Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет6/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

балалар мен олардың отбасыларына 
қолдау көрсету
1) Ата-аналар мен олардың отбасыларының 
басқа мүшелерінің балалар үшін осы неме-
се басқа мүгедектіктен туындайтын ерекше 
қажеттіліктер, проблемалар және мүмкіндіктер 
туралы түсініктері болуға тиіс. Бұл – бала 
дамуының бірегей траекториясын түсінуге және 
бұл траекторияның баланың толымды өмір 
сүру мүмкіндіктері үшін қосатын салдарларын 
түсінуге алып келеді. 
2) Отбасылардың нығаюы білім желілерін құру 
арқылы бір-бірімен білім және тәжірибе алма-
су есебінен жүзеге асуы мүмкін; клиникалар, 
оқу орталықтары немесе оқу орындары осы 
формальды емес желілер үшін орталық ретінде 
әлеуетті іс-қимыл жасауы мүмкін. 
3) Денсаулықтағы мүгедектікке алып келуі 
мүмкін бұзылыстарға диагностика жасағаннан 
кейін отбасылардың баланың мүгедектігін 
ресімдеу және оған әлеуметтік жәрдемақы 
алу үшін олар сақтауға тиіс болатын қадамдар 
сипатталатын оқулықтар немесе нұсқаулық 
ұсынылуы мүмкін. 
Қоғамдастық негізінде оңалту және 
қолдау көрсету
1) Қоғамдық ұйымдар мен қызмет көрсететін 
өнім берушілер желісі «дөңгелек үстелдер» мен 
басқа жария форумдар өткізу арқылы стратеги-
ялар және білім алмасу үшін қалыптастырылуы 
мүмкін. 
2) Әлеуметтік қызметкер немесе басқа 
қоғамдық агент әрбір мүгедектігі бар балаға 
бекітілуі мүмкін; мұндай маман ата-аналарға 
өз балаларының медициналық, әлеуметтік 
және білім алу мұқтаждықтары туралы шешім 
қабылдауларына көмектесе отырып, негізгі 
білім мен үйлестіру орталығы ретінде қызмет 
көрсете алады.
Инклюзивті денсаулық сақтау 
1) Ана денсаулығын қорғау және саламат-
ты өмір салтын насихаттау мүгедектіктің 
даму қаупін мейлінше азайтуға көмектеседі, 
сөйтіп, бұл бағытта мемлекеттік білім беру 
бағдарламалары ұсынылуы мүмкін. 
2) Медициналық қызметкерлерге мүгедектікті 
жатырішілік даму кезеңінде немесе бүлдіршін 
жаста анықтау бойынша қосымша оқудан өту 
талап етілуі мүмкін. 
3) Ата-аналар мүгедектікті анықтағаннан кейін 
оңалту орталықтарына немесе емдеуге бай-
ланыссыз балаларына қажетті когнитивті
моторлық және бұлшық ет дағдыларын дамы-
туды қамтамасыз ету үшін олармен бірге орын-
дауы қажет іс-шаралар туралы хабардар болуға 
тиіс. 
4) Мектепке дейінгі балалар мекемелері
үйде күтім жасау немесе ұтқыр медициналық 
қызметтер секілді медициналық қызмет 
көрсету форматтары ата-аналарды өз балала-
рына медициналық ем іздеуге (үздіксіз) итер-
мелеу үшін кеңейтілуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет