Артросиндесмология



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата14.09.2022
өлшемі404,61 Kb.
#39114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ақпараттық блок

Буын қапшығы, capsula articularis, — бұл буын қапшығын герметикалық қоршап орналасқан, 
буын беттерінің жиектеріне немесе одан сәл әрі бекінетін қап. Ол сыртқы — фиброзды және ішкі 
— синовиалдық жарғақтан тұрады. Фиброзды жарғақ өз кезегінде екі қабат тығыз дәнекер тінді 
қабаттан тұрады — сыртқы бойлық және ішкі дөңгелек қабат, мұнда қан тамырлары орналасады. 
Ол сыртынан көбірек жүктеме түсетін жерлерде буылтықтар түзе орналасатын байламдармен 
бекітіледі. Бай- ламдар көбінесе буын қапшығымен тығыз байланысып жатады да, оларды тек 
қолмен ғана бөліп алуға болады. Буын қапшығынан бөлек тұратын байламдар сирек кездеседі, 
мысалы, кіші жіліншіктік жанама байлам. Аз қозғалатын буындарда фиброзды жарғақ қалыңдаған. 
Көп қозғалатын буындарда ол жұқа, әлсіз тартылған, кейбір жерлерінде жұқалығы сондай, 


синовиалдық жарғақ сыртқа қарай бұлтиып шығып тұрады. Осылайша синовиалдық айналулар 
(синовиалдық қаптар) пайда болады, олар көбінесе сіңірлердің астында орналасады. 
Синовиалдық жарғақ буын қуысына қарап орналасқан, қанмен молынан қамтамасыз етілген, 
ішінен буын сұйықтығын бөлетін синовиоциттермен астарланған. Синовиалдық жарғақ ішінен 
буын қуысын түгелдей қаптап, сүйектерге және буын ішілік байламдарға ауысады. Ол тек 
шеміршегі бар жерлерді ғана бос қалдырады. Синовиалдық жарғақ тегіс, жылтыр, көптеген 
өсінділер — бұрлер түзуі мүмкін. Кейде бұл бұрлер үзіліп, бөгде дене сияқты буын беттерінің 
арасына түсіп кетеді де, аз уақытқа ауырсыну тудырып, қозғалысқа кедергі келтіруі мүмкін. 
Мұндай жағдайды «буындық тышқан» деп атайды. Синовиалдық жарғақ бірден фиброзды 
жарғақтың үстінде жатуы мүмкін немесе одан синовиалдық асты не майлы қабатпен бөлініп 
жатады, сондықтан фиброзды, ареолалық және майлы синовиалдық жарғақтарды ажыратады. 
Синовиалдық сұйықтық құрамы және түзілу сипаты бойынша синовиалдық жарғаққа жақын 
жатқан капиллярлардан алынған қан плазмасы немесе лимфадан алынатын сұйықтық — 
транссудат болып табылады. Буын қуысында бұл сұйықтық түсіп қалған сино- виоцит 
жасушалары мен үйкелген шеміршек детриттерімен араласады. Бүдан басқа, синовиалдық 
сұйықтықтың құрамына муцин, мукополисахаридтер және жабысқақ сипат беретін гиалурон 
қышқылы кіреді. Сұйықтықтың мөлшері буынның көлеміне байланысты және 5 мм-ден 5 см-ге 
дейін болады. Синовиалдық сұйықтықтың қызметі: 
буындық беттерді майлайды (қозғалыс кезіндегі үйкелісті азайтады, жылжуды күшейтеді); 
буындық беттерді бекітіп, бір-бірімен белгілі бір қашық- 
тықта ұстап тұрады; 
жүктемені азайтады; 
буындық шеміршекті қоректендіреді; 
зат алмасуға қатысады. 
Буын куысы, cavitas articulare, — бұл буын беттерімен және қапшығымен шектеліп, 
синовиалдық сұйықтықпен толған гер- метикалық жабық кеңістік. Зақымдалмаған буында буын 
қуысын шартты түрде ғана бөліп көрсетуге болады, себебі буын беттері мен қапшығы арасында 
бос жер жоқ, синовиалдық сұйықтықпен толып тұрады. Куыстың пішіні мен көлемі буын 
беттерінің пішіні мен қапшығының құрылысына байланысты. Аз қозғалатын буындарда ол 
кішкентай, ал көп қозғалатын буындарда — үлкен және бұлтиып, сүйектердің, бұлшықеттердің 
және сіңірлердің арасына таралуы мүмкін. Буын қуысында қысым теріс болады. Буын қапшығы 
зақымдалған кезде қуысқа ауа кіріп, буын беттері ажырап кетеді. 
Негізгіден басқа буындарда қосымша элементтер де болуы мүмкін, олар буынның қызметін 
барынша қолайлы, тиімді етеді. Олардың негізгілері: буын ішілік байламдар, буын ішілік 
шеміршектер, буындық ернеулер, синовиалдық қатпарлар, дән тәрізді сүйектер және синовиалдық 
қаптар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет