34
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2005.04.13. №40
(2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдарға қолданылады.
2. Осы Заңның бала құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші
кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтық
әрекет қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға қолданылмайды (
РҚАО-ның
ескертуі: қараңыз. ҚР АК (
17-баптың 2-тармағы).
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан
Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан
өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшін Қазақстан
Республикасының заңын шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: