Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет56/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(“Ж"лдыз” журналы, 1976 ж. №12.)
Медеу СӘРСЕКЕ
АБЫРАЛЫНЫ? МАТАНЫШЫ
Бұл арада біз Әміре Қашаубайұлының жұртшылыққа 
кеңінен мәлім өмір жолын қайыра баяндап, жеріне жеткізе 
тәптіштеуді қажет деп білмедік. Біздің мақсат – дүлділ 
әншінің нақты туған жері, өскен елі мен ата-тегі жөнінде 
аз-кем мағлұмат беру. Яки бұрын нақты айтылмай келген 
немесе бұлдыр баяндалған жайттарға тоқталмақпыз. 
Соның бірі әншінің туған жері туралы дерек. Бұл болса 
бір кезде өмірбаян парағынан алынған, әншінің өз айтуымен 
құжатқа түскен «Семей облысының Қарқаралы оязына 
қарасты Дегелең болысында 1888, тышқан жылы дүниеге 
келдім» деген сөз бертінде Әміре туралы жазылған естелік 
(кейбірі соның ой-жотамен қиялданған, бірақ деректі баян 
деген тәрізді бопсалаумен қисындастырылған) жазбалардың 
бәрінде мүлтіксіз қайталанып келеді. Мысалы, Әмірені 
Семейге ауысқан кезінен білетін, жерлестік даңқына қарадай 
жығылған Сапарғали Бегалин ағамыз ол туралы жария еткен 
«Ән асқары – Әміре» атты хикаятында әншіні «Дегелең 
болысының «Атан» ауылына қарасты Алакөз Шәку деген 
атаның ұрпағынан болады. Ол кездегі қоныстары осы күнгі 
«Қайнар» алқабында...» – деп жалпылама дерек айтады. Ал, 
ән-күйдің белгілі зерттеушісі, академик Ахмет Жұбанов 1936 
жылы жария еткен «Ән-күй сапары» атты жолжазбасында 
Әмірені 1886 жылы, Семей облысының осы күнгі Абыралы 


216
ауданына қарайтын Дегелең тауының етегінде туды...» деген 
жаңсақ ақпар айтқан.
Әміре туралы 1970-жылдары көл-көсір хикаяттар 
жазып, соны әр жерде молдап жариялаған, өзін Әміренің 
сүйікті шәкірті деп атаған Мұқатай Тоқжігітов (солай 
деуіне иланымды дәлел де келтіреді: әкесі Жақып мырза 
Әміремен түйдей құрдас болыпты, әмбе Мейзек тауының 
маңайына екі ауыл жайлауға шыққанда Әмірені ауылына 
алдырып, әлденеше тәулік үйінде ұстайды-мыс, сол күндерде 
Мұқатайдың өзі әншінің тізесінде отырып, жайлау кешінде 
шырқата салған әнін талай мәрте сүйсіне тыңдаған, әнқұмар 
баланың өз өнеріне тәнтілігін ырым етіп, әнші ағасы батасын 
беріп, таңдайына түкірген-біс) өз жазбаларының бірде-
бірінде оның туып-өскен қыстауы туралы сөз қозғамайды. 
Өйткені, Әміре туған Тергеубай ауылын (әншінің немере 
ағасы) жоғарыда аталған естелік жазушылардың, иә оған 
сипаттама берушілердің бірде-бірі жете білмейді. Білмеген 
соң «Е, солай шығар» деген ойжотаға ұрынады. Немесе «Біз 
білеміз» деп ауызша айтушылардың ойдан шығарғанына 
жығылады...
Бұл жерде шүбәсіз шындық біреу – Әміре Қашаубай-
ұлы ның Дегелең болысында дүниеге келгені рас, бірақ нақты 
туған жері – Дегелең тауының етегі, иә оның қойнауы емес. 
Ол туған жер – осы болысқа қарайтын Матай адыры, бұл 
болса Дегелең тауынан кем дегенде қырық шақырым түстікте 
тұрған жер. Матай адырынан Дегелең шошақ тымақтай боп 
ту алыстан көгеріп көрінеді. Анығында оған Дегелеңнен гөрі 
Шыңғыстау жақынырақ, 15-20 шақырымдай ғана. Тергеубай 
ауылының жұртын іздеген жанға бүгінде айтар бірден-бір 
белгі: Семей–Қайнар даңғылының 219-шақырымында сол 
жаққа қарай небары 18 шақырымдық жөнең тасжол шығады, 
бұл болса бұрынғы Ақбұлақ кеңшарының орталығына 
апаратын жол, соны бойлап, қозы көш жер жүрсеңіз – 
Матай адырының жатаған бұйраттары басталады. Ол болса 
күнбатыстан шығысқа қарай көлденең сұлап жатқан, аумағы 
он шақырымдай ғана бұйратты адыр. Көдесі бұрқыраған, 
құдығының суы тұщы әрі екі-үш құлаш таяздан шығатын, 
мал-жанға да аса жайлы қоныс. Мен бұл жерді біршама 
білемін, өйткені менің де атақонысым сол бұйраттың төрінде 


217
– Саршоқы деген, басында тастан үйген обасы бар тымақтай 
шоқының түстік бөктерінде, бертінде Ақан қыстағы атанған 
(әріде Ақан ауылы орныққан, мен өзім де осы ауылдың 
тумасымын), бүгінде де жеке шаруашылық иемденген елді 
мекеннен екі-үш шақырым жердегі ескі қораның орны 
жақсы сақталған. Ал, Тергеубай ауылының жұрты да біздің 
қыстақтан қашық емес, қозы көш теріскейде, оны табу үшін 
қазіргі тас жолға қиыстап жүру керек... 
Тегінде Ақбұлақ кеңшарының барлық жері – қыстақтары 
мен жайлауы болған кең атырап бағзы уақытта төрт старшын 
ел болып (ту бастапқыда бұл атырап Тарақты болысы 
атанған) қаулап өскен Тарақты руына құтты қоныс болған. 
Тарақтының Қармыс бұтағынан тарайтын 12 атаның Сары 
мен Әлі ұрпақтары осы жерді түпкілікті қоныстанған. Бұл 
жайында біз 1994 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген 
«Тарақты және Қаракесек шежіресі» атты кітабымызда 
мынадай уәж айтқамыз-ды: «Енді бірер сөз Тара'тыны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет