Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет57/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

3.6. Заңнамалық және 
нормативтік орта 
Алдыңғы тарауларда білім беру, денсаулық 
сақтау және әлеуметтік өмірге қатысу сияқты 
нақты салалардағы мүгедектігі бар балалар 
ұшырасатын кедергілер айқын сипатталды. 
Осыған қарамастан, мүгедектігі бар балалардың 
құқықтары қорғалатын тегіс қамтитын құқықтық 
және нормативтік құрылымдыда түсіне білу аса 
маңызды.
3.6.1. Мүгедектікті анықтау
Мұның бастауы мүгедектікті анықтау және 
айқындау тәсілінің өзі болады. Медициналық-
әлеуметтік сарапшылық комиссия өкілінің сөзіне 
қарағанда, мүгедектікті анықтауға арналған 
медициналық-әлеуметтік сараптау жүргізу 
ережесі 2005 жылғы «Медициналық-әлеуметтік 
сараптау жүргізу ережесін бекіту туралы» 
қаулыда нақты белгіленген. Бұл қаулыда тұлғаны 
мүгедектігі бар деп тану үш критерий бойынша 
танылады В: 
1) тұрақты дене ауытқулары нәтижесінде 
денсаулығының төмендеуі; 
2) жеті қабілеттің біреуінің (өзіне өзі күтім жа-
сай алу қабілеті немесе мүмкіндігі, өз бетінше 
қозғалу, өз бетінше бағдар жасай білу, қарым-
қатынас жасау, өз әрекетін бақылау, оқу 
және еңбек қызметімен айналысу) өмір сүру 
қызметінің шектелуі;
3) тұлға әлеуметтік қорғауға мұқтаж. Бұл кри-
терийлер мүгедек балаларды бағалау үшін өз 
кезегінде балаларға мүгедектігі бар деңгейін 
беруді жеңілдететін нақты жетекші қағидаттарды 
қарастырады. Айтылғандарды ескере отырып, 
критерийлер нақты жағдайларда сәтсіз болуы 
мүмкін, бұл жөнінде білім беру мәселелері бой-
ынша маман, респондент былай деп сипаттайды:
“… мүгедектігі бар адамдарды топтасты-
ру критерийлері дұрыс емес. Егер, мысалы, 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 25-
тен 35 децибелге дейін есту нашарлауын 
мүгедектік деп санаса, онда бізде, бұл - 70 
децибел. Және бұл ауыр кереңдік деңгейі. 
Егер баланың кереңдігі осы 71 децибел-
ге сәйкеспесе, онда ол әдетте ешқандай 
көмек ала алмайды. Шындығында, осы 
қатынаста көп нәрсенің маңызы жоқ. Яғни 
есту аппараттарын беру, профилактикалық 
емдеу, есту қабілеті бойынша мүгедектік 
ақысыз медициналық көмектің кепілдікті 
ауқымына енгізілмеген... арнайы мектеп-
интернаттарға баратын есту қабілеті төмен 
балалардың тіпті [кохлеарлық] имплантат-
тары да жоқ, не олардың есту аппараттары 
да жоқ, себебі олар мүгедектігі бар деп са-
налмайды. Олардың ата-аналары оларға 
бұл аппараттарды сатып алып бере алмай-
ды, себебі олардың ақшасы жоқ...». (Маман; 
ИН21)
Егер респондент ұсынған ақпарат сенімді болса, 
онда Қазақстан Республикасында қабылданған 
стандарттар мен мүгедектікті анықтайтын 
халықаралық стандарттар арасында алшақтық 
бар. Баланы мүгедектігі бар дәрежесінде 
топтастырудың айқын кемшін тұстары бо-
луы мүмкін, мұның өзі қажетті әлеуметтік 
жәрдемақылардың берілмеуіне және негізгі 
медициналық және білім беру қызметтерінің 
берілмеуіне әкелуі мүмкін. Қиындық мүгедектігі 
бар балалар мен даму мүмкіндіктері шектел-
ген балалар арасындағы дифференциацияға 
келіп тірелуі мүмкін. Мемлекеттік мекеменің 
респонденті былай дейді:
«Мүгедектің ... белгіленген тұрақты мүгедектігі 
болады, яғни оның қимыл-қозғалысын 
шектейтін ауытқу деңгейі болады... Даму 
мүмкіндігі шектеулі балаларға келер болсақ, 
мысалы, есту/көру қабілеті нашар бала-
лар үшін көзілдірік кию, арнайы жаттығу 
жасау арқылы және т.б. ауытқулары бар 
мүмкіндіктерді қалпына келтіруге мүмкіндік 
бар. Басқаша айтқанда, шектеулі даму 
мүмкіндіктері уақытша болуы мүмкін, бірақ 
мүгедектік ұғымы тұрақты болып табылады. 
Мүгедектік оңалтуға болатын, бірақ толық 
жазылып кете алмайтын тұрақты ауытқу бо-
лып табылады». (Өкіл; ИН22). 
Мүгедектігі бар бала мен даму мүмкіндіктері 
шектеулі бала арасындағы айырмашылықтар 
ресурстарды жоспарлау тұрғысынан қажет 
болғанымен, осы екі топтың қажеттіліктері бір-
81


біріне сай келеді. Демек, «мүгедектікке» қарсы 
«даму мүмкіндіктері шектеулі» мәртебесін 
тағайындау негізсіз жүргізілмеуін қамтамасыз 
ету керек, себебі мәртебе тағайындау баланың 
мемлекеттік көмектің қандай формаларын 
алуға құқығы бар екенін білдіреді. Сондай-ақ 
екі өзгерісті енгізу мүмкіндігін қарастыруға 
болады: даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 
көпшілігін мүгедектікті анықтауға енгізу не-
месе негізгі медициналық және көмекші білім 
беру қызметтерін қамту үшін даму мүмкіндігі 
шектеулі балаларға арналған мемлекеттік 
көмек жүйесін ұлғайту. 
Мүгедектікті – оның типі мен ауырлық 
түрін анықтау және белгілеу – мемлекеттік 
қызметтерге қол жеткізу үшін ғана емес, 
мүгедектігі бар балалардың өмір бойы даму-
ына жеке тәсілдерді әзірлеуде отбасыларға 
және педагогтарға көмек көрсету үшін 
де қажет. Медициналық-әлеуметтік 
сарапшылық комиссияның респонденті мұның 
маңыздылығын былай деп түсіндірді:
«Мүгедектігі бар балалар әртүрлі күтім жа-
салуына мұқтаж. Оларға арнап жеке оңалту 
бағдарламасын құру және әзірлеу керек; 
жеке оңалту бағдарламасы мүгедектікті 
медициналық, әлеуметтік және кәсіби 
оңалтуға деген қажеттіліктің нақты ауқымы 
мен түрін белгілейді». (Дәрігер; ИН19).
Медициналық-әлеуметтік сарапшылық (МӘС) 
комиссияның екінші респонденті былайша 
толықтырды: 
«Мүгедектікке қосымша, әлеуметтік 
қорғау шараларына қажеттілікті 
анықтаймыз. Әрбір бала үшін жеке оңалту 
бағдарламасы әзірленеді. МӘС педиа-
трия бөлімі психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңеспен тығыз қарым-
қатынас жасайды. Егер бала 14 жасқа 
толса, ол алдын ала кәсіптік-техникалық 
бейімдеуден өтуі тиіс. Ол қай мамандықты 
алады, денсаулығына байланысты қай 
мамандық оған қолайлы, қай мамандық үшін 
ол жарамсыз?». (Бөлім бастығы; ИН20)
Мүгедектік түрі әртүрлі балалардың 
қажеттіліктерін анықтау әлеуметтік 
инклюзияның барлық формаларына арналған 
маңызды салдарлары бар қайырымды 
мемлекеттік көмек жүйесін әзірлеуге негіз бо-
лып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет