§4 . Қарапайым анкета толтырудағы мәдениеттер шиеленісі Қарапайым сауалнама, ұшып келу парағын толтыру, тіпті жүк-
ке тағылатын парақшаға дейін мәдениет өзгешеліктерін аңғартып
турады.
Басынан бастайық. Аты және тегі. Әкесінің аты деген ұғым
ағылшын тілінде жоқ. Бүл түсінікті, таза күйіндегі, баламасы жок,
лексика. Алайда кісінің аты, фамилиясы (тегі) деген сөздер бар.
Сауалнамада, бланкіде және т.б. first name - аты, last name - тегі деп
көрсету қалыптасқан. Орыс тілінде бұл уғымдар әртүрлі екі сөзбен
берілсе, ағылшын тілінде екеуі де name деген бір сөзбен беріліп,
адамның аты - бірінші, фамилиясы (тегі) - соңғы деген сөздермен
ажыратылады. Ағылшындардың өздеріне бүларды ажырату қиынға
соцпайды, осы сөздердің қалыптасқан қатаңтәртібі бар, сондықтан
олар өз тілінде, мәдениетінде қайсысы бірінші, қайсысы соңғысы
деп шатастырып жатпайды. Орыс тіліндегі сөздердің тәртібі еркін,
Иван Петров десек те дүрыс. Сондыңтан ұлты орыс азамат ағылшын
тіліндегі сауалнаманы толтыру кезінде барлық сөздерді түсініп түр-
са да, басында не аты first, не тегі last екенін ұға алмай, абдырап
қалады. Бұл жағдай қытайлар мен венгрлер үшін де қиындык, туты-
зады, себебі олардың тілінде бұл сөздердің орын тәртібі ағылшын
тіліндегіге қарама-қайшы: алдымен кісінің тегі, сонан соң аты жа-
зылады. Міне, сондықтан да Berlitz фирмасы шығарған Будапешт
қаласының жолкөрсеткішінде Андраш Хесс атындағы алаң былай
сипатталады: «Hess Andras ter (like the Chinese, the Hungarians put the last name first, we would call the printer Andras Hess) /қытайлар
секілді венгрлер де алдымен тегін, сосын атын жазады, бізше су-
ретші Андраш Хесс/)». Дегенмен тіліміздегі сөз тәртібіндегі бір-
шама еркіндікке қарамастан, географиялык, атауларды жазғанда,