түзетін шеміршектер; бас сүйек негізіндегі сүйектердің арасын косатын шеміршектер (сына
тәрізді-тасты және сына тәрізді-шүйде) және қабырғалардың алдыңғы шеміршекті бөліктері. Бұл
қосылыстар негізінен фиброзды шеміршектен қүралған.
Синхондроздардың басты қызметі — сүйекке қатты жүктеме түскен
кезде соққылар мен
кернелулерді жұмсартып (амортизация), сүйектердің мықты байланысуын қамтамасыз ету.
Шеміршекті қосылыстардың сонымен қатар өте қозғалғыш қасиеті бар. Қозғалыс көлемі
шеміршек қабатының қалыңдығына байланысты: ол қалыңырақ болса, қозғалыс көлемі де үлкен
болады.
Сүйек тіні арқылы қосылысты —
синостоздар деп атайды. Бұл үздіксіз қосылыстардың
ішіндегі
ең мықтысы болып табылады, бірақ серпімділігі мен амортизаторлық қасиеті мүлдем
жойылған. Қалыпты жағдайда синостоздануға уақытша синхондроздар үшырайды. Кейбір
ауруларда (Бехтереев ауруы, остеохондроздар және т.б.) сүйектену тек синхондроздарда ғана емес,
барлық синдесмоздарда да жүруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: