кені әзербайжан тілінде ақ патшаның бірде-бір жағымсыз бейнесі
жоқ. Мұндай сыни тұрғыдан көзқарастың қалыптасуы әзербайжан
халқының дүниетанымында жоқ, табиғатына тән үйреншікті нәрсе
емес».29 Орыс тіліне
қарағанда, әзербайжан тілінде орыс патшасы-
г9Сол ж ерде, 356
б.
на деген сенімділік берік сақталған сияқты. Тілде мәдени ақпарат-
тардың сақталатындығының айқын дәлелі ретінде университетті
басқару жүйесіндегі терминдердің қолданысын алсак, та болады.
Орыс және ағылшын тілдеріндегі университеттің басқару жүйесін-
дегі ректор, декан атауларының өн бойында Еуропаның көптеген
мемлекеттерінде білім беру сол кезеңнің әлеуметтік институты
ретінде саналған монастырь мен шіркеулерде жүргізілген-ді, соған
сәйкес алғашқы білім беру жүйесінің шіркеулік бағытта болғаны ту-
ралы ақпарат сақталған. Содан кейін діни және зайырлы білім беру
жүйесі ретінде екіге бөлініп, соңғысы алдыңғысына қарағанда
кеңінен таралған болатын. Кеңестік Ресейде шіркеулік бағыттағы
білім беру мүлдем жоққа шығарылып, оқытушылар да, студент-
тер де, олардың ата-аналары да осыдан көптеген жүз жылдықтар
бұрын білім берумен тек дінбасылары ғана айналысқанын естен
шығарды.
Англияда жоғарыда айтылған мәселе қаланың архитектурасын
еске түсіреді. Ескірген университеттер әлі күнге дейін XIII, XIV, XV
және кейінгі ғасырларда салынған, әрі монахтардың тұруына, әрі
дуға оқуға арналған арнайы бөлмелері (келья), серуендеуге ар-
налған атақты галереясы
(cloisters) бар көне шіркеу ғимараттарын-
да орналасқан. Одан кейінгі жылдары «қызыл кірпішпен»
негізі
қаланған жаңа университеттер де осы шіркеу архитектурасының
үлгісінің негізінде салынған болатын.
Дегенмен ағылшын тілінде, әсіресе орыс тілінде университет-
тік білім берудің о бастағы тарихи негізін айқындайтын мәдени
қабаты бар:
Декан - факультет басшысы. Бұл сөз неміс тіліне латын тілінен
келуі мүмкін. /Іатын тілінде
decanus тұлғасы бастапцыда «діни қыз-
меткерлердің басшысы, яғни дінбасы», сондай-ак, «он монахтың
басшысы» деген мағынада қолданылған (Ф).
Dean - 1. A head, a chief, or commander of a
division often. 1483.
3. Head often monks in a monastery 1643.
4. Hence, the heart of the chapter in a
collegiate and cathedral church. ME.
5. A presbyter invested with jurisdiction or
precedence (underthe bishop or archdeacon)
over a division archdeanconry.
6. In other essi. uses 1647
Декан - 1. Он адамнан қүралған бөлім командирі
не басшысы
(1483).
3. Монастырьдағы он монахтың басшысы (1643).
4. Университеттегі немесе кафедральды шіркеудегі діни қыз-
меткерлердің басшысы.
5. Епископ билігінің (ағылшын шіркеуіндегі епископ немесе
архидиаконға бағынатын жергілікті діни басшы) жекелеген
бөлігін қамтитын аймақ басшысы.
6. Басқа шіркеулік қолданыста (1647).
101
7. The officer or officers in the college of
Oxford and Cambridge appointed to supervise
to conduct and discipline og junior members
1577.
8. The president of a faculty or department of
study in a University; in U.S. the registrar or
secretary of the faculty 1524.
9. The president,
chief or senior member of
anybody (The Shorter Oxford).
Ректор - алғаш рет 1643 жылы латын тілінен поляк тіліне
«rector» тұлғасында еніп, «мемлекетті басқару, елді басқару» мағы-
насына қолданылған.
Көне мағынасы: а) Үкімет басшысы немесе аймақ басшысы,
халықты, штатты, қаланы не мемлекетті басқаратын тулға
(1685); б) әлемді, адамзат баласын басқаратын Қудайға қатыс-
ты қолданылатын сөз.
Кез келген саладағы жоғары деңгейдегі бақылауды уйымдас-
тыратын тулғаға қатысты қолданылады. Қазіргі қолданыста
бул мағынз мүлде жоқ (1482).
Білім беру саласында: а) университет, колледж, мектеп және
діни уйымдардың (әсіресе иезуиттік мектеп не семинар) жоға-
ры лауазымды басшысы. Қазіргі ағылшын тілінде Оксфордтағы
Линкольский және Эксетерский колледждеріне ғана қатысты
қолданылады (1464). б) Шотландия университетінде:
басты
офистердің бірінің басшысы (1522); в) қурлықтық университет-
тердегі әкімшілік уйымдардың басшысы (1548).
Shorter Oxford).
Мәскеу гуманитарлык, университетінің (МГУ) өмірімен тікелей
байланысты алынған мысалға назар аударайық. ММУ-дің өте биік
монументалды ғимараттары зона деп аталатын бірнеше бөліктен
құралады. Ректорат пен бірнеше факультет орналасқан орталық
бөлігі А зонасы, университет емханасы орналасқан жер Е зонасы
ретінде саналады, оқытушыларға арналған пәтерлер И, К, Л, Н - зо-
наларында, ал жатақхана Б, В, Г - зоналарында орналасңан. Қол-
даныстағы зона сөзін «сектор» сөзімен
алмастыру сәтсіз аяқталды,
өйткені мұндағы зона сөзі тілге етене еніп, сіңіп кеткен болатын.
Бул сөздің артында бүкіл Ресейдің тарихы жатыр. ММУ-дің ғима-
раттары жеңістен және соғыстан кейінгі репрессия жылдары, яғни
1948-1953 жылдары аралығында салынған болатын. Сол кезеңде
ірі ғимараттар секілді ММУ-дің ғимараттарын да зонадағы тұтқын-
Достарыңызбен бөлісу: