  ерте- 
ректегі «Бостандық туы», «Ауыл», «Жүмыскер тілі», «Еңбекші қазақ», 
«Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі», т.б. газет-журналдардағы материалдар 
мәдениет қүрылысының тарихынан қызықты да қүнды хабарлар бере- 
тіні қаперге алынып,  бүл газет-журналдардың араб әрпінде шыққаны, 
полиграфиялық  сапасының  төмендігі,  кейбір  номерлерінің  жоғалып 
кетуі  көп  қиындықтар  туғызғанына  қарамастан,  тегіс  «сүзіліп»  шық-
172

ты.  Қазақ  баспасөзінің  материалдарымен  қатар  орыс  тілінде  шыққан 
«Степная  правда»,  «Советская  степь»,  «Народное  хозяйство  Казахс­
тана»,  т.б.  газет-журналдар  қаралды.  Бөлім  қызметкерлерінің  қажы- 
май,  ұзақ  еңбектенуі  нәтижесінде  Қазақстандағы  Қазан  төңкерісінен 
кейінгі  мәдени  қүрылыстың  мәселелерінен  мәліметтер  беретін  мака- 
лалар, хабарламалар, баяндамалар, очерктер, брошюра мен жалпылама 
зерттеулер  жинақталды.  Жиналған  дүниені  қорыту,  ғылыми  қолжаз- 
баны даярлау  міндетін  Рамазан  Бимашүлы  өз мойнына  алады.  Әрине, 
бүл,  бүгінгі  күн  биігінен  қарасақ,  оңтайлы  табылған  шешім  емес  еді. 
Өйткені  бөлімде  басқа  да  мамандар  отырды  ғой.  Егер  солардың  да 
кәсіби  мүмкіндіктерін  пайдаланғанда  нәтиже  қомақты  болар  ма  еді, 
қайтер еді.
1979 
жылы 
Р.Б.Сүлейменов 
«Қазақстандағы 
мәдени 
революцияның  тарихнамасы  (1917-1978жж.)»  деген  зерттеу  сңбегін 
жазып  бітіреді.  Еңбек  бөлімде  талқылаудан  өтіп,  қолжазбаға  тарих 
ғылымдарының  докторы  М.Х.  Асылбеков  пен  тарих  ғылымдарыныц 
кандидаты  С.Б.Нүрмүхамедов  рецензия,  ғылыми  сын-пікірлерін  біл- 
дірді.  Әйткенмен  осынау  зерттеу  монография түрінде  жарык  көрмеді. 
Бәлкім автор толықтырғысы, одан әрі  жетілдіргісі  келгсн  болар.
Архив  деректеріндегі  мәліметке  сүйенсек,  еңбек  кіріспеден  жәнс 
үш тараудан түрған. Бірінші тарауда мәдени революция туралы лении- 
дік ілім және оның 
КОКП 
шешімдерінде одан әрі дамуы 
қарастырылған 
екен.  Екінші  тарауда  20-50-жылдардағы  зерттеушілердің  мәдени 
қүрылыс  туралы  еңбектеріне  талдау  жасалған.  Үшінші  тарау 
мәдениеттің 60-70-жылдардағы тарихнамасына арналыпты.
«Қазақстандағы  мәдени  революцияның  тарихнамасы  (1917- 
1978жж.)»  монографияның  қолжазбасына  рецензия  жазған  ғальшдар 
Қазақстан мәдениеті тарихнамасын түжырымдауда зерттеудің маңызы 
жоғары  екендігін  атап  өтті.  М.Х.Асылбеков  «..  зерттеудіц  өзектілігі 
мен  ғылыми  маңызы  зор.  Бүл  Кеңестік  Қазакстан  мәдениетінің  та­
рихнамасы  бойынша  алғашқы  байсалды  ецбек болып  табылады» десе, 
С.Б  Нүрмүхамедов  «Бүл  тақырып  жөнінен  монография  мен  арнаулы 
зерттеуді  айтпағанның  өзінде  бірде-бір  арнайы  мақала  жоқ.  Қаралып 
отырған  қолжазба  Қазақстан тарихнамасындағы  осы  ақтацдақтың ор- 
нын толтыруға арналған бірінші  сөз»- деп жазды.
Өкінішке 
орай, қолжазба жеке кітап түрінде жарык көрмей  қалды. 
Ол  Қазақстан  Үлттық  Ғылым  Академиясының  архив  қорларынан  да 
табылмады.  Бірақ  зерттеудің  жекелеген  сюжеттерін  автор  өз  мақала-
173

ларында  жариялап  үлгерген  тәрізді.  Айтальщ,  1983  жылы  «Вопросы 
историографии  Казахстана»  жинағында  «Этапы  изучения  культур­
ной  революции  в  Казахстане»  атты  көлемді  мақаласы  жарияланды. 
1987  жылы  «Великий  Октябрь  и  социально-экономический  прогресс 
в  Казахстане»  жинагына  енген  «С.Д.Асфендиаров  и  становление  ис­
торической  науки  в  Казахстане»  мақаласы  да тарихнамалық талдауға 
қүрылган. Тап осы жылы «Известия АН Каз ССР. Серия общественных 
наук» журналында шыққан «История культурного строительства в Ка­
захстане  в  публицистике  и  литературе  20-х-первой половины  30-х го­
дов» мақаласы әзірге табылмай отырған қолжазбадан екені күмәнсіз.
Рамазан  Бимашүлы  мәдениет  тарихы  бөлімін  басқара  жүріп, 
республикада  және  республикадан  тыс  жерлерде  өткен  гылыми-те- 
ориялық  конференцияларға  қатысты,  мәдениеттану  саласы  бойын- 
ша  гылыми  мамандардың  қалыптасуына  көңіл  бөлді.  Мәдениет 
қүрылысына арналган докторлық және кандидаттық диссертацияларға 
ғылыми  жетекшілік  етті.  Мәселен,  1975  жылы  Алматы  қаласын- 
да  өткен  әл-Фарабидің  1100  жылдығына  арналған  халықаралық 
ғылыми  конференцияға  қатысып,  «әл-Фараби  және  Орта  Азия  мен 
Қазақстан  мәдениетіндегі  сабақтастық»  тақырыбына  баяндама  жа- 
сайды.  Р.Сүлейменовтің  ғылыми-үйымдастырушьшық  біліктілігінің 
биік  өресін  көрсеткен  әрі  бөлімнің  мәртебесін  көтерген  келесі  бір 
конференция  1979  жылы  Новосибирск  қаласында  өткен  еді.  Бүл 
бүкілодақтық  конференция  «Кеңес  интеллигенциясының  коммунизм 
қүрудағы ролі» деп аталып,  700-ге жуық маманның басын қосты.  Кон- 
ференцияны  академик  А.П.Окладников  кіріспе  сөзбен  ашады.  Негізгі 
баяндамаларды  КСРО  ҒА  корреспондент  мүшесі  Ц.А.  Степанян  мен 
профессор  С.А.Федюкин  жасайды.  Пленарлық  мәжілісте  сондай-ақ 
белгілі  ғалымдар  В.С.Семенов,  Е.Д.Модржинская,  М.Н.Руткевич, 
JI.H.  Коган,  тағы  басқалармен  бірге  Р.Сүлейменов  «Советгік  Шығыс 
республикаларындағы  интеллигенцияның  қалыптасу  және  даму 
мәселесі»  тақырыбына  баяндама  жасады.  Рамазан  Бимашүлыньщ 
баяндамасында  ескі  интеллигенцияны  қайта  тәрбиелеу  міндеті 
революцияның  алғашқы  жылдарында  да  күн  тәртібінде  түрды  деген 
тезис  бар  еді.  Осы  түжырымға  Қырғызстандық  ғалым  Қарыпқүлов 
қарсы  шығады.  Бірақ  конференцияға  қатысушылар  Р.Сүлейменовті 
қолдап, Қазақстан ғылымының табысын мойындады.
70-ші жылдардық екінші жартысында Р.Сүлейменовтің төрағалық 
етуімен  бөлім  отырыстарында  Н.Даулетова,  Л.Ищенко, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет