дар салған болатын. Зона - концлагерьдегі тұтқындардың өмірін
сипаттайтын терминдердің бірі.
Осылайша, тіл - сол халықтың мәдениетін ғана емес, әлеуметтік
өмір сүру ортасын, ұлттық ділі мен ұлттық дүниетанымын бейне-
лейді, сондай-ақ халықтың рухани және материалдык, мәдение-
тін, әлеуметтік-мәдени қабатын
өн бойында сақтай отырып, сол
арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің, жеке тұлға ретінде қалып-
тастырудың бірден-бір тиімді құралдарының бірі саналады.
Алайда, тіл -тілдік қолданыстан шығып қалған сөздердің, олар-
дың білдіретін ұғым-түсініктердің жиынтығынан тұратын қойма
емес. Идиомалык, тіркестер құрамында
тілдік қолданыстан шығып
қалған, мағынасы түсініксіз не күңгірттенген сөздердің болуы заңды
нәрсе. Мәселен,
не зги не видно идиомасы құрамындағы
зги тулға-
сы,
бить баклуши тіркесі құрамындағы баклуши сияқты мағынасы
күңгірттенген, түсініксіз сөздердің қолданылуы тіл-тілде қалыптас-
қан ережелерге бағынбайтын өзіндік ерекшеліктердің көрінісі.
Тіл - үздіксіз дамып отыратын тірі ағза секілді. Тілдік жүйеге қа-
тысты айтылатын «тірі тіл», «өлі тіл» деген метафоралардың қол-
данылуы тектен-тек емес. Тіл -
қоғамдық құбылыс болғандықтан,
қоғам бар жерде ғана тіршілік етеді. Қайсыбіртілде сөйлейтін қоғам
жойылғанда, сол халықтың мәдениеті де жойылады. Ал мәдениет
пен қоғам жоқ жерде, сол қоғамға қызмет ететін тіл де өлі тілге ай-
налады. Өлі тілдер тек жазба ескерткіштер тілінде ғана сақталады.
Бір қызығы,
тіл үшін сол тілдің өкілінен гөрі, халықтың мә-
дениеті маңызды саналады екен.
Рим империясының құлауымен
бірге Рим мәдениеті де жойылды, осылайша латын тілі өлі тілге
айналды. Сол кезеңдегі римдіктердің ұрпақтары күні бүгінге дейін
Римде өмір сүріп келеді, алайда олар басқа тіл,
басқа мәдениетті
ұстанады. Коне грек және коне славян тілдері де сол сияқты: осы
халықтың ңазіргі урпақтары өз ата-бабаларының жазба ескерт-
кіштерін арнайы тілдік зерттеулерсіз оңи да, түсіне де алмайды.
Ал мәдениеттің тілде бейнеленуі үздіксіз үдеріс (процесс) не-
гізінде қарастырылады. Нақты айтқанда, халық өміріндегі әлеу-
меттік және мәдени өзгерістердің тілге ықпалы қандай болады,
мәдениеттің даму үдерісі, сонымен бірге
сол қоғамның айнасы са-
налатын тілдің даму үдерісінің қалай жүргізілетінімен байланысты.