С. Т. Каргин педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата08.02.2017
өлшемі7,84 Mb.
#3671
1   2   3   4   5   6   7

аңғары

лады.  Ол:  алдымен  тай-құлын  болу,  екіншісі  -  шабу,  ал 

үшіншісі  -  қаз  басу.  Міне,  бүндай  суретті  құбылысты  өлең-жыр 

ауқымына  сыйғызу  қазақ  елінің  ерекшелігіне  жатады.  Сөбидін  жай 

жүріп  кетуіне  тілек  айтылу  тұсаукесер  жырында  орын  алған.  Себи 

баланың  дыбысты  сезінуіне  негізделген  философиялык  түжырымдар 

жырдың басымдық қуатына тірек болып келеді. Меселен:

«Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер».

Тұспалдап  айтудың  бір  сыры  -  «Асулардан  аса  бер»  деген

тілектің іпгіндегі түйін.

Көптеген  белгілі  ақындар  езінің  «Бесік  жырына»  елең  ернегін

арнаған.  Атап  айтсақ,  Ж.Жабаев,  І.Жансүпров,  Қ.Аманжолов,

Т.Молдағалиев, Б.Тежібаев және т.б.

Сол  секілді  отбасы  жырына  себеп  болатын  бір  құбылыс  -  ер

бапаны  сүндетке  отырғызу.  Әркім  езінің  шама-шарқына  қараи  осы

дестүрдің  аталусыз  қалмауын  қарастырып,  ат  шаптырып,  көкпар

тарттырып,  теңге  аттырып,  ал  оган  хаш  келмегендері  айналасына

кішігірім той жасап өткереді.

Кейбір  дестүр  мен  салт  ел  ішінде  күңгірт  тартқанымен,  сүндет

тойы  сақталып  қалды.  Сүндет тойына арналған  жырдың да тәрбиелік 

міндеті ашық аңгарылады:

Жаман бала болмағын. 

Қанатыңды қомдағын. 

Өмір жасы ұзақ жол,

«Сен де болдың мұсылман, 

Кетпей жүрсін тұсыңнан,

Қызыр бабаң қыдырып, 

Әкеңнің тілін ала жүр,

Балапаны қыранның, 

Қырандардай биікте. 

Үзақ жолда талмағын...

Туған жерің сен еккен,

Ағашыңмен көгерсін...»

89


Байқап  отырғанымыздай,  отбасы  жырларының  алгоритмі  ұдайы 

үзіліссіз құбылыстық келбеттерді  бернелеп,  олардың бір-бірімен тұтас 

байланысты  жүйесін  құрап  тұрғанына  көзіміз  жетеді.  Мұндай 

жырлардың  тұтастығын  ұсақ  құрамдарға  жіктеп  жіберсек,  оның 

маңыздылығына 

нұқсан 


келеді. 

Барлық 


жырлардың 

тоғысар 


тұжырымдары  бір.  Ол  -  отбасының  ізгілікті  болып,  үлгілі  ел  санатын 

құруға  қадам  жасау.  Тұрмыстық  жырлардың  өзін  сонау  ықылым 

замандарда  сал-серілер  шығарғаны  жайлы  бірер  пікірлер  айтылып 

жүр.


Біржанның 

өзі 


кішкене  күнінен  өжесі 

бауырына  салып 

алғандықтан,  Қожағұлұлы  деп  аталып  кеткен.  Салдың  туған  әкесі  - 

Тұрлыбай.  Бұның  өзі  -  атасының  және  әжесінің  өнге,  күйге 

құмарлығының  куөсі.  Сөйтіп,  елге  келген  әнші-жыршылардың  өнерін 

тыңдап  өскен  Біржан  келе-келе  ойын-сауықтарда, 

алтыбақан, 

шілдеханаларда  ән  салып,  «әнпл  бала»  атанды.  Бертін  келе  «әнші 

жігіт»,  кейіннен  «әнші  Біржан»,  «Біржан  сал»  атанады.  Біржанның 

салдық  қүруы  әнмен  тікелей  байланысты.  Ел  аралауы,  оған  арнайы

киімдер  даярлауы, 

әндерішң 

барлығы 

белплі 


бір  оқиғалық 

құбылыстарға  құрылуы  -  тарихи  маңыздылықтың  құнын  айқындауға 

үлкен 

тіректік 



нысан. 

Мәселен: 

«Тентею>, 

«Жайма 


шуақ», 

«Телқоңыр»,  «Айтбай»,  «Ғашық  жар»,  «Жанбота»,  «Жамбас  сипар»’ 

«Көкек»,  «Теміртас»  көне  т.б.  Жай  ғана  өлеңдердің  атын  жіктеп 

өткеннің  өзінде  талай  оқиғаларды  көз  алдымызға  елестетіп,  оның 

қазақ халқының дәстүрі  мен салт,  әдет-ғұрпы тұрғысында жырланып, 

сөз  өнерінің  құдыретімен  келесі  адамның  жүрегіне  жететіні  -  ерекше 

сипат.  Біржан  салдың  кешегі  отбасы  дөстүрлеріне  қатысты  өлеңдер 

шығаруының  өзі  шарықтау шегіне жегіп,  халықгың басынан  өткерген 

тарихи  оқиғалармен  жалғасын  тапқанына,  оның  үлкен  іргелі 

мәселелерге  ұласқаны  айқын  байқалады.  Біржан  салдық құру арқылы

халқының  мәдени  деңгейін  арттыруға  барлық  бойындағы  жасампаз 

өнерін құрал регінде пайдаланады.

Салдық  дәстүрде  халықтың  тұрмыс-тіршілігіндегі  әлеуметтік 

мәселелері  бірінші  мәнде  болғаны  аңғарылады.  ХГХ  ғасырдың  екінші

жартысындағы  қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  дүниетанымы  бұрынғы

дамыған  өрісінен  басқа  өңге  айналып  кеткені  белгілі.  Сол  себепті 

Біржан  салдың  елеңдері ндегі  зарлы  дауыс,  шерменде  ырғақ,  мүңды 

сарын  басымдық  орында  болып  келеді.  Біржан  салдьщ  тұрмыстық 

жырларға тікелей  қатысының барлығына куә боларлық көрініс - оның 

Абаи  аулына  келу  сапары.  Бұл  Біржанның  салдық,  шығармашылық



кемелдену түсын  айқындай,  айшыкгай  түсуіне  қозғаушы  күштік  қуат

берген  сәт  болатын.  Біржанның  Абаймен  кеңесуі,  кемеңгер  ақынның

90


парасатқа 

толы 


ғаламдық 

тұжырымдары, 

ән, 

өлең 


өнеріне 

сыншылдықпен,  кірпияздықпен  қарауы  сияқты  екеуара  одақтық  өнер

әлеміне  тигізген  әсері  мол.  Абай  өлеңдерінің  философиялық  сырын 

Біржан өзінің салдық өнерімен аша түскен.

Сал-сері  — сегіз  қырлы,  бір  сырлы,  ягни,  әнші,  күйші,  ойыншы, 

күлдіргіш,  композитор,  би,  спортқа  бейімі  ерекше  үздік  жаратылған 

өнерпаз.  Олар  халық  мәдениетінің  көрнекті  өкілдері.  Сал  мен  сері 

әншілік,  ақьшдық  өнері  жағынан ұқсас болса да,  мінез  қылыгы,  киім- 

киісі,  жүріс-тұрысы  жағынан  өзгешелігі  болған.  Сал  оғаш  мінез 

көрсетуге бейім  келеді.  Ол ауылдың не үйдің сыртында атынан түсіп, 

жер  бауырлап  жатып  алады.  Оған  қыз-қырқындар  келіп,  басын 

көтеріп,  шаңыраққа  кіргізеді.  Тамақты  өзі  ішпейді,  қыздары  ішкізіп- 

жегізуді міндетіне алады. Бір сөзбен айтқанда, сал не істесе де, қандай 

еркелік  көрсетсе  де  ел  төзімділік  танытатын  салт,  дәстүр  болған. 

Бұлардың  киім  келісіне  келетін  болсақ,  «салдар  жұртгың  ортақ 

салтында  жоқ,  күлкілі,  көзтартарлық  әлемішті  киімдер  киініп, 

жарқылдақ  моншақтарды  тағынған.  Бас  киімдерінің,  шапан,  шалбар, 

байпақтардың  шүберегі  ала-қүла,  қырық  қүрау  болады.  Бөрік, 

тымаққа үкі, неше түрлі моншақ қадаған. Сырт киімді кейде бірыңғай- 

ақ,  қызыл-жасылдап,  кейде  қым-қиғаш  әр  шүберектен  араластырып 

тіктірген,  оған  шекпен  де,  құрым  да  қоса  тігілген  болады».  Біржан 

салды  көрген  Ілияс  Мейірбанұлы:  «Кең  жағалы  ақ  көйлек,  дөңгелек 

етекті  оқалы  камзол,  сыртында  көк  ала  қаптал  шапан,  басында  үкілі 

құндыз бөрік, үкісі бұлғақ-бұлғақ етеді», - деп жазады.

Салдардан  серілердің  өзгешелігі  мынау:  серілерде  өрескел  мінез, 

ерсі,  оғаш  қылық  болмайды.  Мейілінше  сыпайы,  орнықты,  ибалы, 

сәнді  киім  мен  бекзаттыққа үйір.  Сал-серілер -   ойын-сауықтың,  той- 

думанның  гүлі.  Елдің  жуан  ортасында,  халық  арасьгада  қаздай 

қалқып, үйректей жүзіп,  қасына  жыршыларын,  ақындарын,  өншілерін 

күйшілерін,  өлеңшілерін,  ойыншыларын  ертіп,  топ  құрып  жүреді. 

Туған  елдің  аспанында  емін-еркін  қаршығаша  қалықтайды.  Сал- 

серілік өнердің негізін салып қалыптастырып өркендетушілер: Дөстем

сал мен Дүйсен сері. Бұл ретте Сегіз серінің (1818-1854):

«Өгіпті бізден бұрын Дүйсен сері,

Болыпты күнде думан жүрген жері.

Сол ердің үлгілісін жалғастырған,

Керейде менің атым Сегіз сері...»,- деген сөзі дәлел.

Сегіз  серінің  тобында  Сейітжан  сал,  Қүшан,  Нияз  сері,  Шәрке 

сал,  Дайрабай  күйші,  Қабылан  әнші,  Шернияз  әнші,  Аббас  батыр, 

Сәду  батыр,  Өске  ақын,  Орынбай  ақын,  Көрпе  ақын,  Біржан  сал 

сияқты  дүлділдер  болған.  Сегіз  сері  (шын  аты  Мүхаммед  Қанапия

91


Баһрамұлы Шақшақов -  қазақ халқының аса дарынды перзенті.  Орыс, 

араб  тілдерін  жетік  білген.  Өзі  ақын,  өзі  әнші,  өзі  композитор, 

сыбызғышы,  қобызшы,  күйші,  шешен,  батыр,  саятшы,  мерген,  зергер, 

өрімші  екен.  Сегіз  сері  өз  заманының  бетке  ұстарлары  Исатай  мен 

Махамбет,  Шерниязбен,  Сүйінбаймен төс соғыстырып дос болған.  Ол 

«Гауһар  тас»,  «Мақпал»,  «Қарғаш»,  «Әйкен-ай»  әндерін,  «Қасқыр» 

(Исатай  мен  Махамбет туралы),  Қызыл  нар,  Аққайың,  Алмас  қылыш, 

Семсер,  Есіл  күйлерін  шығарса,  Қозы  Көрпеш  -  Баян  Сұлу,  Қыз- 

Жібек,  Ер  Тарғын,  Айман-Шолпан,  Сырым  батыр  әндерін  жаңғырта- 

жаңғырта  орындаған.  Атақтының  атақтысы  Сегіз  сері  қазақтың 

ақындық,  әншілік,  музыкалық  өнерінің  ұлы  мектебін  құрған  әйгілі

Біржан  салдың  ұстазы.  Үстазым  Сегіз  сері,  Нияз  сері,  солардан  үлгі 

алған мен  Біржан  салмын,  дейді.  Біржан  сал  мектебінен  Басығараның 

Қанапиясы,  Қүліума,  Ақан  сері,  жаяу Мұса,  Ағаш  аяқ,  Әздембай  сал, 

Кемпірбай,  Шашубай  тағылым  өнеге  алған.  Кемпірбай  екі  аяғына 

бақанды  байлап  алып,  ойнаған  гармонға  қосылып  билеген.  Үстіне 

түрлі  әлеміш  киім  киіп  алып,  аяқ-қолын  керіп  шеңбер жасап,  зырлап

дөңгелеп ойнаған.

Жыр  думанның  дию  перісі  атанған  Шашубай  -   айтыс  ақыны, 

композитор,  сырнайшы,  әнші,  жонглерлік  клоундық  өнердің  иесі, 

халық  ойындарын  асқан  ептілікпен  орындайтын  шебер.  Айталық, 

басындағы  тақия  көз  ілестірмей  маңдайына  не  желкесіне  әкеліп 

ойнаған.  Төбесімен  жүргенде  аяқтыға  соқпаған  көрінеді.  Доңғалаққа 

ҮҚсап  дөңгеленгенде,  таяқгың  ұшына  таяқ  ұстап,  аттың  үстіне 

төбесімен  шаншыльш  шапқанда,  құры қш   бес  саусағына  кезек 

қондырып,  алдына  қойылған  ыдыс-аяқ,  тағамдардың  ешқайсына  қол- 

аяғын типзбей,  дастархан  бепнде  қоянша  жорғалағанда,  жұрт мынау 

дию  ма,  әлде  пері  ие  деп  қайран  қалысады  екен.  Шашубай  осындай 

өнерді  Кемпірбай  мен  Балуан  Шолақтан  үйренген  көрінеді.  Сал  мен 

серілер  поэзиясының  тақырыптары  ұқсас.  Сондықган  да,  осынау 

әнші-ақындардың творчествосын  бөліп жара қарауымыздың реті жоқ.

Тек  мінез,  қылық,  киім  киюі,  жүріс-тұрысы  ерекшеліктері  ғана

болмаса  және  бұл  өзгешеліктер  поэзиялық  ерекшелік  тудырмайды. 

Олар махаббатты, жастық шақты, ой-сезім дүниесін толғайды.

Сал-серілік дәстүрдің қазақ сахарасында кең жайылыуының тағы

бір дәлелі  Уәйіс  Шоңдыбайұлының  шығармашылығы  дер  едік.  Уәйіс

-   Абай  Құнанбаевтың  талантты  ақын  шәкірттерінің  бірі.  Керей 

руынан  шьіққан  Уәйісті  Абай  әдейі  шақыртып,  әнін тыңдап  отырған. 

Уәйіс  әншінің  серілік  өнері  туралы  ғылыми  еңбектер  жоқгың  қасы.

Уәйіс серінің өлеңдерін кешегі дүниеден өткен Ақан сері және Біржан 

салдың  өлеңімен  салыстырғанда  әлдеқайда  қайғы  мен  шер  басым

92


болып  келетіні  байқалады.  Уәйіс  серінің  белді  шығармасы  «Тобықты 

Тәуке  батырдың  Керейді  шапқаны»  деген  дастаны  екені  аңғарылды. 

Табиғи  дарыны  асқақ  Уәйіс  жас  жігіт  кезінде  серілік  құрып, 

серуендеп,  Семей,  Қарқаралы,  Кереку,  Зайсан,  елдерін  аралап,  өлең 

айтып, ән салыпты.

1891-94  жылдары  Абайдың  шақыруымен  келген  Уәйіс,  ұлы 

акынның 

талантты, 

білімді 

шәкірттері 

Мағауия, 

Ақылбай, 

Көкбайлардың  тобына  қосылады.  Абайдың  өсиетін  тыңдап,  ұғып, 

еңбекші 


халық 

мүддесін 

жырлайтын 

азамат 


ақын 

болады. 


Өлеңдерінде  патша  өкіметінің  отаршыл  зұлымдық  саясатының 

нәтижесінде  ерікті  елдігінен,  береке-бірлігінен  айырылған  қазақ 

халқының қайғы-қасіретін жыр етеді. Ел басындағы ауыр халді ашына 

жырлап, зүлымдықты әнпсерелейді,

Естай  Беркімбаевтың  өнер  туралы  арнайы  айтып  кеткен 

тұжырымы  кездесе  бермесе  де,  Біржан  салдың  қасында  бір  жылдай 

еріп  жүргені,  1889  жылы  Ақан  серіге  шәкірт  болғаны  елеулі  оқиға 

ақын  үшін  үлкен  мектеп.  Шалқыған  кең  тыныс,  куплеттік  өлеңнің 

схемасынан  өнде  «шыға  жайылу»  кездерден  кем  соқпайтын,  аса 

дамыған  қайырмалар,  сөз  мөні  мен  ән  мазмұнының  қабысып  жатуы, 

азаматтық  лирика,  демократиялық  арқау  сал-серілік  өнерден  көшкен

дәстүр.


Сал-серілік дәстүрге қатысты қазіргі кезеңде де ғылыми еңбектер 

жарық  көруде.  Ғалым  Серік  Негимов  философиялық  кеңістікте 

зерттеген  еңбегінде  19  сал-серілердің  өнеріне  тоқгалып  өтеді. 

Ғалымның  зерттеу  қорытындысында  Арыстанбай  Тобылбайұлын, 

Құлтума 

Өтемісұлы, 

Ыбырай 

Сандыбайұлын, 



Шашубай 

Қошқарбайұлын,  Доскей  Әлімбайұлын,  Кенішбай  Жұбандықұлын, 

Қалқа 

Жапсарбайұлын, 



Майасар 

Жапақұлын, 

Тайжан 

Қалмағанбетұлын,  Болман  Қожабайұлын,  Ғазиз  Файзоллаұлын, 



Шәкен  Отызбайұлын,  Иса  Байзақұлын,  Ақан  сері,  Мәди  Бапиұлын, 

Сегіз  сері,  Біржан  сал,  Естай  Беркімбайұлын  сал-серілер  сипатына 

қосады.  Мұнымен  бірге  Сәкен  Сейфуллиннің,  Әлкей  Марғұланның, 

Қабиболла  Сыдықұлының  ғылыми  зерттеулеріндегі  сал-серілер 

туралы  ой-пікірлерін  жариялайды.  Барлық  айтылған  пайымдарды 

түйіндесек, төмендегідей түзілім шығады:

1.  Серілер әнші, домбырашы, ойыншы, тапқыр,  палуан жігіттерді 

ертеді.  Бәріне киімді  бірыңғай  әсем  енгізеді.  Ерекшеліктері:  үкі,  асыл 

киім, астында бүгінген әсем басқан сәйгүлік.

2. Басқаға жұмбақ өмір секілді  көрінуі.

3.  Сал-серінің  ерекшелігі  -  әрі  ақындығы,  әрі  әншілігі,  әрі 

күйшілігі, әрі сауыққойлығы, елге қуаныш беруі.

93


4.  Байсалды да сазды болып келуі.

5. 


Сал, 

серілерде  ақындықпен 

қатар  әншілік, 

күйшілік, 

композиторлық,  би,  спорт өнерінің қатар келуі.

Жыршылардың  өзін  де  сал-серілер  тобына  жатқызуға  болатыны 

бұл  еңбекте  анық  байқалады.  Бұл  еңбектің  бүгінгі  жастарға  бірер 

білім  мазмұнына  қызмет көрсетер  тұсы  айрықша.  Оның  басты  себебі 

біздер  сал-сері  дегенде  тек  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Жаяу  Мұса  және 

т.б.  бірегей  адамдардың  келбеті  есімізге  түседі  де  Арыстанбай 

Тобылбайүлын  тек  Ш.Уәлихановқа  бірнеше  жырды  шертіп  беруші 

тұлға  ретінде  қабылдап  келдік.  Мектеп  оқушылары  мәдени  мұраның

осы  бір  тұсьш  терең  білуге  Арыстанбай  Тобылбайұлының  өнер 

шеберлігіне  ден  қоятыны  сөзсіз.  С.Негимов  5  сағат  бойы  «Қозы 

Көрпеш  —  Баян  сұлу»  жырын  тәмамдай  алмағанын  деректемелі 

тұрғыда  дәлелдейді. 

Бұдан 

мектеп 


оқушыларының 

назарына 

серіліктің  ауқымы  кең,  күш-қуаты  мол  екені  ілігері даусыз.  Басқа сал- 

серілердей  Арыстанбайдың  да  ғұмырнамасы  өлеңдеріне  арқау 

болғаны  мектеп  оқушыларына  өмірді  мәнді  сүруге  бағдар  жасайтын 

нысан демекпіз.

Зертгеуші  бұрынғы  Кеңестік  дәуірде  бимәлім  болып  келген

немесе  аты  таныс  болғанымен  сал-серілер  санаіъгаа  жататынын

білмей  келген  тұлғаларға  тоқталуы 

халықтың 

педагогиканың

этномәдени  арқылы  тәрбие  берудің  бағытын  анықтай  түседі.

Зерттеушінің  зерделі  тұжырымдарынан  этномәдени  нысанының

қозғаушы  күпп  боларлық  тұстарын  төмендегідей  саралап  алуға 

болады:

1.  Арыстанбай  Тобылбайұлынан  (1811-1880  жж.)  мектеп 



оқушыларына  ұсынар  тұжырым:  серілік  дәстүрдің  жыршылық 

бағдарын  ұстаған.  XIX  ғасырдың  өкілі,  «Ер  Көкше»,  «Ер  Қосай» 

жырларын Шоқан Уәлихановқа айтып берген.

Түйіндегенде,  Арыстанбай  Тобылбайұлы  елін  сүйген  патриот, 

елжанды азамат,  Отанын сүйген  батырларды  өнерлі  түрде,  нақышына 

келтіре  жырлап,  кейінгіге  жепсізупіі.  Ауызша  ойға  сақтау,  жүлма 

жады  (Жүсіпбек  Аймауытовша)  өте  жоғары  дамыған  және  жырлау

барысында шаршау-шалдығуды білмеген.

2.  Үкілі  Ыбырай  Көкшетау  өңірінде  дүниеге  келген.  Біржан  мен 

Ақаннан бата алған.  Этномәдени  арқылы тәрбие  берудің  сабақтастық 

қағидасы  байқалады,  оны  Біржан  сал  мен  Ақан  серінің:  «Біздің 

өнерімізді жалғастыратын,  байтақ елге жаятын алдағы  күндерге  әдемі 

күймен  күмбірлете  жеткізетін  сұңқарша  саңқылдаған  Ыбырайымыз

бар»,  - дегенінен  авдауға  болады.  Сал-серілерге тән  өз  өмірін  өнеріне 

тиек  ететін  тұлға.  Оны  «Қалдырған»  әнінен  байқауға  болады.  Үкілі

94


Ыбырайда  болмысқа,  табиғатқа,  қоғамға  деген  философиялық 

дүниетаным  төн  екені  талдау  барысында  аңғарылады.  Дүниенің 

өтетінімен  баянсызы  жайлы,  жастардың  аға  буынды  ығыстыратыны 

туралы, «Қара бураның қартайып» кейінгі толқынға жол берер тұстың 

келері сияқты  әлемге  өзінің  пәлсапалық ойын білдіреді.  Бүгінгі таңда 

экономика 

ғылымдарының 

докторы, 

академик 

Аманжол 


Қошанүлының 

әкесі 


Қошанға 

Ы.Сандыбайұлы 

Атығай 

мен 


Қарауылдың кісілігін айрықша ықыласпен білдіреді.

«...Атығай мен Қарауыл

Бірің — тіл, бірің -  көмейің.

Әлсіздерді  демейсің

Адасқанға жол сілтеп,

Нәсілің тартып сен дағы

Елдің  қамын жегейсің...», -  деген батасы  қабыл болып,  Жантілеу 

тегі  Қошанның  да  серілігі  бүкіл  Солтүстік  Қазақстан  облысына 

танымал.  Мұнымен  бірге  кейінгі  ұрпақгары  да  елінің  мүддесін, 

намысын  қорғаушы  болғаны  бүкіл  солтүстік  өңірге  белгілі.  1930 

жылы  ату  жазасына  бұйрық  шыққанда,  С.Мұқановтың  Үкілі 

Ыбырайды  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Сотына  ақтау  өтінішін  жіберіп,  сл 

мақтаны  Үкілі  Ыбырайды  аман  алып  қалады.  Бірақ,  не  оқушыларға, 

не студенттерге мұндай ақпарат белгісіз күйінде қалып қояды.

3.  Серілер  мен  салдардың  тілдерді  өздігінен  меңгеруге  құпггар 

екені  қазақтың  этномәдени  арқылы  төрбие  беру  іс-әрекетінің

мәнділігін  танытады.  Сегіз  Сері  1835  жылы  Омбының  Сібір  өскери

училищесін  бітірген,  орысша  еркін  сөйлеген.  Ақан  сері  орысша  да, 

арабша да  өте  сауапы  болған.  Әлкей Марғұланның  зерттеуінде  Нияз 

сері  парсы  тілінен  «Тоты  намені»,  Сегіз  сері,  Ақан  сері,  Сейіткерей 

«Мың  бір  түннің»,  Мәлике  кітабының  және  «Тотының»  тарауларын

әсерлі, нақышты тілмен айтқан.

4.  Қазақ  халық  педагогикасындағы  сал-серілік  дәстүр  арқылы 

этномәдени  тәрбие  берудің  құралы  жыр  екені,  оның  отан  қорғаудағы 

ұрандық екпіні де айрықша болып келетіні.

5.  А.Жұбановтың да,  С.Негимовтың да зертгеу  еңбектерінде  сал- 

серілер  аса  жекеленіп  алынбай,  жұптық  мәнде  келіп,  Біржан  салдың 

15-16  шақырымға  дейін  даусының  қуаты  жететіні  айтылады. 

Осыншама  күш-қуаттың  басқа  адамдарда  болмайтыны  зерттеу 

барысында  байқалды.  Сал-серілер  бүкіл  қоғамға  өздерінің  ерекше



екенін осы бір қасиетімен де дәлелдей алғаны.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет