беріледі. Арнаулы балабақшалар мен басқа да
арнаулы түзеу ұйымдары ашылады
немесе қажет
болған жағдайда, үйде оқытылады. Мемлекет
мүгедектігі бар балалар білім алған кезде олар-
ды ұстауға жұмсалатын шығындарды толық
немесе ішінара көтереді. Жергілікті атқарушы
органдар сәулет, қаланы жоспарлау, тұрғын
үй құрылысы және көлік инфрақұрылымының
мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтарын
ескеруін қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы
органдар мүгедектігі
бар адамдардың мәдени-
ойын-сауық іс-шараларына, сондай-ақ дене
шынықтыру және спортпен айналысу үшін спорт
ғимараттарына қол жеткізуге жағдай жасайды.
Балалар арасында мүгедектікті анықтаудың
маңызды аспектілерінің бірі, мысалы,
мүгедектігі бар балаларды бүлдіршін жа-
стан тексеру денсаулық сақтау министрінің
бірнеше бұйрықтарымен реттеледі. Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
«Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-
дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру
ережесін бекіту туралы» бұйрығы (2003 жылғы
29 қаңтардағы № 83, 08.27.2009 ж. берілген
өзгерістерімен және толықтыруларымен)
психологиялық дене дамуын тексеру үш кезең
бойынша жүзеге
асырылатын бес тексеру
жүргізуден тұруды ұйғарады. Ол қауіп фак-
торлары болған жағдайдағы іс-әрекеттер мен
қабылдау қажет болатын қадамдарды баян-
дайды. «Бүлдіршін жастағы балалардың есту
қабілетінің бұзылуы скринингін және диагно-
стикалауды ұйымдастыру ережесін бекіту ту-
ралы» бұйрық (2009 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 478) есту қабілетінің бұзылуын тексеру
және диагностикалаудың нәресте дүниеге
келгеннен кейін 2-3 күн ішінде перзентха-
нада немесе аурухананың босану бөлімінде
өтуін ұйғарады. Оң нәтиже болған жағдайда
тереңдетілген аудиологиялық тексеру жүргізу
қажет. Денсаулық сақтау министрінің «Скрининг
ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»
тағы бір
бұйрығы (2010 жылғы 9 қыркүйектегі) түрлі
деңгейлерде пренаталды және неонаталды
скринингті ұйымдастыруға және Феллинг ау-
руы мен туа біткен гипотериозға қойылған оң
диагнозға медициналық әсер ету шаралары-
на қатысты барлық техникалық ұйғарымдарды
егжей-тегжейлі сипаттайды.
Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды
оқытқан кездегі оларды ұстауға байланысты
шығындарды толық немесе ішінара көтереді.
Мүгедектік тобына қарай бұл қызметтер бюд-
жет қаражаты есебінен 50% немесе 100%
төленеді.
бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау
министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы
№ 83 бұйрығы
• «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын
әзірлеу ережесін бекіту туралы» ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің (ЕжХӘҚМ) 2004 жылғы 7
желтоқсандағы № 286-ө бұйрығы
• «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің
қызметін регламенттейтін нормативтік
құқықтық актілерді бекіту туралы» ҚР
Білім министрінің (БМ) 2004 жылғы 3
қыркүйектегі № 712 бұйрығы
• « П с и х о л о г и я л ы қ - м е д и ц и н а л ы қ -
педагогикалық консультация қызметін
ұйымдастыру тәртібі туралы ережені
бекіту туралы» ҚР Білім министрінің 2004
жылғы 14 қыркүйектегі № 744 бұйрығы
• «Оқушыларды
аттестациядан
өткізу
әдістемесі ережесін бекіту туралы»
ҚР Білім министрінің 2004 жылғы 2
наурыздағы № 166 бұйрығы
қамтылуға, сондай-ақ шығармашылық
қабілеттеріне қолдау алуға құқылы. Мүгедектігі
бар адамдарды әлеуметтік
қорғау оларға қоғам
өміріне қатысуда және төлемдерді қоса алғанда,
әлеуметтік көмек көрсетуде басқа азаматтар-
мен тең мүмкіндіктер беруге бағытталған. Тиісті
мүгедектік тобы мүгедектігі бар бала 16 жасқа
толған кезде медициналық-әлеуметтік сарап-
тама жүргізу арқылы белгіленеді және жеке
оңалту бағдарламасы әзірленеді. Мүгедектігі
бар адамдарды медициналық оңалту қалпына
келтіру емінен, қалпына келтіру хирургия-
сынан, протездік-ортопедиялық көмектен
тұрады. Шипажай-курорттық емдеу жеке
оңалту бағдарламасына сәйкес ұсынылады.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту
негізгі әлеуметтік дағдыларды үйретуді, жүріп-
тұруға қосымша техникалық құралдар ұсынуды,
сондай-ақ алғашқы көмек көрсетуді, үйде жіне
мекемелерде
әлеуметтік қамтамасыз етуді, жеке
көмекші немесе қажет болған жағдайда ымдау
тілі маманының қызметін ұсынуды қамтиды.
Үйде және аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтарында әлеуметтік қызмет көрсету
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Оның үстіне бұл заң мемлекеттің сурдоаудар-
ма ұсыну арқылы мүгедектігі бар адамдардың
ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететінін
растайды. Мүгедектігі бар адамдарға тегін ба-
стауыш, негізгі, жалпы орта білім алуға кепілдік
30