Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет2/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

© Аманды#ов Я., (#рас.) 2012
 
 
 
 
© «Білім» баспасы, 2012 


3
АЛ*Ы СӨЗ
Біз сүріп отырған өмірдің көлеңкесі көп. Ол табиғи 
теңдікті тілейтін жарық пен көлеңкенің ауысып келуі емес. 
Адамдардың көреалмаушылығынан туған бақталастық пен 
қызғаныштың қараңғылығы. Оның күңкіл сөзден асып, 
қиянатқа ұласуын бұқара халық байқай бермейді, бірен- 
саран білгендері «жалғыздың шаңы шықпастың» күйін 
кешеді. Асқақ таланттар, ақылы асық даналар көптен асып 
көрінуге құлшынбайды. Елімен бірге жүріп, бірге өссе де, 
солардың тартар залалы мол! 
ХІХ ғасырдың басында өткен Түркістан мен сонау Арқа 
арасындағы елдің Төбебиі, көріпкелдігі бар әулие, кедейден 
шыққан атақты Тарақты Шілменбет би:
Батырды екі бетпа атынны бірі туады,
Биді жз атынны бірі туады.
Алланы берген артышылыы бар перзентті
 

тменнен 
тіле.
Рәббім аламаннан "р тастамас, - деген екен.
Сол айтқандай, бойларында «Алланың берген артық-
шылығы» – күш, қабілеті бар Қажымұқан, өзгеден асқан 
өнері бар Әміре мен Иса ХХ ғасырдың басында халқына 
қызмет етіп жүрді. Бұл уақыттардың тоғысуынан туған 
күрделі, сирек құбылыс болатын.
«Алтынның қолда барда қадірі жоқ».
Қызылдардың жетегінде жүрген өзіміздің жансыз 
итаршыларымыз осы үш жақсының тіршіліктеріндегі береке-
қадірлерін қашырды. Біреуіне де баспана бермей өткізді. 
Ұлы Отан соғысына ұшақ, танк жасауға қаржыларын қосқан 
Қажымұқанды жер аударды, Исаны әлеуметтік орындарға 
жолатпай, ақылынан адастыруға дейін апарды. Үйі жоқ 
Иса ауруханадағы жастығының астына интернаттағы жетім 


4
қалған қызына 15 сом ақшасын қалдырып дүниеден өтті. 
Ол ақша да бұрынырақ Исаның көңілін сұрап барғанда, 
қасындағы екі-үш жолдастарымен бірігіп, дәрі алуға деп 
Мұхтарлар беріп шыққан қаржының қалдығы еді. 
Әміре болса, өзінің жан жолдастарынан бұрын өтті. Адам 
төзгісіз қияметті де осы аталған соңғы кісі кешірді.
Жаны жайсаң Әмірені тыңдағанда, оның бойындағы 
Құдайдың берген талантының барлығына сенген әлем 
ойшылдары шүбәсіз жан-тәндерімен жақсы ықыластарына 
бөледі.
Әміре әншіліктен қазақтан озды, одан Мәскеу шақырып 
танысқан соң, Одақтан озды. Одан ары жіберген еді, бүкіл 
Еуропаның өнер жұлдыздарын таңғалдырып, жеке дара 
жайқалып, қазақ көгіне шынар боп шықты. 
Парижде жүрген эмигрант ұлымыз Мұстафа Шоқай
Совет Одағы делегациясының басшыларынан рұқсат алып, 
үйіне шақырғаны Әміреге елге келген соң бәле болып 
жабысты.
Онда тұрған түк те жоқ еді, бәленің басын Мәскеу бастап, 
Қазақстандағы құлағын кескен құлдар қостап, Әмірені 
жеке дара оздырмау керек болды. Бұрыннан жүрген ішкі 
есепке іздегенге сұраған, құланның қасынуына мылтықтың 
басылуын саясатқа сай келтіріп, Әмірені «шпион» етіп 
шығарды. КГБ-ның тұзағына іліп, көзден таса қылмай оққа 
байлады. 
Ал, Әміре елінде кім еді?.. Оның концертіне келген тек 
қазақ емес, қай ұлттың өкілі болса да Әмірені құрметтеп, 
қошеметке бөлейтін. Орыс, татар тағы басқа елдердің әндерін 
сырнайлатып, қазақ, қырғыз әндерін домбырамен айтқанда, 
аспаптарында өзі салып тұрған ән әуенінен басқа вариациялар 
мың құбылып қабат жүріп жататын. 
Мысал. Бір кештегі концертте халық Әмірені сахнадан 
жібермейді. Кетсе қол соғып, жер тепкілеп, «вис-вис» деп 
дауыс қосып, айғайлап басқа адамды шығармайды. Сөйтіп, 
35 әнді үш сағат айтқызған. Ақырында, Әміре халыққа келіп 
құшағын жайып тоқтатып:
– Айналайын, үлкен-кіші бауырларым! Сіздерден садаға 
кетейін, сабыр қылыңыздаршы?! Бір ауыз өтінішімді 
айтайын. Сахнаға шығуды күтіп тұрған менен де асқан 


5
жүйріктер бар. Маған енді ұят қой! Сау боп тұрыңыздар. 
Аман-сау көрісейік! – деп зорға рұқсат алған. 
Қай жерде, қай тілде болса да Әміре қатысқан концерт-
тер дің бәрінде осындай еді. Бұған қаншама тілеулес болса 
да мұны іштей қызғанбайтын, жолдастарының алдында өзі 
абыройлы жүруді армандамайтындар болған жоқ десек, 
күнаҺар болмаспыз. Бірге жүрген әріптестері түгілі, Әмірені 
біле бастаған Совет Одағының «Мен» деген әншілері де 
атынан үркіп, сырттай «сыпайы сыйластыққа» ауысқан-ды. 
Қазақстан өнер шеберлері қайда жүрсе де, қандай жауап-
ты салтанатты кешке дайындалса да араларында Әміре 
мен Исаның бар екенін алдын-ала айрықша хабарлайтын. 
Шіркін, адамгершілік сонда биік пе еді!..
Еліміздің атақты өнер арыстарының өздері:
– Сахнаға Әміре мен Исадан бұрын шығып алайық. Көптен 
бері көздеріңіз жетті ғой. Ол екеуін халық екі күн ұстағанда 
тоймайды. Қалғанымыз ас ішіп, аяқ босатар атанбайық, 
– деп отырып, өз алқаларының алдында кон 
церттік 
бағдарламаларын жасайтын болған. 
Бұл ақиқат бірте-бірте өше берді. Жоқ жаланы жапсырған 
Әміренің әлегін Алла басы жұмыр пендеге бермесін!.. Күнара 
түнде қара киінген екеу Әмірені үйінен сүйреп әкетіп, көкала 
қойдай ғып азаптайды. «Осыны біреуге айтсаң, бала-шаға, 
қатыныңды қырамыз», - дейді. Дауыстарын бұзып сөйлеп, 
Мұстафаны сұрағансып соғады.
Ақырында, 1934 жылдың қазан айының жетісіне қараған 
түнде Әмірені Қазақ театрының қасындағы қараңғы көшеде 
тұншықтырып өлтіріп, арыққа тастап кетті. 
Ертеңіне «Қашаубаев маскүнемдіктен өлді» болды. 
Осы кітапты байсалды оқыңыз, оқушым! Көп нәрсеге 
көзіңіз жетіп қалар...
Егер ұмытпасам, баяғырақта Манас туралы Қырғызстанда 
өткен Бүкілодақтық ғылыми конференцияның жабылар 
салтанатты кешінде ғой деймін... Иса таңғажайып өнер 
көрсеткен. Оның өнері барша басқа одақтық атақтылардың 
өнерлерінен бір төбе боп, жеке ықыласқа бөленген-ді. 
Ұлы Мұқаң – Мұхтар Әуезовтің сондағы қорытынды 
сөзінің кезегінде:


6
– Мен Исадай ұлы дарын туған елде туғаныма мақтанамын! 
– дегені неге тұрады.
Одан тағы көп жыл кейін:
– Исалар – дәуірдің адамы. Тағы бір дәуір айналып келіп, 
тағдыр бізге тағы бір Исамызды тудырғанша күтеміз, –
дегені де бар.
Ұлы Мұқаң «Исалар» деп қайран Әмірені, қайран 
Қажымұқанды қосып айтып отыр. Осыны түсінейік. 
Мұқаңның өзіне де қит етсе, қыбын қалай табамыз деп ізіне 
шам ала түсетіндер бартын-ды. 
Біздің арамыздан жақсылардың жоғалу жолдары осылай...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет