§2. Көркем әдебиетті түсіну мәселелері. Әлеуметтік-мәдени комментарий арқылы мәдени иииеленістерді шешу Классикалық көркем әдебиетті оқу және оны арнайы коммен-
тарийсіз түсіну қиын. Негізі түсініктемені қазіргі кезеңде жазылған
әдеби шығармалардың өзі талап етеді. Шетелдік оқырмандар үшін
комментарийдің қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Ал классикалык,
әдебиет үшін түсініктеме барлың уақытта керек. Өйткені қайсы-
бір көркем шығарманың классикалык, деп танылуы үшін белгілі
бір уақыт қажет. Классикалык, дәрежесінің артуына байланысты
көркем шығарманың тілі де көнелене түседі. Классикалық көркем
шығарма тілінің көнеленуі сол ңоғамдағы әлеуметтік және мәде-
ни өзгерістермен тікелей байланысты. Демек, қоғамның дамуына
сәйкес орын алатын мәдениеттегі қарама-қайшылык,, оның мәдени
қақтығыстары тек төл және өзге мәдениет өкілдері арасында ғана
емес екен. Халық өміріндегі әлеуметтік өзгерістердің тереңдеуі
соншалық, өз ата-бабаларының мәдениеті мен дүниетанымын мүл-
де білмейтін белгілі бір мәдениетті ұстанушы халык, өмірінде қара-
ма-қайшылық пайда болады. Классикалык, әдеби шығармаларға
берілетін комментарийлер қазіргі және өткен кезеңді сипаттайтын
туңғиық терең су үстіндегі көпірдің немесе бүгінгі оқырманға өткен
дәуірдің детальдерін көру мүмкіндігін беретін сыйқырлы көзіл-
діріктің қызметін атқарады.
1959 жылы «Вопросы литературы» журналында филолог Юрий
Федосюктің жариялаған хатында: орыс классиктерінің шығарма-
ларында Ресейдің төңкеріске дейінгі тұрмыстык, өмірін бейнелей-
тін жүздеген уғым-түсініктердің кездесуі қазіргі оқырман қауымы-
на «кедергі келтіретін тас» сияқты, не мүлдем түсініксіз, не мүлде
керісінше ұғынылады деген болатын.