Тіл комитеті


ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ  ОТАН ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата08.02.2017
өлшемі9,9 Mb.
#3665
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

ӨЛКЕТАНУ ЖӘНЕ  ОТАН ТАРИХЫ
Қай  халықтың  болмасын  тарихы  мен  тағдырына  география- 
лық  орналасуы,  жер  көлемі,  табиғаты,  демографиялық  әлеуеті, 
мемлекеттігі  шешуші  эсер  етеді.  Осы  кұндылықтарды  қастерлеген 
бабаларымыздан  «жері  байдың  -   елі  бай»,  «көп  корқытады,  терең 
батырады»,  «кісі  елінде  сұлтан  болғанша  өз  елінде  ұлтан  бол»  де­
ген 
қанатты  сөздері  бүгінге  жетіп  отыр.  Қазақстан  -   үлан-ғайыр 
жерді  алып  жатқан  мемлекет.  Қазақтар  осы  жердің  автохтонды, 
байырғы  түрғындары.  Сан-алуан  зерттеулер сайын ^ даланың Алата- 
удан  Атырауға дейінгі,  Алтайдан  Еділ-Жайыққа дейінгі  аралығында 
көне дәуірден қазақ этногенезі  аяқталғанша мәдени-шаруашылықтық, 
рухани-тілдік,  антропологиялык-нәсілдік  сабақтастық  үзілмегенін, 
небір  «ақтабан  шүбырынды,  алқакөл  сүлама»  басқа түссе  де,  әрісі
-   сақтар,  бсрісі  -   қыпшақтар  киіз  туырлықты,  карға  тамырлы,  ен 
шісі  белінбегсн  түтастығын  сактай  алғанын 
қ а п ы с ы з  
дәлелдеді.  Ьүл 
түтастығымыздьщ  бүлтартпас  айғак-дәлелі  -   ортақ  салт-дәстүріміз, 
әсем  де  бай  тіліміз,  мың  кұбылған  ән-күйіміз,  алшысынан  киген 
тымағымыз,  балдай  сары 
қымызымыз,  даланың  сәш  киіз  үиіміз 
бен  сәйгүліктеріміз.  Есік  корганынан,  Берелден,  Ботайдан,  сармат 
жауынгерінің  обасынан  табылған  жәдігерлер  мазмүн  мен  форм 
сы  жағынан,  философиясы  мсн  эстетикалык  талғамы түргысын:  , 
уақыт  псн  ксңістіктегі  үйлесімді  бейнелеуімен  оз  заманына  қ 
әр  бсрсе,  бүгінгі  бізге  де 
қылаудай  жаттығы  жоқ.  Көненщ 
мүралары  есте  жоқ  ескі заманды  бүгінмен  осылай  жалғап тҮРға 
тастағы  жазулардың  сырына  қүлақ  қоюмен  арғы 
а  аларь™Ы 
ізгі  ақниетіне,  даналығына,  мәрттігіне  қайран  калмаска жә 
жоқ. Ұрпағына  мәнгі ел  аманаттауды армандаған  олардың.
Беңгу таш  тоқытдым,  бітідім 
Аны көріп, анча білің, -  
Мәңгі тас  тоқытгым, жаздым 
Оны көріп солай біліндер -
деген өсиетін  түсінбейтін қазақ баласы  бар ма екен.
137

Санғасырлық тарихты артта  қалдырған сабақтастық  пен тутастык 
бәсекеге  қабілеттілікті,  өміршеңдікті  көрсетеді.  Ол  ұлы  даланың 
табиғатына  бойлай  алмағандар  айтқандай  көшпелілердің  уақыт  пен 
кеңістікте  үшарын  -  жел,  қонарын  -  сай  білгендіктен  мал  соңында 
салпандап,  дамуға  бейімделе  алмағаны  емес.  Жылдың  төрт  мезгілі- 
не  орай  көшіп-қону  қоғамның,  оның  мүшелерінің  жинақы,  сақадай 
сай  түруын,  табиғатпен  жарасымды  тілдесуін  талап  етеді.  Осы- 
нау  экожүйе  цехтық,  мануфактуралык,  зауыт-фабрикалық  ендіріс 
дүниеге  келгенше  адамның  интеллектуалдық,  рухани,  имандық  ке- 
мелденуіне  барлык жағдайды туғызып,  қүлдық,  басыбайлық  сияқты 
қасіреттерден азат  әлеуметтік  субьектілерді  жасампаздық  әрекетке 
жетеледі.  Сақтардың  аң  стилі,  байырғы  түркі  жазуы,  мың  жылдық 
тарихы бар «Алпамыс», «Қозы Көрпеш -  Баян сүлу»  жырлары кездей- 
соқтық емес.  Әйтпесе  XI ғасыр  туындысы «Диуани лүғат ит-түрікте» 
Махмүд Қашқари  табиғатты, қоршаған  ортаны,  фауна мен  флораны 
тірі  организмдей  суреттеген  биікке  көтерілмес  еді.  Мүнда  қар,  мүз, 
су, тау,  киік, арқар, бәйшешек, гүл,  найзағай,  Еділ өзені,  балық,  жыл 
маусымдары  әсем  бейнеленген.  Тіпті  қыс  пен  жаздың  айтысатыны 
бар.  Жаз  айтады:
Мен 
адамдарды  да, 
қара  малды  да  семіртіп, 
мүшелерін 
нығайттым.  Менің  түсымда  ауру-сырқау  азаяды.  Адамдардың  еттері 
қатады,  өздері  күш-қуатқа енеді.
Қ ы с  айтады :
Қар  тек  қыста  ғана  жауады.  Арпа,  бидай,  тағы  басқа 
егіндер 
қардан  нәр алып  өнеді. Жаман  адамдар, дүшпандар мен келгенде  ты- 
нышталады,  сен  келген  бойда-ақ  олар  әрекетке  кірісіп,  тықырши 
бастайды.
Ж аз  айтады :
Мен  келгенде  жылқылар  жерден  өздері  шөп  жейді.  Шүрайлы 
шөптер  жеп  семіреді,  бектер  семіз  аттарға  мінеді,  қуаныштан  бірін 
бірі  қытықтап ойнайды.
Мүндай  пейзаж  қайта  Өрлеуге 
дейінгі  Еуропа 
әдебиетінде 
кездеспейтінін  ғалымдар,  біріншіден, 
жеке  адамның 
табиғаттан 
ажырамағанымен, 
екіншіден, 
адам  бостандығының, 
бас  еркінің 
болмағанымен  түсіндіреді.  «В  средневековой  литературе  отсутству­
ет  описание  пейзажей»,  — дейді  салыстыру  әдістемесін  зерттеуші 
Г.Ю.Любарский.  Сагаларды  зерттеуші  М.И.Стеблин  —
 Каменскийдің 
138

пікірінше:  «...  отсутствие такого  восприятия -  это проявление  еше не 
утраченного  единства  человека  и  природы.  Поэтому отсутствие  пей­
зажа  в  сагах  -   это,  конечно,  не  литературная  форма,  осознаваемая 
на фоне  отличной от нее формы, а  определенное  духовное  содерж 
ние,  подразумевающее  границы  человеческой  личности,  отличные 
от  тех,  которые  стали  господствующими  с  тех  пор,  как  развил 
эстетическое  восприятие  природы».  Осы  екі  уәждін  алғашқысь 
ягни  адам  мен  табиғаггың  тұтастығы  ортағасырлык  еуропалык
әдебиетге  пейзаж  суреггеуге  бөгесін 
болды 
деген тұжырыммен кеяі
су  қиын.  Табиғатпен  түтасудың  классикалық  нүсқасы  көшп 
тән. Және ол казак даласында XX ғасырдын 30-шы  жылдары 

демографиялық  апат әкелген күштеп  ұжымдастыруды  оль 
_
жүзеге 
асырғанша  сақталғаны  мәлім.  Қайта  Өрлеуге  дешн 
әдебиетінін  баландығын  адаммен,  табиғатпен  аиланысты 
’ 
қүрлықтың 
әлеуметтік дамуда ¥ л ы   даладан көш кешн тұрғ
деген жөн шығар. 

_
і і л
 
_
А Ь .  
ү пт
Демек,  кешегі  еткен  тарихымызда біз  үялатын еш 
түсында
мемлекетін  қүруда,  шекарасын  бекемдеуде,  Әз 
әуК,. 
белесін 
Жоңғар  щапкыншылығына  д е й і н - а к ^ т а р и х и сін  бекер 
басқалардан 
б ү р ы н ы р а қ  
жүрш 
өтгік.  Ь и  Ү 
V 
шық_МӘдени
алғатартып  отырғанжоқпыз.  Этникалық, саяси, 
ру 
ан
түрғыдан  келеек,  тарихи даму дегеніміз,  біздщ  оиым 

тегінен,  бастау  бүлағынан,  арнасынан сабақтастығы  ү 
’ 
СЫ) 
байланысы мсн 
қатынасын сақтаған 
қоғамда 
тұрдс  дүНиеге
әлеуеті өзгеше жаңа қүбылыстардың  табиғи 
р
де  және  уақьгг  пен  кеңютіктегі  кажетгшікк 
асіоесе  рухани 
сында  ерілгенде  тарихтағы,  этнос  б
о
я
м
^   жалғайды.  Әр
әлеміндегі  түтастықты  бір  дәуірден  ек 

аодың  терендей
Дәуірдің өзіне  лайық  іштей  жетілуі,  жаңа қү 
•  болатыны
ТҮСУІ>  қүрылымдық,  өңірлік  ерекшелікгерш 
ойшыл  әл-Фа-
түсінікті жәйт.  Осының  саз  өнеріндегх  көріні 
үлкен кітабында»
раби  X ғасырда 
« * *
(«Большая книга о музыке») адам  жанына э  р 
У 
музыканьщ
эуен  мен  дауь,сты  4 „ р ,   тур,  « к   бойьшша 
эя.фа.
Үш  қасиетін  айшықтапты.  Бірінші  қасиеттег 
иетке  ие  музыка 
раби,  жанывды  ғана  жайландырады,  екінші

құлшыныс  шақырады,  үшінші  қасиеті  бар  музыка  қиялынды  қияға 
шығарады  («Музыка  первого  рода  просто  доставляет  удовольствие, 
музыка второго рода выражает (и вызывает)  страсти,  музыка третьего 
рода  возбуждает  наше воображение»).  Әлемнің  екінші  үстазы  өзінің 
ойтүйіндерін  тарихи  динамикада  емес,  статикалық  ахуалга  жақын 
ғылыми  әдіспен  баяндайды.  Әйткенмен  әл-Фараби  үстанымын  бас- 
шылыққа  алсақ,  тарих  қойнауынан  ширығып, 
шымырлап шыққан 
дәстүрлі  қазақ  музыкасын,  әр  өлкеге  тән  ерекшелігін  жазбай тани- 
мыз.  Мәселен,  бірінші  қасиетті  бойына  сіңірген  ән-күй  Жетісу  мен 
Түранда, Жамбыл мен Кененнің, Байсеркенің  шығармаларында түнып 
түр.  Олар,  әл-Фарабидің  сөзімен  айтсақ, тыңдаушыға  қанағат  береді, 
жаныңды  жайландырып,  ризашылық  пен рахатқа  бөлейді,  қүлақтан 
кіріп,  көз  алдыңа  әсем суреттер  елестетеді  («просто  доставляет удо­
вольствие,  оказывает  в  душе  приятное,  восхитительное  и  успокаива­
ющее  чувство,  оно  действует  на  наши  слуховые  органы  (уши),  как 
декоративный  рисунок  действует  на  наши  глаза»).  Арада  он  гасыр 
уақыт  откен  соң  Кенен  әндерін  талдаган  А.Жүбановтың  ойы  эл-Фа- 
рабимен  үндесіп  жатыр.  «Көкшолақ»  әні,  дейді  Ахаң,  «Жетісудың 
дәстүрінде,  халықтық  интонация  негізінде  шыққан...  орындауга да 
жеціл,  музыкалық жағынан  аса  мазмүнды,  қоңыр  ән,  өлеңнің  сөзіне 
сай  келеді».  «Қос қалқа»  әні  «шағын  көлемді, халық  әндерінің қысқа 
демді  әндерінің  әуенінде  шығарылган.  Қайырмасында  да  шырқап, 
аспандап кетпейді,  сол  бір  шамада  қалады.  Жалпы  Жетісу  әндерінің 
жан  ауыртпайтын, шағын  диапазонды  қалпында», десе, «Мөртай» да 
басы-аяғы  жинақы, тиянадай ән.  Басынан аяғына шейін бір ырғақтан 
ауыспайды.  Дауыстың  орта  регистрі  мен  төменгі  регистр  айнала- 
сында  басталып,  сонда бітеді.  Ән жүмсақ,  жүрекке жылы тиеді», де- 
умен  әл-Фараби  айтқан  бірінші  қасиетті  музыканың  қазақстандық 
географиясын дәл  анықтады.
Екінші  қасиетке  ие  музыка  еліміздің  Батыс 
өңіріне  қонған. 
Қүрманғазының  күйлері,  Мүхиттың  әндері  қүлшыныс  пен  әрекетке 
толы. Бүлар, әл-Фараби  айтқандай,  қүдай идеясынан бүрын,  қүдайдай 
әрекетті,  мінезді,  қүдіретті  үлықтайды  («напоминали  действия,  ха­
рактер,  могущество б о гов,...  а не  идею бога»),  Тағы  да А.Жүбановты 
тындап көрелік.  Мүхиттың «Кіші  айдайы»  «Замана  бүлбылдарында» 
былайша  сипатталады:  «Ән  салған  жерден  кульминациялық  дыбыс- 
тардан  басталып,  сол  дыбысқа  қайталап  үш-төрт  рет  төнеді.  Он- 
дай  творчестволық  күш 
шығарушының  бәрінде  бірдей  бола  бер-
140

мейді. 
Аспапты  музыкада  айта  қаларлықтай  кульминация  шыңы 
және  оған  бірнеше  рет шығу  тек  Қүрманғазыда  кездесетін...  Қазақ 
халқының  ән 
байлығына  емін-еркін  еніп,  көп  зерттеген  компози­
тор Е.Брусиловский  Мүхиттың бүл  әнін  Пуччинидің музыкасындағы 
шыңға  көтерілуімен  теңейді.  Әділ  теңеу!...  Осы  бір  әнде Мүхиттың 
творчестволық  қүлашы  тіпті  кең  жайылғаны  сондай,  анау-мы- 
нау  әнші  айта  алмауы  осы  күнге  шейін  келеді».Күй  өнерінің  білгірі 
А.Сейдімбек те осы идеяны  қуаттайды. «Қүрманғазының, -  дейді  оп,
— бірде-бір  күйінде  күйректік жоқ.  Оның есесіне келер  күндерден тек 
қана  жақсылық  күткен  жігерлі сезім  шарасынан  асып-төгіліп жата- 
ды».
Үшінші  қасиетті  музыканың  географиялық аумағы  Арканы, 
л- 
тайды,  Көкшені  қамтып, Ақан  серінің,  Біржан  салдың,  Тәттімбеттің 
шығармаларымен үлы даланы  тербеді, тыңдаушысын  философиялық, 
дидактикалық  ой  әлеміне  жетеледі.  Қиялды  қияға  қондыратын  ән- 
күй 
шешеннің  сөзіндей  пайдалы  әрі  бәрінен  әсерлі  екен  («Музы 
ка,  которая  возбуждает  воображение,  приносит  такую же  пользу,  как 
ораторская речь...  Поэтические речи,  действуя  совместно  сприятнои 
мелодией,  будут иметь  более сильное  влияние»).
Музыкалық  талдауындағы  әл-Фарабидің  басты қорытындысы да 
қазақ жеріндегі  тарихи  дамудың  өзегі,  аумақтық  ерекшеліктері,  са^ 
бақтастық және  жаңа  қүбылыс жайлы  ойтүжырымымызды  екемдеи 
түседі.  Тындаушыға  әсері  жағынан  музыкаға тән  үш  қасиетп  алға 
тартқан  үлы  ойшыл  олардың  арасына  Қытай  қорғанын  түрғыз  аиды, 
қайта  бір-бірін  байытумен,  өзара  ықпалдастығымен,  кірігуімен  ең 
кемел  шығарма дүниеге келетінін  еске  салады.  «Әуен  мен  поэти 
калық жанрдың үш түрінің де  басын қосқан  музыка ең  жетшгені,  ең 
тамашасы  және ең  пәрмендісі  болып табылады,  нәтижесінде 
арлық 
табиғи  сапаны  бойына  сіңіреді»,  дейді  ол  («...  наиболее  совершенной, 
наиболее превосходной и наиболее эффектной является,  таким  о  р 
зом,  такая  музыка,  которая  объединяет  все  три  вида мелодии  и  по 
тического 
жанра,  в результате  чего  приобретает все  естественн 
качества»),
Енді  осытанымдық  түжырыммен  бүгінгі  күнге кез жүпрт 
’ 
өлкесінің ән-күй  мектебі  өкіліболып  қала берумен әрі музыка 
қасиетін  үштастыра  алғандықтан қазақ  үлтының рухан1*  мәде 
асқақтатқан түлғаларды көреміз. Олар композиторларда 


’ 
Н.Тілендиев, 
И.Жаканов,  М.Шаханов,  Т.Момбеков,  А.Сеидшбек,
141

Қ.Ахмедияров, 
А.Қоразбаев, 
орындаушыларда 
К.Байсейітова, 
Ғ.Құрманғалиев, Ж.Елебеков, Д.Рақышев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, 
Р.Рымбаева, Б.Тілеуханов,  Р.Стамғазиев, тағы, тағы  басқалар.
Отан 
тарихының 
өлкелік  ерекшеліктерін 
экономикадағы, 
әлеуметтік  қүрылымдағы, тілдегі,  ділдегі, салт-дәстүрдегі бүрын бар- 
ша қоғам  қастерлеген,  қазір  ішінара  сақталып  қалған  қүндылықтар 
мен  үстанымдардан  байқай  аламыз,  Мәселен,  Наурыз  мейрамын 
тойлау  Батыс  өңірінде  көрісумен  басталса,  Арқада  ол  жоқ.  Этног­
раф  ғалым  Д.Ескекбаевтьщ  дәйектеуінше,  өлік  жөнелтуге  байланыс- 
ты  әдет-ғүрыптарымызда  да  ерекшеліктер  болған.  Мәселен,  мәйітті 
молаға  дейін  жеткізуге  арналған  арнайы  ағаштан  жасалынған  «та- 
быттар»  Қазақстанның  Оңтүстік,  Батыс  облыстарында,  Орта  Азия 
халықтарында  кездессе,  керісінше  еліміздің  Шығыс  облыстарында 
және  Алтай  қазақтарында  қолданылмаған.  Ал  Орынбор  облысы  қа- 
зақтарында  арнайы  жасалынған 
осындай  табыттарды  «бесік»  деп 
атайды  екен.  XIX  ғасыр  мен  XX  ғасыр  бас  кезінде  бүл  бесік  та- 
быттар  бүкіл  ру  адамдары  үшін  тек  біреу  ғана  болып,  ол  соңғы  өлік 
шыққан  үйде  сақталынып,  кейініректе  әр  үй  өздері  үшін  бөлек  жа- 
сап  алатын  болған.  Өлкелік  ерекшеліктер  киім  түрлерінде,  кәсіпте, 
үйлену  мен  қыз үзату дәстүрінде,  баспана мен тағам түрлерінде орын 
алғаны  созсіз.  Бүлардың  табиғатын,  мән-мағынасын,  парқы  мен 
нарқын  бүзған  дүлей  күш  -   отарлау  мен 
кеңестік  тоталитаризм. 
Табиғи-ырғақты  даму  заңдылығы  бүзылғандықтан  байлығымыз  то- 
налып,  үлыларымыз  қуғын-сүргінге  түсіп,  бек  үлдарымыз  -   қүл,  пәк 
қыздарымыз  -   күң  санатына  қосылғаны  өз  алдына,  қазақ  өзін  өзі 
танымауға  шақ  қалды.  Бірін  бірі  «мәмбет»,  «мәңгүрт»  деуге  бар­
ды.  Уыздайынан  бесік  жырына,  халықтың ән-күйіне,  бабалар  сөзіне 
жарымаған  үрпақ домбыраны -   ескінің  сарқыншағы,  Шоқанды -   ак­
тер,  Абайды  -   наркоман  деуге  барды,  Мэлс,  Совхозбек,  Венера,  Диа­
на тәрізді  есімдерді  иеленді,  күндіз-түні  көріп,  тыңдайтыны,  аузынан 
суы  ағып  тамсанатыны  Батыстың,  Голливудтың  сау  адамды  жынды 
қылатын  туындылары  екенін  кімнен  жасырамыз.  Өсек  пен  өтірікті 
жүндей  сабаған,  төсектен,  анайы  қүмарлықтан  басқа  айтары  жоқ  га- 
зет-журналдар  қолдан  түспеуге  айналды,  атасы  мен  әжесі  немересі- 
мен  ана  тілінде  әңгімелесуден 
қалды.  Міне,  осының  бәрін  қайта 
қалпына  келтіру үшін  де  елке тарихын жаңаша,  үлттық реңкі  қанық 
мазмүнда жазу керек.  Өлкетану тезге салынбай,  үмытылған есімдерді 
жаңғырту,  бүрмаланған  атауларды  түзеу,  ойрандалған  ономастиканы
142

қазақтандыру алға  баспайды,  жүйесіздікке ұрынады.  Туған өлке тари 
хын  білу  Отан тарихын  игсрумен үштасканда үлттық патриотизм екі 
есе қуаттанады.  Тойған  жсрін  смес, туған  елін, ана тілін,  ата тарихын, 
салт-дәстүрін  үлықтайтын,  жаксы  менен  жаманды,  біз  бен  оларды 
ажырата алуымсн бәсскеге  қабілетті жаңа үрпақ қалыптасады.
Қысқасы, 
тарихты 
этностан,  адам  әрекетінен,  уақыт  пен 
кеңістіктен тыс карау  бскер әурешілік. Қоныстанған аумағының  үлан- 
ғайыр кеңдігі, табиғи,  географиялық әралуандык, іргелес этностардын 
әсері  қазақ  халқының  біртүтас  тарихымен  қатар  өлкелік тарихын  қа-
лыптастырды. 

,
Өлкелік  тарихтың  географиялық  шекарасын  аныктау  үшін  оас- 
шылыққа  алатын  өлшемдер  аз емес.  Егер  бүгінгі әкімшілік-аумақтык 
бірлікті  үлықтасақ,  он  төрт  облыстың  он  төрт  тарихын  түзуге  ола 
ды.  Экономикалық-табиғи  аудандастырумен  бес  өлкелік 
онтүстік, 
солтүстік,  батыс,  шығыс,  орталық  -   тарихын  жіктей  аламыз. 
у 
лық-тайпалық  қүрылым  үш  жүздің  -   үлы  жүздің,  орта  жүздщ,  кіші 
жүздің  өлкелік  тарихын  жазуды  талап  етеді.  Ауылдың,  мектептің, 
кәсіпорынның,  жеке  түлғаның  өткені  мен  тағдырын  саралаумен  м 
ротарихты  түзуді  қалайтындарды  қалайша беттен қаға аласыз.
Осынау  міндеттің  үдесінен  шығу үшін,  біздің  пэйьгмдауьш ь^^, 
шынайы тарихты  жаза  алатын  кәсіби тарихшылар қарымын ¥ИЬІ 
алуымыз 
қажет. 
Тап 
қазір онсыз да қатары сирек  ғалым тарихшы 
ауданның, 
ауылдың,  оку  орнының  тарихын  жазуға  жегумен  т 
р 
шашыратып 
жібергенше  қолда  бар  күшті  жинақтап,  үилветір  ’ 
номикалық-табиғи  мойындалған  бес өлкенің тарихын түзуді 
жөн.  Біз  бүл  жердс  негізгі  бағытты  ғана  нүсқап  отырмыз.
-  мақсатқа 
жсткізстін тура жол емес.  Тура жолды жергілікті
уым ғана деп  басып  таба  алады. 
^а^тпған
Элем халықтарының маңдайына  қайтаӨрлеуқү  ЬІЛЫС 
келмек.
екен.  Ол  адамның  жеке  басы  азаттыққа,  сркіидікке  жсту 
мш„
Біз қайта Өрлеу табалдырығынан енді ғана аттадық. ^  лда 
зия_
Деттертүр.  Қазақстандық қайта Өрлеуді  акиқатқа аИНаЛ^  
энС^3 
лысына сын.  Ал оның бір парасы өлке тарихын түзу  екен
143

ЕУ РА ЗИ Я Л Ы Қ М Ә Д ЕН И-РУ ХА Н И   Ы Қ П А Л Д А С Т Ы Қ Т Ы Ң  
Т А ҒД Ы РЫ  М ЕН  Т А Ғ Ы Л Ы М Ы
Еуразия  -   таңғажайыптарға  толы  кеңістік. 
Оның  ежелгі 
түрғындары сақтар алғашқылардьщ бірі болып жазуды дүниеге әкелді, 
ал  сол  сақтардың мүрагері  қазақтар  XX ғасыр  басында  сауатсыздық- 
ты  жоюмен  арпалысты.  Феодалдық  қүрылыстың  тірегі  -   монархия- 
лық  билік  Ресейде  1917 жылдың  ақпанына дейін  сақталуымен  әлемді 
таңырқатса,  халқының  дені  шаруалардан  түрған  тап  осы  ел  жүрттан 
бүрын пролетарлық революцияны жүзеге асырды. Елін басқара алмай- 
тын болған соң сырттан билеуші шақырған ортағасырлық орыстар XX 
ғасырдың ортасына қарай грузин Джугашвилидің өктемдігімен жарты 
әлемді  ашса  алақанында,  жүмса  жүдырығында  үстады.  Дүшпанынан 
жеңілуді  білмеген  Еуразия  халықтары  XXI  ғасыр  қарсаңында  кеше 
ғана  өзі  ойсырата  жеңген  Германиядан  экономикалық  көмек  сүрауға 
мәжбүр  болды.  Шылқыған  байлықтың  үстінде  отырған  да  Еуразия, 
кедейшілікпен  күресіп  жатқан  да  Еуразия.  Этногенезі  мен  этника- 
лық тарихында,  адамдарының дүниетанымы мен емір  салтында ортақ 
белгілері  көп  Еуразия  қүрылығында  мемлекеттік  ыдырау  мен  түтасу 
үйреншікті  үрдіске  айналғанына  бірнеше  ғасырлар  етті.  Социалистік 
идея  үшін  сансыз  қүрбандыққа барған  Еуразия енді  бүгін социалистік 
идеяны  сынаудан  алдына  жан  салатын  емес.  Еуразияны  осыншама 
таңғажайыпқа толтырып отырған не қүдірет.  Адам ба, табиғат гіа, Жа- 
ратушы ма?
Біз Кеңестік жылдарда атеистік тәлім-тәрбие алған үрпақ  өкіліміз. 
Жаратушы  мен  оның қасиеті  жайлы  тиянақты  біліміміз  жоқ.  Ендеше 
білмейтін  тақырыпқа  қалам тартып,  күнәға  батқаннан  гөрі,  өзімізге 
түсінікті мәселе  адам мен табиғат жайына  ойысқан жөн.
Адамды  адам  еткен  -   еңбек, 
дейді  марксизм  ілімі.  Еңбектің 
әлеуметтік  ілгерілеудегі  орны  жайлы  байыпты  пікірлерін  білдірген 
басқа да ойшылдар  аз  емес.  Жүмысы  жоқтық, тамағы тоқтық аздырар 
адам баласын деген Абай сөзі нақылға айналғаны қашан. Демек,  адам
144

мен еңбек араеындагьг ажырагысыз бірлікті қоғамның ілгері жылжуы- 
ауадай  қажет объективті  байланыс әрі құндылық деп ұғынғанымыз
на 
абзал
л.
Қоғамдагы  сүраныс  псн  үсыныс  арасындағы  үздіксіз  ықпалдас- 
тық пәрмснімсн  ецбектіц  өнімдіяігі  мен  сапасын көтеру ушін жанта- 
ласқан  адам  баласыньщ  интеллектуалдық  ізденісі  бір  сәтке  үзілген 
емес.  Еңбск  тәсип  мен  қуралдарын  жетілдіру  аркылы ол табиғаггың 
құпиясын  ашты,  қокамды  өзгертті,  өзінің  қарым-қабілетін  шывдады. 
уптеп  келгенде,  адамның  болмыс-бітімін еңбектен асыра айкындай- 
тын қүдірет жоқ.  Еңбектену арқылы интеллектуалдық әлеуетті зорай- 
ТУ! тереңдету адамньщ  ғана қолынан келеді. Бүл қасиетінен айрылған 
адам да, қоғам да қүрдымға бет түзейді. Интеллектуалдық сипаттан ада 
ең  ек үрдісі  жануарлар дүниесінің пешенесіне жазылған. Горькийдің:
«  гер 
тындырғаң 
жүмысы  бойынша  адамдарды  бағалайтын  болсақ, 
°нда жылқы малы кез келген адамнан биік түрады», дейтіні осыдан.
Еңбекпен  маңдайьшың 
ашылып,  бағының  жануы  дегеніміз 
адамньщ  туа  немесе  жүре  біткен  қасиетінің,  қабілетінің,  бойындағы 
арын 
берстін 
мүмкіншілігінің  жүзеге  асқаны.  Адамға  ғана  тән  тап 
°сы  қабілет-қарымның  пәрмепді  әрі  қалдықсыз  ашылып,  қоғамның 
ВДЖсі сатыға кетерілуінс септігін тигізуі  мәдениеттің мәнін қүрайды, 
•Уәлиханов 
жазғаңдай «күтім, бап үй жануарларының түқымын ка- 
Лаи  жақсаР'іатып  болса,  мәдсниет  те  адам  организмін  солай  жақсар- 
тады» 
(Уәлиханов 
III.  Таңдамалы. А.,  1985.  129-6.).  Адам мәдениетті 
туь»{датадь[,  мәдснист  адамдарды 
кемелдендіреді.  Адамды  адам
ның 
Қадірлеуі нсмссе қаиауы, адам мен адамның шынайы сыйласуы немесе 
Дүрдараз  ғүмыр  кешуі,  кішінід  үлкенге қүрметі,  үлкеннің кішіге мін- 
Деті 
немесе 
езара  сиыспауы,  отбасындағы бала-шағаның, ата-ананың, 
мекемедегі лауазымды-лауазымсыз жандардың 
қарым-қатынасындағы 
әДептілік пен дөкірлік -  бәрі еңбекті үйымдастырудағы, қастерлеудеті, 
мәдени-рухани  өмірдегі  ілгерілеу  мен  іркілістің  айна-қатесіз  тікелей
Адам 
баласының 
тобырдан 
өркениетке 
қадам  басу ында 
ТагЛЬ]рапы}\тағыш  мәні  бар  осынау  объективті  қатынастар  мен  бай- 
ланыстар,  интеллектуалдық,  мәдени-рухани  толысу  жүздеген  мың 
жылдарға  созылып,  homo  sapiensKe 
неолиттік  революцияны 
жүзеге 
сьіртты,  Альтамира  мен  Т
аңбалытасты 
дүниеге  әкелтті.  Үздіксіз 
өзгеріп, толығып,  жаңа  сапаға  ие  болып  отырған осы үрдістің баста- 
Қьі  кезеңінде  табиғат  пен  климат,  яғни 
географиялық 
орта  мен  ау-
Ю
-2144
 
