35
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін
қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
2. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік
органдар қызметінің
басым саласы болып табылады және:
1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;
2) балаларға толымды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды, оларды қоғамда
толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттік
қолдауға;
3) аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың
өмірін жақсартуға
бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және сақтауға;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін
лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттік қолдауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: