санитарлық жәрдем емханаларында 16 жасқа
дейінгі шамамен 50 816 мүгедектігі бар
баланың (немесе жалпы санының 88,2%-ы – 57
627 адам) тіркелгенін көрсетеді. Мүгедектігі бар
балалардың тіркелген саны мен жалпы санының
арасындағы бұл айырмашылық екі фактордың
салдары болуы мүмкін. Біріншіден, ресми ста-
тистика деректері мен алғашқы медициналық
жәрдем орталықтарындағы тіркеу кітаптарының
арасындағы сәйкессіздік салдарынан (бірақ
мұндай айырмашылықтар мүгедектікке бай-
ланысты денсаулық сақтау саласында және
әлеуметтік жүйелерде қолданылатын түрлі
анықтамалардың нәтижесі де болуы мүмкін)
балалардың белгілі
бір бөлігі ресми статисти-
када жоқ болуы мүмкін. Екіншіден, мүгедектігі
бар балалардың белгілі бір бөлігінің алғашқы
медициналық көмек алуға мүмкіндіктері жоқ,
бұл жүйедегі факторлармен, яғни тіркеу кезінде
кездесетін кедергілерге, сондай-ақ стигмаға
қатысты факторларға да байланысты болуы
мүмкін. Медициналық-санитарлық жәрдем
орталығының қашық болуы,
инфрақұрылымның
әлсіздігі, стигма немесе ата-ананың уақытының
жетіспеушілігі (мысалы, анасы жұмыс істейді)
секілді басқа факторлар да мүгедектігі бар
балалардың денсаулық сақтау орталықтарына
көп тіркелмеуіне ықпал етеді. Өкінішке қарай,
мұндай аспектілер туралы сандық деректердің
болмауы бұл мәселенің ауқымына неғұрлым
толық сипаттама беруге және бұл факторлардың
әрқайсысының алғашқы медициналық жәрдем
орталықтарында тіркелмеген мүгедектігі бар
балалар санының артуында қандай мәні бар
екенін анықтауға мүмкіндік бермейді. 8-сурет-
те 2008 жылдан бастап бірнеше жыл ішіндегі
(деректер болған жағдайда)
осы сандар тура-
лы жалпы түсінік беруге талпыныс жасалған.
2009 жылы байқалған айтарлықтай құлдырау
Алматы, Атырау,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы бой-
ынша деректердің болмауының нәтижесі болып
табылады. Бұдан бөлек, Атырау облысы бойын-
ша 2011 жылдың деректері жоқ.
8-суретте көрсетілген үрдістер алғашқы
медициналық
жәрдем орталықтарында
тіркелген балалар мен адамдардың жалпы
санының арасындағы айырмашылықтарға
қарамастан, медициналық мекемелерде
тіркелген мүгедектігі бар балалар санының
бірнеше жылдар ішінде 16 жасқа дейінгі
мүгедектігі бар балалар үшін де, 3 жасқа дейінгі
мүгедектігі бар балалар үшін де артқанын
көрсетеді. Деректер Жамбыл облысындағы
көрсеткіштердің аз
ғана азайғанын қоспағанда,
барлық басқа өңірлерде бұл көрсеткіштің,
керісінше, 2008-2012 жж. артқанын көрсетеді.
3 жасқа дейінгі балалардың ең көп тіркелген
өңірі Маңғыстау облысы болып табылады, мұнда
тіркелген балалар саны 6 есеге дейін өскен
(2008 жылғы 74-тен 2012 жылғы 456-ға дейін).
Өңірлер бойынша тіркелген сандық көрсеткішке
жалпы шолу жасау үшін 2-қосымшадағы А2-
кестені қараңыз.
8-сурет. 2008-2012 жж аралығындағы кезеңде алғашқы медициналық жәрдем орталықтарында
тіркелген мүгедектігі бар балалар саны (16 жасқа дейінгі).
Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі деректерінің негізінде, 2012 ж.
Ескертпе. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы бойынша 2009 жылдың деректері және Атырау облысы бой-
ынша 2011 жылдың деректері жоқ.
50000
40000
30000
20000
10000
0
2008
2009
2010
2011
2012
16 жасқа дейінгі балалар
3 жасқа дейінгі балалар
28