!
 
4 5

мақ  шешуші  роль  атқарды.  Ол  әр  өңірге  тән  шаруашылық-мәдени 
типті,  нәсілдік  ерешелікті,  салт-дәстүрді,  сенім-нанымды  айқындады. 
«Тайпалық  организм  жағдайында  оны  қоршаған  орта,  ауа  райы,  жер 
жағдайы  бірінші  кезекке  қойылуы  керек,  себебі  адамның  ояну  сезімі, 
қаракеті  физикалық  қүбылыс  пен  әлеуметтік  жағдайдың  біртүтас 
әсеріне  байланысты  емес  пе»,  -   деп  жазған  болатын  Ш.Уәлиханов 
(Уәлиханов  Ш.  Тандамалы.  128-6.).  XX  ғасырдың  басында  класси- 
калық  еуразиялық  түжырымдаманы  дүниеге  әкелген  Н.Н.Алексеев, 
П.Н.Савицкий,  Н.С.Трубецкой,  Э.Хара-Даван  сияқты  қайраткерлер, 
ғалымдар,  кейінде  Л.Н.Гумилев  те,  осынау  тезисті  үстанғаны  тарих- 
тан  белгілі.  Жалпы,  еуразияшылдардың  бәрі  тарихи  үрдістегі  аумақ- 
тық-климаттық  факторды  мейілінше  жоғары  бағалағанын,  өздерінің 
түжырым-дүниетанымының жетекші методологиялық принципі ретін- 
де  кәдеге  жаратқанын  әрқашан  қаперде  үстауымыз  керек.  Бүл  тезис 
еуразияшылдардың  1926  жылы  жарық  көрген  алгашқы  үжымдық 
монографиясында  дәйектеліп,  уақыт  өте  келе  Л.Н.Гумилев  зерттеу- 
лерімен  этногенез,  пассионарлық  теорияларының  орныгуына  әкелсе, 
қазіргі  таңда  А.Дугиннің  неоеуразияшыл  түжырымдамасынан  да  кең 
орын алып отыр.
Келесі бір іргелі мәселе -  Еуразиялық түжырым алып қүрлықтың 
қай  бөлігіне  қатысты  дәйектелуінде.  Арал  -   мемлекет  Англия  да, 
алақандай Қыргыз елі де Еуразия қүрлығында орналасқан ғой. Алғашқы 
еуразияшылдар  Еуразияның  аумағы  Ресей  империясының  шекарасы- 
на  дөп  келетінін  алға тартқанда  орналасқан  ауданын  емес,  аумақтық- 
климаттық  себеп-салдарды  меңзеді.  П.Н.Савицкийдің сөзімен  айтсақ, 
«природа  евразийского  мира  минимально  благоприятна  для  разного 
рода «сепаратизмов», будь то политических, культурных или экономи­
ческих...  Недаром  в  просторах Евразии рождались такие  великие  объ­
единительные попытки как скифская, гуннская, монгольская (ХІІГХ1Ү 
вв.)  и  др...  Недаром  над  Евразией  веет  дух  своеобразного  «братства 
народов»,  имеюший  свои  корни  в  вековых  соприкосновениях и  куль­
турных  слияниях  народов различнейших рас...»  (Основы  евразийства. 
М.,  2002.  с.  302,  303).
Дегенмен  жаңаша  жыл  санаудың  басына  дейінгі  Еуразия 
кеңістігінде  айтарлықтай мәдени-рухани ықпалдастық болды дей қою 
қиын.  Еуразияның  шығыс  бөлігі  негізінен  Қытаймен  қарым-қатынас 
үстаса,  солтүстік  бөлігі  римдіктермен  араласып-қүраласып  жатты. 
Байырғы  славяндар  ІҮ-Ү  ғасырлар  межесінде  ғана  ғүндардың  әсерін 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет