Коммуникация



Pdf көрінісі
бет44/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   188
аЕ.М. Верещагин.,
 
эквиваленттілік, мәдени танымның эквиваленттілігі жатыр.8
В.Г. Костомаров.
Указ.
соч., 38-110 66.
§3. Шетел сөзі -  
мәдениеттер тоғысы
Балама ретінде танылған сөздерді білдіретін бірдей ұғымдық 
мазмун астарында жатқан эквивалентті қарастырайық. Орыс және 
ағылшын тілдерінде қоршаған ортадағы зат пен құбылыстар тура­
лы қалыптасқан ұлттык, мәдени ұғым-түсінікті, әлеуметтік-мәдени 
компонентті салғастыра отырып зерттеу, осы тілдердегі сөз аста- 
рындағы жасырын жатқан мәдени ерекшелікті терең қарастыруға 
мүмкіндік береді.
Оған мысал ретінде барлык, дүниежүзі халықтарында және сол 
халықтың мәдениетінде кездесетін қарапайым заттар мен құбылыс- 
тарды алып қарастырайық.
Сіздің бөлмеңізде тұрған үстел - қоршаған ортаның бір бөлшегі. 
Осы зат туралы санада қалыптасқан белгілі бір ұғым-түсініктің бар 
екені түсінікті және бұл ұғым-түсініктер түсіндірме сөздіктерінде 
топтастырылып беріледі. Мәселен, орыс тілінің түсіндірме сөздік- 
терінде:
Үстел - биік тіреуішке орнатылған кең жазык, тақтай түріндегі, 
үй жиһаздарының бір турі. Обедать за стопом (Yemen басында 
тамақтану). Письменный стоп (Жазу үстелі). Овальный стол 
(Сопақша кетен у степ). Сесть за стол (Yemen басына отыру). 
Встать из-за стола (Үстелден туру) (О.).


Аудармасы: бір немесе бірнеше көлденең тіреуіші бар, 
ағаштан, мәрмәрдан және тағы басқа заттардан жасалған жа- 
зық беті бар, үстіне ас ішуге, түрлі сәндік бұйымдар қоюға не­
месе ойын ойнауға арналған жиьаз түрі.
Аудармасы: Үстел - жазық беті бар, әдетте төрт аяқты, үстіне 
зат қоюға арналған жиьаз.
Үстел - үстіне зат қоюға арналған, бір немесе бірнеше аяққа ор- 
натылған кең жазық беті тақтайдан (ағаштан, мрамордан) жасалған 
үй жиьазының бір түрі. Круглый стол (Дөңгелек үстел). Письмен­
ный стол (Жазу үстелі). Обеденный стол (Түскі ас үстелі). Лом­
берный стол (Ломбер үстелі). Кухонный стол (Асүй үстелі). Туа­
летный стол (Бонна тын у стел). (У.).
Немесе ағылшын тілінің сөздіктерінде:
Table - article of furniture consisting of 
flat top of wood or marble etc. And one more 
usu. Vertical supports esp. one on which 
meals are laidout, articles of use or ornament 
kept, work done, or games played (COD).
Table - a flat surface, usually supported 
by four legs, used for putting things on (CIDE).
Түрлі мәдениет өкілдерінің тілінде бұл зат әртүрлі дыбыстар 
кешенімен дыбысталып (стол, der tisch, a table, la table), бір ғана 
затты таңбалағанымен, мағыналык, жағынан баламалары әртүрлі 
болады. Бұл, әсіресе, бір-бірімен туыстығы жоқ халықтардың төл 
мәдениетінен байқалады. Мәселен, Түркменстанда үстел сөзі жер- 
ге төселетін дастарқан немесе клеенканың бір бөлігі деген мағына- 
ны білдіреді, ал еуропалық қонақтарға ерекше сый-құрмет корсе­
ту белгісі ретінде біздің түсінігімізде үстел қойылады. Бүл жердегі 
мәселе, бір-бірімен туыстығы жоқ үлттық мәдениеттегі ерек- 
шеліктер туралы емес. Швейцар күйеуімен Парижде түрган 
орыстың атақты кино актрисасы Елена Сафонова бір-бірімен 
жақын туыстас деген еуропа мәдениетіндегі ерекшеліктерді бы­
лой сипаттайды: әңгіме өзге мәдениетте емес. Кез келген тілде 
үстел сөзін айтқан кезде, менің көз алдыма үстінде шәйнек пен 
шыныаяқтары бар, төрт аяқты, ағаш үстелдің бейнесі келеді. 
Ал француздар үстел сөзін айтқанда, үстінде гүлі бар, бір аяқты 
шыны үстелдің бейнесін көз алдарына келтіреді. Француздарды 
бүл үшін кінәлай алмайсыз, олар да мені осы түсінігім үиіін кінәлай 
алмайды. Олар нашар адамдар емес, өйткені «олардың улттық 
дүниетанымы басқа».9
Бұл қарапайым, бірақ нақты, дәл байқалған иллюстрациялар зат, 
ұғым және сөз арасындағы қатынасты көрсетеді. Бұл қатынастарды 
былайша сипаттауға болады: зат пен сөздің, яғни сол затты таңбалай- 
тын сөз бен заттың арасында уғым жатыр, ал ұғым сол тілде сөйле- 
уші ужымның көзқарасымен, мәдениетімен тығыз байланысты. «Тіл- 
дердің әртүрлілігі - бір және сол заттың әртүрлі таңбалануы емес, сол 
зат не құбылыс туралы дүниетанымның әртүрлігінен көрінеді... Тіл -
иероглифтер жүйесі, адам сол иероглифтер арқылы қоршаған ортаға 
деген өзіндік көзқарасын, өзіндік ой-қиялын бекітеді».10
9 А ргум енты и факты, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет