Сабақ жоспары
Күні: 12.09.2022
Сабақтың тақырыбы:
|
Сандар сыр шертеді
|
Сабақтың мақсаты:
|
Балалардың білім деңгейін анықтау.1-10-ға дейінге сандар арқылы тура және кері санау.Сандарды,пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Балалардың тілін дамыту.
|
Көрнекіліктер:
|
Сандар,суреттер,ойын элементтері,пішіндер,гүлдер,санамақ,өлеңдер,тапсырмалар
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болып өтеді.Бүгін бізге қонақтар келген.Бар білімімізді көрсетейік.Бізде білімді балалар көп,солай ма.
- Бүгін біз сандар әлеміне саяхатқа шығамыз
-Кәне кім айтады,бүгін аптаның қай күні?
Апта күндерін айтайықшы
Ендеше осы 7күнге байланысты тапсырмалар орындаймыз
|
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі
Балалар жауап береді
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі
|
Дүйсенбі күн тапсырмасы
|
-Кәне балалар,біз қандай сандарды білеміз?алдымен сандарымызды тауып алайықшы.
«Гүл теру» ойынын ойнаймыз.10 бала шығып гүлдерді тереміз
Оқушыларға гүлдерді теріп,сандар қатарын дұрыс табу керектігі айтылады
Жарайсыңдар балалар!
|
Жерде сандар жазылған гүлдер жатыр,балалар сандарды жинап,тура және кері санайды
Санау: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Қазақша,орысша,ағылшынша санайды
|
Сейсенбі күн тапсырмасы
|
Енді осы сандарымыздың құпиясын ашайық
-Кәне балалар ең бірінші тұратын қай сан екен?
- Дүниеде осы бір санына байланысты не бар?Мысалы әр адамда ана1-еу
2-ге байланысты не бар?
7 саны киелі сан балалар
7-ге байланысты ұғымдар бар.7-ата,7-нан,7-күн...
Осы сандарға байланысты өлеңдер білеміз бе?
Жарайсыңдар балалар!
|
Жауап:- 1 саны
Балалар: 1-бас,1-ай,1-күн,1-мұрын....
Жауап: 2-қол,2-аяқ,2-көз,2-ата-ана...
Сандарға байланысты тақпақтар:
Мені білгің келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.
Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым,
Бірге бірді қосқанда
Иіліп мен шығамын.
Екіден соң әрқашан,
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан,
Ұлттық ою саламын.
Достар мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Бірақ үшке ағамын,
Жақсысымын бағаның
Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп санның шамасын,
Мысал ойлап табасың.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |