өкілдері өздерінен бұрынғы позитивистік бағыттағы ойшьшдардың “философия шешілмейтін карама-кайшылыкка толы ілім” деген көзкарастарын әрі карай дамыта отырып, ол көтерген мәселелер (этикалық, діни, эстетикалық т.б. ілімдерде) шын мэнінде ешкандай ғылыми маңызы жок “жалған проблемалар”, “алдамшы сұрактар” деп жариялады. Себебі, философия теориялық көзкарастардың жиынтығы емес, ғылымның логикалык- синтаксистік, семантикалык жэне тіл талдаудан тұратын жэне осылай алған деректер негізінде элемді объективті тұрғыдан бөлуге талпынатын, оның адамның санасынан тыс өз-өзінен калай өмір сүретінін білуге үмітті “метафизикалык” пікірлер мен ұғымдар жиынтығы. Демек, казіргі философияның міндеті “метафизикалык” (философиялык) ұғымдар мен сөйлемдерден арылу (Б.Рассел). Неопозитивистер кандай да болмасын ілімді ғыльши, немесе ғылыми емесиігін ажырату үшін “верификациялау” (сезімдік тэжірибелер мен салыстыру аркылы тексеру) кағидасын колдануды ұсынды. Бұл кағида бойынша, егер ілімдер тәжірибе, немесе логикалык сараптау аркылы верификацияланса (дэлелденсе, немесе терістелсе) онда олар ғылымға жатады да, калғандары жалған ілім болып шығады. Ал ғылымның өзі екі типті болады: біріншісі - логикалык- математикалык, екіншісі - эмпирикалык сөйлемдерден күралатын ғылымдар. Логикалык-математикалык сөйлемдері тәжірибе аркылы тексеруге болмайды, себебі олар объективтік нактылық туралы білім емес. Бірақ олар формальды логика зандылыктарына сүйенген