Артросиндесмология



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата14.09.2022
өлшемі404,61 Kb.
#39114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ақпараттық блок

Буын ішілік байламдарligamenta intraarticularia, — бұл сино- виалды жарғақпен жабылған 
фиброзды байламдар, тізе буы- нында, қабырға басы буынында және ұршық буынында буын 
беттерін байланыстырып тұрады. Олар буын беттерін бір-біріне байланысты ұстап тұрады. Бұл 
қызметі әсіресе, тізе буынындағы крест тәрізді байламдарда анық көрінеді. Олар үзіліп кеткенде 
«жылжымалы жәшік» белгісі пайда болады, тізе буынын бүккен кезде сирақ санға қарағанда алға 
және артқа қарай 2—3 см-ге жылжып кетеді. Ортан жілік басының байламы арқылы буын басын 
қоректендіретін тамырлар өтеді. 
Буын ішілік шеміршектер, cartilago intraarticulars, — бұл буын беттері арасында табақша 
түрінде орналасатын фиброзды шеміршек. Буынды екі қабатқа толық бөліп тұратын табақша 
буындық диск, discus articularis деп аталады. Бұл кезде бөлінген екі қуыс пайда болады, мысалы, 
шықшыт буыны. Егер буын қуысы табақшамен жартылай ғана бөлініп тұрса, яғни табақ- шаның 
пішіні жарты ай тәрізді болып, жиектері буын қапшығымен бітісіп тұрса, бұлар — менискілер. 
Менискілер, menisci, тізе буынында бар. Буын ішілік шеміршектер буын беттерінің 
конгруэнттілігін қамтамасыз етіп, қозғалыс көлемін және оның әр алуандығын көбейтеді
соққыларды жұмсартып, буын беттеріне түсетін қысымды азайтады. 
Буындық ернеу, labrum articularis, — бұл сақина пішінді фиброзды шеміршек, буындық 
шұңқырдың жиегін толықтырып, бір жиегімен буын қапшығын, екіншісімен буындық бетке 


ауысады. Буындық ернеу екі буында кездеседі: иық және ұршық (labrum glenoidale et labrum 
acetabulare). Ол буындық беттің аумағын үлкейтеді, оны тереңдетіп, сол арқылы қозғалыс көлемін 
шектейді. 
Синовиалдық қатпарлар, plicae synoviales, — бұл тамырларға бай, синовиалдық қабықпен 
жабылған дәнекер тінді құрылым. Егер оның ішіне шелмай жиналатын болса, онда майлы 
қатпарлар түзіледі. Қатпарлар буын қуысының ішіндегі үлкен мөлшердегі бос кеңістікті 
толтырады. Буын қуысын кішірейте отырып, қатпарлар сонымен бірге қосылысатын беттердің 
тіркесуін күшейтіп, қозғалыс көлемін үлкейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет