Elected as a member o f the editorial board or Editorial Board
o f scientific publications
2004 — Editor-in-Chief of the Journal «Вестник Академии
педагогических наук».
2011 - Отечественная и зарубежная педагогика, IEDS
RAE, Moscow.
28
2012 - Siberian Pedagogical Journal, Novosibirsk.
2013
-
Духовно-нравственное
пространство
современного мира, South-Russian Scientific and Educational
Center for Spiritual and Moral Education of Children and Youth,
Rostov-on-Don.
2013
Proceedings of the Southern Federal University.
Pedagogical sciences, Rostov-on-Don.
2016
- Bulletin of Psychology and Pedagogy of Altai State
University,
«Алтайский
государственный
университет»,
Barnaul.
2016 - Ценности и смыслы, ITHP RAE, Moscow.
2018 - «Педагогика» RAE scientific and theoretical journal,
Moscow.
2019 - Journal «Научные труды», Baku, Republic of
Azerbaijan.
2020
-
Scientific
and
educational
journal
«Профессиональное образование в России и за рубежом»,
Kemerovo.
2021 - Journal of the Belarusian State University.
«Журналистика. Педагогика».
29
АКАДЕМИК А.Қ. Қ¥С А Й Ы Н О ВТЫ Ң
ӨМЕРІ МЕН ҚЫ ЗМ ЕТІ ХУРАЛЫ
қ ы с к
;
а ш а
о ч е р к
Асқарбек Құсайынов - Германияның доктор-инженері,
педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы
Қазақ
ұлттық
университетінің
(Қаз¥У)
профессоры,
академик, Педагогикалык Ғылымдар Академиясының (ПҒА)
Басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері.
Әкесі Хұсаинов Қабыкен (1910—1982 жж.) - белгілі
партия-кеңес кызметкері, ¥лы Отан соғысының ардагері,
Отан алдындағы ерен еңбегі үшін көптеген Мемлекеттік
наградалармен марапатталған.
Анасы Хұсаинова Сахия (1914-1993 жж.) - Батыр-ана,
еңбек ардагері.
Аскарбек Қабыкенұлы Семей облысы (қазіргі Шығыс
Қазакстан облысы) Қайнар аулында халыққа сыйлы үлкен
отбасында дүниеге келген.
Академик А.Қүсайынов Қазақстанда Салыстырмалы
педагогика (СП) ғылымының жэне Ү.Асыловпен бірге
«Оқулыктану» ғылымының негізін салған ғалым.
Ол Қазақстан мен шет елдердің көптеген ғылым
академиялары мен университеттерінің академигі жэне
қүрметті профессоры. Ресей білім академиясының шетелдік
мүпіесі.
Педагогикалык Ғылымдар Академиясының Вестник
журналының бас редакторы, шет елдердің 11 танымал
ғылыми-теориялық
жэне
ғылыми-аналитикалық
журналдарының редакциялык кеңес мүшесі.
Қазакстан
Республикасының
Мемлекеттік
наградаларымен, салалык министрліктер, универитеттер мен
Қоғамдық ұйымдардың наградаларымен марапатталған және
«Педагогика гылымына сіңірген мол еңбегі үшін» Ресей
Федерациясының К.Д. Упіинекий атындағы медалімен
наградталған.
30
1968 ж. Қайнар орта мектебін медальмен бітіріп, Қазақ
политехникалық
институтының
(ҚазПТИ)
Энергетика
факультетіне түседі.
1973
ж.
политехникалық институттың
«Төменгі
температурадағы
плазманы
зерттеу»
зертханасына
орналасады. 1975 ж. ҚазПТИ Энергетика факультетінің
негізінде Алматы энергетикалық институты (АЭИ) ашьшды.
Ол осы жылы АЭИ аспиратураға түсіп, 1976-1979 жж.
Германияның Ильменау қаласындағы Жоғары техникалық
мектепте (ЖТМ) докторантурада оқуын жалғастырады.
А. Құсайынов 1979-1991 жж. АЭИ-да аға оқытушы,
доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1991-1997 жж. ҚР Білім жэне ғылым министрлігінде
(БҒМ)
Болашақ
даму
жэне
білім
берудің
жаңа
технологиялары,
Білім
беруді
дамыту
стратегиясы
басқармаларының бастығы, Жоғары оқу орындары мен
колледждерді
инспектілеу
департаментінің
директоры,
Жоғары білім жэне ғылым бас басқармасы бастығының
орынбасары
болып қызмет атқарады.
Осы жылдары
Министрліктің коллегия мүшесі болды.
1997-2003
жж.
«Қазақ
энциклопедиясы»
Бас
редакциясы
бас
редакторының
бірінші
орынбасары,
республикалық «Рауан» (Мектеп) баспасының директоры,
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының (ҚБА)
президент!
қызметтерін
атқарды.
Министрліктер
коллегияларының мүшесі болды.
2000-2005 жж. Әл-Фараби атындағы Қаз¥У профессор,
2005-2012
жж.
Қазақ
ұлттық
қыздар
педагогикалық
унивеститетінде кафедра меңгерушісі, 2012-2015 жж. Абай
атындағы ҚазақҰПУ профессор болды, ал 2015 жылдан
бастап эл-Фараби атындағы Қаз¥У профессор болып жұмыс
жасап келеді.
2004 ж. профессор А.Қүсайыновтың бастамасымен РҚБ
«Қазақстан Педагогикалык Ғылымдар Академиясы» (ҚПҒА)
күрылды. Осы уақыттан бері Академияның басқарма
төрағасы қызметін атқаруда.
31
Асқарбек Қабыкенріы 1979 ж. Ильменау каласындағы
ЖТМ неміс тілінде диссертация қорғап, «Доістор-инженер»
деген ғылыми атақ алады. Ол шет елде докторантурада оқып,
техника саласында «Доктор-инженер» деген ғылыми атақ
алған Қазақстандағы алғашкы ғалым.
1991 ж. Білім және ғылым министр!, профессор
Ш.Шаяхметовтың
ұсынысымен
министрлікке
жұмысқа
орналасады. Оған шет елдердің білім беру жүйелерін зерттеп,
олардың оң тэжірибелерін елімізде пайдалану жолдарын
қарастыру мэселелерімен шұғьшдану міндеті жүктелді. Бұл
СП ғылымы шұғьшданатын проблемалар еді.
Ол министрліктің жауапты қызметтерін ғылыми
жұмыстармен ұштастыра білді. 1993 ж. Германияньщ Аахен
қаласындағы Техникалық университетте, ал 1994 ж. -
Солтүстік Рейн-Вестфалия Жерінін Ғылым жэне білім
министрлігінде ғылыми стажировкадан өтті.
1996 ж. «Герман Федеративтік Республикасы жэне
Қазақстан
Республикасында
білім
берудің
дамуы»
(салыстырмалы-педагогикалық
сипаттама)
тақырыбында
докторлық диссертация қорғады. Бұл елімізде СП саласында
қорғалған алғашқы ғылыми еңбек болды.
Осы жылдары ол ҚР БҒМ тарапынан дайындалған
«Білім беруді мемлекеттік тұрғыдан қолдаудың ұлттық
бағдарламасы» (1993 ж.) жэне «Қазақстан Республикасы білім
беру саласын дамыту жэне реформалау» (1996 ж.) жобаларын
жасау үшін кұрылған Уакытша ғылыми-зерттеу ұжымдарына
басшылық
жасады.
Осындай
бағдарламаларды
жасау
барысынды оның бойында білім беру жүйесі мэселелеріне
біртұтас мемлекеттік тұрғыдан қарау кабілеті қалыптасты.
А.Құсайынов 2000 ж. ҚР Президент! жарлығымен
бек!т!ген «Б!л!м беру» бағдарламасын жэне 2006 ж.
кабылданған ҚР «Б!л!м туралы» Заңын (жаңа редакция)
жазуға т!келей араласқан ғалымдардың б!р!.
Профессор А.Қусайынов БІ.Алтынсарин атындағы ҚБА
президент!
болып
жүр!п
Мемлекетт!к
б!л!м
беру
стандарттарын
жасау
мақсатында
көптеген
жұмыстар
атқарды. 2002 ж. А.Құсайыновтың, М.Ж. Жадринаның жэне
32
С.Д. Муканованың жалпы басшылығымен 6-том жинақ
«Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті орта білім беру
стандартының негізгі ережелері» жэне 41 стандарт пен 34 оку
бағдарламалары жазылған «Мемлекеттік жалпыға міндетті
орта білім стандарттары» жазылып, бекітілді. Осы жұмысқа
жүздеген
ғалымдар,
мұғалімдер
мен
эдіскерлер
жұмылдырылды. Бұл стандарттар елімізді білім беру
жүйесінің дамуына мол үлес қосты.
А.Құсайынов қандай қызметге болса да СП ғылымымен
шүғылданудан қол үзген емес. Өзінің жүргізген барлық
зерттеулерінде,
жазған
мақалаларында
қарастырылып
отырған мэселелерді піешуге катысты, элемдік жэне отандық
озық тэжірибелер негізінде, нақты ұсыныстар жасайды. Бүл
нағыз ғалым адамның ғана бойында болатын ерекше кұнды
қасиет.
Ол жоғары оқу орындарына (ЖОО) арнап жазылған
алғашқы
«Салыстырмалы
педагогика»
оқулығының,
«Салыстырмалы педагогика эдіснамасы мен эдістері» оқу
қүралынып, «Салыстырмалы педагогика» курсының типтік
оқу бағдарламасының, осы салада жазылған көптеген
монографиялық еңбектердің авторы. Оның ұсынысымен
ЖОО СП пэні енгізілді.
Ол СП мэселелері бойынша 20-дан аса елдерде өткен
халыкаралық
конференцияларда,
симпозиумдарда,
Бүкілдүниежүзілік салыстырмалы білім беру қоғамдары
кеңесінің (БСББҚК) Конгрестерінде баяндамалар жасады.
А.Құсайыновтың
бастамасымен
ПҒА
жанынан
Қазақстан СП кеңесі (ҚСПК) құрылды. Бұл кеңес АҚШ,
Гавайи, Гонолулу қаласында өткен БСББҚК мэжілісінде оған
толық мүше болып қабылданып, профессор А.Қүсайынов
оның Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды.
2008 ж. бастап ПҒА жыл сайын СП ғылымының өзекті
мэселелеріне арналған Халықаралық ғьшыми-практикалық
конференция өткізіп келеді.
Танымал
компаративист-ғалым А.Н.
Джуринский
өзінің
Саластырмалы
педагогика
деген
оқулығында:
«Салыстырмалы педагогикада дэстүрлі көпібасшылармен
33
бірге жаңа көшбасшылар пайда болды: Б.Л. Вульфсон,
А.Н. Джуринский, Н.Д. Никандров (Ресей); Ф.Альтбах,
М.Кроссли,
М.Экштейн
(АҚШ);
М.Брей
(Гонконг);
•А. Торрес (Аргентина); Р.Коуэн (Англия); Ю.Шрейвер
(Германия); Валь Руст, Фарик Жубиш (Франция); А.Кусаинов
(Казахстан); Юкико Санаво, Т.Эндо (Жапония) жэне т.б.» -
деп жазды. (М.: Изд-во «Юрайт», 2013 - 26 б.). Ол осыпай
академик А.Құсайыновтын СП саласындагы еңбегін жогары
багалап,
оны
элемдегі
көшбасшы
компаративист-
ғалымдардың қатарына қосты.
1991 ж. Қазақстан тэуелсіздік алғаннан кейін, қазақтілі
мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазак тілінде сабак
беретін мектептер саны көбейіп, ЖОО қазақ тілінде дэріс
беріле бастады. Осы кезеңде ғылым мен білім салаларында
терминологиялық сөздіктер (ТС) жоқтың қасында еді.
Қазакша сапалы дэріс беру үшін салалық ТС жазылу
қажеттігін терең түсініп, ол АЭИ-да өзі дэріс беретін пэндер
бойынша,
Электротехника
жэне
электроэнергетика
салаларының алғашкы орысша-казакша терминологиялык
сөздігін жэне көлемді түсіндірме сөздігін жазды. Қазақтілінде
оқу қүралдарын шығарды. ҚР БҒМ жұмыс жасап жүргенде
салалық ТС жасау жөнінде елімізде алғаш рет өткізілген
республикалық
ғылыми-практикалык
конференцияны
үйымдастырушылардың бірі болды.
Салалық ТС
жасау жөніндегі
ойын
профессор
А.Қүсайынов «Мектеп» («Рауан») баспасында жүмыс жасап
жүрген кезде ғана толық іске асыра алды. Оның ғылыми
жетекшілігімен эрі бірлескен авторлығымен 1999-2000 жж.
31 томдық казақша-орысша, орысша-қазақша салалық ТС
топтамасы (эр томда 5 мыңдай термин болды), ал 2012-2014
жж. 30 томдық қазақша-орысша, орысша-қазакша салалық ТС
топтамасы (эр томда 10 мыңнан аса термин болды)
дайындалып, жарық көрді. Бүл сөздіктерді жасауға 500-ден
аса ғалымдар мен сала мамандары ат салысты. Осындай
еңбектің арқасында қазақ тілінде 200 мыңнан аса термин
сөздердің коры жасалды.
34
Қандай болмасын халықтың этнографиясының сөздігі -
сол халықтың ерте заманнан бергі өмір сүру тарихы, салт-
дэстүрі, эдет-ғұрпы, ұлттық киімдері, үй-жайы, мал-мүлік
иелігі,
тұрмыс-тіршілігі,
пайдаланған
кэсіби
құрал-
саймандары мен мэдени өмірі жайында кең мағлұмат береді.
Демек, басқа ұлттардан ерекше көне даму тарихы мен
мэдениеті бар ұлттар ғана сан-салалы этнографиялық
сөздіктер жасай алады. Осындай халықтардың бірі - қазақ
халқы.
2017 ж. профессор А.Құсайыновтың бастамасымен
Қазақ этонографиясының
6
тілді
(қазақша,
орысша,
ағылшынша, түрікше, қытайша, арабша) қысқаша сөздігі
дайындалып, жарық көрді. Сөздікте 1 мыңнан аса атау сөздер
(терминдер)
қамтылды.
Астана
қаласында
өткізілген
ЕХРО-2017 көрмесінде оның тұсаукесері өткізілеп, шет
елдерден келген көрмеге қатысушылар мен қонақгарға
500 дана сөздік таратьшды. Мұндай сөздіктер елімізде
тұңғыш рет дайындалып, басылып шықты.
1992 ж. елімізде отандық оқулықтар жасау мақсатында
көлемді жумыстар басталды. Кеңестік дэуірде Қазақстанда
қазақ тілі мен әдебиеті окулықтарынан басқа оқулыісгардың
барлығы аударма оқулықтар болғандықтан, Оқулықтану
ғьшымы дамымаған еді.
«Мектеп» баспасында еңбек етіп жүріп профессор
А.Құсайынов оқулық жасау теориясын зерттей бастады.
2000 ж. ¥.Асыловпен бірге «Оқулықтану. Өзекті мэселелері»
атты монографиялық еңбек жазды. Бұл осы салада жазьшған
алғашқы ғылыми еңбек болды. Кейінгі жылдары ол өз
зерттеулерін жалғастырды.
2018 ж. А.Құсайыновтың жетекшілігімен бір топ
ғалымдар «Оқулық сапасын бағалау критерийлері» оқу
құралын дайындады. Бұл еңбек ҚР БҒМ тарапынан қолдау
тапты. «Оқулық» РҒМО-пен бірлесе отырып Оқулықтардың
сапасын анықтау критерийлерінің жаңа жүйесі жасалып,
қолданысқа енгізілді, оқу құралдарының сапасын көтеруге
арналған Методикалық нұсқаулық дайындалды. ПҒА жанына
кұрьшған Оқулықтану орталығы оку әдебиеті авторларының
35
құзыреттілігін көтеру мақсатында білім жетілдіру курстарын
өткізіп келеді.
2021 ж. академик А.Құсайыновтық «Оқулык жасау
жэне бағалау теориясы» атты монографиясы жарық көрді.
Кітап авторлар мен сарапшылардың кәсіби деңгейін көтеруге
бағытталған.
2010
ж.
педагогика ғылымдарының докторлары
А.Құсайынов, Ы.Наби жэне Ш.Таубаеваның бірлескен
авторлығымен қазақ жэне орыс тілдерінде «Педагогика жэне
Психология салаларындағы диссертациялар (анықтамалық-
таңдамалық шолу)» жарық көрді. Бұл еңбекте 1985-2009
жылдары педагогика ғылымы бойынша қорғалған 231
докторлық жэне 1659 кандидаттық, психология ғылымы
бойынша сэйкесінше - 15 жэне 21 диссертациялар жүйеленіп,
оларға сараптама жасалып, приоритетті зерттеу бағыттары
мен ұсынылатын зерттеу тақырыпнамасы берілді. Қазіргі
кезге дейін осы еңбекте көрсетілген зерттеу бағыттары мен
тақырыпнама бойынша көптеген зерттеулер жүргізіліп,
диссертациялар жазылды.
А.Құсайыновтың бастамасымен кұрылған ПҒА басты
мақсаты білім беру саласында еңбек етіп жүрген ғалымдарды,
ұстаздар мен окытушыларды топтастыра отырып, білім беру
жүйесі мен педагогика ғылымын дамыту мақсатында ҚР БҒМ
қолдау көрсету болды.
Академия көптеген ғылыми-зерттеу жэне элеуметтік
жобалар жасап, отандық жэне шет елдердің ғылыми
мекемелерімен
жасалған
өзара
тиімді
келісімшарттар
негізінде бірлесе жұмыстар атқарып келеді. Оның жанынан
құрылған ҚСПК, Оқулықтану орталығы мен Білім жетілдіру
институты нәтижелі істер атқарып отыр. Академияның
Вестник журналы Импакт-факторы бар рейтінгті журналдар
қатарына қосылған.
Қазіргі уакытта Академия, құрамында 204 академияның
толық
мүшесі
(академик),
185
корреспондент-мүшесі,
11 құрметті академик, 23 шетелдік мүшесі, 179 мүшесі жэне
50 үжымдық мүшесі бар, танымал ғылыми орталыққа
айналды.
36
Академик А.Құсайынов 4 оқулықтың, 4 оқу құралының,
23 оқу-методикалық басылымның,
19 монографияның,
8 кітаптың, 8 стандарттың, КСРО 3 Өнертабысқа авторлық
куэлігінің, 19 зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік
тіркеу куэлігінің, 6 сөздіктің, 200-ден аса ғылыми мақаланың
авторы.
Осы еңбектердің ішінде, жеке өзі 4 оқулық, 1 оқу
құралы, 13 монография, 5 кітап, жэне 100-ден аса ғылыми
макала жазған, 9 зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік
тіркеу куэлігін алған.
Бұқаралық
ақпарат
құралдарында
200-ге
жуық
мақаласы жарияланған. Қазақстан журналистер одағының
мүшесі.
Оның
ғылыми
жетекшілігімен
докторлық,
кандидаттық, РШ жэне магистрлік диссертациялар қорғалды.
Достарыңызбен бөлісу: |